Димаш Құдайберген — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 18 Dec 2017 08:01:29 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.4 Димаш Құдайбергенов «2017 American Music Awards» музыкалық премиясына қатысты http://juldyz.kz/2017/11/20/dimash-qudajbergenov-2017-american-music-awards-muzykalyq-premiyasyna-qatysty/ http://juldyz.kz/2017/11/20/dimash-qudajbergenov-2017-american-music-awards-muzykalyq-premiyasyna-qatysty/#respond Mon, 20 Nov 2017 10:52:22 +0000 http://juldyz.kz/?p=13206 19 қараша күні өткен Лос-Анжелес қаласында 45-ші жыл сайынғы American Music Awards сыйлығын табыстау рәсіміне Димаш Құдайбергенов арнайы қонақтар қатарында болды.
Айта кетсек, ол осындай ауқымды рәсімге шақырылған алғашқы қазақстандық артист.
Димаш Құдайбергенов өз инстаграм парақшасында бұл атаулы рәсімге қатысқанына қуынышты екенін білдірді:
— Концерт басталып болмай Джексон құрдасыммен əңгемелестік. Сахнаның қазынасына айналған: Кристина Агилера, Леди Гага, Селена Гомез жақсы айтып шықты. Жақсы əсер алдым. Концерт болсаң, осындай бол!)))))

]]>
http://juldyz.kz/2017/11/20/dimash-qudajbergenov-2017-american-music-awards-muzykalyq-premiyasyna-qatysty/feed/ 0
Димаш: Қандай елде өнер көрсетпейін, туған Елімнің сахнасы мен үшін бір бөлек http://juldyz.kz/2017/09/19/dimash-qandaj-elde-oener-koersetpejin-tughan-elimninh-sahnasy-men-ushin-bir-boelek/ http://juldyz.kz/2017/09/19/dimash-qandaj-elde-oener-koersetpejin-tughan-elimninh-sahnasy-men-ushin-bir-boelek/#respond Tue, 19 Sep 2017 08:23:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=12804 Димаш Құдайберген 16-ы күні өткен Гәкку дауысында бүкіл өзінің тыңдармандарымен қауышты және сол күні өзінің жеке парақшасында алғашқы үнтаспасын жарыққа шығаратындығын жеткізді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Бүгін ол төмендегідей пост жариялады:

Рахмет саған, Туған ел! Қандай мемлекеттерде өнер көрсетпейін туған Елімнің сахнасы мен үшін бір бөлек!Көріскенше!

Аңғарғанымыздай, Димаш қайтадан шетелге аттанды. Қазақтың атын әлемге әйгілеп жүрген ұлға жолың болсын дейміз!

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/19/dimash-qandaj-elde-oener-koersetpejin-tughan-elimninh-sahnasy-men-ushin-bir-boelek/feed/ 0
Алпамыс ШАРИМОВ: Димаш – Тәңірдің қазақ халқына бере салған үлкен сыйы http://juldyz.kz/2017/09/15/alpamys-sharimov-dimash-tanhirdinh-qazaq-halqyna-bere-salghan-ulken-syjy/ http://juldyz.kz/2017/09/15/alpamys-sharimov-dimash-tanhirdinh-qazaq-halqyna-bere-salghan-ulken-syjy/#respond Fri, 15 Sep 2017 09:35:33 +0000 http://juldyz.kz/?p=12690  

Бісмілләсіз сахнаға шыққан емес

– Жақында, көрерменмен болған үлкен кездесуде Димаш Құдайбергенов сахнадан залға жымия қарап: «Менің сіздерден бір артықшылығым бар», – деді. Зал сілтідей тынды. Әркімнің «Әнші мұнымен не айтқысы келді екен?» деп ойлап отырғаны анық. Димаш болса: «Енді сол артықшылығым жөнінде айтайын. Менің Алпамыс деген досым бар – Алпамыс Шаримов. Және мұндай адал, қамқор, шынайы дос ешкімде жоқ деп ойлаймын. Қазіргі күні шетелдерге шығып, табыстан табысқа жетіп жатсам, ол да ең алдымен осы досымның арқасы!» – деп, өзіңізді орныңыздан тұрғызып, көпшілікпен таныстырды…

– Сонан кейін менен сұхбат алайын деп шешкен екенсіздер ғой (күлді)… Ең алдымен айтарым, «Жұлдыздар отбасы» секілді еліміздегі ең танымал әрі аса беделді журналға сұхбат беру – мен үшін үлкен абырой. Бұл үшін «Жұлдыздар отбасы» журналының шығармашылық ұжымына алғысымды айтамын. Екінші айтарым, Димашты әлемге танымал еткен, оны табыстан табысқа жеткізген – Димаштың өзі. Иә, иә, Димаштың өзі! Асырып айтқаным емес, Димаш Құдайбергенов – Тәңірдің қазақ халқына бере салған үлкен сыйы. Димаштың жасы қазір қаншада? 22-де. Яғни, ауытқымалы, толқымалы шақ. Мұнан да нақтырақ айтсақ, қыз қуатын, қызық қуатын, жастықтың буына елітіп, жас өмірдің елтең-селтеңіне елігетін кезі. Бірақ Димаш мұның бәрінен де аулақ. Дәтіне де, дініне де берік. Димаштың өнерге деген махаббаты мен адалдығына еріксіз таңғаласыз. Оның бүкіл мақсат-мүддесі – өзінің өнерін жетілдіру. Одан басқа жаққа бұрылмайды да, одан өзгеге алаңдамайды да. Ақшаға да, алтын бұйымға да, өзгедей жылтырақтарға да қызықпайды. Өзінің өнерін жетілдіру жолында 48 сағат бойы ұйықтамауға әзір. Қазақ халқының көсемі Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ зиялыларының ұлтқа қызмет етуі – білімнен емес, мінезден!» дейтіні бар ғой. Сол сияқты, Димаштың өнерге деген риясыз адалдығы, өнерге құлай берілуі де мінезден ғой деп ойлаймын. Ә.Бөкейхановтың «мінез» деп адамның шыққан ортасын, тегін меңзеп отырғаны да аян. Димаш Құдайбергеновтің де мінезіне қарап отырып, оның текті ортадан, текті әулеттен шыққандығын айқын сезінесіз.

– Қытайдағы «I am а singer» байқауында Димаш ән айтқан кезде қытай қыздарының жылап отырғанын теледидардан бір емес, бірнеше рет көрдік. Осының сырын…

– Әнші ретінде Димаштың энергетикасы айрықша күшті. Ересен қуатты. Мұны да өз басым сирек құбылыс деп білемін. Көрерменнің әнге арбалып, тап бір сиқырланғандай демін ішіне тартып, тыпыр етпей тыңдағаны өз алдына, еңіреп жылағандарын көргенде… «Еңіреп» дегеннен шығады, «I am а singer» байқауында қытай қыздарының Димаштың әнін тыңдап отырып, бір уақытта бетін басып, залдан шығып кеткенін екі-үш рет байқап қалдым. «Бұлар не істеп жүр, білейінші…» деген оймен бірде әлгіндей қыздармен сыртқа мен де ілесе шықтым. Сөйтсем… еңіреп жылап жүр. Арасында әлдене деп сөйлеп қояды. Өзінің еңіреп, дауыс­тап жылағанын ыңғайсыз көріп, сыртқа шығып кететіні де содан екен.

– Әбден еңіреп жылап, солығын басқаннан кейін залға қайтадан кіретін шығар?

– Әрине. Оны айтасыз, концерт біткеннен кейін Димашты көру үшін кетпей, сол жерді айналшықтап жүріп алатын көрермендер қаншама десеңізші.

– Димаштың мұндай қасиеті барын сіз Қытайда ғана білдіңіз бе?

– Жоқ, бұрыннан білетінмін. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 концерт» деген атпен Димаш Құдайбергеновтің арнайы концертін ұйымдастырдым. Димаштың концерті еліміздің 25 қаласында өтті. Оның ішінде өзімнің туған ауылым – Аралтөбеде де (Батыс Қазақстан облысы) өтті. Әншінің Аралтөбедегі концерті тегін өтті. Ауылдастарым, ағайын-туысым Димашты көріп, әнін тыңдап, көңілдері бір өсіп қалды. Ауылдастарым концерттен кейін Димашқа ақбоз ат мінгізді. Бұл кез – Димаштың атағының дәл қазіргідей әуелеп, аспандап тұрмаған кезі. Әйтсе де, жұртшылықтың Димашқа деген, Димаштың өнеріне деген ықыласы ерекше болды. Егер жаңылыспасам, Ақтау қаласында Димаштың әніне елтігені соншалық, бір көрермен Димашқа ықыласын білдіріп, алғысын айту үшін сахнаға шығып кетті. Концерттің аяқталуын күтуіне де болатын еді ғой. Ол күте алмады. «Әннің құдіреті» дегеніміз де осы шығар.

Өнердің арқасы ғой, өнердің құдіреті ғой, Қытайдағы эфирге алғаш рет шыққан күннен бастап-ақ Димаш қытай жұртшылығына кеңінен танылып, атағы аспандап-ақ кетті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, шындық – осы.

«I am а singer» байқауы туралы Димашты хабардар етіп, осы байқауға қатысу туралы ұсынысты да оған өзім айтқан болатынмын. Содан екеуміз Қытайға тартып кеттік. Мейманханадан орын алдық. Байқаудың шарты бойынша Димаш эфирге шығып, алғашқы әнін де айтты (Димаш сахнаға бісмілләсіз шыққан емес, сахнаға шығарда Құраннан арнайы дұға оқиды). Енді эфирге екінші рет шығуға дайындалып жатқанбыз. Есік қағылды. Мейманхананың әкімшілігінен бір қызметкер келіп тұр. «Біз сіздерге арнайы күзетші бөлдік», – дейді. Димаш екеуміз «Біз – қарапайым адамдармыз. Ешқандай күзетшінің де, оққағардың да қажеті жоқ!» дейміз шыр-пыр болып. Содан бір уақытта далаға шықсақ, мейманхананың алды ығы-жығы адам. Екі көзі төрт болып, бәрі де Димашты күтіп тұр. Димашты көргенде естері кетіп «Димаси!», «Димаси!» деп шулап қоя берді.

Мейманхана әкімшілігі бізге бір емес, төрт күзетші бөліпті. Байқаудың алғашқы күні эфирге екеуден екеу елеусіз ғана барсақ, екінші күні «Димасиді» төрт күзетші қорғаштап барды. 

– Қытай – қулығына құрық бойламайтын ел. Оның үстіне «қырық қалталы Қытай саясаты» дейтін қалыптасқан тіркес те бар. Бұл да бекерге айтылмаған. Қытай нені істесе де, нені ойласа да, тым әріден орағытып, әріден ойластырады. Бұл тұрғыдағы саясаты да өте жіңішке, нәзік болып келеді. Димаш Құдайбергеновке, яғни қазақ халқы айрықша жақсы көретін және ертеңінен зор үміт күтетін дарынды өнерпазға қолдау көрсету арқылы, қолпаштау арқылы қазақтармен бұдан да әрі жақындаса түсуді, әмпейлесуді көздеп отырған жоқ па бұл Қытай? Осыған қалай қарайсыз? Бұл – менің ғана пікірім емес, мұндай жорамалды ел айтып та жүр…

– Дәл осы жерде өнерді ұйымдасты­рушы, өнерді зерттеуші ретінде айтарым, Қытайда Димашқа қошемет, қолдау көрсеткендер – өнерді бағалай білетін, өнерді өлердей сүйетін елгезек қауым. Рас, бұлардың дені – жас­тар. Олардың Димаштың өнеріне тәнті болғаны әрбір қимыл-қозғалысынан, жүріс-тұрысынан, көзінен, сөзінен, өзінен де айқын байқалып тұрды. Мұның астарынан саясат іздеудің ешбір қажеті жоқ деп есептеймін.

Өзім зерттеп те көрдім, Қытайда шоу-бизнес өте дамыған. Мәселен, біздің елімізде өнер адамдары екеуара кездесіп, бір-бірімен еркін амандасып, жайбарақат тұра береді ғой. Бұл ешкімге таң да, таңсық та емес. Ал Қытайда басқаша. Олардың әншілері екеуара кездесе алмайды. Бір топ болып, үлкен шоғыр болып кездеседі. Өйткені олардың әншілерінің әрқайсысының қасында он шақты адам еріп жүреді. Бірі – әншінің концертін ұйымдастырушы, екіншісі – әнін өңдеуші, үшіншісі – жарнама жасаушы, төртіншісі – кеңесші, бесіншісі – массажист… Осылай кете береді. Бұл бізге де келеді. Бұл жағдайға әлі-ақ біз де жетеміз. Қытай – ежелден өнерді тудыра білетін және оны бағалай білетін жасампаз ел. Ұлы ел. Ал енді бұл елде шоу-бизнестің дамуы өнерді бағалауды, өнер адамын бағалауды онан әрі тездете түскен. Шоу-бизнестің бір ерекшелігі, ол өнер мен өнер адамын тап басып тануды және оны дер кезінде тануды талап етеді. Өнерсүйер қауымды да осыған тәрбиелейді, қалыптастырады. Қытайдың өнерсүйер қауымының Димаш Құдайбергеновтің феномен екендігін өте тез, шұғыл, бір көргеннен-ақ тануының сыры да осында жатыр.

Исатай мен Махамбеттің достығындай

– Құдайбергенов екеуіңіздің араңыздағы достықты «Исатай мен Махамбеттің достығындай» деп жүргендерді де кездестірдік. Димашпен қалай дос боп жүрсіз. Және қашаннан бері?

– Мені жұртшылық Димаш Құдайбер­генов­тің продюсері, менеджері деп түсінеді. Ал шын мәнінде Димаш екеуміздің арамызда бұл жөнінде ешқандай шарт жасалмаған. Ресми түрде рәсімделген құжат жоқ болғандықтан мен де «Димаштың продюсерімін немесе менеджері едім» деп айта қоймаймын. Қытайдағы «I am singer» байқауы кезінде бастан-аяқ Димаштың жанында болдым. Бес ай бойы! Айлық алып отырған жұмысымды тастап. Өзге шаруаларымның бәрін жинастырып қойып. Шынында да, менікі не? «Есепті дос» дегенді мен де білемін. Ал енді мен Димаштың жетістігін дәл өзімнің жетістігімдей, Димаштың табысын нақ бір өзімнің табысымдай көретін риясыз достыққа қалай қол жеткіздім? Тіпті оны айтасыз, Димаштың қуанышы тұрмақ, оның ренішін де дәл өзімдікіндей қабылдайтыным несі? Дәл қазір осы жөнінде жазып жатырмын. Және мұны жазуға тиіспін деп шештім. Өйткені достық оңай-оспақ шаруа емес. Бұл – аса нәзік әрі өте күрделі мәселе. Бірін-бірі түсінетін, біріне-бірі сенетін, бірін-бірі жақсы көретін, талғамы да ортақ, танымы да ортақ адамдардың бәрі бірдей дос бола бермейді. Солардың ілуде біреуі ғана дос бола алады. Шынайы достық айнымайды. Ал айнымас достық өмірде өте сирек кездеседі. Мұның сыры, себебі неде? Бұл жөнінде де ой қозғап жатырмын. «Жұлдыздар отбасының» оқырмандары да Димаш екеуміздің достығымыз жөнінде менің осы жазылып жатқан кітабымнан оқыса екен деп тілеймін.

– Бұл кітабыңыз қай уақытта жарық көреді?

– Кітап көлемді емес, шағын. Енді көп ұзамас, жарық көріп те қалар.

– «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» дегендей, енді өзіңіз туралы айтсаңыз?

– Өзім туралы айтсам, 1991 жылы Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында тудым. Аралтөбе деп аталатын ауылда. Әкем ерте қайтыс болды. Анам Ақұштаптың тәрбиесінде өстім.

Бала күнімнен арманшыл едім. Бір ғажабы, мен нені армандасам, өмірде сол арманым көп ұзамай іске асады. Мысал келтіре кетейін. 5-сыныпта оқып жүргенімде картадан Италияны көрдім. Италия картаға дәл етік сияқты бейнеленіпті. Етік болғанда да, қонышы ұзын саптама етік сияқты. «Шіркін, осы елге саяхаттап барып қайтар ма едім?!» деп армандадым. Алты айдан кейін біздің мектеп бір топ баланы саяхаттап қайтуға Италияға жіберді. Мектеп директоры тізімнің ішіне мені де енгізіпті. «Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасының мүшесі» ретінде. Қуанышым қойныма сыймай, үйге ентігіп келіп, Италияға баратынымды айтсам, анам: «Қайдағы Италия?! Ертең қойдың кезегі», – деп қарап тұр.

Қойшы, не керек, Италияға барып қайттым. Ал әнші Витастың атағы дүркіреп шыққанда «Витаспен дос болар ма едім?!» деп армандадым. Қазір қарап отырсам, өнері Витастан да асып түсетін Димаш Құдайбергеновпен дос болыппын. Демек, бұл арманым да орындалды деп есептеуге әбден болатын сияқты.

– Қазіргі жастардың, яғни өз замандастарыңыздың бойындағы қандай қасиетті ұнатасыз, нені ұнатпайсыз?

– Ұнатпайтыным – біржақтылық. Ұнататыным – жан-жақтылық. Ауылда мектепте оқып жүрген кезімізде бізге тарихтан Жолдығали Өтеев деген ұстаз сабақ берді. Тарихты қадағалап, қадалып, тереңдетіп оқытуға мейлінше күш салатын. «Сендер қазақтың арғы-бергі тарихын ғана емес, халқымыздың әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ән-күйін де жетік білуге тиіссіңдер!» деуші еді. Қазіргі күні қалай? Мұнай-газ саласының маманы ма, осы саланы білсе болды, өзге салаларға мойын бұрмайды, көңіл де аудармайды. Физик пе, физика саласын игергенін қанағат тұтады. Саясаттан, тарихтан, әдебиеттен, өнерден мүлдем мақұрым екенін ар көрмейді және бұған намыстанбайды да. Біржақтылық деген осы!

Ал енді өз мамандығын жетік білетін, ана тілімен қатар ағылшын тілінде сөйлей алатын, саясатқа жүйрік, тарихты жаңғақша шағатын, әдебиет пен өнерден де хабары мол, білімді құрбы-құрдастарымды көрсем, көңілім де өсіп, мерейім де көтеріліп қалады. Түптеп келгенде, еліміздің көсегесін көгертетін де – осылар, осындай жан-жақтылық.

Сұхбаттасқан Әмір НҰРТАЙҰЛЫ

Сұхбаттың толық нұсқасын журналдан оқи аласыздар!

(«Жұлдыздар отбасы» журналының

2017 жыл, №18 (252) санынан қысқартылып алынды)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды қысқартып өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/15/alpamys-sharimov-dimash-tanhirdinh-qazaq-halqyna-bere-salghan-ulken-syjy/feed/ 0
Бибігүл Төлегенова: Эстрада әншілерін тіпті әнші деп санамаймын http://juldyz.kz/2017/09/12/bibigul-toelegenova-estrada-anshilerin-tipti-anshi-dep-sanamajmyn/ http://juldyz.kz/2017/09/12/bibigul-toelegenova-estrada-anshilerin-tipti-anshi-dep-sanamajmyn/#respond Tue, 12 Sep 2017 09:21:06 +0000 http://juldyz.kz/?p=12591

Эстрада әншілерін тіпті әнші деп санамаймын. Мен оларға: «Әнші емессіздер, орындаушысыздар. Сіздің орындағаныңызды кім болса да орындайды. Тойда аста-төк тамақ ішіп, қарны тойып отырған адамға бойындағы асын қорыту үшін даңғыр-дұңғыр музыка қоясыңдар» деймін. Эстрада әншісі деп Димашты айтсақ болады. Міне, нағыз әнші! Қандай әнші ол! Жер жүзіне аты мәлім. Ең өкініштісі, екінің бірі айтатын әнді айтып жүрген, көптің бірі болатын әншілер көп. Ал оның ішінен іріктеп алатыны аз. Мысалы, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова даусы бар әншілер еді, олар да эстраданың жолына түсіп кетті. Ал қазіргілерге қарасаң, не істеп тұрғаны түсініксіз, даңғыр-дұңғыр, не айтып тұрғанын да естімейсің. «Ана музыканың дауысын бассаңдаршы, әншінің үнін естиік те» десең, «Апай, сіз білмейсіз ғой, олар «Даусын көтер» деп өздері сұрап алады» дейді. Сонда олар өз дауысының жетіспеген тұсын білдіртпес үшін музыканы неғұрлым даңғырлатып қояды екен. Ал опера әншілеріне сүйемелдеудің қажеті жоқ, кез келген уақытта музыкасыз да ән шырқай береді. Менің өзім де әлі күнге дейін «Ән сал» десе, кез келген халық әнін өз даусыммен айта берем. Әнші деген сондай болуы керек.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/12/bibigul-toelegenova-estrada-anshilerin-tipti-anshi-dep-sanamajmyn/feed/ 0
Қытайда Димаштың суреті бейнеленген ұшақ бірінші рет әуеге ұшты http://juldyz.kz/2017/08/23/qytajda-dimashtynh-sureti-bejnelengen-ushaq-birinshi-ret-auege-ushty/ http://juldyz.kz/2017/08/23/qytajda-dimashtynh-sureti-bejnelengen-ushaq-birinshi-ret-auege-ushty/#comments Wed, 23 Aug 2017 10:57:20 +0000 http://juldyz.kz/?p=11988 Қытайда Димаштың суреті бейнеленген ұшақ бірінші рет әуеге ұшты. Бұл туралы Димаштың инстаграм желісіндегі жазбасына сілтеме жасап, juldyz.kz хабарлайды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/23/qytajda-dimashtynh-sureti-bejnelengen-ushaq-birinshi-ret-auege-ushty/feed/ 1
Димаш Құдайберген қытайлықтарға 14 млн аударған жоқ http://juldyz.kz/2017/07/05/dimash-qudajbergen-qytajlyqtargha-14-mln-audarghan-zhoq/ http://juldyz.kz/2017/07/05/dimash-qudajbergen-qytajlyqtargha-14-mln-audarghan-zhoq/#respond Wed, 05 Jul 2017 08:52:26 +0000 http://juldyz.kz/?p=11560 Қазақстандық интернет басылымдарда бүкіл әлемді талантымен мойындатқан Димаш Құдйбергеннің қытайлықтарға 14 млн ақша бергендігі жайлы материалдар жарияланды. juldyz.kz сайты осы ақпараттың рас-өтірігін анықтады.

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев бұл ақпараттың жалған екендігін жеткізді. Оның айтуынша, қытайлықтарға Димаштың атынан жанкүйер фирма тарапынан қаражат аударылған.

Бұл сөзді Димаштың әжесі Миуа Низамитдинова да растап, өзінің инстаграм парақшасына арнайы пост жариялаған. Ондай қытайлықтарға бөлетін өздерінде қаражаттың жоқтығын және бір үйде жеті адам тұрып жатқандығын жеткізген.

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/07/05/dimash-qudajbergen-qytajlyqtargha-14-mln-audarghan-zhoq/feed/ 0
Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады http://juldyz.kz/2017/06/07/dzheki-chan-men-dimash-sahnada-an-shyrqady/ http://juldyz.kz/2017/06/07/dzheki-chan-men-dimash-sahnada-an-shyrqady/#respond Wed, 07 Jun 2017 12:15:18 +0000 http://juldyz.kz/?p=11007 Қытайлық танымал актер Джеки Чан Астанада Қытайдың кинофестивалін ашып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Джеки Чан ашылу салтанатына қонақкәде ретінде қытай тілінде «Отан» әнін шырқады. Актер бұл ән отаншылдыққа баулитынын, сондай-ақ, барлық адам өз отанын сүю керек екендігін жеткізді.

Джеки Чанның ән шашуынан кейін Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген сахнаға шығып, «Singer» байқауында шырқаған қытайша «Күзгі мұң» әнін айтып берді.

 

Астанаға алғаш рет келген әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам — Джеки Чанды кеше   Әсет Исекешов әуежайдан күтіп алғандығы жайла хабарлағанбыз.

Еске сала кетейік,  Осы жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай конофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан осы шараға арнайы келді. Бұл фестивальді  «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Бүгін «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залында шараның ашылу салтанаты өтеді. Бас аяғы бұл фестивальде алты фильм көрсетіледі.  Соның ішінде кино өнерінің жұлдызы Джеки Чанның «Кунг-фу Йога» атты картинасы көрсетіледі.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/07/dzheki-chan-men-dimash-sahnada-an-shyrqady/feed/ 0
«Халық әр адамның қайталанбас тұлға екенін түсінуі керек» http://juldyz.kz/2017/05/26/halyq-ar-adamnynh-qajtalanbas-tulgha-ekenin-tusinui-kerek/ http://juldyz.kz/2017/05/26/halyq-ar-adamnynh-qajtalanbas-tulgha-ekenin-tusinui-kerek/#comments Fri, 26 May 2017 05:11:33 +0000 http://juldyz.kz/?p=10653 Осыдан бірнеше күн бұрын әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың «Димаш Қайраттай бола алмайды» деген сөздері интернет порталдарда жарияланып, халық арасында үлкен дау туындаған. Кеше продюсердің өзі бұл сөздің бұрмалау екенін жеткізді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Г.Айдарбекованың инстаграмдағы жазбасын назарларыңызға ұсынамыз:

Бақытқа бастап барар жолын өнермен жалғап, еліне еркелеп ән салып жүрген Қайраттың әндері xалыққа қалтқысыз жеткізіп жатқаны рас. Жаратқанның өзі жарылқап тұрғанда оның жанған бағы жарқырап,жұлдызы жоғарылай беретіні айдан анық емес пе? Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін тыңдайтын Қайрат шын өнердің шынайы иесіне айналып xалық мойындап қойғалы қашан? Қазіргі таңда, әлеументтік желі еріккендердің ермегіне айналып, көгілдір экранның ар жағынан ақыл үйретуге бейім xалық қаңқуы мен бірнәрсені айтса, сол жаққа еріп кететін желіккендердің ортасына айналып барады. Ағы мен қарасын ажырата алмай тұрып, кейбір «күншілдердің» сөзі өзгелерден бұрын, ана жүрегіне, бала көңіліне қаншалықты әсер ететінін білмейтін сияқты. Өнер атты әлемде әр әншінің орны бір төбе дейтін болсақ, сол төбелердің шыңына жеткен жандардың бірі Қайрат. Өнер әлеміне енген жаңа бір адамды Қайратпен салыстыру қазірде үрдіске айналып бара жатқандай. Өздеріңіз көз жүгіртіп ойланып қарасаңыздар Қайрат алғаш шығып xалықтың жүрегін жаулай бастағанда «Бәрібір Мейрамбекке жете алмайды» деп бір шуласты. Одан соң Ернар, артынша Төреғали шыққанда, «Ойбай, Қайраттан асып кетті» деп тағы шулатты, тіптен суреттерін қатар қойып қайсысының киімі, даусы мықты деп желілерден рейтинг үшін, парақшаға адам санын көбейту үшін жанкүйерлерін жауластыра бастады.

Жақында ғана аспан асты әлемінде өткен байқаудан еліміздің абыройын арқалап барып, үмітімізді ақтаған Димашымыз шыққан күннен бастап Қайратпен салыстыру тіптен желдей есті. Мінекей, енді Димашты пайдалана отырып, Қайраттың қалай беделін түсіруді ойластырғандар тырнақ асты кір іздегендей, «Димаш Қайрат бола алмайды, ал Қайрат Димаш бола алмайды» деген әңгімені «Димаш Қайрат бола алмайды» деп жарты әңгімені қысқартып, іріткі салып, xалықты кері пікірге айдап салудың жолымен бақырайтып жазып желіге салды. Алтынға су жұқса да қараймайтыны сияқты Қайрат әрқашан Қайрат, ал Димаш әрқашан Димаш болып қалады. Халық әр адамның қайталанбас тұлға екенін түсінуі керек. Дегенмен түймедейді түйедей етіп көрсетіп, xалықты шулатуға әуес жандар бұл сөздерді бұрмалап тағы әкетті. Сіздер мына сұраққа жауап бере аласыздарма? Неге Мейрамбекті не болмаса Әлиді, Ернар, Төреғалиды салыстырмайды, неге кім шықсада тек Қайратпен салыстырып әлек?

«Қайрат той әншісі, Қайрат фонограммамен айтады, Қайрат Қарақалпақ, Қайраттың ата-анасы ажырасқан екен, өтірік спектакль қойып жүр». Шындығына келгенде,  қаншама концерттерінде, мейлі жанды дауыста айтсын, мейлі жанды дауыста неше рет номинацияларды жеңіп алсын,  ол жағына келгенде бәрі соқыр, керең. Қарақалпақстанның стадионына бір концерт беріп еді Қазақ емес Қарақалпақ болып қалды. Аке-шешесі бір күн не бір сағат ажырасып көрмеседе, Қайрат анасының артынан еріп келген бала болып, ұйқасы келмейтін өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай желіні жарған, жалпақ жұртты шулатқан жалған ақпараттар жаға ұстатты. Халық әншілерді салыстырып, бір-бірінің кемшілігін көрсетті делік, кімнің мықты екенін кімге дәлелдемек сонда?

«Біріңді қазақ бірің дос,көрмесең істің бәрі бос»деп Абай атамыз айтқандай, өз қазағымызды жамандап жау көретін болсақ не болғаны? Бұл арқылы тек қана әншілерді бір-біріне қарсы қойып отырған жоқ, олардың ата-аналарын, бауырларын, сайып келгенде бір қазақты екінші қазақпен жауластырып отыр. Бұдан түсер пайда не? Сондықтан әлеументтік желіге желпініп, шындық қайсы, жалған қайсы екенін білмей жатып, бос сөйлеуді доғару керек сияқты! Бір-бірімізді жамандап, аяқтан тартып, шығып бара жатқан шыңнан тартып қалуды, өшіруді ойлағанша, xалық алдындағы беделін биіктетіп өсіруге тырысайық, қазағым!

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/26/halyq-ar-adamnynh-qajtalanbas-tulgha-ekenin-tusinui-kerek/feed/ 3
«Жастар сарайына Димаштың атын беру керек» http://juldyz.kz/2017/05/26/zhastar-sarajyna-dimashtynh-atyn-beru-kerek/ http://juldyz.kz/2017/05/26/zhastar-sarajyna-dimashtynh-atyn-beru-kerek/#comments Fri, 26 May 2017 04:31:09 +0000 http://juldyz.kz/?p=10651 Көресіні Қанат Айтбаевтан көріп біттім. Димаш туралы газетке бірдеңе бере қояйын десең: «Қоя тұр…», «Ұят болады…» деп діңкелетеді де тұрады.

Димаш Қытайдағы «Мен әншімін» байқауынан оралғанда Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат пен Светаны құттықтап, жеделхат жолдады. Соны ести сала, жата кеп жабыстым: «Газетке берейік…». «Жо-жоқ, ол — жеке, отбасымызға келген дүние ғой. Ұят болады». Қанаттан қайыр болмағасын Светаны жағаладық. «Қанат ұрсады…» деп азар да безер болды ол да. Ақыры әрең илікті. Газетіміздің сайтына жарқ еткіздік. Басқа сайттар іліп әкетті. Жақсы жаңалық қой.

Қанат біраз кіржіңдеді. Светаға да сөйлепті. Мейлі, қуырып жесе де, өз әйелі, онда шаруам қанша?! «Есегім судан өтті», бастысы…

Сол қуанышты күндердің бірінде досымыз, Димаштың қытайлықтар түгел жаттап алған «Ұмытылмас күн» атты әнінің сөзін жазған Орал Байсеңгір әдемі ұсыныс айтты. «Ақтөбеде биыл бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылады ғой. Соның ішінде Жастар сарайы бар. Соған Димаштың аты берілсе, қатып кетер еді, иә? Осы ұсынысымды газетке жариялаңдаршы». Жұрт ду ете қалды. Қанаттан басқасы, әрине. Ол баяғы «әніне» басты: «Шығармайтындарың жоқ. Ұят болады». Астанадан, Қытайдан хабарласып, әлгі ұсыныстың газетке шығып кетпеуін қадағалаумен болды. Маған мәтіби, әйтеуір…

Меніңше, Оралдың ұсынысы өте дұрыс. Әрі бізде бұрын мұндай тәжірибе бар. Жаңылыспасам, Қарағандыда, Өскемендегі спорт сарайларына олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Ольга Шишигинаның есімдері берілді. Ал Ақтөбедегі су жаңа Жастар сарайына 23 жасында күллі әлемді мойындатқан Димаштың атын берсе, жүзікке қас қондырғандай боп шыға келмей ме?! Қалай ойлайсыздар?

Бауыржан Бабажанұлы

Facebook-тегі парақшасынан

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/26/zhastar-sarajyna-dimashtynh-atyn-beru-kerek/feed/ 1
Димаштың туған күніне арналған құттықтаулар тізбегі http://juldyz.kz/2017/05/24/dimashtynh-tughan-kunine-arnalghan-quttyqtaular-tizbegi/ http://juldyz.kz/2017/05/24/dimashtynh-tughan-kunine-arnalghan-quttyqtaular-tizbegi/#respond Wed, 24 May 2017 05:00:57 +0000 http://juldyz.kz/?p=10602 «I am singer» («Мен әншімін»)  мегажобасынан кейін әлемге танымал болған қазақ баласы – Димаш Құдайбергеннің бүгін туған күні. Оған арналған арнайы жазбалар мен видеоқұттықтаулар кешеден басталған. Juldyz.kz назарларыңызға ең таңдаулы құттықтауларды ұсынады.

@Regrann from @kaz.tengrinews.kz — Әйгілі әнші Лара Фабиан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, видео жолдады, — деп хабарлайды @kaz.tengrinews.kz тілшісі ?????? Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады. Редакциямызға келіп түскен видеода Лара Фабиан тілегін айтып, ән салып береді. "Димаш, бұл саған арналады. Мен, көріп отырғаныңдай, күйеуіммен үйдемін. Ол маған көмектеседі. Бүгін сенің ең маңызды күнің екенін білеміз. Бұл сенің жарық әлемге келген күнің. Бұл күн сондай тамаша күн. Себебі дәл осы күні сен сияқты дарынды адам дүниеге келген күн", — деген ол қазақстандық әншіге арнап Happy Birthday to you әнін орындайды. #DimashKudaibergen #dq #Dimash #LaraFabian — #regrann

A post shared by DIMASH WORLD FANS CLUB ?? ? ? (@dimashworld) on

@Regrann from @kaz.tengrinews.kz — Белгілі актриса әрі модель Ева Лонгория қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, видео жолдады, — деп хабарлайды @kaz.tengrinews.kz тілшісі. "Сәлем, Димаш! Бұл Ева, саған қуанышты туған күн тілеймін. Сен өте дарындысың. Сені танитыныма өте қуаныштымын!", — дейді құттықтауында #ЕваЛонгория. Айта кетейік, Димаш Құдайберген мен Ева Лонгория Париждегі Global Gift Gala гала-кешіне қатысқанда танысқан еді. Шараны америкалық актриса Ева Лонгория ұйымдастырды. Ол өзінің "The Eva Longoria Foundation" қайырымдылық қорын таныстырған еді. Еске салайық, 24 мамыр — Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші 23 жасқа толып отыр. Қытайдың жанкүйерлері қазақстандық әншінің туған күнін бір апта бұрын бастап кеткен. Таяуда әнші Шанхай қаласында өнер көрсетіп, тыңдармандарының ықыласына бөленген. #DimashKudaibergen #dq #Dimash #LaraFabian #evalongoria — #regrann

A post shared by DIMASH WORLD FANS CLUB ?? ? ? (@dimashworld) on

Диконтай ,туған күнің құтты болсын жаным!!! Аман жүр ,ботақан.Ғұмырың ұзақ болсын?@kudaibergenov.dimash

A post shared by Айған Сайлаубай(Арт-директор) (@aigan_zholdasova) on

Адамдардың бір-бірімен бірге болуының өзі біреулер үшін "көреалмаушылықпен" теңдеседі екен. Біздің достығымыздың арасына түспек болып, батылсынғандарға болмадық! Көп қиын да, қызықты шақтарды басымыздан бірге өткіздік! Ешкім білмейтін сырларымыз, ешкімге айтпаған қызықты оқиғаларымыз — екеуміздің достығымыздың айнасы! Жан досым, саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Менің өмірім — сенің өмірің! Сенің әр қуанышың — менің қуанышым! Сендегі әр қиындық — менің қиындығым!.. Керейдің қасындағы Жәнібектей, Исатайдың қасындағы Маxамбетідей ағалық-бауырлық қарым-қатынасымыз берік бола түссін! Сендей бауырым, досым барына бақыттымын! Папа — маманың, Қанат ағам мен Света апамның, Раушантай мен Мансурдың үлкен үміті, мақтанышысың! Қаншама сенің өнеріңе бас иген миллиардтарға — үлгісің! 24 мамыр ӘЛЕМ тариxында ҚҰДАЙБЕРГЕН ДІНМҰХАММЕД есімді батырдың дүниеге келген күнімен есте қалады! Бұл күн — музыка әлемі үшін ерекше күн, бұл күн — өнерді түсінетіндер үшін Ұлы күн!!! Туған күніңмен, Жан досым!!! @kudaibergenov.dimash Алла қаласа сенімен мәңгі біргемін!!! #DQ #DimashKudaibergen #DimashBirthday

A post shared by Alpamys Sharimov (@asharimov) on

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ол Шанхайда өнер көрсетіп,  «Көркемім» әнін қала тұрғындарымен бірге шырқаған болатын.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/24/dimashtynh-tughan-kunine-arnalghan-quttyqtaular-tizbegi/feed/ 0