Бейбіт Кушкалиев — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 13 Nov 2018 10:02:08 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Бейбіт Көшқалиев, әнші: Ашық-шашық киініп өнер көрсететіндерге түбегейлі қарсымын http://juldyz.kz/2018/09/10/bejbit-koeshqaliev-anshi-ashyq-shashyq-kiinip-oener-koersetetinderge-tubegejli-qarsymyn/ http://juldyz.kz/2018/09/10/bejbit-koeshqaliev-anshi-ashyq-shashyq-kiinip-oener-koersetetinderge-tubegejli-qarsymyn/#respond Mon, 10 Sep 2018 16:35:30 +0000 http://juldyz.kz/?p=14670
  • Сіздің әндеріңіздің басым көпшілігінің тақырыбы, сөздері адамдарға жігер, демеу береді. Бұл сәйкестік пе?
  • Жоқ. Бұл сәйкестік емес. Арнайы мотивациялық тақырыптар аясында әндер жаздырамын. Кейде рухтанып ән жазасың. Ал кейде өміріңдегі келеңсіздіктерге байланысты шаршайтын кездерді бастан кешіресің. Өз-өзіңе « мен не істеп жүрмін?», «қазіргі хәлім қандай?» деген сауалдар қоясың. Осындай сәттер де жігер беретін, демеп еңсеңді көтерткізетін әндер керек. Менің басымнан өтетін жағдай әрбір адамда да болып тұрады. Біреулер көңілсіз болса, біреулердің жұмыс жүрмей жатады. Осындай қиын тұста менің әндерімді тыңдап, жігерленсе екен деймін.
  • Алайда әндеріңізді « тым жеңіл әндер» деп сынап жатады..
  • Халық, ренжімесің. Бірақ, қазір не істесең де, әйтеуір сынауға дайын. Кейде сындары орынсыз болып жатады. Көңіл-күйі жоқ болса, бір жеңіл әнді тыңдайды да негативті түрде бағалап жатады. Халықтың өзі де шетелдің мән-мағынасы жоқ әндерін де тыңдап жатады ғой. Оның қасында біздің әндер дұрыс. Ал, енді ақылға ақыл қосатын, терең мағыналы ән тыңдағылары келсе, терме тыңдасын. Мен термеші емеспін.Картинки по запросу бейбіт кушкалиев
  • Бір сұхбатыңызда «біздің қоғам классикалық әндер тыңдамайды» дедіңіз. Бұл жеңіл әннің жетегінде кеткен әншілердің кемшілігі деп ойламайсыз ба?
  • Шындыққа тіке қарау қажет. Шынымен де, біздің қоғам классикалық әндер тыңдамайды. Ғаламторға әртүрлі жанрдағы әндерімізді жүктейміз. Бірнеше айдан кейін қарасаңыз, жұрт сол өздері сынайтын жеңіл әнді көп тыңдйтынын байқаймыз. Ал классикалық әндердің көрсетілімі өте аз болып тұрады. Бұның өзі сөзіме дәлел.
  • Иә, классикалық әндерді жиі орындамау, мүмкін, әншілердің де кемшілігі шығар. Бірақ, өнер адамдарын да  түсінуге болады. Себебі өнер- бұл біздің қара нанымыз. Өнерден бөлек, бұған біз мамандық ретінде қараймыз. Сахнада әдеміленіп, билеп жүргенімізбен, артымызда асырап отырған отбасымыз, бала-шағамыз, ата-анамыз бар. Сондықтан, халыққа өтімді, пайда алып келетін әндер жазып, шырқаймыз. Алайда, арасында классикалық әндерді де орындап тұрамын. Кез-келген әнші жиі болмаса да, арасында классикалық, терең ойлы ән шырқағаны дұрыс шығар деп ойлаймын. Яғни айтқым келгені, «ол жеңіл ән екен» демей, әр нәрсені дұрыс жағынан қабылдауымыз қажет.

    Картинки по запросу бейбіт кушкалиев

    • Қазіргі таңда ән орындаудың да әртүрлі стилі, бағыты көп. Барлығының өнерін, өзіңіз айтқандай, дұрыс қабылдайсыз ба?
    • Иә, әрине. Бірақ, «ақша керек екен» деп сахнада ашық-шашық киініп өнер көрсететіндерге түбегейлі қарсымын. Өнердің де, пайда табудың да шегі бар. Мысалы, жақында ғана Ресейдегі «Песни» жобасына Назима қарындасымыз қатысып жүр. Әлеуметтік желі де жұрттар «неге қолдау көрсетпейсіз» деп ренжіп жатады. Кешіріңіздер, маған ол қарындасымыздың образы ұнамайды. Иә, мен Назиманың талантты екендігін мойындаймын. Алайда, ашық-шашық киініп, сахнада өнер көрсетсе қолдау көрсете алмаймын.
    • Сіз «ашық-шашық» деп отырғаныңызды, өнердегі қыздар «образ» деп бағалайды. Ол кісілермен қарым-қатынасыңыз қалай? Сахнаға жартылай жалаңаштанып шыққандығы үшін араласпайсыз ба?
    • Ешкімге ақыл айтқым келмейді. Әркім өзі біледі. Барлығымен сәлемім түзу.

    Сұхбаттасқан Наргиза Аршидин 

    (Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

    ]]>
    http://juldyz.kz/2018/09/10/bejbit-koeshqaliev-anshi-ashyq-shashyq-kiinip-oener-koersetetinderge-tubegejli-qarsymyn/feed/ 0
    Қазақстандық әншілер Қасиетті Рамазан айына арнап ән шығарып, бейнебаян түсірді (видео) http://juldyz.kz/2018/05/26/qazaqstandyq-anshiler-qasietti-ramazan-ajyna-arnap-an-shygharyp-bejnebayan-tusirdi-video/ http://juldyz.kz/2018/05/26/qazaqstandyq-anshiler-qasietti-ramazan-ajyna-arnap-an-shygharyp-bejnebayan-tusirdi-video/#respond Sat, 26 May 2018 07:56:47 +0000 http://juldyz.kz/?p=14181 Қасиетті Рамазан айы келіп, барша мұсылмандар ораза ұстап ниет етуде. Олардың арасында отандық әншілеріміз де бар. Сонымен қатар, әншілер Рамазан айына арнап ән жазып, бейнебаян шығарған.

    «Азиз есімді бауырымыз осы тақырыпта ән жазып, бейнебаян түсіруге ұсыныс тастады. Бұл ұсынысын ести сала, бірден келістім. 11 ай бойы «той, концерт» деп өз қалтамыз үшін ән жазамыз. Осы жолы қасиетті айда Алла разылығы үшін ән жазсақ дедік. Негізі көп әншілер келісті. Құдайға шүкір, қазіргі таңда көптеген әншілер намаз оқиды. Бірақ, ол кісілердің барлығы бейнебаянға түсе алмады.»- дейді, әнші Бейбіт Көшқалиев.

     

    ]]>
    http://juldyz.kz/2018/05/26/qazaqstandyq-anshiler-qasietti-ramazan-ajyna-arnap-an-shygharyp-bejnebayan-tusirdi-video/feed/ 0