– Жалпы екеуі де оңай емес. Бұрын гимнаст болып жүргенімде, бапкердің жұмысы жеңілірек секілді көрінетін. Бірақ қазір ол ойымның қате екендігін түсіндім. Бапкердің жауапкершілігі әлдеқайда жоғары.
– Қазір қандай сайыстарға дайындалып жүрсіздер?
– Қазіргі таңда Гран при және Әлем кубогы сайыстарына дайындалып жүрміз. Қыздар барынша тырысып жатыр.
– 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиадаға қыздар көркем гимнастикадан қатыса ма? Қатысса, оған дайындықтарыңыз қалай жүріп жатыр?
– 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиадаға қатысамыз деген үміттеміз. 2019 жылдың күз айында Әзірбайжанның Баку қаласында Токио олимпиадасына лицензиялық турнир өтеді. Қазір сол турнирге дайындық жүріп жатыр.
– Жалпы, қыз балалардың көркем гимнастикаға қатысқаны қаншалықты дұрыс деп есептейсіз? Олардың денсаулығына, болашағына байланысты сұрап отырмын.
– Менің ойымша, көркем гимнастикаға қызығушылығы бар кез-келген қыздың бұл спорт түріне қатысқаны дұрыс. Әрине, кез келген спортта жарақат болады. Бірақ ол әрбір спортшының ептілігіне байланысты. Ал спортпен сауатты айналысудың адам денсаулығы мен болашағына пайдасы зор.
–Баланы неше жастан гимнастикаға берген жөн?
– Баланы гимнастикаға 5 жастан берген дұрыс.
– Жаттығу барысында талапшылсыз ба?
– «Ұстаздан шәкірт озады» демекші, кез келген жаттықтырушы өз спортшысына талапшыл болады. Алайда мен шәкірттерімнің әрқайсысымен жеке сөйлесіп, олардың жеке талантын ашуға тырысамын. Күнделікті жаттығуға келіп, бір істі қайталап істей беру, адамды жалықтырады. Сондықтан жаттығуға келгенде, барынша қыздарымның көңілін көтеретін дүниелерді көбірек жасаймын. Олардың қал-жағдайларын сұрап, «денсаулығың қалай?», «қалай ұйықтадың?» деп ұсақ-түйек болса да, көңіл бөліп, баса мән беремін, жиі сырласып, әзілдесіп тұрамын. Көңіл-күйі көтеріңкі болса, олардың жұмысқа деген құлшынысы, қызығушылығы арта түседі.
– Сіздің кезіңізде біздің елде көркем гимнастика жақсы дамымағандықтан, Мәскеуде жаттықтыңыз. Ал қазір Қазақстанда бұл спорт түрінің жағдайы қалай?
– Қазіргі таңда елімізде көркем гимнастиканың деңгейі жоғары деп айтуға болады. Мәселен, өткен жылы Индонезия елінің Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қыздарымыз бірінші орын иеленді. Мұның өзі біз үшін үлкен жетістік. Ақырындап қыздарымыз биіктерден көрініп жатыр.
– Бізге бұрын берген сұхбатыңызда өз орталығымды ашсам деп едіңіз. Бұл арманыңыз орындалды ма?
– Әрине, орындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығының арқасында және де «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының аясында 2015 жылы желтоқсан айында Шымкент қаласында Қазақстандағы жалғыз көркем гимнастика спорт кешені ашылды.
– Балаларыңыз да салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданады екен. Олардың болашағын спортпен байланыстыруына қалай қарайсыз?
– Екі балам бар. Ұлым Нұрали, қызым Әмина. Нұрали футболмен шұғылданады. Келешекте спортта үлкен жетістікке жетеді деген сенімдемін. Егер спорт саласын таңдаса, ешқандай қарсылық білдірмеймін.
– Кезінде бір сұхбатыңызда тәртіппен, белгілі бір режиммен жүретініңізді айтып едіңіз. Ал балаларыңыздың күнделікті күнін де бір тәртіпке саласыз ба?
– Әрине, балаларымды да бір тәртіпке саламын. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген сөз бар емес пе?! Керісінше, жоспарлап тәртіппен жүру, балаларым үшін пайдалы болары анық.
– Балаларыңыздың сабағын қадағалауда қатаң анасыз ба?
– Балаларымның сабағын жеке қадағалаймын. Кейде қаталдық танытуға тура келетін жағдайлар болып тұрады.
– Жалпы, өмірде мінезіңіз қандай?
– Өмірде мінезім салмақты.
– Әлеуметтік желіде көптеген пікірлерді оқыдым. Көпшілік сіздің түр-әлпетіңізге, салмақтылығыңызға қарап «нағыз саясаткер болатын адам» деп пікір білдіреді екен. Көзқарастарға қалай қарайсыз? Шынымен, келешекте саясаткер болуыңыз мүмкін бе?
– Әлеуметтік желілердегі пікірлерді мен де оқимын. Келешекте саясаткер болуға қарсы емеспін.
– Көптеген спортшылар таныла бастаған соң, кино әлеміне, тележүргізушілікке араласады. Ал сіз оған аса қызықпайтын секілдісіз.
– Жоқ, басқа жұмыстарға қызықпаймын. Себебі қазір Қазақстан құрамасының Бас бапкері жұмысының жауапкершілігі мойнымда болғандықтан, менің бір ғана мақсатым бар. Ол елімізді әлемдік деңгейге көтеру.
– Кезінде бір сұхбатыңызда «мен киімдерімнің суретін сызатынмын, ал анам соны тігіп беретін» деп едіңіз. Соған қарағанда дизайнерлік қырыңызда бар секілді ғой, солай ма?
– Иә, кезінде жарысқа киетін киімдерімнің сызбасын сызып, ал анам соған қарап тігіп беретін еді. Жалпы, сол кішкентай кезімнен дизайнерлікке қызығамын. Бірақ онымен айналысу әзірге ойымда жоқ.
– Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз ? Хоббиіңіз бар ма?
– Бос уақытымды балаларыма арнауға тырысамын. Сонымен қатар, қызықты кітаптар оқығанды ұнатамын.
– Жиі демалып тұрасыз ба?
– Иә.
– Қазір қай қалада тұрып жатырсыз?
– Шымкент қаласында тұрып жатырмын.
– Алда қандай мақсаттарыңыз бар?
– Алға қойған мақсаттарым көп. Ең бірінші мақсатым – көркем гимнастика бойынша «Токио-2020» олимпиадасына жолдаманы жеңіп алып, жоғары деңгейде өнер көрсету.
– Он жылдан кейінгі еліміздегі көркем гимнастика спортын қалай елестетесіз?
– Әлі ұзақ уақытқа елестете қойған жоқпын. Бірақ бір арманым, Қазақстан көркем гимнастика саласы әлемдік элиталардың қатарында болса екен деп тілеймін.
– Сұхбатыңызға рақмет!
– Сізге де рақмет!
Сұхбаттасқан Наргиза Аршидин
(«Жұлдыздар отбасы» журналының 2019 жылының №6 саны)
]]>
Бескөл әкімі Ербол Бәгенов үш жыл ішінде ауылдағы сай-саланы бес саусағындай жаттап алған. Жыл сайын ойпат жерлерді су басады. Сондықтан техника тартып, арық қазуды ертерек қолға алған. «Бүгінгі күні су басқан үйлер жоқ. Қауіпті жерлер бар. Утинка деген көлден су қаупі келсе, ол жақта екі жарым километрдей ұзындығы, биіктігі бір жарым метр топырақ жасалған бөгет жасалып қойылған. Былтыр ұстап тұрды, биыл да қарап отырамыз, нормально жағдай. Мына қардың суы жақсы өтіп жатыр. Түнде аяз, күндіз кішкене ериді», — дейді Бескөл ауылдық округінің әкімі Ербол Бәгенов. Әдетте Теріскейге көктем сәуірде келеді. Биыл күн наурызда жыли бастады. Дер кезінде шара қолданбаса, қауіп-қатер күшеюі мүмкін, дейді өңір басшысы. «Аудан, ауыл әкімдері барлық үйлерді аралап шығуы тиіс. Ауылдың ішінде қарды тазалап, жерді құрғату керек. Сонда үйлерді су баспайды. Тасқын кезінде мал шығаратын техниканы да әзірлеп қою керек. 2017 жылы сияқты төрт түлігіміз қырылып қалмасын. Қандай да бір елді мекенді су басса, оған ауыл басшы жауапты», — деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. Жалпы, облыста 92 ауылға тасқыннан қауіп төніп тұр. «Біздің аса есепке алып отырған тоқсан екі елді мекеніміз бар. Оның ішінде барлық емес, 2300дей үйге қауіп болуы мүмкін. Соңғы үш жылда аталған елді мекендерді су тасқынынан сақтау мақсатында инженерлік іс шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда топырақты үйінділер жасау, жасанды дамбалар жасау, сонымен қатар арықтарды жасап біз қазіргі таңда 108 елді мекеннен қауіпті төмендетіп отырмыз», — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.
]]>Бүгінде Қарағанды қаласының жанындағы Федоров су қоймасы толып кетпес үшін алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл маңда саяжайлар орналасқандықтан мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады. Сарысу өзенінде тиісті мөлшер нормадан асып түскен. Сондықтан жағаға жақын орналасқан елді мекендерге қауіп бар. Көктіңкөлі станциясында екі тұрғын үйді су басты. Ал Абай ауданында Топар өзені жағадан асқан. Нәтижесінде Құлайғыр елді мекеніндегі үйлерге су кірді. Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары: — Ол елді мекенде темір жол бойында 5 үй бар екен. Олар су арнасына жақын. Бес үйдің 3-де адамдар тұрмайды. Жергілікті атқару билігінен сондай мәлімет алдық. Қазір ол жерде алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
]]>(ЕСКЕРТУ: материалды көшіріп басуға тыйым салынады)
(«Жұлдыздар отбасы» журналының 2019ж №6 саны)
]]>
Сонда Қазақстан дамыған қай елдердің қатарына жатады, мұсылман немесе қылғындырғандардың қатарына ма?
Меніңше, мемлекет, прокуратура және Қазақстан экономикасын арнайы қорғауға құрылған полиция орындары айқындауға тиіс: банктердің шарттарында «айыппұл» деген ұғымдары қайдан тап болды және «ануитет» деген сөзді банк не үшін қолданады, ол қай елден келген және оның мағынасы қандай? Әрине, біз мұның ашығын айтқанымыз дұрыс: Біздегі банктердің қарыз немесе несие беру шарттары жағалай жатқан жаңылтпаштарға толы. Сонымен бірге, несие мен қарыздардың өсімпұлдарын 5% асырмайтын уақыт жетті. Сосын банктер шарттарында сыйақы емес, себебі банктерге ешкім де сыйлық табыстамайды, сол себептен көзбояушылықтан шығып, табыс көзі деп жазғандары шындыққа келеді.
Расында да, қарыз бен несиеге қосылып қайтарылған ақша – ол банктің табысы. Өткен жылдың аяғында Президенттің жасаған жолдауында коммуналдық қызметтерін көрсетіп жатқан көптеген кәсіпорындарының, ұжымдық қоғамдарының көрсетті деген коммуналдық қызметтері үшін көпшілік халқымызды алдап, ойдан шығарған бағаларының (тариф) арқасында миллиардтаған теңгелерге пайдаларын көрді деген ақиқаттар жарыққа шығып, соның салдарынан мемлекет Президенттің әмірімен 2019 жылдың басынан бастап коммуналдық төлемдерінің құнын арзандатуға мәжбүр болды. Бұл бетбұрысқа бас прокуратураға да алғысымызды білдіргеніміз орынды.
Ендеше неге мемлекет Қазақстандағы барлық банктердің қызметтеріне осындай өнімді шара жасамасқа? Егерде коммуналдық төлемдердегі жарыққа шыққан заңсыздықтары он миллиардтың шамасында болса, онда банктердің қарыз бен несие жағынан жасап жатқан заңсыздықтары жүздеген миллиард теңгелерден асатынына мен барлығын сендіремін. Бұл имандылықтан миллиондаған жай халық, соның ішінде басым көпшілігі – қазақтар, «уф» деп демдерін алып, жандарын жеңілдетіп алатындары сөзсіз.
Сұхбаттасқан Ерзат АСЫЛ
(«Жұлдыздар отбасы» журналының 2019 жылының №6 саны)
(ЕСКЕРТУ: материалды көшіріп басуға болмайды)
]]>13 адам қаза тапты:
Майор Роман Костыгов 26.04.1985
Майор Тимур Кұдайбердиев 17.09.1985
Лейтенант Аслан Айтбаев 10.11.1994
Майор Данияр Қонырбай 10.11.1985
Майор Сабыр Тоқбаев 15.12.1977
Капитан Сырым Мәсәлім 11.12.1989
3 санатты сержант Қайрат Нұрсапанов 8.10.1973
Аға сержант Мұрат Шәріпов 04.01.1979
Кіші сержант Асхат Абдулманат 21.09.1982
Ефрейтор Айдын Әбділдинов 11.12.1978
Ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев 08.09.1986
Ефрейтор Өмірхан Қауқаев 21.08.1990Ефрейтор Мирас Жұматаев 10.02.1991
]]>
2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған», — делінген хабарламада.
]]>25 наурызға қараған түні Алматы — «Қорғас» автожолының 313-шақырымында Audi 100 мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан.
«Оқиға орнында Toyota жүргізушісі қаза болды. Екі жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Сонымен қатар, Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, апаттан соң сараптама жасалған, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
]]>26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағытта жүретін қоғамдық көлікті соққан.
Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі мен жолаушы қаза болды. Оқиға орнында дәрігерлер, полицейлер жұмыс істеп, задап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті.
]]>