«Қыз Жібек» операсы — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 18 Dec 2017 08:01:29 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.4 «Қыз Жібек» операсы http://juldyz.kz/2016/10/25/qyz-zhibek/ http://juldyz.kz/2016/10/25/qyz-zhibek/#respond Tue, 25 Oct 2016 08:59:52 +0000 http://juldyz.kz/?p=2782 12 қараша

Сенбі, 17:00

  • Е. Брусиловский
  • Либреттосын жазған  Ғ. Мүсірепов

"Қыз Жәбек" операсы«Қыз Жібек» операсының музыкасы фольклорлық бастауларға негізделген. Композитор тақырыбы, жанры, өзіндік ерекшеліктері әртүрлі аспаптық мәдениет үлгілерін кейіпкерлермен, сюжет драматургиясымен үйлестіре білген. Басты кейіпкер Қыз Жібектің бейнесі өзінің әртүрлі психологиялық күйін білдіретін әндермен бейнеленеді. Бұлар — қуанышты, көтеріңкі лепті «Гәкку», нәзік үнді «Толқыма» және трагедиялық «Дүние-ай», шешімді және екпінді ән «Раушан». Жібектің рухына жақын Төлегеннің образына шынайы пәктік тән. Ол белсенді күрескер ретінде емес, белгілі бір идеяның иесі ретінде көрінеді. Төлеген өз ортасынан жоғары тұрады, дәстүрмен өмір сүру оны қанағаттандырмайды. Ол өзіне тең кұрбы іздейді, бақыт іздеу жолында сатқындықтан қаза болады. Операда тек осы кейіпкерге ғана вокалдык, симфониялық және хореографиялық тәсілдер қолданылған, монолог көрінісі арналған (III акт). Төлегенді музыкалық сипаттау үшін «Қос барабан», «Алқара көк» (I акт), «Қарагөз» (III акт) әндері қолданылады, осы әндердің виртуоздық, мелодиялық кұрылымының диапазоны кең. Операда драматургиялық жағынан маңызды кейіпкер Бекежан. Ол басты кейіпкерлердің кайғысына себепкер адам. Бекежанның лейттақырыпты әндері оның көкіректігін, күшін, жанкештілігін, сонымен қатар арам ойын көрсетеді. Ол «Ақкұм», «Жиырма бес», «Көкжендет» (зұлымдық), «Мәди» және «Сарымойын» (IV акт) әндері арқылы берілді.

 

]]>
http://juldyz.kz/2016/10/25/qyz-zhibek/feed/ 0