Токиода су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы қатысты, — деп хабарлайды Азаттық сайты.
Финалда ерлер құрамасы күміс медаль иеленіп, Жапониядан 6:7 есебімен жеңілді. Ал әйелдер құрамасы Қытай мен Жапониядан ұтылып, қола медалға ие болды.
Айта кетсек, су добынан жүлде алған Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы 2017 жылы Будапеште (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.