Бүгін Алматы қаласындағы заманауи «Алматы Арена» мұз айдынында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған 5 сағаттан астам уақытқа созылатын шоу-бағдарлама өтеді. Бұл туралы жобаның пресс-конференциясында толығырақ баяндалды.

Бағдарламада тыңдармандар өздерінің сүйікті әртістерінің әдемі қойылымдарын тамашалайды. Олардың ішінде Роза Рымбаева, «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова, Ділназ Ахмадиева, «Ринго» тобы және тағы да басқалар. Барлығы 60 әнші мен эстрадалық топ өнерін ортаға салмақ. Сонымен қатар, қой жылының қорытындысы – үздік әндер таңдалады.

dl

Кештің шетелден келетін сыйлы қонақтары, есімдері үндес жұлдыздар – Арай мен Бурай.

Бурай – «Istersen» әнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі.

Арай Айдарханұлы – Қытай сахнасын бағындырып жүрген қандасымыз. Қытай Орталық музыкалық университетін композиторлар бөлімін тәмамдаған. Сондай-ақ «Қытайдың балалар даусы», «Chinese Idol» сайыстарын бағындырып, аспан асты елінің аудиториясын өз талантымен мойындатып отыр.

ak

Шетелдік қонақтар қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарымен дуэтте ән шырқамақ.

Жобаға арналған пресс-конференцияға бас продюсер Жан Мұқанов, модератор Ләйлә Сұлтанқызы және Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Арай, Бурай қатысты.

Пікір қосу