Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Туған жылы: 5 наурыз 1866 жылы

Дүниеден өткен жылы: 27 қыркүйек 1937 жылы

Туған жері: Семей облысы, Қарқаралы уезі

Білімі:

  • Омбы техникалық училищесінде техник мамандығы;
  • Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультеті

Отбасы: 

жары Ольга, қызы Елизавета, ұлы Үкітай

Еңбек жолы:

  • 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі болды;
  • 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды;
  • 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде редактор болды;
  • 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
  • 1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді;
  • 1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді;
  • 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Пікір қосу