Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Париждегі Гран-при сериясындағы төртінші кезеңнің күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасына жазды.
«Қолдау көрсетіп, құттықтағандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет. Мен бүгін мұз олимпіне оралуға бірінші қадам жасадым. Бұл менің мықты жігерлі командамның, еңбексүйгіштік және аянбай тер төккендіктің жемісі. Енді бағытым айқындалғаннан кейін, сіздермен жақсы жаңалықтармен кездесуге тырысамын», — деп Денис Тен әлеуметтік парақшасында қуанышымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, Денис Тен қыркүйек айының аяғында Братиславадағы турнирден, ал қазанда — Skate America Гран-приі кезеңінен алынып тасталды. Қаңтарда ол жарақатына байланысты төрт рет құрлық чемпионатына қатыса алмады. Ал Бостонда болған әлем чемпионатында 11-орын алған кезінде келеңсіз жайт орын алды. Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю Денисті, жаттығуда жолымды кесті деп кінәлады. Бірақ кейіннен жапондық кешірім сұрап, болған оқиғаны түсініспеушілікке балады. Маусым аяғында Денис Тен Сеулде «All That Skate 2016» мұз шоуына қатысты. Содан кейін біршама уақыт фанаттарының көзіне көрінбей кеткен болатын.