айтыскер — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Wed, 24 Jan 2018 17:56:00 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.5 Айнұр Тұрсынбаева: «Неге мен осындаймын, қашан жиналамын» деген ойлар жеп барады http://juldyz.kz/2017/09/20/ajnur-tursynbaeva-nege-men-osyndajmyn-qashan-zhinalamyn-degen-ojlar-zhep-barady/ http://juldyz.kz/2017/09/20/ajnur-tursynbaeva-nege-men-osyndajmyn-qashan-zhinalamyn-degen-ojlar-zhep-barady/#respond Wed, 20 Sep 2017 08:57:32 +0000 http://juldyz.kz/?p=12864 Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер-ақын:

О бастан негізі алаңғасар адаммын… 🙄 Өмірі ақша жоғалту, багажды көрінген жерге тастап кету, самолеттен қалып кету, басқа машинаға мініп кету деген мен үшін қалыпты жағдай болып қалды… 😡Осыдан 6-7 жыл бұрын-ау деймін, бір адамға қарыз болып қалдым.. Содан сол ақшамды салып алып қарызымнан құтылайыншы деп бара жатқанмын, жолдан дүкенге кірдім, тағы бір жерге кіріп су алдым, қойшы әйтеуір жақындаған кезде қарасам әмияным жоқ! 😩
Құдай-ау, өзімнің сонша салғырттығыма күйіп кеткеннен көзімнен жасым атып шықты.. 😭(Содан 1-ақ ай бұрын тағы бір кошелек жоғалтқанмын).. Содан мазам қашып үйге келдім де, жатып қалдым… «Неге мен осындаймын, қашан жиналамын» деген ойлар жеп барады… 😰Содан бір кезде есіме Балғынбек түсті, бірден звондадым, «Балғынбек, мен кошелек жоғалттым, ақша, документ бәрі кетті, сен енді жақында Меккеден келдің ғой, дінді жақсы білесің, сабырға келе алмай тұрмын, қандай сүре оқысам болады, мынау ақшасы құрғыр жүрегіме түсіп кеткен ғой деймін» деп жынданып тұрып айтқанмын ғой, сөйтсем ол «Тәәәк, қанша ақша бар еді сонша?» деді, «5 мың доллар😭» деп бақырып жібердім… Балғынбек саспайды «Сен былай жаса Айнұр, жүрген жерлеріңе барып жақсылап ізде ол ақшаны, қайтсең де тап, сөйтіп маған срошно 2 жарым мың долларды салып жіберші» деееп тұр сволыш… 😡😡 (Ол кошелек табылмады ақыры).

Фейсбук парақшасынан.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/20/ajnur-tursynbaeva-nege-men-osyndajmyn-qashan-zhinalamyn-degen-ojlar-zhep-barady/feed/ 0
Айнұр Тұрсынбаева: Саят екеуміздің арамызда ешнәрсе жоқ http://juldyz.kz/2017/09/10/ajnur-tursynbaeva-sayat-ekeumizdinh-aramyzda-eshnarse-zhoq/ http://juldyz.kz/2017/09/10/ajnur-tursynbaeva-sayat-ekeumizdinh-aramyzda-eshnarse-zhoq/#respond Sun, 10 Sep 2017 17:50:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=12525 «Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен актер Саят Исембаев екеуі көңіл жарастырып жүр». Бұл желілерде тарап кеткен әңгіме. Соған байланысты, бұның рас-өтірігін айтыскер «Ел аузында»  бағдарламасында жауап берген екен. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

А.Тұрсынбаева Саят Исембаевпен Қытайда танысқандығын және оған дейін тек сырттай ғана киножұлдыз ретінде білетіндігін жеткізген.  Саят мырзаға қатты сүйсінгендігін айтып, желілерді сол үшін жүктегендігін айтып берді.

Еске сала кетейік, Саят Исембаев – «Рекетир» фильміндегі Саянның рөлін сомдаған актер.

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/10/ajnur-tursynbaeva-sayat-ekeumizdinh-aramyzda-eshnarse-zhoq/feed/ 0
Нұрсұлтан Есжан: «Бибігүлді кішкентай қызым сияқты еркелетемін» http://juldyz.kz/2017/04/29/nursultan-eszhan-bibiguldi-kishkentaj-qyzym-siyaqty-erkeletemin/ http://juldyz.kz/2017/04/29/nursultan-eszhan-bibiguldi-kishkentaj-qyzym-siyaqty-erkeletemin/#respond Fri, 28 Apr 2017 19:39:29 +0000 http://juldyz.kz/?p=9619 Белгілі теле-радиожүргізуші, актер Нұрсұлтан Есжан жақында шаңырақ көтеріп, отбасына келін әкелгені дүйім жұртқа аян. Жары – Бибігүл Тлеболдинова – орамды ойларын ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген айтыскер-ақын. Хош, бойдақтықпен қош айтысқан Нұрсұлтанмен сүйіктісі екеуінің «махаббат хикаясы» жайлы аз-кем әңгімелесудің реті келді.  Juldyz.kz  сұхбатты назарларыңызға  ұсынады.

– Нұрсұлтан, жұбайыңызбен жарасымды жұп екендеріңізді оқырмандарыңыз жарыса жазып жатыр… Ал өздеріңіз қалай, қашан таныстыңыздар?

– Негізінде өзіме адал жар болатын қыз іздеп жүрген кезім… Бір күні жұмыста отырғанымда, ауылдан әжем мен анам хабарласып «Айтыс көріп жатырмыз, Бибігүл Тлеболдинова деген қыз ұнап жатыр» деді… Екеуміздің де өнерде, телевизия саласында жүргенімізді айтып, осы қызды іздеп-тауып, танысып көрсінші деген әжемнің тілегі болған екен. Анам екеуінің ойлары бір жерден шығып, маған қоңырау шалып жеткізді. Жұмыста отырғандықтан дұрыс қабылдамағаным анық. Жай ғана «жарайды» деп қоя салғанмын. Кейіннен анам өзі Бибігүлдің ВК және инстаграм желісіндегі парақшаларының сілтемесін жіберді. Көрдім. Әлеуметтік желі арқылы сөйлестік. Ұнады. Әңгімесі түзу, түр-сымбаты келіскен қазақтың өнерлі қызы. Бір ай сөйлесіп, кездескеннен кейін сөз салдым, қыз бен жігіт болып бір жыл жүрдік.

– Махаббат деген сезімнің ұшқыны қашан пайда болды, әлде бір көргеннен ғашық болдыңыз ба?

– Жо-о-қ… Махаббат бірден пайда болған жоқ. Жар болатын қыз екендігіне көзім түскен соң, жоғарыда айтқанымдай, бір айдан кейін-ақ сөз салғанмын. Достарыма да, туған-туыстарыма да көрсетіп жүрдім. Қарым-қатынасымыздың екінші-үшінші айында Бибігүл үш-төрт күнге шет қалаға кететін болды. Ол кеткеннен кейін қатты іздедім, сағындым, оған шынымен ғашық екенімді сол кезде түсіндім. Кейіннен сәл ренжісіп қалсақ, жүрегім ауырып, тезірек ренішін басуға тырысатын болдым…

– Қарым-қатынастарыңыз қалай өрбіді?

– Жалпы Бибігүл менің қызым сияқты. Қатты еркелейді. Мен еркелетемін, аялаймын. «Кішкентай қызыма» қалаған нәрсесін алып беремін, қалаған жеріне алып барамын. Бір-бірімізге деген сезімімізді жылы сөздерімізбен жеткізіп, жиі еркелеп тұрамыз.

– Жүрегіңіздегі бүр жарған сезімді қалай жеткіздіңіз?

– Халықтың көпшілігі біледі. Евгений Ожогин деген футбол жүргізушісі – менің досым. Ақылдасып, келісіп, бәрін дайындап, ұйымдастырып та қойғанбыз. Орталық стадионда Қайрат пен Тараз ойынының үзілісінде сөз салдым. Бибігүл аң-таң, өйткені  айтпағандықтан ол үшін бәрі тосын-сый болды.

– Қыз бен жігіт болып жүру мен жұбайлар болып жүрудің айырмашылығы көп шығар, иә? Қандай сезімдесіздер?

– Шынымды айтатын болсам, ондай бір айырмашылық жоқ. Бар өзгешелік: оны үйіме әкеліп алдым (күлді). Енді екеуміз – ерлі-зайыптылармыз. Көпшілік «қыз кезінде бәрі жақсы…» деп айтып, айыптап жатады. Мен үшін олай емес және болмайтын да шығар. Себебі, бізде сезім бар, сыйластық бар. Біз бір-бірімізді таңдадық. Аллаға шүкір, тойымыздың бәрін атқарып, демалысымызға барып қайттық. Қазір жұмыстарымызға кірісіп те кеттік. Бәрі ойдағыдай. Мың тәуба! Керемет сезімдемін.

– Бірге жаққан махаббаттарыңыздың алауы сөнбесін!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материал ішінен сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/29/nursultan-eszhan-bibiguldi-kishkentaj-qyzym-siyaqty-erkeletemin/feed/ 0
Серік Қалиевтің алғашқы шығармашылық кеші өтті http://juldyz.kz/2017/04/28/serik-qalievtinh-alghashqy-shygharmashylyq-keshi-oetti/ http://juldyz.kz/2017/04/28/serik-qalievtinh-alghashqy-shygharmashylyq-keshi-oetti/#respond Fri, 28 Apr 2017 04:53:55 +0000 http://juldyz.kz/?p=9549 27 сәуір күні Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты алғашқы әрі ауқымды шығармашылық кеші өтті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Ақын өлеңдерінен құралған композициямен шымылдығы ашылған кеш жыр-термелермен, әндермен  жалғасын тауып, соңы қазіргі айтыстың дүлдүлдері әрі С. Қалиевтің шәкірттері Серікзат Дүйсенғазин, Айнұр Тұрсынбаева, Ринат Зайытов, Сара Тоқтамысова, Рүстем Қайыртай және Шұғайып Сезімхандардың тартысты айтысына ұласты. Кеш жүргізушісі – ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан.

«Жасынның оты жанымда» кешіне жиналған халық терме-толғау, дәстүрлі ән, эстрада, лирика, би, балалар әндері сияқты бірнеше бағыттағы шығармаларды қатар тыңдады. Кеште ақынды құттықтап, шығармашылығынан ән, жыр-терме орындаған қонақтардың қатарында  Алтынай Жорабаева, Тоқтар мен Бейбіт, Гүлбаршын Тергеубекова, Сәкен Қалымов, Ерлан Рысқали, Ғани Мәтебаев, Мұратбек Сарбасов, Қанат Үмбетов бар.

Серік Қалиевтің ақындық өнерінен бөлек, орындаушылық шеберлігіне, сазгерлігіне куә болып қайтқан жұрт оған ризашылығын білдіріп тарап бара жатты..

Айта кетейік, Серік Қалиев – Қазақстан Жазушылар одағының, Айтыс ақындары мен термешілерінің Халықаралық одағының мүшесі, республикалық ақындар айтысының жүлдегері. «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» жыр-жинақтары мен «Жыр маржан» атты 10 томдық поэзия антологиясына топтама өлеңдері енген.

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/28/serik-qalievtinh-alghashqy-shygharmashylyq-keshi-oetti/feed/ 0