Спорт — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Руслан МЕДЕЛБЕК, Азаттық радиосының тілшісі, спорт журналисі: Сәтсіздікке федерацияның еш қатысы жоқ http://juldyz.kz/2018/10/10/ruslan-medelbek-azattyq-radiosynynh-tilshisi-sport-zhurnalisi-satsizdikke-federatsiyanynh-esh-qatysy-zhoq/ http://juldyz.kz/2018/10/10/ruslan-medelbek-azattyq-radiosynynh-tilshisi-sport-zhurnalisi-satsizdikke-federatsiyanynh-esh-qatysy-zhoq/#respond Wed, 10 Oct 2018 17:27:06 +0000 http://juldyz.kz/?p=14742 Жалпы, боксқа үлкен реформа керек. AIBA-ның бұрынғы президенті Чинг Куо Ву мырза келгелі бокста үлкен реформалар жасалып, жеңімпазды анықтау жүйесі мүлдем өзгерді. Вудың негізгі мақсаты – әуесқой бокстың деңгейін кәсіпқой бокспен теңестіру болған. Алайда ол мақсат өз нәтижесін берген жоқ. Әрбір соққы есептеліп, ұпай берілетін. Ал қазір отырған бес төреші өзінің көзіне қай боксшы белсенді көрінді, кім жылдам көрінді, соған жеңісті береді. Осыған байланысты жанкүйерлер арасында көптеген түсініспеушілік пайда болып жатады. Мәселен, бір төреші белсенді болған боксшыға 30-27 деген есеп берсе, сол мықты көрінген боксшыны келесі төреші 28-29 деген есеппен жеңілдіре салуы мүмкін. Осы тұста түсініксіз жағдайлар көп туындайды. Қазақстан боксшылары осы жолы сол жаңа ереженің құрбаны болды. Риода да солай болған. Бұдан бөлек те бокс спортында біраз дау болып жатыр. Бәрі айналып келіп, төрешілер жүйесінің әлсіздігін көрсетеді. Ал әуесқой бокс пен кәсіпқой боксты теңестіргісі келсе, онда әуесқойды 10 раунд қылу керек. Сонда 10 раунд ішінде бір боксшы құлап тынады, екіншісі айқын басымдықпен жеңіске жетеді. Ал үш раундтың ішінде біреуді айқын көзге түсті деп айту қиын болады. Сондықтан бұл жүйені өзгертуге Қазақстан атсалысуы керек. Өйткені Серік Қонақбаев, Тимур Құлыбаев сияқты белсенді тұлғаларымыздың көмегі керек. Әйтпесе боксшыларымыз осылай зардап шеге береді.

Ішкі жағдай бапкерлерге, боксшыларға жақсы таныс шығар. Бірақ дәл бұл жерде федерацияның еш кінәсі жоқ. Себебі, бүкіл жағдайды жасады. Жалпы, біздің елде боксқа жақсы жағдай жасалған. Боксшылар алаңсыз жаттыға алады, өздерінің материалдық мүмкіндіктері үшін еш қам жемейді. Дегенмен біздің боксқа тың серпіліс әкелу үшін федерация бапкерді ауыстыруы керек шығар. Дәл біздің бокста бәсекелестік бар. Резервте тұрған жастар жеткілікті. Бірінші нөмір саптан шықса, оны басқа боксшы еркін алмастыра алады. Бізде ешқандай проблемасы жоқ бір спорт болса, ол – бокс шығар. Ал ондай нәтижеге жеткізіп отырған федерация. Сондықтан оның еңбегін ескермей қоюға болмайды. Бірақ біздегі бір минус – Қазақстанда төрешілерді дайындау мәселесі ақсап тұр. Азия ойындарында бірде-бір қазақстандық төреші болмады. Әрине, Азиададағы сәтсіздігімізді бұл мәселемен байланыстыруға келмейді. Алайда осындай ірі турнирлерде әлемдік бокс державасы атынан бір төрешінің болмауы бізге сын.

Бізде жастар арасында Әлем чемпионы болған спортшылардың көбі кейін ұлттық құрамаға іліне алмайды. Соның бірі – Садриддин. Ол 69 келіде жастар арасында әлемнің алтынын алды. Бірақ өзіне ұлттық құрамада орын жоқ екенін біліп, кәсіпқой боксқа кетіп қалды. Өйткені ол кезде Данияр Елеусінов әлі бір шешімге келмей, біресе әуесқойға келіп, біресе кәсіпқойға ауысамын деп жүрген болатын. Сол кезде Садриддин ауысып кетті. Бұл да – үлкен жоғалту. Одан кейін жастар арасында Әлем чемпионы атанған Шалқар Айқынбай, Сұлтан Зауырбек деген жігіттер және жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Казаков деген спортшы болған. Қазір осылардың ешбірі жоқ. Олар қайда кетті? Неге біз оларды ересектер арасына тартпаймыз? Шалқар өз салмағында үшінші боксшы, ал Сұлтан кәсіпқой боксқа кетті. Алайда олардың бір қателігі – Қазақстан чемпионатында жеңіліп қалды.

Бәсекелестік – дамушы елдерде көп болады. Тиісінше, көршілер де жиі бәсекелеседі. Спортта бәсекенің болуы заңдылық. Бірақ қазақ пен өзбек арасындағы бәсеке тәуелсіздік алғаннан бері келе жатыр. Мен Азия ойындарындағы нәтижемен бүкіл елдің спорттық дамуын салыстыра алмаймын. Негізгі көрсеткіш – олимпиада ойындары. Өзбектер көп алтынды өздеріне таныс ойындардан алды. Ал олимпиадалық спорт түрлерінен алған жүлделерді салыстыратын болсақ Қазақстанның нәтижесі жаман емес. Мысалы, біз семсерлесуден, каратэден алтын алдық. Бұл – өрлеу. Сондықтан спорттағы екі ел арасындағы текетірес жалғаса береді. Қалыпты жағдай. Оған сонша уайымдаудың қажеті шамалы. Ал Мирзиеев келгелі Өзбекстан бойынша өзгеріс, соның ішінде Ұлттық олимпиада комитетінде өзгеріс болып, жаңа басшылар келді. Жаңа бастықтың бастамасы кейде сәтті болады, кейде сәтсіз болады. Мәселен, бізде Құлыбаевтың жаңадан келгеніне қарамастан, әлі керемет нәтиже бола қойған жоқ. Екі үлкен жарыста қатарынан жоспар орындалмай отыр. Біреуі – қыста болған Пхенчхан ойындары, екіншісі – осы жолғы Азиада. Енді оны өздері саралап, қорытынды жасай жатар. Ал Өзбекстанға келетін болсақ, бұл жолғы Азиада – ол елдің олимпиада комитетіндегі жаңа басшылықтың алғашқы үлкен табысы. Екі ел арасындағы бәсекелестік жалғасады. Ол үйреншікті жағдай. Бірде Өзбекстан, бірде Қазақстан озады.

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/10/ruslan-medelbek-azattyq-radiosynynh-tilshisi-sport-zhurnalisi-satsizdikke-federatsiyanynh-esh-qatysy-zhoq/feed/ 0
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Канададан жеңіспен оралды http://juldyz.kz/2018/10/09/qazaqstandyq-boksshy-batyr-zhukembaev-kanadan-zhenhispen-oraldy/ http://juldyz.kz/2018/10/09/qazaqstandyq-boksshy-batyr-zhukembaev-kanadan-zhenhispen-oraldy/#respond Mon, 08 Oct 2018 19:45:41 +0000 http://juldyz.kz/?p=14714 Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Канада елінің Квебек қаласында жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті. Ол қарсыласы мексикалық Патрисио Мореноны жеңіп кетті.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Алғашқы раундта Батыр ногдаунға түсіп қалған еді. Алайда екінші кезеңнің аяғынжа Батыр Жукембаев ауыр соққыларымен басымдылығын көрсетті. 7 раунда Жүкембаев қарсыласын нокаутқа жіберді.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/09/qazaqstandyq-boksshy-batyr-zhukembaev-kanadan-zhenhispen-oraldy/feed/ 0
11 жасар қазақ қызы Қырғызстандағы турнирде ұлдар арасындағы джиу-джитсудан чемпион атанды http://juldyz.kz/2018/09/29/11-zhasar-qazaq-qyzy-qyrghyzstandaghy-turnirde-uldar-arasyndaghy-dzhiu-dzhitsudan-chempion-atandy/ http://juldyz.kz/2018/09/29/11-zhasar-qazaq-qyzy-qyrghyzstandaghy-turnirde-uldar-arasyndaghy-dzhiu-dzhitsudan-chempion-atandy/#respond Fri, 28 Sep 2018 19:30:09 +0000 http://juldyz.kz/?p=14705 Қырғызстанда өткен «Alay Open» атты халықаралық жарыста 11 жасар қазақ қызы джиу-джитсудан чемпион атанды.

Жібек Құлымбетова ұлдар арасындағы жекпе-жекке белдесіп жеңімпаз атанды.

Ескере кетсек, Жібек осы спорт түрі бойынша әлем чемпионы.

]]>
http://juldyz.kz/2018/09/29/11-zhasar-qazaq-qyzy-qyrghyzstandaghy-turnirde-uldar-arasyndaghy-dzhiu-dzhitsudan-chempion-atandy/feed/ 0
Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирде күміс медаль иеленді http://juldyz.kz/2018/09/23/elizabet-tursynbaeva-manerlep-syrghanaudan-halyqaralyq-turnirde-kumis-medal-ielendi/ http://juldyz.kz/2018/09/23/elizabet-tursynbaeva-manerlep-syrghanaudan-halyqaralyq-turnirde-kumis-medal-ielendi/#respond Sun, 23 Sep 2018 16:43:51 +0000 http://juldyz.kz/?p=14692 ҚазАқпараттың хабарлауынша, Элизабет Тұрсынбаева Словакия астанасы Братиславада өткен «Ondrej Nepela Trophy-2018» халықаралық турнирде, мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленіп, елімізге жеңіс сыйлады.

Айта кетсек, бұл турнирд мәнерлеп сырғанаудан алтынға медаль жапондық Рики Кихира, ал қола ресейлік Светлана Константинова бұйырды.

]]>
http://juldyz.kz/2018/09/23/elizabet-tursynbaeva-manerlep-syrghanaudan-halyqaralyq-turnirde-kumis-medal-ielendi/feed/ 0
Біз үшін сен чемпионсың : Генадий Головкин алғаш рет жекпе-жекте жеңіліс тапты http://juldyz.kz/2018/09/16/biz-ushin-sen-chempionsynh-genadij-golovkin-alghash-ret-zhekpe-zhekte-zhenhilis-tapty/ http://juldyz.kz/2018/09/16/biz-ushin-sen-chempionsynh-genadij-golovkin-alghash-ret-zhekpe-zhekte-zhenhilis-tapty/#respond Sun, 16 Sep 2018 06:32:20 +0000 http://juldyz.kz/?p=14674 Геннадий Головкиннің жекпе-жегін уақытқа қарамай, бүкіл қазақстандықтар күтеді.  Алайда бұл жолы алғаш рет Генадий жеңіліс тапты.

Америка Құрама Штаттарының Лос Андежелос қаласында қазақстандық боксшы Генадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес жекпе- жекке шықты.

Бірінші раундта екі боксшы да тең шықты.  Соңғы раундта Головкин жойқын соққыларын көрсетті. Алайда төрешілердің шешімі бойынша Сауль Альвареске жеңіс бұйырды.

Генадий шешімді ести сала,  ешқандай пікір білдірмей рингтен шығып кетті.

Алайда кейіннен ол өз пікірін білдірді.

«Мен кім жеңу керек еді деп айтпаймын. Себебі əділ-қазылардың шешімі бойынша жеңіс «Канелоға» тиесілі. Меніңше, жанкүйерлер үшін қызықты жекпе-жек болды. Мен одан жақсымын деп ойлағанмын.», -деді Головкин.

Бұл жекпе-жекте Головкин барлық белбеуін конға салған еді. «Канело» Головкиннің белбеулерін алып қана қоймай, WBC белбеуін және The Ring титулын жеңіп алды.

Алайда, халық Геннадий Головкинге қолдау көрсетті . » Біз үшін сен чемпионсың», «Жеңіс бар жерде , жеңіліс бар » деген пікірлер білдірді.

Тіпті, ел іші төрешілердің шешімін «əділетсіздік» деп есептеп,  ызаланды.

]]>
http://juldyz.kz/2018/09/16/biz-ushin-sen-chempionsynh-genadij-golovkin-alghash-ret-zhekpe-zhekte-zhenhilis-tapty/feed/ 0
Азия ойындарында қазақстандық балуандар күміс пен қола медаліне ие болды http://juldyz.kz/2018/08/20/aziya-ojyndarynda-qazaqstandyq-baluandar-kumis-pen-qola-medaline-ie-boldy/ http://juldyz.kz/2018/08/20/aziya-ojyndarynda-qazaqstandyq-baluandar-kumis-pen-qola-medaline-ie-boldy/#respond Mon, 20 Aug 2018 08:41:14 +0000 http://juldyz.kz/?p=14599 Қазақстандықтар үшін жеңістің үсті тағы бір қуанышпен жалғасуда. Джакартадағы «Азияда-2018 » ойындарына еркін күрестен қатысқан қазақстандық спортшы Данияр Қайсанов күміс медаль иеленді,-деп хабарлайды Азаттық Радио. Балуан Данияр 74 кг салмақпен құрама қатарында бақ сынасқан.

Финалға дейін жеткен спортшы, ақтық мәреде өзбекстандық спортшы Бекзод Абдрохмоновтан жеңіліс тапқан.

Сонымен қатар, 86 кг салмақпен белдескен спортшы Әділет Давлумбаев үшінші орынға жайғасып, қоржынымызға қола медалін салды. Құттықтаймыз!

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/08/20/aziya-ojyndarynda-qazaqstandyq-baluandar-kumis-pen-qola-medaline-ie-boldy/feed/ 0
Азия ойындарында семсерлесуден қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді http://juldyz.kz/2018/08/20/aziya-ojyndarynda-semserlesuden-qazaqstandyq-sportshy-altyn-medal-ielendi/ http://juldyz.kz/2018/08/20/aziya-ojyndarynda-semserlesuden-qazaqstandyq-sportshy-altyn-medal-ielendi/#respond Mon, 20 Aug 2018 08:30:54 +0000 http://juldyz.kz/?p=14596 Индонезия астана Джакартада өтіп жатқан «Азияда-2018» ойындарында қазақстандық спортшы Дмитрий Алексанин семсерлесуден алтын жұлдені қанжығасына байлады. Ол финалда оңтүстік кореялық спортшы Пак Сан Йонгпен кездесіп, нәтижесінде жеңіске жетті.

Спортшы өзінің жеңісін жақында ғана қайғылы оқиғамен қайтыс болған спортшы Денис Тенге арнайтындығын жеткізді.Картинки по запросу дмитрий алексанин

«Сөзсіз жеңісімді бүкіл Қазақстандықтарға арнаймын. Денис Тенге арнаймын. Қайғылы оқиға. Қорқынышты. Айта сөзім жоқ»,-деді спортшы.

]]>
http://juldyz.kz/2018/08/20/aziya-ojyndarynda-semserlesuden-qazaqstandyq-sportshy-altyn-medal-ielendi/feed/ 0
Денис Тен қайтыс болды http://juldyz.kz/2018/07/19/denis-ten-qajtys-boldy/ http://juldyz.kz/2018/07/19/denis-ten-qajtys-boldy/#respond Thu, 19 Jul 2018 17:02:15 +0000 http://juldyz.kz/?p=14407

Белгілі 25 жастағы спортшы  Денис тен қайтыс болды.

Алматы қаласындағы Құрманғазы мен Байсейіт көшесінің қиылысында спортшыны пышақтап кеткен. Суық қару иелері Денистің көлігінің  әйнегін ұрламақшы болған. Ұрылардың қылмысының үстіненен түскен Денис оларды тоқтатуға кіріскен. Алайда ұрылар спортшының белінен төмен дене бөлігіне пышақ сұғып алған.

Спортшы дереу аурухана жеткізілген. Алайда,  дәрігерлер спортшының өміріне араша бола алмады. Қазақстанның атын әлемге танытқан Денис Теннің жаны жәннатта болғай!

]]>
http://juldyz.kz/2018/07/19/denis-ten-qajtys-boldy/feed/ 0
Мөлдір МЕКЕНБАЕВА, бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы, жас актриса: ӘЛЕМДІК БРЭНДПЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСТЫМ http://juldyz.kz/2018/07/07/moeldir-mekenbaeva-braziliyalyq-dzhiu-dzhitsudan-alem-chempiony-zhas-aktrisa-alemdik-brendpen-kelisimshart-zhasastym/ http://juldyz.kz/2018/07/07/moeldir-mekenbaeva-braziliyalyq-dzhiu-dzhitsudan-alem-chempiony-zhas-aktrisa-alemdik-brendpen-kelisimshart-zhasastym/#respond Fri, 06 Jul 2018 19:20:30 +0000 http://juldyz.kz/?p=14389
  • Мөлдір, жыл басында Араб Әмірліктерінде өткен бразилиялық джиу-джитсудан болған Халықаралық турнирде топ жарып, алтын жүлде иелендіңіз. Осы сайыс туралы айтып берсеңіз.
  • Жыл басы мен үшін өте сәтті өтті. Халықаралық дәрежеде өткен турнир спортшылар үшін маңызды жарыстардың бірі болды. Араб Әмірліктеріне менімен бірге Қазақстаннан бірнеше спортшы барды. Осы турнирде алтын жүлде иегері атандым. 2016 жылы әлем чемпионатында алтын алған едім, 2017 жылдың әлем чемпионатында күміс медаль алып қалған болатынмын. Бұл жылы есемді қайтарамын деген үлкен мақсатым болды.
  • Өзіңіз спорттағы әділетсіздіктерке көп кезігесіз бе?
  • Менің басымда ешқандай әділетсіздік кезіккен жоқ. Тек соңғы сайыста осындай жағдай басымнан өтер ме екен деп біраз қобалжыдым.
  • Сізді бұл спорт түріне кім алып келді?
  • Жалпы өзім спортпен кішкентай кезімнен айналысамын. Осы спортқа мені жездем мен әпкем алып келді. Жездем ­– менің жеке жаттықтырушым. Ол кісі – бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері. Ал әпкем менімен бірге жаттығып тұрады.
  • Осындай қатал спорт түріне баруға ата-анаңыз қарсылық білдірген жоқ па?
  • Біздің отбасымыз үшін ең бірінші кезекте білім тұрады. Ата-анамыз біздің білімімізге көп назар аударды да, менің оқудан басқа көп уақытым бола бермеді. О.Жәутіков атындағы физика-математика мектебін алтын белгімен бітіріп, Назарбаев университетіне оқуға түскен соң ғана ата-анам спортқа баруыма рұқсат етті. Ата-анам үнемі менің пікіріммен санасып, құлақ түріп отырады. Осындай түсіністігі мол ата-ана бергеніне Құдайға үлкен алғысымды білдіремін. Біз үйімізде үш қызбыз. Әкем: «Маған ұлдың да қажеті жоқ, үш қызым ұл сияқты төбелеседі», – деп қалжыңдайды. Шынында да, үшеуміз де белдесуге келгенде алдымызға жан салмаймыз. Қанша қалжыңдағанмен, іштей ата-анамның уайымдайтыны да рас. Ата-анам – менің ең бірінші жанкүйерлерім. Туыстарымның сөзінше, ата-анам мен белдесуге шыққан кезде экранды жауып отырады екен. Әпкем: «Болды, Мөлдір ұтты», – дегенше қарамайтын көрінеді. Алайда, олар қанша уайымдаса да, маған «спорттан кет» деп талап қойған емес.
  • Қатарынан үш жыл осы спорт саласы бойынша тек жеңіске жету… Өзіңізге енді сенімділік те пайда болған шығар?
  • Әрине, жыл сайын үздіксіз жарыстарға қатысу оңай емес. Бірақ бұл спорт түрі қатты ұнайды. Әр жарыста жеңемін деп өзіме мақсат қойып аламын да, ештеңеге қарамастан соған жетуге тырысамын. Мысалы, өткен жылы әлем чемпионаты мен үшін қиын болды. Денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер мені сайысқа жіберуден бас тартты. Жарысқа бір ай дайындықты тоқтатуға мәжбүр болдым. Алайда, қасарысып, әлем чемпионатына қатыстым. Сол себептен болар, күміс алып қалдым. Жеңілген адам жеңістің қадірін түсінеді. Бұл сайыс мен үшін сабақ болды.
  • Спорт саласынан бөлек өзіңізді актриса ретінде де сынап көріп жүр екенсіз. Актриса боламын деп армандап па едіңіз?
  • Ешқашан кішкентай кезімнен киноға түсемін деп армандаған емеспін. Тіпті өнерге талпынысым да болмапты .Университетке енді ғана түсіп, студент атанып жүргенімде мені кастингтерге шақыра бастады. «Актерлік – маған арналмаған мамандық» деген оймен кастингтерге бармайтынмын. Менің фильмге түсемін деген ойым да болған жоқ, актерлік шеберліктен бірде-бір рет дәріс алған да емеспін. Алайда соңғы жылы Астанада өткен кастингке барып көрдім. Аз уақыттың ішінде үш фильмге түстім. Үшеуінде де басты рөлде ойнадым. Кастинг те мен үшін олимпиада ойыны сияқты болды. Өзіме «Мен осы басты рөлді аламын» деген мақсат қойдым.
  • Ол фильмдер жарық көрді ме?
  • «Любовь по наследству», содан кейін «Путешественник» фильміне түстім. «Любовь по наследству» фильмі өткен жылы кинотеатрларда көрсетілді. «Путешественник» фильмі осы жылы шығып қалар. Қазір «Қазақ батырлары» атты телехикаяға түсіп жатырмын.
  • Бұл телехикаяда Қарасай батырдың жарын ойнайды екенсіз. Тарихи фильмде ойнау қалай екен?
  • Тарихи фильмге түссем екен деп ойлаған едім. Тәжірибемнің аздығына қарамастан, Асқар Ұзабаевтың фильмінде басты рөлді сомдайтын болдым. Кейіпкерім­ – Қарасай батырдың жары Бибігүл. Маған қазақтың дәстүрлі киімдері, олардың өзіндік стилі ұнайды. Атпен шапқанды жақсы көретін қызбын. Бағзы заманғы кейіпкер ретінде ойнау адамға ерекше әсер қалдырады екен. Тарихи фильмге түскен ұнады. Спортқа жақын болуым бұл тұрғыда маған көп көмегін тигізді.
  • Актриса боламын, фильмге түсемін деп спорт бір жақта қалып кетпей ме?
  • Киноға мен тек қолым бос кезде түсемін. Ал спорт – менің күнделікті жұмысым. Мен спортты ешуақытта тастамаймын. Сабағымды да үнемі қадағалап жүремін.
  • Өзіңіз қандай кейіпкерді сомдағыңыз келеді?
  • Қазір көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Алайда оған уақыт жоқ. Алда Азия ойындары, Әлем чемпионаттарына дайындалып жүрмін.
  • Қазір сізді Қазақстанның ең сұлу спортшы қыздарының қатарына жатқызады. Өткен жылдары спортшымыз Сабина Алтынбековаға шетелдік компаниялар модель болуға ұсыныс жасаған еді. Сізге де осындай ұсыныстар түскен жоқ па?
  • Ұлыбританияның спорттық киім шығаратын әлемге танымал брэнді маған ұсыныс жасады. Мен бұл брендтің брэнд-амбассадоры, яғни брэндтың өкілі болып таңдалдым.
  • Сізді бір көрген адам іштей нәзік деп ойлайды. Көңілін білдіретін жігіттер сіздің джиу-джитсудан әлем чемпионы екеніңізді біліп қойып, қорқып кететін де шығар?
  • (Күлді). Өзім жігіттермен таныса бермеймін. Достарым да «Ей, жігіттер, байқаңдар, бұл қыз әлем чемпионы» деп әзілдеп жүреді. Оған қоса, жеке өмірге уақыт жоқ.
  • Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

    (Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

     

    ]]>
    http://juldyz.kz/2018/07/07/moeldir-mekenbaeva-braziliyalyq-dzhiu-dzhitsudan-alem-chempiony-zhas-aktrisa-alemdik-brendpen-kelisimshart-zhasastym/feed/ 0
    Генадий Головкин «ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев»орденімен марапатталды http://juldyz.kz/2018/07/02/genadij-golovkin-qr-tunhghysh-prezidenti-nursultan-nazarbaev-ordenimen-marapattaldy/ http://juldyz.kz/2018/07/02/genadij-golovkin-qr-tunhghysh-prezidenti-nursultan-nazarbaev-ordenimen-marapattaldy/#respond Mon, 02 Jul 2018 17:34:56 +0000 http://juldyz.kz/?p=14354 Қазақ елін әлемге танытқан боксшы Геннадий Головкин орденмен марапатталды. Бұл туралы боксшы өзінің жеке парақшасында айтты.

    «Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады. Нұрсұлтан Әбішұлына жан-жақты қолдау үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін Қазақстан намысын әлемнің үздік ареналарында қорғау — үлкен мәртебе.»,- деп жазды Головкин

    ]]>
    http://juldyz.kz/2018/07/02/genadij-golovkin-qr-tunhghysh-prezidenti-nursultan-nazarbaev-ordenimen-marapattaldy/feed/ 0