Экономика — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Қазақстан «Ең үздік елдер» рейтингі бойынша 70 орында http://juldyz.kz/2018/01/29/qazaqstan-enh-uzdik-elder-rejtingi-bojynsha-70-orynda/ http://juldyz.kz/2018/01/29/qazaqstan-enh-uzdik-elder-rejtingi-bojynsha-70-orynda/#respond Sun, 28 Jan 2018 18:19:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=13588 Қазақстан bes.kz U.S. News & World Report  журналының есептеуімен «Ең үздік елдер» рейтінгі бойынша 70 орынға жайғасқан. Бір қадам алды 69 орынға Украина мемлекеті табан тіреген.

Рейтинг бойынша бірінші орында, әдеттегідей, Швейцария тұр. Одан кейінгі орындарда ,яғни ондыққа кірген мемлеккеттер- Канада, Германия,Ұлыбритания, Жапония, Швеция, Аустралия, АҚШ , Франция мен Нидерланды.

Сарапшылар Қазақстанның инновациялық деңгейі мен әлемдік аренадағы ықпалын жоғары бағалаған. Сондай-ақ, елдің әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет екені және көгілдір отын мен минералдардың, металдардың үлкен қоры бар екені назардан тыс қалмаған.

Қазақстанның әлсіз жақтары ретінде  туризм, халық өмірінің сапасы және бизнес жүргізудегі ашықтық аталған. Рейтингті есептеу барысын белгілі критерийлерге сүйенген. Олар: экономиканың өсу қарқыны, инновация, бизнестегі ашықтық, әлеуметтік сала, халықтың өмір сүру деңгейі, мәдениет, туризм және тарихи мұра

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/29/qazaqstan-enh-uzdik-elder-rejtingi-bojynsha-70-orynda/feed/ 0
«Жаңа зауыт салғанмен, оған шикізат жетіспеуі мүмкін» http://juldyz.kz/2017/10/12/zhanha-zauyt-salghanmen-oghan-shikizat-zhetispeui-mumkin/ http://juldyz.kz/2017/10/12/zhanha-zauyt-salghanmen-oghan-shikizat-zhetispeui-mumkin/#respond Thu, 12 Oct 2017 13:27:57 +0000 http://juldyz.kz/?p=13152

Жанармай нарығындағы тапшылық Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауытын салу керектігі жайлы әңгімені қайта қозғады. Қазақстан тұтынатын жанармайдың шамамен 30 пайызын Ресейден сатып алады.
Сарапшылар жаңа зауытқа қажетті көлемде шикізат жоғын айтады.

Әлеуметтік желілер «мұнайға бай Қазақстанның жанар-жағармай тапшылығына» тап болғаны жайлы пікірлерге толды. Кей қолданушылар Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салатыны туралы биліктің бұған дейін бірнеше рет уәде бергенін еске алды. «Егер төртінші мұнай өңдеу зауыты салынғанда қазіргідей тапшылық болмас еді» деген пікірлер айтылды.

Қазақстанда Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарынан өзге тағы бір мұнай өңдеу зауытын салуды биліктің сөз еткеніне он жылға таяды. 2009 жылы сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов елге жаңа мұнай зауыты қажеттігін айтып, оның құрылысы шамамен 3,5 миллиард долларға түседі деп мәлімдеген. Кейін мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев жаңа зауыттың құнын 6 миллиард долларға жеткізген. Мыңбаевтың жоспары бойынша, жаңа зауыт құрылысы 2016 жылы басталып 2019 жылы іске қосылуы тиіс еді.

Жаңа зауыт салу қажеттігі жайлы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та 2013-2014 жылдары бірнеше рет мәлімдеп, құрылысын бастауды тапсырған. Бірақ зауыт құрылысы сол күйі басталған жоқ.

Азаттық тілшісі энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа хат жолдап, жаңа зауыт салына ма, оған қанша қаржы керек, жаңа зауыт салуға не кедергі болды, қазіргі зауыттар не себептен жиі жөнделеді деген сұрақтар қойған еді. Бірақ, министрліктен келген хатта жаңа зауыт жайлы Азаттық қойған сұрақтар жауапсыз қалған.

Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев парламентте сөйлеп тұр. Астана, 2 қараша 2016 жыл.
Энергетика министрлігінің Азаттыққа берген жауабында қазір Қазақстандағы үш МӨЗ ішкі нарықтағы жоғарыоктанды бензинге сұраныстың шамамен 70 пайызын, дизель отынының – 85-90 пайызын және авиаотынға сұраныстың 45 пайызын өтейтіні айтылған.

«Үш МӨЗ қайта жөнделген соң жоғарыоктанды АИ-92 бензинін 2,2 есе, АИ-95/98 – 9,6 есе, дизель отынын 30 пайыз, авиаотынды – шамамен 3 есе көп шығаруға мүмкіндік береді. Ал төменоктанды бензин шығарылмайды. Зауыттарды қайта жаңарту 2017-2018 жылдары аяқталуы тиіс. Онан кейін жөндеу жұмыстары 3-4 жылда бір рет жүргізілетін болады, бұл жылына қосымша 300 мың тонна мұнайды қайта өңдеуге мүмкіндік береді» делінген хатта.

Елдегі үш МӨЗ жаңартылған соң шикізат өңдеу қуаты жылына 13,8 миллион тоннадан 16,5 миллион тоннаға дейін артады деп сендіреді министрлік.

Қазақстан тұтынатын жанармайдың шамамен 30 пайызын Ресейден сатып алады.

«ТӨРТІНШІ ЗАУЫТҚА МҰНАЙ ЖЕТПЕЙДІ»

Азаттық тілшісі әңгімелескен сарапшылар Қазақстанда төртінші мұнай зауытының салынбай қалуының себебін оған жеткізетін мұнай тапшылығымен байланыстырады.

Қазақстанның мұнай саласын зерттеуші, таяуда жарық көрген «Черная кровь Казахстана» деп аталатын кітаптың авторы Олег Червинскийдің айтуынша, жалпы жиынтығы 15 миллион тоннадан астам мұнай өңдей алатын үш зауыт 2016 жылы 14 миллион тоннаға жетпейтін мұнай өңдеген.

Журналист Олег Червинский Қазақстан мұнайы туралы жаңа кітабын таныстырып тұр. (Олег Червинскийдің жеке мұрағатындағы сурет.)

— Тағы бір мұнай өңдейтін зауыт салынды делік, бірақ оған жеткізілетін шикі мұнайды қайдан алады? «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ жұмыс істейтін мұнай кеніштерінде мұнай жыл сайын азайып келеді. Оның үстіне миноритарлы акционерлері мұнай өңдеу зауыттарына жіберілетін мұнай бағасы қаншалықты әділ деген мәселе көтере бастайды, — дейді ол.

Олег Червинскийдің сөзінше, «Қазақстандағы мұнай өндірісі Қашаған кеніші толық қуатына шыққан кезде және Теңіз бен Қарашығанақ жобалары ұлғайса ғана әрі қарай өседі. Ал ол жобалардың акционерлері өнімді кім қымбатқа алса соған сатуға ерікті.

— Ал Қазақстандағы жанармай бағасы әлемдік деңгейге жетпей мұнай өңдеу зауытында шикізат өңдеу – оның иесіне экономикалық тұрғыдан тиімді емес, сондықтан мұнан кейін де бензин тапшылығы бола береді, — дейді ол.

Азаттықпен сөйлескен Мұнай сервис компаниялар одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов та осыған ұқсас пікір айтады. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға инвесторларың құлқы жоқ. Өйткені, мұнай өндіруші компаниялар мұнайын ішкі МӨЗ-дерге емес экспортқа шығаруға тырысады.

— Қазақстан мұнайының жартысын, яғни шамамен 40 миллион тоннасын өндіретін «Қарашығанақ», «Теңізшевройл», «Қашағанға» үкіметтің ықпал етуі өте қиын. Олар өнімдерін экспортқа шығарады. Келісімшарт солай. 20-30 пайыз мұнайын ішкі рынокқа өткізуді міндеттесе де оны әлемдік бағамен сатар еді. Әлемдік баға бойынша бензин бізде қазіргіден екі есе қымбат болуы тиіс. Халық оған дайын емес, — дейді ол.

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты. 13 маусым 2006 жыл.
Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, өзге мұнай өндіруші компаниялар 30 пайызын, тіпті «Қазмұнайгаз» компаниясы 50 пайыз мұнайын ішкі рынокқа беруі тиіс. Әлемдік рынокта баға 50-55 доллар болса, ішкі рынокта 20-25 доллар ғана.

— Мысалы, «Шеврон» компаниясы үкімет талабына келісетін болса экспортттан Қазақстан бюджетіне өткізетін салықтары азаятынын ескертті. Бірақ «Шеврон» өндірісі мардымсыз ескі кеніштерді сұрады. Оны жаңа технологиямен игеріп, шыққан мұнайды ішкі рынокқа бере алатынын айтты. «Қазмұнайгаз» бұл мәселені ойластырып жатыр, — дейді ол.

Нұрлан Жұмағұлов қуаты 200-300 мың тонналық шағын мұнай өңдеу зауыттарын салу да тиімсіз екенін айтады.

— Қазақстан 2016 жылы «Еуро-4», «Еуро-5» стандарттарына өтуі тиіс болған. Шағын зауытпен ол стандартқа жету қиын. Оның үстіне үлкен зауыттарға мұнай құбырмен келеді. Ал шағын зауыттарға 200-300 мың тонна мұнай жеткізу үшін ешкім құбыр салмайды, — дейді ол.

Жұмағұловтың айтуынша, Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты жаңарған кезде ішкі рынокты бензинмен қамтамасыз етуге болады. Яғни жаңартылғаннан кейін бензин сапасы жоғарылап, зауыт қуаттары да өседі.

Қазақстандағы мұнай өңдейтін үш зауыт совет заманынан бері жұмыс істеп тұр. Атыраудағы зауыт 1945 жылы, Павлодардағы – 1978 жылы және Шымкенттегі зауыт 1985 жылы салынған. 1992 жылы 25,8 миллион тонна мұнай өндірген Қазақстан 2012 жылы көрсеткішін 80 миллион тоннаға дейін жеткізген. Ал 2016 жылы өндірілген мұнай көлемі қайтадан 77 миллион тоннаға түскен.
Асылхан МАМАШҰЛЫ
(Ескерту! Мақала азаттық сайтынан қысқартылып берілді, және соңына түйін сөз қосылды.)

Түйін:
Байқағанымыз Қазақстандағы «қара алтын» саласының шаруалары ақылға сыймайтын тұжырымдарға, құпия мен өсекке толып тұр. Өзіңіз мына деректі ақылға сап қараңызшы:
— Мұнайға бай Қазақстан жанар-жағармайдың 30-пайызын шетелден(Ресейден) сатып алуда, әрі оны болашақта да жалғастыра бермек. Себебі, егер 4-ші МӨЗ (мұнай өңдеу зауоды салынса, онда оған шикізат (мұнай) жетіспейді-мыс.
— Көрші Қырғыз елінде мұнайы жоқ болса да төрт МӨЗ бар. Олар шикізаттың жетіспеушілігінен мүмкіншілігінің 10-20-пайыз деңгейінде жұмыс атқаруда. Ресми деректер бойынша, Қырғыз еліндегі МӨЗ-дер шикізатты негізінен Ресей мен Қытаймен келісім-шарттарға отырып алуда көрінеді. «Неге Қазақстаннан алмайды?»-деген сұраққа анық жауап жоқ!
— Қытай мен Ресейден Қырғыз еліне баратын мұнай құбыры жоқ. Қазақстаннан Қытайға баратын мұнай құбыры ғана Қырғыз еліне жақын жерде. Сол қыбырмен Ресей ишкізатын да өткізуге келісім жасалған екен.

Жоғарыда келтірілген ақылға сиымсыздау «ресми» деректер, әлбетте бейресми сарапшылардың, көше білгірлерінің өсек аралас пікірлерінің қаулауына жағдай жасайды. Мысалыға, бір көше білгірі мынадай да пікір айтады:
— Қырғыз елі «арзан мұнайды» Ресей мен Қытайдан емес, солардың делдалдығымен Қазақстаннан алып отыр-мыс. Яғни, орыс компаниялары Қазақстан мұнайын Қырғыздың Шу өлкесіндегі Қарабалта өңіріндегі қытайлар салған Джунда-МӨЗ-не өзбағасын қоса отырып сатып бір пайда тапса, сосын ол МӨЗ-дің өндірген бензинін Қазақстанға «ресей бензині» деген атаумен әкеп сатып тағы да пайда табатын көрінеді. Әрине, мұны жәй өсек дейік. Ал бірақ шындығы қандай деп, сұрап көрелікші:
1-ден, Қазақстаннан қанша мұнайды, қандай бағамен, қандай елдерге экспорттауда екені жайлы нақты мәліметті жариялаңыздаршы.
2-ші, Ресейден біздің құбырмен Қытайға жіберіліп жатқан мұнайдың көлемі қанша, әрі ол үшін қандай төлем алынуда?
3-ші, Ресейдің қай қаласынан, қандай компаниясынан бензин-керосин алынуда? Алынып жатқан бензин-керосиннің көлемі мен бағасы қанша, және олар қай өңірлерге әкелініп сатылып жатыр?
— Бұл сұрақтардың нақты жауабы боларына сенімім аз. …

Шіркін! Қазақстанның мұнайы елдің пайдасына жарап жатса, бензин сапалы да арзан болса ғой! — Мұндай жағдайда, «Черная кровь Казахстана» деп кітап жазған Олег Червинскийге дау айтар едік:
«Неге сен Қазақстанды құбыжықтай етіп сипаттап, кітабыңды «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРА ҚАНЫ» деп атайсың?!» — деп…

Төлеген Сейдолла-ұлы

]]>
http://juldyz.kz/2017/10/12/zhanha-zauyt-salghanmen-oghan-shikizat-zhetispeui-mumkin/feed/ 0
Қазақстан премьер министрі Бақытжан Сағынтаев: Бензин тапшылығы үшін энергетика вице-министрін жұмысынан босатамын http://juldyz.kz/2017/10/10/qazaqstan-premer-ministri-baqytzhan-saghyntaev-benzin-tapshylyghy-ushin-energetika-vitse-ministrin-zhumysynan-bosatamyn/ http://juldyz.kz/2017/10/10/qazaqstan-premer-ministri-baqytzhan-saghyntaev-benzin-tapshylyghy-ushin-energetika-vitse-ministrin-zhumysynan-bosatamyn/#respond Tue, 10 Oct 2017 09:51:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=13146 Қазақстан премьер министрі Бақытжан Сағынтаев бензин тапшылығы үшін энергетика вице-министрі Әсет Магауовты, «ҚазМұнайГаз» ұлттықкомпания басқармасының орынбасары Данияр Берлібаевты жұмысынан босатты, дейді Sputnik Казахстан.

Үкімет жиынында премьер-министр энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан, биылғы қыркүйектен бастап Қазақстандағы ең өтімді АИ-92-маркалы бензинге дефицит тууының себебін түсіндіруін талап еткен.
Қанат Бозымбаев елде бензинге «дефицит жоғын» айтып, бұл сөзді қолданудың мүлдем дұрыс емесін мәлімдеген. Сағынтаев оның сөзін бөліп: «Елде тапшылық болмаса, онда жұрт бензин алу үшін неге кезекке тұруда? Мұндайды халық түсінбейді ғой.» — деп түзетті.
Бозымбаевтың және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма басшысы Сауат Мыңбаевтың баяндамаларын тыңдап, олардың бар мәселенің күздегі екі үлкен мұнай өңдеу (Атырау және Павлодар) зауодтарының ремонтқа жабылуынан дегендей түсіндірмелерін «сылтау, жауапкершіліктен қашу» деп атады.
«Энергетика министрлігі мен ұлттықкомпаниялар басқармасына еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауоды да толықтай,src=»http://juldyz.kz/wp-content/uploads/2017/10/44578e02149db47384fe2f8b4dc24610.jpg» alt=»» width=»630″ height=»420″ class=»alignnone size-full wp-image-13113″ />яки жанама түрде бағынышты. Сондай-ақ, Павлодар МӨЗ-ның күзде жөндеуге қойылатыны жайлы хат екі ай бұрын жазылған. Сондықтан, болатын жайтты алдын-ала ескеріп, тиісті шара қабылдауға болар еді.» – деп дәйектеді премьер өз сөзін.
Қазақстанда бірнеше күннен бері бензин тапшылығы туып, «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнай компаниясының жанармай бекетінде отынды тек талонмен беріп, кей бекеттерде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрған жаңдайына байланысты премьер төмендегідей шешім шығарды.
«Бұл жағдай үшін жауапқа тартылу керек. Мен мынадай шешім қабылдаймын: біріншіден, үкімет мүшелеріне тәртіптік шара қабылдау құзыреті ел президентінде болғандықтан, мен бүгін елбасына өтініш жазып, энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс беруін сұраймын, екіншіден, вице-министрлер өз құзіретімде болғандықтан, энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты, «ҚазМұнайГаз» ұлттықкомпания басқармасының орынбасары Данияр Берлібаевты жұмысынан босатамын» — деді премьер.
Бензин тапшылығын тоқтату үшін, Ресейден 100 мың тоннаға дейін бензин сатып алынатын болды. Әлбетте, еліміздегі бензиннің бағасы Ресейден сатып алынар бензин бағасына байланысты құбылмақ. Бензин тапшылығы ешбір аймақта туындамас үшін, энергия министрлігі ресейден алынған бензинді аймақтардың сұранысына сай бөліп, жетпей жатса дер кезінде тапшы аудандарға қосымша бензин жеткізуді қолға алмақ.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аға вице-министрі Азамат Жанғұлов былай деді:
«Расында да біз шектеп таратып жатырмыз. Бензинді шектеп сату апта аяғында немесе одан да ерте, яғни бейсенбі күндері шешіліп қалады. Біз қазір ресейден бензин импорттай бастадық. Алғашқы партиялары келуде.
Келесі жылы жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Себебі, 2018 жылы үш мұнай өңдеу зауодында да ешқандай жөндеу жқмыстары жоспарланбаған. Керісінше, биыл Атыраудағы зауод күрделі жөндеуден өтіп, қарашадан бастап әдеттегіден 75 мың тонна көп бензин шығара бастайды.»
«20-шы қыркүйекте Павлодарлық МӨЗ ремонтқа қойылса, ал Атыраулық МӨЗ 15 қыркүйекте капремонттан шықты, және ол елдегі жағдайға байланысты АИ-80 және АИ-95 маркалы бензин өндіруде төмендетіп, АИ-92 маркалы бензинін өндіруді 14 мың тоннаға арттырды. Қазір Атыраулық МӨЗ 50 мың тонна өнім шығарса, қарашадан бастап, катализдік крекинг құрылымы іске қосылып, өнімін 75 мың тоннаға өсіреді, деп күтудеміз» — деді энергетика вице-министрі Әсет Магауов.

Талайды сабылдырып, шаруасын тығырыққа тіреген биылғы күзгі бензин мәселесі осылай шешілді. Дегенмен, бұл шешімдер мәселені түбірімен шешпейтінін де ескеру керек. Өз мұнайымызды өңдеп бензинмен елді қамтамасыз ете алмасақ, онда көршіге тәуелді боламыз. «Кісінің кілті аспанда» деген. Ресей қандай баға қойса, біздегі бензин де солай қымбат болмақ.
Жағармайға жауапты шенділер: «Ресейден бензин сатып алудамыз, әрі болашақта да атып ала береміз» деуде. Олардың бұл тұжырымы өзгермесе, онда бензин мәселесі тапшылықпен ғана емес, Ресейден сатыпалу бағасына қарай бізде де қымбаттауымен халқымызды қинауы бек мүмкін. Бұл жайт оларды толғандырар ма екен? …
Төлеген Сейдолла-ұлы

]]>
http://juldyz.kz/2017/10/10/qazaqstan-premer-ministri-baqytzhan-saghyntaev-benzin-tapshylyghy-ushin-energetika-vitse-ministrin-zhumysynan-bosatamyn/feed/ 0
Доллар жоғарылап барады http://juldyz.kz/2017/09/29/dollar-zhogharlap-barady/ http://juldyz.kz/2017/09/29/dollar-zhogharlap-barady/#respond Fri, 29 Sep 2017 05:55:25 +0000 http://juldyz.kz/?p=13106 KASE Қазақстан қор биржасы бүгінгі таңғы сессиясында доллар бағамы 341,20 теңгені құрады. Кеше 340, 08 теңге болған еді. Яғни ұлттық валютамыз  бір күннің ішінде 1,12 теңгеге құнсызданған.

KASE Қазақстан қор биржасындағы саудасаттықты доллардың минималды курсы 340,80 болса, максималды курсы 341,50 теңгені құраған. Алматыдағы ақша айрбастау пункіттерінде АҚШ доллары 342,7 теңгеге сатылып жатыр.

Өз тілшіміз

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/29/dollar-zhogharlap-barady/feed/ 0
Тамыз айында шетел валютасына 300 млрд теңге кеткен http://juldyz.kz/2017/09/26/tamyz-ajynda-shetel-valyutasyna-300-mlrd-tenhge-ketken/ http://juldyz.kz/2017/09/26/tamyz-ajynda-shetel-valyutasyna-300-mlrd-tenhge-ketken/#respond Tue, 26 Sep 2017 10:18:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=12995 Қазақстан азаматтары шетелдік валюталарды сатып алу үшін 313,6 млрд теңге жұмсаған. Көбіне АҚШ доллары, евро және рубль сатып алынған. Бұл туралы juldyz.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көбіне доллар валютасы сатып алынған — 93%, рубль мен евро 1,5 және 5,5 % құраған. Өткен шілде айымен салыстырғанда шетелдік валютаны қолмақол сатып алудағы шығын алпыс пайызға өскен. Долларға деген сұраныс екі еседен асқан. Керісінше, рубль мен евро алудағы шығын 89, 3 пайызға түскен.

 

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/26/tamyz-ajynda-shetel-valyutasyna-300-mlrd-tenhge-ketken/feed/ 0
Сырттан келетін дизель отыны екі есеге өсті http://juldyz.kz/2017/09/19/syrttan-keletin-dizel-otyny-eki-esege-oesti/ http://juldyz.kz/2017/09/19/syrttan-keletin-dizel-otyny-eki-esege-oesti/#respond Tue, 19 Sep 2017 05:04:54 +0000 http://juldyz.kz/?p=12796 Отандық мұнай өндіруші зауыттар автокөліктерге арналған жанармайды көбірек шығарып, дизель отынын өндіруді азайтып жатыр. Соңғы 8 айда Қазақстанда 2,1 миллион тоннаа жанармай өндірілген. Оның ішінде авиацаға арналған жанар-жағармайда бар. Алайда дизель отынн шығару азайып отыр. Осы жылдың қаңтар және тамыз айлары аралығында 3,1 млн. тонна ғана сатылымға шығарылған. Автокөліктерге арналған бензинді шығаруды басымдыққа қоюдың басты себебі өз нарығымызды қамтамасыз ету. Әзірге отандық МӨЗ-ры ішкі нарықтағы қажеттіліктің 73,5 пайызын ғана қанағаттандырып отыр. Алдыға қойылған меже 75 пайыз. Бірақ та дизель отынын өндіруінің бәсеңдеуі сырттан келетін солярканың пайызын арттырды. Қазір импорт бір жылдың ішінде 2,9 — дан 5,9 пайызға дейін өсті. Соңғы 7-айдың ішінде Қазақстанға 188,9 мың тонна дизель отыны сырттан келді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Өз тілшіміз

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/19/syrttan-keletin-dizel-otyny-eki-esege-oesti/feed/ 0
Доллар бағамы 340 теңгеден асты http://juldyz.kz/2017/09/18/dollar-baghamy-340-tenhgeden-asty/ http://juldyz.kz/2017/09/18/dollar-baghamy-340-tenhgeden-asty/#respond Mon, 18 Sep 2017 09:01:20 +0000 http://juldyz.kz/?p=12770 Қазақстан қор биржасында таңертеңгі саудада  АҚШ валютасының бағамы 340 теңгеден асты. 49 миллион доллар сатылған сауда барысында теңгенің орташа бағамы 340, 01 теңгені құрады. Соңғы жарты жылда  доллардың ең төменгі бағамы 310,57 теңге болған еді.

Бүгін Алматыда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев БАҰ-ның өкілдерімен кездесті. Данияр Талғатұлының айтуынша Ұлттық банк теңгені нығайту үшін барлық жұмыстарды атқарады. Алайда ол үшін экономикадағы әр сала мықты болу тиіс. Экономикамыз шикізатқа тәуелді  болғандықтан мұнай мен газдың халықаралық нарықтағы бағасының өзгеруі әсер етеді.

Өз тілшіміз

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/18/dollar-baghamy-340-tenhgeden-asty/feed/ 0
Қырғызстанның 26 кәсіпорыны Қазақстан нарығына кірді http://juldyz.kz/2017/06/02/qyrghyzstannynh-26-kasiporyny-qazaqstan-naryghyna-kirdi/ http://juldyz.kz/2017/06/02/qyrghyzstannynh-26-kasiporyny-qazaqstan-naryghyna-kirdi/#respond Fri, 02 Jun 2017 05:03:59 +0000 http://juldyz.kz/?p=10890 Қырғызстанның 26 кәсіпорны Қазақстанның барлық облыстарына өз тауарларын емін-еркін сата алады. Бұған дейін олар тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана өз экспорттарын шығара алатын. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Бұл ақпаратты Қырғыз Республикасының ветеринарлы және фитосанитарлы ұауәпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның баспасөз қызметі таратқан. Олар Қазақстан Ауылшаруашылық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде   ЕАЭО-тың реестріне өткен көрші елдің  26 кәсіпорны Қазақстан нарығында өз тауарларын сататын болады.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/02/qyrghyzstannynh-26-kasiporyny-qazaqstan-naryghyna-kirdi/feed/ 0
Мемлекет 12,3 трлн теңге қарыз http://juldyz.kz/2017/05/16/memleket-12-3-trln-tenhge-qaryz/ http://juldyz.kz/2017/05/16/memleket-12-3-trln-tenhge-qaryz/#respond Tue, 16 May 2017 06:05:26 +0000 http://juldyz.kz/?p=10351 Мемлекеттің қарызы осы жылдың 1 мамырына дейінгі есеп бойынша 12,3 трлн теңгеге жеткен. Үкімет отырысында осындай ақпаратты ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таратты. Бұл туралы juldyz.kz сайты Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап  хабарлайды.

«Ағымдағы жылдың 4 айындағы статистиканы позитивті деп айтуға болады. Деректер бойынша қаңтар-сәуірде ЖІӨ өсуі біз 1-тоқсанда көрген 3,0% қарағанда 3,7%-ға дейін жеделдеді. ЖІӨ-нің оң серпіні өндіруші 7,8%-ға және өңдеу салаларының 6,8%-ға, құрылыс саласы 6,1%-ға, әрі қызмет көрсету саласы 1,9%-ға өсуімен байланысты», — деді ол. Сонымен қатар министр жақсы нәтиже көрсеткен салаларға тоқталды.

«Тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларының ішінде көмір және лигнит 18,9%-ға, мұнай 7,6%-ға, табиғи газ өндірісі 13,2%-ға өскені байқалады. Мұнай өңдеу (9,1%-ға өсу), фармацевтикалық өнімдер (49,7%-ға), бейметалдық минаралды өнімдер (5,0%-ға) металлургия өнімдері (8,2%-ға) және машина жасау өнімдері (3,3%-ға) сияқты өңдеудің негізгі сегменттерінде де жандану тіркелді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісінің көлемі өзгермей 2,9% деңгейінде оң белгі сақтады. Ал азық-түлік өндірісі 5,7%-ға жоғарылады, сусын өндірісінің өсуі 2,6%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметтерінің көрсетілуі 3,5 пайызға өсті. Бұл ретте жүк айналымы 5,9 пайызға, жолаушы айналымы 3,2 пайызға ұлғайды», — деді басшы.

Алайда кейбір өндіріс салаларында төмен көрсеткіштер байқалған екен.

«Бұл ретте өндірістің азаюы химия өнеркәсібінде байқалады. Химия өнімдерінің өндірісі 0,7%-ға төмендеді. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда құлдырау ауқымдылығының (-1,2%-ға) азаюын атап өткен жөн. Жалпы, 4 айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында қарқынды өсім бар. Дегенмен, әлемдік тауар және қаржы нарығында сақталып отырған құбылмалы экономиканың алдағы кезеңдердегі салыстырмалы өсіміне қатысты бірқалыпты болжам бар», — деді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі мемлекеттің қарызы жөнінде статистикалық деректерді келтірді.

«2017 жылдың 1 мамырына дейінгі ақпаратқа сәйкес мемлекеттің қарызы 12,3 трлн теңге немесе ЖІӨ-дегі үлесі 24,6%-ды құрайды. Көрсеткіш – қауіпсіз әрі басқарылатын деңгейде. Осы жағдайды ескере келе, Елбасы жолдауында көрсетілген макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау міндеті орындалуда», — деп түйіндеді сөзін Тимур Сүлейменов.

Дереккөз: Baq.kz

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/16/memleket-12-3-trln-tenhge-qaryz/feed/ 0
Мұнай бағасы тағы өсті http://juldyz.kz/2017/05/11/munaj-baghasy-taghy-oesti/ http://juldyz.kz/2017/05/11/munaj-baghasy-taghy-oesti/#respond Thu, 11 May 2017 04:21:02 +0000 http://juldyz.kz/?p=10136 Мұнай бағасы қайтадан 50 доллардан асты. Бұл туралы Juldyz.kz хабарлайды.

Астана уақыты бойынша сағат 9.15-те Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,3 пайызға өсіп, баррелі үшін 50,4 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы шамамен 0,5 пайызға өсіп, баррелі үшін 47,54 доллар болды. Сондай-ақ, мұнай нарығының жандануына DOE ұйымының АҚШ-тағы мұнай мен мұнай өнімдері туралы апта сайынғы есебінің жариялануы себеп болғаны айтылады.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/11/munaj-baghasy-taghy-oesti/feed/ 0