Бұрынғы шенеунік пен аты шулы іске қатысы бар тағы төрт адамнан қомақты сома өндірілсін деген сот шешімі осыдан бір ай бұрын шыққан еді.
Экс-премьер Серік Ахметов ісіне қатысты бес сотталушыдан материалдық шығын өтеуді талап еткен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің арызын сот алқасы жартылай ғана қанағаттандырыпты. Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішев бастаған экс-шенеуніктер үкімет қазынасына 148 миллионнан астам ақша қайтаруы тиіс болған.
Дегенмен сотталғандардың өзі шешіммен келіспей, аппелляциялық шағым түсірді. Енді үш бірдей арыз Қарағанды облыстық сотында қаралмақ.