Ләйла Сұлтанқызы — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 19 Sep 2017 10:58:16 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.1 Қыркүйек айынан бастап «Әйел бақыты» эфирге шығуын тоқтатады http://juldyz.kz/2017/08/23/qyrkujek-ajynan-bastap-ajel-baqyty-efirge-shyghuyn-toqtatady/ http://juldyz.kz/2017/08/23/qyrkujek-ajynan-bastap-ajel-baqyty-efirge-shyghuyn-toqtatady/#respond Wed, 23 Aug 2017 17:37:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=11999 Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің фейсбук парақшасында былай деп мәлімдеді:

Қымбатты көрермен! 2013 жылдан бері көрермен көзайымына айналған «Әйел Бақыты» бағдарламасы арна басшылығы мен біздің тараптың ортақ шешімі аясында қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап эфирге шығуын тоқтатады. Осы орайда, Ұлттық арна басшылығына, бізбен бірге болған көрерменнің әрқайсысына жеке алғысымызды білдіреміз. Төрт жылдың ішінде ел арасында танымалдылық пен жоғары рейтингке ие болған «Әйел Бақытында» 1000-ға жуық эфир көрермендер жүрегіне жол тартып, 3000-ға жуық кейіпкер қатысты. Сіз бен біз болып тікелей эфирде түрлі өзекті тақырыптарды қозғадық. Бұл жоба арқылы әйел қауымына Лəйлə Сұлтанқызы мен «Əйел Бақыты» жобасының ұжымы кішкене болсын бақыттың бөлшегін сыйлады деп есептейміз. Себебі соңғы жылдың өзінде жобаның арқасында 40-қа жуық әйел жұмыспен қамтылды. 100-ге жуық кейіпкерге қаржылай көмек көрсетіліп, кейбіреуіне әлі күнге дейін көмек беріліп келді. 20 ана баласына сапалы әрі заманауи медициналық көмек алды. Жоба аясында 10 балаға мектеп формасы мен демалыс лагеріне жолдама берілді. 3 кейіпкеріміз толығымен алкоголизмнен айықты. 2 әйел жасанды жолмен ана бақытын сезінді. 50 әйел әлеуметтік көмек алып, өз кәсібін ашты. 70 әйел отбасын сақтап қалды. «Жар-Жар» айдары бойынша 4 жұп қосылды. Бұл бағдарлама арқылы анасы мен қызы 27 жылдан кейін қауышты. «Үлгілі отбасы» айдарына еліміздегі ең берекелі 150 отбасы шақырылып, бақытты болудың сырымен бөлісті. Кез келген әйелдің тағдырына бей-жай қарамаған «Әйел Бақыты» бағдарламасымен бірге болғандарыңызға тағы да рақмет! Жаңа жобаларда жүздескенше! Әрбiр телеөнiмнiң өзiндiк өмiрлiк циклы бар. Бағдарламамыздың арқасында жаңашыл телевизионщиктердiң бiр буыны пiсiп-жетiлiп шықты. Олар да ұядан ұшқан құстай отандық телевизиядағы басқа хабарларда орнын таппақ. Бұл жағдай, әрине, бiз үшiн адал боп келген көрерменнiң көңiлiне қаяу түсiрсе, саралап қарасақ, әр тарап үшiн пайдасы бар жағдай болады. Телеарна жаңа өнiмдермен толығады, бiздiң компания жаңа белестерге ұмтылады, ал жүрегiнде оты бар әр маманымыз үшiн бұл карьерасын бәсекелi нарықта өрге домалатуға тағы бiр мүмкiндiк. «Әйел Бақыты» брендiн осы уақытқа дейiн басқарып келген «MEDIA PROMOTION-Z» компаниясының жуырда mediaprom.kz сайты толыққанды жұмысын бастайды. Компаниямыз бен шығармашылық топтың өзге де жобалары, жаңалықтары туралы сол жақтан хабардар етiп тұрамыз…а,айтпақшы Əйел бақытының барлық парақшалары да жұмысын тоқтатпайды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/23/qyrkujek-ajynan-bastap-ajel-baqyty-efirge-shyghuyn-toqtatady/feed/ 0
Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен кеткенін мәлімдеді http://juldyz.kz/2017/06/06/lajla-sultanqyzy-qyzmetinen-ketkenin-malimdedi/ http://juldyz.kz/2017/06/06/lajla-sultanqyzy-qyzmetinen-ketkenin-malimdedi/#comments Tue, 06 Jun 2017 09:20:44 +0000 http://juldyz.kz/?p=10965 Бүгінде «Бақытты әйел» семинар-трейнингтерін өткізіп жүрген танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» арнасынан ресми түрде кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Өзінің инстаграм парақшасында ол былай деген:

5 жыл аз ба, көп пе білмеймін, бірақ уақыт қымбат және сол уақытыңды арнаған іс қымбат. Сондықтан мен үшін «Балапанның» жөні бөлек. «Балапанды» баптау — кәдімгі кішкентай баланыкіндей күтімді қажет етеді. Оны жүрегіңмен жақсы көресің, еңбегіңді, ынта-жігеріңді арнайсың, біліммен қуаттандырасың, тамырынан алыстамауын, жаңадан қалыспауын қалайсың, тоқтатпауға, тек алға жетелеуге тырысасың… 7 жасқа жетіп қалған, «Балапанға»қарап, сүйсінетін сәттердің көп болғанына көзім жетеді. Бәріне ризашылығымды білдіремін!!! Бүгін бала күтіміне байланысты демалыста болған әріптесіме барлық жұмысты заңды түрде тапсырдым, бірақ «Балапанға» осы саланың маманы ретінде,одан бұрын АНА ретінде қашанда тілектес,жанашыр болып жүретінім ақиқат! Қазір «Балапан» рейтинг бойынша эфирлік арналардың біразынан озып тұр. Алда да осы көрсеткішін жоғалтпайтынына сенемін. Рақмет «Балапан»?

5 жыл аз ба,көп пе білмеймін, бірақ уақыт қымбат және сол уақытыңды арнаған іс қымбат. Сондықтан мен үшін "Балапанның" жөні бөлек. "Балапанды" баптау — кәдімгі кішкентай баланыкіндей күтімді қажет етеді. Оны жүрегіңмен жақсы көресің, еңбегіңді, ынта-жігеріңді арнайсың, біліммен қуаттандырасың, тамырынан алыстамауын, жаңадан қалыспауын қалайсың, тоқтатпауға, тек алға жетелеуге тырысасың… 7 жасқа жетіп қалған, "Балапанға"қарап, сүйсінетін сәттердің көп болғанына көзім жетеді. Бәріне ризашылығымды білдіремін!!! Бүгін бала күтіміне байланысты демалыста болған әріптесіме барлық жұмысты заңды түрде тапсырдым, бірақ "Балапанға" осы саланың маманы ретінде,одан бұрын АНА ретінде қашанда тілектес,жанашыр болып жүретінім ақиқат! Қазір "Балапан" рейтинг бойынша эфирлік арналардың біразынан озып тұр. Алда да осы көрсеткішін жоғалтпайтынына сенемін. Рақмет "Балапан"?

A post shared by Ляйла Султанкызы? (@sultankyzy) on

Белгілі болғандай, Ләйлә Сұлтанқызының орнынан басшылыққа Жанар Шамель келді.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/06/lajla-sultanqyzy-qyzmetinen-ketkenin-malimdedi/feed/ 1
Ләйлә Сұлтанқызы «Үшінші» кітабын жарыққа шығармақ http://juldyz.kz/2017/05/23/lajla-sultanqyzy-ushinshi-kitabyn-zharyqqa-shygharmaq/ http://juldyz.kz/2017/05/23/lajla-sultanqyzy-ushinshi-kitabyn-zharyqqa-shygharmaq/#respond Tue, 23 May 2017 04:40:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=10549 2016 жылы «Менің екінші кітабым» атты бірінші кітабын жарыққа шығарған белгілі тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы өзінің фейсбук парақшасында тағы бір жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

 

Ләйлә Сұлтанқызы, продюсер, тележүргізуші:

Фб-лықтардың жүйкесі жұқарып жүр. Неге?! Не жазсаңыз да жақпайсыз. Ендеше жүйкесі жұп-жұқа адамдар келесі сөйлемді ОҚЫМАСЫН!
Былтыр 5 мың данамен жарыққа шыққан «Менің екінші кітабым» жоғары сатылымға ие болып, 2 мың данасын қайта шығарғанбыз. Қазақ аудиториясының «сұмдық» сұранысын ескеріп, биыл 10 мың данамен тағы бір кітапты оқырманға жолдаймын. Бұйыртса, ірі компаниялардан түрлі ұсыныстар да келуде…

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/23/lajla-sultanqyzy-ushinshi-kitabyn-zharyqqa-shygharmaq/feed/ 0
Ләйлә Сұлтанқызы «Еңбек сіңірген қайраткер» атағына ие болды http://juldyz.kz/2016/12/13/lajla-sultanqyzy-qazaqstan-respublikasynynh-enhbek-sinhirgen-qajratkeri-ataghyna-ie-boldy/ http://juldyz.kz/2016/12/13/lajla-sultanqyzy-qazaqstan-respublikasynynh-enhbek-sinhirgen-qajratkeri-ataghyna-ie-boldy/#respond Tue, 13 Dec 2016 09:07:33 +0000 http://juldyz.kz/?p=4826 Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды. 

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Суреттен байқағанымыздай, жарлыққа 2016 жылдың 5 желтоқсанында қол қойылған.

Әлеуметтік желідегі тележүргізушінің оқырмандары Ләйлә Сұлтанқызын құттықтап, марапатқа әбден лайық екендігін жазуда.

]]>
http://juldyz.kz/2016/12/13/lajla-sultanqyzy-qazaqstan-respublikasynynh-enhbek-sinhirgen-qajratkeri-ataghyna-ie-boldy/feed/ 0
Ләйла Сұлтанқызы: Серілер «еріндері кеседен, басқа жерге тимеген» қыздарды іздейді http://juldyz.kz/2016/12/07/lajla-sultanqyzy-seriler-erinderi-keseden-basqa-zherge-timegen-qyzdardy-izdejdi/ http://juldyz.kz/2016/12/07/lajla-sultanqyzy-seriler-erinderi-keseden-basqa-zherge-timegen-qyzdardy-izdejdi/#respond Wed, 07 Dec 2016 09:28:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=4720 «Мен – монашкамын. Бұл – бір жігіттің маған қойып берген есімі.
Алғаш естігенде ызадан жарылып, көзім жасқа толған…»

Бұған продюсер,журналист Ләйла Сұлтанқызы былай деп жауап жазды.

«23 жастағы қыздың өз хатында жазған қазіргі «қайғысы» осы. Әлі күнге дейін бір де бір жігітпен жүрмегенін қалыпты жағдай ма дейді. Қыз баланы қырық үйден тыйып өсірген халықпыз ғой. Өзім де сондай (қатаң) тәрбиеден тәлім алғам. Біздің идеал, біздің ұран: «Есті қыз етегін қымтап жүреді» болған. Алайда қазір қоғам мұндайларға қол шошайта күліп қарайды. Мен әлі ешкіммен жүрмегем, сүйіспегем деген ақталуға алатын жауап – «Сенде бәрі дұрыс па?»

Жоғарыдағы хаттың иесі: «Көксегенім – «жарыңа адал бол!» — деп табыстап кеткен анамның абыройын ақтау еді. Бірақ оның осыншама ауыр боларын білмеппін. Мен қазір өзімнің монашка екенімді мойындауға ұяламын….»,– дейді. Әрбір адамның басында көзге көрінбейтін тәжі бар. Ол өзіне ғана шақ, өзіне ғана жарасымды. Біреудің тәжін біреу алып кие алмайды.

Керек десеңіз, оның салмағы, оның түсі, оның қымбаттылығы, бағасы, тастары және артықшылығы мен кемшілігі өзіне ғана мәлім, иесіне ғана аян. Әйел мықты болған сайын, басындағы тәжі де мықты, салмақты бола түседі. Кейде оны ауырлығынан көтеріп жүру мүмкін емес болады. Етке батады, бас сүйегін қысады, тіпті, жарақат салып, тер мен қанды кезектестіре аққызады. Рас қой. Бірақ оның ауырлығы мен жанға батқан жарасын өзіңіз ғана көресіз…

Қазір жігіттер: «қоғамда бұзылған қыздар көп, сондықтан үйленуге қорқамыз» дейді. Осы тұста хазіреті Мәуленаның мына сөзін айтқым келеді: «Кіммен қайда баратыныңа мән бер. Бұлбұл құс гүлге апарады, қарға күлге апарады». Үйлену процесін жоғарыдағы себеппен тоқтатып жүрген жігіттерге айтарым, жақсы жарды жақсы ортадан іздеңіздер.

Осы жазбаға түрткі болған қыздарды (ақ, пәк, адал) бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген. Менің айтқанымды аңызға балайтындар да бар болар. Бірақ менің айналамда «қызыл кітапқа енген» қыздар бар және олар ауру не болмаса кеміс емес. Тек өздерін кім көрінгенге емес, жаны қалаған жалғызына арнағысы келеді. Бір кеште танысқан серісімен жабысып кетуді емес, ақылмен, махаббатпен табысуды мақсат етеді.

P.S. Аққа құдай жақ. Мен арамызда мұндай арулардың көптігіне сенемін. Абырой мен арды атақтан, ақшадан биік қоятын бұрымдылардың барына сенемін. Ең бастысы – бұл тәрбие жібінің үзілмей, жалғасарына, жойылмай, сақталарына сенемін. Ал хат иесіне айтарым, басыңыздағы тәжіңізді құлатпай, сақтап, еңсеңізді тік көтеріп жүріңіз. Сіздей сұлуларға қол жеткізуді арман етіп және арманының орындаларына күмәнмен қарап жүргендер қаншама?! Себебі, қоғам сіз сияқтыларды келмес күннің елесіне айналдырып үлгерген. Ал серілер «еріндері кеседен, басқа жерге тимеген» қыздарды іздейді. Көңіл-күйіңіз құлазығанда осы әнді қосып қойып, жақсылап билеп алыңыз. Көтеріліп қаласыз, шын сөзім!

Дереккөз: baq.kz

 

]]>
http://juldyz.kz/2016/12/07/lajla-sultanqyzy-seriler-erinderi-keseden-basqa-zherge-timegen-qyzdardy-izdejdi/feed/ 0