Мағжан Әуезов — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 01 May 2018 15:14:09 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.6 Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. http://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/ http://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/#respond Wed, 24 Jan 2018 17:56:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=13549 Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның  Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі(19921996)

Туған жылы: 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келеген.

Білімі: 1965 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің жанындағы Шығыс тілдері институтын қытай филологиясы мамандығы бойынша бітіреді. М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын 1969 жылы «Проблемы национального своеобразия современной казахской литературы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаумен аяқтайды. 

Отбасы: Қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келген. Анасы Фатима Ғабитова Мұхтар Әуезовтың шаңырақ көтерген төртінші әйелі. Мұрат Әуезовтың 2 әпкесі 1 ағасы болған. Олар: Мұғамиля, Ләйлә, Ернар. Өкінішке орай, қазір Мұрат Әуезовтың ғана көзі тірі.

Мұрат Әуезовтың әпкесі -1918 жылы Мұғамиля Әуезова дүниеге келген. Ол кісі 90 жыл өмір сүрген .Мұғамиля апа өзін «Еңлік-Кебектің» замандасымын деп атаған екен.

1929 жылы Лейла- ол кісі де М.Әуезовтың әпкесі. Ләйлә Әуезова -тарихшы-ғалым, тарих ғылымының докторы. 1963 жылдан өмірінің ақырына дейін М. О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі болды. Оның «19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егін шаруашылығының дамуы» және «М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» деген келемді монографиялық зерттеулері қалың оқырманға жақсы таныс

Ернар Әуезов -1935 жылы дүниеге келген. Ернар- Мұрат Әуезовтың бауыры. Биология саласына өмірін арнаған және жетістіктерге жеткен ғалымдардың бірі. Өз жұмыстарында ол Алакөл мәселелерін, Қазақстан табиғатын қорғау жөнінде зерттеген. Сонымен қатар, әкесінің жазушылық қасиетін бойына сіңіріп, Алакөлде табылған реликтілік шағала жайлы жоғары көркемдік эссе жазған. Реликтілік шағаланы зерттеу арқылы ол әлемнің ғалымдарын осы мәселеге назар аудартқан.

Мұхтар Әуезовтың 3 әйелі болған және 2 баласы бар. Қызы Зифа-Алуа Мұратқызы және Мағжан Мұратұлы Әуезов.

Қызметі: 1965-1977 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.

1977-1980 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары — Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі.

1982-1988 жылдары — «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі.

1988-1990 жылдары — Халықаралық «Невада — Семей» қозғалысының вице-президенті.

1990-1992 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы.

1992-1995 жылдары — Қазақстанның Қытайдағы Елшісі.

1995-1997 жылдары — Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі.

1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған.

2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған. Қазір М.Әуезов қорының президенті.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/feed/ 0