Махаббат хикаясы — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Wed, 24 Jan 2018 17:56:00 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.5 Бақыт Тұрман, әнші: Қайрат болмағанда өнерге келмес пе едім? http://juldyz.kz/2017/06/20/baqyt-turman-anshi-qajrat-bolmaghanda-oenerge-kelmes-pe-edim/ http://juldyz.kz/2017/06/20/baqyt-turman-anshi-qajrat-bolmaghanda-oenerge-kelmes-pe-edim/#respond Tue, 20 Jun 2017 10:22:12 +0000 http://juldyz.kz/?p=11271 – Бақыт, «Қайталай беремін атыңды» атты бейнебаяныңызға отбасыңызбен түсіпсіз. Бұл жарыңыз Қайраттың идеясы ма?

– Негізі менің бұдан бөлек үш бейнебаяным бар. Бірақ ол клиптерімнің сапасы онша жақсы болмағандықтан жарнамаламадым. Ал сіз айтып отырған бейнебаянды түсіретін кезде бірнеше клипмейкермен ақылдастық. Сонда барлығы да «бұл клипке жарыңыз да түсу керек», – деді. Ал мен отбасылық жағдайды сахнаға шығару, клипке түсіру дегенді онша қолдамадым. Қайрат та оған келіспеді. Бірақ олар: «Қайрат танымал актер. Сізді көбісі Қайраттың жары ретінде біледі. Сондықтан бейнебаянға жарыңыздың түскені дұрыс», – деді. Содан кейін амал жоқ келістім (жымиды). Және ойда жоқта бейнебаянға кішкентай қыз да түсетін болды.  Ол бүлдіршінді жұрттың барлығы біздің қызымыз деп ойлапты. Ал шындығына келгенде ол бізге коттеджін жалға берген кісінің қызы еді.

– 7 сыныптан бастап Атыраудағы өнер академиясында оқыпсыз. Бұл мектепке ауысқаннан кейін өміріңіз тіптен өзгерген шығар?

– Мен 7-сыныпқа дейін Атыраудағы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепте оқыдым. 6-сыныпта оқып жүргенімде «Атырау облысының мәдениет күндері» деген үлкен байқауға қатыстым. Сол байқауда мені байқап қалса керек, Өнер мектебінің директоры мені өз мектептеріне оқуға шақырды. 6-сынып бітіргеннен кейін Өнер мектебіне ауыстым. Және бара салысымен 1-қыркүйекте «Ағажан ләтипа» деген әнді айттым. Сол кезден-ақ Қайрат мені ұнатып қалыпты. Қайрат менен екі сынып жоғары оқыды. Кейін танысып,  дос ретінде араласып жүрдік. Ол өте ұшқалақ, көп сөйлейтін, ақ көңіл бала еді. Онысы маған ұнамайтын. Және кілең қыздармен дос болатын. Қыздар оны өте жақсы көретін. Ол маған көпке дейін сезімін білдіріп, хат жазып жүрді. Ал мен екеуміздің мінезіміз екі түрлі болғандықтан ба, оны мүлдем қабылдай алмадым. Кейін ол оқуға Алматыға кетті. Бірақ сонда да маған хат жазуын тоқтатпады. Сөйтіп, ол сегіз жыл маған көңілін білдіріп,  келісімімді күтті. Кейін Алматыға оқуға тапсыруға келдім. Сол кезде де қамқорлық танытып, қасымнан табылды. Содан бастап оның жақсы адам екенін түсіндім. Бірақ неге екенін бәрібір оны болашақ жарым ретінде қабылдай алмадым.  Осыған ол қатты күйінген болуы керек бір күні ол: «Бақыт, мен сенің қасыңда жүруден шаршадым. Егер расында да менде көңілің болмаса, мен кетейін. Сен маған бір жауабыңды айт», – деді. Сол кезде ғана мен оған бауыр басып қалғанымды түсініп, «жарайды» деп келісімімді бердім. Содан бір жарым жылдай қыз бен жігіт болып жүре бастадық. Ал қазір оған тұрмысқа шыққаныма еш өкенбеймін және олсыз өмірімді де елестете алмаймын.

???когда обновляешь инстаграм

A post shared by Бакыт Турман (@bakyt_turman) on

– Жарыңыз Қайрат елге белгілі актер. «Әзіл әлемі» театрында үнемі әйелдер туралы, отбасылық мәселелер жөнінде монолог оқиды. Және барлық монологын «Менің әйелім…» деп бастайды. Сіз бұған ренжімейсіз бе?

– Осы сұрақ маған жиі қойылады. Шынын айту керек, оның айтып жүрген монологтарының көбісі менен алынған. Киім туралы болсын, бояну туралы болсын… Өйткені үнемі қасында жүретін әйел мен ғой.  Идеяны алады да, ары қарай әр түрлі элементтер қосып, қызық қылуға тырысады. Басында қарсылық бідірмейтінмін. Бірақ кейін студенттерімнің: «Апай, сіз үйде расында да сондайсыз ба?» деген сияқты сұрақтары көбейе бастады. Содан кейін мен де Қайратқа: «Бәлкім, әйелдер туралы монологты кішкене қысқартып, басқа тақырыптар туралы да айтарсың», – деп ескертіп көрдім. Бірақ, әйелдерді сахнада келемеждеу, мазақтау әртістердің әдеті ғой. Әрі мұндай тақырыптарды көрермен де жақсы қабылдайды. Сондықтан оның шығармашылығына көп жағдайда түсіністікпен қараймын.

Отбасы күні құтты болсын! Бізге мейрам болса болды әйтеур?? менен тілек: 1.Бір бастарыңыз екеу болсын, отбасылы болғанда ғана адамның өмірі мәнді болады. 2.Тығылып екінші әйел алып қатырам демеңдер, бір әйелдің қамын жасап алыңдар бірінші(ерлерге☝️) 3. Әйелдеріңізге мүмкіндігінше көңіл боліңіздер, жылы сөздер айтып, аялаңыздар! (ерлерге) 4. Үйімізді, бала-шағамызды ұқыпты, таза ұстап, ерлеріміздің тапқанын барынша орынды жұмсап, отбасымыздың берекесі мен мерекесін ұйымдастырып, нық ұстап отырсақ еш отағасы үйден қашпайтын болады?☺️(қыздарға) 5. Әлемдегі ең сен үшін жаны ашитын адам ол ата-анаң және жолдасың!☝️тек соларға ғана сенуге болады. Мереке құтты болсын! ???(тілектің аяғы ақыл айтуға ұласып кетіпті, мүмкін біреуге қажет боп қалар?)

A post shared by Бакыт Турман (@bakyt_turman) on

– Қайраттың оқыған монологтары сізге ұнай ма?

– «Барлығы ұнайды» деп өтірік айта алмаймын. Жалпы, қазір «Әзіл әлемі» театрының концертін көп көрмеймін. Себебі кейбір әзілдері ұнамайды. Оны өздеріне де талай айтқанмын. Концерттеріне қатысқан кезде менен: «Бүгінгі кешіміз қалай өтті?» – деп сұрайды. Сондай да өтірік мақтамай, мәймөңкелемей «бос сөз көп боп кетті, тым мыжып кеттіңдер» деп турасын айтамын.

Мой бедуин??

A post shared by Бакыт Турман (@bakyt_turman) on

– Жарыңыз сіздің өнеріңізді қолдай ма?

– Қолдағаннан кейін шығар, осылай ән жаздырып, бейнебаян түсіріп жүргенім (жымиды). Бұл жағынан жарыма ризамын. Қайрат қолынан келгенінің барлығын жасап, өнерімді дәріптеуге көмектесіп жатыр. Кейде «егер Қайрат болмағанда өнерге келмес пе, сахнаға қайта орлмас па едім?» деп ойлаймын. Аллаға шүкір, ол менің өнерімді түсінеді және қолдайды. Мен де қолымнан келгенінше оған қолдау көрсетіп, өнердегі жетістігіне мақтау айтып, аздаған кемшіліктері болса ескертіп отырамын.

Сұхбаттың толық нұсқасын журналдан оқи аласыздар!

(«Жұлдыздар отбасы» журналының

2017 жыл, №12 (246) санынан қысқартылып алынды)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды қысқартып өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/20/baqyt-turman-anshi-qajrat-bolmaghanda-oenerge-kelmes-pe-edim/feed/ 0
Еркін Нұржанов, әнші: Динараны кішкентайынан білетінмін http://juldyz.kz/2017/05/03/erkin-nurzhanov-anshi-dinarany-kishkentajynan-biletinmin/ http://juldyz.kz/2017/05/03/erkin-nurzhanov-anshi-dinarany-kishkentajynan-biletinmin/#respond Wed, 03 May 2017 06:12:07 +0000 http://juldyz.kz/?p=2690  -Құпия болмаса, жарыңызбен қалай таныстыңыз?

— Динараның негізгі шыққан тегі – Жамбыл облысының Қаратау қаласы. Ал өзі Алматыда туып өскен. Оның әке-шешесі мен менің әке-шешем бұрыннан сыйласып араласатын. Ал мен Динараны кішкентайынан білетінмін. Бір сөзбен айтқанда, ол – көз алдымда өскен қыз.

 — Яғни жар таңдауда әкеңіздің ақылына құлақ салдыңыз ба?

— Жо-жоқ, олай емес. Бізді қосқан – нәзік сезім мен махаббат.

 — Ол сізден 14 жас кіші екен, мектеп бітіре салып тұрмысқа шығыпты. «Қызым алдымен оқуын бітірсін» деп әке-шешесі қарсы болған жоқ па?

— Жоғарыда айтқанымдай, Динара – араласып жүрген ағаларымыздың қызы. Сондықтан үйленуімізге әке-шешесі қарсылық білдірген жоқ. Бірақ «жарайды» деп бірден келісімдерін де бермеді.

 — Оның жоғарғы білім алуына қарсы емессіз бе?

— Менің бір ағам: «Мектеп бітірген қыздар үшін ДХИ (Домашний Хозяйственный Институт) деген тамаша мамандық бар. Әйел адамға содан асқан маман жоқ», — деп әзілдеп айтушы еді. Сол айтпақшы, қазір жарым үй шаруасында. Арасында білімін жетілдіру үшін әр түрлі курстарға қатысып тұрады. Сондай-ақ Шымкент қаласында бір оқу орнында дизайнер мамандығы бойынша сырттай оқып жатыр.

 — Оның қандай қасиеттерін бағалайсыз?

— Алла тағала әйел адамды ер-азаматқа жұп қып қосқаннан кейін оның жекеменшігі болып саналады. Сондықтан ол туралы ештеңе айтқым келмейді.

dsc_4679 10632262_494616303975116_350058163_n dsc_4410

(…толық нұсқасын

«Жұлдыздар отбасы» журналының

№8, 2015 жылғы санынан оқи аласыздар)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материал ішінен сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/03/erkin-nurzhanov-anshi-dinarany-kishkentajynan-biletinmin/feed/ 0
Нұрсұлтан Есжан: «Бибігүлді кішкентай қызым сияқты еркелетемін» http://juldyz.kz/2017/04/29/nursultan-eszhan-bibiguldi-kishkentaj-qyzym-siyaqty-erkeletemin/ http://juldyz.kz/2017/04/29/nursultan-eszhan-bibiguldi-kishkentaj-qyzym-siyaqty-erkeletemin/#respond Fri, 28 Apr 2017 19:39:29 +0000 http://juldyz.kz/?p=9619 Белгілі теле-радиожүргізуші, актер Нұрсұлтан Есжан жақында шаңырақ көтеріп, отбасына келін әкелгені дүйім жұртқа аян. Жары – Бибігүл Тлеболдинова – орамды ойларын ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген айтыскер-ақын. Хош, бойдақтықпен қош айтысқан Нұрсұлтанмен сүйіктісі екеуінің «махаббат хикаясы» жайлы аз-кем әңгімелесудің реті келді.  Juldyz.kz  сұхбатты назарларыңызға  ұсынады.

– Нұрсұлтан, жұбайыңызбен жарасымды жұп екендеріңізді оқырмандарыңыз жарыса жазып жатыр… Ал өздеріңіз қалай, қашан таныстыңыздар?

– Негізінде өзіме адал жар болатын қыз іздеп жүрген кезім… Бір күні жұмыста отырғанымда, ауылдан әжем мен анам хабарласып «Айтыс көріп жатырмыз, Бибігүл Тлеболдинова деген қыз ұнап жатыр» деді… Екеуміздің де өнерде, телевизия саласында жүргенімізді айтып, осы қызды іздеп-тауып, танысып көрсінші деген әжемнің тілегі болған екен. Анам екеуінің ойлары бір жерден шығып, маған қоңырау шалып жеткізді. Жұмыста отырғандықтан дұрыс қабылдамағаным анық. Жай ғана «жарайды» деп қоя салғанмын. Кейіннен анам өзі Бибігүлдің ВК және инстаграм желісіндегі парақшаларының сілтемесін жіберді. Көрдім. Әлеуметтік желі арқылы сөйлестік. Ұнады. Әңгімесі түзу, түр-сымбаты келіскен қазақтың өнерлі қызы. Бір ай сөйлесіп, кездескеннен кейін сөз салдым, қыз бен жігіт болып бір жыл жүрдік.

– Махаббат деген сезімнің ұшқыны қашан пайда болды, әлде бір көргеннен ғашық болдыңыз ба?

– Жо-о-қ… Махаббат бірден пайда болған жоқ. Жар болатын қыз екендігіне көзім түскен соң, жоғарыда айтқанымдай, бір айдан кейін-ақ сөз салғанмын. Достарыма да, туған-туыстарыма да көрсетіп жүрдім. Қарым-қатынасымыздың екінші-үшінші айында Бибігүл үш-төрт күнге шет қалаға кететін болды. Ол кеткеннен кейін қатты іздедім, сағындым, оған шынымен ғашық екенімді сол кезде түсіндім. Кейіннен сәл ренжісіп қалсақ, жүрегім ауырып, тезірек ренішін басуға тырысатын болдым…

– Қарым-қатынастарыңыз қалай өрбіді?

– Жалпы Бибігүл менің қызым сияқты. Қатты еркелейді. Мен еркелетемін, аялаймын. «Кішкентай қызыма» қалаған нәрсесін алып беремін, қалаған жеріне алып барамын. Бір-бірімізге деген сезімімізді жылы сөздерімізбен жеткізіп, жиі еркелеп тұрамыз.

– Жүрегіңіздегі бүр жарған сезімді қалай жеткіздіңіз?

– Халықтың көпшілігі біледі. Евгений Ожогин деген футбол жүргізушісі – менің досым. Ақылдасып, келісіп, бәрін дайындап, ұйымдастырып та қойғанбыз. Орталық стадионда Қайрат пен Тараз ойынының үзілісінде сөз салдым. Бибігүл аң-таң, өйткені  айтпағандықтан ол үшін бәрі тосын-сый болды.

– Қыз бен жігіт болып жүру мен жұбайлар болып жүрудің айырмашылығы көп шығар, иә? Қандай сезімдесіздер?

– Шынымды айтатын болсам, ондай бір айырмашылық жоқ. Бар өзгешелік: оны үйіме әкеліп алдым (күлді). Енді екеуміз – ерлі-зайыптылармыз. Көпшілік «қыз кезінде бәрі жақсы…» деп айтып, айыптап жатады. Мен үшін олай емес және болмайтын да шығар. Себебі, бізде сезім бар, сыйластық бар. Біз бір-бірімізді таңдадық. Аллаға шүкір, тойымыздың бәрін атқарып, демалысымызға барып қайттық. Қазір жұмыстарымызға кірісіп те кеттік. Бәрі ойдағыдай. Мың тәуба! Керемет сезімдемін.

– Бірге жаққан махаббаттарыңыздың алауы сөнбесін!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материал ішінен сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/29/nursultan-eszhan-bibiguldi-kishkentaj-qyzym-siyaqty-erkeletemin/feed/ 0
Айдана Меденова, әнші: Бір жыл бойы белгісіз біреу гүл жіберіп жүрді http://juldyz.kz/2017/04/07/ajdana-medenova-anshi-bir-zhyl-bojy-belgisiz-bireu-gul-zhiberip-zhurdi/ http://juldyz.kz/2017/04/07/ajdana-medenova-anshi-bir-zhyl-bojy-belgisiz-bireu-gul-zhiberip-zhurdi/#respond Fri, 07 Apr 2017 08:18:29 +0000 http://juldyz.kz/?p=2658 Құпия болмаса, Әлшермен қалай танысқандарыңызды айтып беріңізші…

«Біз бір-бірлерімізді гастрольдік сапарларда жиі көретінбіз.  Бірақ мен оны танымайтынмын. Ол мені сыртымнан біледі екен. Тіпті мен туралы өзгелдерден сұрап ақпарат жинап алыпты. Өтірік айтқаным емес, бір жыл бойы маған белгісіз біреу гүл жіберіп жүрді. Гүл келген сайын «бұл кім екен?» деп басым қататын. Адамның ойы жүйрік қой, «мүмкін, маньяк шығар немесе мені алып қашайын деп жүрген біреу болар» деп жаман ойлап, тіпті жалғыз жүруге қорқатынмын. Сөйтсем, ол Әлішер екен. Мұнын барлығын кейін білдім ғой. Қазір «неге ең болмағанда сол кезде атыңды жазып жібермедің?» деп сұрасам, «Мұның барлығы саған қол жеткізу үшін құрылған жоспар болатын», — дейді күліп.

Содан әрі қарай не болды? Гүл жіберген жігіт сіздің ханзадаңыз екенін қайдан білдіңіз?

Тағдыр шығар бір күні екеуміз қалада бір ғимараттың алдында кездесіп қалдық. Одан кейін ол маған телефон шалып, хат жазатынды шығарды. Бірақ бір жыл бойы оның ұсынысын қабылдамай жүрдім. Оның үстіне сол кездері жұмыс өте қарбалас еді. Оған көңіл бөлуге уақытым болмады.

Сізге жүрегін ұсынып, көңілін білдірген жігіттер көп болған шығар, солардың арасында Әлішер сізді қандай мінезімен тәнті етті?

Әкем маған үнемі «Жігіттердің түр-келбетіне емес, жан дүниесіне, адамгершілігіне қара» деп жиі ақыл айтатын. Бірақ кез келген адамның сыртқы келбетіне алдымен көзің түсетіні сөзсіз ғой. Алғаш танысқанда оның сымбаттылығы ұнады. Уақыт өте келе оның өте салмақты, сабырлы жігіт екеніне көзім жетті. Ол ешқашан түкке тұрмайтын, болар-болмас нәрсеге ашуланбайды. Өзіндік көзқарасы, ұстанымы бар. Көп жігіттер мақтанып бос сөйлеп жатады ғой, ал Әлішер айтқан уәдесінде тұрады. Ол жақындарына, туған-туыстарына әрдайым көмектесіп жүреді. Ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейді. Міне, мені осындай қасиеттерімен баурап алды.

Жоғарыда гүл жібергенін айттыңыз, кейін де бұл «дәстүр» жалғасын тапты ма?

Әрине. Ол әрдайым маған көңіл бөліп, қамқорлық танытып жүреді. Тек мейрамдарда ғана емес, жай күндерің өзінде гүл сыйлап, тосын сыйлар тарту етіп, мені таңғалдырады. «Мейрам емес қой, не үшін гүл сыйладың ?» — десем, «Сенің көңіл-күйіңді көтеру үшін», — дейді. Ал мейрамдарда ешқашан сыйлықсыз қалдырған емес.

 

(«Жұлдыздар отбасы», №14, 2015 жыл)

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/07/ajdana-medenova-anshi-bir-zhyl-bojy-belgisiz-bireu-gul-zhiberip-zhurdi/feed/ 0
Мөлдір Мұқанова, Тұрсынбек Қабатовтың жары: Тұрсынбек жатақхананың алдында үнді әндерін айтып беретін http://juldyz.kz/2016/10/21/moeldir-muqanova-tursynbek-qabatovtynh-zhary-tursynbek-zhataqhananynh-aldynda-undi-anderin-ajtyp-beretin/ http://juldyz.kz/2016/10/21/moeldir-muqanova-tursynbek-qabatovtynh-zhary-tursynbek-zhataqhananynh-aldynda-undi-anderin-ajtyp-beretin/#respond Fri, 21 Oct 2016 05:37:53 +0000 http://juldyz.kz/?p=2500  

Мөлдір «Тұрсынбекті бір көргеннен сезімім оянды дей алмаймын. Басында оның ұнамағаны рас. Ұзын бойлы, ап-арық, қап-қара жігіт болатын. Еркебұлан деген группаласым: «Сені бір жігіт ұнатып жүр» — деді. «Қойшы, кім ол?» — десем,  «КВН-де ойнайтын әлгі қара жігіт ше?» — деп айтқанда, «Е, ана жігіт пе? Ойбай, жоқ, келмесін!» — деп ат-тонымды ала қашқаным бар» деп еске алады екен.

Уақыт өте келе екеуі Конгресс-холда бір концертте жүздесіп қалады. Мөлдір Конгресс-холда оркестрдің домбырашысы еді. Танысқысы кеп айналшықтап жүргенТұрсынбек концерт болатын бір күні бар батылын жиып келіп, Мөлдірмен танысады. Сол танысқаннан кейін екеуі сегіз айдай жақсы араласады. Сосын бір жарым жыл қыз-жігіт болып қол ұстасып жүреді. Осылайша бір-бірлерін сағынып іздеп тұратын жағдайға жетеді.

«Мен жатақханада екінші қабатта тұратынмын. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Тұрсынбек келгенін білдіріп, терезеге тас лақтыратын. Ол нағыз романтик болатын. Жатақхананың алдында үнді әндерін айтып, білеп те    беретін. Сол өнерін білетін білетін қасымдағы қыздар ол келген сайын, «Тұрсынбек, қане, ән шырқашы» дейтін. Ол ұялмай, образға кіріп 2-3 ән орындайтын.» — дейді Мөлдір.

3-курсты бітірген соң Мөлдір демалысқа ауылға кетейін деп, пойызға билет алады. Бірақ Тұрсынбек оны жібергісі келмейді. Алайда, Турсынбек сүйіктісін ауылына қимай шығарып салады.  Мөлдір үйге оралған соң, үй телефонына дамыл болмайды.

«Үйдегілерге айттың ба? мен сені алып қашамын. Бір ай дегенде әрең шыдадым, болды!» деп күндіз де, түнде де Тұрсынбек Мөлдірге тыныштық бермеген екен. Мөлдір киімдері салынған сөмкені үйден ақырын алып шығып кетеді. Еш хабар бермей кеткен Мөлдірді  үйдегілері іздеп біраз әбіреге түседі. Осылайша 23 шілде күні Тұрсынбек әнші Дос пенен  Мөлдірдің группаласы Еркебұланның көмегімен сүйіктісін алып қашады.

Өмірі шай құйып көрмеген  Мөлдір Оралға келін болып түскен соң шай құйғанда қатты қиналған екен. Ұзын устелдің бойында отырған қонақтардың кеселерін шатастырып аламын ба деп қорыққан екен.

Алғаш үй болған күндерінде жас жұбайылар қиын күндерін бастарынан кешіреді.

«Несиеге алған ең бірінші жиһазымыз – электрошәйнек. Оның несиесінен құтылған соң плита алдық. Қазір бір нәрсе сатып алсақ, ары кетсе бір күн ғана қуанармыз, сосын ұмытып кетеміз ғой. Ал ол кезде әр заттың қадірін білетінбіз. Үйленген кезімізде тұрмыстың тапшылығына қарамастан осы жігітке қайдан ғана шықтым деп өкінген емеспін.» — деген Мөлдір жанұялық тарихында таңбасы қалған сол күндерді сағынышпен еске алады.

Қазір он үш жылдық жұбайлық өмірлерінде сезімдерінде селкеу түспеген Мөлдір мен Тұрсынбек Әдемі, Айым, Айару сияқты үш қызғалдақтарын және Нұриман деген кенжелерін тәрбиелеп отыр.

photo_k-20150712-18-56245965-kalzhan_tursynbayev

]]>
http://juldyz.kz/2016/10/21/moeldir-muqanova-tursynbek-qabatovtynh-zhary-tursynbek-zhataqhananynh-aldynda-undi-anderin-ajtyp-beretin/feed/ 0
Махаббат хикаясы: Балуан Шолақ пен Ғалия http://juldyz.kz/2016/10/19/mahabbat-hikayasy-baluan-sholaq-pen-ghal/ http://juldyz.kz/2016/10/19/mahabbat-hikayasy-baluan-sholaq-pen-ghal/#respond Wed, 19 Oct 2016 06:56:17 +0000 http://juldyz.kz/?p=2060  «Ғалия» әнінен үзінді
Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауаласын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.

Махаббаттың бар екенін және оның мәңгі өмір сүретінін дәлелдейтін тарихи оқиғалар мен аңыздар жетерлік. Соның бір дәлелі ретінде қозғағалы отырған әңгімеміз атақты Балуан Шолақтың жүрегін жаулап, мәңгілік махаббатына айналған әйгілі ару Ғалия Тілеуқызы туралы.

Махаббаттың бар екенін және оның мәңгі өмір сүретінін дәлелдейтін тарихи оқиғалар мен аңыздар жетерлік. Соның бір дәлелі ретінде қозғағалы отырған әңгімеміз атақты Балуан Шолақтың жүрегін жаулап, мәңгілік махаббатына айналған әйгілі ару Ғалия Тілеуқызы туралы.

1351320308
Ғалия Тілеуқызы

Қазақ әдет-ғұрпы бойынша Ғалияны жастайынан Біржан деген жігітке атастырылып, бой жеткен соң ұзатылады. Бірақ ол Біржанды сүймеген еді… Қазақи дәстүр бойынша Біржан деген жігітке атастырылып ұзатылған Ғалия барған жерінде екі жылдай тұрады. Бірақ, күйеуі бала көтермедің деп бетіне баса берген соң, шыдай алмай төркініне кетіп қалады.

Балуан Шолақ сүйіктісіне үйленуге дайын болғанымен, арада қалыңмал дауы туып, іс билер сотында қаралады. Оқиғадан хабардар Балуан Шолақ не де болса, мал тауып, Ғалияның басын біржолата босатып алу үшін жедел түрде  Көкшетауға жүріп кетеді. Алайда, оның жолы болмайды. Басқан ізін аңдып жүрген жандармдар оны сол жерде ұстап түрмеге жауып тастайды. Осы екі ортада билер сотына шақырылған Ғалия Біржанды жеңіп, басын біржола арашалап алады. Алайда Балуан Шолақ бірнеше жылға жер аударып, хабарсыз кетеді. Сол уақыт аралығында «Балуанның елде тағы көп әйелі бар екенғ Шолақ пәлен жылға сотталып, жер аударылыпты» деген сыбыстар шығады. Осы кезде сұлу келіншекке сөз айтушылар да көбейіп, әкесі Ғалияны бір байға екінші әйелдікке бермек болады. Бұл шешімге Ғалия қарсы тұра алмайды.

Балуан Шолақты Ақмоладағы Қараөткелдің түрмесіне әкеліп қамайды. Мұнда да ол ғашығымен кездесуден үмітін үзбейді. Бірде түрме әкімшілігінен рұқсат алып, Ғалия осы маңайда жүрсе, естіп қалар деген оймен биік дуалдың үстіне шығып «Ғалия» әнін аспандата шырқап, шерін тарқатады.

 Балуан Шолақ бір жалаға бір жала жамалып, Көкшетаудағы түрмеде ұзақ жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Балуан Шолақты Ақмоладағы Қараөткелдің түрмесіне әкеліп қамайды. Мұнда да ол ғашығымен кездесуден үмітін үзбейді. Бірде түрме әкімшілігінен рұқсат алып, Ғалия осы маңайда жүрсе, естіп қалар деген оймен биік дуалдың үстіне шығып «Ғалия» әнін аспандата шырқап, шерін тарқатады. Ол Ғалияның екінші рет күйеуге шығып кеткенінен хабарсыз еді.

Ғалияның екінші күйеуі Қанапиямен де дәм-тұзы жараса қоймайды. Ғалия одан да айырылысып, Қараөткелге оралады. Мұнда келген соң, күн көру керек, қарап отыра алмайды, тағы да базарға шығып қымыз сата бастайды. Осында жүріп семейлік Ғалы деген жігітке тұрмысқа шығады. Кейін белгілі болғанындай, Ғалының Семейде әйелі қалған екен. Арада бес-алты жыл өткен соң, Ғалия Ғалыны ертіп Семейге келеді. Ондағы мақсаты – жолдан қосылған күйеуінің бірінші әйелінен кешірім сұрау. Әйел кешірген болуы керек, өйткені, бала көтермеген Ғалияның тілегін қанағат­тандырып, бір қызын ертіп жібереді. Ғалия оны өсіріп жеткізіп, өз қолынан ұзатады.

Бақытсыз келте ғұмырында Балуан Шолақтай ел арысының жүрегін сағынышпен өртеп, өлмес ән кейіпкеріне айналған ару ақыр соңында айықпас сырқатқа ұшырап, 1922 жылы 23 сәуірде 48 жасында қайтыс болады. Осылайша Балуан Шолақ пен Ғалияның махаббаттары баянсыз аяқталады…

(Мақала интернет желісі бойынша жазылды)

]]>
http://juldyz.kz/2016/10/19/mahabbat-hikayasy-baluan-sholaq-pen-ghal/feed/ 0
Соңғы үміт… http://juldyz.kz/2016/10/06/sonhghy-umit/ http://juldyz.kz/2016/10/06/sonhghy-umit/#respond Thu, 06 Oct 2016 04:13:53 +0000 http://juldyz.kz/?p=2071 Сандуғаш ата-анасыз өскен қыз еді… Қос қанатынан ерте айырылған жанның бар жұбанышы болашаққа деген сенімі мен үміті…

Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірі. Сандуғаш оқуын аяқтап, үздік дипломның иесі атанды. Армандарына деген үлкен өмірдің есігін ашып, тәуелсіз болашаққа қадам жасағанына шексіз риза. Сол күні сырласы, бар қуанышы мен қайғысын бөліскен жан құрбысы тұрмыс құрып, болашақ жарымен де той үстінде жолықты.
Жарас Алматының, Сандуғаш Батыс өңірінің тумасы. Екеуін қауыштырған осы Жанардың тойы. Бір көргеннен ұнатқан қос ғашық бір-бірін үнсіз ұғысатын. Олар үшін күн шуағын шашып, жұлдыздар жарқырап, ай сәулесін төгетін. Себебі, Жарас жастайынан жетім өскен қыздың жүрегін жылытқан алғашқы жан. Сандуғаштың өмірі сол сәттен бастап өзгеріп сала берді. Қуанышы қойнына сыймаған қыздың арман-мақсаттары орындалған тәрізді көрінді. Жарастың өзге өңірден екеніне қарамастан, араларындағы арақашықтықты мөлдір махаббатымен жалғаған-ды.
Жарастың жанында болған екі күн Сандуғаш үшін шексіз боп көрінді. Тек сүйгенінің жанында болса ғана қайғы-мұңды ұмытатын. Соның қасында ғана жүректегі мұз еритін. Сағыныш, сағым, үміт бір-бірімен үндесетін. Жарас­пен қоштасарда Сандуғаш тіл қатпады. Тек көзінен қимастық жасы аға берді. «Кетпе, жанымда қал» деп айтуға да бата алмады…
Арада үш айға жуық уақыт өтті. Жарас пен Сандуғаш күні-түні хат алмасып, сөйлесіп жүрді. Осылайша бір-біріне деген сағынышты байланыс арқылы жеткізіп, арадағы қашықтықты сезімдерінің беріктігімен жеңетін. Бір күні Жарас Сандуғашқа тосын сый жасап, Атырауға барды. Ғашығына сезімін білдіріп, өмірлік жарым бол деп жүрегін ұсынды. Сандуғаштың сол күнгі толғанысын айтып жеткізу мүмкін еместін. Болашақ жарына өмірін сеніп тапсырған қыз Жарастың қолын ұстап кете барады.
Сандуғаш болашағын жарқын болады деп елестететін. Жараспен бірге болса, бақытты боламын деп ойлайтын. Бірақ  Алматыға барғанда бәрі өзгеше түрленді.

Өзгеден жылылық күткен арудың қараңғы түнектен төгілген жарығы қайта сөнді…

Жарастың шаңырағын аттаған алғашқы күн. Енесі келінін ұнатпағанын көз қырымен бірден білдірді. Сандуғашқа сұсты бейнесімен қарап, бауырына тарта қойған жоқ. Келінім деп маңдайын сүйіп, ақ батасын да бермеген-ді. «Бір үйдің кенже баласы болған соң қызғанған шығар» деп Сандуғаш мән бермеуге тырысты. Уақыт өте келе бір-бірімізге үйренісіп кетерміз деп ойлады. Шіркін, бәрі ақ үрпектей әдемі болса ғой…
Жарастың анасы күннен-күнге өзгеріп сала берді. Келінін үйіне сыйдырмай, оның сөйлеген сөзіне де тіксіне қарап, істеген асына мін тақпаса отыра алмайтын. Сандуғашты жетім деп бетіне басып, оны балағаттайтыны қоса бар. Осының бәрін көріп жүрген Жарас анасына қарай жақ ашпайтын. Керісінше келіншегін тоқпақтайтынды шығарды.
Үйленгендеріне бір айдың жүзі болғанда Жарас «Сен менің ата-анамды сыйламайсың. Сенде үлкенге құрмет деген қайдан болсын, ананың махаббаты мен әкенің тәрбиесін көрмеген соң», – деп Сандуғашқа қол көтерді. Сол күні Сандуғаш  өксікпен тұншыға жылады. Анасы мен әкесін сағынып, өмірде өзін ең бақытсыз, бейбақ бір пенде сезінді.
Келесі күні Сандуғаш күнделікті үй шаруасымен айналысып жүрген болатын. Кешегі болған жағдайды көңіліне алмай, ас әзірлеп тұрғанда асханаға енесі келіп: «Сені жақтырмайтынымды байқап жүрген шығарсың. Сен менің баламның теңі емессің. Есің барда еліңді тап. Бұл шаңырақта бақытты бола алмайсың», – деп дауыс көтере сөйледі. Тіл қатпаған Сандуғаштың жанарына жас толып, бұл сөзге де көндікті.
Кешкі астың уақыты еді. Жарас ащы суға сылқия тойып келді. Сол күні Сандуғашқа тағы да қол көтерді. Келіншегін балағаттап айтпағаны қалмады. Ол Сандуғаш білетін Жарастың кейпіндегі жауыз адамға айналды. Өзгеден жылылық күткен арудың қараңғы түнектен төгілген жарығы қайта сөнді…
Осылайша арада төрт айдан аса уақыт өтті. Сандуғаштың құрсағына бала бітіп, көңілі жадырап жүрген кезі еді. Жары мен ата-енесіне айтып, қуантпақ ойы да бар. Бірақ әдеттегідей Жарас ішіп келіп, шу шығарды. Күнделікті осы ісіне күйінген Сандуғаш ақыры шыдамай, ішіндегі ыза-кекті сыртына жайып салып, оған ашуланған Жарас бұл жолы Сандуғашты қатты ұрды. Салдарынан ішінен соққы алған қыз есінен танып қалады. Көзін ашқанда ішін ұстап, «балам» деп көзіне жас алды. Қараңғы бөлмеде жалғыз жатып, «мына жарық дүниеден бақыт нұрын көре алмайтындай, құдайға не жазып едім» деп тұншыға жылады.
Таң ата Жарас жұмысқа жиналып жатқан болатын. Жанына келген Сандуғаш: «Құрсағымда сәби бар. Баламыз болады», – деді. Келіншегінің маңдайын сүйіп, таңырқаған кейіпте тіл қатпастан кетіп қалды. Сөздерін естіп тұрған енесі: «Сонша асыққандарың не? Үйленгендерің кеше ғана», – деп қабағы қатулы күйде есікті тарс жапты. Бірақ Сандуғаш бұл сөзге еңсесін түсірмеді. Бәрі жақсы болады деген соқыр үмітіне сеніп, үйдегі күйбең тіршілікпен айналысып жүре берді.
Кешқұрым… Енесі жоқ жерден ілік шығарып, дастархан басында ойран салды. Келініне: «Қарапайым тамақтың өзін істеп білмейсің. Баламның басын айналдырып… Балалы боламыз деймісің? Оған қандай тәрбие бермексің? Тұл жетім», – деп айтпаған сөзі қалмады. Сандуғаштың жүрегі сол кезде қарс айырылды. Ащы сөз кеудесіне қанжардай қадалды. Осы күнге дейін көрген қорлықтарына ендігі кезде төзе алмайтынын білді. Дереу бөлмесіне кіріп, заттарын жиыстыра бастады. Әр киім-кешегін сөмкесіне салған сайын, Жарас келіп тоқтата ма деген үмітпен есікке қарай берді… Бірақ ол келмеді…
…Бүгінде Сандуғаштың құрсағындағы балаға сегіз ай толды. Туған жерінде ағасының үйін жағалап жүр. Жеңешесінің жақтырмайтынын сезгенмен, барар жері басар тауы жоқ. Құрсағында сәбиі бар қайтып келген қызды кім құшақ жая қарсы алсын?! Ал Жарас анасының айтқанын істеп, қалауын орындап жүрген бір жан. Ішіндегі өкінішін өртегенде ащы суы әрдайым жанында… Анасы баласының күн санап солып бара жатқанына қарап, істеген іс-әрекетіне өкініп жүр. Бірақ ендігі күні бәрі кеш…

P.S. Соңғы үміт… Аспанды жарық сәулеге бояған ай нұры. Өмірін құрсағындағы баласына ғана арнамақшы ана үміті… Мөп-мөлдір, кіршіксіз бақытқа деген соңғы үміт…

]]> http://juldyz.kz/2016/10/06/sonhghy-umit/feed/ 0