Мәдениет — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 «Жұлдыздар отбасы «Аңыз Адам» журналы бәйге жариялайды! http://juldyz.kz/2018/11/06/zhuldyzdar-otbasy-anhyz-adam-zhurnaly-bajge-zhariyalajdy/ http://juldyz.kz/2018/11/06/zhuldyzdar-otbasy-anhyz-adam-zhurnaly-bajge-zhariyalajdy/#respond Tue, 06 Nov 2018 07:51:32 +0000 http://juldyz.kz/?p=14843

]]>
http://juldyz.kz/2018/11/06/zhuldyzdar-otbasy-anhyz-adam-zhurnaly-bajge-zhariyalajdy/feed/ 0
Жанұзақ ӘКІМ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ. БІРІ – ЖОҚТЫ БАР ЕТСЕ, ЕКІНШІ – БАРДЫ ЖОҚ ЕТЕТІНДЕР http://juldyz.kz/2018/10/17/zhanuzaq-akim-memleket-basshylary-ekige-boelinedi-biri-zhoqty-bar-etse-ekinshi-bardy-zhoq-etetinder/ http://juldyz.kz/2018/10/17/zhanuzaq-akim-memleket-basshylary-ekige-boelinedi-biri-zhoqty-bar-etse-ekinshi-bardy-zhoq-etetinder/#respond Wed, 17 Oct 2018 08:48:33 +0000 http://juldyz.kz/?p=14779 Жанұзақ ӘКІМ, биология ғылымдарының кандидаты, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, халықаралық адам институтының президенті

 – Жанұзақ аға, мемлекеттік қайраткер болған Еркін Әуелбеков жайлы ел аузында тек қана жақсы пікір қалыптасқан екен, мұны сіз ол кісінің қандай еңбектерімен байланыстырасыз?

– Әуелбеков Еркін ағамыз – өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан 2000-ші жылдарға дейінгі 30-35 жыл аралықта Қазақстанның саясаты мен экономикасына белсене араласып, осы бүгінгі Қазақстанның қалыптасуына үлкен үлес қосқан, өлшеусіз еңбек еткен мемлекеттік қайраткер. Ол кісінің қызмет жолдарын айтатын болсақ: Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Облыстық атқару комитетінің төрағасы, Республика Ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Астық өнімдері және құрама жем министрі, Көкшетау, Торғай және Қызылорда облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы. КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, ҚР Президентінің кеңесші қызметін атқарған. КСРО Жоғарғы Кеңесіне төрт рет депутат болып сайланған. Тізім осылай ұзын сонар болып жалғаса береді. Иә, Әуелбеков атының аңызға айналып, елі күні бүгінге дейін сағынышпен, жақсы пікірмен еске алып отыратындығы оның үш облыста бірінші хатшылықта отырған кездегі елге сіңірген еңбектерімен байланысты болса керек. Мәселен, Көкшетауды басшылық еткен 10 жылдық уақытында сол өңірдің барлық инфрақұрылымдарын вокзал, мәдениет үйі, телеграфы бар, басқасы бар – барлығы да осы кісінің кезінде салынды. Ол кісінің небәрі 43 жасындағы алған Социалистік Еңбек Ері атағы осы Көкшетау облысын өркендетіп, экономикасын дамытып, әлеуметтік жағдайын көтерген іскерлігіне берілген. Мұндай даңқ пен марапатқа Кеңес одағының дәуірінде екінің бірі жете бермейтін. Ерекеңде бір қасиет – еңбекқорлығымен қатар алысты бағамдай алатын көрегендігі де бар еді. Өзі басқарған қай облысты болсын жайнатып, жайқалтып жіберетін ерекше бір қайраткерлігі де болды. Көкшетаудағы қызметінен соң, қателеспесем, 1977 жылы енді ғана ашылған жаңа облыс – Торғайға ауыстырылды. Басшылықта болған жеті жылында бұл өңірді де түпкілікті өзгертіп, мықты дамытты. Әуелбековтен кейін Торғай облысына жабылғанға дейінгі аралықта келген ондаған басшы болса, солардың ішінде облысқа қажырлы еңбек етіп, ең жоғары көрсеткішті Әуелбеков қана берген. Ал Қызылорда облысын 1985-1989 жылдар арасында басқарды. Онда да мына қазіргі цинк, мырыш комбинаттары, Шиелідегі атом өндіретін комбинаттар, тағы басқа өнеркәсіп саласын және облыстың экономикасын айқындайтын Құмкөл мұнай өндірісін мықты өркендетті. Қызылорда осыған дейін тек аграрлық облыс болса, енді жартылай мұнай өнеркәсіпті өңірге айналды. Сөйтіп, облыстың өнеркәсібін дамытуда ағамыздың сіңірген еңбегі зор. Аз ғана жылда үлкен істер тындырды. Бүгінде Қызылорда облысы экономикасы дамыған, Қазақстандағы үлкен донор облысы болып тұруы осы Әуелбековтің арқасында. Сонан соң, бұл кісінің Қызылорда өңіріндегі басшылық қызметін сөз қылғанда халықтың игілігіне шешкен аса маңызды, ел тарихында ойып тұрып орын алатын екі ерлігін атап өтпеу мүмкін емес. Оның бірі – Байқоңырға қатысты болса, екіншісі Арал теңізінің тартылуына байланысты еді. Жалпы, Арал теңізі 1964 жылдан бастап тартыла бастаған ғой, бірақ та Әуелбеков басшылыққа келгенде Аралдың нағыз тартылып жатқан, ең қиын кезеңі еді. Аралдың тартылу қасіретінен халықтың тартып жатқан зардабын түсінген ол 1988 жылы Мәскеу арқылы «Аралды құтқару туралы» атты №1733 қаулы шығартып бекітті. Қаулыда Аралдың тартылу факторлары оны құтқару жолы және Арал теңізінің айналасындағы жергілікті тұрғындарға жеңілдік жасау туралы мәселелер қамтылды. Сол қаулыны негізге ала отырып, Арал теңізі айналасы мен Арал ауданы төңірегіндегі тұрғындардың жалақыларына ең алғаш рет 15 пайыздық көтерме коэффициентін енгізуі, одан басқа 1200 000-дай адамға әлеуметтік жеңілдіктер жасатуы Еркін Әуелбековтің халқына жасаған тарихта қалған адал қызметтерінің бірі еді.

Ал біздің бүгінде Семей полигоны жабылғанына 30 жыл өтсе де сол аймақтағы 2 000 000-дай халыққа ешбір көмек бере алмай отырғанымыз – үлкен қасірет.

– 1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына осы Еркін Нұржанұлының кандидаты да ұсынылған екен. Өтпей қалуының сыры неде деп ойлайсыз?

– Иә, үш кандидат – Нұрсұлтан Назарбаев, Закаш Камалиденов және Еркін Әуелбеков болды. Үшеуі де осал емес, дегенмен Еркін Әуелбеков те ел басқаруға әбден лайық, елін ойлаған, іскер де білікті кандидаттың бірі болған. Негізі мен мына мемлекет басшыларын екіге бөліп қараймын. Біріншісі, жоқтан бар құрап, экономиканы жасап, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын көтеріп, халықтың еңсесін тіктейтін басшылар болса, екіншісі, керісінше бұзатындар. Барды жоқ ететіндер деп бөлемін. Халыққа пайдасынан гөрі зияны көп солақай реформа жасағыш, барды түгесіп, елді тоздырып жіберетін басшылар деп екіге бөліп қараймын. Ол реформалары тағы да, шіркін-ай, түкке жарамсыз, әрі барса облыстарды жабу, министрлікті қосу немесе бөлу ғана болып табылатынын қайтерсің?! Бұл енді реформа емес, әрине…

Міне, Әуелбеков ағамыз осы жоқты бар ететін басшы болған еді. Ал ол кісінің өтпей қалуына, менімше, бірнеше себептері болған болуы мүмкін. Сонан соң үш кісі болған жерде бәсекелестік деген де болады емес пе, бірі екіншісін өткізбеуге тырысады дегендей…

– Еркін Нұржанұлын ақиқатшыл болған, тіпті Дінмұхамед Ахметұлына да сын таға алған бірден-бір басшы болған деседі…

– Иә, жалпы өзі шыншыл, бірсөзді кісі болды ғой. Турасын айтатын. Сын дегенде есіме келетіні, ол 1985 жылғы партияның 16 съезінің отырысында Қонаевқа: «Өзіңіз басшылықта отырған 26 жылдың ішінде сіз Қызылорда облысына бірде-бір рет келмедіңіз, жағдайымызды көрмедіңіз. Ол – еліміздегі ең қиын облыстардың бірі. Кілең құм мен шөлдік жер. Осындайда.. осындай», – деп облыстың күрделі экономикалық мәселелерінің бәрін тізбектей кеткені бар еді. Қонаев шынында да Қызылорда облысына әлі бармаған екен. Ал бұл объективті сынау. Шындықты айту.

Енді Әуелбеков сын айтты екен деп Қонаев шеттеткен жоқ. Қайта сол Қонаев дәуіріндегі Қонаевтың қасындағы 10 адамды ата десе, тізімнің алғы шебінде Әуелбеков жүретін. Немесе Қонаевтың қасындағы елге еңбегі сіңген адал да мықты бес не үш қайраткерді ата десе, соның ішінде Бектұрғанов, Ихсанов, Алыбаевтармен қатар осы Әуелбеков жүретін. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың басшы болған 26 жылдық дәуірде облыс басшыларынан Социалистік Еңбек Ерін алғандар аз болған. Бектұрғанов, Қуанышбаев және Еркін Әуелбеков, бар болғаны 5-6 ғана кісі болды.

– Дінмұхамед Ахметұлына сын айта алған болса, ал енді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен арақатынасы қалай болды екен?

– 1995 жылы елде экономикалық жағдай өте қиын болды. Және тура сол жылы үкіметте бүкіл колхоз, совхоздарды тарату туралы қаулы шықты. Анығында бұл қаулы ел экономикасында өте бұрыс қаулы болды. Ерекең қаулының еліміздің экономикасына өте тиімсіз екенін біліп, тікелей қарсы шықты. Қарсы болғандардың арасында Әуелбековпен қатар екі рет Еңбек Ері болған Н.Н Головацкий, Балташ Тұрсымбаев тағы да басқа ауылшаруашылығын білетін бірнеше саясаткерлер болды. Бұл шешім сонда ауылға келген дәп бір соғыстай бәрін құлдыратып кетті десем де болады. Соғыс десек, дейтіндей-ақ, сол қаулыдан соң кері кеткен ауылшаруашылығын әлі көтере алмай жүр емеспіз бе? Одан беріде әлі оңалған жоқ. Қазіргі жағдайы болса тіптен де нашар. Нашар дейтінім, сол 1991 жылы ауылшаруашылығымыздың ел экономикасындағы үлесі 41 пайыз болса, қазір 4,7 пайызға, яғни 8 есеге түсіп кеткен. Ал халықтың 43 пайызы әлі сол ауылдарда тұрады. Мал шаруашылығы құлдырап кетті, бар асылтұқымды мал етке сатылып кетті. Малдан жаңа тұқым шығару үшін 20 жыл уақыт керек болса, егіннің, көкөністің тұқымын шығару үшін 10-15 жыл уақыт керек. Осыған дейін істелінген еңбектердің көпшілігі зая кетті. Асылтұқымды мал зауыттары, тағы басқа – бәрі де құрып бітті. Күні бүгінге дейін қалпына келген жоқ. Сонда жұмыс жасап тұрған әр колхоз-совхоздарда 30-40 мың бас қой, 15-20 000 ірі қара болып, егін егетін технология жақсы жұмыс жасап, ондағы өндірілген өнімдерді, яғни ет, сүт, бидай тағы басқаларды сату бойынша Қазақстан жылына 2-2,5 млрд.$ пайда әкелетін болған. Бүгінгі күні бұлардың бәрі құрыды. Есесіне біз «мұнайлы елміз» деп кеудені кердік. Бізді мұнай асырайды деп сендік. Шын мәнісінде қазақстандық мұнайдың үлесі әлемдік мұнайда 1 пайызға да жетпейді. Қателігіміз – 250 жыл бұрын Сень-Симон айтып кеткен «Нарық бәрін шешеді» деген саясатты ұстандық. Бұл саясат, яғни осы ауылшаруашылығын тарату инфрақұрылымы жартылай шөлейтті Қазақстан жағдайына еш жүрмейтінін ескерген адам болмады. Үкіметтің үлкен қателігі осы болды. Осы қауіпті алдын ала көре біліп, реформаға қарсы шыққан Әуелбеков сындылар қызметтен шеттетілді.

Қазір ауылшаруашылығын сақтап қалған көршілеріміз Өзбекстан мен Татарстанды алайықшы, Өзбекстанда осы 27-28 жылдың ішінде халықтың саны 13 миллионға өссе, бізде 1 миллионға ғана өсті. Неге? Себебі халықтың саны жағдай жасалса тек ауылда жақсы өсетінін ойламадық. Бізде елдегі халықтың 43 пайызы әлі де ауылда тұратынын жаңа айтып өттім. Өзбектер болса бұл қателікті жасамады, ауылшаруашылығын, мал шаруашылығын, егін шаруашылығын – бәрін сақтап қалды. Татарлар да сақтап қалды, Белоруссия сақтады. Қазіргі күні Белоруссия ауылшаруашылығында еңбек өнімділігі біздің Қазақстаннан 8 есе көп. Ресейде 3 есе көп болса, Батыс елдерінде 20 есеге көп. Ауылшаруашылығын қолға алып отырған Америкада бір фермер 133 адамды асырайды екен. Бізде керісінше өз отбасын асырай алмай отырғандар көп. Ең сорақысы, мына Астананың өзінде азық-түліктің отандық өнім үлесі 20-25 пайызы ғана, бұл деген сөз ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіпті айтпағанда, тіпті алғанда күнделікті тамағымыздың өзін шетелден алып тұтынады екенбіз. Теңгенің құнсыздануында, инфляцияда осы азық түліктің әсері 60-65 пайызды құрайды. Мұнай да емес, басқа да емес, дәл осы азық-түлік. Ауылшаруашылығының екі саласы – мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы жоқ жерде, өндіріс жоқ екенін, өндіріс жоқ жерде, экономика да жоқ екенін үкімет түсінбеді. Әлі де түсіндіре алмай жатырмыз. Елде ең қарқынды дамып келе жатқаны – ол тек парақорлық. Мәселен, мына инновацияға деп бөлінген қаржының ішінен 2002-2015 жылдар аралығында 502 млрд. теңге, бүгінгі бағамен 800 млрд. теңге өз мақсатына жұмсалмаған деп жақында Есеп комиссиясы мәлімдеді. Ол қаражат сонда қайда? Яғни жылына 80-90 млрд. теңге жымқырылып, ұрланып, әркімнің қалтасында кетіп жатыр деген сөз. Көрдіңіз бе, осындай ұрлық, жемқорлық қана дендеп тұрған елде енді қандай инновация? Инновация жоқ жерде, экономика жоқ. Экономиканың 90 пайызын инновация құрайды. Ал мұнай бізге экономика болмайды. Сорақысы, бүгінгі үкіметтің құрамында әлі де білікті экономистер сол баяғыдағыдай жоқтың қасы…

– Ол кісімен өмірде жақын таныстығыңыз болды ма?

– Ол 1995 жылы болатын. Менің Ауылшаруашылық министрлігінің Ғылыми жаңалықтарды басқару жөніндегі бірінші орынбасары қызметінде отырған кезім. Ол уақыт ҚазАгроФинанстың жарғысы шығып, жалпы мына Қаржы институты заңдары дайындалып, бәрі жаңадан басталып жатқан кезең болатын. Ерекеңнің ресми емес қызметте, Көкшетау облыстық шаруа қожалықтар қауымдастығын басқаратын кезі. Бір күні таңертең хатшы қыз: «Сізге Еркін Әуелбеков келіп тұр», – деді. Ағамыз жүзі жүдеңкіреген, үміті үзілген, тым селсоқ көрінді. Қызметтен шеттетіліп қалған кездері ғой. Келген мәселесі, Көкшетау облысы мен Қызылорда облысындағы шаруа қожалықтарына, күрішшілерге көмек беруге деп несие сұратып келіпті. Сонда қателеспесем, сол кездегі бағаммен 200-300 мың теңгедей аз ақшаны айтады. Ол 200-300 мың не болады, және екі облысқа? «Ой, Ереке, 200-300 мың деген тым аз. Ондай аз қаражатты мына мақсаттарыңызға қалай жеткізбексіз? Және екі облысқа. Біз одан да сізге 300 мың емес, әр облысқа бекітілген лимитті ескере отырып, миллиондай шығартайық», – десем, «Жо-жоқ, ол көп ақша. Мемлекеттің қазынасын олай шаша беруге болмайды», – деп, шошып кері қайтып кетті. Содан бір ай өтер-өтпес «Жанұзақ, сен дұрыс айтады екенсің, мен айтқан ақша бізге жетіңкіремейді екен, шамалы көп алуым қажет екен», – деп, қайта келіп, қолындағы бар құжаттарын рәсімдеп, несиесін алып кеткен. Сол уақыттарда төрт-бес айдай жақын аралас болдым.

– Еркін Нұржанұлының еңбектері бүгінгі ұрпаққа өз дәрежесіне сай мадақтала ма?

– «Мадақталады ма, өз дәрежесіне сай ұлықталып жатыр ма?» дегенде менің бір көңілім толмайтыны Әуелбеков – мемлекеттік тұлға, ірі қайраткер болды, ол кісінің есімін көше, даңғылдарға берумен ғана шектелмей мектеп аттарына беру керек. Өзі басқарған, өлшеусіз еңбегі сіңген үш облыстарда ескерткіштер қойылуы керек. Себебі, басқа саясаткерлігін айтпағанда білдей үш үлкен облысты көтеріп, өркендетуінің өзі қандай үлкен іс?! Мұндай адамдарды біз ұмытпауымыз керек. Көкшетауда Ғалым Елемесов деген бұрын прокурор болған, 1986 жылы көшеге шыққан жастарды соттаған. Көкшетауға сол прокурорға апарып ескерткіш қойды. Ол қазақтың Ежов пен Берияларға қойған ескерткішіндей. Немесе Голощекинге қоятынындай. Бізде бір жаман әдет бар. Халыққа қарсы жұмыс жасап жүрген адамдарды ұлықтап, ал мемлекетке адал қызмет еткен, елге еңбегі сіңген тұлғаларды ұмытып жатамыз. Ол енді біздің нақұрыстығымыз, надандығымыз. Одан да осы Еркін Әуелбековке қойсақшы…?!

– Саяси мемлекеттік тұлғаның адами болмысы жайлы не айтарыңыз бар?

– Бұл кісінің бір қасиеті – нағыз ер адамға тән бірсөзді, сөзі мен ісі сай келетін, артық сөзі жоқ және өзі де өте қарапайым, өмірі де қарапайым болды. Еңбекқор еді. Қарапайымдылығының бір дәлелі отбасымен тұрып жатқан пәтерінен басқа тіпті көлігі де болмады. Бюджеттен де, басқадан да ешкімнен ештеңе алған жоқ, еш кісіге кеселдік жасаған жоқ. Бойындағы бар білімін, қуатын, күшін, бар еңбегін осы еліне сарп етіп, сіңіріп кеткен «жаным – арымның садағасы» дегенді ұстанған, адалдықты ту еткен, асыл азамат еді.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген бар, бүгінгі Қазақстанға біз, міне осындай азаматтардың арқасында жеткенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек.

Сұхбаттасқан Ася Асеткина

«Аңыз Адам» журналы №19 саны

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/17/zhanuzaq-akim-memleket-basshylary-ekige-boelinedi-biri-zhoqty-bar-etse-ekinshi-bardy-zhoq-etetinder/feed/ 0
Тұрсынжан ШАПАЙ, композитор, әдебиеттанушы: Қазір менде «күлкі» жоқ, «көз жасы» да сарқылуға таяу http://juldyz.kz/2018/10/17/tursynzhan-shapaj-kompozitor-adebiettanushy-qazir-mende-kulki-zhoq-koez-zhasy-da-sarqylugha-tayau/ http://juldyz.kz/2018/10/17/tursynzhan-shapaj-kompozitor-adebiettanushy-qazir-mende-kulki-zhoq-koez-zhasy-da-sarqylugha-tayau/#respond Wed, 17 Oct 2018 05:40:10 +0000 http://juldyz.kz/?p=14770 – Сұхбатымызды сізді мазалайтын сауалдардан немесе дәл қазір не ойлап отырғаныңыздан бастасақ…

– Шынымды айтсам, дәл қазір «осы сұхбатқа қалай келісе қойдым?!» дегенді ғана ойлап отырмын… Бәлсінгеннен емес. Біріншіден, сұхбатқа жоқпын. Ашылып сыр­айта алмаймын. Жұрт алдында жария айтылатын әңгімеге келгенде, тіпті, мүлде «жабылып» қаламын. Екіншіден, формат дейтін нәрсе бар. Журналдың атауындағы «жұлдыз» деген сөз біз сияқты қарапайым әдебиетшіге емес, саxнадан түспейтін, тойлардан шықпайтын, теледидар мен радионы өшірсең, үйіңдегі сантеxникалық құбырдан атып шығып ән айтатын, я ақыл айтатын қысқасы, ел-жұрттың көз алдынан кетпейтін, кете қалса, түсіңе кіріп шошытатын өте танымал адамдарға ғана жарасады деп ойлайтынмын. Бірақ осы жолы бұл сөз маған бұрынғыдай әсер етпеді… Сірә, айтыла-айтыла, «жұлдыздың» әбден тозығы жетіп, кімге қатысты айтылса да, мән бермейтін болғамыз­ау…

Ал енді мені нендей мәселелер мазалайды дегенге келсек, бұл тарапта жұрттан алабөтен не айта қоям?.. Жеке өмірімдегі алаңдайтын жайлардың жұртқа қызығы жоқ. Ал қоғамдағы кем-кетік, қауіп-қатер  бәріміздің көз алдымызда. Бүгінгі жайымыз, ертеңгі xаліміз… Баршаның ойындағы уайым менде де бар. Қалам ұстаған қауымның қолынан келетіні  – айта беру, жаза беру. Одан ештеңе өзгермейтінін білсең де… Бірақ айтудың формасын өзгертіп отырмаса, жаңағы «жұлдыз» деген сөз сияқты әсері болмай қалады. Сол «мазалайтын» нәрселерді, өзім ұтымды деп тапқан үлгіде, өткен ғасырдың аяқ шенінен бері жазып келемін, шамам жеткенше… Сонда мазалаған жайлар әлі де мазалайды, Менің жазған-сызғанымнан xабары бар жұрт білетін шығар, бұл жерде қайталап жатпай-ақ қояйын.

– Қолыңыз бос кезде қайғыратын кезіңіз жиі бола ма?

– Иә. Жиі болады. Өйткені, қазір бәріміз шындықты сүйеміз және жаппай өтірік айтамыз… Қай салада болсын, солай. Аға, орта буынға әбден сіңісті болып, тіпті кейінгі қайсыбір жастарға да жұға бастаған осы мінезімізді ойлағанда, қайғырмақ тұрмақ, «ауырып» қалатын кезім де көп!.. Және мен сияқтылар қазіргі қазақ қоғамында аз емес. Бірақ қайғырғаннан пайда не  «қайғыра» жүріп, әркім өз қолынан келетін шаруаны дұрыс атқаруы керек деп ойлаймын. Жас, білімді, еркін ойлы ұрпақ келе жатыр. Олар советтер «тәрбиелеген» жалтақ, қорқақ, қазіргі барлық игі ұмтылыстардың жолында көлденең көк тас боп жатып алған алдыңғы буынды толық алмастырғанда ғана тынысымыз ашылады. Баяғыда әйгілі абайтанушы Қайым Мұxаметқанов қария біздің бір аңқаулау сұрақтарымызға жауап беріп отырып: «Бәрі орнына келеді. Бірақ мына менің қатарым өліп бітпей, көздерің ашылмайды, жігіттер» дегені есімнен кетпейді. Қазір ойлап қарасам, ол кісі бізді аяп, сәл жұмсақтау айтқан екен. Өйткені, қазақ қоғамы ол кісінің буыны ғана емес, одан кейінгі де бір-екі ұрпақтың бойындағы кеселдерден арылуы керек сияқты. Сана жаңғыруы болмай, басқа «жаңғырулардың» еш маңызы жоқ.

– Сіздің екінші тынысыңыз ашылған кезең болды ма?

– Екінші ғана емес, үш… әлде, төрт қайтара ашылды десем болады. Жалпы, менің шығармашылық «тариxым» бірде үзіліп, бірде жалғасып, әйтеуір, жоғалып кетпей, қайта түлеумен келе жатқан, ұзына бойы ойдым-ойдым ақтаңдақтарға толы бір шырғалаң. 80-ші жылдардың аяқ шенінен бастап менде, шығармашылық тұрғыдан, аттай сегіз жылға созылған бір тоқырау басталды. Әдеби сынға белсене араласып, мақаладан мақаланы бұрқыратып жүргенде, кенет төбеден ұрғандай тоқтадым. Соншама уақыт бойы ештеңе жазбадым десем де болады. Оның өзім анық білген де, кейбірін осы күнге дейін толық түсіне алмаған да себептері бар… Мені бұл жағдайдан Абай құтқарды деп ойлаймын… Абай шығармашылығы арқылы, сол өзің айтқан екінші, жаңа тынысым ашылғандай болды. Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысына қарай «Анық Абай» деген атпен біріктірілген эсселер топтамасы жазылды. Сол тұстағы қазақ қоғамында болып жатқан жағдаяттарға Абай руxы тұрғысынан үңілу талабынан «Қазақтың жаны» дейтін кітабым дүниеге келді… Бұдан кейін де, жеке өз басыма қатысты себептермен, әлденеше жылға созылған «үзілістер» болып жатты. Бірақ, әйтеуір, өмір шырағың сөнбесе, бойыңда бар дүние, қалайда, жарыққа жол табады екен…

– Бұрынғы «Сіз» бен бүгінгі «Сіз» арасында нендей айырма бар?

– Білмеймін-ау… Бұрынғы мен бүгінгі қалпыңның парқы өмір сабағы, руxани тәжірибе арқылы ажырайды десем, дұрыс болар. Әйтеуір, бұрын күйіп-жанып араласып кететін біраз нәрсеге қазір салғыртпын. Кезінде аса маңызды көрінген мәселелер қазір  қызықсыз… Болады деп күткен көп дүние енді болмайтынын анық білем… Бұрын күмәнсіз көрінген кейбір құндылықтарға қазір сенбеймін. Мінез тұрғысынан да, жылдар өте, біршама өзгергенімді байқаймын, адамның көңіліне қарау, шырық бұзбау, қызықсыз болса да, сөзге тартқан адамның әңгімесін аяғына дейін тыңдау, шамаң жеткенше, кісінің артық-кем мінезіне төзу, көңіліңді ауыртқанын елемей, кешіре салу – маған қазір парыз сияқты. Бұл жақсы ма, жаман ба, білмеймін, бірақ расы осы. Бәлкім, мінез өзгерген жоқ, ақыл көбейген шығар… (Осы ой өзіме ұнайды…) Ал, жалпы, әр атқан таңың – жаңа күн. Сен де кешегіден, мысқалдай да болса, басқасың. Данышпандар айтпақшы, мәңгіліктің өзі сол өзгерулерден тұрады. Дегенмен, сені сен деп танытатын, қайғы-қуаныш, өрлеу-өшу, көрген-білген, тәрбие-тәлімің арқылы қалыптасып, өзегіңе, болмысыңа айналған ішкі бір мызғымас ұстындарың болатыны және оның ешқашан өзгермейтіні тағы анық.

– Кей сәттерде руxани жеңілістер бола ма?

– Бұрын қоғамдағы, өз бойымыздағы кем-кетікке, уақытша дүние ғой деп, жоғарыдан қарап, бірде әжуа-мысқылмен, бірде жаным ашып, мүсіркей отырып жаза алатын едім. Қазір олай жаза алмаймын… Екі-үш жыл бұрын «Күлкі және көз жасы» деген кітабым шықты. Ең қиыны, өзгерер деп тым ұзақ күткен дүниеңнен, біржола күдер үзбесең де, бірте-бірте суып, немқұрайды тартады екенсің… Қазір менде «күлкі» жоқ, «көз жасы» да сарқылуға таяу. Руxани ма, басқа ма жеңіліс дегеннің бір сипаты осы шығар… Әлбетте, мәңгілік ештеңе жоқ, руxани өмірге қашанда жеңісім дегенің жеңіліске айналып, жеңілісің басқа жеңістеріңе орнын босатып жататын диалектика тән.

Картинки по запросу тұрсынжан шапай– Меніңше, шын өнер кемталанттар мен кеңталанттардың айқасы секілді. Өзіңіз айтпақшы, «жан-жақты дарынсыздар» көкке өрлеген кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Қалай ойлайсыз, бұл қашанға дейін жалғаспақ?

– Бұл енді мәңгі жалғасады деп ойлаймын. Барлық заманда да солай болған. Бүгінгі интернет, технологиялық мүмкіндіктер заманында бұл құбылыс жаппай, бұқаралық сипат алды деуге болады. Кемталант, кеңталант деп бөлуге қарсымын. Талантты не талантсыз ғана бар. Ал таланттардың деңгейі әртүрлі болуы мүмкін, ол кемдік емес. Халықтың бар сұранысын тек таланттар ғана өтейді деген жай сөз. Жақсы әнге  жақсы тыңдаушы. Нашар өлеңге де «шедевр» деп, таңдай қағып отыратын оқырман табылады. «Тең теңімен, тезек қабымен» деуші ме еді… Өз ойымша, қазір таланттар көп. Бірақ олар болғаны да, болмағаны да қаламға жармасқан, саxнаға, экранға, мінберге ұмтылған, интернет пен эфирді жаппай жаулаған қазіргі лай тасқында жарқырап көріне бермеуі мүмкін. Бірақ өмір орнында тұрған жоқ, өмір жөңкіген ағын болып алға жылжып жатыр. Аққан су тазарады, лай тұнады… Таланттар да өзіне тиесілі мәртебе тұғырын иеленеді, түбінде. Соған сену керек!..Похожее изображение

– Біз барымызбен мақтана алмайтын күйге түскен секілдіміз…

– Меніңше, қазір мақтаудан кенде қалып жатқан ешкім жоқ. Бұрынғымыз да мақтан, қазіргіміз де мақтан. Барымызға да мақтанамыз, жоғымызға да мақтанамыз. Жоғарғы жақты да, төменгіні де буып тұрған бір таусылмайтын парықсыз мақтан бар. Жалпы біздің ел жаппай мақтан елі!.. Біз тынбай мақтана беретін, ал шын мәнінде, түкке тұрмайтын нәрселерді санай  бастасам, әлденеше беттік күлкілі тізім шығар еді… Бір ғана  қазақ екенімізге қатысты мақтандарды еске түсірсек те жетіп жатыр. Бұл мақтанның соңы, әзірше «қазақ болып тумағанда нетер ем!»-ге тоқтап тұр… Кімге қалай білмеймін, өзім, әйтеуір, осы сияқты мағынасыздықтарды естігенде, шаршап, күле бастайтын болыппын. Құдай-ау, қазір қазақ болғаннан қиын, қазақ болғаннан қасіретті не бар?!.. Соған қарамастан, өз мақтанымызға өзіміз есірткі шеккендей елтіп, «бізді әлем танып жатыр!» дейтін баяғы бір мағынасыз мантрамызға басамыз. Және кейінгі жиырма сегіз жыл бойы содан бір танбай келеміз!

Қазір өзім көп ешкімді, ешнәрсені мақтай бермеймін. Өйткені, қалай мақтасам да, менің мақтауым басқа мадақшылардың қасында сүмірейіп қалатынын білем. Жаңа мақтау стиліне бейімделгім-ақ келген. Болмады. Сөздік қорым жетпеді, пафос кемдік қылды… Бірақ өзімді былай жұбаттым, мәселен, Абай… Мұқағали деген есімдерге мадақ эпитет, анықтауыш іздеп жатудың қажеті бар ма?.. Меніңше, жоқ. Өйтсек, оларды қазіргі кез келген мақтаулы өлеңшінің деңгейіне түсіріп алатынымыз анық. Демек, Абай мен Мұқағалиға ең үлкен мадақ – өздерінің аты-жөні ғана!.. Біздің қазақ руxаниятындағы кешегі, бүгінгі тағы талай есімдердің алды-артына мақтағыш, зорайтқыш сөздер тіркеп әуре болудың еш мағынасы жоқ!.. Біз қазір бір-біріміздің қасиетімізді танып, талдап ашқаннан гөрі, құрғақ сөзбен өлердей мақтап, өтірік қолпаштауға бейімбіз. Әдебиет, театр, кино… бар салада. Сондықтан, «барымызбен мақтанғаннан» бұрын, сол барымызды, алдымен, өзіміз жете танып алсақ… Жақсымызды басқалармен сосын бөліссек. «Бізді әлем танып жатыр»-ды да содан кейін ғана айтсақ…

– «Арман», «Дариға-дәурен», «Сәуле-ғұмыр» сынды сериялы әндер дүниеге келуіне қандай тағдыр әсер етті?

– Аттары айтып тұрғандай, бұл әндердің мазмұны  арманмен кешкен дариға дәурен ғұмырың мәңгілікте жалт еткен бір сәуле іспетті… дегенге саятын бір үзік ойдан бастау алады. Үш әннің де арқауы – адам ғұмыры туралы толғаныс, өмірдің қимас-қымбаттары мен аңсар-сағынышы жайлы сыр… Бүгінге дейін жүз елуге тарта ән жазылды-ау деймін. Оның жартысынан көбі белгілі әншілер мен музыкалық топтардың орындауында жарық көрді. Кинофильм, спектакльдерде пайдаланылды. Солардың ішінде, біріне бірі жалғас туған осы үш ән концептуалдық тұтастығымен бөлек тұрғаны рас.

Әдетте, ел-жұртқа кең тараған кей әндер мен күйлердің алды-артында өтірік­шынды, әдемі һәм қияли аңыздар бірге ілесіп жүретіні бар. Тағы да әдетте, оны көбіне-көп… авторлардың өздері таратады. Немесе, осы өзің сияқты журналистер сұрай берген соң, солардың көңілінен шығу үшін де бірдеңені ойлап таба салатын болу керек… Жұрттың бәрі болғанды болғандай, боямасыз айта салатын Төлеген Момбеков емес қой!.. Ақсақалдың атақты күйлерінің бірі қалай шыққанын, оған қандай тағдыр әсер еткенін сұрағанда:

– Далада сиыр байлап жатыр едім, – дейді Төкең, – үйдегі радиодан бір ғажап күй беріліп жатты. Сиырды тез байлай салып, жүгіріп, үйге жеткенше, әлгі күйдің бітіп-ақ қалғаны!.. Домбырамды ала салып, жаңағы әуенді тауып алмақ болып, тарта беріппін, тарта беріппін… Тарта-тарта, ақыры, сендер сұрап отырған өзімнің осы күйімді шығардым…

Бейнетаспаға түскен бұл әңгіменің ұзын-ырғасы, шамамен, осылай. Ұлттық телеарнада сақтаулы тұрған болуы тиіс.

«Құстар әні» (Н.Тілендиев) туралы да жан тебірентерлік бір әңгімелер еститінбіз. Ақыры, ол да жай аңыз болып шықты. Кейіннен, осы әннің мәтінін жазған Тұма ағаңның өз айтуы бойынша аңыз қылатындай ештеңе жоқ екен. Жаңа шыққан дайын әуенге Нұрекең сөз жазып бер деген. Тұма ағаң да, әуен ырғағына дөп келіп тұрған соң, бұрынырақта жазылып, жарық көрген бір дайын өлеңін ұсына қойған… Бар тариx  осы…

Өзің айтқан үш ән туралы менен де көп сұрайды. Шығуына не түрткі болды, қандай тағдыр әсер етті деген тұрғыда. Әдемі аңыз қиыстыру қолымнан келмейді, қажеті де жоқ. Бірақ бұл дүниеде ешбір құбылыс кездейсоқ болмайды. Ешбір өлең, картина, әңгіме, роман жайдан-жай жазыла салмайды. Әнде де ешкімге жария болмаған, өзіңе де жұмбақ руx тағдырыңның бір сәті, дидар-суреті қайталанбас өрнегімен таңбаланып қалғандай болады да тұрады…Картинки по запросу тұрсынжан шапай

– Сіз де, мен де балалықтың бекетін байқаусызда артта қалдырдық қой. Менің балалық шағым өзіме мәлім. Ал сіздің балдәуреніңіз қалай өтті? Жадыңыздағы бала бейне қандай?

– Қазақстандағы ең биік таулы өлкеде (Алматы облысы, Райымбек ауданы) өскендіктен шығар, балалық шақ туралы ойлағанда, көз алдыма, алдымен, заңғар тау, сыңсыған қарағай-арша, ақ көбік боп бұрқыраған асау өзендер, көкбұйра тоғайлар келеді. Соған жалғас, «жадымдағы бала бейнем» болып сиқырға, ертегіге сенетін, ғажаптың бәрі Алматыда деп ойлайтын ауылдың кәдімгі аңқау қара домалағы елестейді. Ол – оқыған кітаптарындағы оқиғалар мен адамдарды өмірде шын болған деп ойлайды. (Көп кешікпей бұл аңғал түсініктен арылады, әрине). Қызық тағдыр, шытырман қақтығыстарға толы сол кітаптарында ылғи да адал мен момынға жаны ашитын, ізгілікті ғана жырлап, жамандықты әр кез жақсылыққа жығып беріп отыратын ақын-жазушы деген қауымды адамзаттың асылы деп біледі…(Кейін түк те олай емес екенін көріп, көңілі қалады). Ол және, әлемдегі барлық бала сияқты өзінің мына дүниеге мәңгілікке келгеніне  ешқашан… ешқашан өлмейтініне кәміл сенеді…(Әлі де сенгісі келеді)… Бұл бейнені осылай толықтыра берсек, анығында, бір емес, әлденеше «бала бейне» шығар еді. Өйткені, адам өмірінің кез келген кезеңі сияқты балалық шақтың да мазмұны сан қабат, өз алдына бір күрделі әлем. Онда қуаныш та, нала да, сағыныш та, бақыт та бар… Қай тұсынан, қандай аңсармен үңілгеніңе қарай, кім-кімнің де сол алтын дәуренінің бейне-сипаты неше құбылып, қилы келбетімен көріне бермек. Қысқасы, бұл бір таусылмайтын жыр…

Сұхбаттасқан Әлия КӨПЖАСАР

«Жұлдыздар отбасы» журналы №12, 2018 жыл

(Ескерту: Сұхбатты көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек)

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/17/tursynzhan-shapaj-kompozitor-adebiettanushy-qazir-mende-kulki-zhoq-koez-zhasy-da-sarqylugha-tayau/feed/ 0
«Жұлдыздар отбасы» журналы Ғаламат бәйге жариялайды http://juldyz.kz/2018/10/13/zhuldyzdar-otbasy-zhurnaly-ghalamat-bajge-zhariyalajdy/ http://juldyz.kz/2018/10/13/zhuldyzdar-otbasy-zhurnaly-ghalamat-bajge-zhariyalajdy/#respond Sat, 13 Oct 2018 15:30:30 +0000 http://juldyz.kz/?p=14754 Құрметті оқырман! «Жұлдыздар отбасы» мен «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналдарының редакциясы ел Тәуелсіздігінің биылғы 27 жылдық мерекесіне орай » 27 жылдыққа 20 жылқы + 7 түйе» атты Ғаламат бәйге жариялайтынын xабарлайды! » Жұлдыздар отбасы» және «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналдарына «Қазпошта» арқылы 2019 жылға толық жазылып, пошта түбіртегін редакцияға жолдауға асығыңыз. Жазылу науқаны «Қазпошта» бөлімшелерінде қызу жүріп жатыр. Бәйгеден құр қалмайық, ағайын!

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/13/zhuldyzdar-otbasy-zhurnaly-ghalamat-bajge-zhariyalajdy/feed/ 0
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА, жапонтанушы : Харуки Мураками – ұлттық болмыстан алыстау қаламгер http://juldyz.kz/2018/08/27/sharafat-zhylqybaeva-zhapontanushy-haruki-murakami-ulttyq-bolmystan-alystau-qalamger/ http://juldyz.kz/2018/08/27/sharafat-zhylqybaeva-zhapontanushy-haruki-murakami-ulttyq-bolmystan-alystau-qalamger/#respond Mon, 27 Aug 2018 08:46:45 +0000 http://juldyz.kz/?p=14621 Шарафат, сіз жапон әдебиетін зерттеп жүрсіз. Қазіргі жапон әдебиетінің ең танымал өкілі Харуки Муракамидің де шығармаларын, нақтылап айтқанда, ой-толғамдарын қазақ тіліне тәржімаладыңыз. Тәржіма дегеніміз, қалай дегенмен де, түпнұсқадай бола алмасы белгілі. Әрине, түпнұсқадан асып кеткен аудармалар да бар. Мысалы, Абайдың Гетеден тәржімасын айтамыз. Әңгіменің басын «ақымақтау» сұрақтан бастасам деймін: Мураками жапон тілінде де жеңіл жазатын жазушы ма? Жеңіл жазу шын мәнінде сапалы оқырмандар тарта ала ма?

– Қалай жазатынын қасында отырып көрген емеспін. Бірақ өнімді жазушы екеніне қарап жеңіл жазады деп ойлауға болады. Қазіргі әдебиеттегі басты мәселе осы оқырман сапасында болып отыр. Мен бұл сұхбатта Харуки Муракамидің онсыз да дүниежүзі бойынша атақты кітаптарын атап, шығармаларына талдау жасағым келмейді. Иә, көп жыл бұрын жапон аңыз-мифтерін аударғанда Акутагава Рюноскэ, Рю Муракамидің әңгімелерімен бірге осы Харуки Муракамидің де қысқа ой-толғамдарын жапон тілінен аударып, қазақ оқырмандарына таныстырғаным бар. Бірақ Харуки Муракамиге ынтам ауып, «бұл бір керемет жазушы екен, прозасын  қазақ тіліне аударайыншы» деген ой менде болған жоқ. Өйткені ол мен іздеген жазушы емес.

Аударма деген адамның бар болмысымен ішіне кіріп, ынтасымен беріліп істейтін қиын жұмыс. Мен өзіме ұнайтын дүниелерді ғана және тек түпнұсқадан аударамын. Кейбір жапон жазушыларының тілі жеңіл, ал 100-150 жыл бұрынғы жазылған прозалық туындылардың тілі күрделі. Туынды өзіме ұнаса оны дереу аударып, оқырманға жеткізуге тырысамын. Біреудің айтуымен, ұсынысымен тәржіма жасамаймын.

Көркем шығарманы аударатын адам жазу үстелінде отырғанда алдымен шығарманың авторы бөтен екендігін, яғни автордың шығармашылық әлеміне қиянат жасамау керектігін ойлауы керек. Бұл дегеніміз – автордың айтатын ойын өз қалпында, шығарманың шырқын бұзбай жеткізу. Бұл оңай дүние емес. Мысалы, Кикучи Кан – жапонның ұлы жазушыларының бірі. Жапония Жазушылар Одағының негізін қалаған қаламгер. Оның шығармаларында бүгінгі жапондар біле бермейтін көне сөздер, қазір қолданылмайтын иероглифтер, диалект сөздер көп кездеседі. Акутагава Рюноскэнің біраз новелласы түпнұсқадан аударылды. «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ақжелкен», т.б. газет-журналдарға жарияланды, «Күншығыс аңыздары» деген кітапқа кірді. Акутагаваның шығармалары негізінен жеңіл аударылады дегенімізбен, кейбір новеллаларының тілі күрделі болғандықтан қиындығы да жетерлік. Әрбір әдеби шығармадан жазушының болмысынан бөлек сол ұлттың рухы сезіліп тұрады. Шығыс әдебиеті Батыс тіліне аударылғанда сол рух өшеді, мәтін ғана қалады. Орыс тіліндегі жапон әдебиетін оқып отырсаңыз, кейбір жерлері дөрекі екенін байқайсыз, өйткені орыс тілі нәзік емес қой. Жапонша шығармаларда нәзік иірімдер бар.

Харуки Мураками көзі тірі жазушы, бірақ мен жеке кездескен емеспін. Жапон басылымдарына берген сұхбаттарынан аңғаратынымыз, жазушы Батыс әдебиетімен сусындап өскенін, жапон классиктері шығармаларымен тек студент шағында танысқанын айтады. Жас кезінде бар ашып, түнде жұрт тарқаған соң сол барда отырып, кітап жазған. Алғашқы романдары осылай дүниеге келген. Харуки Муракамидің кітаптарын қазақ оқырмандарына насихаттаудан аулақпын. Оның ұлттық болмыстан алыстау қаламгер екенін әр шығармасынан көруге болады. Бұны сыншылар ғана емес, оқырмандары да айтады.

Похожее изображение

Моральдық-этикалық құндылықтардың төменгі сатысын бейнелейтін суреттеулерді оқи берсе оқырманның одан жиренуінен гөрі қызығушылығы артады деген заңдылық психологиядан белгілі. Жапон мәдениетінде, жалпы Шығыс халықтарында ежелден келе жатқан әдеп салты бойынша адам сана иесі болғандықтан хайуанға тән аморальдық әрекеттерді көпшілікке көрсетуге болмайды. Бұндай жабық тақырыптарды қоғамның талқысына салу да жалпы азиаттарға жат нәрсе. Жаңа заман өкілі ретінде тым ерсі суреттеулерді оқырманға ұсыну жазушының жапондық болмыстан алыстау, батыстық ойлау дағдысына бейім екендігін көрсетеді. Мен Харуки Муракамиді оқымаңыз демеймін. Мәдениет ұғымы мән жағынан да, формалық тұрғыдан да өзгеріске ұшыраған жаңа заманда кім нені оқимын десе де өз еркі. Он төрт роман, көптеген әңгіме жазып, бірнеше сыйлыққа ие болған жазушы Жапонияда ғана емес, дүниежүзі бойынша ең атақты қаламгердің бірі.

Батыс құлдыраудың шегіне жетіп, болашақ Шығыста екенін Еуропа ойшылдары әлдеқашан айтып кеткен. Әйгілі ағылшын ақыны Байрон  1813 жылы Томас Мурға былай деген: «Шығысқа қарай бет алу керек. Солтүстік, Оңтүстік пен Батыста бәрі таусылған». Ал Харуки Мураками еуропалық келбеттегі қоғамды жазады. Мураками шығармаларында ұлт жоқ. Осы үшін де жапондар Харукиді аса жақтыра бермейді.

Похожее изображение

Оқырмандары оның туындыларының символдық өзегі ішімдік, музыка және әйелдер болғаны үшін тартымды екенін айтады. Бірақ өз ұлтын сүйетін жапондар, әсіресе аға буын өкілдері бұл жазушыны аса жақтырмайды. Эротикалық сюжеттер жапон менталитетіне жат дүние. Мураками – жапон мәдениетінің шеңберінен шығып, еуропалық шеңбердің ішіне кіріп кеткен жазушы.

Иә, Муракамидің шығармаларындағы белгісіздік, тұрақсыздық, жапон әдебіне жат суреттеулер оны батыстық мәнерде жазатын жазушы ретінде танытты. Харуки Мураками – қазіргі жапон қоғамын жазса да жапон жанына жат жазушы. Харукиді оқып, Жапонияны көрмеген кейбіреулер үнемі сыра ішіп, джинсі киетін, гамбургер жейтін, ар-ожданды ысырып тастап қалағанын істейтін адамдарды көзге елестетіп, жапондар түгел осындай екен деп ойлары анық. Бірақ Жапония Батыс мәдениеті Азияға қандай ықпал етсе де төл мәдениетін көзінің қарашығындай сақтап, ұлттық ар-ұжданды бәрінен биік қоятын ел екендігі аян.

Мен постмодернизмді түбегейлі сызып тастап отырған емеспін. Ол бүгінгі заманның келбеті. Бірақ әдебиеттің функциясы – жазушының мойнындағы негізгі міндет оқырманды рухани биіктерге жетелеу, көркемдік танымын арттыру. Классикалық туындыны оқыған жанның білімі тереңдей түседі, эстетикалық талғамы артады. Әдебиет негізгі міндетінен айырылғанда оқырман тобырлық сана деңгейінде қалады. Көкірек көзі бітеу, соқыр қоғам – адамзаттың ақыры. Сыра ішіп, темекі шегетін нәпсіқұмар кейіпкер көркемдікке ұмтылған оқырманға қажет емес. Ол бұндай көріністерді онсыз да күнделікті өмірде көріп жүр. Жазушының ой-санасы, білімі бұқарадан әлдеқайда биік, ілгері болмаса ол жазушы емес.

«Харуки Мураками неге атақты? Сіз оны оқисыз ба?» деген сұрақ төңірегінде жапондармен әңгімелескен едім. Бірі: «Иә, оның «1Q84» романын оқыдым. Жазушы ретінде ұнайды» десе, енді бірі: «Норвегия орманын» жазғаннан кейін атағы шықты ғой. Нобель сыйлығынан үміткер. Бірақ өзім бірде-бір шығармасын оқыған емеспін» деді. Йоширо Икэда деген тарихшы ғалым маған былай деді: «Ол бұл өмірде идеалын таппаған, бір нәрсеге ұмтылып, сағым қуған, сезімнен жұрдай қазіргі заман адамдарын жазады. Постмодернизм мен үшін тым жеңіл дүние, шынымды айтсам оқымаймын. Иә, әдебиетсүйер қауымның ішінде Харуки Муракамиді сүйіп оқитындар өте көп. Неге соншалықты құмартады дейсіз бе? Өйткені бұл жазушының жазғандары үстірт, қазіргі қоғам өкілдері жеңіл өмірге әуес болғандықтан шығар».

Бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Нью-Джерси штатында ата-аналар: «балаларымыз төсек қатынасы суреттерін қамтитын кітапты оқығанын қаламаймыз» деп, Харуки Муракамидің қырық тілге аударылған «Норвегия орманы» романы мектеп бағдарламасынан алынып тасталды.

«Харукидің оқырманы неге көп?» деген сұраққа былай дегім келеді. Мәселен, интернеттегі жаңалықтар сайтының кез келгенін ашып қарасаңыз, ел тарихы, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын материалдарды, патриоттық өлең-жырларды бірен-саран адам оқығанын көресіз. Ал шоу-бизнестегі әлдебір бикештің жартылай жалаңаш суреті басылған, оның кезекті қыдырымпаздығы туралы әңгімеленген материалдың оқырманы мыңдап саналады. Яғни, қазіргі оқырманды (сапасыз оқырманды айтып отырмын) рухани дүниеден гөрі өткінші өсек-аяң көбірек қызықтырады. Сондықтан кейбір жазушылар осындай тобыр топқа арнап жазады.

Картинки по запросу харуки мураками

Әр жазушының өзіне тән стилі бар. Жапон жазушыларынан қазақ оқырмандарына Юкио Мисима, Акутагава Рюнескэ, Ясунари Кабавата, Дзюнъитиро Танидзаки, Сакё Комацу, тіпті Рю Мураками де таныс. Олар өзіне тән әртүрлі ерекшеліктері арқылы әртүрлі таным мен әртүрлі деңгейдегі оқырмандарын тауып жатыр. Ізденістегі қазақ оқырман қауымына жапон әдебиетінен жабық жатқан қандай авторларды ұсынасыз? 

– Аталған жазушылардың барлығы орыс тіліне барынша аударылып, Ресей шығыстанушылары әбден зерттеген қаламгерлер. Акутагаваның новеллалары аңыз-ертегілермен үндес болғандықтан аудардым. Негізінен, орыстілді оқырмандарға аса таныс емес авторларды аударуға тырысамын. Өйткені, қазақтың бәрі орыс тілін біледі, бұрын орысшаға аударылып, ел оқып тастаған шығарманы қайта қозғау қажетсіз. Жапонның Хаяма Йошики, Кикучи Кан, Дадзай Осаму, Кумэ Масао, Юмэно Кюсаку, Такэхиса Юмэджи, Аришима Такэо, т.б. жазушыларының әңгімелері түпнұсқадан тәржімаланып, «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Ақжелкен», «Үркер», т.б. газет-журналдарға жарияланды.

Кикучи Канның «Өлікке күлу», «Құмар ойын» деген әңгімелері қаламгердің шоқтығы биік туындылары. Қолға түскен дүниенің бәрін аудара беру мақсат емес. Алдымен көкейде қазақ оқырманына не қажет деген сұрақ тұрады. Қазіргі қазақ қоғамындағы мәселелерді дөп басқан, замандастардың айтқысы келген ойын дәл бейнелеген туындыларды ғана аударамын. Мысалы, Кикучи Канның «Сумиконың тағдыры» деген әңгімесінде өңінің нашарлығынан тұрмысқа шықпаған қыздың басындағы оқиғалар суреттелген. Ұяңдығынан жігіттермен сөйлесуден именіп, тұрмыс құрмай қалған қыздар мәселесі біздің қазақ қоғамында да өзекті екені белгілі. Әкесі мен қызының, анасы мен қызының диалогы, сіңлілері ұзатылып кеткенде Сумиконың ішкі күйзелісі, жапон отбасындағы тәрбие ерекшеліктері – бәрі-бәрі маған ерекше әсер етті. Әңгіменің соңында Сумико бақытын табады.

Жапонның пролетариат әдебиетінің өкілі Хаяма Йошикидің әңгімелері де идеясымен, тілінің көркемдігімен ерекше. Прозада ең бастысы – идея. Қазіргі заманғы кейбір жазушылар болмашы бір идеяны жеткізу үшін 70-80 беттік шығарма жазады. Оны оқуға адам қаншама сағатын жұмсайды? Шығарманың  кульминациясына жеткенде (кейбір қаламгерлерде ол да жоқ), «айтайын дегені осы ғана ма еді?» деп, көңілтолмастық күй кешесің. Мен атын атаған жапон жазушыларының әрқайсысы өзіндік суреттеу ерекшелігі бар, жапон тілінің мәйегін бұзбаған, қанша ғасыр өтсе де идеясы өзекті боп қалатын дүниелерді тудырған жазушылар. Мысалы, біз М.Горькийді ұмыттық. Қазіргі заманда сәнге айналған автор емес, өйткені пролетариат тақырыбы актуалды емес, иә? Дамыған капиталистік қоғамды орнатқан жапон елінде әрине бай мен кедей теңсіздігі деген қазір жоқ. Ал дүниежүзінің қаншама мемлекетінде, әсіресе Кеңестер Одағынан тараған елдерде буржуа мен пролетариаттың қарама-қайшылығы өршіп тұрғаны жасырын емес. Хаяма Йошики міне, жалпы жер бетіндегі қара халықтың зар-мұңын, езгіге түскен жұмысшылардың күйін өте әсерлі суреттеп, шығармаларында оралымды ой айта білген жазушы.

Бүгінде дүниежүзі бойынша жаһандану үрдісі қарқынды түрде жүріп жатқанмен, ұлттардың өзін-өзі тануы да аса маңызды. Кейбір заманауи саналатын жазушылардың жүздеген бетке созылған, табан тірер фундаменті жоқ, қияли, екіаяқтылардың өзі күнделікті көріп жүрген азғын қоғам суреттерінен құралған жазбасын оқығаннан гөрі ғасыр бұрын жасаған жазушылардың қысқа әңгімесінен нәр алған анағұрлым пайдалы ма деймін. Мысалы, Кикучи Канның «Келбет» деген шағын әңгімесіне назар салсақ, жапонның ұлттық танымға деген беріктігін аңғарасыз. Бір жарым беттен аспайтын әңгімені түпнұсқадан аудару барысында мен тарихи, этнографиялық көкжиекті кеңейтетін талай дүние таптым. Алғаш рет 1920 жылы «Осакамайничишинбун» басылымына жарияланған бұл әңгіме бүгінге дейін  мектеп бағдарламасындағы оқулықтардан түспей келеді.

Картинки по запросу харуки мураками

Муракамидің оқырмандары оның «Нобель» алмағаны үшін Швед академиясына үлкен өкпесі бар. Сіздің пікіріңізше, оның бірнеше жыл қатарынан осы сыйлыққа деген қадамының сәтсіз шығуына не себеп?

– Харуки Мураками 1985 жылы Танидзаки Джюничироу атындағы, 2006 жылы Франц Кафка атындағы, т.б. сыйлықтарды алған. Нобель сыйлығы лауреаттары  жария етілген сайын батыс ақпарат құралдарында «Харуки Мураками осы жолы да Нобель сыйлығын алған жоқ» немесе «Нобель сыйлығы Харуки Муракамиден басқа адамға берілді» деген сияқты тақырыптармен жаңалықтар шығып жатты. Ешқандай жазушының потенциалын сыйлықпен өлшеуге болмайды. Сыйлық жазушылық дарынның көрсеткіші емес. Дегенмен Харуки Муракамиге Нобель сыйлығының берілмеуін жұрт оның жаһандық ірі мәселелерді немесе ұлттық мәселелерді  көтермеуінен деп біледі. Бірақ Муракамидің оқырмандары жазушы осы сыйлықты болашақта алады деген үмітте.

Сұхбаттасқан  Еділбек ДҮЙСЕНОВ

( «Жұлдыздар отбасы» журналы №15. 2018 жыл)

]]>
http://juldyz.kz/2018/08/27/sharafat-zhylqybaeva-zhapontanushy-haruki-murakami-ulttyq-bolmystan-alystau-qalamger/feed/ 0
Орхан ПАМУК, жазушы: Түркия- менің қанымда, менің жанымда http://juldyz.kz/2018/08/13/orhan-pamuk-zhazushy-turkiya-meninh-qanymda-meninh-zhanymda/ http://juldyz.kz/2018/08/13/orhan-pamuk-zhazushy-turkiya-meninh-qanymda-meninh-zhanymda/#respond Mon, 13 Aug 2018 16:30:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=14557  

– Қазір қандай кітап оқу үстіндесіз? Жалпы, кітап оқуға қанша уақыт арнайсыз?

– Қазір мен бұрынғыдан да көп оқимын. Әрине, мұны жан қалауым үшін немесе әлем туралы көп білу үшін жасаймын. Кейде, сыншылар жақсы пікір білдіріп жүрген Зэди Смит немесе Дэйв Эггерстерді оқимын, алайда, әділдікпен оқымаймын. Оларды өзім үшін емес, романдарым үшін оқимын.

– Кейінгі уақытта сізді таңғалдырған Зэди Смит пен Дэйв Эггерстен басқа тағы қандай авторларды айтар едіңіз?

– Мен 60 жасқа толғанымда, ешкімнің аты-жөнін айтпауға шешім қабылдағанмын, өйткені, он жазушының атын атасаң, сен ұмыт қалдырған он біріншісі сені атуға бекінеді. Мен мұндай жағдайдан қашқанды дұрысырақ көремін. Қайбір жылдары «The Times Literary Supplement»-ке ағылшын тілінде сыни мақалалар жаздым. Жасым қырықта болатын, редактор нашар да болса ағылшын тілінде жаза алатынымды байқап қойды, сосын Салман Рушдидің бірді-екілі романына пікір жаздым. Бірақ, кейін Стамбулда тұрдым, ағылшын тілі маған бәрібір бөтен болып қала берді, ақыры бұл ермекті тастадым. Уақыт мұнымның дұрыс шешім екендігін көрсетті.

– Габриель Гарсия Маркестің өмірбаяншысы Джеральд Мартин өзінің  нобельдік синдром мен нобельдік ұжым жайлы кітабында…

– О, менде бұл кітап бар, алайда соңына дейін оқымаппын. Иә, ол жерде не деп жазады?Image result for Орхан Памук

– Ол сыйлық алған көптеген жазушылардың бірнеше жыл басылып қалатынын, я болмаса оған дейінгі және кейінгі мәтіндердің сапасы мен көңіл күйінің айырмашылықта болатындығы немесе өз-өздерін қайталай бастайтынын жазады. Бірақ, сіздің романдарыңыз кезекпе-кезек өз деңгейін көтеріп келеді, сіз бұл «синдромнан» сытылып кеткенге ұқсайсыз.

– Иә! Ол мені айналып өткеніне қуанамын. Жақында «Review of  Books»: «Памук Нобель сыйлығын алған соң, бұрынғыдан да жақсы жаза түсті» деп жазды. Менің көңілім көншіп қалды.

– Менде де тура осындай әсер, сыйлық сізді бәсеңдетпеген секілді, керісінше ашыла түсуіңізге сеп болғандай.

– Нобельдік комитеттің мүшесі Пер Вестберг осыдан үш апта бұрын Стамбулға келгенде жолықтық, ол менің кітаптарымның Нобельден соң тіптен жақсарып бара жатқанын мойындап, мұның әдеттен тыс екендігін жеткізді. Меніңше, бұған бірнеше себептер бар. Алдымен, бәрінен бұрын сыйлықты жазушыларға көбінесе өлімге аяқ басқалы тұрған 80 жасқа жеткенінде береді, ал мен небәрі 54 жасымда алдым, оның үстіне ол кезде «Сезім музейі» жартылай жазылып қойылған. Маған сыйлық беретінін естіген кезде «О, қаржылық жағдай шешілді, енді кітаптарымды жинақтай аламын, керемет емес пе!?» деп ойладым. Сіз Гарсия Маркестің өмірбаянынан «нобельдік синдром» туралы оқыдым дейсіз, Маркесте ол жағынан мәселе болды ма?

– Жоқ, керісінше, ол сыйлықты алар шақта жартылай «Холера кезіндегі махаббат» жазылып қойылған екен.

– Оның үстіне, салыстырмалы түрде жас еді. Егер жас болсаң, күшің мен жігерің болса, көптеген оқырмандарың болса, сыйлық сені тек қана шабыттандырады.Image result for Орхан Памук

– Ағылшын тілінде роман жазу туралы ойыңызда бар ма?

– Бұрын американдық әріптестерім: «Орхан, қашан біз туралы жазасың?» деп сұрайтын. Мен оларға: «Уайымдамаңдар, мен ешқашан сендердің үстеріңнен әзілдейтіндей студенттік өмір туралы жазбаймын» дейтінмін. 2016 жылы оқиғасы Нью-Йоркте өтетін роман туралы ой келді, кейін қарасам, ол үшін көп уақытымды сонда өткізуге тиіс екенмін. Менің туған қалама деген құштарлығымның күштілігі сонша, маған мұндай жағдайға көндігу қиын болды. Бірақ, мұны Стамбулда жазуды жалғастыра беретін боламын.

– Яғни сіз роман туралы ойды ағылшын тіліне қалдырдыңыз ғой?

– Түркия – менің қанымда, менің жанымда. Мен бәрібір өзімнің ағылшын тілінде жазған романымды елестете алмаймын.Image result for Орхан Памук

– Шығармашылық күніңіздің тәртібі туралы айта аласыз ба?

– Әйелім ауруханада жұмыс істегендіктен, үйден таңғы сағат 7:30-да шығады, маған бір шыныаяқ кофе мен аздаған көкөністер дайындап береді. Мен үшін өмірімнің бақытты сәті – роман жазуға отырғаннан басталады. Жанымда біреу жұмыспен қарбаласып жатқанда, маған жазу жақсырақ. Аптасына бірнеше рет маған жазушылықпен айналысатын қызым келіп тұрады. Біз бір-бірімізге қараймыз, бұл бізді тәртіпке үйретеді. Нью-Йоркте әдетте университет кітапханасына барамын, тіпті өзімнің жеке үстелім болса да, студенттердің арасына келіп отырып, сонда жазамын.

– Шығармашылық жоспарыңызбен бөліссеңіз: дәл қазір қандай туындыны жазу үстіндесіз?

– Мен Жерорта теңізіндегі ойдан шығарылған аралдағы 1900 жылдары өткен оқиға туралы кітап жазудамын. Ол Осман империясының орталықтан алыс шалғай жері. Бұл – тарихи роман, сондықтан да ол жайлы әдебиеттерді көптеп оқып жүрмін. Мен бұл шығармаға кіргеніме қатты қуанамын, себебі Стамбулдан жырақтағы өмірім күн сайын саяси шақыру қағаздарға толы, қысып жіберді. Шамасы, 500 беттен кем соқпайтын роман жазылады.

Дайындаған Еділбек Дүйсенов

(Материалдың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

]]>
http://juldyz.kz/2018/08/13/orhan-pamuk-zhazushy-turkiya-meninh-qanymda-meninh-zhanymda/feed/ 0
Алматыда 23 миллион теңгеге салынған «тиіннің» скульптурасы халықтың ызасын келтірді http://juldyz.kz/2018/07/10/almatyda-salynghan-23-million-tenhgege-salynghan-tiinninh-skulpturasy-halyqtynh-yzasyn-keltirdi/ http://juldyz.kz/2018/07/10/almatyda-salynghan-23-million-tenhgege-salynghan-tiinninh-skulpturasy-halyqtynh-yzasyn-keltirdi/#respond Tue, 10 Jul 2018 16:25:14 +0000 http://juldyz.kz/?p=14393 Алматы қаласының орталығына 12 тоннадан тұратын, биіктігі 12 метрлік тиіннің мүсіні тұрғызылды. Тиінді сабан шөп, ағаш жəне металлдан жасаған. Авторы шетелдік Алекс Ренслер. Ол осы секілді арт-объекілер салып, кейін оны өртеуімен танымал. Автордың айтуынша, бұл тиін алматылық тұрғындарды сипаттайды екен. Тиін 9 ай тұрып, кейін өртелуі қажет.

Бұл мүсін халықтың ызасын келтірді. Жұртты биліктегілердің қаражатты «керексіз» дүниеге ысырап еткендігі ашуландырды. Оданша емханаларға жаңа техникалар сатып алып, жағдайы төмен отбасыларға жəрдемкескені дұрыс екенін алдыға тартты. Тіпті, Алматы облысының əкімі Бауыржан Байбекті  əкімдік орнын босатуын талап еткендер болды.

]]>
http://juldyz.kz/2018/07/10/almatyda-salynghan-23-million-tenhgege-salynghan-tiinninh-skulpturasy-halyqtynh-yzasyn-keltirdi/feed/ 0
Ақан Сатаев Томиристің жасөспірім образын таңдайтын актрисаны таңдады http://juldyz.kz/2018/03/12/aqan-sataev-tomiristinh-zhasoespirim-obrazyn-tanhdajtyn-aktrisany-tanhdady/ http://juldyz.kz/2018/03/12/aqan-sataev-tomiristinh-zhasoespirim-obrazyn-tanhdajtyn-aktrisany-tanhdady/#respond Mon, 12 Mar 2018 17:11:01 +0000 http://juldyz.kz/?p=13844 Ақан Сатаев сақ патшайымы Томиристің рөліне іріктеу өткізіп, басты рөлге психолог Альмира Тұрсынды таңдаған еді. Енді режиссер Томирис патшайым 15 жастағы образын сомдайтын қызды да таңдады.  Ол жақында ғана Мөлдір Әуелбекованің жетекшілігімен құрылған «Назар» тобының солисті Салтанат Серкебаева. Бұл туралы Мөлдір өзінің әлеуметтік парақшасында бөлісті.

“Мінекейіңіздер жаңалық! Ақан Сатаев ағамыздың тарихи “Томирис” туындысына басты рөлге іріктеу аяқталды! Мен үшін еселенген қуаныш! “NAZAR” тобының мүшесі Серкебаева Салтанат Томиристің жастық шағын сомдауға бекітілді! Салтошым менің сәттілік серігің болсын! Анаңды, бізді, халқыңды өнеріңмен қуанта бер! Ұжымға біздің ұжым атынан сәттілік тілейміз!” – деп бөлісті Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында.

]]>
http://juldyz.kz/2018/03/12/aqan-sataev-tomiristinh-zhasoespirim-obrazyn-tanhdajtyn-aktrisany-tanhdady/feed/ 0
Жазушылар одағын басқарған Нұрлан Оразалин қызметінен кетті http://juldyz.kz/2018/03/12/zhazushylar-odaghyn-basqarghan-nurlan-orazalin-qyzmetinen-ketti/ http://juldyz.kz/2018/03/12/zhazushylar-odaghyn-basqarghan-nurlan-orazalin-qyzmetinen-ketti/#respond Mon, 12 Mar 2018 16:53:01 +0000 http://juldyz.kz/?p=13838 Жазушылар одағын 22 жыл бойы басқарып келген Нұрлан Оразалин қызметтік орнын босатты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қаламгерлер кезекті 15-ші құрылтайға жиналып, Жазушылар одағының басшысының орнына ақын Ұлықбек Есдәулетті лайықты деп тапты. 

Әнұранмен басталып, қалыпты баяндамамен жалғасқан құрылтай орта тұсына келгенде алатайдай бүлінді. Төрт сағатқа созылған тартыста жазушылар одағының қазіргі бет-беделінен бастап, соңғы 22 жыл ішінде атқарылған жұмысқа талай сын айтылды.

«Оразалиннің үлкен еңбегі бар. Ол қандай еңбек? Нұрлан биліктегі басшылардың туфлиін керемет шеберлікпен жалады», – дейді Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов.

Негізі, Нұрлан Оразалин бір ай бұрын өткен пленумде, тіпті осы құрылтай барысында да, енді сайлауға түспейтінін ескерткен. Бірақ, желдің қай бағыттан соғатынын аңғара алмаған қаламгерлер, көңілдегі күдіктерін де жасырмады.

«Қолдан жасалған қаһарманның қажеті жоқ бізге. Білмеймін, Нұрлан өткенде қоштасып кеткен, тағы қоштаса ма, білмедім», – дейді Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов.

«Өткен жолы пленумда үндеген жоқпын. Ал, үндемегенге басына беруге болмайды, жолдас Жұмаділов. Бәріңізден сұраймын, жинақы, жөндеп, жақсы, ықыласты жиналыс өткізу менің мақсатым», – дейді ақын Нұрлан Оразали.

Құрылтайда экс-төрағанының еңбегін жіпке тізіп мақтағандар да көп. Қаржыдан шашау шығармай, өз күнімізді өзіміз көрдік деп Оразалинді жерге түсірмегендер соңында оған “құрметті төраға” қызметін ұсынған. Бірақ, қаламгерлердің бұған да қарсы шығып, пікірлері қақ жарылды.

«Болмайды жігіттер. Берекесіздікке алып келмейік жазушылар одағын. Белгілі топтардың мүддесі үшін қызмет етпейік», – дейді жазушы Төлен Әбдік.

Қайт-қайта дауысқа салынған ұсыныс сол күйі аяқсыз қалды. Ал құрылтай соңында одақтың төрағалығына бір үміткер, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет ұсынылып, ың-шыңсыз сайланды. «Жазушылар одағының мүшкіл жағдайын көзіммен көріп жүрмін» деген жаңа басшы тұралаған жұмысты қайта түлетуге уәде берді.

«Алты ай бойы жазушылар одағының қызметкерлері, ішінде өзім де бармын, біз айлық дегенді көрген жоқпыз.  Шынын айтқанда тұралап қалған жазушылар одағына басшылыққа келу маған үлкен жауапкершілік жүктеп тұр», – дейді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Қаланың қақ ортасында қасқайып тұрған мына ғимаратты кезінде Ғабит Мүсірепов бар беделін салып, Орталық комитеттен жазушылар одағына алып берген. Қаламгерлер содан бері құт-мекенге айналған шығырмашылық одақ ішінде береке-бірлік орнағанын қалайды. Ал, жаңа басшылық құрам, заман көшіне ілесіп, қоғам назарын қалам иелеріне аудартамыз деп отыр. Енді оның нәтижесіне алдағы бес жылдың ішінде көз жеткізетін боламыз.

]]>
http://juldyz.kz/2018/03/12/zhazushylar-odaghyn-basqarghan-nurlan-orazalin-qyzmetinen-ketti/feed/ 0
Шымкентке үнді әртісі Митхун Чакраборти келеді http://juldyz.kz/2018/02/15/shymkentke-undi-artisi-mithun-chakraborti-keledi/ http://juldyz.kz/2018/02/15/shymkentke-undi-artisi-mithun-chakraborti-keledi/#respond Thu, 15 Feb 2018 16:00:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=13738 Митхун Чакраборти Оңтүстік Қазақстанға  тарихи фильмнің түсіріліміне келеді.Бұл туралы Еуразия кинофестивалі директоры Мира Қарсақбаева айтты, деп хабарлады TVK

«Митхун Чакрабортидің қатысуымен Шымкентте фильм түсіріледі. Ол сәуір айына жоспарлануда. Таза үнді фильмі болмақ. », – дейді Мира Қарсақбаева.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/15/shymkentke-undi-artisi-mithun-chakraborti-keledi/feed/ 0