Өнер қырандары — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 26 Aug 2019 04:35:48 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 “Шаншар” мен “Нысананың” бұрынғы әртістері жаңа театр құрды http://juldyz.kz/2019/02/06/shanshar-men-nysananynh-burynghy-artisteri-zhanha-teatr-qurdy/ http://juldyz.kz/2019/02/06/shanshar-men-nysananynh-burynghy-artisteri-zhanha-teatr-qurdy/#respond Wed, 06 Feb 2019 08:15:46 +0000 http://juldyz.kz/?p=15099 Қазіргі таңда қазақстандықтарға күлкі сыйлап жүрген әзіл-ысқақ театрлар жетерлік. Солардың қатарына тағы бір «Қызық» атты театр қосылды.  Бұл туралы Hit-tv арнасы бөлісті.

«Қызық» театрына «Шаншар» әзіл-ысқақ театрының бұрынғы әртісі Ғалымжан Қаппаров құрды. Ал ұжымға өнер жолындағы әріптестерін, нақытрақ «Нысана», «Мафия мен тақия» театрларының актерлерін шақырған.

«Бұл 1-2 жылдың ішінде қозғалып тірлік етін. Соның бәрін осы жігіттермен ақылдастым. Осы топтың құрылғанына ешқандай өкінбеймін. Өйткені бәріміз келісіп, аты да қойылып, құрам да осылай шықты”, – дейді театрдың негізін қалаушы Ғалымжан Қаппаров.

“Ол жерден мастанғандықтан я болмаса өнерге тойғандықтан кеткен жоқпыз. Жарас, мысалы “Нысана” театрында жүрді. Оны шақырған себебім, бұл кісінің бойындағы ең керек характер ол жерде ашылмады. Ал Бауыржан “Мафия мен Тақия” театрында болды, ол театр бұның мінезіне сай емес”, – дейді Қаппаров.

 

]]>
http://juldyz.kz/2019/02/06/shanshar-men-nysananynh-burynghy-artisteri-zhanha-teatr-qurdy/feed/ 0
«Өнер қырандары»: Біздің концерт халықты жылауға шақырады деп айта алмаймыз http://juldyz.kz/2018/06/26/oener-qyrandary-qazir-koep-teatrlar-sahnagha-shyghyp-eldi-kuldirtsek-boldy-basqasy-muldem-manhyzdy-emes-dep-ojlajdy/ http://juldyz.kz/2018/06/26/oener-qyrandary-qazir-koep-teatrlar-sahnagha-shyghyp-eldi-kuldirtsek-boldy-basqasy-muldem-manhyzdy-emes-dep-ojlajdy/#respond Tue, 26 Jun 2018 09:29:50 +0000 http://juldyz.kz/?p=14302 –Жыл сайынғы концерттеріңізді Рамазан айына бағыттап жасайсыздар ма?

– Біз реті келсе әр мерекеге концерт қойсақ дейміз. Жақында балалар күніне де концерт қоюды ойлап отырмыз. Күлкі күніне концерттер онсыз да көп болады. Сол себепті біздің қасиетті мерекеге сай өткізетін концертіміз дұрыс уақытқа қойылды деп ойлаймыз.

– Театрдан басқа жеке кәсіппен айналысасыздар ма?

– Театрдан басқа той-томалақта асабалықпен айналысатынымыз бар. Әнуар жас әнші Әлихан Байсұлтановқа продюсер болып  жүр.Картинки по запросу өнер қырандары

– Алдараспан» театрының Тука образы халыққа кең танылып, әзілдері әр қазақтың аузында жүрді. Бүгінде сіздердің театрларыңыз ұсынған Боря образы осы Тукадан кем емес. Осы кейіпкерді әрі қарай дамыту ойларыңызда бар ма?

– Біз осыған дейін Боря образына арнап бес қойылым қойдық. Шыны керек, бұл Боря оқиғасы біз Өнер академиясында оқып жүрген кезде басталған еді. «Академия сахнасында біз осы қойылымды қоямыз»  дегенімізде, ұстаздарымыз біраз қарсы болып, қойдыртпай қойған. Кейін театр болып құрылған соң осы образымыз сахнаға шықты. Боря оқиғасының шарықтау шегі осы «Жаңғыру мен Шыңғыру» концертінде болды деп ойлаймыз. Біз осы концертте де қоймаймыз деген едік. Алайда көрерменнің сұрауы бойынша қайтадан көрсетуге тура келді.

– Жалпы, бұл Боря өмірде бар адам ба? Бұл образды қайдан алдыңыздар?

– Шыны керек, бұл образ бар, біз ол адамды Алматыда кезіктірген едік. Біз академияда оқып жүрген кезімізде мұғалімдеріміз көшеге шығып образ іздеп келіңдер деп жіберетін. Сол кездегі көріп қалған образымыздың бірі болатын. Егер болашақта халық тағы сұрап жатса, Боря образын басқа да қырынан көрсетерміз.

– Наурыз мерекесіне арналған концерттеріңізде Төреғали қатысып, өткендегі оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұраған еді. Халық Төреғалидің әрекетіне кәдімгідей риза болып қалыпты. Бұл ойды Төреғалидің өзі ұсынды ма?

– Бұл театрдың ұсынысы болатын. Қойылымға Төреғалидің еш қатысы жоқ. Ол керісінше, басында келіспейтінін айтты. «Олай шыққаным әбестік болар, халық алдында ыңғайсыз болмай ма?» деді. Біздің мақсатымыз адамдарды жақсылыққа шақыру болатын. Қасиетті Наурыз мерекесінде кешірімді болудың және кешірудің жолдарын көрсетуге тырыстық. Төреғали – ешкімге бөтен емес, өнерге енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан қазақтың баласы. Оның көргеннен көрмегені көп. Жігіттікке салынып кеткен болар, бірақ соны түзетуге біз міндеттіміз. «Әй» дейтін әже мен «қой» дейтін қожа жоқ» деген қазақта сөз бар. Сол кезде Төреғалиға «Халықтан кешірім сұра, мұның дұрыс емес» деп ақыл айтатын ағалар болмай қалды. Барлығы келді де Төреғалиді жабылып жамандады. Ақыл айтудың орнына, керісінше, «Төреғалиді қуып шығу керек, сахнадан алып тастау керек» деді. Алдыңғы аға буын інілерінен ажырадық, інілеріміз ағаларымызды тыңдамайтын халге жеттік. Арамыздағы осыдай арқау ажырап бара жатқан секілді. Сол себепті осы атаулы мерекемізді пайдаланып, Төреғалиге өзіміз ұсыныс жасап, осы қойылымды қойдық.Картинки по запросу өнер қырандары

– Отандық театрлар арасында бір-біріне сын айту, қойылымдарын талқылау деген түсінік бар ма?

– Әрине, бір-бірімізге сын айтатын кездеріміз болады. Біз де аға буын әртістердің сындарына құлағымызды түріп жүреміз. Мысалы, Уәлибек, Жүсіп ағаларымыз: «Сендер мына жерінде артық кетіп қалдыңдар, оданда былай жасаңдар», – деп ақылын айтып тұрады. Сәйкесінше біз де құрдастарымызға, өнердегі інілерімізге әзілдері анайы, жат болып кетсе «Кіндіктен төмен әзіл айтып кеттіңдер, бұл дұрыс емес» деп айтамыз. Шамамыз келгенше білгенімізді үйретуден шаршамаймыз. Біз бұрын жанымызда жүрген актерлерге көп сынымызды айтатынбыз, қойылымдарын талқылайтынбыз. Олардың бірі түсінеді, бірі құлақ та аспайтын. Сол себепті жүйкені бекерге құртпай, айтар ойымызды тек тілмен емес, іспен дәлелдейік деп шештік. «Өзгеге сын айтқанша, біз өзімізді өзіміз тәрбиелеп, өзгеге үлгі болайық» деп ұйғардық.

– Жұбаныш Жексенұлы: «Соңғы кезде «Өнер қырандары» күлдіруден гөрі, жылатуды жақсы көріп келе жатыр. Келген көрерменді жылатуды әдетке айналдырған сияқты. Діни ұстанымдарды көп дәріптейді. Діни әзілдерді де дұрыстап жеткізуге болатын шығар. Сондықтан халық күлгенде де ойланып күлетіндей дәрежеде жүрсе деген тілегім бар» деп уәж айтқан еді. Бұған не дейсіздер?

– Пікірдің айтылуы дұрыс, біз мұны оң қабылдаймыз. Алайда біздің де айтар сөзіміз бар. Қазіргі таңда әзіл-оспақ театрлары көп, бірақ барлығының бағыты бірдей. Олардың көпшілігі «Сахнаға шығып елді күлдіртсек болды, басқасы мүлдем маңызды емес» деп ойлайды. Ал біз әмбебап театрмыз. Біз үшін келген көрерменнің тек күліп қана қоймай, ой түйгені де дұрыс. Мақтанғанымыз емес, біздің театрдың көріністері көптеген адамның өмірін өзгертуге септігін тигізді. Бүкіл халыққа жағу мүмкін емес. Айтылып жатқан пікірлер де орынды шығар. Бірақ біздің концерт халықты жылауға шақырады деп айта алмаймыз. Үш көрініс болса, оның тек біреуінде ғана осындай күрделі тақырыптар қозғалады. Біз қойылымымызды әзілден емес, зілден бастаймыз. Бірінші, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді алдымызға қоямыз да, содан кейін барып әзіл пайда болады. Халықты күлдіртіп алып келеміз де, соңында оларға ой тастаймыз. Адамдарға тән азығы күлкімен қоса жан азығын беру – біздің міндетіміз.

– Бұдан өзге де қойылымдарыңызды көріп, ой түйіп, өмірлерін өзгерткендер көп шығар?

– Екі жыл бұрын Алматыдағы  Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында қасиетті  Рамазан айының басталуына орай  «Берекелі мереке» атты концертіміз өтті. Сол жолы біз тағдыры қиын жетім балалардың өмірін бейнелейтін «20 жылдық кездесу» атты қойылымды сахналадық. Мұнда тұл жетімдердің интернаттағы аянышты ғұмыры, мектеп бітіргеннен кейінгі қиындықтары бейнеленді. Бірақ қиыншылықтарға мойымай, ержетіп, мектеп бітіргендеріне 20 жыл  толғанда кездесіп, араларындағы біреуі 10 жетімді асырап алуын қойылымның өзегі ретінде көрсете білдік. Осы қойылымнан кейін сол жетімдердің әкесінің рөлін сомдаған  Құдірет бауырымызға  бір  әйел телефон соғып: «Айналайын,  жастық кезімде ойнақтап жүріп от бастым. Екіқабат болып, баламды босана салысымен, жетімдер үйіне өткізген едім. Сендердің қойылымдарыңды көргеннен кейін қатемді түсініп, баламды алу үшін жетімдер үйіне келіп тұрмын», – деп өксіп жылапты. Сол концертімізде  жаздың ми қайнатар ыстығында жол жөндеуші бір кісінің ораза ұстағаны жайлы оқиғаны да сахналадық. Мұны көрген бір ағамыз тездетіп жолға шығып, оразаға бір күн қалғанда еліне жетеді де ертеңіне  отбасымен түгел аузын бекітеді. Сол ағамыз: «Ораза ұстаудың ешқандай қиыншылығы  жоқ екен ғой. Біз мұны өзіміз қиындатып алған екенбіз», – деп ағынан жарылыпты. Мұндай оқиғалар көп.Картинки по запросу өнер қырандары

– Жалпы, әр театрдың өз концепциясы болады. Бірі қоғамдық мәселелерді қозғауды мақсат тұтса, бірі жастардың көңілінен шыққысы келеді. Кейбір көрермендер сіздердің мақсаттарыңыз дінді насихаттау деп түсінеді. Бұл оймен келісесіздер ме?

– Жанымызда жүрген ағаларымыз, достарымыз: «Сендер дінді айтып кеттіңдер, соңғы кездері дінге кетіп қалдыңдар», – дейді. Біз туғанда құдайдың құдіреті арқылы туылдық. Біз дінмен туылдық және дінмен өлеміз. Біз қазір жақсы сөз айтып отырсақ – бұл дін. Көзімді ашып күлімдеп оянсам – бұл дін. Мен жұмыс істедім, баламның нәпақасын таптым – бұл дін. Барлық әлемдегі жақсы нәрсенің бәрі – дін. Содан бөлініп арам пиғылда жаман оймен бірнәрсе жасалар болса – ол секта. Әлемдегі жақсы нәрсенің бәрі – дін. Сол жақсылықты көрсетуде қандай әбестік бар? Дін деген – өмір. Біз театрмыз арқылы жақсы өмірді, адал жүруді насихаттағымыз келеді.

– Ел арасында «Өнер қырандары» концерттерінің ортасында «Ал, халайық, намаз уақыты келді, біз намаз оқып келейік» деп сахнадан кетіп қалыпты» деген сөз тарады. Бұл рас па?

– Ондай болуы мүмкін емес. Алла Тағала адамзатқа көтере алмайтын жүкті артпайды. Намаз уақыты кең. Концертті тоқтата салып, кетіп қалыпты деген ақпарат жалған. Біз тіпті концертіміздің уақытын келген көрерменге ыңғайлы болсын деп намаз уақытына икемдеп қоямыз. Осы сұрағыңызды естіп бір оқиға есімізге түсіп отыр. Әнші Райым Уайыс Атыраудағы алаңда концерт қойыпты. Райым сахнаға шыққан уақытта жақын маңдағы азанның дауысын естіпті. Сол кезде азан біткенше ән айтпай тоқтап тұрыпты. Кейін мұны бірнеше әнші қайталағанын естідік.

– Сәләфилік ағымның  жетегінде кеткен жас жігіттің аянышты өмірін бейнелейтін  «Заман-ай» қойылымын  сахналадыңыздар. Бұл күрделі тақырыпқа қалай келдіңіздер?

– Өткен жылы кіші қажылықты өтеу нәсіп болды. Сонда жүріп жастарды өзіне тартып, еліміздің бірлігі мен ынтымағына сызат түсіріп жүрген жат ағымның іс-әрекетін бейнелейтін қойылымды неге сахналамасқа деген ой келді. Елге орала салысымен, жігіттермен ақылдаса отырып, іске кірістік. Екінші жағынан, бұған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен  сәлемі болсын): «Әр айтқан сөздеріңнен сұраласыңдар», – деген мағынада келген хадисі де қатты әсер етті.  «Егер әрбір  іс-қимылымыздан, ауыздан шыққан әр сөзден сұралсақ,  неге пайдалы шаруамен айналыспасқа?» – деп «Заман-айды» сахнаға алып шықтық. Онда жастайынан ауылдан кетіп, ата-анасына құлақ аспай, оларды «кәпірге» балап, Сирияға соғысқа  аттанған,  соңында әйелі мен бала-шағасынан айырылып, түрмеге тоғытылған  жігіттің тағдыры баяндалады. Біздің қойылымды көрген осындай ағымның ыңғайында жүрген бір жігіт имамға келіп: «Шынымен біз осылай жауыз болып кеткенбіз бе?» – деп  таңданысын білдіріпті.

– Сұхбат соңында отбасыларыңыз жайлы айтып өтсеңіздер…

– Мэлстің Фариза есімді жары, Мұхаммед пен Мұхаммедәлі есімді екі ұлы бар. Әнуардың Динара есімді жары, бір ұл, бір қызы бар. Динара – тіл маманы, бірақ стюардэсса болып қызмет атқарады. Жанболаттың Іңкәр атты жары, Медина, Сезім, Тасним есімді үш қызы бар. Жарының мамандығы – актриса, қазір үй шаруасында. Сырым да отбасын құрған, әйелі, екі баласы бар. Өздеріңіз білетін боларсыздар, Мадияр мен Дина ерлі-зайыптылар, олардың төрт баласы бар. Барлығымыз тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатырмыз.

                                                                                  Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

]]>
http://juldyz.kz/2018/06/26/oener-qyrandary-qazir-koep-teatrlar-sahnagha-shyghyp-eldi-kuldirtsek-boldy-basqasy-muldem-manhyzdy-emes-dep-ojlajdy/feed/ 0
«Өнер қырандары» көп балалы отбасыға үй сыйлады http://juldyz.kz/2018/06/14/oener-qyrandary-koep-balaly-otbasygha-uj-syjlady/ http://juldyz.kz/2018/06/14/oener-qyrandary-koep-balaly-otbasygha-uj-syjlady/#respond Wed, 13 Jun 2018 18:40:41 +0000 http://juldyz.kz/?p=14240 «Өнер қырандары» театры «Қарекет қорының» атынан көп балалы отбасыға үй сыйлады. 1000 теңгеге баспана бастамасымен ашылған «Қарекет» қорының мұқтаж адамдарға сыйлап жатқан 13-үйі.

“Алланың қалауымен сіздердің себептеріңізбен, қасиетті Қадыр түнінде Харекет қорымен тағы бір 13-баспананың кілтін Астана қаласынан 8 балалы отбасыға табыстадық. Алла ұлық. Отбасыңызға береке, мереке тілейміз. Тек жақсылық болсын”, – дейді «Өнер қырандары» театрының әртісі Жанболат.

]]>
http://juldyz.kz/2018/06/14/oener-qyrandary-koep-balaly-otbasygha-uj-syjlady/feed/ 0
Өнер азаматтары желіде “Қалаулымға” қарсы флешмоб бастап, видео үндеу жазуда http://juldyz.kz/2018/03/03/oener-azamattary-zhelide-qalaulymgha-qarsy-fleshmob-bastap-video-undeu-zhazuda/ http://juldyz.kz/2018/03/03/oener-azamattary-zhelide-qalaulymgha-qarsy-fleshmob-bastap-video-undeu-zhazuda/#respond Sat, 03 Mar 2018 12:37:43 +0000 http://juldyz.kz/?p=13804 6 миллион көрермен жинаған «Қалаулым» бағдарламасының дауы бітер емес. Бірі жабылғанын қалса, бірі бағдарламаны қолдап отыр. Осыған дейін, Сәкен Майғазиев бағдарламаның шашбауын көтерген әріптестеріне ашуланып, бағдарламаны жабуға ат салысуларын сұраған еді. Сәкен Майғазиевті қолдап, «Өнер қырандары», Серік Ибрагимовта видео үндеу жариялады.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/03/03/oener-azamattary-zhelide-qalaulymgha-qarsy-fleshmob-bastap-video-undeu-zhazuda/feed/ 0
«Өнер қырандарының» концерті өтеді http://juldyz.kz/2016/11/10/oener-qyrandarynynh-kontserti-oetedi/ http://juldyz.kz/2016/11/10/oener-qyrandarynynh-kontserti-oetedi/#respond Thu, 10 Nov 2016 10:14:29 +0000 http://juldyz.kz/?p=3485 «Өнер қырандары» тобы 15 қараша күні Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен “ЗАМАН-АЙ” атты рухани-патриоттық кешін өткізеді.

Өтетін орны: Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы

Анықтама телефоны: +7 702 435 06 36, +7 771 466 62 78.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/10/oener-qyrandarynynh-kontserti-oetedi/feed/ 0