NINETY ONE — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 18 Dec 2017 08:01:29 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.4 Ninety One жылдың ең үздігі тобы атанды http://juldyz.kz/2017/09/18/ninety-one-toby-zhyldynh-enh-uzdigi-toby-atandy/ http://juldyz.kz/2017/09/18/ninety-one-toby-zhyldynh-enh-uzdigi-toby-atandy/#respond Mon, 18 Sep 2017 10:38:14 +0000 http://juldyz.kz/?p=12773 Кеше MuzZone арнасының дәстүрлі түрде ұйымдастыратын ЕМА-2017 шарасы өтті. Бұл шарада жылдың ең үздіктері анықталады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Соның ішінде жылдың ең үздік «Boys Band» (жігіттерден құралған) тобы  болып  2015 жылдың бірінші қыркүйегінде алғаш сахнаға шыққан Ninety One  марапатталды.

Ninety One тобының репертуарындағы «Қалай қарайсың» әні  – жылдың ең үздік әні марапатына ие болды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/18/ninety-one-toby-zhyldynh-enh-uzdigi-toby-atandy/feed/ 0
Ninety One тобы «Қағаз кеме» атты сериал түсіреді http://juldyz.kz/2017/09/08/ninety-one-toby-qaghaz-keme-atty-serial-usynady/ http://juldyz.kz/2017/09/08/ninety-one-toby-qaghaz-keme-atty-serial-usynady/#respond Fri, 08 Sep 2017 04:32:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=12443 Ninety One  24 тамыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіліп келетін  өздерінің еңбек жолы жайлы фильмін ұсынған. Фильмнің көрсетілімі әлі жүріп жатыр. Дегенмен жігіттер демалмай, қайта бір сериал түсіріліміне дайындалып жатыр екен. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Жаңа сериалдың атауы «Қағаз кеме» аталады. Жақында ғана Ninety One тобымен бірге дайындалатын Пазл би тобының ресми парақшасында жаңа сериалға дайындық жасап жатқан кездерінен бір сурет жүктеді.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/08/ninety-one-toby-qaghaz-keme-atty-serial-usynady/feed/ 0
91 тобының сахнада жүргеніне екі жыл толды http://juldyz.kz/2017/09/02/91-tobynynh-sahnada-zhurgenine-eki-zhyl-toldy/ http://juldyz.kz/2017/09/02/91-tobynynh-sahnada-zhurgenine-eki-zhyl-toldy/#comments Sat, 02 Sep 2017 05:41:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=12266 Алғаш ә дегеннен бастап қалың көпшіліктің сынына ұшырап, бірден талқыға түскен және үлкен танымалдыққа космостық жылдамдықпен  қол жеткізген Ninety One тобының сахнада жүргеніне 2 жыл толды. Бұл туралы  juldyz.kz хабарлайды.

Бүгін!?Ninety one тобының туған күніне байланысты @ntk_channel телеканалы "Жұлдыздар шеруі" бағдарламасынан сағат 19:00-де #ninetyone фильмі туралы фильм көрсетіледі. Бұнда Тоқсан бір тобы үлкен кинодағы өздерінің алғашқы дебюттік рөлдері барысындағы қызықты әңгімелерімен бөліседі. Жіберіп алмаңыздар! ——————————————————————————— Сегодня!?В честь дня рождения группы Ninety One, на телеканале @ntk_channel в программе "Жұлдыздар шеруі" в 19:00 часов будет показан фильм о фильме #ninetyone , в котором ребята расскажут интересные истории о своей дебютной роли в большом кино. Не пропуститe!

A post shared by NINETY ONE official page• (@91ninetyone.kz) on

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/02/91-tobynynh-sahnada-zhurgenine-eki-zhyl-toldy/feed/ 1
NINETY ONE: Біздің фильм адамдарға өз-өзіне шекара қоймауға үйретеді http://juldyz.kz/2017/08/24/ninety-one-bizdinh-film-adamdargha-oez-oezine-shekara-qojmaugha-ujretedi/ http://juldyz.kz/2017/08/24/ninety-one-bizdinh-film-adamdargha-oez-oezine-shekara-qojmaugha-ujretedi/#respond Thu, 24 Aug 2017 10:15:03 +0000 http://juldyz.kz/?p=12015 ALEM, Батырхан Маликов: Шынымды айтсам, фильмнің алғашқы көрсетілімінен кейін киноға түсуді ойға да алмайтындай болатын шығармыз деп едім. Жоқ. Бәрі керісінше болды. Осы фильмді түсірген режиссер мен продюсерге мың мәрте алғыс айтамын.

ZAQ, Дулат Мухаметкалиев:  Өзіме сын көзбен қарайтын адаммын. Сондықтан да фильмді көргеннен кейін де қате кеткен тұстарын бақылап отырдым. Бірақ фильмнен кейін шабыттанғанымыз сонша, бірден демалмастан саундтрек пен клип түсіру үшін студияға асықтық.

BALA, Данияр Кулумшин: Өмірімдегі көптеген оқиғаларды мені ойлап уайымдамасын анама айтпаған едім. Біздің киноны көргеннен кейін әкем мақтан менімен мақтанып, анам жылайтын болды (күліп).

AZ, Азамат Зенкаев: Анам көзіне жас алатыны анық, ал әкем «Балам, сен шынымен осының барлығын бастан кешірдің бе?» деп сұрайтын шығар. Арманымды арқалап Алматыға келгенімде досым да, туысым да, бауырым да, тіпті ақшам да жоқ еді. Үйдегілерге менде бәрі жақсы екенін айтатынмын да, өзім жүк тасып, қара жұмыс істеп күн көретінмін де, кешқұрым шаршаған кезде ыңғайлы жерге ұйықтай салатынмын.

Қалай дегенмен филмде барлық шындық 100 пайызға көрсетілмеді, кейбір тұстары жеңіл көрсетілген. Біздің фильм адамдарды өз-өзіне шекара мен дуал қоймай, әлемге басқа көзбен қарауға үйретеді.

Сұқбатасқан Арай Аманкулова 

The Steppe сайтынан аударылды

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/24/ninety-one-bizdinh-film-adamdargha-oez-oezine-shekara-qojmaugha-ujretedi/feed/ 0
Ninety One (91) тобының «Ескі таспа биі» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны жарық көрді http://juldyz.kz/2017/06/06/ninety-one-91-tobynynh-eski-taspa-bii-anine-tusirilgen-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/ http://juldyz.kz/2017/06/06/ninety-one-91-tobynynh-eski-taspa-bii-anine-tusirilgen-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/#comments Tue, 06 Jun 2017 05:18:10 +0000 http://juldyz.kz/?p=10944 Бүгінгі күні Қазақстандағы Q-Pop жанрында эстрадаға келген толқын – Ninety One (91) тобы су жаңа бейнебаянын тыңдармандар мен көрермендерге ұсынды. Бұл туралы  juldyz.kz хабарлайды.

Бұл бейнебаянның астына көпшілік өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Қолданушы ThVideoTV:

Бұрындары қазақтар əндерінің атын «Айымсың», «Күнімсің» , «Жаным» , «Гүлім», «Аққуым»,»Мен сені сүйемін», «Күйемін» деп атайтын. Содан 91 келіп ерекше ат қойды: «Айыптама»,»Қалай қарайсың»,»Ля» деген сияқты, содан басқалар да «Аяла»,»Сөйле»,»Жолама»,»Айтқа»,»Кетпе», «Аяма» деп (!) бұйыра бастады. Найнти уан одан да əндерін ерекше атай бастады «Мббəббд», «Су асты», «Ескі таспа биі». Жарайды , басқа басқа «Ескі таспа биі» дегенге магистратура бітірген менің фантазиям жетпес еді…Рахмет, əр клипте əр түрлі образ, халықты жалықтырып жібермейді…???

Дәл осындай пікірлер тізбегін тек қазақстандық қана емес, қырғызстандық қолданушылар да жарыса жазып жатыр.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/06/ninety-one-91-tobynynh-eski-taspa-bii-anine-tusirilgen-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/feed/ 1
Ninety One «Жыл таңдауында» өзгеше өнер көрсетті http://juldyz.kz/2016/11/17/ninety-one-zhyl-tanhdauynda-oezgeshe-oener-koersetti/ http://juldyz.kz/2016/11/17/ninety-one-zhyl-tanhdauynda-oezgeshe-oener-koersetti/#respond Thu, 17 Nov 2016 09:21:56 +0000 http://juldyz.kz/?p=3822 Алматы қаласы «Алматы Аренада» 16 қарашада өткен «Жыл таңдауы» жобасында Ninety One тобының бұл жолғы өнері өзгеше болды. Эстрадамыздағы даулы топ концертке  сырғасыз келіп, би билемей қойды. 

Олардың өнер көрсету сәті бүгін Youtube желісінде пайда болды. Видеода топ мүшелері сахнаға шығып, «Қалай қарайсың» әнін орындады. Бірақ, көрерменін әдеттегідей биімен қуантпады. Концертте топтың мүшелері қара киім киіп, бір орында тұрды.
Ал осы кеште жүргізушілердің бірі Ләйла Сұлтанқызының топ мүшелеріне «сырға, би, бояу қайда?» деген сұрағына,  орындаушылар «бәрі үйде» деп әзілмен жауап қатты.

Топ мүшелерінің бұл әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары өздерінше талдауда. Бірі мұны қасақана жасалған наразылық дейді. Тағы бір тыңдарманның пікірінше, даулы топ бұл әрекетімен отандық эстраданың шоу жасамайтынын қайталап берген. «Бұл біздің эстрададағы деңгей: сахнада дым болмағандай тұрып, «фанераға» ән салу! Жарайсыңдар, жігіттер!», — дейді тыңдармандардың бірі.

Ал топтың продюсері Ерболат Беделханның жұбайы бұған қатысты Instagram желісінде пікір білдірді. «Үнсіздікті елемеу деп, салқынқандылықты әрекетсіздік деп, жақсылықты әлсіздік деп ойламау керек. Қымбатты EagleZ, хореография сіздерге ұнады ма? Жігіттерге бір орында тұру өте қиын болды», — деп жазды Асыл Беделхан.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/17/ninety-one-zhyl-tanhdauynda-oezgeshe-oener-koersetti/feed/ 0
Сәкен Майғазиев NINETY ONE туралы пікірін айтты http://juldyz.kz/2016/11/03/saken-majghaziev-ninety-one-turaly-pikirin-ajtty/ http://juldyz.kz/2016/11/03/saken-majghaziev-ninety-one-turaly-pikirin-ajtty/#respond Thu, 03 Nov 2016 03:58:56 +0000 http://juldyz.kz/?p=3144 Бұл туралы Instagram желісіндегі 91_world парақшасы жариялады. Әншінің айтуынша, ол осы кезге дейін  топ туралы 3 рет сұхбат берген. Алайда, журналистер сөзін қысқартып, тек киіміне қатыстысын ғана жариялайды екен. Сәкен Майғазиев бұл топты қолдауының 9 себебін түсіндіріп берді.

1.Ана тілінде ғана сөйлеп, сұхбат беріп, ән шырқап, қазақ тілін дәріптеп жүрген талантты жігіттер.

2.Өз бағытының шебер орындаушылары.

3.өте жақсы вокалистер, диапазондары кең, милизматиканы мықты меңгерген, тембрлері тамаша, тағысын тағы.

4.Керемет рэп-орындаушылары.

5. жігіттер өте сабырлы әрі байсалды. Оларды балағаттап, бейпіл сөздер айтса да, боқтай білмейтін байсалды балалар. Мен өнер адамы болғаннан кейін оларды зерттедім, қарадым. Олар психология тұрғысында қандай да сынға дайын болды.

6.Еңбекқор Жігіттер. Кәсіби сахнаға шығу үшін екі жыл дайындалды.

7.сахналық би қимылдары кәсіби, синхронды қимылдайды, сахнадағы еркіндігі өте керемет.

8.Қазақстан эстрадасында үлкен пікірталас, сын-ескертулер, дау туғызған, былайша айтқанда «Атың шықпаса, жер өрте» деген мысалына «амал» жасап жүрген алғашқы топ.

9.қайырымдылықпен үнемі айналысады.

Осыған дейін NINETY ONE тобының концерті Шымкентте, Қызылордада, Қарағандыда, Жезқазғанда өтпей қалып, соңы дауға ұласқан болатын.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/03/saken-majghaziev-ninety-one-turaly-pikirin-ajtty/feed/ 0