жұлдыз — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 06 Feb 2018 19:22:23 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.5 Қайрат Нұртас: Мен ешқашан «үйленбегенмін, бойдақпын» деп айтқан емеспін http://juldyz.kz/2018/02/07/qajrat-nurtas-men-eshqashan-ujlenbegenmin-bojdaqpyn-dep-ajtqan-emespin/ http://juldyz.kz/2018/02/07/qajrat-nurtas-men-eshqashan-ujlenbegenmin-bojdaqpyn-dep-ajtqan-emespin/#respond Tue, 06 Feb 2018 18:27:44 +0000 http://juldyz.kz/?p=13680 Қайрат Нұртас үшін 10 жыл бойы жеке өмірін халықтан жасырын ұстаған еді. Бүгінде жұбайы Жұлдызды барша қазақстандықтар актриса ретінде танып жатыр. Халықтың «Неге «үйленбегенмін» деп осыншама жылдар жасырды екен» деген сауалына Қайрат Нұртас  Comode.kz басылымына берген сұхбатында жауап берді

“Ол – рас. Жуырда біреу «осыншама уақыт үйленгенбедім деп айтуға қалай аузың барды» деп инста-парақшама жазыпты. Мен ешқашан «үйленбедім, бойдақпын» деп айтқан емеспін. «Жеке өмірім құпия» деп қысқа жауап беретінмін. Себебі, халық менің өнерімді бағаласа дедім. Ал, жеке өмір расында да жеке болуы керек”, – дейді Қайрат.

Ал, қазіргі таңда жұбайы Жұлдыздың кәсіби актриса болғандықтан, мамандығы бойынша өзін жетілдіргенін қалайтындығын айтып кетті.

Кәсіби актриса болғанымен, Қайрат жұбайының өзге режиссерлердің фильміне түсуіне қарсы. Себебі:

«Әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді» деген сөз бар. Мен шынымды айтсам, басқа режиссерлердің туындысына түсуге рұқсат беремін бе, бермеймін бе білмеймін. Сүйген жарым, отбасымның шырағы болғандықтан қызғанамын. Бәлкім, өзім түсіретін фильмдерге ғана түсуге рұқсат беретін шығармын. Мүмкін, Жұлдызға арнап арнайы сценарий жазып, кино түсіретін шығармыз”, – деп түсіндірді ол.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/07/qajrat-nurtas-men-eshqashan-ujlenbegenmin-bojdaqpyn-dep-ajtqan-emespin/feed/ 0
Жұбайын жасырып жүретін жұлдыздар http://juldyz.kz/2017/04/27/zhubajyn-zhasyryp-zhuretin-zhuldyzdar/ http://juldyz.kz/2017/04/27/zhubajyn-zhasyryp-zhuretin-zhuldyzdar/#respond Thu, 27 Apr 2017 04:56:36 +0000 http://juldyz.kz/?p=9502 Қазіргі таңда шоу бизнес өкілдері, әсіресе жігіттер қауымы жеке өмірін жасырғаны өз алдына, үйленсе де «бойдақпын» деп елге жар салуды шығарған. Жеке өмірін, бірнеше баланың әкесі екенін жасыратын жұлдыздар саны күн санап артуда. Сонымен, оларды juldyz.kz анықтап көрді.
  1. Қайрат Нұртас

Жанкүйерлеріне бойдақ жігіт көрінгісі келгенімен, Қайраттың әріптестері оның үйленгендігін және бірнеше баласының бар екенін жеткізіп отыр. Шындығында, Қайраттың жары, үш бірдей баласы бар екенін жұрт бұрыннан біледі. Себебі әлеуметтік желіде оның жарының суреттері көп.

A post shared by Жулдыз Абдукаримова (@kairat.zhuldyz) on

2. Төреғали Төреәлі

Қайраттың «жолын қуып» келіншегін жасырып әлек болатын әншілердің бірі – Төреғали. Сенімді дереккөздің айтуы бойынша, оның тіпті Кәусар есімді қызы да бар. Бұл тұста Төреғалидің әйелімен түскен тек бірнеше суреті ғана бар. Дегенмен, бұл суреттер оның бойдақ емес екенін аңғартады.

3. Нұрболат Абдулин

Өзін бойдақпын деп жар салатын, солай бола тұрса да, отбасы барын құпияда ұстайтын әншілердің қатарын Нұрболат Абдуллин да толықтырып отыр. 2015 жылы отбасын құрған әнші әлі күнге дейін әйелін елге көрсетпей келеді. Көрсетпегені өз алдына, ол тіпті үйленгенін де елге айтқысы келмейді. Дегенмен, әлеуметтік желіден оның тойындағы суреттерін көптеп табуға болады. Жарының есімі — Гүлфарида.

4. Айқын Төлепберген

Әлеуметтік желідегі парақшасынан Айқынның үйленген-үйленбегенін анықтау мүмкін емес. Себебі ол жеке өмірін аса құпия ұстайды. Дегенмен ол 2016 жылы алғаш рет өзінің әйелін көрсетті. Сосо Павлиашвилимен бірге түсірген клипіне ол келіншегін түсіріп, елді таңғалдырды. Айқынның әйелінен бөлек, екі баласы барын жұрт сол кезде бір-ақ білді. Дегенмен, ол қазірдің өзінде өзінің жарын жасырумен жүреді.

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/27/zhubajyn-zhasyryp-zhuretin-zhuldyzdar/feed/ 0