Батырхан Шүкенов — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 21 Jul 2017 11:33:43 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8 Батырхан Шүкенов (1962-2015) http://juldyz.kz/2017/05/18/batyrhan-shukenov-1962-2015/ http://juldyz.kz/2017/05/18/batyrhan-shukenov-1962-2015/#respond Thu, 18 May 2017 03:32:11 +0000 http://juldyz.kz/?p=7054 Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамыр күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол – әнші, композитор.

Балалық шағы

Батырхан 12 жасында «Артек» пионер лагеріне барады. Сол демалыста аяқ асты ән байқауына қатысып, 1-орын алады. Оның музыкаға деген қызығушылығы осыдан басталады. Кейін көркемөнермпаздар үйірмесіне, мектеп ансамбліне қабылданады. Алдымен бас гитараны, кейін клавишті аспапты, кларнетті, саксафонды меңгереді. 10-сыныпта жүргенде музыкант болатынын нақты шешеді. Сосын Ленинградтағы өнер институтының оркестр бөліміне оқуға түседі. 2 жылдан кейін Алматыдағы консерваторияға ауысады. Консерваторияның саксафон класы бойынша бітіріп шығады.

Өнер жолына қалай келді?

Ол өзінің мансап жолын әнші Роза Рымбаеваның саксафоншысы болудан бастаған. 1988 жылы «Джулия» хитін халыққа паш ектен А’Студио тобының фронтмені болып сайланады. Алла Пугачеваның «Рождестволық кездесулерінен» кейін халықтың көзайымына айналады. «Ақ өзен», «Тоқта, түн», «Махаббат сарбазы», «Жаздың жылы кештері», «Сүйгенім емес» сынды композицияларын барша халық сүйіп тыңдайды. 2009 жылы UNICEF-тің Қазақстандағы өкілі болды. 2010 жылдың мамырында «Абайлаңыз, сүйкімді қыз» (Осторожно, милая девушка) атты жеке төртінші альбомын шығарды. Шығармашылығының 13 жылы осы топпен байланысты. Бұл кезеңнің бес жылын Мәскеудегі Алла Пугачеваның ән театрында топпен бірге жұмыс істеген. Көбінесе соның арқасында, және «Рождестволық кездесу» телешоуына қатысудың арқасында «А’Студио» тобы мен Батырхан Шүкенов бүкіл Совет одағына танылды.

Отбасы

Қарындасы Раушан дәрігердің оқуын бітірген. Бірақ, музыканы өте жақсы көреді. Түрлі аспапта ойнайды. Үлкен ағасы Бауыржан тамаша кларнетші болған. Екінші ағасы Бақытжан да музыкант, кларнетте, саксафонда ойнайды. Ал ұлы Мақсұт фортепианада ойнайды.

«А’Студио» тобы

«А’Студио» тобында Батырхан Шүкенов жетекші әнші болды. Ол кездегі топтың хит әндерінің көбін жұрт оның дауысы арқылы тыңдады. Сондықтан кейін ол «А’Студио» тобынан кеткен кезде топ тарап кете жаздаған. Батырхан Шүкенов жеке шығармашылықпен айналысу үшін «А’Студио» тобынан 2000 жылы кеткен. Батырхан Ресейдің «Один в один» телешоуына қатысып, көрерменге жаңа қырынан таныла бастаған. Жаңа әндер жазуын жалғастырған. «Мне поможет весна», «Письмо души», «Я любил тебя другой» деген әндер — соңғы екі жылдың премьералары. Батырхан Шүкенов хит әндеріне жаңа клиптер түсірген.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/18/batyrhan-shukenov-1962-2015/feed/ 0
«Спасибо за любовь» кешін Жанар Дұғалова жүргізеді http://juldyz.kz/2017/05/17/spasibo-za-lyubov-keshin-zhanar-dughalova-zhurgizedi/ http://juldyz.kz/2017/05/17/spasibo-za-lyubov-keshin-zhanar-dughalova-zhurgizedi/#respond Wed, 17 May 2017 04:14:44 +0000 http://juldyz.kz/?p=10363 Ертең, 18 мамыр күні Батырхан Шүкенов 55 жасқа толар еді. Осы мерейтойына  байланысты өнердегі әріптестері «Спасибо за любовь» атты кеш өткізеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

24 мамыр күні, Республика сарайында, сағат 19:00 уақытында болатын концертте Б.Шөкеновтың әндері орындалады және оның Валерий Меладзе, Севара Назархан, Далар Назаров, Mezzo тобы, Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваторияның хоры мен қобызшылар ансамблі өнер көрсетеді. Кештің жүргізушісі – әнші, актриса Жанар Дұғалова.

Батырхан Шүкенов атындағы фондтың жоспары бойынша, осы кештен жиналған қаражатқа оның әндері жинастырылған альбом жарыққа шығарылмақ. Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 2015 жылы 29 сәуір күні Мәскеуде көз жұмған.

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/17/spasibo-za-lyubov-keshin-zhanar-dughalova-zhurgizedi/feed/ 0