ән мен әнші — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Мөлдір Әуелбекова қыздар тобын құруға кастинг жариялады https://juldyz.kz/2017/09/20/moeldir-auelbekova-qyzdar-tobyn-qurugha-kasting-zhariyalady/ https://juldyz.kz/2017/09/20/moeldir-auelbekova-qyzdar-tobyn-qurugha-kasting-zhariyalady/#respond Wed, 20 Sep 2017 07:47:26 +0000 http://juldyz.kz/?p=12860 Әнші Мөлдір Әуелбекова қыздар тобын құруға кастинг жариялады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Мөлдір Әуелбекова:

Құрметті талантты арулар! Мен Мөлдір Әуелбекова Мөлдір Әуелбекова қыздардан құралатын топқа ең ауқымды іріктеу жариялаудамын! Егер сен 19-25 жас аралығындағы ерекше дарынды, сымбатты, бойшаң әрі, өзіңе сенімді болсаң, бағыңды сынап көр! Кастинг 25 қыркүйек сағ.12:00 де Алматы қаласы, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді! Мен сені күтемін!🙌🏻 +7 707 222 0065 +7 707 301 8285
+7 701 940 3232

]]>
https://juldyz.kz/2017/09/20/moeldir-auelbekova-qyzdar-tobyn-qurugha-kasting-zhariyalady/feed/ 0
Гәкку дауысын тамашалауға 150 мың адам келген https://juldyz.kz/2017/09/19/gakku-dauysyn-tamashalaugha-150-mynh-adam-kelgen/ https://juldyz.kz/2017/09/19/gakku-dauysyn-tamashalaugha-150-mynh-adam-kelgen/#respond Tue, 19 Sep 2017 16:14:48 +0000 http://juldyz.kz/?p=12841 Еліміздегі ең рейтингі жоғары музыкалық телеарнаның ұйымдастыруымен Гәкку дауысы–2017 жобасы өткен болатын. Астана алаңыда болған концертті тамашалауға 150 мың адам жиналған. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Биылғы жылдың басты жаңалығы: аталмыш шараның Гәкку телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілуі. Сонымен қатар, Гәкку ұжымының айтуынша, биыл концертті тамашалауға келгендердің саны өткен жылғыдан әлдеқайда көп. 2015 жылы 40 мың, өткен жылы 90 мың адам келсе, биыл бұл көрсеткіш 150 мыңды көрсеткен. Бұл сөзсіз рекорд!

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/09/19/gakku-dauysyn-tamashalaugha-150-mynh-adam-kelgen/feed/ 0
Алма Аманжолова, әнші: Ән-күйімізді үзіп-жұлып орындаудың керегі жоқ https://juldyz.kz/2017/09/19/alma-amanzholova-anshi-an-kujimizdi-uzip-zhulyp-oryndaudynh-keregi-zhoq/ https://juldyz.kz/2017/09/19/alma-amanzholova-anshi-an-kujimizdi-uzip-zhulyp-oryndaudynh-keregi-zhoq/#respond Tue, 19 Sep 2017 08:40:04 +0000 http://juldyz.kz/?p=12807 Алматыдағы «Алатау» дəстүрлі өнер театры ашылғаннан бастап-ақ əн мен күйдің бесігіне айналды десек, асыра айтқандық емес. Сарайдағы əдемі кештің бірі жуырда «Əн-жырым саған, туған ел!» деген атпен өтпек. Кеш иесі Алма Аманжолова – есімі елге белгілі əнші. Дауысы ғана емес, болмысы да ерекше. Тойды былай қойғанда, табиғатына келмесе, телебағдарламаларға да таңдап түседі. Күні кеше Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіковтермен бірге Алтынбек Қоразбаевқа шəкірт болып жүрген Алма бүгінде өзі де ұстаздық етеді. Шəкірттері халықаралық байқауларға дейін қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр екен. Əн кешінің қарсаңында  əншіні əңгімеге тарттық.

Өзіміздің дəстүрлі өнер театры ашылғалы тынысымыз кеңейіп жатыр. Шығармашылықты қолға алып, шəкірттерімді түгендедім. Дəстүрлі жыраулар мектебінің өкілдері арнайы келіп, сахнаға сыймай өнер көрсетті. Қала күніне жəне туған елге арнап кеш өткізгелі отырмын. Бұл – есеп беру кешімнің алдындағы дайындығым. Болашақта үлкен сахналарда берермін.

Өнерде жүргеніме жиырма бес жыл толады. Алтынбек көкеме келгенде жасым он үште болатын. Мейрамбек тоғыз жасында келді. Содан бері қанатының астындамыз. Сол кезде шырқалған əндердің барлығын ертеңгі кеште жаңаша нұсқамен орындаймын. Мейрамбек белгілі себептермен келе алмайды. Алтынбек көкеммен де, Тоқтармен де дуэт жаздырып жатырмыз. Рамазан Стамғазиев пен Өмірқұл замандасым да қатысады. Басқа да дəстүрлі əншілер өнер көрсетеді. Осы кеште халықты біразуақыт көрінбей кеткен əншілерімен қайта жүздестіруді мақсат тұттым.

Дəстүрлі əншілерге сұраныс аз екені жасырын емес. «Елге танылып қалған дəстүрлі əншілерді құдалық пен беташарға ғана шақырады» деген зілі басым əзіл де бар. Мысалы, соңғы уақыттарда болып жүрген үкіметтік концерттерде дəстүрлі музыкаға салғырт қарайды.

Шетелден қонақтар шақырылатын сондай ірі шараларда халық əндері, күйлері толықтай орындалмайды. Моцарттың, Бетховеннің, Бахтың бір шығармасын алып, жартысын бөліп тастасаң, оның не мəні қалады? Сол сияқты Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның əндері үзіп-жұлып орындауға келе ме? Соған қарамастан, біз əннің, күйдің маңызына мəн беруден гөрі шоу жағына көбірек бет бұрып кеттік.

Тойға барсақ, бірінші бөлімде ғана шығамыз. Меніңше, халық той мен концертті демалыс орны деп қабылдап кетті. Күнделікті күйбің тіршіліктен демалып, көңіл көтергісі келетін адамның дəстүрлі əнді тыңдамайтыны анық. «Дəстүрлі əншілерге неге сұраныс аз?» деген сұрақты өзіме де қоямын. Сосын ойланып жүріп, жауабын табамын. Əр əннің өзінің уақыты болады. Сол əнді айтатын жасы болады. Сахнаға енді шығып келе жатқан балаға терме айтып қажеті жоқ. Оны халыққа жеткізе алмайды. Халық та оны қабылдамайды. Тыңдайды, естиді, сосын ұмытып кетеді.

Байқауларға қазылық етуге шақырады. Қатысушы жас балалар қайғылы, мұңды терме айтып тұрады. «Бал-балалық, дəурен-ай» деген əндерді шыр-қаған жеңілірек. Əр əннің орындалатын кезеңі бар. Жастарға Батыстың əндерін тыңдама деп тағы айта алмайсың. Мені жасы отыздан асқан адамдар тыңдайды. Жастар мені танымаса, оған ренжімеймін. Интернет пайда болғалы жастардың мүмкіндігі артты. Олар шетел жұлдыздарының музыкасын көбірек тыңдайды. Бір жағынан дұрыс та шығар. Заманның ағымына қарай ілескеннен ұтылмаймыз. Мысалы, ұлттық өнерді заманауи тəсілдермен насихаттаймыз деп əртүрлі жанрда, стильде орындап жүргендер бар. Дегенмен, сондағы ойналып жатқан əн иірімдері мен күй сарындары бұзылғаны анық. Əн мен күй – адамды ойға, сонау тереңдегі ғасырларға жетелейтін мəңгілік дүние. Оны апарып тактіге, эстрада мен рок стильге салғаннан кейін не болады? Былай қарап отырсаң, олар дəстүрлі өнерді шоу-бизнеске апарды. Ал одан ұлттық өнер ұтты ма, ұтылды ма? Дəстүрлі өнеріміздің тұғыры содан биіктеді ме, төмендеді ме? Мəселе – осында. Екіншіден, ұлттық өнердің бүкіл дүниесі бүгінгі эстраданың, шоу-биз-нестің тетіктеріне сай келе ме? Осыны да ескерген жөн.

ҰСТАЗЫМНЫҢ ӨНЕР МЕКТЕБІН АШҚЫМ КЕЛЕДІ

Алтынбек ұстазымнан алған тəлім мен тəрбиемді шəкірттеріме бердім. Арасында бала тəрбиесімен үйде отырдым. Оларды сол кезде өнер жолына сəттілік тілеп, шығарып салдым. Бірақ əлі күнге дейін хабарласып тұрады. Халықаралық байқаулардың жеңімпазы болып жүр. Мен оларды өнер орталықтарында тəрбиелеген жоқпын. Оқу орындарында сабақ беріп жүріп, көзіме түскендерге бағыт-бағдар бердім. Өткенде Сəуле апайдың өнер мектебіне барып, «сіз сияқты мен де осылай балаларға əн үйретсем ғой, шіркін!» деп армандап кеткенмін. Жеке өзімнің мектебімді ашпасам да, Алтынбек көкемнің əндерін дəріптейтін, жастарға үйрететін орталық ашқым келеді. Өйткені, сұраушы өте көп. Маған келушілердің көбі «Арқаның, Жетісудың əндерін үйретіңізші» демейді, «Алтынбек Қоразбаевтың əндерін қалай дұрыс орындасам болады» деп келеді. Көкемнің өзіне де айтып көргенмін. «Сіздің мектебіңізді ашайық, Тоқтар мен Мейрамбек сияқты сізге шəкірт болғысы келетін қаншама жастар бар, ашуға рұқсат берсеңіз, көмектесеміз ғой», – дегенмін. Ол кісі қарапайым ғой, кейін тартады. Ержан Қосбармақовтың ықпалымен осыдан бір-екі жыл бұрын Ж.Елебеков атындағы Эстрада жəне цирк колледжінің жанынан Алтынбек Қоразбаевтың өнер сыныбын ашқанбыз. Сол колледжге түсетін талапкерлер  шығармашылық емтихан тапсырғанда үш əннің екеуі Алтынбек Қоразбаевтың əні болып шығатын. Ержан аға соны көріп, ой тастады. «Қара шал», «Қара пима», «Қара кемпірін» үйреттік. Бірақ студенттер мемлекеттік емтихан тапсырарда Алтекең келмей қалды. Мен сол жақта жарты жыл жұмыс жасадым. Жалындап тұрған жастар жетерлік. Сыныбындағы шəкірттер Алтекеңмен жүздесе алмағасын, Ержан аға сəл кейіп, сыныбы жабылып қалды. Көкемнің үлкейгені де бар. Əндерінің сөздерін ұмытып қалады. Менен сұрап отырады. «Мейрамбек пен Тоқтар кішкене немқұрайлы, көзім кеткеннен кейін менің əндерімді түгендейтін, шығармашылығымды өлтірмейтін Алма қызым» деп айтып отырады.

Тірі дауыста əн салудан қорықпайтын əншілердің қатарынанмын. Сылтау да айтпаймыз. Алғаш фонограммаға үйрене алмадық. Дəстүрлі əнші болғандықтан, тыңдарманың тірі дауыста айтқаныңды қалайды. Кейбір концерттің ұйымдастырушылары «сіздің даусыңызды залға жеткізе алмаймыз, фонограммамен айтыңыз» деген талап қояды. Ертеңгі кешім екі бөлімнен тұрады. Бірінде дəстүрлі əндерді шырқаймын, екінші бөлімде эстрадалық əндерді айтамын. Өтірік айтпай-ақ қояйын, кейбір əндерге фонограмма қостық. Байқауларға қазылық етемін дедім ғой. Сонда ең алдымен баланың дауыс ырғағына мəн беремін. Дəстүрлі əнші болуы үшін кең диапазонның болғаны өте маңызды. Шəкірттерімнен де соны талап етемін. Қолдан келсе, тірі дауыста əн салғанға жететін нəрсе жоқ. Қаншалықты дауысы бар-жоғын бірден байқаймын. Өз балаларымның да дауысынан өнер адамы болатын-болмайтынын аңғарып отырамын.

«Ұлттық өнер ешқашан шоу бола алмайды. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды өміршең етеміз десек,  оны шоу-бизнеске, той-бизнеске айналдыруды емес, қаймағы бұзылмаған қалпында насихаттап, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсеткен абзалырақ», – дейді кейіпкеріміз сөз соңында. Сөзінің  жаны бар.

Дайындаған Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

zhasorken.kz

]]>
https://juldyz.kz/2017/09/19/alma-amanzholova-anshi-an-kujimizdi-uzip-zhulyp-oryndaudynh-keregi-zhoq/feed/ 0
Бибігүл Төлегенова: Эстрада әншілерін тіпті әнші деп санамаймын https://juldyz.kz/2017/09/12/bibigul-toelegenova-estrada-anshilerin-tipti-anshi-dep-sanamajmyn/ https://juldyz.kz/2017/09/12/bibigul-toelegenova-estrada-anshilerin-tipti-anshi-dep-sanamajmyn/#respond Tue, 12 Sep 2017 09:21:06 +0000 http://juldyz.kz/?p=12591

Эстрада әншілерін тіпті әнші деп санамаймын. Мен оларға: «Әнші емессіздер, орындаушысыздар. Сіздің орындағаныңызды кім болса да орындайды. Тойда аста-төк тамақ ішіп, қарны тойып отырған адамға бойындағы асын қорыту үшін даңғыр-дұңғыр музыка қоясыңдар» деймін. Эстрада әншісі деп Димашты айтсақ болады. Міне, нағыз әнші! Қандай әнші ол! Жер жүзіне аты мәлім. Ең өкініштісі, екінің бірі айтатын әнді айтып жүрген, көптің бірі болатын әншілер көп. Ал оның ішінен іріктеп алатыны аз. Мысалы, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова даусы бар әншілер еді, олар да эстраданың жолына түсіп кетті. Ал қазіргілерге қарасаң, не істеп тұрғаны түсініксіз, даңғыр-дұңғыр, не айтып тұрғанын да естімейсің. «Ана музыканың дауысын бассаңдаршы, әншінің үнін естиік те» десең, «Апай, сіз білмейсіз ғой, олар «Даусын көтер» деп өздері сұрап алады» дейді. Сонда олар өз дауысының жетіспеген тұсын білдіртпес үшін музыканы неғұрлым даңғырлатып қояды екен. Ал опера әншілеріне сүйемелдеудің қажеті жоқ, кез келген уақытта музыкасыз да ән шырқай береді. Менің өзім де әлі күнге дейін «Ән сал» десе, кез келген халық әнін өз даусыммен айта берем. Әнші деген сондай болуы керек.

]]>
https://juldyz.kz/2017/09/12/bibigul-toelegenova-estrada-anshilerin-tipti-anshi-dep-sanamajmyn/feed/ 0
BN тобы: Біз өз тыңдармандарымызбен бірге өсеміз https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/ https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/#respond Tue, 29 Aug 2017 04:20:58 +0000 http://juldyz.kz/?p=10292 BN  – 2016 жылдан бастап қазақ эстрадасына қанат қаққан жас талантты қыз-жігіттерден тұратын топ. Бүгінде кеңінен таралған «Топ-томпақ», «Жаным-ай», «Сенің жаныңда», «Жаңа жыл» әндері тыңдарман көңілінен шығып жүр. Juldyz.kz ұжымы BN тобымен аз-кем әңгімелескен-ді. Назарларыңызға ұсынамыз.

Топ құрамында Айдын Жұмахан, Әлішер Мұхтарұлы, Альбина Болатқызы бар. Продюсері – Еркебұлан Молдашов.

Альбина Болатқызы

Туған күні: 7 маусым, 2003 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Қаскелен қаласында, Абай атындағы 4-мектепте оқиды.

Әлішер Мұхтарұлы

Туған күні: 10 қаңтар, 2000 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге кеген.

Алматыдағы заң колледжінің 2 курс студенті.

Айдын Жұмахан

Туған күні: 29 мамыр, 1998 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге кеген.

Әуе академиясының (Авиацонная академия) 1 курс студенті.

BN – «Вest Nation»

– BN – біздің оқырмандарымыз үшін жаңа есім. Өздеріңіз туралы толық айтып беріңіздерші…

– Тобымыздың құрылғанына 1 жыл болды. Продюсеріміз – Еркебұлан Молдашов – өзіміздің ағамыз. «Достар pro» орталығын жүргізіп отыр. Бүгінде өзіміздің ғана емес, өзге эстрададағы ағаларымыздың бейнебаяндарын түсірген. Барлығымыз ауылды4 шаңына шашалып, топырағына аунап, асық ойнап, доп теуіп, мал бағып, қой-кезекте жүріп өскен балалармыз әрі үшеуміз – бауырлармыз. Бір-біріміздің ата-аналарымызды «мама, папа» деп атап кеттік. Себебі, оңтүстік астанамызда бірнеше жылдан бері бір нанды бөліп жеп жүргендіктен туысқан емес, туған бауырлардай болып кеттік.

– Сонда топтың атауы қандай мағына береді?

– Әуел баста «Вest Nation» болып шығамыз деп ойлағанбыз. Мағынасы «үздік ұлт» дегенге саяды. Алайда көпшіліктің есінде қалу үшін басқаша атау ойластыру керек болған. Сөйтіп әріге бармай-ақ осы атаудың қысқарған нұсқасын алдық. BN – «Вest Nation».

– Қоржындарыңызда қанша ән, қанша бейнебаян бар?

– Қоржынымызда 13 ән мен 5 бейнебаянымыз бар, әндеріміздің тек 8-9-ы ғана ғаламторда таралған. Студияда жаңа бірнеше әндеріміз дайын тұр.

– Аз ғана уақыттың ішінде инстаграмм желісінде сіздерге жазылушылар көбейді. Оның сырын немен түсіндіруге болады?

– Иә, біздің негізгі парақшамызға күніне 200-дей адам жазылады екен. Аудиториямыз – мектеп оқушылары мен студент жастар. Бір рет өнер көрсетіп кеткен жерімізде көрерменнің көңілінен шығып жатқанымыздан болар, нақтысын білмейміз, инстаграмм желісінде жазылушылар  саны артып келеді. Түрлі жылы лебіздер жазылып та, айтылып та жатады. Біз ондай кездері жүрегіміз жарылып кетердей қуанамыз (күлді), бірақ үнемі өз-өзімізді қамшылап, ары қарай әдемі дүниелер шығаруға еңбек етеміз. Себебі,    ауыз толтырып айтатындай үлкен дүние әлі жасамадық, тек қана бейнебаяндарымызды айта аламыз. Дегенмен бізде сұраныс болмаса, шақырту да болмас еді, тіпті сіз де сұхбат алайық деп хабарласпас едіңіз. Біз нәтиже үшін жұмыс істейміз.\

Нәтижемізбен жауап бергіміз бергіміз келеді

– Небәрі бір жылдың ішінде 5 бейнебаян түсіру екінің бірінің қолынан келмейді…

– Қаражат жағын сұрағыңыз келіп отырған шығар. Негізі бізде ақша жоқ (күліп).  «Достар pro» орталығы өзіміздің Еркебұлан ағамыздікі. Қолда бар болғандықтан, неге пайдалы дүние шығармасқа?!. Режиссер, сценарист, оператор, локацияның барлығын өзі шешеді. «Wake up» деген студиода Эдик деген жігіт стилистикамызға, Андрей хареографиямызға, Лиза есімді апайымыз вокал жағынан көмектеседі. Байқап отырсаңыз біздің жұмыс істейтін тобымыздың барлығы бір-бірімен етене араласатын достар. Айналамызға сондай еңбекқор, адамгершілігі жоғары адамдар жиылыпты. Аллаға шексіз шүкіршілік етеміз.

– Эстрадамызда әншілер де, ән де көп. Немен ерекшеленеміз деп ойлайсыздар?

– Ерекшелену туралы ойламаппыз. Басы артық, қазаққа жат дүние жасағымыз келмейді. Біздің ерекшелігіміз болса – тұрақтылығымызда, туыстығымызда болар (жымиып). Туған ағайындылар болғаннан кейін біздің шашырап кетуіміз мүмкін емес. Бауырлардың бірігіп, ажырамай жүргенін көріп, барлығы үлгі алса дейміз… Не нәрсеге шамамыздың жететінін білеміз. Барлық концерттерде тек жанды дауыспен ән саламыз.  Жаман нәтиже көрсетіп жатпаған сияқтымыз. Бірлі-жарым қателер кеткен шығар, онсыз тағы болмайды ғой. Тыңдармандар, көрермендер өзіне керегін алады емес пе?! Көштің алдында да емес, артында да емес, ортасында жүргізіміз келеді.

– Әдетте жаңа топты өзге топтармен салыстыру жүреді. Сіздерді кімдермен салыстырады?

– Көбісі «91»-мен, Рензомен салыстырып жатады. Рас, олардың әндірін тыңдаймыз, өздерін сыйлаймыз. Бірақ  бізде ұқсастық жоқ. Әркім өз соқпағымен жүреді, біз өзімізді ешкіммен салыстырмаймыз. Құрылған кезімізде біздің тарапымызға көп әңгімелер айтылды… Өзгелердің пікіріне қатты қапаланбаймыз, керек нәрсені алып, керек емесін ысырып отырамыз. «Ит үреді, керуен көшеді» деген қазақта сөз бар ғой. Кім не десе де, нәтижемізбен жауап бергіміз келеді.

– Қайырымдылық кештеріне жиі барасыздар ма?

– Қайырымдылық кештерден қалмаймыз. Уақыт болса деп емес, қандай қарбалас шаруа болса да, уақыт тауып барамыз.

– Әнді кім таңдайды? Өздеріңіз бе, әлде…

– Әнімізді продюсеріміз таңдап, өзіне ұнағанын бізге жібереді. Оның ұсынғандары көңілімізден шығады. Сөзді үнемі Ринат Заитов пен Бағдаулет Арыстан деген ағаларымыз жазып береді. Ал ән жағынан  әртүрлі композиторлармен жұмыс істейміз.

– Бос уақытта немен айналысасыздар?

– Біз бос уақытымыздың барлығын дайындық кестесімен толтырып тастағанбыз. Вокал, би, актерлік шеберлік сабақтарын аламыз.

– Қандай армандарыңыз бар?

– Арманымыз кө-ө-п. Джах Халибпен дуэт айтсақ дейміз… Сахнада тек ән салатын БН тобы деп емес, өмірдегі адамгершілігімізді, қарапайымдылығымызды, еңбекқор болмысымызды, жанашырлық танытып жүретін ақкөңіл қыз-жігіттер деп қабылдаса екен дейміз.

– Қандай жоспарларыңыз бар?

– Жоспарларымыз дәл біз ойлағандай орындалып жатыр. Әу бастан аудиториямыз  мектеп оқушылары мен студенттер болады деп жоспарланған. Біз өз тыңдармандарымызбен өсеміз. Тақырыптарымыз «мектеп – студент – өмір – махаббат»,  т.б. тізіммен жалғаса береді.   Жақында мектеп бітіру кештеріне шақыртуларды көптеп алып жатырмыз. Тюрквижнға қатысу ойда бар. 19-ы Ақтауда, 20-ы Ақтөбеде жеке концерт береміз, 25-і Шымкентке барамыз.

– Алда BN тобынан не күтеміз?

– Бұйырса біздің топтан кино күтіңіздір. Басты рөлде – үшеуміз. Қыркүйек айында сьемка басталса, 2018 жылы көктемде шығып қалар. 16-ы күні «Бір сен» деген әнге бейнебаян түсіріп бастаймыз.

Еркебұлан Молдашов, BN тобының прдюсері:

«Біреулердің алдына барып, топты ұсынып, сұғанақтанып көрген емеспін. Ондай болмайды да. Ешкіммен ісі жоқ, шығармашылығын шыңдап қана жүретін аға-әпкелерін үлгі етіп отырамын. Альбина пианиноға, Әлішер Баскетболға, Айдын таэквондоға барып жүр. Бізде қазір толықтай киноға дайындық жүріп жатыр. Сабақтан қалдырмаймын: сьемкаларды, хореография мен вокалдың барлығын оқудан  тыс уақытқа қоямын. Үлгерімдері жақсы.  Болашақта  «өзіміз жұмыс істейміз» дейтін уақыт келеді, сол кезде жүрген жерінде абыройлы болуы керек деп ойлаймын.

– Жылы сұхбаттарыңызға рақмет! Армандарыңыз орындалсын!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

 

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/feed/ 0
Мақпал Исабекованың жаңа бейнебаяны жарық көрді https://juldyz.kz/2017/06/29/maqpal-isabekovanynh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/ https://juldyz.kz/2017/06/29/maqpal-isabekovanynh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/#respond Thu, 29 Jun 2017 08:40:52 +0000 http://juldyz.kz/?p=11483 27 күні youtube желісінде әнші Мақпал Исабекованың жаңа бейнебаяны жарық көрді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Бейнебаян «Шын сүйемін сені» әніне түсірілген.

]]>
https://juldyz.kz/2017/06/29/maqpal-isabekovanynh-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/feed/ 0
«Қоңыр» тобының экс-мүшесі Жазира Қошанова қайда жүр? https://juldyz.kz/2017/06/29/qonhyr-tobynynh-eks-mushesi-zhazira-qoshanova-qajda-zhur/ https://juldyz.kz/2017/06/29/qonhyr-tobynynh-eks-mushesi-zhazira-qoshanova-qajda-zhur/#respond Thu, 29 Jun 2017 05:16:56 +0000 http://juldyz.kz/?p=11480 «Қоңыр» тобының бұрынғы әншісі Жазира Қошанова қазір Малайзия елінде өзін моделдік қырынан танытып жүр. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Малайзия еліндегі қазақ журналисі Талғат Қалжан өзінің инстаграм парақшасында былай дейді:

Таныдыңыздар ма?! Ия, ия «Қоңыр» тобының экс-мүшесі Жазира Қошанова. 10 жыл қазақ саxнасында миллиондаған көрермен көзайымына айналған қыздарыңыз, бүгінде Малайзияның подиумын бағындырып жүр екен. Куала-Лумпур қаласында өткен «RUNWAY FENOMENA AIDILFITRI 2017» сән апталығындағы шоуда жүз модельдің ішінде жалғыз «қазақ» қызын көргенде марқайып қалады екенсің. Барлығынан ең тартымды, жүзі жылысы Жазира болып көрінді 🙂 @zhazira_koshanova Қандас әрі бауыр болған соң ба, бір бүйрегің бұрып тұрады екен. Подиумға шыққан сайын тақымыңды қысып отырасың 🙂 Оның үстіне кей модельдер биііік тақаларын бағындыра алмай, саxнада бірнеше рет шалқасынан түскенін көргенде үрейлендім. Қыздарыңыздың жағдайы жақсы, аздап елге,туған-туысқа деген сағынышы бар екенін айтты. Қылығына қырық жігіт жылқынсада, сыр бермеген бойжеткен сол қалпында. Сыпайы, етек жеңі ұзын киіммен өнер көрсетті. Уақыттың аздығынан ұзақ тілдесе алмадық. Дегенмен, алдағы уақытта жаңалығымен бөлісіп, видео арқылы сіздерге сәлемдеме жолдауға уәде берді. Ендеше, сұрақтарыңызды жолдай беріңіз. Келесі кездескенде міндетті түрде сұхбаттасып, сауалдарыңызға жауап алуға тырысамын.

#fotoshoot #foto? #model #modellife #malaysia?? #malaysiafashion #kualalumpur #kuala_lumpur ??

A post shared by @zhazira_koshanova on

]]>
https://juldyz.kz/2017/06/29/qonhyr-tobynynh-eks-mushesi-zhazira-qoshanova-qajda-zhur/feed/ 0
Әсет Есжан, әнші, актер: Жеке өмірімнің құпия болғанын қалаймын https://juldyz.kz/2017/06/14/aset-eszhan-anshi-akter-meninh-patriottyghym-dur-qamshynynh-qajyrmasy/ https://juldyz.kz/2017/06/14/aset-eszhan-anshi-akter-meninh-patriottyghym-dur-qamshynynh-qajyrmasy/#comments Wed, 14 Jun 2017 04:09:04 +0000 http://juldyz.kz/?p=10053 Әсет Есжан – әнші, актер. «Дүр қамшы», «Раушан гүл», «Қасымда бол, айым», «Ол кім?», «Нәзігім, еркем», «Жыламасын сәбилер» атты тыңдарман көңілінен шыққан сырлы әндердің орындаушысы. 2005-2008 жылдар аралығында, Т.Жургенев атындағы ҚазҰӨА колледжінде,  2008-2011 жылы Т.Жургенев атындағы өнер академиясын, «театр және кино актері» мамандығы бойынша тәлім алған. Бүгінде Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында актер әрі Т.Жургенев атындағы ҚазҰӨА колледжінде ұстаздық етеді. Әншімен аз-кем  әңгімелесудің реті келген-ді. Juldyz.kz назарларыңызға ұсынады.

– Өнер адамынан бірінші кезекте шығармашылығын сұраған дұрыс шығар. Қандай жаңалықтарыңыз бар?

– Жаңалық көп. Музыкалық продюсерім – Ұщқын Жамалбек. Бірнеше әндер жаздырдық, бейнебаяндар түсірдік. Биыл өзімнің сабақ беретін группам бітіреді: 30 мамыр мен 1 маусым күні Рейконидің «Мани-мани» деген қойылымын қояды. Сол қойылымды дайындап жатырмыз. Қазір екі әнім жазылу үстінде. Тіпті дайын болды деуге де болады. Бірақ уақыттың тапшылығынан және тамағымды ауыртып алғандықтан аз ғана уақытқа шегеріп отырмыз. Ал халыққа ұсынған соңғы дүние, өздеріңіз білесіздер – Сәкен ағамызбен шыққан «Жыламасын сәбилер» әні мен бейнебаяны.

– Осы әніңіздің шығу тарихы қандай?

Көрермендерге бір пайдасы тисе екен, өнерім арқылы бір тәлім алса екен деген мақсатпен бір жыл бұрын «Жыламасын сәбилер» әнін жаздырған болатынмын. Сол кездері тастанды балалар көбейіп кеткен еді: аялдамаға, трассаның бойына, дәретханаларға… Айтуға қорқынышты. Бірде Ұшқын «Жыламасын, жыламасын сәбилер» деген жерін ыңылдап айтып отырған, содан осындай ән жазу идеясы келді. Сөзін туған ағам – Мұрат Есжан жазды. Қазір осындай әндерді адамдардың қабылдау деңгейі қандай деген сұраққа жауап іздедік және шабар жері қалай болады екен деп ойландық. Көрінген адам ыңылдап айтып кетеді деп айта алмаймын, біз әуел баста-ақ ондай болмайтынын білдік.

– «Жыламасын сәбилер» әнін Сәкен ағамен қайта айтып шығуыңызға не себеп болды?

«Асыл арна» көрсеткен «Шатқал» деген қысқаметражды фильмдегі үш басты кейіпкердің бірін сомдаған едім. Сәкен ағам содан және «Раушан гүл» деген әннің орындаушысы ретінде сырттай біледі екен. Театрдың 70 жылдығына қонақ ретінде шақырылған. Сол күні мен дәлізден өтіп бара жатқанда ағамызды көріп қалып амандасып едім, «Өй, Әсетжан, қалың қалай? Көріп жүрмін, өзіңнің көзіңше репост жасайыншы. Мәшинеде «Жыламасын сәбилер» әнін күнде тыңдап жүрмін» деді. Содан мен Ұшқынға барып, Сәкен ағаға әннің ұнағанын айттым. Менің ғана аузымнан таралғаннан көрі, Сәкен ағамен айтып таратсақ өтімдірек болар деген ой келді. Жасыратыны жоқ, танылу үшін де керек қой бұндай дүниелер. Бірақ менің – мақсатым осы әннің өзін тыңдарманға жеткізу болды. Сәкен ағаға ұсыныс тастадық. Клиптің сценаристі әрі режиссері – досым, бауырым Мерей Маханов. Қайта өңдеген Бауыржан Бакиров деген жігіт. Не керек, бәрі аянбай қызмет етті. Жаман дүние шықпаған сияқты. Осы бейнебаян арқылы қаншама адамның батасын алдық. Ал ән біраз жерге жетті, мақсатын орындады.

– Жалпы сіздердің жұмыс процестеріңіз қалай жүреді? Продюсеріңіз бар ма?

Музыкалық продюсер дегеніміз – сенің не айтатыныңды, қандай ән айтатыныңды, стиліңді, орындауыңдағы кемшіліктеріңді, барлығын қадағалайтын адам. Ал продюсер дегеніміз – сені сатушы, белгілі бір концерттерге шығарушы, киім беруші, жалпы барлық жағынан сені қамтамасыз етуші. Мерей Маханов, Олжас Абай және Ұшқын үшеуі «Үгәй» деген дүние құрсақ деген ойда жүргенде, сол ортаға мен де кірістім. Бір орталық құрдық деп айтуға болады. Бас продюсеріміз – Ұшқын. Бәріміз соның айтқанына қараймыз. Ешкім ешкімге бұйрық бермейді, бір үйдің баласындай жұмыс істейміз. Тек бір-бірімізге ұқсап кетпеуіміз керек деген қағидамыз бар. Себебі,  үшеуміз де бір жерге барған кезде ата-апаларымыз да, жастар да, шет елге құмартып жүргендер де тыңдайтындай дүние болса дейміз. Ең бастысы – сапа бар деп ойлаймын.

– Махаббат тақырыбындағы әндеріңіздің өзінен рухты жігер сезіледі…

Өнерде жүргендіктен ғана емес, азамат ретінде ел үшін пайдалы болуды мақсат еттім. Ең бірінші ән әлеміне Ұшқын бауырым ұсынған «Дүр қамшы»-мен қадам бастым. Әннің сөздері ауырлау болды ма, білмеймін, бейнебаян түсірейік дегенде телеарналар алмайтын болып шықты. Радиоарналардың өзі басында қорқып бере алмай жүрді. Бірақ шығатын дүние түбінде шығады екен. Қанат ағамызға қатты ұнап, сол кісінің өзі-ақ біраз жерге жеткізді. Ол ән жақсы таралып кеткеннен кейін ары қарай махаббат тақырыбына да әндер жазылды. Дегенмен әр адамның өзіндік стилі мен ұстанымы бар ғой. Ұшқынға әу бастан-ақ табиғатыма патриоттық әндер жақын екенін жеткіздім. Менің әр әнімді өзімнің стиліме икемдеп беріп жатыр. Сол үшін қуанамын.

– Жеке өміріңізде қандай жаңалығыңыз бар?

Жалпы менің жеке өмірімнің құпия болғанын қалаймын. Кейбіреулері жұбайларын жасырып жатады… Менің ұстанымым басқа. Қыздар шуылдап, күні-түні маза бермей жатыр деп айта алмаймын. Мен үйленсем, үйленгенімді жасырмаспын, бірақ әйелімді жарнамаламайтын да едім.

– Ал сіздің жұбайыңыз қандай болуы керек?

Еркек қантты ұстап тұрып, бұл тұз десе, ол тұз болуы керек. Осыған көнетін адам болуы керек. Алла қаласа, болады да. Үйде еркек еркек болмаған, әйел әйел болмаған жерде, елдің туын ұстайтын намысты ұл, ұлтты тәрбиелей алатын ақылды қыз шықпайды деп ойлаймын. «Жұбайыңыздың өнер адамы болғанын қалайсыз ба?» деп көпшілік сұрап жатады. Өнер адамы болса болатын шығар, бірақ менің соңымнан ерген күннен бастап, өзінің өнер адамы екенін ұмыту керек (күліп). Бәлкім менікі қызғаныштан шығар. Себебі, Пайғамбарымыз «Әйелдеріңді қызғанбағандарың бізден емессіңдер» дейді. Анам күліп «Әй саған есі дұрыс қатын тимейді-ау» деп те қағытып алады. Сөздің шыны керек, театрдың өзі жылына екі рет гастрольге шығады. Сонда мен бір жылдың екі айында үйде жоқпын. Ал басқа күндері таңертең репетиция, түстен кейін сабақ, кешке спектакль, спектакльден кейін студияға барасың, осылай шапқылап жүгіріп жүргеніңде, жұбайыңда да осындай график болса, онда сенің жазып жүрген әнің, айтып жүрген патриоттығың, дәріптеп жүрген тірлігіңнің барлығы нөлмен тең емес пе?!.

– Қанша рөл сомдадыңыз?

Көп…

– Өз рөліңізді таптыңыз ба?

Актер «мен өз рөлімді таптым» десе, ол – оның біткен жері. Мен Тұңғышбай ағада оқыдым, «театр», «актер» деген ұғымға көзімді ашқан сол кісі. Әрбір рөлден характер жасауды үйрендім. Театрға алғаш кірген кезде «Қара шекпен» қойылымынан шопанның рөлі бұйырды. Қатты салмақ салмадым. Өзіміз ауылда өскендіктен, жанбасымызға да келген сияқты. «Ромео-Джульетта» деген қойылымда Меркуцио болып ойнаймын. Ол – Ромеоның досы,  наркоман, ішкіш, өмірге басқаша көзбен қарайды. Жақында театрда жаңалықтар болады. Мәселен, «Базарың тарқамасын» деген жаңа қойылымда Естайдың рөлін сомдаймын. Әнші Естайдың образы менің болмысыма келеді. Одан кейін Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» деген шығармасының желісі бойынша «Сең» деген қойылымдағы кейіпкерім мүлдем бөлек болады.

 

– Өз сөзіңізде «болмысыма келетін образ» деп айтып қалдыңыз… Болмысыңыз қандай?

Қарапайым. Балалық шағымда жегім келгенді жеп, ішкім келгенді ішіп, кигім келгенді киіп өскен жоқпын. Әке-шешемнің мені дискотекаларға жібермей, сабақтан 15 минутқа кешігіп келгеніме ұрысып, тәртіпке баулып өсіргендерінің арқасы, мен қазір әр қадамымды аңдып басамын. Ойланып басамын. Содан кейін, достарымның айтуынша, өмір сүруге аздап икемді сияқтымын (күліп).

– Ең қуанған және ең мұңайған күніңізді есіңізге түсіріңізші…

Менің әр күнім – ЕҢ деген қуанышты күн сияқты. Өйткені қайғыратын нәрсе жоқ, Аллаға шүкір. Мен – реалист адаммын. Бір нәрсе дұрыс болмады ма, демек ол солай болуы керек. Ысыра саламын. Өйткені «әр нәрсенің артында қайыры бар». Оған тұңғиыққа батып, қайғырмаймын. Болмай қалған дүниенің қайта маған пайдасының көп болатындығына талай көзім жетіп жүрді.

– Қолдаушыңыз кім?

Ата-анам. Өте қатты қолдайды. Үлкен ағам өз отбасымен Америкада оқып жатыр. Мен мұнда жүрмін, қарындасым Елриза ҚазҰУ-да оқиды. Үшеуміз де қалаға жетінші сыныпты бітіріп келгенбіз. Қазір ауылда екеуі ғана тұрады. Негізі мен үйленіп сол жақта тұруым керек қой… Бірнәрсе істеу керек болса, әкем хабарласады да мән-жайды айтады. «Әке, мен репетицияда едім» десем, «болды онда жұмыстарыңды бітір, мен басқа адам табамын» дейді. Бұдан асқан қандай қолдау керек? Екінші қолдаушым – менің достарым. Шүкір.

– Өнердің биік шыңына жету үшін қандай қасиет керек деп ойлайсыз?

Шыдамдылық, қайтпайтын мінез.

 

–  Өз принципіңізге қаншалықты беріксіз? Ойыңыздан бас тартқан кезіңіз болды ма?

95 пайыз принципіме берікпін деп айтуға болады. Мен үшін өзімнің принципім маңызды. Көп сөзді  ұнатпаймын. «Көреміз, болса боп қалар» деген сөздерді қолданбаймын. Не бар, не жоқ.

– Көпшілсіз бе?

Өте көпшілмін. Кейде жалғыз өзім Медеуге кетіп қалатын кездерім болады… өмірімді сарапқа салу үшін ғана. Бірақ өз-өзіме демалыс жариялап, үн-түнсіз жоғалып кететін адам емеспін.

– Үлгі тұтатын адамыңыз кім?

Өмірде – әкем, өнерде – Тұңғышбай ағам.

– Өзіңіз жеңе алмай келе жатқан қандай қасиеттеріңіз бар?

Көп негізі… Театрда болсын, басқа жерлерде болсын, мені сыртымнан көрген адамдар ашық-жарқын, сабырлы, мейірімді деп ойлайды. Ондай қасиеттерім де жоқ емес шығар. Бірақ тез ашуланамын және сол ашу кезінде шешім қабылдап қоямын. Артынан соған өкініп отырамын. Жеңе алмай келе жатқан дүниелердің бірі – осы.

– Өз әндеріңізді қаншалықты жиі тыңдайсыз?

Ән шығып, оранжировка дайын болғаннан кейін оның өзіме сіңуі үшін кемінде бір апта тыңдауым керек. Шыға салып ән жаздыруды қаламаймын.

– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Айдар Шәрібаев бауырымның жаттығу залында дайнадаламын. Өзіміздің театрдағы футбол және волейбол құрамаларында бармын.

– Танымалсыз ба?

Жоқ. Бірақ танымал болғым келеді – сөзімді өткізу үшін, ұстанымымды көрсету үшін. Ойлаған арман-мақсаттарыма ақырындап келе жатқан сияқтымын. Мен қанағатшыл адаммын, өз тағдырыма ризамын!

– Патриот болу дегеніміз не?

Бұл – өте ауқымды ұғым. Рас, әркім әртүрлі түсінеді. Менің патриоттығым «Дүр қамшының» қайырмасы: «Қазақ боп туғансың, қазақ бол өлерде».

Мұхамеджан ағамыздың жақсы сөзі бар «Бомбының емес, қоңыраудың дауысынан оянуды жазсын». Еліміз аман, жұртымыз тыныш, амандық болсын тек қана!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

]]>
https://juldyz.kz/2017/06/14/aset-eszhan-anshi-akter-meninh-patriottyghym-dur-qamshynynh-qajyrmasy/feed/ 1
Кентал жаңа бейнебаянын ұсынды https://juldyz.kz/2017/05/24/kental-zhanha-bejnebayanyn-usyndy/ https://juldyz.kz/2017/05/24/kental-zhanha-bejnebayanyn-usyndy/#respond Wed, 24 May 2017 07:21:43 +0000 http://juldyz.kz/?p=10612 Қалың көпшілікке «Бірлік болсын әлемде» атты әнімен танылған әнші Кентал тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты.

Бейнебаянды көрген көпшілік оның мағыналы әрі әсерлі шыққанын, тіпті кейбірі көздеріне жас алғанын да жеткізді.

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/24/kental-zhanha-bejnebayanyn-usyndy/feed/ 0
70-мерейтойлы Канн фестивалі және Димаш Құдайберген https://juldyz.kz/2017/05/18/70-merejtojly-kann-festivali-zhane-dimash-qudajbergen/ https://juldyz.kz/2017/05/18/70-merejtojly-kann-festivali-zhane-dimash-qudajbergen/#comments Thu, 18 May 2017 10:15:22 +0000 http://juldyz.kz/?p=10424 Францияда 70-Канн фестивалі басталды. Әлем көз тіккен дүбірлі шара өз жұмысын бастап, әлемдік жұлдыздар қызыл кілеммен жүріп өтті. Канн фестиваліне Джессика Честейн, Педро Альмодовар, Паоло Соррентино, Уилл Смит, Моника Беллуччи, Белла Хадид, Лили-Роуз Депп, Джулианна Мур, Ума Турман, Эмили Ратаковски, Робин Райт, т.б. аңызға айналған тұлғалармен қатар, қазақ әншісі Димаш Құдайберген де қатысуда.  Бұл туралы juldyz.kz сайты massaget  порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестивальдің сәреттері мен  видеолары әлеуметтік желілерде тарап та үлгерді:

Кеш жүргізушісі – Моника Белуччи

 

 

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/18/70-merejtojly-kann-festivali-zhane-dimash-qudajbergen/feed/ 1