Ақбота Керімбекова — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 16 Feb 2018 19:29:31 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.5 Рауан Дәулетов, А.Керімбекованың күйеуі: Ботаға «фата киіп алшы» деп айтқанмын http://juldyz.kz/2017/09/22/rauan-dauletov-a-kerimbekovanynh-kujeui-botagha-fata-kiip-alshy-dep-ajtqanmyn/ http://juldyz.kz/2017/09/22/rauan-dauletov-a-kerimbekovanynh-kujeui-botagha-fata-kiip-alshy-dep-ajtqanmyn/#respond Fri, 22 Sep 2017 10:57:43 +0000 http://juldyz.kz/?p=12937 Жақында ғана әнші Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, әншінің үшінші жолдасының тегіне өткенін де мәлімдеген болатынбыз. Juldyz.kz назарларыңызға «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатынан үзінді ұсынады.

Рауан ДӘУЛЕТОВ , әнші А.Керімбекованың күйеуі:

Ақботаны ел біледі, ел таниды, ел алдында жүрген қазақтың маңдайына біткен әншісі ғой. Әңгіме болуы да керек. Әркімнің пікірі бар. Оқып қаламыз кейде: аузына келгенін,  ойына келгенін айта салатындар бар. Бірақ ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұл тойда өткізген себебіміз: қазақтың маңдайына біткен Ақботасын бақытты қылайықшы деген ой ғой. Неге өткізбеске?! Ботаға айтқанмын мен «Фата» киіп алшы» деп. Көп азаматтар мен азаматшалар ойларына келгені айтып жатыр ғой. Бірақ мен өз қалағанымды істеп жатырмын және істеймін да. Бота қарсы болған басында. Той өткізбей-ақ қояйықшы деп. Халық шулайды деп. Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы, жақсы болады да.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/22/rauan-dauletov-a-kerimbekovanynh-kujeui-botagha-fata-kiip-alshy-dep-ajtqanmyn/feed/ 0
Ақбота Керімбекова жолдасының тегін алды http://juldyz.kz/2017/09/20/aqbota-kerimbekova-zholdasynynh-tegin-aldy/ http://juldyz.kz/2017/09/20/aqbota-kerimbekova-zholdasynynh-tegin-aldy/#respond Wed, 20 Sep 2017 10:19:23 +0000 http://juldyz.kz/?p=12877 Жақында ғана әнші Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғанын хабарлаған едік. Енді әншінің үшінші жолдасының тегіне өткені мәлім болды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Ақбота Керімбекованың «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында  тегінің ауысатындығын айтты. Енді әнші  Ақбота Дәулетова болады.
Рауанның анасы Тотия ханым болса баласының бақытын тапқанына, әнші Ақботаның өз келіні атанғанына қуанышты екенін жасырмады.
«Рауан баланың кенжесі. Мені «Мама» дейтін бір өзі ғана. Ақбота келіп «Мама» дегенде жүрегің қалай елжіремейді? Ақбота өзінің қылығымен, сүйкімділігімен, қарапайымдылығымен баурап алды. Менің негізі келіннен салымым жақсы. Бұрынғы келінім де мәдениетті, қарапайым, жақсы болды. Бірақ өзінің әкесінің тапсырып кеткен аманатын орындаймын, бауырларыма қарайлаймын деп біздің рұқсатымызбенен кетті. Ал біздің ұлымыз Рауан өнерді қалады. Ол келіннен біздің немереміз бар. Келіндерімді бұрынғы, қазіргі деп бөлмеймін» -дейді.

Дереккөз: Reactor

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/20/aqbota-kerimbekova-zholdasynynh-tegin-aldy/feed/ 0
А.Керімбекова: Жақсы сөз айта алмаса, үндемей қоя салса екен деймін http://juldyz.kz/2017/09/01/a-kerimbekova-zhaqsy-soez-ajta-almasa-undemej-qoya-salsa-eken-dejmin/ http://juldyz.kz/2017/09/01/a-kerimbekova-zhaqsy-soez-ajta-almasa-undemej-qoya-salsa-eken-dejmin/#comments Fri, 01 Sep 2017 06:03:23 +0000 http://juldyz.kz/?p=12251 Әнші Ақбота Керімбекованың үш ұлы, ал Рауанның алғашқы некесінен бір ұлы бар. Яғни жұлдызды жұптың ортақ төрт баласы бар.  «Ел аузында» бағдарламасымен бірлесіп, қос ғашық Ақбота Керімбекова мен Рауан Дәулетов Грузия еліне саяхат жасағаны баршаға мәлім. Juldyz.kz сайты осы бағдарламада берген сұхббатың аз ғана бөлігін ұсынады.

Ақбота Керімбекова:

Өмір өзімдікі болғаннан кейін, жаным не қалайды солай өмір сүремін. Бақытқа әр адам лайықты. Мен бәрібір өз дегенімді істейтін адаммын. Жолдасыммен дос болып жүрдік. Ұсыныс жасағаннан кейін ойландым. Ел не дейді, жұрт не дейді?!. Бірақ жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Көп дос қыздарым керісінше мені құптады.  Өзім бұрыннан ата-ене көріп, келін болсам деп армандайтынмын. Күшті ғой. Енді Аллаға шүкір сол арманым орындалды. Алдағы уақытта тек Аллаға ғана аян. Бақытты боламыз деп ойлаймын. Көп тілеуі – көл дейді ғой. Кейбір көрермендерге, сын пікір айтушыларға  жақсы сөз айта алмаса, үндемей-ақ қоя салса екен деймін.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/01/a-kerimbekova-zhaqsy-soez-ajta-almasa-undemej-qoya-salsa-eken-dejmin/feed/ 1
Ақбота Керімбекова мен жұбайы Рауанның «Бақыт биі» http://juldyz.kz/2017/08/28/aqbota-kerimbekova-men-zhubajy-rauannynh-baqyt-bii/ http://juldyz.kz/2017/08/28/aqbota-kerimbekova-men-zhubajy-rauannynh-baqyt-bii/#respond Mon, 28 Aug 2017 06:37:11 +0000 http://juldyz.kz/?p=12123 Кеше ғана әнші Ақбота Керімбекованың тойы дүркіреп өтті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Рауан+Ақбота маxабаттарың баянды болсын! @botakerim #РауанАқбота #Алматы

A post shared by Жанболат & Жазира (@zhanbolatzhaziraa) on

 

Тойдан естелік суреттер мен видеоларды Ақботаның әріптестері мен құрбылары өз парақшаларына бөлісіп салып жатыр.

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/28/aqbota-kerimbekova-men-zhubajy-rauannynh-baqyt-bii/feed/ 0
Әнші Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты http://juldyz.kz/2017/08/27/anshi-aqbota-kerimbekova-turmysqa-shyqty/ http://juldyz.kz/2017/08/27/anshi-aqbota-kerimbekova-turmysqa-shyqty/#comments Sun, 27 Aug 2017 12:02:28 +0000 http://juldyz.kz/?p=12088 Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты және бүгін Ақбота мен жұбайы Рауан екенуінің үйлену тойы өтіп жатыр. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

 

Әнші А.Керімбекованың құрбыларының барлығы сары көйлек киген және  Ақботаның қолындағы гүлі де сары түсті.

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/27/anshi-aqbota-kerimbekova-turmysqa-shyqty/feed/ 2
Ақбота Керімбекова, әнші: Өзім сияқты әнші жасау ойымда жоқ http://juldyz.kz/2016/11/02/aqbota-kerimbekova-anshi-oezim-siyaqty-anshi-zhasau-ojymda-zhoq/ http://juldyz.kz/2016/11/02/aqbota-kerimbekova-anshi-oezim-siyaqty-anshi-zhasau-ojymda-zhoq/#respond Wed, 02 Nov 2016 04:25:53 +0000 http://juldyz.kz/?p=3062 – Көптеген әншілер жанды дауыспен ән айтудан қашады. Ал сіздің болашақта тек жанды дауыспен ән айтуыңыз мүмкін бе?

– Әрине, мүмкіндік болып жатса тек жанды дауыста айтатын едім. Телевидениедегі режиссерлер көбінесе фонограммамен айтқанымызды қалайды. Оның үстіне, біздегі сахналар да жанды дауысқа келе бермейді. Ендеше, жанды дауыста айтқанға не жетсін?! Анық жанды дауыста ән айтып шығу керек болатын болса, өз басым қашпас едім. Анам кішкентай күнімнен өнерге баулыды. Ол кісі “Мен сенің өнеріңе ешқашан тосқауыл қоймаймын. Тек айтатыным, біздегі болатын байқауларға қатыспа. Қазақта бұрыннан-ақ әділетсіздік болып келе жатыр, бола да береді. Босқа сағың сынып, көңілің қалады” деген еді. Өзім де солай ой қорытып отырмын. Енді байқауға қатыспаймын. Бар тілегім – орындап жүрген әндерім халық көңілінен шығып, өз бағасын алып жатса, содан артық байқау да, байлық та жоқ.

– Сіз балабақшада жүрген кезіңізде Дінмұхамед Қонаевтың алдында ән айтыпсыз. Артқа шегініс жасап, сол күнді еске түсіріп көріңізші…

– Кішкентай күнімде Алматы қаласында санаулы ғана қазақ балабақшалары бо­­­ла­тын. Солардың бірі – музыкалық балабақшасы. Толғанбай атты ағайымыз бізге арнап көптеген әндер жазып, айтқызатын. Мәскеудегі “Мосфильм” киностудиясынан мамандар келіп, біздің балабақша туралы деректі фильм түсірген. Ал Дінмұхамед Қонаев атамыз тамашалаған концерт еміс-еміс есімде. Онда Толғанбай ағайдың “Балабақша бағында” деген әнін орындап шықтым.

– Бір сұхбатыңызда суретті жақсы салатыныңызды айтыпсыз. Біраз жылдардан кейін әнші Ақбота суретші Ақботаға айналуы мүмкін бе?

– Ақбота басқа қырынан көрінуі мүмкін, бірақ суретші Ақбота бола қоймайтын шығармын (күлді). Рас, кішкентайымнан жазуым жақсы болды, суретті жақсы салдым. Мектепте дене шынықтыру, сурет, ән-күй сабақтарын жақсы көрдім. Шыны керек, бағаны қабырға газеттерін шығарып, ән айтып, жарыстарға қатысып жүріп алатынмын.

– Қазір қолыңызға қылқалам алып, сурет салып тұратын кезіңіз бола ма?

– Жоқ, қазір сурет салатын мүмкіндігім болмай жүр. Жасыратыны жоқ, қаламды тек қолтаңба бергенде ғана қолыма аламын. Үлкен ұлым суретті жақсы салады, жан-жақты болып өсіп келеді.

“Досы жақсының өзі де жақсы” дейді халық даналығы. Достарыңыз қандай жандар?

– Достасуға ниеттенген адамның барлығын жылы қабылдаймын. Ешкімді жатырқамаймын. Сатқындық жасап кеткен достарды да көрдік. Өмірдің ақ-қарасын қатар көріп келе жатырмын десем, артық айтқандығым емес. Дегенмен,  түзу жүрген адамның жолы ақ дейді ғой. Ешкімнің ала жібін аттап, біреуге қиянат істеп көрген жан емеспін. Анам кішкентайымнан түзу жүруге тәрбиеледі. Дұрыс айтасыз, адамды до­с­ына қарап тану керек. Достың шынайылығы, жалғандығы басыңа іс түскенде білінеді екен. Бірақ, Құдайға шүкір, жақсы дос­тарым көп.

Ал шәкірт тәрбиелеу ойыңызда жоқ па?

– Шәкірт тәрбиелеп, өзім сияқты әнші жасау ойымда жоқ. Арманым – үлкен продюсерлік орталық ашу. Қаншама талантты жастардың өнерге шығуға еш мүмкіндіктері болмай жатады. Соларға қол ұшымды созып, көмектессем деймін. Бірақ, дәл қазір мұндай мүмкіндігім жоқ.

(…толық нұсқасы
Жұлдыздар отбасы журналының 

№ 9 (50) Мамыр 2009 жылғы
 санында) 

Сұхбаттасқан Марфуға ШАПИЯН

]]> http://juldyz.kz/2016/11/02/aqbota-kerimbekova-anshi-oezim-siyaqty-anshi-zhasau-ojymda-zhoq/feed/ 0