Саясат — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Өзбекстан және Тәжікстан елдері стратегиялық серіктестік шартына қол қойды http://juldyz.kz/2018/08/17/oezbekstan-zhane-tazhikstan-elderi-strategiyalyq-seriktestik-shartyna-qol-qojdy/ http://juldyz.kz/2018/08/17/oezbekstan-zhane-tazhikstan-elderi-strategiyalyq-seriktestik-shartyna-qol-qojdy/#respond Fri, 17 Aug 2018 16:20:59 +0000 http://juldyz.kz/?p=14583 ҚазАқпараттың хабарлауынша, Өзбекстан мен Тәжікстан елінің президенттері стратегиялық серіктестік шартына қол қойды.

Тамыздың 17-і Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Өзбекстанға ресми сапармен келіп, келіссөзге келеді. Келіссөз барысында екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Стратегиялық серіктестік шартынан бөлек, екі ел басшылары монопрлияға қарсы саясат, азық-түлік қауіпсіздігі, білім, жастар саясаты, геология саласында зерттеу жүргізу, мәдениет және өнер секілді басқа да салалар бойынша 26 құжатқа қол қойылды.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзекеев те екі ел арасындағы қарым-қатынасты ары қарай да берік етуге бар мүмкіндігін жұмсайтындығын айтты.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/08/17/oezbekstan-zhane-tazhikstan-elderi-strategiyalyq-seriktestik-shartyna-qol-qojdy/feed/ 0
700 млн теңге жемқорлық үшін сотталған Анар Мешімбаева бостандыққа шықты http://juldyz.kz/2018/02/07/700-mln-tenhge-zhemqorlyq-ushin-sottalghan-anar-meshimbaeva-bastandyqqa-shyqty/ http://juldyz.kz/2018/02/07/700-mln-tenhge-zhemqorlyq-ushin-sottalghan-anar-meshimbaeva-bastandyqqa-shyqty/#respond Tue, 06 Feb 2018 19:03:31 +0000 http://juldyz.kz/?p=13685 700 млн теңге жемқорлық үшін сотталған статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты. Мешімбаеваның бостандыққа 5 ақпанда шыққан. Агенттіктің бұрынғы басшысы жазасын бес жыл өтеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлаған болатын.

Ескере кетсек, Анар Мешімбаева 2014 жылы 14 ақпанда сотталды. Сот экс-шенеунікті бюджет қаражатын 700 млн теңге көлемінде қаржы және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі мәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеді. Сондай-ақ Мешімбаева бес жылға дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанынан бастап есептеледі.

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/07/700-mln-tenhge-zhemqorlyq-ushin-sottalghan-anar-meshimbaeva-bastandyqqa-shyqty/feed/ 0
Қазақстан «Ең үздік елдер» рейтингі бойынша 70 орында http://juldyz.kz/2018/01/29/qazaqstan-enh-uzdik-elder-rejtingi-bojynsha-70-orynda/ http://juldyz.kz/2018/01/29/qazaqstan-enh-uzdik-elder-rejtingi-bojynsha-70-orynda/#respond Sun, 28 Jan 2018 18:19:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=13588 Қазақстан bes.kz U.S. News & World Report  журналының есептеуімен «Ең үздік елдер» рейтінгі бойынша 70 орынға жайғасқан. Бір қадам алды 69 орынға Украина мемлекеті табан тіреген.

Рейтинг бойынша бірінші орында, әдеттегідей, Швейцария тұр. Одан кейінгі орындарда ,яғни ондыққа кірген мемлеккеттер- Канада, Германия,Ұлыбритания, Жапония, Швеция, Аустралия, АҚШ , Франция мен Нидерланды.

Сарапшылар Қазақстанның инновациялық деңгейі мен әлемдік аренадағы ықпалын жоғары бағалаған. Сондай-ақ, елдің әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет екені және көгілдір отын мен минералдардың, металдардың үлкен қоры бар екені назардан тыс қалмаған.

Қазақстанның әлсіз жақтары ретінде  туризм, халық өмірінің сапасы және бизнес жүргізудегі ашықтық аталған. Рейтингті есептеу барысын белгілі критерийлерге сүйенген. Олар: экономиканың өсу қарқыны, инновация, бизнестегі ашықтық, әлеуметтік сала, халықтың өмір сүру деңгейі, мәдениет, туризм және тарихи мұра

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/29/qazaqstan-enh-uzdik-elder-rejtingi-bojynsha-70-orynda/feed/ 0
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақ үйде Дональд Трамппен кездесті http://juldyz.kz/2018/01/17/elbasy-n-a-nazarbaev-aq-ujdede-donald-tramppen-kezdesti/ http://juldyz.kz/2018/01/17/elbasy-n-a-nazarbaev-aq-ujdede-donald-tramppen-kezdesti/#respond Wed, 17 Jan 2018 17:32:48 +0000 http://juldyz.kz/?p=13487 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақ үйге барып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық, саяси-экономикалық қарым-қатынастар жайлы сөз қозғалды.

АҚШ президенті Д.Трамп елбасымызды өз елінде көргеніне қуанышты екенін айтты.

Кездесуде Солтүстік Кореядағы ядролық қару мәселесі жайлы да талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдегі төртінші болып ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттердің бірі болғандықтан, өз таңдаған шешімін ұсынуға моральдық тұрғыдан құқығы бар екенін айта кетті.

Сонымен қатар, кездесу кезінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 7,5 миллиард доллардан асатын қаржыға  екі ел арасында 20 келісімшарт жасалды.

Елбасымыз Америка Құрама Штаттарының азаматтарына Қазақстанға «визасыз режим» жасағанын және АҚШ президентінен де қазақстандықтар үшін осындай шешім күтетіндігін айтты.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/17/elbasy-n-a-nazarbaev-aq-ujdede-donald-tramppen-kezdesti/feed/ 0
Қ.Бишімбаев,бұрынғы ұлттық экономика министрі: Мемлекет басшысының алдында кінәлімін http://juldyz.kz/2018/01/10/q-bishimbaev-burynghy-ulttyq-ekonomika-ministri-memleket-basshysynynh-aldynda-kinalimin/ http://juldyz.kz/2018/01/10/q-bishimbaev-burynghy-ulttyq-ekonomika-ministri-memleket-basshysynynh-aldynda-kinalimin/#respond Wed, 10 Jan 2018 10:39:16 +0000 http://juldyz.kz/?p=13448  

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен жемқорлық қылмысына қатысы бар 22 фигурантқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев осымен үшінші күн сот алдында жауап беріп жатыр. Сот барысында экс-министр өзінің соңғы 7 жылдағы табысы мен шығыны жайлы айтты.

«Маған өзімнің табысым жайлы мәліметтерді жариялауға рұқсат беріңіз. Және маған 120 мың доллар бере алдым ба, жоқ па сол сұраққа жауап беруге рұқсат беріңіз», — деді Бишімбаев судьяға. Сотталушы қылмыстық іс материалдарында осы мәліметтердің көрсетілгенін айтып өтті. «Онда менің банктердегі есепшоттарымның бар екені айтылады. 2010-2017 жылдар аралығында шотқа 273 миллион 638 мың 328 теңге түскен. Бұл соманы ескі бағам бойынша санасақ, шамамен екі миллион доллар. Осы уақыт аралығындағы шығын көлемі — 262 миллион теңге. Олардың 95 миллион теңгесі депозитке аударылды. 42 миллион теңге қолма-қол шешілген. Сондықтан менің коттедж құрылысына 120 мың доллар ақша аударғаным мүмкін емес. Ақшаларға қатысты мәлімет мына жерде де көрсетілген», — деді Қуандық Бишімбаев.

Ал кеше, 9 қаңтарда өткен сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевқа арналып салынып жатыр делінген Қосшыдағы үй мен «Prяник» мейрамханасының кімге тиесілі екені жайлы толық айтып берген болатын. Мұның алдында экс-министр Мемлекет басшысынан кешірім сұраған еді. «Президенттің алдында кінәлі екеніміді білемін. Мен танитын адамдар, мен өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және тағы басқалар маған нұқсан келтірді, мен олар үшін Мемлекет басшысы алдында жауаптымын. Осы жағдай үшін және Президенттің сенімін ақтай алмағаным үшін ұяламын. Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Менің сеніміме кіріп, мені тек қолданған адамдарды өзіме жақындаттым. Мемлекет басшысынан кешіріп сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын», — деген еді Бишімбаев.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/10/q-bishimbaev-burynghy-ulttyq-ekonomika-ministri-memleket-basshysynynh-aldynda-kinalimin/feed/ 0
АВТОБУСТАҒЫ АЙТЫС http://juldyz.kz/2017/10/26/13194/ http://juldyz.kz/2017/10/26/13194/#comments Thu, 26 Oct 2017 13:10:36 +0000 http://juldyz.kz/?p=13194 ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ
АВТОБУСТАҒЫ АЙТЫС
Мені Алматыдағы автобуста шопыр, яки кондуктормен айтысуға, тіпті ерегісуге мәжбүрлейтін нәрсе бар, ол — көше мен аялдама атауына қатысты.
1-ші оқиға! …
Шопыр, яки кондуктор автобусты басына көтере орысша сарнап, аялдамалардың 20-жыл бұрынғы ескі атауын мың-сан қайталап, жұрттың жадына ескілікті мықтап сіңіруде:
— Ташкентская! Есть на выход! Ташкентская! Ташкентская! … (Әр көшені осылай бірнеше рет орысша қайталап қоймайды. Негізі бұл көше атын Райымбек батырға өзгерткеніне 20 жылдан асты ғой! Сондықтан жөні бойынша — ол көшені мемлекеттік тілде былай атауы керек: «Райымбек батыр! Райымбектен түсетіндер бар ма? Есікке жақындаңыздар!»).
— Следующая остановка Луи Пастера! (Дұрысы: «Келесі аялдама Мұқағали Мақатевта!»)
— Следующая остановка на повороте Косманавтов! (Дұрысы: «Келесі аялдама Ахмет Байтұрсынұлы бұрылысында!»)
— Следующая София Ковалевская! (Дұрысы: «Келесі аялдама Нұрғиса Тілендиевте!»)
— Следующая остановка Виноградова! (Дұрысы: «Келесі аялдама Қарасай батырда!»)
— Остановка Калинина! (Дұрысы: «Қабанбай батырға келдік!»)
Бұлай орысша сарнайтын кондукторлардың дені өзге ұлт өкілдері, бірақ бірен-саран мәңгүрттер де өстеді. Олар қазақ тілін де, ұлтын да, тіпті елін де менсінбейді. Әдейі ескі атауларды айтады. Сондықтан, оларға батыл тойтарыс беру керек! «Отанды қорғау – иманнан!»
Бүкіл автобусқа естірте шүйлігемін:
— Водитель! (Кондуктор!) Почему ты путаешь людей, обьявляя старые названия? Уже 20-лет как переименовали этих улиц, и на улицах нет надписей этих старых названии!
— Да все так говорять!
— Ты не все! Ты обслуживаешь население, как гос-учреждение! Ты обьязан говарить правильные названия! Если не признаешь Казахстан, и законное переименование улиц, то катись в свою родину!
— Да я не специально! Просто, новые названия незнаю! Честно говарю!
— Ты что, неграмотный? Читать на кириллице не умеешь? Написано же названия на табличках в каждой улице на кирильском алфавите! …
— Да ну! Где эти надписи? Нигде не видно этих табличек! Ну где они? – деп мысқылдап, қолымен жол жиегіндегі үйлердің ешбірінде көше атауы жазылмағанын көрсетті.
Негізі, шынында да, көше атаулары жазылған табличкаларды табу өте қиын. Бұл 1-шіден, биліктегілердің салғырттығы болса, 2-шіден, шовинист, яки мәңгүрт елдұшпандарының астыртын кедергілерінің де нәтижесі…
Дегенмен, дәл осы сәтте біз Сейфуллинмен төмен қарай Райымбекке тақап қалған едік. Тесіктен қарасам, Райымбектегі көпірде көше аты жазылған тақтайша бар екен.
— Вот висить же!
— Это случайность, а так невидно.
— Если захочешь, увидишь!
— Ну да! Я что их искать должен?
— Если захочешь, то можешь найти все названии улиц на картах в интернете! – Орыс шопыр шындықты мойындағысы келмей қиқаңдауда! …
— Во вторых, почему не обьявляешь остановки на казахском языке? Для тебя казахоязычные граждане нелюди что-ли?
— Да все понимают на русском!
— Не все! Многие казахи, особенно сельские и оралманы непонимают на русском! Они для тебя нелюди что ли!? От них ведь тоже берешь деньги! …
— Да я просто незнаю на казахском!
— Тогда учись, или же освободи место тем кто знает! … У нас государственный язык казахский! Ты обьязан говорить на казахском! … Если тебе ненавистна казахи и казахский язык, то катись в свою родину!
Дауласуымның арқасында ең құрығанда орысша сарнағанын қойғыздым. Құлаққа да, көңілге де тыныштық алдым! Дегенмен, бұл мәселені жоғарыдан шешпей оңалмайды. Әзірге, орысшыл шопырды сөзбен тұқыртып тастағанымды қанағат тұтып, өз аялдамамнан түсіп қалдым.

2-ші оқиға!
Бұл жолғы кондуктор мен шопыр – қазақтар! Бірақ, олардың сарнаған хабарламасы не орысша емес, не қазақша емес, дүбәрә қазақша-сымақ орысша тілде:
— Кунаева! КУНАЕВа! Бар ма КУНАЕВа? КУ-НА-Е-Ва!…
— Ма-ка-та-е-ва! Макатаева! Макатаева-Кунаева-дан бар ма? Түсетіндер даярланыңыз!
— СЕЙ-ФУЛ-ЛИ-На! — Бар ма? … СЕЙ-ФУЛ-ЛИ-На – А-БА-я-дан бар ма? …
— СОФИЯ-ТЛЕНДИЕВа-дан түсетіндер даярланыңыз! …
Кондуктордың қисық атауларынан мезі болып, қасына барып, қазақша дұрыс атауды түсіндірмек болам:
— Бауырым! Қазақ тілінде кісі атына «ова» деу тек әйелдерге қолданылады!
«КУНАЕВа» емес, «ҚОНАЕВ-тан бар ма түсетіндер?» – деу керек! – Сондай-ақ, — «СОФИЯ-ТЛЕНДИЕВа емес, НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВте бар ма, де! Тілендиевтің аты София емес Нұрғиса ғой!» …
— Басты қатырмашы! – дейді, намыссыз кондукторлар. Жасы ғана емес, жасамыс, егде жастағысы да осындай.
— Сен қоғамға қызмет етіп отырсың! Сондықтан қазақша дұрыс атауың керек!
— Жұрттың бәрі осылай атайды ғой!
— Ей, ойлансаңшы! Көшелерге берілген өз ата-бабаларыңның атын орысша қисайтпай, қазақша дұрыс атасаң кім қарсы?! Әлде, қазақша айтудан қорқасың ба?
— Орыстар да бар ғой, түсінбейтін!
— Түсінбесе, онда әкесінің де аты-жөнін қосақтап айт: «ДІНМҰХАММЕД АХМЕДҰЛЫ ҚОНАЕВ-тан түсетіндер даярланыңыз!» –де. Қонаевты білмейтін, яки білгісі келмейтіндер болса, онда кете берсін отанына! Елге еңбегі сіңген аталарымызды танымайтын, әрі танығысы келмейтін жандар болса, олар кете берсін елдеріне!
— Саған айтуға оңай. Өзің істеп көрсең көрер едім! Үстіңнен арыз жазса біттің!
— Орыстар жүрегіңді алып қойған ба? Өз еліңде жүріп, көше мен аялдаманы қазақша дұрыс атаудан қорқасыңба? …
Сөзден ұтылса да өзінің қисық атауын қоймайды…

Негізі, мен оларды аяймын! Өйткені, олардың қазақша көше мен аялдама атауларын атай алмауының екі үлкен себебі бар.
1-ші басты себеп, білімсіздіктен. Олар шынында да көше-аялдамаларды қазақша мәдениетті түрде хабарлаудың жолын білмейді. Көпшілігі, «ова» жалғауын жалғамаса көше көше болмай қалатындай көреді. «Қонаев-та түсем» десең, «Кунаев-а-да ма?» — деп, шынында түсінбей қалады. Яки, өзіңді білімсіз, ауылбай санайды.

Әкімшілікте де, БАҚ-та да ол көшелерді қазақша дұрыс атаудың жолын үйретпейді десе де болады. Керісінше, қиындатып, шатастырып, қазақша атауды қолданбауға үйрететін жайттар баршылық. Мысалыға, бір жолы «Қазақ» радиосы ма, әлде «Шалқар» радиосы ма, әйтеуір соның бірінде Алматы көшелерінің қазақша атауын үйрететін-сымақ бір хабар болды. Жарты сағаттай жүргізілетін сол хабардағы ойын былайша өрбіді:
Радиосұхбат жүргізуші тілші радиотыңдармандарға Алматы көшесінің орысша атауын қайта-қайта айтып, қазақша атауын кім табады, — дейді. Мысалыға, «Луи Пастер атындағы көшенің қазіргі қазақша атауын кім біледі? Луи Пастер! Луи Пастер!» — дейді. Осылайша, ЛУИ ПАСТЕР деп оншақты рет қайталап, сауал қою арқылы орысша атауды қазақ радиотыңдармандардың жадына мықтап сіңіріп тастайды. Телефон шалған тыңдарманның бірі ол көшенің атауы Мұқағали Мақатаев екенін табады. Бірақ, оның дауысы бәсең. Байланыстың нашарлығынан шу-кедергіден естілер-естілмес қана Мұқағали аты айтылады. Радиожүргізушілер болса: «Таптыңыз. Енді келесі көшені табыңыз», — деп тағы бір көшенің ескі орысша атауын қайталауға кіріседі. Адамның жады көп айтылған атауды еріксіз сақтап қалады. Орысша атауды ондаған рет айтып, ал қазақшасын соңында бір-ақ рет айтса, әлбетте орысшасы жатталады.

Ал, әкімшілік тарапынан болса, орысша-қазақша хабарлайтын АВТОМАТ-хабарлағышты әр автобусқа ендірген еді. Онысы да жағымсыз еді! Қазақшасын жас қыз сызылып айтып бола бермей кимелеп, орысшасын өктем дауыспен ержігіт хабарлайды. Әлбетте, өктем дауысты орысша санаға сіңімді болады. Бұған қоса, автоматтың ең үлкен кемшілігі, ол хабарламаның керекті-керексіз тұсын айшықтауға селқос қараған.
Мысалыға, автомат: «Келесі аялдама Мұхтар Әуезов атындағы драма-театры» — дегендей созбақтайды. Сосын, орысшасы кимелейді.
Байқасаңыздар, «аялдама», «көшесі» дегендей қосымша сөздер керекті мәліметті, яғни нақты көше-аялдама атауын естіртпей, яки шала естіртіп тұрады. Жұрт мұндай қосымша, түсіндірме сөзсіз-ақ, хабарламаның көше, аялдама жайлы екенін жақсы біледі. Сондықтан, нақты аялдама атауын ғана естігісі келеді.
Ал автомат болса, қайта-қайта «көшесі», «аялдамасы» деп елдің құлағын сарсытады.

Әлбетте, кондукторлар «көшесі», «аялдамасы» деп жұртты ығыр етпей, көше атауын ғана хабарлайды. Бірақ, сол қысқашасының өзін білімсіздіктен шала-қазақша етеді. Атауға септік жалғауын қосуды білмейді.

3-ші оқиға!
1-ші Алматыдан Саяхатқа келе жатқан жолда:
— Элеватор бар ма? – дейді кондуктор.
— Бар, әне! – деп, қолыммен элеватор аялдамасын нұсқадым. Кондуктор маған үңіліп, түсінбей қарады. Түсіндіруге кірістім:
— Элеватор-ДАН түсетіндерді емес, элеваторды сұрадың ғой!
— Ааа! Дұрыс екен! – деп күлді жас кондуктор жігіт.
— Қазақша септік жалғауын қосып айту керек! «ДАН-ДЕН, ТАН-ТЕН» дегендей қазақша септік жалғауларын айтам.
— Жпақсы, есте болсын! — дейді ол. Бірақта, сәлден кейін ұмытып, ескі әдетіне басады:
— Рысқұлов-а! Рысқұлов-а-дан бар ма? — Мұнда екі қате бар: 1-шісі, «а» — деп орысша септік жалғауды қосты. 2-ші, оған тағы «дан» деп, қазақша септік жалғау қосты.
— Рысқұлов-тан бар ма? – деу керек, — Рысқұлов әйел емес қой! -дедім.
— А, жақсы! — дейді ол, бірақ сәлден соң тағы баяғысынша шала-қазақша атауларға көшеді. Тағы түзетемін.
Ал кондуктор түзете бергенімді ұнатпай ары кетеді. Еріккеннен тиісіп жататын жолаушының қатарында санайды.
Негізі, бұлай қатесін мойындайтын кондукторлар сирек…
Күнделіакті автобустарда:
— «СЕЙФУЛЛИНа! Мақатаева! Алтынсарина! Қонаева! — Кім бар түсеміз!» – дейтіндерді талай естіп жүрміз. Талайына түсіндірмек болғанмен нәтижесіз болған.
Мысалыға: «Бауырым! Қазақша септік жалғаулары бар ғой! «СЕЙФУЛЛИН-НЕН, МАҚАТЕВ-ТАН, ҚОНАЕВ-ТАН, ТІЛЕНДИЕВ-ТЕН» түсетіндер бар ма» деу керек! Орысша «улица Сейфуллин-А» дегеніндегі «А» дегені, бұл — атауды жер-мекенге меншіктеу үшін жалғанған септік жалғау ғой. Сол сияқты қазақша да жер-мекенге меншіктеуге арналған септік жалғаулары бар: «ТАН, ТЕН, ДАН, ДЕН, НАН, НЕН» , яки, «ТА, ТЕ, ДА, ДЕ», дегендей. Яғни, «КЕЛЕСІ АЯЛДАМА ДІНМҰХАММЕД ҚОНАЕВТА!» «ҚОНАЕВТАН ТҮСЕТІНДЕР ЕСІККЕ ЖАҚЫНДАҢЫЗДАР!» — деу керек.» — деп түсіндіріп талай әуре болғам. Ал олар, сөзімнің басын естіп, ары-қарай тыңдамай кете барады.
— Сенсіз де басымыз қатып жүр! Басты қатырмашы! — дейді кейбірі.
Осылайша талай шопырмен айтыстым. Бірақ, автобуста жалғыз өзім айтысып барлық шопырларды дұрыс атауға үйрете алмайды екем. Кондуктор мен шопырлар мені жұмысына кедергі келтіретін тағы бір бәлеқор санап, ала көзімен ата қарап кете барады.
Ал шындығында, мен оларды аяйтынымды білмейді де. Аяйтын себебім мынадай!

Шопыр мен кондукторлар, негізінен ЖАЛШЫ болып жүрген жандар. Көбінің қалада тұратын баспанасы да жоқ. Жұмысынан тұрақты айлығы жоқ. Табысы бірде бар, бірде жоқ! Ауырып қалса, яки МАИ ұстап алса, яки аздап бір жеңіл көлікпен соқтығысып қалса, яки автобусы бұзылып қалса, яки жолаушылар аз мінсе, яки алдын орап бәсекелес автобус жүріп бос қалдырса, т.с.с. – бәрі өз қалтасынан кетеді. Тіпті, пайда табу орнына қарыз арқалап қалуы да ғажап емес. Яғни, қаптаған қауіп-қатері бар! Ал кондукторы шопырдан бетер хәлде. Кондуктор болып жалданатындар, әдетте жақын таныстары. Ал кейде, туыстығы, яки жақын достығы жоқ жандар шопырға өзі барып, кондуктор болуға жалданады. Шопыры екеуі Ұйқысы қанбай 5-те тұрып, кешке 10-ға шейін жүреді. Сондағы кондуктордың табатыны, күніне 3000 тг-5000тг шамасында ғана. Бұл табысы тек жұмысқа шыққан күнгісі. Жұмысқа шыға алмай қалса, түк те алмайды. Автопарктен де еш көмек, жәрдемақы жоқ!
Үйсіз болғандықтан пәтер жалдап, бар табысын пәтерақыға береді. Яғни, итшелеп күнкөріп жүреді.
Шопыр мен кондукторға ең қауіптісі, бұл — орыстар мен орыстілді арызқойлар! Арыз түссе бітті, басшылығы шопырды қатал жазалайды! Қомақты айыппұл төлетеді, яки жұмыстан шығарып жібереді! …
Автобустағы шопыр-бастығы кондуктор-жалшысына абай болуды, орыстарға көп сөйлемеуді ерекше ескертеді. Нәтижесінде, олардың көбі орыстарға сөйлеуден де қорқып, тіпті жолақысын сұрауға да бата алмайтындары баршылық. Орыстардың кейбірі өз еркімен жолақысын берсе, құдды бір қожайыны сыйлық-ақы бергендей мәз болады! Ал қазақтарға келгенде, бұлар өктемси сөйлеп, жолақысын күштеп тартып алатындай шіренеді. Ауылдан келген қазақты байқаса кекетіп, кемсітіп те алады. Қала жолбасқармасының басшылығы мен қадағалауы осылай болғандықтан, қарапайым шопыр мен кондуктордың басқаша болуы екіталай-ау…
Ескерте кетейін! Автобусқа мінген жолаушылардың төлеген жолақысының көбі шопыр мен кондукторға берілмейді. Оның қомақты бөлігін жоғарыдағы жолбасқарма жоқ етеді. Оның қитұрқы амалдары көп, құпиялы сақталатын.
Көше білгіштерінен естуімізше, анау валидаторы да өте қымбатқа шетелден сатып алынуда. Әлбетте, оның құны да шопыр-кондуктордың еңбекақысынан, әрі жолаушы жұрттың қалтасынан алынуда. Сондай-ақ, жәй автобустан он есе қымбат электромобил сатып алынбақ көрінеді. Олай етсе, онда жолақы 150 теңгеге өсуі ғажап емес. Өйткені, олардың бәрін жолаушылар төлемі есебінен алады ғой!
ВАЛИДАТОР арқылы картамен төлеген жолақымыз түгел жолбасқармаға кетеді. Қолма-қол төлесек те кондуктор билет береді, яғни, ол да жартылай жолбасқармасының қалтасында. Шопырлар кешке түсім сомасының есебін жасап, планын өткізіп, содан қалған болмашы пайызын ғана кондуктормен бөліседі.
Бұрындары болса, «проездной билет» деген сатылып, ол соманың бәрі жолбасқарманың қалтасында кететін.
Автобустың бензині мен майы, ремонты, кешке қоятын автотұрағы, рейске шығар алдындағы шопырдың медициналық тексерістен өтуі, т.б. тексерулер, және автобусын маршрутқа шығаруға рұқсат алуы – бәрі шопырдың қалтасынан шығады. Сондай-ақ, әр күнгі рейстен пәлен сома «план» өткізуі тиіс. План шығара алмаса өз қалтасынан төлейді.
Арнайы зерттесек, меніңше, бұл салада жемқорлық, шопыр мен кондуктор еңбекақысын қанау дегеннің небір сұмдық деректерін молынан табуға болар еді-ау…
Осындай себептерден де, шопыр өлермендікпен, өзара бәсекелесе жүріп автобусын жындана айдайды. Ал кондуктор, шалақазақшалап көше-аялдамаларды атауын қоймайды…. Ендеше, жалшы болып жүрген кондуктор мен шопырға жанашырлықпен қарау жөн ғой.
Тағы қайталайын! Шопыр мен кондуктордың қазақша әдемі, салтанатты түрде хабарлама жасауы үшін, екі нәрсе керек: 1-ші, қазақшалап дұрыс атауды үйрету аса керек! 2-ші, лайықты жұмыс жағдайын жасау керек!

Мына суреттен әкімшіліктің өзі бастап көшелерді қате айтуға үйрететінін байқарсыздар. Бұл тақтайшалар Алматыдағы Көкбазар маңындағы үйлерде ілулі тұр. Дәл осы сияқты басқа көшелердің де шала-қазақша жазылған тақтайшасын таба аласыздар…

1-ші, мшопыр-кондуктордың қазақша атауды қолдану білімін қалыптастыру үшін осы мақаланы жазып отырмын. Әрбір шопырмен айтысудан гөрі, оларға қалайша қазақша хабарлама жасауды үйреткеніміз жөн емес пе?!
Менің жазғанымды жөн десеңіздер, мұны бөлісіңіздер! Бұл жазбам, әлгі шопырлар мен кондукторлардың қолына жетуі үшін біздің сайттың сілтемесін фейсбук пен ватсаптан да таратыңыздар!

Мақала авторы: Төлеген Сейдулла-ұлы. 25.10.2017.

]]>
http://juldyz.kz/2017/10/26/13194/feed/ 2
18.10.2017-күнгі Оғыз ДОҒАН мен Эйр-Астана сотының ҰЙҒАРЫМЫ http://juldyz.kz/2017/10/18/18-10-2017-kungi-oghyz-doghan-men-ejr-astana-sotynynh-ujgharymy/ http://juldyz.kz/2017/10/18/18-10-2017-kungi-oghyz-doghan-men-ejr-astana-sotynynh-ujgharymy/#respond Wed, 18 Oct 2017 11:11:57 +0000 http://juldyz.kz/?p=13175

Бұл күнгі сот отырысы дәл белгіленген уақытында, сағат 12-00-де басталған.
Уақытында келсе де тіл жанашырларының жартысы сотқа кіргізілмеді, «орын жоқ, сот залына сыймайсыздар» — деген сылтаумен. «Кіре берейік. Тұрып тұрамыз.» — дегенімізге құлақ аспады.
Сот залына қалта телефонымен кіргізбегендіктен, сот жайынан хабарлайтын фото, яки бейнебаян жасалынбады. Сот үшін қарапайым халықтың телефоны сотқа кіргізілмейтін суық қарудай сияқты ма, ол жағы түсініксіздеу.

Мен үшін ең сорақысы, бұл — соттың ҰЙҒАРЫМЫ болды.
Сот сағат 12-00-де басталып, бес-ақ минутта аяқталған. Сотта Оғыз Доғанға сөз берілген. Ол, өзінің ешқандай өтемақы талап етпейтінін, бар болғаны Эйр-Астананың қазақ тілін қорлағаны үшін бүткіл қазақтан кешірім сұрауы тиіс екенін әдемілеп айтқан. Сот төрағасы да Оғыз Доғанның сөзін қостайтындай сипатта бірер сөз айтып, Эйр-Астананың өкілдеріне жағдайды ушықтырмай кешірім сұрай салуға болатынын айтты. Сосын, сот ұйғарымды үзілістен кейін, яғни сағат 14-30-да беретінін айтып отырысты аяқтаған.

Екі жарым сағат уақытты босқа өткізбеу үшін сотқа келген тіл және ел жанашырлары жиылып кафеге бардық. Өзара танысып, тіл және ел тағдырына қатысты, Оғыз Доған сотына қатысты пікірлерімізбен бөлістік… Үзілістен кейінгі сот отырысында Эйр-Астананың кешірімін есітерміз деген зор үмітте болдық. Бірақ, ол үмітіміз ақталмады.
Түстен кейінгі сот отырысына да арнайы келген тіл мен ел жанашырларының жартысын кіргізбеді. Сот отырысы тағы да созылмай, бес-ақ минутта бітті.
Сот төрағасы өз ұйғарымын оқитынын мәлімдеп, Эйр-Астананың сұрағанындай, «талапкер ұсынысын қараусыз қалдыру» ұйғарымын қабылдайтынын айтты. Себебі, Оғыз Доғанның соттасу себебі жайлы шағым-хаты Эйр-Астанаға жеткізілмепті-мыс. Негізінде, ол хатты Оғыз Доғанның адвокаты Абзал Құспан жазып, арнайы бір кісіге «Эйр-Астана» компаниясына табыстауға берген екен. ..

Мейлі, ол хат жетпей-ақ қойсыншы. Ақыры осылай ұйғарым жасайтын болса, онда сот төрағасы бұл сотты неге созбақтап, бұл сотқа арнайы тіл жанашыры боп келген осыншама азаматты сабылтып жүрген?
Ескерте кетейік! Бұған дейін ҮШ РЕТ сот отырысы болып, оларда да Эйр-Астананың «хат жеткізілмеді» дегендей сөзіне негіздеп, осы уақытқа дейін созбақталып келген!…

Сот залынан тысқарыда өткен жиында, біз — тіл және ел жанашырлары, сотта Оғыз Доғанның талаптарының толықтай орындалуын жөн санап, соттасуды жалғастыратын болып келістік. Сот шешімі, яки ұйғарымы қандай болса да, біздің талабымыз кері кетпей, қайта өрістей бермек. Өйткені, талабымыздың әділ екені, тіл мен ел мәселесін көтеріп отырғанына еш күмән жоқ. Біздіңше, егер талабымыз толықтай орындалмаса, онда сот пен біздің, яғни халықтың арасындағы түсініспеушілік, араздық өрши түспек!
Төлеген Сейдолла-ұлы

]]>
http://juldyz.kz/2017/10/18/18-10-2017-kungi-oghyz-doghan-men-ejr-astana-sotynynh-ujgharymy/feed/ 0
Оғыз ДОҒАН талабына қарамай, сот болмай қалды. http://juldyz.kz/2017/10/17/oghyz-doghan-talabyna-qaramaj-sot-bolmaj-qaldy/ http://juldyz.kz/2017/10/17/oghyz-doghan-talabyna-qaramaj-sot-bolmaj-qaldy/#respond Tue, 17 Oct 2017 13:14:46 +0000 http://juldyz.kz/?p=13165 16-шы қазанда Алматы қаласының Түрксіб ауданындық соты түрік азаматы Оғыз Доғанның арызы-шағымы бойынша «Эйр Астана» әуекомпаниясын жауапқа тартуы тиіс болған. «Эйр Астананың» Салимбаева деген адвокаты сотқа келіп, «арыз иесінің шағымхаты «Эйр-Астана» компаниясы мекеніне жеткізілмеген» — дейтін жазбаша хат әкеліпті. Бұл сотты қарауы тиіс болған судья Н.К.Калыжманова, сол хатты негіз етіп, сотты кейінге қалдырды. Оғыз Доғанның, және оны қолдауға келген қазақ тілі жанашырларының уәжі бойынша, «Эйр-Астана» компаниясының «арыз иесінің шағымы жайлы хабарсыз қалдық» деген сылтауы еш негізсіз. 1-ден, Оғыз Доған мен «Эйр-Астана» арасындағы даудың үлкен шу болып, талай баспасөздерде жарияланғаны белгілі. 2-ден, Оғыз Доғанның соты екінші рет кейінге қалдырылып отыр. Алдыңғы жолы қыркүйек айнда, «Эйр-Астана» компаниясының адвокаты сотқа келмеуіне байланысты сот болмай қалған еді. Енді, сот төрағасы Н.К.Калыжманова, қазақ тілі үшін соттасып отырған арыз иесінің соттасу талабын кейінге қалдырып, Оғыз Доған мен оны қолдауға келген қаншама азаматтарды әуре етіп, сотты 18 қазанға шегерді.

Бұл дауды білмейтіндерді хабардар ете кетейік.
Тамыз айында Оғыз Доған мінген «Эйр-Астана» компаниясының ұшағындағы қызметкерлері орыс және ағылшын тілдерінде ғана хабарлама айтқанын екен. Оғыз Доған олардың не айтқандарын қазақ тілінде қайталауын сұраған. Стюардессалар бұл талапты орындамай, бірнешеуі Оғыз Доғанға келіп, орысша және ағылшынша бірдеңелер айтқан. Оғыз Доған оларға: «айтқандарыңа түсінбедім, маған қазақша айтыңдар» — деп қайталаған. Сосын, бір орыс стюардесса қыз келіп, Оғыз Доғанның бетіне бір бума құжат қағазды сілкілеп, орысша бірдеңелерді кекету мен кемсіту пішінінде айтқан. Бұған да «түсінбедім» деп қайталаған Оғыз Доғанды полицияға ұстатып, ұшақтан түсіріп тастаған, әрі 7 мыңға жақын айыппұлмен жазалаған…
Міне, осы жайтқа байланысты сот болмақ. Оғыз Доғанның бар талабы, 1) Эйр-Астананың өткен жайтқа байланысты Оғыз Доғаннан ғана емес, бүткіл қазақтан кешірім сұрату, 2) Өзіне дөрекілік көрсеткен орыс қызын жазалату, 3) болашақта қазақ тілінде қызмет еткізу, екен.

Негізінде, «Эйр-Астана» қызметкерлері мен қазақ тілі жанашырлары арасында бұған дейін де бірнеше дау соттары болған. «Жұлдыздар отбасы, Аңыз Адам» журналының басшысы Жарылқап ҚАЛЫБАЕВ та осылай соттасып, жеңе алмағанын біраз жұрт білсе керек…

]]>
http://juldyz.kz/2017/10/17/oghyz-doghan-talabyna-qaramaj-sot-bolmaj-qaldy/feed/ 0
«Жаңа зауыт салғанмен, оған шикізат жетіспеуі мүмкін» http://juldyz.kz/2017/10/12/zhanha-zauyt-salghanmen-oghan-shikizat-zhetispeui-mumkin/ http://juldyz.kz/2017/10/12/zhanha-zauyt-salghanmen-oghan-shikizat-zhetispeui-mumkin/#respond Thu, 12 Oct 2017 13:27:57 +0000 http://juldyz.kz/?p=13152

Жанармай нарығындағы тапшылық Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауытын салу керектігі жайлы әңгімені қайта қозғады. Қазақстан тұтынатын жанармайдың шамамен 30 пайызын Ресейден сатып алады.
Сарапшылар жаңа зауытқа қажетті көлемде шикізат жоғын айтады.

Әлеуметтік желілер «мұнайға бай Қазақстанның жанар-жағармай тапшылығына» тап болғаны жайлы пікірлерге толды. Кей қолданушылар Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салатыны туралы биліктің бұған дейін бірнеше рет уәде бергенін еске алды. «Егер төртінші мұнай өңдеу зауыты салынғанда қазіргідей тапшылық болмас еді» деген пікірлер айтылды.

Қазақстанда Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарынан өзге тағы бір мұнай өңдеу зауытын салуды биліктің сөз еткеніне он жылға таяды. 2009 жылы сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов елге жаңа мұнай зауыты қажеттігін айтып, оның құрылысы шамамен 3,5 миллиард долларға түседі деп мәлімдеген. Кейін мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев жаңа зауыттың құнын 6 миллиард долларға жеткізген. Мыңбаевтың жоспары бойынша, жаңа зауыт құрылысы 2016 жылы басталып 2019 жылы іске қосылуы тиіс еді.

Жаңа зауыт салу қажеттігі жайлы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та 2013-2014 жылдары бірнеше рет мәлімдеп, құрылысын бастауды тапсырған. Бірақ зауыт құрылысы сол күйі басталған жоқ.

Азаттық тілшісі энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа хат жолдап, жаңа зауыт салына ма, оған қанша қаржы керек, жаңа зауыт салуға не кедергі болды, қазіргі зауыттар не себептен жиі жөнделеді деген сұрақтар қойған еді. Бірақ, министрліктен келген хатта жаңа зауыт жайлы Азаттық қойған сұрақтар жауапсыз қалған.

Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев парламентте сөйлеп тұр. Астана, 2 қараша 2016 жыл.
Энергетика министрлігінің Азаттыққа берген жауабында қазір Қазақстандағы үш МӨЗ ішкі нарықтағы жоғарыоктанды бензинге сұраныстың шамамен 70 пайызын, дизель отынының – 85-90 пайызын және авиаотынға сұраныстың 45 пайызын өтейтіні айтылған.

«Үш МӨЗ қайта жөнделген соң жоғарыоктанды АИ-92 бензинін 2,2 есе, АИ-95/98 – 9,6 есе, дизель отынын 30 пайыз, авиаотынды – шамамен 3 есе көп шығаруға мүмкіндік береді. Ал төменоктанды бензин шығарылмайды. Зауыттарды қайта жаңарту 2017-2018 жылдары аяқталуы тиіс. Онан кейін жөндеу жұмыстары 3-4 жылда бір рет жүргізілетін болады, бұл жылына қосымша 300 мың тонна мұнайды қайта өңдеуге мүмкіндік береді» делінген хатта.

Елдегі үш МӨЗ жаңартылған соң шикізат өңдеу қуаты жылына 13,8 миллион тоннадан 16,5 миллион тоннаға дейін артады деп сендіреді министрлік.

Қазақстан тұтынатын жанармайдың шамамен 30 пайызын Ресейден сатып алады.

«ТӨРТІНШІ ЗАУЫТҚА МҰНАЙ ЖЕТПЕЙДІ»

Азаттық тілшісі әңгімелескен сарапшылар Қазақстанда төртінші мұнай зауытының салынбай қалуының себебін оған жеткізетін мұнай тапшылығымен байланыстырады.

Қазақстанның мұнай саласын зерттеуші, таяуда жарық көрген «Черная кровь Казахстана» деп аталатын кітаптың авторы Олег Червинскийдің айтуынша, жалпы жиынтығы 15 миллион тоннадан астам мұнай өңдей алатын үш зауыт 2016 жылы 14 миллион тоннаға жетпейтін мұнай өңдеген.

Журналист Олег Червинский Қазақстан мұнайы туралы жаңа кітабын таныстырып тұр. (Олег Червинскийдің жеке мұрағатындағы сурет.)

— Тағы бір мұнай өңдейтін зауыт салынды делік, бірақ оған жеткізілетін шикі мұнайды қайдан алады? «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ жұмыс істейтін мұнай кеніштерінде мұнай жыл сайын азайып келеді. Оның үстіне миноритарлы акционерлері мұнай өңдеу зауыттарына жіберілетін мұнай бағасы қаншалықты әділ деген мәселе көтере бастайды, — дейді ол.

Олег Червинскийдің сөзінше, «Қазақстандағы мұнай өндірісі Қашаған кеніші толық қуатына шыққан кезде және Теңіз бен Қарашығанақ жобалары ұлғайса ғана әрі қарай өседі. Ал ол жобалардың акционерлері өнімді кім қымбатқа алса соған сатуға ерікті.

— Ал Қазақстандағы жанармай бағасы әлемдік деңгейге жетпей мұнай өңдеу зауытында шикізат өңдеу – оның иесіне экономикалық тұрғыдан тиімді емес, сондықтан мұнан кейін де бензин тапшылығы бола береді, — дейді ол.

Азаттықпен сөйлескен Мұнай сервис компаниялар одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов та осыған ұқсас пікір айтады. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға инвесторларың құлқы жоқ. Өйткені, мұнай өндіруші компаниялар мұнайын ішкі МӨЗ-дерге емес экспортқа шығаруға тырысады.

— Қазақстан мұнайының жартысын, яғни шамамен 40 миллион тоннасын өндіретін «Қарашығанақ», «Теңізшевройл», «Қашағанға» үкіметтің ықпал етуі өте қиын. Олар өнімдерін экспортқа шығарады. Келісімшарт солай. 20-30 пайыз мұнайын ішкі рынокқа өткізуді міндеттесе де оны әлемдік бағамен сатар еді. Әлемдік баға бойынша бензин бізде қазіргіден екі есе қымбат болуы тиіс. Халық оған дайын емес, — дейді ол.

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты. 13 маусым 2006 жыл.
Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, өзге мұнай өндіруші компаниялар 30 пайызын, тіпті «Қазмұнайгаз» компаниясы 50 пайыз мұнайын ішкі рынокқа беруі тиіс. Әлемдік рынокта баға 50-55 доллар болса, ішкі рынокта 20-25 доллар ғана.

— Мысалы, «Шеврон» компаниясы үкімет талабына келісетін болса экспортттан Қазақстан бюджетіне өткізетін салықтары азаятынын ескертті. Бірақ «Шеврон» өндірісі мардымсыз ескі кеніштерді сұрады. Оны жаңа технологиямен игеріп, шыққан мұнайды ішкі рынокқа бере алатынын айтты. «Қазмұнайгаз» бұл мәселені ойластырып жатыр, — дейді ол.

Нұрлан Жұмағұлов қуаты 200-300 мың тонналық шағын мұнай өңдеу зауыттарын салу да тиімсіз екенін айтады.

— Қазақстан 2016 жылы «Еуро-4», «Еуро-5» стандарттарына өтуі тиіс болған. Шағын зауытпен ол стандартқа жету қиын. Оның үстіне үлкен зауыттарға мұнай құбырмен келеді. Ал шағын зауыттарға 200-300 мың тонна мұнай жеткізу үшін ешкім құбыр салмайды, — дейді ол.

Жұмағұловтың айтуынша, Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты жаңарған кезде ішкі рынокты бензинмен қамтамасыз етуге болады. Яғни жаңартылғаннан кейін бензин сапасы жоғарылап, зауыт қуаттары да өседі.

Қазақстандағы мұнай өңдейтін үш зауыт совет заманынан бері жұмыс істеп тұр. Атыраудағы зауыт 1945 жылы, Павлодардағы – 1978 жылы және Шымкенттегі зауыт 1985 жылы салынған. 1992 жылы 25,8 миллион тонна мұнай өндірген Қазақстан 2012 жылы көрсеткішін 80 миллион тоннаға дейін жеткізген. Ал 2016 жылы өндірілген мұнай көлемі қайтадан 77 миллион тоннаға түскен.
Асылхан МАМАШҰЛЫ
(Ескерту! Мақала азаттық сайтынан қысқартылып берілді, және соңына түйін сөз қосылды.)

Түйін:
Байқағанымыз Қазақстандағы «қара алтын» саласының шаруалары ақылға сыймайтын тұжырымдарға, құпия мен өсекке толып тұр. Өзіңіз мына деректі ақылға сап қараңызшы:
— Мұнайға бай Қазақстан жанар-жағармайдың 30-пайызын шетелден(Ресейден) сатып алуда, әрі оны болашақта да жалғастыра бермек. Себебі, егер 4-ші МӨЗ (мұнай өңдеу зауоды салынса, онда оған шикізат (мұнай) жетіспейді-мыс.
— Көрші Қырғыз елінде мұнайы жоқ болса да төрт МӨЗ бар. Олар шикізаттың жетіспеушілігінен мүмкіншілігінің 10-20-пайыз деңгейінде жұмыс атқаруда. Ресми деректер бойынша, Қырғыз еліндегі МӨЗ-дер шикізатты негізінен Ресей мен Қытаймен келісім-шарттарға отырып алуда көрінеді. «Неге Қазақстаннан алмайды?»-деген сұраққа анық жауап жоқ!
— Қытай мен Ресейден Қырғыз еліне баратын мұнай құбыры жоқ. Қазақстаннан Қытайға баратын мұнай құбыры ғана Қырғыз еліне жақын жерде. Сол қыбырмен Ресей ишкізатын да өткізуге келісім жасалған екен.

Жоғарыда келтірілген ақылға сиымсыздау «ресми» деректер, әлбетте бейресми сарапшылардың, көше білгірлерінің өсек аралас пікірлерінің қаулауына жағдай жасайды. Мысалыға, бір көше білгірі мынадай да пікір айтады:
— Қырғыз елі «арзан мұнайды» Ресей мен Қытайдан емес, солардың делдалдығымен Қазақстаннан алып отыр-мыс. Яғни, орыс компаниялары Қазақстан мұнайын Қырғыздың Шу өлкесіндегі Қарабалта өңіріндегі қытайлар салған Джунда-МӨЗ-не өзбағасын қоса отырып сатып бір пайда тапса, сосын ол МӨЗ-дің өндірген бензинін Қазақстанға «ресей бензині» деген атаумен әкеп сатып тағы да пайда табатын көрінеді. Әрине, мұны жәй өсек дейік. Ал бірақ шындығы қандай деп, сұрап көрелікші:
1-ден, Қазақстаннан қанша мұнайды, қандай бағамен, қандай елдерге экспорттауда екені жайлы нақты мәліметті жариялаңыздаршы.
2-ші, Ресейден біздің құбырмен Қытайға жіберіліп жатқан мұнайдың көлемі қанша, әрі ол үшін қандай төлем алынуда?
3-ші, Ресейдің қай қаласынан, қандай компаниясынан бензин-керосин алынуда? Алынып жатқан бензин-керосиннің көлемі мен бағасы қанша, және олар қай өңірлерге әкелініп сатылып жатыр?
— Бұл сұрақтардың нақты жауабы боларына сенімім аз. …

Шіркін! Қазақстанның мұнайы елдің пайдасына жарап жатса, бензин сапалы да арзан болса ғой! — Мұндай жағдайда, «Черная кровь Казахстана» деп кітап жазған Олег Червинскийге дау айтар едік:
«Неге сен Қазақстанды құбыжықтай етіп сипаттап, кітабыңды «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРА ҚАНЫ» деп атайсың?!» — деп…

Төлеген Сейдолла-ұлы

]]>
http://juldyz.kz/2017/10/12/zhanha-zauyt-salghanmen-oghan-shikizat-zhetispeui-mumkin/feed/ 0
Қазақстан премьер министрі Бақытжан Сағынтаев: Бензин тапшылығы үшін энергетика вице-министрін жұмысынан босатамын http://juldyz.kz/2017/10/10/qazaqstan-premer-ministri-baqytzhan-saghyntaev-benzin-tapshylyghy-ushin-energetika-vitse-ministrin-zhumysynan-bosatamyn/ http://juldyz.kz/2017/10/10/qazaqstan-premer-ministri-baqytzhan-saghyntaev-benzin-tapshylyghy-ushin-energetika-vitse-ministrin-zhumysynan-bosatamyn/#respond Tue, 10 Oct 2017 09:51:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=13146 Қазақстан премьер министрі Бақытжан Сағынтаев бензин тапшылығы үшін энергетика вице-министрі Әсет Магауовты, «ҚазМұнайГаз» ұлттықкомпания басқармасының орынбасары Данияр Берлібаевты жұмысынан босатты, дейді Sputnik Казахстан.

Үкімет жиынында премьер-министр энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан, биылғы қыркүйектен бастап Қазақстандағы ең өтімді АИ-92-маркалы бензинге дефицит тууының себебін түсіндіруін талап еткен.
Қанат Бозымбаев елде бензинге «дефицит жоғын» айтып, бұл сөзді қолданудың мүлдем дұрыс емесін мәлімдеген. Сағынтаев оның сөзін бөліп: «Елде тапшылық болмаса, онда жұрт бензин алу үшін неге кезекке тұруда? Мұндайды халық түсінбейді ғой.» — деп түзетті.
Бозымбаевтың және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма басшысы Сауат Мыңбаевтың баяндамаларын тыңдап, олардың бар мәселенің күздегі екі үлкен мұнай өңдеу (Атырау және Павлодар) зауодтарының ремонтқа жабылуынан дегендей түсіндірмелерін «сылтау, жауапкершіліктен қашу» деп атады.
«Энергетика министрлігі мен ұлттықкомпаниялар басқармасына еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауоды да толықтай,src=»http://juldyz.kz/wp-content/uploads/2017/10/44578e02149db47384fe2f8b4dc24610.jpg» alt=»» width=»630″ height=»420″ class=»alignnone size-full wp-image-13113″ />яки жанама түрде бағынышты. Сондай-ақ, Павлодар МӨЗ-ның күзде жөндеуге қойылатыны жайлы хат екі ай бұрын жазылған. Сондықтан, болатын жайтты алдын-ала ескеріп, тиісті шара қабылдауға болар еді.» – деп дәйектеді премьер өз сөзін.
Қазақстанда бірнеше күннен бері бензин тапшылығы туып, «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнай компаниясының жанармай бекетінде отынды тек талонмен беріп, кей бекеттерде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрған жаңдайына байланысты премьер төмендегідей шешім шығарды.
«Бұл жағдай үшін жауапқа тартылу керек. Мен мынадай шешім қабылдаймын: біріншіден, үкімет мүшелеріне тәртіптік шара қабылдау құзыреті ел президентінде болғандықтан, мен бүгін елбасына өтініш жазып, энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс беруін сұраймын, екіншіден, вице-министрлер өз құзіретімде болғандықтан, энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты, «ҚазМұнайГаз» ұлттықкомпания басқармасының орынбасары Данияр Берлібаевты жұмысынан босатамын» — деді премьер.
Бензин тапшылығын тоқтату үшін, Ресейден 100 мың тоннаға дейін бензин сатып алынатын болды. Әлбетте, еліміздегі бензиннің бағасы Ресейден сатып алынар бензин бағасына байланысты құбылмақ. Бензин тапшылығы ешбір аймақта туындамас үшін, энергия министрлігі ресейден алынған бензинді аймақтардың сұранысына сай бөліп, жетпей жатса дер кезінде тапшы аудандарға қосымша бензин жеткізуді қолға алмақ.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аға вице-министрі Азамат Жанғұлов былай деді:
«Расында да біз шектеп таратып жатырмыз. Бензинді шектеп сату апта аяғында немесе одан да ерте, яғни бейсенбі күндері шешіліп қалады. Біз қазір ресейден бензин импорттай бастадық. Алғашқы партиялары келуде.
Келесі жылы жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Себебі, 2018 жылы үш мұнай өңдеу зауодында да ешқандай жөндеу жқмыстары жоспарланбаған. Керісінше, биыл Атыраудағы зауод күрделі жөндеуден өтіп, қарашадан бастап әдеттегіден 75 мың тонна көп бензин шығара бастайды.»
«20-шы қыркүйекте Павлодарлық МӨЗ ремонтқа қойылса, ал Атыраулық МӨЗ 15 қыркүйекте капремонттан шықты, және ол елдегі жағдайға байланысты АИ-80 және АИ-95 маркалы бензин өндіруде төмендетіп, АИ-92 маркалы бензинін өндіруді 14 мың тоннаға арттырды. Қазір Атыраулық МӨЗ 50 мың тонна өнім шығарса, қарашадан бастап, катализдік крекинг құрылымы іске қосылып, өнімін 75 мың тоннаға өсіреді, деп күтудеміз» — деді энергетика вице-министрі Әсет Магауов.

Талайды сабылдырып, шаруасын тығырыққа тіреген биылғы күзгі бензин мәселесі осылай шешілді. Дегенмен, бұл шешімдер мәселені түбірімен шешпейтінін де ескеру керек. Өз мұнайымызды өңдеп бензинмен елді қамтамасыз ете алмасақ, онда көршіге тәуелді боламыз. «Кісінің кілті аспанда» деген. Ресей қандай баға қойса, біздегі бензин де солай қымбат болмақ.
Жағармайға жауапты шенділер: «Ресейден бензин сатып алудамыз, әрі болашақта да атып ала береміз» деуде. Олардың бұл тұжырымы өзгермесе, онда бензин мәселесі тапшылықпен ғана емес, Ресейден сатыпалу бағасына қарай бізде де қымбаттауымен халқымызды қинауы бек мүмкін. Бұл жайт оларды толғандырар ма екен? …
Төлеген Сейдолла-ұлы

]]>
http://juldyz.kz/2017/10/10/qazaqstan-premer-ministri-baqytzhan-saghyntaev-benzin-tapshylyghy-ushin-energetika-vitse-ministrin-zhumysynan-bosatamyn/feed/ 0