Серік Абас-шах — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Wed, 28 Aug 2019 05:08:22 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Серік АБАС-ШАХ: Тұлғаға сырттан түкірдік, табанда жатыр шүкірлік http://juldyz.kz/2017/09/12/serik-abas-shah-tulghagha-syrttan-tukirdik-tabanda-zhatyr-shukirlik/ http://juldyz.kz/2017/09/12/serik-abas-shah-tulghagha-syrttan-tukirdik-tabanda-zhatyr-shukirlik/#respond Tue, 12 Sep 2017 16:53:23 +0000 http://juldyz.kz/?p=12626 Серік АБАС-ШАХ:

Дауы мен жауы қазақтың 

Озды ма Пәлен, ойбай не?!

Тозды ма Түген, ойбай не?!

Қазақтың дауы – «тост талас»,

Қазақтың жауы – «той бәйге»,

Шындығы ащы сыр да ауыр,

Науат боп кетті, «нұр» дәуір.

Қазақтың дауы – «госязык»,

Қазақтың жауы – жыр, жауыр.

Сенімнен әбден арылып,

Секемшіл болды кәрі ұлық.

Қазақтың дауы – «преемник»,

Қазақтың жауы – кәрілік.

Шекпенді жолы теп-тегіс,

Шенсіздің жолы кептеліс.

Қазақтың дауы – «жемқорлық»,

Қазақтың жауы – шектеліс.

«Тас атса дұшпан, аспен ұр»,

Туған жер үшін тас кемір.

Қазақтың дауы – күншілдік,

Қазақтың жауы – бәсте тұр.

Тұлғаға сырттан түкірдік,

Табанда жатыр, шүкірлік.

Қазақтың дауы – Шыңғыс хан,

Қазақтың жауы – бүкірлік…

«Мінгізер атың ағаш па?»

Үндеме онда, жақ ашпа.

Қазақтың дауы – жершілдік,

Қазақтың жауы –«ағашка».

Күтіп тұр талай алда сын,

Қанатың, халқым, талмасын.

Қазақтың дауы таусылып,

Қазақтың жауы қалмасын!

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/12/serik-abas-shah-tulghagha-syrttan-tukirdik-tabanda-zhatyr-shukirlik/feed/ 0
Серік Аббас-шах: Қазақтың тойы – ысырап! http://juldyz.kz/2017/08/22/serik-abbas-shah-qazaqtynh-tojy-ysyrap/ http://juldyz.kz/2017/08/22/serik-abbas-shah-qazaqtynh-tojy-ysyrap/#respond Tue, 22 Aug 2017 11:43:56 +0000 http://juldyz.kz/?p=11971

Қазақтың тойы — ысырап!
Дастарxанды түрлі тағамға ішіп-жеу үшін емес, мақтаныш үшін лықа толтыратын ағайын, ойланыңыз! Қанағат керек! Нәубет жылдары қатқан нанның қоқымын таба алмастан, қалың алаштың миллиондаған баласы ажал құшқан болатын. Қазақтың жартысын қырған сол ашаршылық неге бізге сабақ болмайды, осы? Тамақтың ысырабы қара қазақтың тоқтығын емес, дарақылығын білдіреді. Нанның да обалы болады. Асты бей-берекет шашып- төгу, тектілікті білдірмесе керек-ті. Мен мұны аштықтан қарақұрым малша қырылған қандастарымыздың аруағын сыйламау деп қабылдаймын.

Серік Аббас-шахтың инстаграмдағы жазбасы

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/22/serik-abbas-shah-qazaqtynh-tojy-ysyrap/feed/ 0
Серік Абас-шахтың ерекше құттықтауы http://juldyz.kz/2017/05/04/serik-abas-shahtynh-erekshe-quttyqtauy/ http://juldyz.kz/2017/05/04/serik-abas-shahtynh-erekshe-quttyqtauy/#respond Thu, 04 May 2017 05:22:51 +0000 http://juldyz.kz/?p=9890 Бүгiн, 4-мамыр күнi композитор, әнші Арман Дүйсеновтың туған күні. Инстаграмм парақшасында Серік Абасшах төмендегідей құттықтады:

04.05.2017 Бүгiн, 4-мамыр күнi: — дарынды композитор, — почти) әншi, — аранжировка майталманы, — (почти) ақын, — музыкалық продюсер, — актер, — "айыр тілді" тележүргiзушi, — әмбебап асаба, — сосценарист, — Астана туралы пәленше әннің авторы, — Елбасы туралы түгенше ән шығарушы, — үш баланың сүйiктi әкесi, — Ақтөбенiң "ел болатын" жиенi, — Оралдың "тасы өрге дөңгелеген" өренi,, — Tүpкicтанның ("супер кiшiпейiл") күйеу баласы, — біздің інішегіміз, — "Гүлдердің" гүл жайнаған директоры АРМАН ДҮЙСЕНОВ 40бірдеңе жасқа толды. =================================== Ареке, туған күніңізбен! Бала-шаға мен махаббатыңыздың, іскерлігіңіз бен шығармашылығыңыздың қызығын көрiңiз!

A post shared by Serik Abas-shakh (@serik_abasshakh_officialpage) on

Бүгiн, 4-мамыр күнi:
— дарынды композитор,
— (почти) әншi,
— аранжировка майталманы,
— (почти) ақын,
— музыкалық продюсер,
— актер,
— «айыр тілді» тележүргiзушi,
— әмбебап асаба,
— сосценарист,
— Астана туралы пәленше әннің авторы,
— Елбасы туралы түгенше ән шығарушы,
— үш баланың сүйiктi әкесi,
— Ақтөбенiң «ел болатын» жиенi,
— Оралдың «тасы өрге дөңгелеген» өренi,,
— Tүpкicтанның («супер кiшiпейiл») күйеу баласы,
— біздің інішегіміз,
— «Гүлдердің» гүл жайнаған директоры АРМАН ДҮЙСЕНОВ 40бірдеңе жасқа толды.
=================================== Ареке, туған күніңізбен!
Бала-шаға мен махаббатыңыздың, іскерлігіңіз бен шығармашылығыңыздың қызығын көрiңiз!

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/04/serik-abas-shahtynh-erekshe-quttyqtauy/feed/ 0