Қалаулым — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 12 Feb 2019 09:48:33 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.8 Өнер азаматтары желіде “Қалаулымға” қарсы флешмоб бастап, видео үндеу жазуда http://juldyz.kz/2018/03/03/oener-azamattary-zhelide-qalaulymgha-qarsy-fleshmob-bastap-video-undeu-zhazuda/ http://juldyz.kz/2018/03/03/oener-azamattary-zhelide-qalaulymgha-qarsy-fleshmob-bastap-video-undeu-zhazuda/#respond Sat, 03 Mar 2018 12:37:43 +0000 http://juldyz.kz/?p=13804 6 миллион көрермен жинаған «Қалаулым» бағдарламасының дауы бітер емес. Бірі жабылғанын қалса, бірі бағдарламаны қолдап отыр. Осыған дейін, Сәкен Майғазиев бағдарламаның шашбауын көтерген әріптестеріне ашуланып, бағдарламаны жабуға ат салысуларын сұраған еді. Сәкен Майғазиевті қолдап, «Өнер қырандары», Серік Ибрагимовта видео үндеу жариялады.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/03/03/oener-azamattary-zhelide-qalaulymgha-qarsy-fleshmob-bastap-video-undeu-zhazuda/feed/ 0
«Қалаулым» бағдарламасы жабылады http://juldyz.kz/2018/02/28/qalaulym-baghdarlamasy-zhabylady/ http://juldyz.kz/2018/02/28/qalaulym-baghdarlamasy-zhabylady/#respond Wed, 28 Feb 2018 15:14:57 +0000 http://juldyz.kz/?p=13765 Елдің сынына ұшыраған Еуразия ұлттық арнасындағы «Қалаулым» бағдарламасы жабылмақ. Бағдарламаны көрші елдердің сәтсіз шыққан бағдарламасының көшірмесі, ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін бағдарлама деп шектеу қойылуда. Бұл туралы әлеуметтік желіде мына бір сурет дәләл ретінде тарап жүр.

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекте бұл жаңалықпен бөлісіп, халықтан сүйінші сұраған.

-«Иә!»Қалаулым» бағдарламасы жабылатын болды. Құтты болсын.Қазақ елі»- деп жазды өзінің парақшасында

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/28/qalaulym-baghdarlamasy-zhabylady/feed/ 0
Сәкен Майғазиев : белден төмен «Қалаулым» бағдарламасына өліп кетсем де бармаймын http://juldyz.kz/2018/02/27/saken-majghaziev-belden-toemen-qalaulym-baghdarlamasyna-oelip-ketsem-de-barmajmyn/ http://juldyz.kz/2018/02/27/saken-majghaziev-belden-toemen-qalaulym-baghdarlamasyna-oelip-ketsem-de-barmajmyn/#respond Tue, 27 Feb 2018 17:41:39 +0000 http://juldyz.kz/?p=13747 Осы бір жыл көлемінде қоғамда танымал болған аты-шулы «Қалаулым» бағдарламасы біраз сынға ілінген болатын. Әнші Сәкен Майғазиевта бағдарламаның дұрыс емес екендігін айтып, енді сол бағдарламаға қатысып, арзан атаққа жүгірген әріптестерін сынап тастады.

“Түркияда жағымсыз бағдарламаны жапқызып тастаған. Содан кейін олар «кім бар?» деп тіміскілеп жаман шибөрілер ұқсап, ақырында бізге келді. Үлкен танымалдылыққа ие бағдарлама, өздеріңіз де білесіздер. Сол қосылып жатқан екі жастың ұрпақтары үшін мен жаным ашып, шырылдап жатсам, менің әріптестерім сол бағдарламаның шашбауын көтеріп, сойылын соғып жүр. Сонда мен кім үшін зар қақсап жүрмін?

Мен ондай белден төмен бағдарламаларға өліп кетсем де бармаймын. Сол орайда: «Өткенде Сәкен айтып еді ғой, бір өзі шырылдай бере ма?» деудің орнына солардың сөзін сөйлеп жүр. Мен өзімнің пиарымды ойлап жүрген адам сияқты, бозда ойнап, білгенімді істеп жүрген сияқты жүрген адамдар бар. Біздің екіжүзділігіміз бен жүрдім-бардым бейқамдығымыздың айқын айғағы осы. “Қазақ деп жүрген азамат қой, Сәкеннің бір ауыз сөзі үшін осы бағдарламаға бармай-ақ қояйық, біздің танымалдылығымыз осыдан кеміп қалмайды” демейді. Керісінше саған қас қылғандай қылады. Осы дұрыс па енді?” – деп ашынды әнші.

Сонымен қатар, сол бағдарламаның қатысушыларынығ бүгінгі күннің атағы үшін отырғандығын, болашағын, болашақ ұрпағының жағдайын ойламайтындығын айта кетті.

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/27/saken-majghaziev-belden-toemen-qalaulym-baghdarlamasyna-oelip-ketsem-de-barmajmyn/feed/ 0
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы “Қалаулым” шоуын жақтаған қоғам белсендісін сынады http://juldyz.kz/2018/01/26/zhurnalist-bibigul-dauletbekqyzy-qalaulym-shouyn-zhaqtaghan-qogham-belsendisin-synady/ http://juldyz.kz/2018/01/26/zhurnalist-bibigul-dauletbekqyzy-qalaulym-shouyn-zhaqtaghan-qogham-belsendisin-synady/#respond Fri, 26 Jan 2018 06:26:32 +0000 http://juldyz.kz/?p=13557 Қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза көп даулы сөзге қалған «Қалаулым» бағдарламасын жақтап сөйледі. Ол бағдарламаның бар болғаны шоу екенін айтады.

“Қалаулымға” қайтадан шабуыл басталыпты. Айгүл Орынбек атасына “көз жасын” төгіпті. Басқаларының да “Қалаулымнан” басқа жаулары қалмапты. Қазақтар, “Қалаулым” – ол ШОУ. Әрине, шынайы өмірге өте жақын шоу. Бірақ ол – шоу. Шоу мен шынайы өмірді шатастырмаңдар. Сондықтан да көз жастарыңды көл қылмаңдар. The Show Must Go On! “Қалаулымды” тек қана через мой труп жаба аласыңдар”, – деп бөлісті Нағашыбай Есмырза әлеуметтік желә парақшасында.

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Нағашыбай Есмырзаға қарсы пікірін білдірді.

Жабылсын! Қарсымын! Нағашыбай көке, “Қалаулымның” шоу екенін білеміз. Бірақ, сол шоу жастардың санасын улап жатқанын Гитлерден бетер білетініңіз ақиқат.

Сіздің піріңіз де : “Если хочешь уничтожить нацию, испорть её женщину” – деген еврейлердің сөзін мақұлдаған. Сол “Қалаулымдағы” Замираның қандай екенін сіз менен жақсы білесіз. Осындай санасыз есерсоқтардың кесірінен қаншама жас қыздар бұзылуда. Біздің отандық арналардың эфирі ластанып бара жатқаны соншалық, кірлеп кетті. Енді сол кірді кетіру – бойында намысы бар әр Қазақтың міндеті!

Мен Қазақтың қызымын! Қазағымның өзге ұлтқа мазақ болғанын қаламаймын. Ресейдің “Дом 2”-сы мынаның жанында айналайын болып қалды. Егер өліп бара жатса барсын басқа елге сол жақтан көрсетсін.
Менің ұлтымның эфирін ластамасын! Мен қарсымын! Жапсын! “Тәйт” дейтін жасқа келген ЕЛ ағасысыз. Мынауыңызға жол болсын?! Қалжыңның да жөні бар ғой. Ұят та болса мына видеоны қойып отырмын. Ауызы лас қыз енді эфирді ластауда”, – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы

Ескере кетсек, осыған дейін де «Қалаулым» бағдарламасына қарсы көптеген желі қолданушылары да бейнеблогтар түсірген болатын.Картинки по запросу қалаулым стоп

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/26/zhurnalist-bibigul-dauletbekqyzy-qalaulym-shouyn-zhaqtaghan-qogham-belsendisin-synady/feed/ 0