Табылды Досымов — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 08 Oct 2018 19:45:41 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Табылды Досымов (1965-2010) http://juldyz.kz/2017/04/07/tabyldy-dosymov/ http://juldyz.kz/2017/04/07/tabyldy-dosymov/#respond Fri, 07 Apr 2017 09:22:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=6220 Табылды Досымов 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінде дүниеге келді. Ол — қазақтың тұңғыш бард-ақыны. 2010 жылдың 16 қазанында 45 жасында Табыл дүниеден өтті.

Балалық шағы

Аяштай әкесі мен Нағимадай анасының жалғыз перзенті болған Табылды оқуда, өз ісіне де ұқыпты болған. Мақтануға жоқ болған. Тым шешіліп сөйлемеген.

«Табылдының айтуынша, ол бала күнінде томпақ, қара болған. Анасы үстіне жемпір тоқып беретін. Есік алдында көп баламен ойнамайды. Желмен бірге ұшып, өзімен-өзі домаланып қақпаға түйісіп жүреді екен» , — дейді жары Қарлығаш.

Табылды өнерге гармошка тартып келді. Бастапқыда балалайка, домбыра ойнаған. Сосын гитара тартуға әуестенген. Әнді гитарамен де, домбырамен де шығара беретін. Ойын баласы болса да, өз қатарластарымен ойнауға зауқы соқпаған. Керісінше, ауыл ақсақалдарының әңгімесін тыңдап өскенді жақсы көрген. Кітап оқуға құштарлығы да осы кезден артты. Есептен гөрі, әдебиет пен тарихқа жақын болып өскен. Махамбеттің кез-келген өлеңін жатқа білген. Күрестен облыстық, республикалық,халықаралық жарыстарға қатысқан.

Табылдының жастық шағы

Табылды 1982 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен. Ол серіліктен де алыс емес еді. Ақан серілердің арқада өткізген серілігі, салдығы алып шаһар Алматы қаласына ауысып, нағыз романтиканы суреттеді. Болмысы бөлек бард ақынның өміріне, шығармашылығына, поэзиясына, әндерінің әуендеріне 1986 жылы болған оқиға үлкен өзгеріс алып келді. Өйткені елім деп, жерім деп алаңға шыққан жалынды жастардың қатарында Табылды да болатын. Желтоқсан дүмпуінен кейін Табылды Досымов оқудан шығарылып, туған жерге кетуге мәжбүр болды.

Бір жылдан соң, әсем қала Алматыға қайта келіп, оқуын жалғастырады. Бір жыл мәдени ошақтан алыс бола тұра, шығармашылықтан қол үзбей, жастарға өнеге боларлықтай бардтық үлгіде патриоттық, ұлтқа деген сүйіспеншілікті оятар әндер алып келді. Кейін оқуға қайта тапсырып, 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Табылды әндерін қалай жазды?

Ол нота білмейтін. Табылдының ешкімге ұқсамайтын қасиеті — әні мен сөзін қатар жазған. Оның сахнасы — жастар, студенттердің туған күні болатын. Табылдының сол өзі оқыған жылдары бүкіл ҚазҰУ-дың гимніне айналған — «Қыпша белің-ай» деген ән болды. Кейін ол ән «Астананың аруы» аталып кетті. Журналистика факультетінің жатақханасының балконынан Табылды ән айтып отырған кезінде көрші тарих, филология, биология факультеттерінің студенттерінің бәрі балконға шығып тыңдап отыратын. Табылды әнін бітірген кезінде бәрі қол соғып, тағы ән сұрайтын. Осылай отырып Табылды шағын концерт беретін, — дейді досы Арман Сқабылұлы

Еңбек жолы

Табылды 1990 жылы арнайы жолдамамен Атырау телерадиокомитетіне келіп, жаңа облыстық телевизияның қүрылуына атсалысқан. Ол 1992 жылы облыстық Нұрмұхан Жантөринатындағы мемлекеттік филормонияда шығармашылық жұмыстармен айналысқан. Сондай-ақ, «Желтоқсанның жебесі» атты жас талаптар тобының жетекшісі, 1993 жылы Индер аудандық тіл басқармасының бастығы, 1995 жылы облыстық дәрежедегі Махамбет қорының директоры қызметін атқарған. Кейін 2000 жылдан бері Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болған.

Отбасы

Табылдының жарының есімі — Қарлығаш. Ол балаларының атын қойғанда да өзіндік мағынамен қоятын. Мысалы, үлкен қызы Ақбаянның есімін өзінің «Атыңды сенің айтамын ән қылып неге, «Қозым-ау» деші күлімдеп Баяндай маған…» деген әнінің құрметіне қойған. Айнамкөз әйгілі Мұхиттың ғашығының құрметіне қойылса, ұлының есімі Абыл жырау,күйшінің есіміне орай қойылған. Ал, сүт кенжесі Әйгерімнің есімін зайыбы Қарлығаш берген.

Марапаттары

Табылды Досымов «Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002) жыр жинақтарының, «Жайықтың толқындары», «Табылдың әні» атты өлеңдер мен ән мәтіндері жинақтарының авторы. Ғұмырында жанына гитраны серік еткен ол жайлы замандастары мен қаламгерлердің естеліктері аз емес. Өлеңдері кітап болып басылып, оқырмандар арасында қолдан қолға өтті. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді. Бижан Қалмағанбетов досы «Табылды Досымов» атындағы арнайы қор құрды. Белгілі жазушы Жұмабай Құлиев пен журналистер Серік Жанболат, Қаншайым Байдәулетова мен Тәуірбек Жұмабергенұлы дайындаған «Із тастап аққан бір жұлдыз» атты Табылға арналған ғұмырнамалық кітап шығып оқырмандарына тамаша тарту жасады.

Табылды республикалық «Үкілі үміт» байқауының дипломанты, облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (2000), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/07/tabyldy-dosymov/feed/ 0