Тұңғышбай Жаманқұлов — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 21 Sep 2017 08:39:20 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.2 Мақсат Рахмет, әнші: Т.Жаманқұловтың жазығы жоқ http://juldyz.kz/2017/07/03/maqsat-rahmet-anshi-t-zhamanqulovtynh-zhazyghy-zhoq/ http://juldyz.kz/2017/07/03/maqsat-rahmet-anshi-t-zhamanqulovtynh-zhazyghy-zhoq/#respond Mon, 03 Jul 2017 12:07:51 +0000 http://juldyz.kz/?p=11520 «Менің қолдаушыларым көп. Бір кезде өзім басқарған М. Әуезов атындағы театр ұжымы іштей қолдап отырғанын білемін». Алматыда 15 шілде күні «Феникс ісі» бойынша шыққан шешімге байланысты баспасөз маслихатын өткізген актер осылай деген еді. Ұзақ жылдан бері Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында дәріс оқитын белгілі актердың шәкірттерінің бірі, «Алашұлы» тобының әншісі Мақсат Рахметтен пікір алдық. juldyz.kz назарларыңызға ұсынады.

Мақсат Рахмет, «Алашұлы» тобының әншісі:

Ағайымыздың ісіне қатысты бірнеше сот отырыстарында болдым. Оған қатысты сот үкімін шығарды. Таң қалғанымды жасыра алмаймын. Неге десеңіз, бірде-бір аудио-видеожазба,  бірде-бір дәлел жоқ, ешбір құжаттарда ағайдың қолы жоқ. Жай ғана өзінің сатқын «әріптестерінің» көрсетулерімен кінәлі етіп шығарғанына жүрегіміз қан жылайды.

Жалпы өзім 2012 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын, Тұңғышбай ағай мен Дария апайдан бітіріп шықтым және осындай ұстаздан тәлім алғаным үшін мақтанамын. Өйткені, оқып жүрген кезімізде «Жақсы актер болу үшін жақсы адам болу керек» деп санамызға құятын. Әрдайым шыншылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке баулитын Тұңғышбай ағайымыздың мемлекет қаржысын жымқырды дегенге сенбеймін. Өйткені өзімен де, отбасымен де, тұрмыс-тіршілігімен де өте жақсы таныспын. Ықылым заманнан шындықты шырылдап айтқан адамға талай жала жабылған, талай күйе жағылған, бірақ түбінде кінәсізді бәрібір тарих ақтап алады. Солай емес пе?!  «Біреуге балшық лақтырғанда, сол балшықтың өз қолында қалып қоятыны» секілді, ол кісіге жала жауып жатқандардың өзінің тарихта кім екені айқындалады.

Тұңғышбай Жаманқұлов біздің ұстазымыз ғана емес,  бүкіл елді мойындатқан, қазақтың Қайыр ханы, қазақтың Абылай ханы. Ағайдың тұлғалығына кір жаудырған сайын, ол даралана, биіктей түскендей көрінеді маған. Мұның барлығының уақытша ғана, қолдан істеліп жатқандығы айдан анық көрініп тұр ғой. Себебі, ол Тәуелсіздігімізді енді алып жатқан аумалы-төкпелі заманда (90-жылдары) театрды басқарды және сол кезде 50-ге жуық актер пәтер алған. Мен білсем, мұндай көлемде артистердің жағдайын жасаған театр директоры әлі болмаған. Ағайымыз ақша жымқыратын адам болса, сол кезде-ақ мүмкіндікті жебіреп алмас еді. Көптеген адам түсінбейді, Ол – нағыз азамат.

Өнерде жүрген бауырларынан, замандастарынан, шәкірттерінен қолдау ала алмау деген ең ауыр сезім шығар?!. Шынтуайтына келгенде, ол кісі қолдауға мұқтаж емес. Бірақ осындайда біз өзіміздің кім екендігімізді көрсетуіміз керек еді… Болмашы нәрсеге дүрлігіп жатамыз, қоғам болып, ел-жұрт болып халықтың актерін қолдауымыз керек еді… Бұл Алланың Тұңғышбай Жаманқұловқа ғана емес, қазақ деген халықтың өзіне сын болғандай.

Барша ағайынды ағайымызды аман-есен жүрген шағында өз дәрежесінде қолдау көрсетуге  шақырамын!

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/07/03/maqsat-rahmet-anshi-t-zhamanqulovtynh-zhazyghy-zhoq/feed/ 0
Сәуле Әбілдаханқызы Меруерт Өтекешоваға да, оқырмандарға да жауап берді http://juldyz.kz/2017/06/05/saule-abildahanqyzy-meruert-oetekeshovagha-da-oqyrmandargha-da-zhauap-berdi/ http://juldyz.kz/2017/06/05/saule-abildahanqyzy-meruert-oetekeshovagha-da-oqyrmandargha-da-zhauap-berdi/#comments Mon, 05 Jun 2017 05:47:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=10923 «Ақжүніс» интернет басылымында жарияланған Сәуле Әбілдаханқызының Тұңғышбай Жаманқұловпен сұхбаты  төңірегінде актриса Меруерт Өтекешова 1 маусым күні «мен жайлы айтқан пікірлері барып тұрған шектен шығу, жүгенсіздік, мәдениетсіздік» деп өз пікірін білдірген болатын. Сұхбат алушы Сәуле ханым оқырмандарына осы мәселеге қатысты пікірін жариялады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Сәуле Әбілдаханқызының 2 маусым күнгі фейсбуктегі жазбасы:

Кешеден бері жеке чатқа да, ватсапқа да, «Меруерт Өтекешова бүй депті, сөй депті, көрдің бе?..» деген сұрақтар үйіліп қалыпты. Көп тілекшілерім мені емес, оны боқтапты. Соған қарағанда жақсы нәрсе айтпаған шығар деп топшыладым. Ашып оқуға — уақытымды зая кетіргім келмейді. Тек сол тілекшілерім бөліскен сілтеменің​ 1 ғана абзацтық анонс-мәтініне көз жүгірткенде ұққаным — Өтекешова өзі қазақша жазу былай тұрсын, ойлай алмайтыны, жаза алмайтыны белгілі, демек, бір журналистсымақтың Қыз Жібек пен Ақжүністі «жұлыстырғысы» келгені деп қорытынды жасадым. Ондай мақаланы, тем более (!) оқымаймын. Тіпті, Өтекешова «50-ге келген» менің деңгейіме «тиісуге» толық қақысы бар, өйткені оның деңгейі — 70-те. Жаманқұловпен жасаған сұхбатымдағы «Қыз Жібектен басқа рөлі жоқ, сахналық ғұмыр жоқ» деген сөзімізге қарсы уәж айтып, сол уәжін дәлелдеп берген болса, кешірім сұрауға дайынмын және кешірім сұрағаннан арланбаймын. Ал дау іздеген, аты жоқ журналистсымаққа айтарым, Өтекешова апаймен мен «төбелеседі» деп ойласаң, қателесесің. Біріншіден, ораза айы. Екіншіден, ораза болмаса да, 50-дегі мына мен 70-тегі апаммен ешқашан «жұлыспаймын». Үшіншіден, «төбелес» іздеп жүрсең, аты-жөніңді ашық жазып, сөзіңді дәлелдеп көр. Төртіншіден, дау-дамайға, «арандатушы ешкілердің» аранына еріп кетеді десең, қатты қателесесің. Ондай жазбаларды оқып, уақыт кетіру былай тұрсын, пысқырмайтын әдетім бар еді, ренжіме, бауырым. Жазар дауың (заказың) азаймасын. Сол үшін алар қаламақың бұдан да көп болсын! Бақытты бол!
Ал біз «Тұмарымды» жасауымыз керек. Саған уақыт жоқ.

Бұл сөздеріне қарағанда Сәуле ханымның журналистерге деген наразылығы байқалады. Енді бірде төмендегідей постын жария етті:

Бір жас журналист қыз біраз сұрақтар жіберіпті. Бір сұрағы:
— Мақтаныш дегенді қалай түсінесіз?
— Біреу үшін Әшімовпен түскен суретін әлеуметтік желіге салу — мақтаныш, енді біреу үшін арыстанға, басқа да жан-жануарларға арнап өлең жазу мақтаныш болса, мен үшін Жаманқұловтың сот процесінде отырған мақтаныш… Біреу әділетсіздікке қарсы шыға алмаған екіжүзділігін, түйеқұс құсап құмға тұмсығын тығып тоңқайып тұрғанын ақылдылығым, сабырлылығым деп мақтанса, мен үшін әделетсіздікпен күресу — тіпті, әлеуметтік желіде болса да әділетсіздікпен «боқтасып, төбелесу» — мақтаныш… Бәрі салыстырмалы… сол үшін жұрт мені «ақылсыз, сабырсыз, күйгелек» десе де мейлі, өздері білсін. «Сен жанбасаң лапылдап…» демекші, мен үндемесем, сен үндемесең, ол үндемесе — аузымызға құм құйып, тілімізді жұтып, мыңқиып жүре берсек, төбемізге тыша береді. Сосын күндердің күнінде екіжүзділердің, жағымпаздардың боғының астында қаламыз… онсыз да кеңірдегімізге дейін батып отырмыз…

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/05/saule-abildahanqyzy-meruert-oetekeshovagha-da-oqyrmandargha-da-zhauap-berdi/feed/ 1
Бағлан Әбдрайымов, әнші: Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? http://juldyz.kz/2017/05/19/baghlan-abdrajymov-anshi-adamdar-nege-pende-ekenin-umytyp-tuzu-bola-qalady/ http://juldyz.kz/2017/05/19/baghlan-abdrajymov-anshi-adamdar-nege-pende-ekenin-umytyp-tuzu-bola-qalady/#respond Fri, 19 May 2017 05:35:05 +0000 http://juldyz.kz/?p=10457 «Феникс» фильміне бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылған Тұңғышбай Жаманқұлов жайлы қазір БАҚ құралдарында «Жаманқұлов ісі» деген сөздер жиі жарияланады. Оның туған-туысы мен әріптестерінен бөлек, өнердегі шәкірттері мен бауырлары да қолдау мақсатында әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өз ойларын ашық ортаға салып жатыр. Соның бірі әнші Бағлан Әбдрайымов. Juldyz.kz әншінің пікірін назарларыңызға ұсынады.

Бағлан Әбдрайымов, әнші:

Я, Алла! Ақты – ақ, қараны – қара, деп ажыратып берші!
Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? Кім қателеспей жатыр? Кім «жемей» жатыр? Өмір бойы өнерге шын қызмет етіп, жетпіске таяғанда 69 млн тағдырын талқан етпекші ме? Жазғыштарым-ай, жазыңдар енді… Біреудің купальнигі мен табысын санап, бірінің байын, бірінің қатынын санап, белден төмен өсек жазып… Шынын жазыңдар! Ел ағасы жайлы жазыңдар, ақиқат іздеңдер, сенсация жасаңдар! Ашығын xалық білсін! Расында кінәлі болса, 69 млн доллар емес, теңге ғой. Өнерді бағалайтын қалталы азаматтар болса, көбірек шығарсын, қалғаны шамасына қарасын. Расында қарыз болса, алсын. Теріс болса, Қияметте есеп қыларсыздар. Елдігің қайда, бірлігің қайда? Ағаның шәкірттері қайдасыздар? Ес білер жауапты біреуіңіз қолға алыңыз. Есепшот ашыңыз! Қарап қалмаңыздар! Тақырып түсінікті болу ушін «Ақ жүніс» журналын немесе интерненттен тауып оқыңыздар.  Елбасымен Әділ сотқа ғана үмітті аға! Сот әділетсіз болса ше? Ақталуына ат салысып, 70 жылдық тойын атап өтейік! Алла сол күнді нәсіп етсін!

Тұңғышбай Жаманқұлов:

Мен халқымның алдында шындық үшін көзімді тасаламай, тура қарайтын жағдайдамын, Аллаға шүкір! Мені осындай етіп тапқан анама да шүкіршілік етемін. Халқымның бетіне тура қарай аламын. Көзімді тасаламаймын, кірпігімді де түсірмеймін! Мен ақпын… халқымның алдында, өнерімнің алдында, ұлтымның алдында, заңның алдында. Заманым мен кезеңімнің алдында да ақпын!

Еске сала кетейік, 2014 жылы қазақстандық режиссер Талгад Жәнібеков ғылыми-фантастикалық триллердің сценариін ұсынған. Сол уақытта картинаның продюсерлігін Тұңғышбай Жаманқұлов алған. Осыдан редакция алқасы жобаның дайындық алды кезеңін бекітіп, мәдениет министрлігінің тапсырысымен 79 миллион теңге бөлінген.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/19/baghlan-abdrajymov-anshi-adamdar-nege-pende-ekenin-umytyp-tuzu-bola-qalady/feed/ 0
«Феникс» ісі бойынша қаражат қайтарыла бастады http://juldyz.kz/2017/05/11/rezhisser-talghad-zhanibekov-feniks-isi-bojynsha-qarazhatty-qajtara-bastady/ http://juldyz.kz/2017/05/11/rezhisser-talghad-zhanibekov-feniks-isi-bojynsha-qarazhatty-qajtara-bastady/#respond Thu, 11 May 2017 09:08:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=10166 «Қазақфильм» киностудиясының атқарушы директоры Лидия Климованың мәлімдемесі бойынша,  «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталғандардың бірі — режиссер Талғад Жәнібеков ақшаны қайтара бастады. Бұл туралы Қазақфильмнің ресми сайтына сілтеме жасай отырып juldyz.kz   хабарлайды.

Бүгін «Феникс» фильмінің режиссері Талғад Жәнібековтың жары күйеуінің келтірген зиянын қайтару мақсатында алғашқы транш — 200 мың теңгені аударды. Т.Жәнібековтың өзі тұтқында екені белгілі. Ол 2014 жылдың 5 маусымы мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында «Феникс» фильмінің түсіріліміне бюджеттен бөлінген 1 миллион 655 мың 276 теңге қаражатты жымқырып, жеке мұқтажына жұмсады деп  айып тағылған болатын.
Осы орайда айта кететін жайт, аталған іске қатысты басқа да айыпталушылар алған қаражатты қайтара бастады. Картинаның продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов және жеке кәсіпкер Илья Коробейников алған қаражатты жартылай, ал фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдина,    сонымен қатар дайындық кезеңде түсіру тобын басқарған Марлен Әбішев және картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев алған қаражатты толық көлемде қайтарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда «Қазақфильм» АҚ  «Феникс» фильмінің дайындық алды және дайындық кезеңдеріне «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға (Тұңғышбай Жаманқұлов  құрылтайшысы) 79 миллион теңге бөлсе, оның 69 миллион теңгесі жымқырылған болып шықты.

2017 жылдың 9 наурызында осы іске қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына 9 адам келді: фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссері Талғад Жәнібеков, атқарушы продюсері Наталья Юдина, «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бұрыңғы атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, фильмнің дайындық кезеңінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев пен ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров. Оларға фильмді түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылып отыр.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/11/rezhisser-talghad-zhanibekov-feniks-isi-bojynsha-qarazhatty-qajtara-bastady/feed/ 0
Тұңғышбай Жаманқұлов мемлекетке алты миллион теңгені қайтарды http://juldyz.kz/2016/11/16/tunhghyshbaj-zhamanqulov-alty-million-tenhgeni-qajtardy/ http://juldyz.kz/2016/11/16/tunhghyshbaj-zhamanqulov-alty-million-tenhgeni-qajtardy/#respond Wed, 16 Nov 2016 06:03:05 +0000 http://juldyz.kz/?p=3713 Актер Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Бүгінге дейін шамамен актер 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол «Қазақфильмге» барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді және өзіне осындай міндетті алды», — деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды. Айта кетейік, 2 қараша күні қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқырды» деп айыпталған еді. Кейін ол өз кінәсін толық мойындады.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/16/tunhghyshbaj-zhamanqulov-alty-million-tenhgeni-qajtardy/feed/ 0
Т.Жаманқұлов қамаудан босатылды http://juldyz.kz/2016/11/07/t-zhamanqulov-qamaudan-bosatyldy/ http://juldyz.kz/2016/11/07/t-zhamanqulov-qamaudan-bosatyldy/#respond Mon, 07 Nov 2016 07:16:40 +0000 http://juldyz.kz/?p=3274 Тұңғышбай Жаманқұловтың босап шыққаны белгілі болды.  Актер 1,3 миллион теңге кепілақымен қамаудан босатылыпты. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Естеріңізде болса, 2016 жылдың 2 қарашасында актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталғаны хабарланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты «жымқырды» деген айып тағылған болатын.

Айта кетейік, мұның алдында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, актер кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген.

— «Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (…). Кепіл беруге де дайынмын», — деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/07/t-zhamanqulov-qamaudan-bosatyldy/feed/ 0
Т.Жаманқұлов тағылған айыпты мойындады http://juldyz.kz/2016/11/04/t-zhamanqulov-taghylghan-ajypty-mojyndady/ http://juldyz.kz/2016/11/04/t-zhamanqulov-taghylghan-ajypty-mojyndady/#respond Fri, 04 Nov 2016 08:08:49 +0000 http://juldyz.kz/?p=3250 «Феникс» фильміне қазынадан бөлінген қаражатты жымқырғанын Тұңғышбай Жаманқұлов мойындады. Өз ісіне өкінініп, өзінің қажеттілігіне жұмсаған ақшаны қайтаратын болды.

Бұл туралы Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы өз веб-сайтында хабарлады. Содай-ақ бұл хабарламада: «Т. Жаманқұлов ҚР ҚК-нің 65 бабына сәйкес шын өкінуіне байланысты өзін қылмыстық жауаптылықтан босату және кепіл түрінде бұлтартпау шараларын қолдану туралы өтініш хатын мәлімдеді. 3 қараша күні Т. Жаманқұлов залалды жартылай өтеді және жеке басын, жасын және кепіл мүлікті салуын ескере отырып, оған қатысты «кепіл» бұлтартпау шарасы қолданылды. Т. Жаманқұлов, Н. Юдина және Г. Ысқақованың келтірілген зиянды толық өтеуінен кейін, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату бойынша өтініш хат қарастырылатын болады» делінген.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/04/t-zhamanqulov-taghylghan-ajypty-mojyndady/feed/ 0
Актер айыпты ма? http://juldyz.kz/2016/11/03/akter-ajypty-ma/ http://juldyz.kz/2016/11/03/akter-ajypty-ma/#respond Thu, 03 Nov 2016 07:08:49 +0000 http://juldyz.kz/?p=3155 Актер, ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың айыпталуына қатысты бірнеше өнер адамдары өз пікірлерін білдірді.

Байғали Есеналиев ,актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

«Әділет пен шындық дейтін қос жетім, теңдік сұрап барар жері қалған жоқ»,-деген Ғ.Мүсіреповтың сөзі есіме түсіп отыр. Тұңғышбай аға қазақ өнерінің мақтанышы ғой. Мұншалықты қаталдықтың астарын түсіне алмадым. «Біреулерді оғы жоқ боп атарға, Біздер жүрміз қатерлі бір сапарда» -деп айтатын Есенқұлдың сөзіне жазылған ән ойымнан кетер емес. Бірақ, мынау қоғамға көрсетіп отырған сес сияқты ма қалай? Тұңғышбайды қамауға алу оның елі үшін еткен еңбегін жоққа шығара алмайды ғой! Ертеңгі ұрпақтың бетіне қалай қараймыз!?

Қадырғали Көбентай, актер, композитор, бард әнші, ҚР Мәдениет қайреткері:

Мұның барлығы қолдан жасалып отырған дүние. Тұңғышбай Жаманқұловты қаралау үшін жасалып отыр. Бұның атын «заказ» дейді. Мәдениет министрі Арыстанбектің ісі бұл.Тұңғышбай ағамыз бұның алдында министрді жемқорлықпен айыптаған. Өз басын арашалап қалу үшін Арыстанбек осылай жанын салып жатыр. Әйтпесе бұл жерде ешнәрсе  жоқ. Мен Тұқаңды жақсы білем ғой. Қатты араласам әрі ұстазым.

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын:

Қазақтың қара нары ретінде танимын. Өнерде үлкен орыны бар кісі. Осы мәселеде байыбына бармай тұрып ештеңе айта алмаймын. Біз тек ол кісіні теледидардан, сыртынан ғана көріп жүрміз. Сондықтан, айтарым жоқ. Алдында жоғары жақпен келіспегені туралы шет жағасын естігенмін. Не үшін ұсталғанын, ары қарай не болатынын нақтысын білмеймін.

Еске сала кетсек, 2 қараша күні Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының хабарлауынша, «Феникс» фильмі үшін бөлінген қаражаттың 69 миллион теңгесін жымқырды» деген айып Тұңғышбай Жаманқұловқа тағылған болатын.

]]> http://juldyz.kz/2016/11/03/akter-ajypty-ma/feed/ 0