Әміре Қашаубаев — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 26 Apr 2019 11:20:26 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 «Ән айту қолымнан келеді» — Санжар Мадиев http://juldyz.kz/2016/11/04/an-ajtu-qolymnan-keledi-sanzhar-madiev/ http://juldyz.kz/2016/11/04/an-ajtu-qolymnan-keledi-sanzhar-madiev/#respond Fri, 04 Nov 2016 11:18:31 +0000 http://juldyz.kz/?p=3269 Актер Санжар Мадиев өз жаңалығымен бөлісті. Ол әншілікке бет бұрмақ.

Естеріңізде болса, белгілі әнші Әміре Қашаубаев жайындағы фильмде Санжар Мадиев басты рөлді сомдаған болатын. Қазіргі уақытта кинотуындының түсірілім жұмыстары аяқталған. Бұл туралы актер:

«Түсірілім жұмыстары аяқталды. Қазір монтаждалу үстінде. Түсінгенім бойынша монтажын Америкада жасайдыФильмнің 5 пайызы ғана қазақша. Негізінен, ағылшын тілінде түсірілді. Менің кейіпкерім өзінің туыстарымен, жерлестерімен ана тілінде сөйлессе, ал қалғандарымен ағылшынша тілдеседі«, — деді.

Айта кетейік, фильмде Санжар ән салатын эпизод бар. Бұл рөл Санжарға қатты әсер еткен секілді. Өйткені, актер әншілікке бет бұруды ойластырып жүр.

«Көреміз. Жақын арада мен бір ән жазармын. Оны сіздердің арналарыңыздан көрсетеді деп үміттенемін. Өз-өзіме бейнебаян түсіремін. Аздап қолымнан келеді«,- деді Санжар Мадиев «Гәкку» телеарнасына берген сұхбатында.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/04/an-ajtu-qolymnan-keledi-sanzhar-madiev/feed/ 0