91 тобы — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 10 Sep 2018 16:35:30 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Ninety One жылдың ең үздігі тобы атанды http://juldyz.kz/2017/09/18/ninety-one-toby-zhyldynh-enh-uzdigi-toby-atandy/ http://juldyz.kz/2017/09/18/ninety-one-toby-zhyldynh-enh-uzdigi-toby-atandy/#respond Mon, 18 Sep 2017 10:38:14 +0000 http://juldyz.kz/?p=12773 Кеше MuzZone арнасының дәстүрлі түрде ұйымдастыратын ЕМА-2017 шарасы өтті. Бұл шарада жылдың ең үздіктері анықталады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Соның ішінде жылдың ең үздік «Boys Band» (жігіттерден құралған) тобы  болып  2015 жылдың бірінші қыркүйегінде алғаш сахнаға шыққан Ninety One  марапатталды.

Ninety One тобының репертуарындағы «Қалай қарайсың» әні  – жылдың ең үздік әні марапатына ие болды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/18/ninety-one-toby-zhyldynh-enh-uzdigi-toby-atandy/feed/ 0
Ninety One тобы «Қағаз кеме» атты сериал түсіреді http://juldyz.kz/2017/09/08/ninety-one-toby-qaghaz-keme-atty-serial-usynady/ http://juldyz.kz/2017/09/08/ninety-one-toby-qaghaz-keme-atty-serial-usynady/#respond Fri, 08 Sep 2017 04:32:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=12443 Ninety One  24 тамыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіліп келетін  өздерінің еңбек жолы жайлы фильмін ұсынған. Фильмнің көрсетілімі әлі жүріп жатыр. Дегенмен жігіттер демалмай, қайта бір сериал түсіріліміне дайындалып жатыр екен. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Жаңа сериалдың атауы «Қағаз кеме» аталады. Жақында ғана Ninety One тобымен бірге дайындалатын Пазл би тобының ресми парақшасында жаңа сериалға дайындық жасап жатқан кездерінен бір сурет жүктеді.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/08/ninety-one-toby-qaghaz-keme-atty-serial-usynady/feed/ 0
91 тобының сахнада жүргеніне екі жыл толды http://juldyz.kz/2017/09/02/91-tobynynh-sahnada-zhurgenine-eki-zhyl-toldy/ http://juldyz.kz/2017/09/02/91-tobynynh-sahnada-zhurgenine-eki-zhyl-toldy/#comments Sat, 02 Sep 2017 05:41:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=12266 Алғаш ә дегеннен бастап қалың көпшіліктің сынына ұшырап, бірден талқыға түскен және үлкен танымалдыққа космостық жылдамдықпен  қол жеткізген Ninety One тобының сахнада жүргеніне 2 жыл толды. Бұл туралы  juldyz.kz хабарлайды.

Бүгін!?Ninety one тобының туған күніне байланысты @ntk_channel телеканалы "Жұлдыздар шеруі" бағдарламасынан сағат 19:00-де #ninetyone фильмі туралы фильм көрсетіледі. Бұнда Тоқсан бір тобы үлкен кинодағы өздерінің алғашқы дебюттік рөлдері барысындағы қызықты әңгімелерімен бөліседі. Жіберіп алмаңыздар! ——————————————————————————— Сегодня!?В честь дня рождения группы Ninety One, на телеканале @ntk_channel в программе "Жұлдыздар шеруі" в 19:00 часов будет показан фильм о фильме #ninetyone , в котором ребята расскажут интересные истории о своей дебютной роли в большом кино. Не пропуститe!

A post shared by NINETY ONE official page• (@91ninetyone.kz) on

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/02/91-tobynynh-sahnada-zhurgenine-eki-zhyl-toldy/feed/ 1
Қазақ эстрадасына 91-ге ұқсас тағы бір топ қосылды http://juldyz.kz/2017/08/24/qazaq-estradasyna-91-ge-uqsas-taghy-bir-top-qosyldy/ http://juldyz.kz/2017/08/24/qazaq-estradasyna-91-ge-uqsas-taghy-bir-top-qosyldy/#respond Thu, 24 Aug 2017 17:12:49 +0000 http://juldyz.kz/?p=12028 Бүгін NEWTON  аталатын жаңа топтың алғашқы бейнебаяны Гәкку арнасынан көрсетіле бастады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/24/qazaq-estradasyna-91-ge-uqsas-taghy-bir-top-qosyldy/feed/ 0
NINETY ONE: Біздің фильм адамдарға өз-өзіне шекара қоймауға үйретеді http://juldyz.kz/2017/08/24/ninety-one-bizdinh-film-adamdargha-oez-oezine-shekara-qojmaugha-ujretedi/ http://juldyz.kz/2017/08/24/ninety-one-bizdinh-film-adamdargha-oez-oezine-shekara-qojmaugha-ujretedi/#respond Thu, 24 Aug 2017 10:15:03 +0000 http://juldyz.kz/?p=12015 ALEM, Батырхан Маликов: Шынымды айтсам, фильмнің алғашқы көрсетілімінен кейін киноға түсуді ойға да алмайтындай болатын шығармыз деп едім. Жоқ. Бәрі керісінше болды. Осы фильмді түсірген режиссер мен продюсерге мың мәрте алғыс айтамын.

ZAQ, Дулат Мухаметкалиев:  Өзіме сын көзбен қарайтын адаммын. Сондықтан да фильмді көргеннен кейін де қате кеткен тұстарын бақылап отырдым. Бірақ фильмнен кейін шабыттанғанымыз сонша, бірден демалмастан саундтрек пен клип түсіру үшін студияға асықтық.

BALA, Данияр Кулумшин: Өмірімдегі көптеген оқиғаларды мені ойлап уайымдамасын анама айтпаған едім. Біздің киноны көргеннен кейін әкем мақтан менімен мақтанып, анам жылайтын болды (күліп).

AZ, Азамат Зенкаев: Анам көзіне жас алатыны анық, ал әкем «Балам, сен шынымен осының барлығын бастан кешірдің бе?» деп сұрайтын шығар. Арманымды арқалап Алматыға келгенімде досым да, туысым да, бауырым да, тіпті ақшам да жоқ еді. Үйдегілерге менде бәрі жақсы екенін айтатынмын да, өзім жүк тасып, қара жұмыс істеп күн көретінмін де, кешқұрым шаршаған кезде ыңғайлы жерге ұйықтай салатынмын.

Қалай дегенмен филмде барлық шындық 100 пайызға көрсетілмеді, кейбір тұстары жеңіл көрсетілген. Біздің фильм адамдарды өз-өзіне шекара мен дуал қоймай, әлемге басқа көзбен қарауға үйретеді.

Сұқбатасқан Арай Аманкулова 

The Steppe сайтынан аударылды

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/24/ninety-one-bizdinh-film-adamdargha-oez-oezine-shekara-qojmaugha-ujretedi/feed/ 0
«NINETY ONE» фильмінің ресми трейлері жарық көрді http://juldyz.kz/2017/07/19/ninety-one-filmininh-resmi-trejleri-zharyq-koerdi/ http://juldyz.kz/2017/07/19/ninety-one-filmininh-resmi-trejleri-zharyq-koerdi/#respond Wed, 19 Jul 2017 08:55:21 +0000 http://juldyz.kz/?p=11780 91 тобының «NINETY ONE» аталатын фильмі 24 тамыз күні барлық кинотеатрлардан көрсетілетін болады. Фильмнің трейлері ютуб желісінде тарады.

]]>
http://juldyz.kz/2017/07/19/ninety-one-filmininh-resmi-trejleri-zharyq-koerdi/feed/ 0
Ninety One (91) тобының «Ескі таспа биі» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны жарық көрді http://juldyz.kz/2017/06/06/ninety-one-91-tobynynh-eski-taspa-bii-anine-tusirilgen-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/ http://juldyz.kz/2017/06/06/ninety-one-91-tobynynh-eski-taspa-bii-anine-tusirilgen-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/#comments Tue, 06 Jun 2017 05:18:10 +0000 http://juldyz.kz/?p=10944 Бүгінгі күні Қазақстандағы Q-Pop жанрында эстрадаға келген толқын – Ninety One (91) тобы су жаңа бейнебаянын тыңдармандар мен көрермендерге ұсынды. Бұл туралы  juldyz.kz хабарлайды.

Бұл бейнебаянның астына көпшілік өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Қолданушы ThVideoTV:

Бұрындары қазақтар əндерінің атын «Айымсың», «Күнімсің» , «Жаным» , «Гүлім», «Аққуым»,»Мен сені сүйемін», «Күйемін» деп атайтын. Содан 91 келіп ерекше ат қойды: «Айыптама»,»Қалай қарайсың»,»Ля» деген сияқты, содан басқалар да «Аяла»,»Сөйле»,»Жолама»,»Айтқа»,»Кетпе», «Аяма» деп (!) бұйыра бастады. Найнти уан одан да əндерін ерекше атай бастады «Мббəббд», «Су асты», «Ескі таспа биі». Жарайды , басқа басқа «Ескі таспа биі» дегенге магистратура бітірген менің фантазиям жетпес еді…Рахмет, əр клипте əр түрлі образ, халықты жалықтырып жібермейді…???

Дәл осындай пікірлер тізбегін тек қазақстандық қана емес, қырғызстандық қолданушылар да жарыса жазып жатыр.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/06/ninety-one-91-tobynynh-eski-taspa-bii-anine-tusirilgen-zhanha-bejnebayany-zharyq-koerdi/feed/ 1
«Ninety one» тобы: Бізді «құбыжық» көрудің қажеті жоқ! http://juldyz.kz/2016/12/13/ninety-one-toby-bizdi-qubyzhyq-koerudinh-qazheti-zhoq/ http://juldyz.kz/2016/12/13/ninety-one-toby-bizdi-qubyzhyq-koerudinh-qazheti-zhoq/#comments Tue, 13 Dec 2016 11:53:37 +0000 http://juldyz.kz/?p=4842 Батырхан МӘЛІКОВ (Alem), «Ninety one» тобының әншісі:

Жанкүйерлеріміздің арқасында өзімізді тәрбиелеп жатырмыз

– Топқа келерде ата-анаңмен ақылдастың ба? Ол кісілер бұл топта өнер көрсетіп жүргеніңе қарсы емес пе?
– Әрине, ақылдастым. Олар«Орда» тобының шығармашылығымен бұрыннан таныс. Топтың жетекшісі болған Ерболат Беделханды да сырттай жақсы біледі. Ол кісілерге топқа кіргеннен кейін сыртқы келбетімнің, киім кию стильімнің біршама өзгеретінін түсіндіріп айттым. Менің ата-анам шығармашылық адамдары. Әкем жас кезінде бас гитарада ойнаған. Сондықтан болар, олар мені бірден қолдады.

91
– Сыртқы келбеттерің туралы әркім әр түрлі пікір айтты. Тіпті кейбіреуілер «Бұлар ұл ма, қыз ба? Кімдер өздері?» деп шатастырды. Мұндай кекесінмен айтылған сөздер шамыңа тимей ме?
– Иә, мұндай пікірлер өте көп айтылып жатыр. Бірақ оған бола ашуланбаймын. Әркімнің өз ойы бар. Бірақ адамның сыртқы келбетіне қарап, бағалап, ол туралы жаман сөз айту, дұрыс емес.
– Осындай пікірлерден кейін кейде «Ninety one» тобына келгеніңе өкінбейсің бе?
– Жоқ, бұл жобаға келгеніме ешқашан өкінген емеспін. Себебі, жұрттың біз туралы қандай пікір айтатынын алдын ала білдік. Оған психологиялық тұрғыдан да, морольдік тұрғыдан да дайындалдық. Біз ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз. Кім не айтқысы келеді, соны айта берсін. Ең бастысы біз мұндай алып-қашпа сөздерге мән бермейміз және көңілімізге алмауға тырысамыз. Уақыт өте келе бұл образға қазақ халқы да үйренеді.
– Өнерге келгендеріңе аз ғана уақыт болса да жанкүйерлерің өте көп екен. Әсіресе сендерге қыздардың ықыласы ерекше…
– Біз жанкүйерлеріміздің коп болғанына қуанамыз. Олар бізді алғашқы күннен қолдап келеді. Қайда жүрсек те алдымыздан шығып күтіп алып, түрлі сыйлықтарын ұсынып, хат арқылы жылы лебіздерін білдіріп жатады. Тіпті олар біздің тұратын үйімізге дейін біліп алыпты. Үйге арнайы іздеп келіп, түрлі тосын сыйлықтарымен бізді үнемі таңқалдырады. Әсіресе, туған күнімізде сыйлыққа қарық боламыз. Ондай кездерде ұсақ-түйекті айтпағанда, әдемі, стильді киімдер сыйлайды. Соған қарағанда біздің жанкүйерлеріміздің талғамы жоғары-ау деймін (жымиды).

91-2
– Сені кітапты көп оқиды деп естідік…
– Көңілім қалағанда кітап оқып тұрамын. Бір сұхбатымда журналистке осыны айтқан едім, содан бері қыздар маған кітап сыйлайтын болды. Қазір қолым босай қалса, жанкүйерлерім сыйлаған кітаптарды оқимын. Бір сөзбен айтқанда, жанкүйерлеріміздің арқасында өзімізді тәрбиелеп жатырмыз.

Азамат ЗЕНКАЕВ (A.Z), «Ninety one» тобының әншісі:

Мен өмірі билемеген адаммын

– Өздеріңе қатысты болған дау-дамай жайлы не айтасың?
– Әр адамның өзіндік ой-пікірі бар. Ринат ағаның айтқанының бәрімен келіспеймін. Жай ғана пікір ретінде қабылдаймын. Өзімізге қатысты көп әңгімелер айтылып жатыр. Дәл қазіргі уақытта халыққа бізге байланысты сол шу қызық болып тұр.
– Ата-анаң өнеріңді қолдай ма?
– Кезінде өнеріме ата-анам «бала ғой» деп қарайтын. Бірақ кейіннен қарсылықтарын білдірді. Ұйықтайтын бөлмемді кішігірім студия етіп алғанмын. Таңға дейін ұйықтамай рэп оқитынмын. Сондайда «Бұл неге керек? Саған қандай пайдасы бар?» дейтін. Дайын жұмысымды тастап кеткенімде, «Енді болашағың не болады? Жұмыстан неге шықтың?» деп те ұрысқан болатын. Бірақ мұның бәрінің бекер емес екенін дәлелдеуге сөз бердім.

91-3
– Ол қандай жұмыс еді?
– Әкем кеме жүргізушісі болып істейді. Мен сол мамандықты меңгергенмін. Әкемнің жолын қуамын деп ойлаған едім. Бірақ қалауым өнер жолы болды.
– Әнге биді өздерің ойластырып шығарасыңдар ма?
– Осыған дейін бізге биді ZAQ үйретіп келді. Қазір арнайы хореографтан сабақ алып жатырмыз. Негізі мен өмірі билемеген адаммын. Егер би болатынын білгенде бұл топқа келмейтін едім (күлді). Маған қарағанда даладағы ағаш жақсы қозғалады. Биді үйренуіме ZAQ-тің қосқан үлесі көп. Керемет үйреніп үлгермесем де, еңбегін ақтадым деп ойлаймын.

Дулат МҰХАМЕТҚАЛИЕВ (ZAQ), «Ninety one» тобының әншісі:

Қалауым – қазақ тілінде хип-хоп мәдениетін дамыту

– Дулат, топ билерінің авторы өзің екенсің. Бимен көптен бері айналысып келесің бе?
– Бимен айналысқаныма үш-төрт жылдың көлемі болды. Бірақ арнайы хореографтардан дәріс алған жоқпын. Сол себепті кәсіби тұрғыда өзімді бишімін деп айта алмаймын. Мұндағы жігіттерге тек өзімнің бар білгенімді көрсетіп келемін.
– «Bala»-ның есімін өздерің қойыпсыңдар. Ал сенікін кім ойлап тапты?
– «ZAQ» деп продюсеріміз қойған. «Қазақ хип-хоп өнерін дамытасың» деген мақсатпен «қазақ» сөзінен «ZAQ» сөзін таңдап алды. Негізі, мен қазақ тілінің пат­риотымын. Басқа елдерге қазақ тілінің әдемілігін танытқым келеді.

91-4
– Сендерді патриот санамайтындар көп…
– Менің ойымша, патриоттық сырт бейнеңмен өлшенбейді. Ол жүректе маздап жанып тұруы керек. Біз таза қазақпыз. Біздің елге, жерге деген адал махаббатымызды білгілеріңіз келсе әндерімізді тыңдаңыздар, жанымызға үңіліңіздер. Киім ештеңені білдірмейді. Образға байланысты осылай болу керек. Әртіс – әртіс сияқты жүруі тиіс.
– Топқа келгелі өміріңде қандай өзгерістер болып жатыр?
– Сырт бейнемізді өзгерттік. Бірақ оған бола бізді «құбыжық» көрудің қажеті жоқ. Негізі, бізде іштей өзгерістер орын алды. Алғаш топқа келгенде бесеуміз де бала сияқты едік. Бұл жер бізді тез есейтіп жіберді. Жан-жақты тәрбиеледі. Жалпы, мен топқа өз мақсатымды іске асыру үшін келдім.

91-6
– Ол қандай арман-мақсат?
– Топқа алғаш келгенімізде Ерболат аға әрқайсымыздан «мақсатың не?» деп сұрады. Сонда мен «Менің қалауым – қазақ тілінде хип-хоп мәдениетін дамыту. Қазақ тілін мойындату» деген болатынмын. Себебі, Қазақстанның өзінде жастар өзара қазақ тілінде сөйлеспейді. «Қазақ тілінде сөйлеу – сән емес» дейтіндер бар. Өнердің бұл саласына осы қате түсінікті жою үшін келдім. Шыны керек, қазір орыс тіліндегі рэп жақсы тыңдалады. Көптеген орыс рэперлері ТМД елдерінде танымал. Мен өзге елдердің де қазақ тіліндегі рэперлерді мойындағандарын қалаймын.

Данияр ҚҰЛЫМШИН (BALA), «Ninety one» тобының әншісі:

Негізі, бұл — қалыпты жағдай

– Данияр, өзіңе не себепті «Bala» деген лақап атты таңдап алдың?
– Шетелдіктер біздің есімімізді осы күйінде дұрыс айта алмауы мүмкін. Сондықтан айтуға жеңіл болсын деп лақап ат ойлап таптық. Менің жасым кіші болғасын топтағы жігіттер «BALA» деп атап кетті.

91-7
– Топтағы «барып кел, шауып кел» жұмыстарына өзіңді жұмсайды ғой деймін, иә?
– Иә. Бұрын үйдегілер жұмсаса, аса көп қозғала қоймайтынмын. Інімді жүгіртетінмін. Ал қазір бір жерге бару керек болса, дайын тұрамын. Оған етім де үйреніп кетті (күлді). Өзім үйдің үлкені болғасын, шыны керек, бастапқы кезде «кенже» болуға үйренісе алмадым.
– Не себепті «Ninety one» тобын таңдадың?
– Ғаламторда әнді жаңа үлгіде орындайтын «кавер группа» деген бар. Мен көбіне шетел әндерін өзіме ыңғайлап алып айтамын. Бір бала фортепианода, екіншісі барабан немесе гитарада ойнайды. Сол әндерге кавер жасап, бәріміз ғаламторға салып отыратынбыз. Бір күні «Ninety one» тобының директоры хабарласты. Ғаламтордан орындаған әндерімді көрген екен. Ерболат аға менімен жолыққысы келетінін айтты. Сөйтіп, ол кісінің Астанаға жолы түсіп, кездесуге әкем екеуміз бірге бардық. Бағыты ерекше, басқа жанрда ән салатын топ болатынын айтып, бізге бәрін түсіндірді. Мен өз келісімімді бердім. Ерболат ағамен кездес­кеннен кейін «2-3 айдың шамасында шақырып қалар» деп ойлағанмын. Бірақ кездескен күннің ертесі-ақ бір аптадан кейін Алматыға келуім керектігін хабарлады. Бәрі тез болып кеткендей сезілді. Астанада Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің студенті едім. «Оқуымды қалай тастап кетемін?» деп ойладым. Бірақ әкем «Бәрібір баратының өнер. Кейін оқи жатарсың» деп батасын беріп шығарып салды.

A.Z ? Zaq ? ??????? ?? @oblaka_brand ??????? ?? ???????? ? ?????!????

– «Ninety one» тобының сырт келбетін сынға алушылар көп. Ата-анаң құлағыңа сырға таққаныңа қарсы болмады ма?
– Ерболат аға бізге топта жұмыс істеу қиын болатынын, бағытымыз өзгеше болғандықтан кедергілер кездесетінін басында айтқан еді. Негізі, поп-индустрияда жүргендердің көпшілігі құлақтарына сырға тағады, шаштарын бояйды. Бұл – қалыпты жағдай. Қазақ халқында өнердің мұндай түрі бұрын-соңды болмағаннан кейін жат нәрсе сияқты көрінеді. Әр халықтың өз поп-индустриясы бар. Мәселен, Қытайда – си-поп, Жапонияда – джей-поп деп аталады. Бірақ ол жақтарда мұндай образға ешкім шошына қарамайды. Әртіс өзінің сахна адамы екенін сол өзгеше бейнесімен көрсете алады.

Азамат АШМАҚЫН (Асе), «Ninety one» тобының әншісі:

Қыздардың сезіміне құрметпен қараймын

– Азамат, сен топқа келмес бұрын, Оңтүстік Кореяның атақты бір компаниясында тәжірибеден өтіпсің. Ондай мүмкіндікке қалай қол жеткіздің?
– Мен 9-сыныптан бастап Т.Жүргенов атындағы өнер колледжінде актер мамандығы бойынша білім алдым. 2012 жылы Оңтүстік Кореядан дүниежүзіне әйгілі бір компанияның өкілдері келіп, өнерлі жастар арасында кас­тинг жариялады. Сол кезде мен де кастингке қатыстым. Нәтижесінде Кореяда екі жылға тәжірибеден өтуге мүмкіндік алдым. Мен сияқты балалар Жапониядан, Америкадан, Қытайдан, Канададан да келді. Солармен Сеул қаласында екі жыл бірге тұрып, Кореяның атақты әншілерінен, ең үздік мұғалімдерінен, бишілерінен сабақ алдым. Егер мен ол жобадан кетпегенімде қазір сол жігіттермен бірге топ болып, ән айтып жүрер едім.

91-s
– Онда неге жобадан кетіп қалдың?
– Жобадан кетуіме бірнеше себеп болды. Мен бұрын маман болып қалыптасу үшін төрт-бес жыл міндетті түрде оқу керек, білім алу керек деп ойлайтынмын. Қазір ойым өзгерді. Өйткені Кореяда қасымдағы балалардың биді кәсіби тұрғыда екі айдың ішінде үйреніп жатқанын көргенде, «Аз ғана уақыттың ішінде мұндай жетістікке қалай жетіп жатыр? Адамның қабілеті қандай шексіз еді?» деп қатты таңғалдым. Қасымдағы жігіттер тынбай он екі сағат бойы жанталасып жұмыс істейтін. Шыны керек, маған олардың деңгейіне жету өте қиын болды. Дегенмен Кореяға баруым менің өміріме үлкен өзгеріс әкелді.
– Кәріс тілін қанша уақытта үйрендің?
– Алғашқыда тіл білмей қатты қиналдым. Бастапқы үш айда жанымда аудармашы жүрді. Үш айдан кейін кәріс тілінде аздап сөйлей бастадым. Сосын аудармашыдан бас тарттым. Аудармашымен жүре берсем, мен кәріс тілін үйрене алмас едім. Әлі де бұл тілді жетік білмеймін.

91-d
– Ал «Ninety one» тобына қалай келдің?
– Менің Корей елінде тәжірибеден өтіп келгенімді Ерболат аға осында жұмыс істейтін бір кісіден естіпті. Сөйтіп мені өз жобасына шақырды. Ұсынысын бірден қабылдадым. Өйткені бұл да кәрістердің жобасының системасына ұқсайды екен.
– Саған көңілін білдіріп, хат жолдайтын арулар өте көп екен. Қыздардың сезіміне қалай жауап бересің?
– Иә, бізге қыздар сезімдерін білдіріп, түрлі сыйлықтар тарту етеді. Мен олардың сезімдеріне құрметпен қараймын. Берген сыйлықтарын ұқыпты ұстап, бағалауға тырысамын. Бір жан­күйерім есімім жазылған қаламсап сыйлаған еді. Оны әліге дейін жоғалтпай пайдаланып келемін.

(…толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналының

№6 (199) 2016 жылғы санынан оқи аласыздар)

]]>
http://juldyz.kz/2016/12/13/ninety-one-toby-bizdi-qubyzhyq-koerudinh-qazheti-zhoq/feed/ 4
Е.Беделхан: Өнер мектебін ашу бала күнгі арманым болатын http://juldyz.kz/2016/12/07/e-bedelhan-oener-mektebin-ashu-bala-kungi-armanym-bolatyn/ http://juldyz.kz/2016/12/07/e-bedelhan-oener-mektebin-ashu-bala-kungi-armanym-bolatyn/#comments Wed, 07 Dec 2016 05:36:34 +0000 http://juldyz.kz/?p=4705 «Өнер мектебін ашу бала күнгі арманым болатын. Соған қол жеткіздім», – деді продюсер Ерболат Беделхан «Гәкку» телеарнасына берген сұхбатында.

Ерболат ашқан мектебіне заманауи стильде ән айтып, билеп үйренгісі келетін, рэп жанрын меңгергісі келетін жастарды жинауда. Бірақ, қатысушылар орын саны шектеулі. Мектепте оқу ақылы болғанымен,продюсер нағыз таланттарға  тегін оқуға мүмкіндік бермек.

«Басында 10 жастан бастап ала беремін деп ойладым. Алайда ауқымымыз кең емес, сондықтан көп адам қабылдай алмаймын. Сол себепті 13-14 жастан бастап қабылдайтын болдым. Кімде кім өзінің өнерлі екенін көрсетіп дәлелдесе, сол кезде ол ақы төлемейді, керісінше мен оны өз қанатыма аламын», – деп мәлімдеді продюсер.

Айта кетсек, орталықтың ашылуы 2 желтоқсан күні болды. Бұл күні «Ninety one» тобының мүшелері келушілерге қызмет көрсетіп, дәмханада даяшының қызметін атқарды.

]]>
http://juldyz.kz/2016/12/07/e-bedelhan-oener-mektebin-ashu-bala-kungi-armanym-bolatyn/feed/ 2
Ерболат Беделхан жас таланттарға сабақ бермек http://juldyz.kz/2016/11/21/erbolat-bedelhan-zhas-talanttargha-sabaq-bermek/ http://juldyz.kz/2016/11/21/erbolat-bedelhan-zhas-talanttargha-sabaq-bermek/#respond Mon, 21 Nov 2016 04:19:18 +0000 http://juldyz.kz/?p=3890 Әнші, продюсер Ерболат Беделхан жас таланттарға сабақ бермек. Сондықтан, алдағы уақытта іріктеу жүргізеді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасына жариялады.

Ерболат Беделханның айтуынша, дәріс алатын жастардың жас ерекшеліктері маңызды емес. Ең бастысы музыкаға деген талпынысы болса болғаны. Дегенмен, адам санына шектеу бар.

ерболат инста

Айта кетейік, Ерболат Беделхан еліміздегі даулы «91» тобының продюсері және «Орда» тобының әншісі.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/21/erbolat-bedelhan-zhas-talanttargha-sabaq-bermek/feed/ 0