күнтізбе — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 18 Dec 2017 08:01:29 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.4 5 мамыр қандай күн? http://juldyz.kz/2017/05/05/5-mamyr-qandaj-kun/ http://juldyz.kz/2017/05/05/5-mamyr-qandaj-kun/#respond Fri, 05 May 2017 05:17:49 +0000 http://juldyz.kz/?p=9932 Мамыр айының бесінші жұлдызында әлемде қандай атаулы мерекелер бар?  Juldyz.kz оқырман назарына осы күннің ерекшеліктерін атап өтеді.

Жапонияда Балалар күні

5 мамыр – Оңтүстік Кореяда Балалар күні  және ресми түрде «Кодомо-но хи» деп аталады.  Бұл мереке 1948 жылдан бастап Ұлттық мерекелер қатарына жатқызылады.

Оңтүстік Кореяда Балалар күні

5 мамыр – Оңтүстік Кореяда Балалар күні, корей тілінде «Орини наль» деп аталады. Бұл мемлекеттік мереке қоғам қайраткері Банг Джонг-Хванудың  ықпалымен 1923 жылдан бері тойланып келе жатыр.

Қырғызстан Республикасында Конституция күні

5 мамыр – Қырғызстан Республикасының Конституция күні. 1993 жылы Қырғызстанның Жоғарғы кеңесінің XII сессиясында Қырғызстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

Белорусияда Баспа күні

5 мамыр – Белорусияда Баспа күні. Беларусия Республикасы президентінің 1996 жылы 2 мамырда қабылданған,  N 156 жарлығымен «Баспа күні» болып есептелінеді.

 

 

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/05/5-mamyr-qandaj-kun/feed/ 0
4 мамыр қандай күн? http://juldyz.kz/2017/05/04/4-mamyr-qandaj-kun/ http://juldyz.kz/2017/05/04/4-mamyr-qandaj-kun/#respond Thu, 04 May 2017 04:49:08 +0000 http://juldyz.kz/?p=9887 Мамыр айының төртінші жұлдызында қандай атаулы мерекелер бар немесе бұл күні қандай шаралар атқарылды? Juldyz.kz оқырман назарына осы күннің ерекшеліктерін атап өтеді.

 Қытайда  Жастар күні

1919 жылдың 4 мамырында көшбасшыларымен бірге Бейжің университетінің 3000-ға жуық студенттері Тяньаньмэнь алаңына жиналып, Қытай үшін әділетсіз Париждің бейбіт келісімін қабылдаудағы үкіметтің шешіміне қарсы шықты. Алғашында Шэньси-Ганьсу-Нинся ауданында Солтүстік-Батыс жастар одағы осы күнді атап өте бастады, ал 1949 жылдың желтоқсан айында Орталық халық үкіметінің мемлекеттік әкімшілік кеңесі (ҚХР) бұл күнді мереке ретінде жариялады.

Нидерландыда соғыста қаза тапқандарды еске алу күні

Нидерландылықтар жыл сайын дәстүрлі түрде дәл осы атаулы күні ҰОО соғысында қаза тапқандарды еске алады. Алғашында екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан голландықтар үшін арналған болса, 1961 жылдан бастап барлық әскери қақтығыстарда қаза тапқандарды еске алу күні деп есептелінеді.

Жапониялықтар үшін көгалдандыру күні

«Көгалдандыру күні» Жапонияда 2007 жылға дейін сәуірдің 29-ында атап өтілген. Мерекенiң негізгі атауы Сёва императорының атымен және оның табиғатқа деген терең махаббатымен байланысты. 2007 жылдан бастап бұл күн 4 мамырда атап өтіледі.

Халықаралық өрт сөндірушілер  күні

1999 жылы Австралияда болған орман өртінде бес өрт сөндірушінің қаза болуына байланысты бекітілді.

 

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/04/4-mamyr-qandaj-kun/feed/ 0