министр

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астанадағы Успен кафедралдық соборында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сапар барысында Министр Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесіп, тараптар  мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының, еліміздегі конфессияаралық үйлесімді нығайту өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Н.Ермекбаев Кирилл және Мефодий атындағы рухани және мәдени орталығының жұмысымен танысты. Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Успен кафедралды соборының құрылыс тарихымен, Қазақстан халқының бейбітшілік пен толеранттық, бірлік пен ынтымақ атмосфераны, қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастыру туралы жұмыстармен министрді хабардар етті.

 

Пікір қосу