12 жасар қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға Мәскеу облысы Химки қаласынан пәтер берілді, деп хабарлайды Chess-news порталы. Шахматтан әлем чемпионы болған Бибісара енді жанұясымен бірге екі бөлмелі пәтерде тұрады. Баспана кілтін округ басшысының міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Волошин тапсырды.
Айта кетсек, қазір қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жарыстарға РФ атынан қатысады. 30 қазан күні Ресейдің атынан сынға түсіп, әлем чемпионы болды. Ресейге ауысу себебін Бибісара мен оның менеджері әрі анасы Лиана Таңжарықованың мұндай шешім қабылдауына қаржылық мәселелер ықпал еткен. Онымен қоса, Ресейдегі шахмат федерациялары президенттерінің арасындағы анағұрлым тиімді жұмыс істейтін — Сергей Нестеров шахматшы қызға Қазақстаннан Мәскеу облысының Шахмат федерациясына ауысуды ұсынған. Мәскеу облысының Шахмат федерациясына қабылданған шахматшылар баспанамен қамтамасыз етііледі. Әрі Дворкович қонақжайында тұрақты түрде тегін жаттығуға мүмкіндік алады. Баспана жаңа салынған көпқабатты үйден берілді.