Жазира мен Жанболат — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 19 Apr 2019 04:54:52 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Ләззат БАЙЫРБЕКОВА, әнші: Жазираның әнін тек мен ғана орындамаймын… http://juldyz.kz/2018/07/04/lazzat-bajyrbekova-anshi-zhaziranynh-anin-tek-men-ghana-oryndamajmyn/ http://juldyz.kz/2018/07/04/lazzat-bajyrbekova-anshi-zhaziranynh-anin-tek-men-ghana-oryndamajmyn/#respond Wed, 04 Jul 2018 17:34:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=14376 Лəззат, бұған дейін өз аймағыңызда танылғаныңызбен, үлкен сахналарға енді шығып жүрсіз. Өнер жолыңызды неге кеш бастадыңыз?

– Мен өнерлі отбасынан шыққандықтан, ән айтуға бала кезімнен әуес болдым. Мектеп қабырғасынан бастап студенттік кезге дейін бірталай республикалық байқауларға қатыстым. Одан бөлек айтыс сахнасынан да көріндім. Мектепте  сіңлім Жазира екеуміз  домбыра тартып, ағам гитарамен сүйемелдеп, үшеуміз трио болып ән айтатын едік. Кейін Жазираның оқуы Алматыда, менің оқуым Түркістанда болды да триомыз ұзаққа созылмады. Мен журналистика саласында білім алып, сол жолда ғылым-магистрі атанып, мұғалімдік қызмет атқардым. Сөйтіп, журналистика ғылымына араласып, ұстаздық етіп жүргенімде, өнерім қалып қойды. Одан кейін Астана қаласы жаңадан құрылып жатқан уақытта жаңа қалаға барып жұмыс істегім келді. Бас қаламызда да өз мамандығым бойынша біраз уақыт қызмет атқардым. Астанадағы күнкөрістің қиындығынан ұстаздықпен бірге өнерге де бет бұрдым. Қазір телевизиялық бағдарламаларда, үлкен концерттерде көрініп жүрмін.

– Өзіңіз журналист екенсіз. Одан бөлек арнайы музыкалық біліміңіз бар ма?

– Иә, музыкалық білімім де бар. Бұл менің өнерімді кәсіби жағынан көркейтуге, дамытуға көп көмегін тигізді. Кез келген мамандық иесі өз саласы бойынша әрдайым ізденісте болу керек деп ойлаймын. Мысалы, мен, әлі күнге дейін вокал сабақтарына барамын. Дәстүрлі әндерге де көбірек көңіл бөліп, өз репертуарыма қосудамын.

– Дауысыңыздың өзіндік бояуы бар. Неліктен көбінесе сіңліңіз Жазираның репертуарындағы əндерді орындайсыз? Сазгер ағаңыз Ербол мырзаға жаңа əндер жаздыру ойыңызда жоқ па?

– Мен үлкен сахналарда, телевизиялық бағдарламаларда, радиода өзімнің жеке әндерімді ғана айтамын. Ал Жазираның репертуарындағы әндерді ауыл-аймақтарда, той-думандарда халықтың сұранысы бойынша орындаймын. Өйткені ол менің туған сіңлім. Ербол ағам маған арнап «Өмір жолы» деген ән жазып берді. Жақында сол әнге бейнебаян түсіріп, көпшілікке таныстырамын. «Неліктен Жазираның әнін орындайсыз?»  деген сұрақты маған көп журналист қояды. Жазираның әнін тек қана мен орындамаймын. Сіңлімнің әндерін бүкіл Қазақстанның әнші қыздары орындайды. Мысалы, кеше ғана шығарған дуэтімізді біреулер рұқсатсыз айтып жүр. Мұның бәрі әннің жақсы болғандығынан, әнді Жазираның жақсы жеткізгендігінен.Image result for ляззат байырбекова

– Десек те, Жазираның көлеңкесінде қалып қоямын деген қорқыныш жоқ па?

– Жазира ­­– біздің елімізге кеңінен танылған, өз орнын тапқан әнші. Әрбір өнер адамы – жеке тұлға.  Сондықтан бір-біріне көлеңкесін түсірмейді. Жазираның атағы, оған деген халықтың сүйіспеншілігі маған қорқыныш емес, керісінше, қуаныш емес пе?

– Жазираға сырт-келбетіңіз, дауысыңыз қатты ұқсайды. Сізді сіңліңізбен шатастыратындар бар ма?

– Жазира екеуміздің дауысымызда ұқсастық болғанымен, бет-әлпетімізде қатты ұқсастық жоқ. Жазира­ның келбеті – нағыз қазақтың қызының бейнесі. Ал менің келбетім әкеме тартқан, көзім жасыл, еуропа қыздарына ұқсаймын. Сондықтан екеумізді көп шатастырмайды.Related image

– Бір концертте Жазира сырқаттанып, аяғын қайырып алғанда орнына сіздің шығып кеткеніңізді естіген едім.

– Жазира сырқаттанып қалғанда алдын ала жоспарланған концерттер мен іс-шараларға оның орнына қатысқаным бар. Өйткені жоспарланып, уәде етілгеннен кейін шықпасыма амал болмады. Бірақ «Мен Жазирмын» деп халықты алдаған жоқпын. Сахнаға өз атыммен өнер көрсеттім.

– Сіз тойға шығып қыз ұзатасыз. Гонорарыңыз қымбат па?

– Алла берген өнердің арқасында маған деген сұраныс екі жыл ішінде артты. Мұның екінші себебі, гонорарымның дағдарыста отырған халыққа тиімді болғандығынан шығар. Біреулер менің айтқан бағамды «арзан» деп күлуі де мүмкін. Менің қазіргі кездегі гонорарым жолға кететін қаржыны қоспағанда 200 мың теңге. Той иелері мұны естігенде қатты қуанады.

Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

                       (Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

]]>
http://juldyz.kz/2018/07/04/lazzat-bajyrbekova-anshi-zhaziranynh-anin-tek-men-ghana-oryndamajmyn/feed/ 0
Жанар Айжанова дүркіретіп той өткізді http://juldyz.kz/2018/02/07/zhanar-ajzhanova-durkiretip-toj-oetkizdi/ http://juldyz.kz/2018/02/07/zhanar-ajzhanova-durkiretip-toj-oetkizdi/#respond Wed, 07 Feb 2018 11:21:32 +0000 http://juldyz.kz/?p=13691 Белгілі әнші Жанар Айжанова  50 жасқа толып, дүркіретіп той өткізді. 

Мерей тойына Лидия Каденова, Роза Рымбаева, Жазира мен Жанболат, Асхат Тарғын,Өмірқұл Айниязов секілді көптеген эстрада жұлдыздары қонақ болады. Әншілер әлеуметтік желі де Жанар Айжанованы құттықтап, тойдағы қызықты сәттермен халықпен бөлісті.

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/07/zhanar-ajzhanova-durkiretip-toj-oetkizdi/feed/ 0