Жаңалықтар — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Әлия Юсупова: Ұлым келешекте спортта үлкен жетістікке жетеді деген сенімдемін https://juldyz.kz/2019/03/29/aliya-yusupova-ulym-keleshekte-sportta-ulken-zhetistikke-zhetedi-degen-senimdemin/ https://juldyz.kz/2019/03/29/aliya-yusupova-ulym-keleshekte-sportta-ulken-zhetistikke-zhetedi-degen-senimdemin/#respond Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 http://juldyz.kz/?p=15972 – Әлия ханым, халық сізді көркем гимнастикадан абсолютті чемпион ретінде таниды. Бүгінде Қазақстан Құрама командасының бас бапкері, екі баланың анасысыз. Қазіргі таңдағы айналысып жүрген жұмыстарыңызбен бөлісіңізші.
– Бапкерлік жұмыста жүргеніме 9 жылдың көлемі болды. Бұл жұмыс қиын әрі қызықты. Менің ойымша, баланы жаттықтыру барысында қырағылық пен төзімділік керек. Бір баланы дайындап, оның ыстық-суығына төзіп, топқа қосу оңай шаруа емес. Мұндай жұмыс ең алдымен үлкен уақыт пен күшті талап етеді. Ал, сол уақыт аралығында бар күш-жігеріңді жұмсап, бар білетініңді ынта-шынтаңмен үйретсең, еңбегіңнің жемісін көресің.
– Сізге қайсы жұмыс қиын соқты. Гимнаст болған ба, әлде бапкерлік жұмыс па?

– Жалпы екеуі де оңай емес. Бұрын гимнаст болып жүргенімде, бапкердің жұмысы жеңілірек секілді көрінетін. Бірақ қазір ол ойымның қате екендігін түсіндім. Бапкердің жауапкершілігі әлдеқайда жоғары.
– Қазір қандай сайыстарға дайындалып жүрсіздер?
– Қазіргі таңда Гран при және Әлем кубогы сайыстарына дайындалып жүрміз. Қыздар барынша тырысып жатыр.
– 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиадаға қыздар көркем гимнастикадан қатыса ма? Қатысса, оған дайындықтарыңыз қалай жүріп жатыр?
– 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиадаға қатысамыз деген үміттеміз. 2019 жылдың күз айында Әзірбайжанның Баку қаласында Токио олимпиадасына лицензиялық турнир өтеді. Қазір сол турнирге дайындық жүріп жатыр.
– Жалпы, қыз балалардың көркем гимнастикаға қатысқаны қаншалықты дұрыс деп есептейсіз? Олардың денсаулығына, болашағына байланысты сұрап отырмын.
– Менің ойымша, көркем гимнастикаға қызығушылығы бар кез-келген қыздың бұл спорт түріне қатысқаны дұрыс. Әрине, кез келген спортта жарақат болады. Бірақ ол әрбір спортшының ептілігіне байланысты. Ал спортпен сауатты айналысудың адам денсаулығы мен болашағына пайдасы зор.
–Баланы неше жастан гимнастикаға берген жөн? 

– Баланы гимнастикаға 5 жастан берген дұрыс.
– Жаттығу барысында талапшылсыз ба?
– «Ұстаздан шәкірт озады» демекші, кез келген жаттықтырушы өз спортшысына талапшыл болады. Алайда мен шәкірттерімнің әрқайсысымен жеке сөйлесіп, олардың жеке талантын ашуға тырысамын. Күнделікті жаттығуға келіп, бір істі қайталап істей беру, адамды жалықтырады. Сондықтан жаттығуға келгенде, барынша қыздарымның көңілін көтеретін дүниелерді көбірек жасаймын. Олардың қал-жағдайларын сұрап, «денсаулығың қалай?», «қалай ұйықтадың?» деп ұсақ-түйек болса да, көңіл бөліп, баса мән беремін, жиі сырласып, әзілдесіп тұрамын. Көңіл-күйі көтеріңкі болса, олардың жұмысқа деген құлшынысы, қызығушылығы арта түседі.
– Сіздің кезіңізде біздің елде көркем гимнастика жақсы дамымағандықтан, Мәскеуде жаттықтыңыз. Ал қазір Қазақстанда бұл спорт түрінің жағдайы қалай?
– Қазіргі таңда елімізде көркем гимнастиканың деңгейі жоғары деп айтуға болады. Мәселен, өткен жылы Индонезия елінің Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қыздарымыз бірінші орын иеленді. Мұның өзі біз үшін үлкен жетістік. Ақырындап қыздарымыз биіктерден көрініп жатыр.
– Бізге бұрын берген сұхбатыңызда өз орталығымды ашсам деп едіңіз. Бұл арманыңыз орындалды ма?
– Әрине, орындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығының арқасында және де «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының аясында 2015 жылы желтоқсан айында Шымкент қаласында Қазақстандағы жалғыз көркем гимнастика спорт кешені ашылды.
– Балаларыңыз да салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданады екен. Олардың болашағын спортпен байланыстыруына қалай қарайсыз?
– Екі балам бар. Ұлым Нұрали, қызым Әмина. Нұрали футболмен шұғылданады. Келешекте спортта үлкен жетістікке жетеді деген сенімдемін. Егер спорт саласын таңдаса, ешқандай қарсылық білдірмеймін.
– Кезінде бір сұхбатыңызда тәртіппен, белгілі бір режиммен жүретініңізді айтып едіңіз. Ал балаларыңыздың күнделікті күнін де бір тәртіпке саласыз ба?
– Әрине, балаларымды да бір тәртіпке саламын. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген сөз бар емес пе?! Керісінше, жоспарлап тәртіппен жүру, балаларым үшін пайдалы болары анық.
– Балаларыңыздың сабағын қадағалауда қатаң анасыз ба?
– Балаларымның сабағын жеке қадағалаймын. Кейде қаталдық танытуға тура келетін жағдайлар болып тұрады.Картинки по запросу әлия юсупова
– Жалпы, өмірде мінезіңіз қандай?
– Өмірде мінезім салмақты.
– Әлеуметтік желіде көптеген пікірлерді оқыдым. Көпшілік сіздің түр-әлпетіңізге, салмақтылығыңызға қарап «нағыз саясаткер болатын адам» деп пікір білдіреді екен. Көзқарастарға қалай қарайсыз? Шынымен, келешекте саясаткер болуыңыз мүмкін бе?
– Әлеуметтік желілердегі пікірлерді мен де оқимын. Келешекте саясаткер болуға қарсы емеспін.
– Көптеген спортшылар таныла бастаған соң, кино әлеміне, тележүргізушілікке араласады. Ал сіз оған аса қызықпайтын секілдісіз.
– Жоқ, басқа жұмыстарға қызықпаймын. Себебі қазір Қазақстан құрамасының Бас бапкері жұмысының жауапкершілігі мойнымда болғандықтан, менің бір ғана мақсатым бар. Ол елімізді әлемдік деңгейге көтеру.
– Кезінде бір сұхбатыңызда «мен киімдерімнің суретін сызатынмын, ал анам соны тігіп беретін» деп едіңіз. Соған қарағанда дизайнерлік қырыңызда бар секілді ғой, солай ма?
– Иә, кезінде жарысқа киетін киімдерімнің сызбасын сызып, ал анам соған қарап тігіп беретін еді. Жалпы, сол кішкентай кезімнен дизайнерлікке қызығамын. Бірақ онымен айналысу әзірге ойымда жоқ.
– Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз ? Хоббиіңіз бар ма?
– Бос уақытымды балаларыма арнауға тырысамын. Сонымен қатар, қызықты кітаптар оқығанды ұнатамын.
– Жиі демалып тұрасыз ба?
– Иә.
– Қазір қай қалада тұрып жатырсыз?
– Шымкент қаласында тұрып жатырмын.
– Алда қандай мақсаттарыңыз бар?
– Алға қойған мақсаттарым көп. Ең бірінші мақсатым – көркем гимнастика бойынша «Токио-2020» олимпиадасына жолдаманы жеңіп алып, жоғары деңгейде өнер көрсету.
– Он жылдан кейінгі еліміздегі көркем гимнастика спортын қалай елестетесіз?
– Әлі ұзақ уақытқа елестете қойған жоқпын. Бірақ бір арманым, Қазақстан көркем гимнастика саласы әлемдік элиталардың қатарында болса екен деп тілеймін.
– Сұхбатыңызға рақмет!
– Сізге де рақмет!
Сұхбаттасқан Наргиза Аршидин

(«Жұлдыздар отбасы» журналының 2019 жылының №6 саны)

 

 

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/29/aliya-yusupova-ulym-keleshekte-sportta-ulken-zhetistikke-zhetedi-degen-senimdemin/feed/ 0
Солтүстік Қазақстан облысында 92 ауылды су басу қаупі бар https://juldyz.kz/2019/03/29/soltustik-qazaqstan-oblysynda-92-auyldy-su-basu-qaupi-bar/ https://juldyz.kz/2019/03/29/soltustik-qazaqstan-oblysynda-92-auyldy-su-basu-qaupi-bar/#respond Fri, 29 Mar 2019 04:10:01 +0000 http://juldyz.kz/?p=15969 Солтүстік Қазақстан облысында 92 ауылды су басу қаупі бар. Бұл аймақта күн ерте жылып, қар күрт ери бастады. Биыл қар орташа нормадан бір жарым есе көп түскен. Жергілікті билік өкілдері тасқынның алдын алуға кірісті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бескөл әкімі Ербол Бәгенов үш жыл ішінде ауылдағы сай-саланы бес саусағындай жаттап алған. Жыл сайын ойпат жерлерді су басады. Сондықтан техника тартып, арық қазуды ертерек қолға алған. «Бүгінгі күні су басқан үйлер жоқ. Қауіпті жерлер бар. Утинка деген көлден су қаупі келсе, ол жақта екі жарым километрдей ұзындығы, биіктігі бір жарым метр топырақ жасалған бөгет жасалып қойылған. Былтыр ұстап тұрды, биыл да қарап отырамыз, нормально жағдай. Мына қардың суы жақсы өтіп жатыр. Түнде аяз, күндіз кішкене ериді», — дейді Бескөл ауылдық округінің әкімі Ербол Бәгенов.  Әдетте Теріскейге көктем сәуірде келеді. Биыл күн наурызда жыли бастады. Дер кезінде шара қолданбаса, қауіп-қатер күшеюі мүмкін, дейді өңір басшысы. «Аудан, ауыл әкімдері барлық үйлерді аралап шығуы тиіс. Ауылдың ішінде қарды тазалап, жерді құрғату керек. Сонда үйлерді су баспайды. Тасқын кезінде мал шығаратын техниканы да әзірлеп қою керек. 2017 жылы сияқты төрт түлігіміз қырылып қалмасын. Қандай да бір елді мекенді су басса, оған ауыл басшы жауапты», — деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.  Жалпы, облыста 92 ауылға тасқыннан қауіп төніп тұр. «Біздің аса есепке алып отырған тоқсан екі елді мекеніміз бар. Оның ішінде барлық емес, 2300дей үйге қауіп болуы мүмкін. Соңғы үш жылда аталған елді мекендерді су тасқынынан сақтау мақсатында инженерлік іс шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда топырақты үйінділер жасау, жасанды дамбалар жасау, сонымен қатар арықтарды жасап біз қазіргі таңда 108 елді мекеннен қауіпті төмендетіп отырмыз», — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/29/soltustik-qazaqstan-oblysynda-92-auyldy-su-basu-qaupi-bar/feed/ 0
Қарағанды облысының өзендерінде су деңгейі көтерілді https://juldyz.kz/2019/03/29/qaraghandy-oblysynynh-oezenderinde-su-denhgeji-koeterildi/ https://juldyz.kz/2019/03/29/qaraghandy-oblysynynh-oezenderinde-su-denhgeji-koeterildi/#respond Fri, 29 Mar 2019 04:03:16 +0000 http://juldyz.kz/?p=15966 Қарағанды обысының өзендерінде су деңгейі көтерілді. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлады.

Бүгінде Қарағанды қаласының жанындағы Федоров су қоймасы толып кетпес үшін алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл маңда саяжайлар орналасқандықтан мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады. Сарысу өзенінде тиісті мөлшер нормадан асып түскен. Сондықтан жағаға жақын орналасқан елді мекендерге қауіп бар. Көктіңкөлі станциясында екі тұрғын үйді су басты. Ал Абай ауданында Топар өзені жағадан асқан. Нәтижесінде Құлайғыр елді мекеніндегі  үйлерге су кірді.  Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары: — Ол елді мекенде темір жол бойында 5 үй бар екен. Олар су арнасына жақын. Бес үйдің 3-де адамдар тұрмайды. Жергілікті атқару билігінен сондай мәлімет алдық. Қазір ол жерде алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/29/qaraghandy-oblysynynh-oezenderinde-su-denhgeji-koeterildi/feed/ 0
Елемес Сабыров: Мақтаның зиянкестерін химиялық тәсілмен жоюды тоқтатпасақ, өлім-жітім тоқтамайды https://juldyz.kz/2019/03/28/elemes-sabyrov-maqtanynh-ziyankesterin-himiyalyq-tasilmen-zhoyudy-toqtatpasaq-oelim-zhitim-toqtamajdy/ https://juldyz.kz/2019/03/28/elemes-sabyrov-maqtanynh-ziyankesterin-himiyalyq-tasilmen-zhoyudy-toqtatpasaq-oelim-zhitim-toqtamajdy/#respond Thu, 28 Mar 2019 10:51:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=15963 Картинки по запросу елемес сабыров– Елемес ата, сіз «Жұлдыздар отбасы» журналына 2013 жылы (№18) сұхбат бердіңіз. Сол кезде мақтаның зиянкестерін химиялық тәсілмен жоюды тоқтату үшін күресіп жүргеніңізді айтып едіңіз. Одан бері де біраз шаруа бітіріпсіз, десе де шешімін таппаған түйткілдер әлі де бар екен. Жалпы, бұл мәселеге қалай кірістіңіз?
– 2008 жылдың қазан айы болатын. Түнде төсегімде қамсыз ұйықтап жатыр едім, кенет құлағымның түбінен «тұр, Елемес» деген дауыс естілді. Оянып кеттім, айнала тастай қараңғы, ешкім көрінбейді. Қайта жатып қалдым, көзім ілініп барады екен бір кезде «тұр, Елемес» деген әлгі дауыс тағы естілді. Қайта ояндым, төңірек тып-тыныш. Содан соң қайта жатып едім үшінші рет «тұр Елемес, халыққа қайырымды іс істе» деген дауыс құлағымның түбінен анық естілді. Тағы ояндым, ешкім жоқ, осыдан соң тілімді кәлимаға келтірдім де жатып қалдым. Азанда таң намазына ояндым, сонда кемпірім «әй, сен неге түнде қайта-қайта оянып, басыңды көтеріп, айналаңа қарадың?» деді. Мен ештеңе айтпадым. Қорқып қалмасын дедім. Әдетте таң намазынан соң 5 шақырымдай жүріп келуді дағдыға айналдырғам. Сол әдетім бойынша тысқа шығып едім, күн жауып тұр екен. Сулығымды кидім де жүріп кеттім. Үйге жақын маңайда Жатақ дейтін жер бар. Онда негізінен әлеуметтік жағдайы төмен 11 отбасы тұратын. Жатақтың балалары мектепке жаяу барады, сол күні де 20 шақты бала жауынға малшынып келе жатыр екен. Бәрі жамырап келіп, «аталап» амандасты. Олардың ішіндегі 1-сыныпта оқитын кішкентай баланың жауынға жуынған, жаураған түрін көріп, жүрегім ауырып кетті. Үйге келген соң ойландым. Түндегі «Елемес, халыққа қайырымды іс істе» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрып алды. «Бұл шынымен де маған берілген аян шығар» деп ойладым. Содан соң аудан әкіміне бардым. Омарбек Нұржанов деген жігіт болатын. Мені сырттай таниды екен, «келіңіз, ақсақал» деп жылы шыраймен күтіп алды. Мен бірден: «Омарбек, сен бала болдың ба?» деп сұрадым. Ол сәл іркіліп қалды да «иә, ата» деді. Мен сөзімді ары қарай сабақтап: «Жатақ деген жерді білесің ғой, сол ауылдағы балалар алыстағы мектепке жаяу барады, олар білім аламыз деп күннің ыстығына, қыстың суығына қарамай табандарынан таусылып жүр. Осыған неге бір көлік бөлдірмейсің?» дедім. Омарбек мән-жайды ұққан соң: «қазір жыл соңғы, желтоқсан айында қаржысын қарастырамыз, 2009 жылдан бастап балаларды оқуға апарып алып келуге көлік бөлеміз», – деді. Уәде бойынша желтоқсан айында әкімге қайта бардым, қаржысын қадағалап бөлдіртіп, балалардың қиыншылығын шештірттім. Осыдан кейін күн көрісі төмен кісілерге көмектесіп, әкім, қараларға кіріп шаруаларын шешіп беріп жүрдім. Тіпті бір жолы көпбалалы отбасына үй салдырту үшін облыс әкімі Асқар Мырзахметовке де кіріп, 8 бөлмелі үй салдыртып бердім.
– Ал «мақтаның зиянкестерін биологиялық тәсілмен құрту» ісін қалай қолға алдыңыз?
– Бір күні мені бір жас әйел үйге іздеп келді. Аман сәлемнен соң, ол: «ата, ақсақалдар мені сізге жіберді. Өзіңіз білесіз, қазір мақтаның зиянкестерін химиялық тәсіл бойынша жояды. Бірақ бұл адамның денсаулығына, экологияға өте зиян. Кеңес өкіметі кезінде дәл бұлай химиялық тәсіл қолданбайтын, сүт, қаймақ беретін. Қазір оның зиянын ескеретін ешкім жоқ. Күйеуім вахтамен жұмысқа кетті. Менің бес балам бар, аяғым ауыр. Қорқып жүрмін», – деді. Химиялық тәсілдің зиянын мен де жақсы білемін. Бірақ онымен күресу, тоқтату қиын. Сондықтан әйелді: «бұл оңай шаруа емес, бірақ жолын қарастырып көрейік», – деп шығарып салдым. Үш айдан соң әлгі келіншек қайтыс болыпты. Мән-жайын білейін деп ауруханаға бардым. Бас дәрігерге жолықтым. «Қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ жанына араша бола алмадық», – деді. Мен «сонда себебі не?» деп сұрадым. Дәрігер: «әйел адам босанғанда қан кетеді. Ал бұл әйелдің қаны укольға да тоқтамады. Себебі оның қаны уланған», – деді. Содан соң мен «онда бұл адам улы химикаттың кесірінен өлді» деп анықтама жазып бер», – дедім. Дәрігер сәл тартыншақтады. Мен «бұның саған еш кесірі тимейді, керісінше сендерге көмектесемін», – дедім. Сөйтіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасына бардым. Қайтыс болған әйел туралы айтып, қолхатты көрсетіп: «егер улы химикатты тоқтатпасақ, Мақтаарал ауданындағы өлім-жітім азаймайды. Кейде тіпті бір күнде 5-6 жаназа шығады. Сары ауру да асқынып тұр. Осыны тексеріп жатқан ешкім жоқ», – дедім. Сөйтіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығына улы химикаттан адам өлімі көбейгенін растатып қол қойдырып алдым да Асқар Мырзахметовке бардым. Әйтеуір Құдай оңдап, сәті түсіп қабылдауына кірдім. Асқар мені танып, жылы қабылдады. Мен:
– Шырағым, Асқар, саған үлкен өтінішпен келіп отырмын, егер осы шаруамды шешіп берсең, енді сенің алдыңа келмеймін – дедім.
– Қандай шаруа? – деді Асқар.
– Мақтаға шашатын улы химикатты тоқтату керек, адамдар өліп жатыр, көрші Өзбекстанда 1978 жылдан бері улы химикатқа заң бойынша тыйым салынған, кімде кім оны қолданса сотталады. Ал бізде адамдар өз білгенінше қолданып жатыр, мұның зиянын қарапайым халық тартып отыр, – дедім. Асқар менің сөзімді мұқият тыңдады да:
– Аға, сіздің пікіріңізді қолдаймын. Өтінішіңізді Астанаға, қатысты орындарға жеткіземін, осы мәселені мемлекеттік бағдарламаға кіргізуге күш салайық. Себебі облыстан мен кетіп қалсам да жұмыс тоқтамауы тиіс. Қазір сіз қайта беріңіз, хабарын айтамыз, – деді. Біраз күннен соң әкімнің көмекшісі хабарласып, Шымкентке шақырды. Асқармен тағы жолықтық. Бұл жолы ол:
– Мен жоғары жаққа улы химикатты тоқтату туралы жаздым. Бірақ әлі жауап жоқ. Бұған енді сіздің көмегіңіз керек, яғни мүмкіндігіңіз болса Астанаға барыңыз. Біз жіберген хаттардың хабарын біліңіз, – деді. Сонымен не керек, Астанаға бардым, Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековпен жолықтым. Ақыры мақта зиянкестеріне қарсы күресте биологиялық әдісті қолдануды мемлекеттік бағдарламаға енгіздірдік. Соның нәтижесінде, биофабрика ғимараты әзірленіп, қажетті құрал-саймандар Өзбекстаннан (Наманганнан) әкелінді. Картинки по запросу елемес сабыров– Биологиялық тәсіл дегенді түсіндіріп айтып берсеңіз?
– Биологиялық тәсіл дегеніміз – трихограмма, алтынкөз, габробракон деген үш көбелектен тұрады. Биофабрика осы көбелектерді өсіріп шығарады. Яғни, мақтаға түсетін зиянкестерді осы үш көбелек арқылы құртады. Анығырақ айтсақ, трихограмма көбелегін мақта екі құлақты болып өскен кезде жібереді. Өйткені дәл осы кезде зиянды құрттардың жұмыртқалары пайда бола бастайды. Оны трихограмма көбелегі тазалай алады. Бірақ құрт бірте-бірте дами түседі. Енді тез өсе бастаған осы құрттарды құрту үшін мақтаға алтынкөз көбелегі жіберіледі. Ал құрттар үлкейген кезінде габробраконды ұшырады. Бұл көбелек үлкейіп келе жатқан құрттарды өлтіреді. Осы үш көбелектен соң мақтадағы құрттар жойылады.
– Биофабрика салынған соң бұл мәселе толық шешілді ме?
– Жоқ, толық шешілмеді. Өйткені улы химикатты пайдалану тоқтаған жоқ. Ауданның бір бөлім мақта егісіне биологиялық тәсіл пайдаланса, бір бөліміне улы химикаты пайдаланды. Улы химикаттың иісі биологиялық тәсіл пайдаланған жерге жетеді де құртты жоюға ұшырған көбелектерді улап өлтіреді. Мақтаарал ауданында – әлі күнге дейін жартысы биологиялық тәсіл, жартысы улы химикат. Бұл дегеніңіз – биологиялық тәсіл дамымайды, адам улана береді, өлім-жітім тоқтамайды деген сөз. Мұны көріп, қол қусырып отыра алмадым, улы химикатты түбегейлі тоқтату үшін тағы жолға шықтым.
– Бұл жолы қайда бардыңыз?
– Астанаға, Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековке бардым. Асылжан осыған дейін де биологиялық тәсілді қолдап Мақтаарал ауданына 150 миллион субсидия бөлдірген болатын. Мен: «улы химикатты тоқтату керек. Өйткені халықтың денсаулығына, экологияға үлкен зиян келіп жатыр. Улы химикат тізгінделмей биологиялық тәсіл дамымайды. Оның үстіне улы химикатка қаржы көп кетеді», – дедім. Асылжан:
– Ақсақал, мен мұны тоқтата алмаймын. Өйткені улы химикатты сатып алу туралы шетелмен келісімшарт жасасып қойған. Бұл менің қолымнан келмейді, – деді.
Мен: «Енді не істейміз?», – деп едім «Сіз Парламентке барыңыз. Қатысты кісілерге жағдайды түсіндіріп улы химикатты тоқтататын заң шығаруға ықпал етіңіз», – деді. Содан соң, Қазақстан Парламентінің сенаты Қуаныш Айтахановқа бардым. Қуаныш бұл мәселемен егжей-тегжейлі танысты да қатысты жерлерге жеткізетін болып уәдесін берді. Бірақ біраз уақыттан соң өзі хабарласып сенаторлық мерзімі жақындап қалғанын, бұл мәселені толық шеше алмайтынын айтты. Неде болса, бұл шаруаны бастаған соң аяғына жеткізейін деп Астанаға, Парламентке қайта бардым. Бір кезде генарал Бақытжан Ертаевтың кабинетін көзім шалып қалды. Содан соң «қанша дегенмен ер мінезді, батыр азамат қой, көмегі тиіп қалар» деп Бақытжанға кірдім. Амандық саулықтан соң: «мен мақталы жерден келдім» деп сөзімді бастадым да мән-жайды түсіндіріп едім, «Мен мақтаға қарамаймын», – деп бұл істен басын ала қашты. Мен: «әй, Бақытжан, сені батыр, қаһарман азамат деп іздеп келдім. Бұл іске сен араласу үшін Мақтааралда соғыс болуы керек пе? Мына улы химикаттың ауыр зардабынан адамдар онсыз да қырылып жатыр. Ал сенің сөзің мынау – деп кетуге ыңғайланып едім, – тоқтаңыз – деді. Қанша дегенмен айтуы да, қайтуы да оңай батыр азамат ғой, мені қайтадан орныма отырғызып:
– Сіз маған бәрін түсіндіріп қағазға жазып беріңіз, – деді. Сөйтіп, мен Бақытжанның кабинетінде бір жарым сағат отырып, бәрін жазып қолына бердім. Ол: «ақсақал мен мұны, министрге, премьер-министрге жазамын», –деді. Бақытжаннан шығып Қазақстан Парламентінің сенаты Әли Бектаевқа бардым. Ол кісі де мені қолдап, бұл мәселені қолға алуға уәде берді.
Бақытжан уәдесінде тұрды. Сенат пен Парламенттің біріккен мәжілісінде Ауылшаруашылық министрі, премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметов баяндама жасапты. Сонда Бақытжан сөз сұрап: «Асқар, сен Шымкенттің әкімі қызметін атқарып тұрғаныңда Мақтаарал ауданында улы химикатты тоқтатуды қолдаған екенсің. Бірақ бұл іс әлі оң шешімін таппады. Енді Ауылшаруашылық министрі ретінде осыны неге қолға алмайсың?», – депті. Асқар сол арада: «екі-үш айдың ішінде арнайы заң шығартып, улы химикаттың алдын аламыз», – деп жауап беріпті. Бірақ Асқар көп ұзамай Жамбыл облысына әкім болып ауысып кетті. Сөйтіп, бұл жұмыс тағы аяқсыз қалды. Содан соң Мәжіліс төрағасы Н.Нығматуллинге хат жаздым. Біраз уақыттан соң «бұл іс қатысты адамдарға тапсырылды, қаралып жатыр» деген жауап келді. Одан кейін де қыстың суығында Астанаға бардым. Тағы да Парламентті жағалап жүр едім, бір жас жігіт: «Ата сіз кімсіз, мұнда неге жиі келесіз, қандай шаруаңыз бар?», – деп сұрады. Мен келген жұмысымды айтып едім: «мұны шешсе, тек бір-ақ адам шеше алады» деді. «Ол кім сонда?» деп едім: «ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов» деді. «Ол қай жерде отырады?» деп едім, «жүріңіз, мен сізді ертіп барайын», – деді. Сөйтіп, әлгі жігіт (өзі Парламентте істейді екен) мені ертіп апарып, Байжановтың қабылдауына жаздыртты. Сонымен не керек, 19 қараша күні Ғ.Байжановтың қабылдауында болдым. Ол да «шешеміз, қарастырамыз» деп шығарып салды. Мен ауылға келген соң Ауыл шаруашылығы министрлігінен 4 хат келді. Бірақ бұл хаттарда да «істеп жатырмыз, жақында болады, қаржы бөлінеді» деген сөздер ғана. Тек «улы химикатты тоқтатамыз. Заң шығарамыз» деген сөз жоқ. Одан кейін де тағы бір хат жаздым, әлі жауап келмеді.
– Сонша жылдан бері неге осы іспен айналысып келе жатырсыз?
– Балам, мен бір Құдайға қараған адаммын. Шымкентке, Астанаға баруға зейнетақымды жұмсаймын. Кейде кемпірім ренжиді: «өзің секілді шалдар үйінде тыныш жатыр, ал сен болсаң қысы-жазы шауып жүрсің, оның кімге керек?» деп. Шынымды айтсам, мұның бәрі халықтың қамы үшін. Алла маған қуат берді, жолымды ашты, небір әкім-қаралардың, министрлердің есігінен кедергісіз кірдім. Басты мақсатым – улы химикатты тоқтатып, өлім-жітімнің алдын алу, экологияны бүлдіруге жол бермеу. Менің бір таң қалатыным – Өзбекстанда кімде-кім улы химикатты пайдаланса жазаланады. Еуропа одағы 2009 жылдан бастап улы химикатты пайдалануға тыйым салды. Ал бізде неге мұның алдын алмайды, неге арнайы заң шығармайды? Осы уақытқа дейін улы химикаттың зардабын, оның адамға, экологияға келтіретін зиянын республикалық түрлі басылымдарға жазып келемін. Әлде атқамінерлер газет оқымай ма, осыған миым жетпейді.Картинки по запросу елемес сабыров
– Бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлайсыз ба?
– Ғабитжан Байжановтан үмітім зор. Телефонда сөйлесіп тұрамыз. «Заң шығарамыз, улы химикатты тоқтатамыз» дейді. Шіркін, сол күнге тезірек жетіп, Мақтааралдағы кісі өлімі азайса екен.
– Енді оқырманға өзіңізді егжей-тегжейлі таныстыра кетсек, ол үшін әңгімені ата тегіңізден бастайық…
– Мен қожамын. Оның ішінде Бақсайыс деген атадан тараймыз. Зерттеушілер Бақсайыстың шын аты – Хазірет Сейіт Қамалиддин деп те айтады. Өз заманында төңірегіне аты шыққан әулие кісі болыпты. Алмағайып кезде ел қамы үшін атқа қонып, жауға қарсы шығыпты. Талай ұрыстардан бағы жанып, мерейі артып жеңіспен оралыпты, сондықтан да ел оның ерлігіне мадақ айтып, бағына сүйсініп Бақсайыс атап кетіпті.
Әу баста Бақсайыс атаның біраз ұрпағы Қаратау бауырына келіпті, сол жерде дін таратып, өсіп-өніп елге сыйлы әулетке айналыпты. Айрықша зерделілігімен, өзгеше ақыл парасатымен алыс-жақынға аты жеткен Бақсайыс әулетінің бір ұрпағын Семейдегі Құнанбай би қолқалап алдыртады. Құнанбайдың ондағы ойы – қарамағындағы халқына ислам дінін кеңінен насихаттау. Осылайша Қарнақтағы (қазіргі Кентау қаласы) медресенің дамуласы Бердіқожаны тобықты арасына көшіріп алады, әрі үй-жаймен қамдап, мешіт салдыртып Шыңғыстау елінің бас имамы етеді. Бердіқожа – жазушы Мұхтар Әуезовтің үшінші атасы, ал шежіре бойынша Бақсайыс әулие – Мұхтардың жетінші атасы.
– Ал Қаратаудың етегінде қалған сіздің аталарыңыздың тағдыры қалай болды?
– Бақсайыстың ұрпақтары Қаратаудың етегіне әбден орнығып, біраз жыл берекелі өмір кешті. Бірақ Кеңес өкіметі орнаған соң тыныш жатқан елді күштеп көшіріп Мырзашөлге айдады. Өйткені Мырзашөлдің шөлді алқабын суландырып, мақта егетін жердің көлемін арттыру үшін еңбек күші керек болды. Сөйтіп, менің әкем – Сабыр да ағайындарымен бірге Мырзашөлге келді. Аптап ыстықтың астында құмды шөлді игеріп, мақта өндірісінің дамуына аянбай еңбек етті. Шөл даланы егіс алқабына айналдырған еңбекші топтың бел ортасында, басы-қасында әкем Сабыр да жүрді. Кейіннен соғыс басталып, әкеміз күрегін қаруға айырбастап майданға аттанды.
Әкеңіз соғыстан аман оралды ма?
– Жоқ. 1942 жылдың 19 желтоқсанында «хабарсыз кетті» деген хабарлама келді.
– Сонда сіздерді анаңыз өсірді ме?
– Иә, ағам Елеусіз екеумізді анамыз Жібек Әбубәкірқызы өсірді. Ол кісі де Қожа, Бақсайыс атадан тарайды. Ол кезде қожалар қарамен араласа бермейтін, қыз беріп, қыз алыспайтын. Негізі анамыз 12 құрсақ көтерген екен, бірақ балалары кішкентай кезінде шетіней беріпті, содан соң бір ұлының атын Елеусіз қояды, ешкімнің көзі түспесін, тіл-көз болмай, аман өссін деген ырым ғой. Сөйтіп, екінші ұлын Елемес деп атайды.
Анамыз әкемізді күте-күте күдерін үзген соң, әмеңгерлік жолмен ағайындарының бірі Жүсіп қожаға қосылады. Олар ұрпақ сүймесе де, берекелі өмір сүрді.
– Мектепке барған кезіңіз есіңізде ме?
– Бастауыш сыныпты өз ауылымызда оқыдым. Ары қарай орта мектепте оқу үшін аудан орталығы Ильичке бару керек болды. Ауыл мен ауданның аралығы едәуір алыс, күнделікті барып келу қиын болды. Ең сорақысы, шопанның балалары үшін тамағы да, киімі де тегін мектеп интернаты мақташылардың балаларын есігінен қаратпайтын. Енді ойласам, жоғарғы жақтың өзі мақташылардың балаларын жақтырмай, алалаған екен. Ақыры бұл қиындықтан құтылудың жолын да анамыз тапты. Шешеміздің Науша деген әпкесі көрші Киров ауданының орталығында тұратын. Сол кісінің үйіне арнайы барып, өтінішін айтып, келісімін алды, сөйтіп Науша әпкенің үйінде тұрып оқуымызды жалғастырдық. Екеуміз де сабақты үздік оқыдық. Елеусіз мектепті бітірген соң Алматыға келіп, ауылшаруашылық институтына түсіп, 2 курс бітірді.
– Сіз де Алматыда оқыдыңыз ба?
– Жоқ. Мектепті күміс медальмен бітірдім. Анам: «ағаң болса алыста оқып жатыр, енді сен біраз уақыт менің қасымда бол, жұмыс істе», – деді. Бірақ туа бітті қырсық мінезіммен «оқимын» деп көнбей қойдым. Ақыры шешем: «Онда Алматыға емес, мына іргедегі Ташкентке бар», – деді. Сөйтіп, анамның ақылымен Ташкентке бармақшы болдым. Ол кезде бүгінгідей ағылып жатқан көлік жоқ, Сырдарияға барып көрейін деп жаяу тартып кеттім. Сырдария ауданының вокзалы арлы-берлі сабылған адамға толы, сәл аңырып тұрдым да білетіндерден жөн сұрадым. Содан біреулердің ақылымен бөрене тиеген пойызға мініп, Ташкентке жеттім. Жүзі жылы адамдардан жол сұрап, оқудың жағдайын біле бастадым. Иманжүзді бір кісі: «Ташкентте тіл білмесең оқу қиын, сен ең дұрысы инженерлікке түс», – деді. Содан соң ирригация институтына барып құжат тапсырдым. Көп кешікпей емтихан басталды. Құдай қуат беріп, емтиханды жақсы тапсырып оқуға түстім.
– Институтты бітірген соң қайда жұмыс істедіңіз?
– 1961 жылы институтты бітірдім. 25 қазақстандық түлекті Алматыға жіберді. Бізді Орталық комитеттің хатшысы қабылдап әр өңірге бөлді, маған және тағы бір жігітке Таразға жолдама берді. Бізді Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров қабылдап, жылы тілегін білдіріп, жұмысымызға сәттілік тіледі. Сөйтіп, екі жылға келген Қаратау ауданы, Қаратау кеңшарынан 4 жылдан соң туған топырағыма бір-ақ қайттым. Содан не керек, 1964 жылы Ленин колхозына инженер болып жұмысқа орналастым, сол жерде 30 жылдан астам еңбек етіп, өмірдің ыстық-суығын сезініп зейнетке шықтым.
Отбасыңыз, бала-шағаңыз туралы айта кетсеңіз?
– Қаратауда жұмыс істеп жүргенімде Күләшай дейтін қызбен үйлендім. Құдайға шүкір, тағдырымыз жақсы болды. 4 ұл, 4 қыз өсірдік. Ұл-қыздарымыз өз орындарын тапты.
Сұхбаттасқан Жақсылық ЫРЫСБАЙ 

(ЕСКЕРТУ: материалды көшіріп басуға тыйым салынады)

(«Жұлдыздар отбасы» журналының 2019ж №6 саны)

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/28/elemes-sabyrov-maqtanynh-ziyankesterin-himiyalyq-tasilmen-zhoyudy-toqtatpasaq-oelim-zhitim-toqtamajdy/feed/ 0
Сәлім Өтен заңгер: Біздегі банктердің несие беру шарттарында күдікті тұстар көп https://juldyz.kz/2019/03/28/salim-oeten-zanhger-bizdegi-bankterdinh-nesie-beru-sharttarynda-kudikti-tustar-koep/ https://juldyz.kz/2019/03/28/salim-oeten-zanhger-bizdegi-bankterdinh-nesie-beru-sharttarynda-kudikti-tustar-koep/#respond Thu, 28 Mar 2019 10:38:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=15959 – Сәлім аға, сіз еліміздегі кей банктер азаматтардың «шарт жасау еркіндік құқығына қол сұғып отыр», – деп ойлайды екенсіз. Олар сонда азаматтардың қандай құқығын шектеп отыр?
– Сұрағыңызға жауап беруден бұрын, банк рэкеті деген пікірімнің пайда болу себебін айтып кеткенім дұрыс болар деп санаймын. Несін жасырамыз, сырт жақта жүрген кім-кімге де банктердің ішкі өмірін, ішкен-жегендерін, қажеттерін және басқа жағдайларын қалай, кім арқылы шешіліп жатқанын білу қиын. Мен осы арада банктің азаматтардың құқығына құрмет етпеген нақтылы бір мысалды айтып берейін.
Менің қызым Өмірбай Гүлзада Сәлімқызы «Темирбанк» ҰҚ — мен 2007 ж.07.10-да № СRЕР 08001/07-AST банктен қарыз алуға, сол үшін №PAW03938/7-AST мүлікті кепілге қоюға шарт жасасты. Ал 2007 ж 07.13-де №1 қосымша келісімін жасасты.
Бірақ қарыз алу шарттарында да және қосымша келісімінде де, жақтар шет, яғни орыс тілін жеткілікті білетіні және шарттары мен келісімін шет, яғни орыс тілінде жасауға келісетіні туралы ештеңе де айтылмаған. Бұл жағдайда «Темирбанк» ҰҚ Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 380 б. 1 т. қасақана бұзды деп қарауға болады. Өйткені олар ( «Темирбанк» ҰҚ ) Г.С.Өмірбайдың шарт жасауға еркіндік құқығына қол сұқты. Себебі банк өздері ғана қалаған шет, яғни орыс тілінде оның шарттарын және келісімін жасауға мәжбүрлегендерін дәлелдеді.
Осы заңсыздықтары туралы мен «Темирбанк» ҰҚ-ның орын иесі «Forte Вank» ҰҚ-на наразылық жолдадым.
– Сіздің жолдаған хатыңызға «Темирбанк» ҰҚ орын иесі «Forte Вank» қандай жауап берді?
– Олар маған: «ҚР 1995 жылғы Конституциясының 7-бабының 2- тармағына сәйкес «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», – деп жа­уап жазыпты.
– Олардың жазған жауабы сізді қанағаттандырды ма ?
– Әрине, олар мен күткендей жауап қайтармады. Ал ҚР АК-нің 383 б. 1 т. «шарт тараптар үшін оны жасау кезінде қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті ережелерге (императивтік-лат.imperatirus – билеуші, таңдауға еркіндік бермейтін) сәйкес келуге тиіс» деген. Сол себепті 2007 ж.07.13-де шарттар мен қосымша келісім жасалған кезде ҚР 1997 ж.07.11-де қабылданған «Тіл туралы» Заңының тиісті баптары негізге алынуы керек еді.
Осы «Тіл туралы» Заңының 15 б.1 т. «Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады» деп нақты айтылған. Тіпті 21 б. «меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерінің, мөртаңбаларының мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде жазылады» деп айқын көрсетілген. Солай бола тұра «Темирбaнк» ҰҚ және Астана қаласындағы «Темирбанк» ҰҚ бөлімшесінің директоры А.А.Садыбеков болса шарттарының орыс тілінде жасалғанына қоса көшірмелерінің заңдылығын да растаған болып, Шарттардың әр бетіне «Филиал АО, Темирбанк» в Астане, копия верна, Ф.И.О., подпись» деген мәтіндерін шет, яғни орыс тілінде ғана басып қойыпты.
Сөйтіп, осы шарттарды және келісімін жасаған кезде жауапкерлер 1997 ж.07.11-де қабылданған ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарын өрескел түрде бұзып келді.
ҚР Ата Заңының 7 б. 1 т. «қазақ тілі мемлекеттік тілі» деп нақты айтылған. Рас, ҚР Ата Заңының 7 б. 2 т. «орыс тілі ресми түрде қолданылады деп көрсетілгені бар, бірақ, қайталаймын, «қазақ тілімен тең қолданылады» дегенді «Темирбанк» ҰҚ орын иесі «Forte Вank» ҰҚ ұмытпауға міндетті!Картинки по запросу банк
– Бұл заңсыздықтар қандай мақсатта жасалып отыр деп ойлайсыз?
–Жоғарыда аталып кеткен заңсыздықтар, ол банк рэкетінің кіріспесі: жеке ма, заңды тұлға ма, оларға өзінің әмірлігін орындата білу маңызды.
Ал банк рэкеті туралы әңгімелерінің төркініне келер болсақ, ол туралы әңгімені бастамай тұрып, қолыма түскен банктің 2014 ж.03.26-да шығыс №8-7/3085 қарызды растап берген анықтамасына шолу жасап өтейік.
Анықтама «О наличии задолженности по займу» деп аталады. Бұл жағдайда да банк «Тіл туралы» Заңын ешбір бабын құлағына қыстырмаған көрінеді.
Оқырмандарды қарыз алу шартының (2007 ж.07.16-да) жасалған күні мен анықтаманың берілген күніне (2014 ж. 03.26-да) назар аудартып көрейік.
Арада небәрі 6 жыл 8 ай 9 күн өткен екен, бірақ қарыз болса 45 403 043, 48 (қырық бес миллион төрт жүз үш мың қырық үш теңге, 048 тиын) теңгеден 94056424,5 (тоқсан төрт миллион елу алты мың төрт жүз жиырма төрт ) теңгеге дейін, яғни 105 % өсіп үлгерген.
Міне, мұндай арифметиканың арқасында, көріп тұрсыздар, банктерге несие беру – таза пайда! Төтесінен айтқанда, менің аңғарғаным, несие беру рэкетке айналды!
– Сіз еліміз банктерінің несие беруі рэкетке айналып кетті деп отырсыз. Мұның нақты мысалдарын келтіріп берсеңіз?
– Міне, мен осы жағдайдың анық-қанығын айтып бермекпін. Мысалы, қарыз беру шартында «ануитет» деген сөзді қолданған, бірақ бұл сөздің я аудармасы, я мағынасы не екені айтылмаған. Соның анығына жету үшін 1949 және 1988 ж.ж. шет тілі сөздіктерін, русско-казахский словарь, (Москва – 1954 ж.), бұған қоса «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін», (Алматы, 1974 ж. «Ғылым баспасы), Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясында 1978 ж. шыққан орыс-қазақ тілінің сөздігі»), «Алтын қазына» баспасынан 2001 ж. шыққан үлкен қазақ-орыс, орыс-қазақ тілі сөздігін да қарап шықтым, бірақ ешқайсысында «ануитет» деген сөздің не өзін, не аудармаларын ақыры таба алмай қойдым.
Сонымен бірге «пакет без анализа дохода» деген сөйлемнің қандай мағынасы болатыны осы шартта айтылмай қалған. Осыны білу үшін мен жүз шақты адамнан сұрап шықтым, бірақ маған бір де біреуі жауабын бере алмады. Сондықтан банк маманына «пакет без анализа» түсінікті болса, халықтың басым көпшілігіне ол жұмбақ.
Меніңше, бұл сөйлемнің тап қарыз беру шартына мүлдем қатысы жоқ сияқты.
Содан кейін «Темирбанк» ҰҚ жасаған шарттарында сегіз рет «штраф» деген сөз қолданылды, бірақ штрафтың (айыппұлдың) банк мекемесіне қандай қатысы бар екені заңгер болған маған да түсініксіз, себебі ҚР Қылмыстық Кодексінің 40 б. 1 тармақшасында «Штраф» ол жазаның бір түрі деп көрсетілген. Ал 41 б. 1 т. айыппұл не үшін және қандай қылмыстарға жаза ретінде қолданылатыны көрсетілген.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық (ӘҚБК) кодексінің 41 б. айыппұл құқық бұзушылық әрекеттеріне қолданылатын жазаның бір түрі екені деп көрсетілсе, 44 б. әкімшілік айыппұлы қандай әрекеттеріне қолданылатын жаза екені аталып айтылған.
Осындай заң бұзушылықтары мүлікті кепілдікке қою шартында да жоқ емес, шартты түсініп оқысаңыз мұның барлығы көзіңізге түседі.
– Еліміздегі банктердің дәрежесі мен қызмет функциялары жайлы да айта кетсеңіз?
– Ең алдымен, Қазақстан банктерінің дәрежелерін айқындап көрейік:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі – ол мемлекеттік ақшалы-қаржылық мекемесі. Оның қызметкерлері мемлекет қызметкерлері болып саналады, яғни оларды шенділер (орысша чиновник) қатарына қосуға болады, себебі олардың күн көрісі мемлекет қазынасына қарап қалған. Сол себептен олардың арасында жеке құрылтайшы деген түсініктер қолданылмайды.
Ал жеке банктер мүлдем ерекше әлемнің қатарына жатады. Бұлардың әр жұмысшы қызметкеріне қойылатын талаптары жеке қожайынның немесе қожайындарының мүддесін кіршіксіз таза ұстауға негізделген. Солай бола тұра, айыппұлдың жеке меншік банктерге қандай қатысы барын мен мүлдем көріп тұрған жоқпын. Сол себептен заңды түрде қажеті жоқ деп санаймын.
Енді 2014 ж. 03.26-да берілген анықтамадағы жазылған ақпараттарын, оқырмандарға түсінікті болу үшін қазақ тіліне аударып көрейік:
Основной долг – негізгі қарыз 45 403 043,48 теңге;
Просроченный основной долг – мерзімі өткен негізгі қарыз 2 311 011,92 теңге;
Вознаграждение – сыйақы – 41 019 389,25 теңге; в т.ч. Начисленное вознаграждение – шығарылған сыйақыға – 37 993 756,25 теңге;
Штрафные санкции за просроченный основной долг – негізгі қарыз үшін шығарылған айыппұлы – 1 423 563,41 теңге;
Штрафные санкции за просроченное вознаграждение – мерзімі өткен сыйақыға шығарылған айыппұлы – 3 899 416,45 теңге.
Бірден айта кетейін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (не қазақ тіліндегі, не орыс тіліндегі баспаларында) қарастырылған 1124 баптың ішінде не «айыппұл», не «штраф» деген сөздер бір де бір рет қолданылмаған, сондықтан қарыз берген бұрынғы «Темирбанк» (шартта солай жазылған) «штраф» және «штрафные санкции» деген сөздерін қай заңнан не сүзіп, не теріп алғандары мен үшін қараңғы бөлмеде қара мысықты іздеген әрекетпен теңдес. Ол – бір!
Екіншіден, ҚР АК-нің қарызға беруге қатысты 36-тарауының 715- тен баптан 728- бапқа дейін аталынған 14 баптарында да «айыппұлы» деп жазған сөзін көрген жоқпын.
Міне, банктің рэкетінің көкесі осы!
– Сонда банктер («Темир» және Forte bank ) қылмыс жасаған болып тұр ғой, солай ма?
– Әрине, себебі банктер алымшыларын (несие, қарыз, басқаша бірдеңе деп атайды) осылай күшпен қорқытады. Ол күштің ар жағында болса да дардай мемлекет тұр:сотымен, прокурорларымен, полициясымен, әділет департаменті және оған қарасты сот орындаушыларымен (айырмашылығы жоқ – мемлекеттікі ме, жекелері ме, себебі оларың бір терінің пұшпағын илеп жүр ғой. Ал оның ар жағында не бар екендігін өзіңіз жақсы түсінесіз).
Өкінішке орай, бұлардың қай-қайсысы да банктің іс-әрекеттері заңды ма, заңды емес пе деп, оның шындығын іздеп бастарын ауыртпайды.
Дауды банк тудырғасын айтар болсақ, бұл даудың артында қандай күштердің тұрғаны кім-кімге де ақиқат қой.
Қазақ атамыздың «күш атасын танымас» деген мәтелі, міне, осындай жағдайлардан пайда болса керек. Жақын арада мен интернеттен бір ресейлік банк сарапшысының мына пікірін тыңдадым: «Для банков нет никаких законов. Для себя свои законы они сочиняют сами. А затем всех вокруг принуждают их признавать». Бұл айтқанның аудармасы былай болады: «Банктер үшін ешқандай да заңдар болмайды. Олар өз заңдарын өздері ойларынан шығарып алады да, содан кейін барлығын соны мойындатуға міндеттейді». Кім қалай екенін білмеймін, мен осы айтқандарға толық қосыламын. Осының дәлелдерін мен жоғарыда атадым: Ол ҚР Азаматтық Кодексінде жоқ айыппұлы шартқа кіргізілді: Заңды күшіне енген «Тіл туралы» Заңына банк мән берместен қалды.
– Еліміз үкіметі банктердің қаржы саясатын жақсарту үшін және халықтың сеніміне ие болу үшін қандай өзгерістер жасауы қажет деп ойлайсыз?
– Грузия парламенті елдің 600 мыңға жуық тұрғынының 1 миллиард долларға жақын банк қарыздарын кешіру туралы заң қабылдады. Міне, осылай Грузия бүкіл әлемнің алқауына бөленді. Бұл әрекетті 3 млн.тұрғыны бар, бірақ Қазақстан сияқты, Құдай берген жер байлықтарына тапшы болып жүрген мемлекет, осындай әрекетін жасауға барып отыр.
Қазақстанда бүгінгі күнде үйсіз, күйсіз, жұмыссыз қаңғып жүрген қазақтар қаншама? Банктердің қарыздарына да қылғынып отырған баяғы осы қазақ.
Рас, қазақ кең, қонақжай, бірақ аңқау. Ал банк­терге балық қармағы мен аң құрығына өзі келіп түсетін осындай аңқаулар керек.
Мен білетін қазақтың ең күрделі ауруы – ол бәсеке. Бәсеке болғанда, ол бай болып, бірінен бірі асып түсуі емес, той-томалақтарында, яғни не үйленіп жатқан ұлы үшін, не ұзатылатын қызы үшін, өзінің туыс-туғандарының және құда-жекжаттарының алдында ұятқа қалмауға жанталасады. Сондықтан оларға алдымен бәсеке артық. Ақылы кейіннен кіреді. Алған банктің қарыздары тамақтан қылғындыра бастаған соң, сонда ғана ойға келіп, құлдықтың қандай арқанын өз еркімен өз мойындарына салып алғандарын олар түсіне бастайды. Басында, қарызды беріп-алып болғанға дейін банк, періштелер сияқты, өзінің болашақ құрбанын мәпелеп, домалатып айналдырып жүреді.
Ал несие алушы – өгіз немесе ат атанғандары арбасына әбден жегілгеніне көздері жеткеннен кейін ғана, банк үш басты өрт құсқан айдаhарға ұқсай бастайды.
Міне, осылайша, қазақ халқымыздың көпшілігі банктердің қарыздары мен несиелерінің құрбандары болып кетті. Еуропаның дамыған елдерінде банк қарыздары мен несиелерінің өсім пұлдары 3% аспайды, ал мұсылман елдерінде қарыз бен несиелер тегін беріледі, себебі Шариғат қарыз берушілікті пайдаға айналдыруға шек қойған. Қазақстанда болса, тек үй-құрылыс банкісі несиесін 5-7% өсімімен беретін болса, басқа банк­тер несие мен қарыздарды 17 пайызға, тіпті 27 пайызға дейін асырып отырады.

Похожее изображение
Сонда Қазақстан дамыған қай елдердің қатарына жатады, мұсылман немесе қылғындырғандардың қатарына ма?
Меніңше, мемлекет, прокуратура және Қазақстан экономикасын арнайы қорғауға құрылған полиция орындары айқындауға тиіс: банктердің шарттарында «айыппұл» деген ұғымдары қайдан тап болды және «ануитет» деген сөзді банк не үшін қолданады, ол қай елден келген және оның мағынасы қандай? Әрине, біз мұның ашығын айтқанымыз дұрыс: Біздегі банктердің қарыз немесе несие беру шарттары жағалай жатқан жаңылтпаштарға толы. Сонымен бірге, несие мен қарыздардың өсімпұлдарын 5% асырмайтын уақыт жетті. Сосын банктер шарттарында сыйақы емес, себебі банктерге ешкім де сыйлық табыстамайды, сол себептен көзбояушылықтан шығып, табыс көзі деп жазғандары шындыққа келеді.
Расында да, қарыз бен несиеге қосылып қайтарылған ақша – ол банктің табысы. Өткен жылдың аяғында Президенттің жасаған жолдауында коммуналдық қызметтерін көрсетіп жатқан көптеген кәсіпорындарының, ұжымдық қоғамдарының көрсетті деген коммуналдық қызметтері үшін көпшілік халқымызды алдап, ойдан шығарған бағаларының (тариф) арқасында миллиардтаған теңгелерге пайдаларын көрді деген ақиқаттар жарыққа шығып, соның салдарынан мемлекет Президенттің әмірімен 2019 жылдың басынан бастап коммуналдық төлемдерінің құнын арзандатуға мәжбүр болды. Бұл бетбұрысқа бас прокуратураға да алғысымызды білдіргеніміз орынды.
Ендеше неге мемлекет Қазақстандағы барлық банктердің қызметтеріне осындай өнімді шара жасамасқа? Егерде коммуналдық төлемдердегі жарыққа шыққан заңсыздықтары он миллиардтың шамасында болса, онда банктердің қарыз бен несие жағынан жасап жатқан заңсыздықтары жүздеген миллиард теңгелерден асатынына мен барлығын сендіремін. Бұл имандылықтан миллиондаған жай халық, соның ішінде басым көпшілігі – қазақтар, «уф» деп демдерін алып, жандарын жеңілдетіп алатындары сөзсіз.
Сұхбаттасқан Ерзат АСЫЛ

(«Жұлдыздар отбасы» журналының 2019 жылының №6 саны)

(ЕСКЕРТУ: материалды көшіріп басуға болмайды)

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/28/salim-oeten-zanhger-bizdegi-bankterdinh-nesie-beru-sharttarynda-kudikti-tustar-koep/feed/ 0
Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды https://juldyz.kz/2019/03/28/qyzylorda-oblysynda-aue-apatynan-qaza-tapqandardynh-tizimi-zhariyalandy/ https://juldyz.kz/2019/03/28/qyzylorda-oblysynda-aue-apatynan-qaza-tapqandardynh-tizimi-zhariyalandy/#respond Thu, 28 Mar 2019 08:33:41 +0000 http://juldyz.kz/?p=15953 Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқандардың тізімін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 адам қаза тапты:
Майор Роман Костыгов  26.04.1985

Майор Тимур Кұдайбердиев 17.09.1985

Лейтенант Аслан Айтбаев 10.11.1994

Майор Данияр Қонырбай 10.11.1985

Майор Сабыр Тоқбаев 15.12.1977

Капитан Сырым Мәсәлім 11.12.1989

3 санатты сержант Қайрат Нұрсапанов 8.10.1973

Аға сержант Мұрат Шәріпов 04.01.1979

Кіші сержант Асхат Абдулманат 21.09.1982

Ефрейтор Айдын Әбділдинов 11.12.1978

Ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев 08.09.1986

Ефрейтор Өмірхан Қауқаев 21.08.1990Ефрейтор Мирас Жұматаев 10.02.1991

 

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/28/qyzylorda-oblysynda-aue-apatynan-qaza-tapqandardynh-tizimi-zhariyalandy/feed/ 0
Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлап, 13 адам қаза тапты https://juldyz.kz/2019/03/28/qyzylorda-oblysynda-askeri-tikushaq-qulap-15-adam-qaza-tapty/ https://juldyz.kz/2019/03/28/qyzylorda-oblysynda-askeri-tikushaq-qulap-15-adam-qaza-tapty/#respond Thu, 28 Mar 2019 08:20:11 +0000 http://juldyz.kz/?p=15950 Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған», — делінген хабарламада.

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/28/qyzylorda-oblysynda-askeri-tikushaq-qulap-15-adam-qaza-tapty/feed/ 0
Әбдуәли Қайдар: Өмірден көрген-түйгенімді кітап бетіне түсіріп кеткім келеді https://juldyz.kz/2019/03/28/abduali-qajdar-oemirden-koergen-tujgenimdi-kitap-betine-tusirip-ketkim-keledi/ https://juldyz.kz/2019/03/28/abduali-qajdar-oemirden-koergen-tujgenimdi-kitap-betine-tusirip-ketkim-keledi/#respond Thu, 28 Mar 2019 08:11:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=15947 – Әбдуәли аға, өзіңіз дүниеге келген өлке жөнінде айтып берсеңіз.
– Туған жерім Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауданы. Қаракемер ауылының қалың тал өскен бұлағының бойында, 1924 жылы анам мені дүниеге әкеліпті. Отбасымызбен бір жерде ұзақ тұрақтап тұра алмадық. Әкемнің қызметіне байланысты біраз ауданды араладық. Ұйғыр, Шелек, Еңбекшіқазақ аудандарында да, Алматыда да оқыдым. 1936 жылға дейін киіз үйде тұрдық. Әлі есімде, Есік өзенінің жоғары жағындағы жазық жерде біздің киіз үй тігулі тұратын. Өмірімнің ең бақытты шағы Есік қаласында өтті.
– Ата-анаңыз қандай жандар еді?
– Әкем Қайдар қақ-соқпен ісі жоқ момын адам болатын. Бар өмірі бала-шағасын асырап-бағумен өтті. Анам Жанбала соғыс жылдарында да, одан кейінгі уақытта да ұжымшарда қызмет етті. Анамның бір ерлігін айтып берейін. Мен соғысқа қатысқан адаммын. Біз Польша мен Германияның ортасындағы Штеттин деген қалаға жеткенде соғыс аяқталды. 9 мамырдан соң 9 күннен кейін ауылға қайттық. Өзіміздің тоқал тамға келсем, белгісіз біреулер жүр екен. Анама: «Мыналар танымайтын адамдар ғой. Бұлар кімдер?» – десем, – «Бұл адамдар – осында қоныс аударылған шешендер мен ингуштер. Радиодан жер аударылғандарды ауылдық кеңсеге әкелгенін естіп барып едім. Бір киіздің астында екі баласымен жастау екі адам бүрісіп жатыр екен. Жаным ашып, үйге әкелдім», – деп жауап берді. Сол отбасының кішкентайлары қазақша білім алып, Қарағандыдағы әскери мектепте оқыды. 1958 жылы жер аударылғандар өз елді мекендеріне қайтқанда олар да Шешенстанға кетті. Кейін мен іссапармен сонда барғанда жергілікті жұрттан «Ахмет Галогаев деген бар ма?» деп сұрастырып көріп едім, «Ойбай-ау қазір министрдің орынбасары» деген жауап естідім. Тауып алып, хабарластым. Мен отырған қонақүйге өзі іздеп келді.
Біз бір түтіннен соғысқа төрт адам аттандық. Әкеміз 1941 жылы соғыс бастала салысымен майданға кетті. 3 шілде күні радиодан сөйлеген Сталиннің сөзінен кейін кеше ғана көшеде асық ойнап жүрген біз бірден ересек болып шыға келдік. Әкемізбен қатар, Майлыбай, Сексен деген інілері де аттанды. Төртінші болып мен кеттім. 1941 жылы жазғы демалыс аяқталып мектепке барсам, сабақ беретін ер мұғалімдер жоқ. Барлығы соғысқа кетіп, тек әйел мұғалімдер қалыпты. Өзім қатарлас бір топ бала жиналдық та, Есік қаласынан шығатын «Үлгілі колхоз» деген газетке «Жасымыз кіші болса да, мылтық көтеруге шамамыз жетеді» деп арыз жазып, өз еркімізбен соғысқа сұрандық. Жастығымызды ескеріп, бізді бір жылдан кейін, яғни 1942 жылы мамырдың 3-і күні жаяу Есіктен Алматыға алып келді.Картинки по запросу әбдуали қайдар
– Отбасында неше бала өстіңіздер?
– Анам –тоғыз құрсақ көтерген адам. Жасы 95-ке келіп, Алматыда менің қолымда қайтыс болды. Тұңғышы менмін. Әкеміз аңсап күткен сегізінші перзент қыз бала болыпты. Есімі – Роза. Қазір осында тұрады. Балалы-шағалы. Химия ғылымының кандидаты. Екеуміздің арамыздағы Молдағали, Мұхамәди, Болатқали деген інілерім ерте қайтыс болып кетті.
– Ал оқушы кезіңіз қалай өтіп еді?
– Бала болғаннан кейін өзімізше дос және қас болып екі топқа бөлінетінбіз. Бірде бір орыс бала мені ұрып кетті. Үйге келіп жылап отыр едім, әкем жаныма келіп: «Балам, неге жылап отырсың?», – деді. «Орыстың баласы ұрып кетті», – деп едім, – «Есіңде болсын! Шамаң келмесе, тиіспе. Шамаң келмей таяқ жеп алсаң, үйге жылап келме», – деді. Сол сөздері әлі күнге дейін жадымда. Мен Тұманбай Молдағалиевпен бір мектепте оқығанмын. Бір күні мені мерейтойына қонаққа шақырды. Мерейтой үстінде оқушы кезімде сабақ берген Янка деген неміс апайымды кездестірдім. Небары он сегіз жасар қыз болатын. Мектепке үш шақырым қашықтықтағы колхоздан келіп, оқитынмын. Жан-жақтан келіп оқитын әртүрлі балалармен араласатынмын. Өзімнен ересектеу бір жігіт бізге арақ ішуді, темекі тартуды үйреткісі келетін. Сондықтан көзіне түскіміз келмей, қашып жүретінбіз. Бір жағынан орыстың балалары ұйымдасып, колхоздан келе жатқан жолдағы көпірдің астынан шыға келіп, бізге тиісетін. Мектепке бірге келіп, бірге қайтатын Қали деген досым бар еді. Бір күні әдеттегіше екеуміз бірге келе жатқанымызда ол: «Бүгін тағы да орыстың балалары алдымыздан шығады. Сондықтан оларға қарсы қайрат көрсетейік. Мына сайда жыланның ордасы бар. Сол жерден бір-бір жылан ұстап алайық. Тісін қағып тастасаң, шақпайды», – деді. Сайға барсақ, расымен де жылан көп екен. Бір-бірден ұстап алып, тісін қағып, қалтамызға салып алдық. Көпірге жақындағанымызда төрт-бес бала шыға келді де, тиісе бастады. Біз де қарап қалған жоқпыз. Қолымыздағы жыланмен оларды қуып жүріп сабадық. Сабаздарыңа жан керек екен, енді бізге тиместей болып қашып кетті. Бір жыланымыз өліп қалды да, екінші жылан тірі күйінде менің қалтамда қалды. Мектепке келдік. Бірінші сабақ – неміс тілі пәнінен жаңағы Янка апайымыз беретін. Досым екеуміз бірінші партада отырамыз. Сабақ басталып кеткен. Бір кезде апайым «Ой, мама!» деп шыңғырған күйінде сынып бөлмесінен сыртқа атып шықты. Сөйтсем, қалтамдағы жылан жатқан жерінен ақырын жорғалап шығып, мойын тұсыма жақындап қалыпты. Мен оны сезбеппін. Апайым болған жайды директордың орынбасарына барып айтыпты. Ол да жыланнан қорқады екен. Сынып бөлмесіне кірмей, есіктің аузынан «шығыңдар» деп айқай салды. Осылайша Янка апайымызды бір қорқытқан едік. Ұстазым «мені бір қорқытып едіңдер, бәрі де есімде» деп өткенді күліп есіне алды. Кішкентай кезімде жайлауда мені жылан шаққан екен. Молдалар шаққан жыланды ұстап алып, сонымен емдепті. Ересек балалардың жыланның ордасына итеріп жіберген кездері де болды. Одан да аман қалыппын. Негізі, мен сурет салуды, музыканы жақсы көретін адаммын. Мандолинде ойнайтыным бар. Ұжымшардан келе жатқанда алыстағы баған басындағы радиодан скрипканың үні естілетін. Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдамай мектепке бармайтынмын. Соның салдарынан сабаққа талай кешіккенмін. Жоғарыда отбасымызбен көшіп-қонып жүретінімізді айттым. 1- сыныпты – татар, 2-сыныпты – ұйғыр , 3 — сыныпты қазақ мектебінде оқыдым. Бұл тіл үйренуіме көмектесті. Орыс, татар, ұйғыр тілдерін жетік меңгердім. 9-сыныпты бітірген жылы соғыс басталды да, 10-сыныпқа бармай, соғысқа аттанып кеттім. Соғыстың алдында Ташкентте үш ай әскери курста оқуда рациямен жұмыс жасауды үйрендім. 1942 жылы қыркүйек айында бізді Мәскеу қаласына алып барды. Ол жақта бірнеше күн түнедік. Соғысқа бірге аттанған жиен ағайым бар еді. Екеуміз «Не болса да бірге болайық» деп қол ұстасып сапта тұрғанымызда, командирлер оны Кавказға, мені Калинин майданына бөлді. Бізді бір жарым жыл уақыт бойы Великие Луки қаласын жан-жағынан қоршауға алған жау әскерімен шайқасуға аттандырды. 1942 жылы желтоқсан айында бір шабуылда қолыма оқ тиіп, командир медпунктке жіберді. Барсам, жаралы жауынгерлер көп болғандықтан орын жоқ екен. Жанымда бір жауынгер бар еді. Дәрігерлер екеумізге: «Өздерің жүре алады екенсіңдер. Қаланы аралап, жататын үй тауып алыңдар», – деді. Сонымен бір әжейдің үйін тауып алдық. Жаралы қолымды әлсін-әлсін тазалап, таза дәкемен байлап тұру керек. Бізде ондай жағдай болған жоқ. Жылы үйде жата бердік. Бір аптадан соң қолымның жыбырлай бастағанын сездім. Әжейден «Қолым неге жыбырлайды?» – деп сұрап едім, – «Наверное, там что-то творится», – деді. Содан госпитальға бардық. Дәрігерлер шинелімнің жеңін қайшымен қиған кезде жерге тырс-тырс етіп аппақ құрттар түсе бастады. Сөйтсем, қолым құрттап кетіпті. Ем қабылдағаннан кейін сол түні тырп етпей ұйықтадым. Госпитальда екі ай жатып, жазылып шыққаннан кейін мені майдан даласына жібермей, «9 сыныпты бітірсең, әжептәуір білімің бар екен» деп, Джанов атындағы әскери-инженерлік училищеге оқуға қалдырды. Алты ай оқып, әскери техниканың тілін үйреніп, кіші лейтенант атанып шықтым. Бір аптадан соң ұшаққа отырғызып, қайтадан майданға жіберді. Алдыңғы шепте жүріп шайқасып, взвод командирі болдым. Штеттин қаласына жеткенде жеңіс те келіп жетті. Немістердің өздері «Гитлер капут!» деп айғай салып, ұзақ күттірген жеңісті бізбен бірге қарсы алған еді.
– Соғыстан кейінгі өміріңіз қалай өрбіді?
– Соғыстан кейін бір жылдай Есік қаласындағы әскери комиссариатта жұмыс істедім. Ел қатарлы білім алу үшін үстімдегі әскери киімдеріммен мектепке барып, бітірмей кеткен 10 сыныбымды өзімнен кіші балалармен оқып шықтым. Оқуды аяқтаған соң, Алматыға келдім. Физик те, математик те болғым келді. Сурет училищесіне де құмарлығым ауды. Ақырында КазГу-дың тарих-филология факультетіне оқуға түстім. 1951 жылы Қаныш Сәтбаев өзі ашқан академияға аспиранттарды қабылдай бастады. Ұйғыр тілінің маманы ретінде аспирантураға оқуға түстім. Бірақ 25 жылдан кейін қазақ тілі бөліміне ауыстым. Ұйғыр тілінде де, қазақ тілінде де жазған еңбектерім бар. Сондықтан болар, көпшілік мені түркология ғылымының маманы деп есептейді. Монографиялық еңбек те жаздым. Оқулықтарым жоғары оқу орындарында оқытылады. Мектеп оқушыларына арналған оқулықтарым, сөздіктерім бар. Аспирантураға түскеннен кейін маған Малов деген кісіні жетекші етіп тағайындады. Ол кісі кітап жазып жатқандықтан уақыты болмай, өзінің досы – Константин Ирдахин деген түрколог ғалымға жіберді. Кандидаттық, докторлық диссертациямды Бакуда қорғадым. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында бөлім бастығы қызметінен көтеріліп, 14 жыл директордың орынбасары, 18 жыл директор болдым. Ғылыммен айналысқан жылдарымның жемісі – осы уақытқа дейін 54 кітап жазыппын, 80 кандидант дайындаппын, оның 15-і доктор. Сексен шәкіртті дайындау дегеніңіз – сексен баланың әкесі атанғандай сезім.
– Сізді ғылымға жетелеген, бағыт берген ұстаздарыңыз кімдер?
– Менің ұлағатты ұстаздарым Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Ғайнетдин Мұсабаевтар еді. Үшеуі де бұл күнде о дүниелік болып кетті.
– Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына сіздің тигізген ықпалыңыз мол болған деседі…
– Мемлекеттік тіл деген әншейін атақ емес. Мемлекеттік тіл – заңдық құқық беретін категория. Ол мемлекеттің қорғауындағы тіл болуы керек. Оны өзгертуге, басқа тілмен ауыстыруға болмайды. «Мемлекеттік тіл орыс тілі болсын, ол – достықтың зертханасы» дегендер де болды. Ортақ тіл, екінші тіл деген болмайды. Г.Колбин мырза «Екінші тіл» дегенді айтып еді, қазақ интеллигенциясы екіге бөлінді. Сол кездері мен Колбиннің алдында бірнеше рет сөз сөйлеп, бізге мемлекеттік тілдің қажеттігін айтып, дәлелдеп шыққан болатынмын. Өзіміздің қазақтардың арасында «Екі тілді қатар алып жүре берейік» дегендер де болды. Марқұм Қалтай Мұхамеджанов ол уақытта жиырма алты адамнан тұратын комиссияның мүшесі еді. Мемлекеттік тіл айтысын талай көрді. Неге екенін білмеймін, Ісмет Кеңесбаев «Екінші тіл» мәселесін қолдады. Сол кезде тілі ащы Қалтай Мұхамеджанов: «Мен бір анекдот айтайын. Баяғыда бір бай бір түйесін жоғалтып, «Түйемді базарға сатамын дейтіндер болса, мен сол түйені алып кеткен адамның өзіне бір сомға сатамын» деген екен. Бірнеше күннен кейін түйесін базардан көріп, «Ойбай, мынау менің түйем ғой!» деп жабыса кетіпті. «Қанша тұрады?» десе, сатушы «Бір мың бір сом» дейтін көрінеді. Ол түйені әкелген адамның «Бай бір сомға сатамын, деп еді. Сол уәдесінде тұрсын» деген оймен айтқаны ғой. Сонда бай «Түйенің құны – бір сом, бірақ түйенің мойнындағы мысықты көрдің бе? Сол мысық екеуі бір күнде туған. Сондықтан мысықпен қоса сатамын. Екеуін бөлуге болмайды. Мысық – мың сом, ал түйе – бір сом» деген екен. Сол сияқты орыс тілі – мың сом, қазақ тілі – бір сом болып тұр ғой», – деп Кеңесбаевты сынапты. Кейін Кеңесбаев «Красная звезда» деген газетке «Біз орыс тілінсіз ешқайда бара алмаймыз» деп мақала да жазды. Ал мен жиындарда: «Кеңесбаев ол сөзді саяси астармен айтқан шығар. Негізі, ол кісі қазақ тіліне қарсы жан емес еді», – деп айтып жүрдім. Картинки по запросу әбдуали қайдар
– Жоғарыда музыканы жақсы көретініңізді айттыңыз. Ән айтатын өнеріңіз бар ма?
– Ән айта алмаймын, бірақ жүрегіммен тыңдаймын. Саз аспаптарында ойнаймын. Көркем сурет училищесінде де оқығанмын. Кішкентайымнан суретке жақын болдым.
– Жарыңызбен қалай таныстыңыз?
– Университетті бітіріп, аспирантурада оқып жүргенмін. Бірде бір жолдасымның үйіне барғанымда, болашақ жарым да сол үйге қонақ болып келіпті. Таныстық, білістік. Сөзіміз жарасып, 1961 жылы шаңырақ көтердік. Үш қызымыз бар. Тұңғышымыз Жанна Америкада тұрады. Екінші қызымыз Әсел – тарих институтының қызметкері. Кенжеміз Баян бизнеспен айналысады. Аллаға шүкір, немерелерім, Едіге деген шөберем бар. Кемпірім Шекер – медицина ғылымының кандидаты. Одан бұрынғы жұбайым ұйғырдың қызы болатын. Ерте қайтыс болып кетті.
– Қазақ ұлтының перзенті ретінде сізді қандай мәселелер толғандырады?
– Біздің заманымызда ғалым болу қиын еді. Қазір кейбіреулер академияға лаборант болып жұмысқа тұрады да, екі жылдан кейін ғалым болып шыға келеді. Қазірде жұртқа «академикпін» деп айтсаң, тосырқай қарайды. Бұрын академик деген лауазымды қызметпен тең еді. Академик болу үшін ғылымға еңбектері сіңген академиктердің дауысына ие болу керек-тұғын. Өзім сегіз академиктің даусын алып, мойындатқанмын. Мен – Башқұртстан академиясының да мүшесімін. Ал қазіргілердің ғалым болуы да, академик болуы да тез. Бір кездердегі беделді қызметтің құнының төмендеп кеткені жанымды ауыртады.
– Қандай арманыңыз бар?
– Алла амандық берсе, жастарға үлгі-өнеге ретінде өмірден көрген-түйгенімді кітап бетіне түсіріп кеткім келеді.
Сұхбаттасқан Марфуға ШАПИЯН, «Жұлдыздар отбасы» журналы,
№12, 2009 жыл

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/28/abduali-qajdar-oemirden-koergen-tujgenimdi-kitap-betine-tusirip-ketkim-keledi/feed/ 0
Жаркент маңындағы апаттан үш адам қаза тапты https://juldyz.kz/2019/03/27/zharkent-manhyndaghy-apattan-ush-adam-qaza-tapty/ https://juldyz.kz/2019/03/27/zharkent-manhyndaghy-apattan-ush-adam-qaza-tapty/#respond Wed, 27 Mar 2019 04:35:28 +0000 http://juldyz.kz/?p=15940 Жаркент маңында екі көліктің соқтығысуынан үш адам мерт болды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

25 наурызға қараған түні Алматы — «Қорғас» автожолының 313-шақырымында Audi 100 мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан.

«Оқиға орнында Toyota жүргізушісі қаза болды. Екі жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Сонымен қатар, Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, апаттан соң сараптама жасалған, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/27/zharkent-manhyndaghy-apattan-ush-adam-qaza-tapty/feed/ 0
Нұр-Сұлтанда үш автобус қақтығысып, жолаушылар қаза тапты(видео) https://juldyz.kz/2019/03/26/nur-sultanda-ush-avtobus-qaqtyghysyp-zholaushylar-qaza-tapty-video/ https://juldyz.kz/2019/03/26/nur-sultanda-ush-avtobus-qaqtyghysyp-zholaushylar-qaza-tapty-video/#respond Tue, 26 Mar 2019 07:03:09 +0000 http://juldyz.kz/?p=15936 Нұр-Сұлтан қаласында үш қоғамдық көлік қақтығысып, бір жолушы мен көлік жүргізушісі қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағытта жүретін қоғамдық көлікті соққан.

Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  «Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі мен жолаушы қаза болды. Оқиға орнында дәрігерлер, полицейлер жұмыс істеп, задап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

 

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/26/nur-sultanda-ush-avtobus-qaqtyghysyp-zholaushylar-qaza-tapty-video/feed/ 0