Жаңа есім — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 BN тобы: Біз өз тыңдармандарымызбен бірге өсеміз https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/ https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/#respond Tue, 29 Aug 2017 04:20:58 +0000 http://juldyz.kz/?p=10292 BN  – 2016 жылдан бастап қазақ эстрадасына қанат қаққан жас талантты қыз-жігіттерден тұратын топ. Бүгінде кеңінен таралған «Топ-томпақ», «Жаным-ай», «Сенің жаныңда», «Жаңа жыл» әндері тыңдарман көңілінен шығып жүр. Juldyz.kz ұжымы BN тобымен аз-кем әңгімелескен-ді. Назарларыңызға ұсынамыз.

Топ құрамында Айдын Жұмахан, Әлішер Мұхтарұлы, Альбина Болатқызы бар. Продюсері – Еркебұлан Молдашов.

Альбина Болатқызы

Туған күні: 7 маусым, 2003 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Қаскелен қаласында, Абай атындағы 4-мектепте оқиды.

Әлішер Мұхтарұлы

Туған күні: 10 қаңтар, 2000 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге кеген.

Алматыдағы заң колледжінің 2 курс студенті.

Айдын Жұмахан

Туған күні: 29 мамыр, 1998 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге кеген.

Әуе академиясының (Авиацонная академия) 1 курс студенті.

BN – «Вest Nation»

– BN – біздің оқырмандарымыз үшін жаңа есім. Өздеріңіз туралы толық айтып беріңіздерші…

– Тобымыздың құрылғанына 1 жыл болды. Продюсеріміз – Еркебұлан Молдашов – өзіміздің ағамыз. «Достар pro» орталығын жүргізіп отыр. Бүгінде өзіміздің ғана емес, өзге эстрададағы ағаларымыздың бейнебаяндарын түсірген. Барлығымыз ауылды4 шаңына шашалып, топырағына аунап, асық ойнап, доп теуіп, мал бағып, қой-кезекте жүріп өскен балалармыз әрі үшеуміз – бауырлармыз. Бір-біріміздің ата-аналарымызды «мама, папа» деп атап кеттік. Себебі, оңтүстік астанамызда бірнеше жылдан бері бір нанды бөліп жеп жүргендіктен туысқан емес, туған бауырлардай болып кеттік.

– Сонда топтың атауы қандай мағына береді?

– Әуел баста «Вest Nation» болып шығамыз деп ойлағанбыз. Мағынасы «үздік ұлт» дегенге саяды. Алайда көпшіліктің есінде қалу үшін басқаша атау ойластыру керек болған. Сөйтіп әріге бармай-ақ осы атаудың қысқарған нұсқасын алдық. BN – «Вest Nation».

– Қоржындарыңызда қанша ән, қанша бейнебаян бар?

– Қоржынымызда 13 ән мен 5 бейнебаянымыз бар, әндеріміздің тек 8-9-ы ғана ғаламторда таралған. Студияда жаңа бірнеше әндеріміз дайын тұр.

– Аз ғана уақыттың ішінде инстаграмм желісінде сіздерге жазылушылар көбейді. Оның сырын немен түсіндіруге болады?

– Иә, біздің негізгі парақшамызға күніне 200-дей адам жазылады екен. Аудиториямыз – мектеп оқушылары мен студент жастар. Бір рет өнер көрсетіп кеткен жерімізде көрерменнің көңілінен шығып жатқанымыздан болар, нақтысын білмейміз, инстаграмм желісінде жазылушылар  саны артып келеді. Түрлі жылы лебіздер жазылып та, айтылып та жатады. Біз ондай кездері жүрегіміз жарылып кетердей қуанамыз (күлді), бірақ үнемі өз-өзімізді қамшылап, ары қарай әдемі дүниелер шығаруға еңбек етеміз. Себебі,    ауыз толтырып айтатындай үлкен дүние әлі жасамадық, тек қана бейнебаяндарымызды айта аламыз. Дегенмен бізде сұраныс болмаса, шақырту да болмас еді, тіпті сіз де сұхбат алайық деп хабарласпас едіңіз. Біз нәтиже үшін жұмыс істейміз.\

Нәтижемізбен жауап бергіміз бергіміз келеді

– Небәрі бір жылдың ішінде 5 бейнебаян түсіру екінің бірінің қолынан келмейді…

– Қаражат жағын сұрағыңыз келіп отырған шығар. Негізі бізде ақша жоқ (күліп).  «Достар pro» орталығы өзіміздің Еркебұлан ағамыздікі. Қолда бар болғандықтан, неге пайдалы дүние шығармасқа?!. Режиссер, сценарист, оператор, локацияның барлығын өзі шешеді. «Wake up» деген студиода Эдик деген жігіт стилистикамызға, Андрей хареографиямызға, Лиза есімді апайымыз вокал жағынан көмектеседі. Байқап отырсаңыз біздің жұмыс істейтін тобымыздың барлығы бір-бірімен етене араласатын достар. Айналамызға сондай еңбекқор, адамгершілігі жоғары адамдар жиылыпты. Аллаға шексіз шүкіршілік етеміз.

– Эстрадамызда әншілер де, ән де көп. Немен ерекшеленеміз деп ойлайсыздар?

– Ерекшелену туралы ойламаппыз. Басы артық, қазаққа жат дүние жасағымыз келмейді. Біздің ерекшелігіміз болса – тұрақтылығымызда, туыстығымызда болар (жымиып). Туған ағайындылар болғаннан кейін біздің шашырап кетуіміз мүмкін емес. Бауырлардың бірігіп, ажырамай жүргенін көріп, барлығы үлгі алса дейміз… Не нәрсеге шамамыздың жететінін білеміз. Барлық концерттерде тек жанды дауыспен ән саламыз.  Жаман нәтиже көрсетіп жатпаған сияқтымыз. Бірлі-жарым қателер кеткен шығар, онсыз тағы болмайды ғой. Тыңдармандар, көрермендер өзіне керегін алады емес пе?! Көштің алдында да емес, артында да емес, ортасында жүргізіміз келеді.

– Әдетте жаңа топты өзге топтармен салыстыру жүреді. Сіздерді кімдермен салыстырады?

– Көбісі «91»-мен, Рензомен салыстырып жатады. Рас, олардың әндірін тыңдаймыз, өздерін сыйлаймыз. Бірақ  бізде ұқсастық жоқ. Әркім өз соқпағымен жүреді, біз өзімізді ешкіммен салыстырмаймыз. Құрылған кезімізде біздің тарапымызға көп әңгімелер айтылды… Өзгелердің пікіріне қатты қапаланбаймыз, керек нәрсені алып, керек емесін ысырып отырамыз. «Ит үреді, керуен көшеді» деген қазақта сөз бар ғой. Кім не десе де, нәтижемізбен жауап бергіміз келеді.

– Қайырымдылық кештеріне жиі барасыздар ма?

– Қайырымдылық кештерден қалмаймыз. Уақыт болса деп емес, қандай қарбалас шаруа болса да, уақыт тауып барамыз.

– Әнді кім таңдайды? Өздеріңіз бе, әлде…

– Әнімізді продюсеріміз таңдап, өзіне ұнағанын бізге жібереді. Оның ұсынғандары көңілімізден шығады. Сөзді үнемі Ринат Заитов пен Бағдаулет Арыстан деген ағаларымыз жазып береді. Ал ән жағынан  әртүрлі композиторлармен жұмыс істейміз.

– Бос уақытта немен айналысасыздар?

– Біз бос уақытымыздың барлығын дайындық кестесімен толтырып тастағанбыз. Вокал, би, актерлік шеберлік сабақтарын аламыз.

– Қандай армандарыңыз бар?

– Арманымыз кө-ө-п. Джах Халибпен дуэт айтсақ дейміз… Сахнада тек ән салатын БН тобы деп емес, өмірдегі адамгершілігімізді, қарапайымдылығымызды, еңбекқор болмысымызды, жанашырлық танытып жүретін ақкөңіл қыз-жігіттер деп қабылдаса екен дейміз.

– Қандай жоспарларыңыз бар?

– Жоспарларымыз дәл біз ойлағандай орындалып жатыр. Әу бастан аудиториямыз  мектеп оқушылары мен студенттер болады деп жоспарланған. Біз өз тыңдармандарымызбен өсеміз. Тақырыптарымыз «мектеп – студент – өмір – махаббат»,  т.б. тізіммен жалғаса береді.   Жақында мектеп бітіру кештеріне шақыртуларды көптеп алып жатырмыз. Тюрквижнға қатысу ойда бар. 19-ы Ақтауда, 20-ы Ақтөбеде жеке концерт береміз, 25-і Шымкентке барамыз.

– Алда BN тобынан не күтеміз?

– Бұйырса біздің топтан кино күтіңіздір. Басты рөлде – үшеуміз. Қыркүйек айында сьемка басталса, 2018 жылы көктемде шығып қалар. 16-ы күні «Бір сен» деген әнге бейнебаян түсіріп бастаймыз.

Еркебұлан Молдашов, BN тобының прдюсері:

«Біреулердің алдына барып, топты ұсынып, сұғанақтанып көрген емеспін. Ондай болмайды да. Ешкіммен ісі жоқ, шығармашылығын шыңдап қана жүретін аға-әпкелерін үлгі етіп отырамын. Альбина пианиноға, Әлішер Баскетболға, Айдын таэквондоға барып жүр. Бізде қазір толықтай киноға дайындық жүріп жатыр. Сабақтан қалдырмаймын: сьемкаларды, хореография мен вокалдың барлығын оқудан  тыс уақытқа қоямын. Үлгерімдері жақсы.  Болашақта  «өзіміз жұмыс істейміз» дейтін уақыт келеді, сол кезде жүрген жерінде абыройлы болуы керек деп ойлаймын.

– Жылы сұхбаттарыңызға рақмет! Армандарыңыз орындалсын!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

 

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/feed/ 0
Шоқан Уәлихан, жас әнші, композитор: Келісімшартсыз келісіп жұмыс істейміз https://juldyz.kz/2017/06/14/shoqan-ualihan-zhas-anshi-kompozitor-oezimninh-mumkindikterimdi-zhaqsy-bilemin/ https://juldyz.kz/2017/06/14/shoqan-ualihan-zhas-anshi-kompozitor-oezimninh-mumkindikterimdi-zhaqsy-bilemin/#comments Wed, 14 Jun 2017 04:05:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=9858 Шоқан Уәлихан – жас әнші, композитор. М.Әуелбекованың «Бірге жанымыз», «Туған ел»,  К.Жолдыбаеваның «Сен мұңайма»,  КешYOU тобының «Қалай ғана» әндерін жазған. Өзінің жеке репертуарында  «Ұнап қалдың» атты әні тыңдармандардың көңілінен шықты. Желілерде кеңінен танымал болған Шоқан «Қазақстан дауысы», «МұзАРТ live» жобаларында бақ сынаған. Әнші шығармашылығы мен жоспарларын juldyz.kz порталымен бөлісті.

– Шоқан Уәлихан – біздің оқырмандар үшін Жаңа есім. Өзің туралы толығырақ айтып берсең…

– Туған жерім – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы. Әкем Уәлихан – ҚР Мәдениет қайраткері, музыкант, дауылпазшы. Солай бола тұра «өнерге бар» деп еш уақыт айтқан емес. Дегенмен қан жібермейді екен (күліп). Ес білмейтін кезімде гитараны қолым қанап кеткенше тартып, кейін бинтпен орап, жазылғаннан кейін тағы ойнайды екенмін. Содан болу керек тез үйреніп кеттім. Гитарамен бұрыннан доспын. Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіндегі (РЭЦК), ұрмалы аспаптар бөлімін бітірдім.

– Нұржан Керменбаевпен жұмыс істеп жатыр екенсің….

Иә, қазір Нұржан ағаммен жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ арамызда ешқандай қағаз жүзінде келісімшарт жоқ. Ондай келісімшартсыз келісіп жұмыс жасаймыз. Маған үнемі қолдау көрсетіп тұрады, музыка жазу жағына келгенде еркіндік береді. Ал жүріс-тұрысыма аздаған шектеу қояды. Оның өзі ағалық қамқорлығынан деуге болады.

 

– Сенің композиторлық еткен әндерің тыңдармандардың көңілінен шығып жүр. Ал өзіңнің ән қоржының неге толықпай жатыр?

Менің орындауымдағы әзірге жалғыз ән – «Ұнап қалдың». Желідегі пікірлерге назар аударсам, тыңдарман жақсы қабылдаған сияқты. «Батырлар» деген жаңа әнімді «Turkvision» сайысына дайындап жатқанмын, неге екені белгісіз, болмайды деген хабар келді. Қазір «Бұл қалай» деген жеке ән жазып жатырмын. Сөзі Бақдаулет Арыстандікі, әні өзімдікі.  Ал «Ұнап қалдың» әнімнің сөзін Серікбол Сұраншиев жазды, бірақ өзім мәтінге түзетулер енгіздім. Кейде солай кірісіп кететін әдетім бар. Себебі, ақындар көбіне мәтінге мән береді, мен оны музыкалық жағынан қараймын: дыбыстарды ашылатындай етіп, айтылу жағына қарай тартамын.

– Қазақ эстрадасында әнші көп. Немен ерекшеленемін деп ойлайсың?

 Өзімді ерекшемін деп айта алмаймын. Дегенмен өз әнімді өзім жазамын, өзім орындаймын, шығыстың иірімдерін жақсы  меңгердім, өзімнің әлемім мен әуенім бар, композитормын, аспаптарда ойнаймын, сосын солақаймын  де-е-п  мақтанып кетсем… (күліп). Бар болғаны осы. Бастысы – өнерім таза, ал тазалығым – ерекшелігім болатын шығар. Қарапайым жүргенді жақсы көремін.

Нұржан ағамның «Жылайды жүрек» әнін мен орындауым керек болған

– Әдетте жаңа эстрадаға қадам басып келетін әншілер түрлі концерттерден қалмайды. Тыңдармандарыңды қалыптастырып келе жатырсың, радиорналардан дауысың көпшілікке таныс, мерекелік концерттерден көрінбейсің. Неге?

Емін-еркін «өзіме ұнайдымен» жүре берсем, продюсермен жұмыс жасаудың да керегі жоқ болар еді. Эстрадаға жаңа қосылып келе жатқандықтан, маған жөн сілтеп, жол сілтеп отыратын адам керек. Екінші жағынан, әр жерге бір сұғанақтанып жүргенді Нұржан ағам түгілі, өзім де қаламаймын. Орнымен жүрген дұрыс қой. Тойларға да шықпаймын. Барлығы өз ретімен болуы керек, Алла абыройдан айырмасын. 

– Көлігіңде өз әндеріңді тыңдайсың ба? Қаншалықты жиі?

Мен өзімді қатты жақсы көремін. Бірақ көлікте достармен я басқалармен кетіп бара жатқанда, ұялы телефоныма қоңырауға өз әнімді қою деген сияқты әрекеттерді мүлдем жасамаймын. Үнемі ізденісте жүрген ұнайды, көптеген шетелдік композиторлардың жаңа альбомдарын басып аламын да, көлікте соларды тыңдаймын. Жаңалықтарды іздеп жүремін. Мен МұзАРТ-ты тыңдап өстім. Әлі күнге солай. Арасында ғана өзімнің әндерімді де тыңдап тұрамын.

– Қызық екен…  

Орайы келгенде айтайын. «Талғамда талас жоқ» деп жатады… Нұржан ағамның «Жылайды жүрек» әнін басында мен орындауым керек болған. «Шоқан, студияға барып сол әнді жазып кет» деп ағамыз талай рет айтып, ескертіп жүрді. Неге екенін білмеймін, көңілім қаламады. «Бұл әнді жазғым келмейді, өзіңіз жаза беріңізші, аға» дегеннен кейін өзі бір түнде жазып тастады. Бәрі дайын болған кезде, аяқасты «04:29» фильміне саундтрек ізделініп жатыпты. «Жылайды жүрек» дәл келе қалды. Өкініш жоқ. Нұржан ағаның орындауында хит болды ғой. Қуаныштымын.

Алматы бәрін өз орнына қояды екен

– Жалпы қандай әнді болмасын тірілтіп жіберетін әншілер бар… Сондай деңгейге жету үшін қандай жұмыстар жасау керек деп ойлайсың?

Әншілік мінезге байланысты. Мысалы, өзім үшін үлгі – Сәкен ағамды алайықшы. Ол кісі ән айтады, ұрысады, айқайлайды, әзілдейді. Бірақ ешқашан ешкімнің көңілін жыққан емес. Сәкен ағама қараймын да, болашақтағы өзімді көргендей боламын. Себебі, өмірімізде ұқсас дүниелер көп екен: оқудан бір шығып, қайта кіргені; оны 3 жыл қатарынан вокалға қабылдамай, ағамыздың ұрмалы аспаптар бөліміне тапсырғаны; түбі қайта әншілікке келгені. Менің өткен өмірімдегі оқиғалар тап осылай өрілген. Вокалға тапсырып жүрген кездері «Мы тебя знаем, поющий пацан» дейтін де түрлі себептермен қабылдамайтын. Сәкен ағамен осындай ұқсастықтарымыздың болуы қуантады. Алла бойыма өнер дарытқан екен, шүкір, соны дамыту жолында әрекет етемін.

– Өнердің биік шыңына шығу үшін тек талантты болу жеткіліксіз сияқты…

Дұрыс айтасыз. Алматыға «қырам-жоям» деп келген көптің бірімін. Келген соң өзім сияқтыларды, өзімнен мықтыларды көрдім. Алматы әр адамды орнына қояды, кейбірін сындырып та тастайды. Өзімнің мүмкіндіктерімді жақсы білемін. Сондықтан тым сенімді жүретінмін. Ол дұрыс емес екен. Қазір жинақталып келе жатырмын. Себебі, сол қасиет түбі тәкаппарлыққа әкеп соқтыратынын ұғындым. Бір ғана мысал үшін айтайын, Қызылордада өте талантты, мықты әнші бар. Бірақ мінезі бар ешкімді мойындамайтын… Тасада отырғаны сол мінезінен болар. 3-4 мыңға тойларға шығады, өзінің аппаратурасы бар. Ең қиыны өзінен 10 есе әлсіз, тіпті музыканың сезбейтін орындаушылар келеді де «Бауырым, аппаратыңның даусын жай қойшы» деген кезде жаның ауырады ғой. Сондай дәрежеге түспеу керек, өз биігіңді табу керек деп шештім. «Көкірегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адам жәннатқа кірмейді» деген сөз бар хадисте. Әнші болғаннан бұрын адам болуға, кішіпейіл болуға ұмтылатын болдым, себебі әнім мен өскен сайын өсерін білемін және үздіксіз жұмыс жасаймын.

Барлық қуанышымның өлшемі бірдей

– Өзіңе ұнамайтын, мүмкін жеңе алмай келе жатқан қасиеттерің бар ма?

Бар. Тіпті көп. Маған түнде отырып ән жазған ұнайды. Сондықтан қазір күн мен түнім ауысқан. Ризық беруші Алла ризығын таң атқанда береді екен. Соның барлығынан айырылып қалып жүрмін. Тез ашуланамын. Бірақ кек сақтамаймын. Шыдамсыздығым тағы бар.

– Ең қиналған және ең қуанған кездеріңді есіңе түсірші?

Былтыр әкемнің жүрегі ауырып, ота жасау керек деп реанимациядан бірақ шықты. Сол кезде қатты қорықтым. Ал қуанған кезім… Көлік алғанымда бір қуанғанмын. Бірақ қарап отырсам, менің барлық қуанышымның өлшемі бірдей екен. Қатты қуана алмайды екенмін.

– Өз дегеніңді қаншалықты жиі жүзеге асырасың?

Аңқау жігітпін. Қыз болсам қиын болар еді (күліп). Кейде бір сынып қалатын сәттерім болады.

– Мысалы?

Бейнебаян түсіретін болдық және ол бір фильмге саундтрек болады деп шешілген. Нұржан аға керек деген адамдармен сөйлесіп берді. 3 күн ұйықтамай соған бел шеше кірісіп, тура мағынасында маңдай терімді аямай шапқыладым. Көп нәрсе білмедім, қатты қиын болды. Таптырмайтын газельдерді тартып, камераларды тауып, тіпті «грузчик» те болып кеттім.     Майда-шүйде болғанымен күш пен уақытыңды сарқатын дүние… Не керек 3 күн, 3 түн дегенде түсіріп біткен дүниеміз дайын болған кезінде Гәккуге апарып өткіздім. Сол күні кешке көрсететін болды. Бірақ түстен кейін хабарласып, клиптің шығуына рұқсат берілмейтіндігін айтты. Сонда еңбегімнің зая кеткенін түсіндім, сағым сынып, тауым шағылып қалғандай күй кештім.

Болашақ жарым Сәкен ағаның жұбайындай болуы керек

– Жас әнші жігіт болғандықтан, тыңдармандарыңның дені – қыздар. Енді сол бикештер үшін қызық сұрақтарға көшейік. Жиі ғашық боласың ба?

Негізі жиі ғашық боламын. Бірақ тез ұмытамын. Дұрыс емес екенін білемін.

– Қыздарды қатты ренжіткен кездерің болды ма?

Жоқ. Ондай болмады. «Тастап кету», «лақтырып кету» деген сөздерді жек көремін, ондай әрекеттерді де құптамаймын. Бәлкім сөзім ұнамай ренжіп қалған болуы мүмкін. Бірақ қарғайтындай іс-әрекеттерге бармаймын. Солай болады да. Мен ғашық болсам, ешкімге зиян жасамаймын.

– Болашақ жарың қандай болуы керек?

Болашақ жарым Сәкен ағамның жұбайы сияқты болуы керек (күліп). Өзі – халықтың ықыласына бөленіп жүрген азамат болса, жұбайы – барша қазақ қыздарына үлгі болатын әйел. Көрдіңіз ғой, «тең-теңімен» деген сөз рас. Жалпы өмірде өзің қалай жүрсең, несібең де соған сәйкес болады. Сондықтан өзім дұрыс жүруге тырысамын. Өзім қанша ұнатып тұрсам да, өнерден қыз іздемейтін шығармын. Әйел адам деген – үйдің сәні мен берекесі… Бірақ әзірге үйлену ойымда жоқ, тек шығармашылықпен айналысқанды жөн санаймын.

– Қандай жоспарларың бар?

Жоғарыда атаған «Батырлар», «Бұл қалай» деген әндерімді шығарып жатсам, Алла қаласа  шағын-альбом жасау ойда бар. Содан кейін, Нұржан ағамызбен дуэт жазамыз деп жоспарлап жүрміз. Оған қоса, өнердегі аға-әпкелерім әндерімді алып жатыр.  Камшат Жолдыбаеваға жақында «Қазақ елі», Мөлдір Әуелбековаға  «Балапаным» және Луинаға «Кімсің» деген ән бердім. Бұлар да жақын арада шығып қалуы мүмкін.

– Риясыз әңгімеңе рахмет! Қоржының жақсы әндерге толсын!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/06/14/shoqan-ualihan-zhas-anshi-kompozitor-oezimninh-mumkindikterimdi-zhaqsy-bilemin/feed/ 3
Раушан Ермағанбетова, жас актриса: Мені көбісі «Шынар-ау» деп атап кетті https://juldyz.kz/2017/05/29/raushan-ermaghambetova-zhas-aktrisa-alghashqy-akterlik-synamada-mamandargha-shyghyp-ketesizder-me-dep-ajtqanmyn/ https://juldyz.kz/2017/05/29/raushan-ermaghambetova-zhas-aktrisa-alghashqy-akterlik-synamada-mamandargha-shyghyp-ketesizder-me-dep-ajtqanmyn/#respond Mon, 29 May 2017 13:12:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=10745 Раушан Ермағамбетова  –  жас актриса. «Қазақ аруы – 2012»  байқауының  финалисті,  «Мисс Алматы – 2013» байқауының 3-орын иегері,  «Miss University 2014». Бүгінде көрерменге  «Аяулы арман», «Қыз жолы», «Қазақ аруы»  телехикаяларынан  танылған жас актрисаның  juldyz.kz порталына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

– Раушан, бүгінге дейін біршама байқауларда жүлдегер атанып, біраз сериалдарда бой көрсетіп жүрсіз. Өзіңіз туралы айтып беріңізші.

Әкем Ақтаудан, нағашыларым Шымкенттен. Өзім де сол Шымкентте дүниеге келдім, отбасымызбен Алматыға 1996 жылы көшіп келдік. Содан бері осы оңтүстік астананың тұрғынымыз. Туған әпкем мен екі інім бар. Бай да емеспіз, кедей де емеспіз, тып-тыныш тіршілік етіп келе жатқан отбасымыз. Бұрындары базарда сатушы да, дүкенде кеңесші де, бір компанияда хатшы болып та жұмыс істегенмін.  Негізгі мамандығым – мұғалім-аудармашы. Өздеріңіз білесіздер қазір бейнебаяндар мен кино-сериалдарға  түсіп жүрмін.

 

–  Осы кино саласына қалай келдіңіз?

–  Әр адамның бала арманы болады ғой, біреу әнші, біреу биші болғысы келеді. Менің ойымда өнер жолы деген түсінік мүлдем болмаған. Бала кезімнен дәрігер, ұстаздарымызға қарап мұғалім боламын деп армандадым. Сөйтіп әр нәрсені қиялдап жүрген өтпелі кезеңде әкем «тіл білгенің дұрыс» деген соң, тоғызды бітіріп аудармашы мамандығы бойынша оқуға түстім.  Төртінші курс оқып жүрген кезімде, 2012 жылы «Қазақ аруы» байқауына кастингке барып, мүмкіндіктерімді сынап көргім келді. Үйдегілерімнен рұқсат алып, қатыстым. Айналамдағылар одан өтуің мүмкін емес деген сыңайлы түрлі сөздер айтып та жатты. Бірақ бағыма орай  финалға өттім. Дәл осы байқаудан кейін ендігі нені армандайтыныма көзім жеткендей болды. Өнер жолын таңдаймын, Өнер академиясына түсемін деп бел буғанмын. Әкем қарсы болған соң, қайта өз мамандығымды жалғастыруға тура келді. Бірақ, балалықпен болар, ашу үстінде «Көресіздер, мен актриса боламын. Мені теледидардан көресіздер» деп айтқаным бар еді.

–  Алғашқы кастингке барған кезіңіз  есіңізде ме?

– Иә, алғашқының аты алғашқы емес пе?! «Күл», «жыла», т.б. тапсырмалары бар. Алдымда қабылдап отырған мамандарға «Шығып кетесіздер ме?» деп айтқанмын (күліп). Қабылдап отырған адамдар «біз шығып кетсек, кім түсіреді» дейтін. Қазір ғой, кастингке кіре сала, «Күлейін бе, жылайын ба?» деп өзім-ақ кірісіп кетемін.

– «Қазақ аруынан» кейін, 2013 жылы «Мисс Алматы» байқауына қатыстыңыз…

– Иә. Конкурстың  аз да болса дәмін сезініп қалдым емес пе?! Содан кейін 2013 жылы Мисс Алматы байқауына қатысып көргім келді. Дәл осы байқауға мен өте белсенді араластым. Барлық қойылған талап-шарттарды екі етпей, бұлжытпай орындап жүрдім. Ол кезде  мынандай қызық болған. «Мисс Алматымен» қатар бір уақытта Ернар Айдардың «Ақтамақ» деген әнінің бейнебаянына кастинг болып жатты. Аяқ астынан сол іріктеуге қояр да қоймай құрбым алып барғандықтан, қатысатын болдым. Барсам қыздар көп. «Бір клипке сонша кастинг жасай ма?!» деп таң қалғаным есімде. Сонымен не керек, «Мисс Алматы» байқауына да, клипке де өттіңіз деп бір күнде хабар естідім. Сенер, сенбесімді білмей, біртүрлі керемет сезімде болдым. Менің алғашқы сьемкам сол болды. «Мисс Алматы» байқауынан 3-ші орын және «Халық таңдауы»(«Miss People choice») деген номинация алдым. Екінші орын алған қызбен арамызда 2000 дауыс бар. Ешбір «накруткасыз» осыншама қолдауға ие болғаныма өзім де таң қалдым.

Мен түскен алғашқы бейнебаян «Ақтамақ» аса қиынға соққан жоқ. Ал алғашқы сериалым – «Пәленшеевтерді», қазір қарап отырсам, өтірік ойнаппын ғой. Күлкім келеді. Себебі, осы уақытқа дейін мен дипломы бар актрисалардан да жақсы ойнап шығу үшін көп ізденіп келемін. Әр рөліме үлкен жауапкершілікпен қараймын.

#Repost @qq_eli with @repostapp ・・・ Бабушка знает за кого выдать внучку ?

A post shared by ?RAUShAN YERMAGANBETOVA? (@raushan_yermaganbetova) on

– Демек сізге дауыс бергендер көп болғаны ғой?

– Дәл солай. Байқау кезінде   маған «Вконтакте» желісінде көптеген хабарламалар келді. Бір мезетте таныла бастағанымды сездім де, қатты ұялып жүрдім. Келген хаттардың барлығына таңға дейін ұйықтамай, ерінбей жауап жазып, рахметімді айттып жататынмын. Жауап қайтармасам, мені жаман деп қабылдап қалады деп ойлайтынмын.

– «Қазақ аруындағы» рөліңізден кейін көрермендер сізді өте жылы қабылдады. Шымкенттің пысық қызын сомдау қаншалықты қиын болды?

– Ол рөлді өзім фантазиямды қосып, ойластырдым. Шын өмірде мүлдем ондай емеспін. Бұл сериалдағы Ләззаттың рөлін сұрадым. Бермеді. Содан өзіме берілген «шымкентский» қызды қызықты етіп жеткізуім керек болды. Себебі, жанымда құрбым Әселдің рөлін сомдайтын Гүлзаданың рөлі сабырлылықты көрсетіп тұрды. Барлығымызға біркелкі образда көрінуге  болмайды ғой. Осы сериалға түсу барысында, одан кейін де, әріптестерім мен достарымның барлығы тек қана жылы лебіздерін білдіріп жатты. Ол менің кішкене болса да, өскенімнің белгісі шығар деп ойлаймын.

– Жаңа бір сөзіңізде «Ләззаттың рөлін сұрадым» дедіңіз. Неге?

– Білесіздер ме, мен «өзінше» (Антигероиня) қыздың рөлін сомдап көргім келеді. Кей жерлерде өзім сұраймын да. «Түрің келмейді» деп бермей қояды.  Әр режиссердің мақсаты – әрбір кейіпкерді көрерменге жеткізу ғой. «Ал сен ойнасаң, «өзінше» қыз екеніңе ешкім сенбейді. Сені бәрібір көрермен жақсы көріп тұратын болады» дейтін.

– Өзіңіз үшін қай рөліңіз қиынға түсті?

– «Аяулы арман» серияланда Көркем есімді жетімнің рөлін сомдадым. Оны көрсету үшін қатты қиналдым. Ойлаңыздаршы, өзімнің әке-шешем мен бауырларым жанымда, өзіңді қалай жетім деп елестетуге болады? Мүмкін емес қой?! Бұл сериалдың бастапқы атауы «Жетімдер» болатын. Кейіннен «Аяулы арман» болып өзгертілді.

Әуел баста мені Аярудың  рөліне  бекіткен  болатын. Мәтін қолыма тиген  кезден бастап, неге екені білгісіз, Көркемнің сөздерін  оқи беретінмін. Аяруды қабылдай алмадым. Кейіннен маған хабарласып, Көркемнің рөліне бекітілгенімді жеткізгенде қатты қуандым. Сол кезде Сержанның рөлін досым Нұржан Аташ ойнайтын болып, екеуміз де бір риза болып қалғанымыз бар.

– Сьемка барысында қандай қызықтар, қандай қиындықтар болды?

– Ең қиыны, жоғарыда айтқанымдай, «Аяулы арман» сериалы болды. Осы сериалдың сьемкасында мен үшін  қиын кадрлер болды. Мысалы, мен өте нәзік адам емеспін бе? Қолымнан қатты ұстаса бірден көгеріп қалады. Ал ол жерде мен таяқ жедім. Нұржан мені шапалақпен ұрған кезде, айналып түскенім есімнен кетпейді. Аузымның іші ойылып кеткен тіпті. Соны сырттан камераға түсіріп тұрып, инстаграмға салып жіберіпті. Інім көріп, анама көрсеткен. Содан үйдегілерім маған «Біз саған ешқашан қол көтермедік. Бөтен біреу бетіңнен ұрып жатыр, болды енді киноға түспей-ақ қойшы» деп ұрысты. Бірақ осы түсірілім кездерінде естен кетпейтін естеліктер жинадым.

Актерлік шеберлікке байланысты түрлі кітаптарды өзім іздеп-тауып, оқып жүрдім. Күнде таңертең жаттығу жасап, жаңылтпаштар жаттадым. Интернеттен трейнинг сабақтар алдым.

 

– Қандай да бір образдарды сомдап шығу үшін қалай дайындаласыз?

– Кейбіреулер образға қалай кіресің деп сұрап жатады. Мен өзім ол нәрсені түсінбеймін. Негізі образға кірудің  қажеті  жоқ. Менің ойымша, қайта өзіңе берілген образды алып шығу керек. Әр образдан бір ерекшелік көремін, соны сомдап шығуға ұмтыламын.

2014 жылы «Диета КЗ» деген топтың бейнебаянына түстім. Содан кейін мені көбісі «Шынар-ау» деп атап кетті.

– Осы уақытқа дейінгі сомдаған рөлдеріңіз өмірдегі Раушанмен қаншалықты ұқсас?

– «Қыз жолындағы» кейіпкерім ұқсас. Себебі менің мамандығым  – мұғалім. Жалпы, әр адам мені әр сериалдан таниды және әрбір рөлімде менің қолтаңбам сәл де болса қалады деп ойлаймын.

– Рөлден бас тартқан кезіңіз болды ма?

– Бас тарттым деуге келмейтін шығар… «Мисс Алматы» байқауынан кейін Қазақфильмде жұмыс істейтін Руша деген кісімен таныстым. Мені бірінші рет видеосынаққа шақырды. «Судағы із» деген фильмге кастинг болып жатқан кезінде бардым. Ондағы ұсынылған рөлді ұнатпадым, түсемін деп те, түспеймін деп те айтпадым, жоқ болып кеттім (күлді). Өздері де түсінген шығар, мен ол кезде аяғы ауыр болып қалатын қызды сомдап шыға алатындай деңгейде емес едім, кішкентай болдым.

– Сіздің жеке өміріңізде жақсы өзгерістердің бар екенін беліміз. Сіздердің махаббат хикаяларыңызды айтып беріңізші.

– Екеуміз негізі ортақ достарымыз арқылы 7 жыл бұрын таныстық. Оның есімі – Алмас. 2015 жылдың аяғында  «Пәленшеевтер» сериалын экраннан  көрсете бастаған. Сол жерде менің ағылшыннан тапсыра алмай тұратын эпизодым болатын. Соны маған дайректе «Ағылшынды дұрыстап оқысаңшы» деп жазып жіберген смс келді. Бәрі содан басталған. Менің Мадияр деген группаласым – Алмастың кластасы. Содан мені сұрағанда, Мадияр «Женись, брат» деп айтыпты. Жалпы, жеке өмірімді толықтай жария жасамағаным дұрыс болатын шығар. Алмас – өнер адамы емес, бірақ менің киноға түсуіме байланысты қарсылық білдірмейді. Құшақтасу, сүйісу дегендерге өзім де бармаймын.

Жақында ұсыныс жасағанынан да хабардармыз…

– Иә, тойға дайындық басталып та кетті.Той көйлектерін қарап жүрмін. Былай қарасаң әлі 3 ай бар. Бірақ көзді ашып-жұмғанша өтіп кететін уақыт қой. Бір жерде жүрсек оған «қарындасың әдемі екен» деп  айтады. Екеумізді бәрі ұқсатады. Бірақ мен әдемірекпін (күліп).

– Тұрмысқа шыққан соң, киноға түсуіңізге қарсылық білдіріп жатса, не істейсіз?

– Өмірімнің соңына дейін актриса боламын деп айта алмаймын. Бәрі бір  Алланың қолында. Өзімнің  мамандығым  бойынша  жұмыс  істегім келеді. Қалай дегенмен 9 жыл оқыдым ғой. Бірақ сьемканы сағынамын. Қазірдің өзінде сағынып жүрмін.

– Раушанды 5-6 жылдан кейін қалай елестетесіз?

– Мен аяулы жар, сүйікті келін, барған жерімнің ұйытқысы болғым келеді. Үлкен оқу орындарында мұғалім болғым келеді. Бәлкім сонда ауқымды жобалармен бой көрсететін шығармын. Бұйырса, бәрі ретімен болады деп үміттенемін.

Сұхбаттасқан    Гүлім Рысқұл

Айзада Жайыққызы   

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/29/raushan-ermaghambetova-zhas-aktrisa-alghashqy-akterlik-synamada-mamandargha-shyghyp-ketesizder-me-dep-ajtqanmyn/feed/ 0