«Орда» тобының әншісі, танымал продюсер Ерболат Беделхан үшінші перзенттің әкесі атанды. Сәбидің осы жолғы өкіл анасы (кіндік анасы) – «Дауыс Инт» тобының әншісі, актриса Әсел Садуақасова. Нәрестені қырқынан шығару салтанатында Әсел «қызды болдым»,-деп әлеуметтік желіні бір шулатқан еді.
Айта кетейік, Әсел Ерболаттың жұбайы Асылмен бір топта өнер көрсеткен. Отбасы құндылығын бәрінен биік қойып, еліне көрік, еріне серік болған – Асыл өмірлік серігін барлық істе қолдап келеді. Жарасымды жұп 11 жыл кездесіп, содан кейін шаңырақ көтерген. Олардың достығы бала махаббатқа, одан әрі бүгінгі өмір дастандарының маңызды тарауына айналды.