Жаңа есім — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Шияра Құдайбергенова:140 балл алғанымды естігенде сенген жоқпын https://juldyz.kz/2018/07/03/shiyara-qudajbergenova-140-ball-alghanymdy-estigende-sengen-zhoqpyn/ https://juldyz.kz/2018/07/03/shiyara-qudajbergenova-140-ball-alghanymdy-estigende-sengen-zhoqpyn/#respond Tue, 03 Jul 2018 06:25:47 +0000 http://juldyz.kz/?p=14363  

– Шияра, жаңа ҰБТ жүйесі енгізілгелі бері екі жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында максималды 140 балды биыл тұңғыш рет сен иеленіп отырсың, құттықтаймыз! ҰБТ нәтижесін естігенде қандай сезімде болдың?

– ҰБТ аяқталғаннан кейін мешітке барып намаз оқып шықтым. Бір кезде ұстазым хабарласып «Шияра, сен 140 балл алдың!» деп айтты. Басында сенген жоқпын, қалжыңдап жатыр деп ойладым. Ұстазымның сөзінен кейін көзімнен еріксіз жас шықты. Өз құлағыма өзім сене алмай тұрдым. Тіпті бұл жаңалықты естігенде есеңгіреп, талып қалдым. Жанымдағылар менің есімді жиуыма көмектесті.Менің көп уақыттан бергі еңбегім ақталды. Ұстаздарымның, ата-анамның үмітін ақтағаныма қуаныштымын.

– Бұл жаңалықты ата-анаң естігенде қалай қуанды?

– Мен мешітте анаммен бірге болатынмын. Ол кісі менің телефон қоңырауынан кейін жылап жібергенімді көріп межелі балды жинай алмады деп топшыласа керек. «Қызым, бәрі дұрыс па?» деп қорқып кетті. Негізі мен география пәнін таңдағандықтан, бұл пәннің мамандықтарына кем дегенде 135 балл жинап қана грантқа түсуге болатын. Өзім қарапайым отбасыда өскен қызбын. Әкем мен анамның университет ақысын төлеуге шамасы жетпейтінін білдім. Ата-анам менің жоғарғы нәтижеге қол жеткізгенімді көріп қатты қуанды.

– ҰБТ-ға кірер кезде өзіңе сенімді болдың ба, әлде бойыңды қорқыныш, қобалжу биледі ме?

– Бізді мектепке таңғы 5-те шақырды.Содан кейін имам батасын беріп шығарып салды. Әрине, тестілеуге кірерде аздап қобалжыдым. Қанша жерден тыңғылықты дайындалсақ та, осы білімнің бәрін 3 сағатта пайдама асыра аламын ба деп уайымдадым. Жанымдағы сыныптастарым автобуста емін-еркін отырса, мен басқалардан оқщаулау, көңілсіз отырдым. География пәнін таңдағандар үшін грантқа түсу қиын. «Жоғары балл алу қолымнан келер ме кен?» деген сұрақ ойымнан кетпеді. Ал мен барынша грантқа түскім келеді. Ата-анама мойнына ауыр жүк салғым келген жоқ…

– Ата-анаң немен айналысады?

– Әкем де анам да мұғалім. Анам ­- араб тілі және қазақ тілінен мұғалім болған. Әкем — араб тілінен сабақ берген. Кейіннен араб тіліне деген сұраныстың жоқтығынан, екеуі сауда-саттықпен айналысып кетті.

– ҰБТ сұрақтарына барлығы 3,5 сағат уақыт беріледі. Өзің сұрақтарға қанша уақытта жауап бердің?

– Мен ең соңғы минутқа дейін тапжылмай сотырдым. Сол сыныпта ең соңғылардың бірі болып шықтым. Жанымдағы түлектер тез-тез белгілеп шығып кетіп жатты. Мен «Бұларға тест оңай болған ба?» деп түсінбей қалдым. Математика формулалар арқылы шығатын болғандықтан, көп уақытым кетті. Ал география пәнін 10 минутта бітірдім. География пәнінен өте тыңғылықты дайындалып, оқулықтырды оқып шыққам.Содан болар, бұл пән маған қиынға соқпады. Ал тарих пәні сәл қиындау болды. Өйткені, келген сұрақтар біз тапсырып жүрген байқау тесттерден 50 пайыз өзгеше еді.

– Қай сұрақтарға жауап береде екұдай күйде болдың? Қай жауабыңа күмәндандың?

– Шыны керек, бұрын тестке дайындалған кезімде сұрақтың жауабын білмей жатсам, сұрақ пен нұсқаларды бір-бірімен байланыстыратын едім. Ал осы жолы мен тарих пәнінен екі сұрақтан күмәнді болдым. Тіпті сұрақ пен жауапты бір-бірімен байланыстыра алмадым. Біріншісі «1845 жылы болған оқиға» болса екіншісінде «Хандарды ретімен қой» деген талап болатын. Мен көп ойланып, дұрыс жауап бердім.

– Жалпы сенің аудиторияңда телефон, шпаргалка пайдаланғандар болды ма?

– Жан-жағыма қарауға мұршам болмады.Сол себепті басқалар туралы ештеңе айта алмаймын. Біздің аудиторияда екі бақылаушы мұғалім болды. Олар соңына дейін бізді қатаң қадағалады. Өзім ешқандай шпаргалка, телефонның көмегіне жүгінбедім. Тығылып шпаргалканы қолдануға, телефон пайдалануға икемім жоқ (күлді). Қолдана алмайтындықтан, мен ол дүниелерді алып кірген жоқпын.

– Өзің ҰБТ-ға қанша уақыт дайындалдың?

– 10 -сыныптан бастап ҰБТ-ға дайындалдым. Одан бөлек «Арай» білім беру орталығында тәлім алып жүрдім. ҰБТ-ға аз уақыт қалған кезден бастап, күнде таңғы төртте тұрып дайындалатынмын. Көбінесе математика пәніне дайындалдым.

 

Болашақ түлектерге «Ешқашан жалқауланбаңыздар» деп айтқым келеді

– Өзің алтын белгі иегері болмасаң да, алтын белгілерді шаң қаптырып кетіпсің.

– Мен 10 сыныпқа дейін алтын белгіге үміткер болдым. 10 сыныпта ҰБТ-да болатын бес пәнді қатты ден қойып оқимын деп, физика, ағылшын сабағым сәл ақсап қалды. Бұл өз кінәм. Дегенмен мектепті үздік атестатпен бітірдім. Сол уақытта ҰБТ-да болатын пәндерге көп дайындалғаныма өкінбеймін. Есесіне жоғары нәтиже көрсеттім.

– Өзің мектептегі байқау тестілерінен қанша балл алып жүрдің?

– Жылдың басы 97 баллмен басталды. Әрі қарай әр байқау тестіне бес балдан қосылып отырды. ҰБТ-ға екі ай қалғанда 130 балл көлемінде нәтижеге қол жеткіздім. Ең соңғы байқау тестінен 136 балл алдым. Менің мақсатым 140 балл алу еді. Бұл мақсатыма біріңғай тестілеу кезінде қол жеткіздім.

– ҰБТ-ға дайындалу әдісіңмен бөлісші? Әр пәнге қалай дайындалдың?

– Оқу сауаттылығы пәнінен әдеби шығармаларды көп оқығанымның арқасында аса қиналмадым. Көп кітап оқитын адам грамматика, тыныс белгіден қате жібермейді. Математикалық сауаттылықтан логикалық сұрақтар көп болады. Бірінші сыныптан бастап логикалық есептерді жақсы көріп шығаратынмын. Мен бұл пәнге дайындық кезінде уақытқа есеп шығаруды, уақытты тиімді пайданалуды үйрендім. «Мына есепті 30 секундта шығарамын» деп өзіме мақсат қоятынмын. Ал, Қазақстан тарихы пәнінен мектеп оқулықтарын оқыған дұрыс. Одан бөлек тест кітаптарын пайдаландым. Аптасына бір-екі рет мектебімізде болатын байқау тесттерді алып қателерін пысықтадым.География пәнінен де мектеп оқулықтарымен дайындалдым. Одан бөлек картаға көбірек көңіл бөлгенімнің пайдасы тиді.

Картинки по запросу шиара кудайбергенов

– Өзің ҰБТ-ға дайындалып жүрген түлектерге қандай кеңес бересің? Дайындықта ең бірінші неге назар аудару керек?

– Ең бастысы өзіңе мақсат қою керек. Және де, «сол мақсатқа жетемін» деген сенімділік болу қажет. Тек мектепоқулықтарымен шектелмей, басқа да тест кітапшаларымен дайындалу артық болмайды. Болашақ түлектерге «Ешқашан жалқауланбаңыздар» деп айтқым келеді.

– Енді қандай оқу орнына түспексің?

– Бастапқыда Н.Назарбаев универстиетіне түскім келді. Бірақ ол оқу орнының қабылдау уақыты ерте басталды екен. Белгілі бір себептермен мен бұл оқу орнына түсуге үлгере алмай қалдым. Әрине, ішімде «әттеген, ай» бар, бірақ бұйырғаны болар. Қазір Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет пен Алматыдағы Сулейман Демірел Университетіне таңдауым түсіп отыр. Осы екі университеттің біріне тапсырамын.

– Алматы қаласының әкімімен кездесіпсің.

– Тест нәтижесі шыққан күннің ертесі Бауыржан Байбек мырзамен кездестім. Әкімнің қабылдауында болу мен үшін үлкен құрмет, абырой. Бауыржан мырза  мені жылы қарсы алды. Маған ноутбук пен кітабын сыйға тартты. Одан бөлек Ұлттық Біріңғай тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов соңғы үлгідегі айфон телефонын сыйлады.

– Өз отбасың жайлы толығырақ айтып берсең.

– Мен Тараз қаласының тумасымын. Әкемнің жұмыс бабы бойынша Алматыға көшіп келдік. Үйде екі баламыз, менен кіші інім бар.

– Ата-анаң қандай қолдау білдірді?

– Мен жетінші сыныпқа келген кезде Қазақ-түрік лицейіне тест тапсырып, екі балл жетпей түсе алмағанмын. Кейін Назарбаев зияткерлік мектебіне де тапсырып көргенмін. Одан да соңғы турда құлап қалдым. Сол кезде «Неге мен осындай еліміздегі мықты мектептерге түсе алмадым?» деп қынжылдым. Менің жолымның болмағанын көріп ата-анамның да көңілі түсті. Дегенмен олар әрқашан маған сенетін. Анам менің сабағыма көп көңіл бөлді. Кейін «Мен бұл мектептердің түлектерінен де асып түсетін боламын» деп өзімді алға жетеледім. Менің бүгінгі жетістігім ата-анамның сенімі мен тілегінің арқасы.

 

Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

(Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

]]>
https://juldyz.kz/2018/07/03/shiyara-qudajbergenova-140-ball-alghanymdy-estigende-sengen-zhoqpyn/feed/ 0
Гүлзада ТҰРЛАШ, актриса: Телехикаяға түсуіме әкемнің ықпалы болмады https://juldyz.kz/2018/01/10/gulzada-turlash-aktrisa-telehikayagha-tusuime-akemninh-yqpaly-bolmady/ https://juldyz.kz/2018/01/10/gulzada-turlash-aktrisa-telehikayagha-tusuime-akemninh-yqpaly-bolmady/#respond Wed, 10 Jan 2018 11:00:15 +0000 http://juldyz.kz/?p=13453 «Қазақ аруы» телехикаясы – «Қазақ аруы» байқауының шынайы көрінісі

– Гүлзада, сені «Қазақ аруы» телехикаясында басты рөлді сомдаған актриса ретінде көпшілік тани бастады. Оқырмандарымызға туып-өскен жерің туралы ақпарат бере кетсең.

– Мен өмірі өлең, тамыры терең Қарасай мен Жамбыл ауданының тумасымын. Әкем − мемлекеттік қызметкер, анам балалардың тәрбиесімен айналысады. Үйде төрт ағайындымыз. Гүлзат есімді әпкем, Әмірхан есімді ағам және Майқыби атты інім бар. Әулетіміздің үлкендері мен туғанда «әпкесі Гүлзаттың сыңарындай болсын» деп Гүлзада қойыпты. Ата-анам қазақы тәрбиені бойымызға сіңіріп өсірді. Сонымен қатар сабақты үздік оқуым мен тәртібімнің дұрыс болуын қадағалайтын. Соның арқасында армандаған оқу орныма грантқа түстім. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің 1 курс студентімін.

– «Қазақ аруы» телехикаясына қалай келдің? Бұл жобаға кастинг арқылы қабылдандың ба?

– «Баян Мақсатқызы телехикая түсіргелі жатыр. Бұл жобаға түр-келбеті келіскен, актерлік шеберлігі бар қыздарды іріктеп алады екен» деген жаңалықты достарымнан естідім. Содан кастингке барып, бағымды сынап көргім келді. Кастингке қатысқан 500 қыздың арасынан телехикаяға түсетін арулар таңдалынып алынды. Кастингке еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатысты.

– Фильмнің кастингі қалай өтті?

– Фильмге түсуге тілек білдірушілерге «Қазақ аруы» сайысының іріктеуіне арналған талаптар қойылды. Бұл телехикая өзін арумын деп есептейтін әр бойжеткенді білімді болуға, сабақты жақсы оқуға насихаттайды. Ең басты қойылған талап − қыздардың оқу үлгерімі жақсы болу керек. Мұны ұйымдастырушылар алдын ала ескертті. Сондай-ақ, бойымыз, салмағымыз, түр-келбетіміз, қазақ тілін меңгеруіміз қатаң тексеріліп, ал актерлік қабілетімізді көрсету басты талаптардың бірі болды.

Интеллектуалды білім демекші, өзің қай жерде білім алдың? Іріктеуде қабілетіңді әділқазыларға қалай дәлелдедің?

– Жоғары оқу орнына дейін Астана қаласындағы №66 мектепте оқыдым. Және 10-11 сыныпты бір жылда бітірдім. Бұл қысқа уақыт ішінде оқу, яғни, «экстерный» деп аталады. Менің сабақ үлгерімім жақсы болғандықтан, түске дейін және түстен кейін сабаққа қатысып, екі сыныпты бір жылда жедел оқып шықтым. Физика пәнінен халықаралық олимпиадалардың жүлдегерімін. Мектепті алтын белгіге үздік бітірдім. Кастингке келгенде мадақтау қағаздарым мен жетістіктерімді әділқазыларға көрсеттім. Өз шығармашылығымнан бірнеше өлең оқыдым. Оқу үлгерімімнің жоғарылығы әділқазыларды бей-жай қалдырмады деп ойлаймын.

– Телехикаяда Әсел есімді жетім қыздың рөлін сомдадың. Кейіпкеріңнен өзіңе ұқсастықтар таптың ба?

– Әсел екеуміздің ұқсастығымыз көп. Мен адамдармен ашылып, еркін сөйлесіп кете алмаймын. Мінезім кейіпкерім секілді өте тұйық. Әсел − үлкен кісілерге қарсы сөйлей алмайтын, жамандыққа жақсылықпен жауап беретін жағымды образ. Байқап қарасаңыз, фильмде Әсел физика пәнін өте жақсы көреді. Мен де мектепте осы пәннен олимпиада жүлдегері екенімді жоғарыда айттым. Бұл менің алғашқы рөлім болғандықтан, режиссер кейіпкерімді өзіме ұқсатуға тырысты.

– Баян Мақсатқызы телехикая үшін кастингті неліктен бөлек жүргізді? Әдетте «Қазақ аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы фильмнің басты рөліне бекітілетін.

– Біз фильмді үш ай бұрын түсіріп тастадық. Егер байқау жеңімпазын телехикаяға түсірсе оған бірнеше ай уақыт жоғалтар еді. Ал конкурстан кейін бірден телехикаяны көрсету көрерменнің қызығушылығын оятты. «Қазақ аруы» телехикаясы − «Қазақ аруы» байқауының шынайы көрінісі. Осыған дейін байқауда болған оқиғаларды фильмге пайдалана отырып, сюжет жасалынды.

– Телехикая көпшіліктің көңілінен шығып, оң бағасын алды. Алайда ұзақтығы бар-жоғы 6 бөлім екен. Неліктен қысқа? Болашақта телехикаяның жалғасы түсіріле ме?

– Менің ойымша, телехикая қысқа емес. Біз мұнда сайыста болған барлық оқиғаларды көрсете алдық деп ойлаймын. Телехикая біте салысымен көпшілік жалғасын түсіруді сұрап жатыр. Бірақ, мен бұл туралы дәл қазір ештеңе айта алмаймын.

Түсірілімнің бірінші күнінде үйге жылап келдім

– «Әсел образы жағымды кейіпкер болғанымен, актрисаның жүзі қатал, суық. Өз эмоциясын білдіре алмайды» деп сынағандар да болды. Фильмді көпшілік тамашалағаннан кейін олардың пікірлерін естідің бе?

– Фильмді көргендердің көбі актерлік қабілетіме риза болып, қошемет білдіріп жатыр. Ал сынағандарға айтарым, мен өмірде көзқарасы суық адаммын. Құдайдың берген келбеті мен мінезі болғандықтан, мұны өзгерте алмаймын. Осы мінезім экраннан  осылай көрінуіме әсер еткен болар.

– Фильмге түсу барысында қандай қиындықтар болды?

– Мен үшін бұл телехикаяға түсу қиын болды. Телехикая 10 күн ішінде түсіріледі деп жоспарланды. Таңғы 6-да тұрып, түнгі 12-де үйге оралатынмын. Телехикаяны тәжірибелі режиссер Ернар Нұрғалиевтің жетекшілігімен түсіріп шықтық. Түсірілімнің бірінші күнінде үйге жылап келдім. Отбасында еркелеп өскендіктен, бөгде біреудің ескертпесі мен дауыс көтеруіне шыдай алмадым. Бірақ, бұл жұмыс екенін, талапты орындау  мен үшін міндет екенін бірден есімді жыйып түсіне бастадым. Сондықтан, режиссердің айтқанын тыңдап, тапсырмасын орындадым. Фильмнің бірінші бөлімінде Әсел мектеп бітіріп, алтын белгі иегері атанып қуанып жатқанда әке-шешесінің қаза болғанын естиді. Мен сценарий бойынша қаралы хабарға сене алмай, сол арада бірден жылауым керек. Бірақ, эмоциядан эмоцияға ауысу мен үшін қатты қиын болды. Осы көрініске кіре алмай қиналғаным есімнен кетпейді.

Телехикаядағы бір көрініске байланысты «Баян Мақсатқызы 16 жасар қызды Тәуекелмен сүйістіріп қойды» деген тақырыптармен сайттарда шулы ақпарат тарады. Бұл туралы не дейсің?

– Фильмге түсерден бұрын мұндай қиындықтардың болатынын білдім. Маған режиссер талап қойды, мен оны орындадым. Түсірілім алаңында мінезімді көрсетіп, келіспей жанжал шығарғым келмеді. Әрине, маған бүкіл елдің алдында осындай сахнамен көріну қиынға соқты. Бірақ, бұл режиссердің талабы.

– Ата-анаңның бұл туралы хабары болды ма? Көрініске қарсылық білдірмеді ме?

– Бастапқыда анама айттым, ал әкем бұл туралы білмеді. Ол кісі  естігеннен кейін осы көріністен бас тартуымды сұрады. Бірақ, мен әкеме бұл режиссердің талабы екенін түсіндірдім.

– «Гүлзада Тұрлаш басты кейіпкер болып ойнауға лайық емес. Оның әкесі белгілі шенеунік болған соң рөлді сатып алған» деген бір әлеуметтік желі қолданушысының пікірін оқып қалдым. Шынымен де басты рөлді сомдауда әкеңіздің ықпалы болды ма?

– Жоқ, телехикаяға түсуіме әкемнің ықпалы болмады. Әкем менің кастингке барғанымды да білген жоқ. Тіпті, телехикаяға түсіп жатқанымды бәрінен кеш естіді. Халық кейде «тырнақ астынан кір іздеп», әр неден кемшілік іздеп отырады. Неге мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдардың қыздары конкурсқа қатыспауы керек? Иә, менің әкем мемлекеттік қызметкер. Бірақ, лауазымды тұлғалардың балалары да адам ғой! Олар да кастингтен өтіп, белгілі бір жетістікке жете алады. Мен бұл пікірлерді оқысам да мән бермеуге тырыстым. Өйткені, шындықты өзім ғана білемін.

– Сені өлең жазуды жақсы көреді деп естідім. Қандай тақырыптарға қалам тербеген ұнайды?

– Мені кейбір таныстарым «ақын қыз» деп атайды. Алайда өзімді ақынмын деп айта алмаймын. Өлеңдерімді халыққа жариялауға дайын емеспін. Орыс тілінде де өлеңдерім бар, бірақ, көбінесе қазақ тілінде жазамын. Нақты тақырыпқа емес, өмір, табиғат, отбасым туралы жазған ұнайды.

– Биыл «Қазақ аруы» байқауының жүргізушісі болдың. Көпшілік сен туралы «дикциясы нашар», «өзін дұрыс ұстай білмейді» деп баға берді. Осы сындарды ескеріп, өз-өзіңмен жұмыс істеп жатырсың ба?

– «Көш жүре түзеледі» деген қазақта аталы сөз бар. Концерттен кейін маған айтылған сындардың барлығын оқып, ескеріп жатырмын. Бірақ, көрермен 17 жасар қыздың үлкен республикалық концертте бірінші рет жүргізуші болып тұрғанын ескерсе екен деймін. Қазір  дикциямды, дауысымды қою үшін жеке сабақ алып жатырмын. Көп ұзамай концерттер мен бағдарламаларды сауатты жүргізуге тырысамын.

 

– Телехикаядан кейін жігіттер қауымы тарапынан сөз салып, көңілін білдіретіндер де көбейген болар. Ал өзіңнің жүрегің бос па?

– Атақты жазушы Александар Дюма: «Жалғыздықтағы бақыт – толыққанды бақыт емес» деген екен. Мен де бұл пікірмен келісемін. Бірақ, қазір бұл туралы ойлау мен үшін ерте деп ойлаймын. Екіншіден, менің сүйікті адамым жоқ. Бұл туралы болашақта ойлана жатармын.

Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

 

]]>
https://juldyz.kz/2018/01/10/gulzada-turlash-aktrisa-telehikayagha-tusuime-akemninh-yqpaly-bolmady/feed/ 0
BN тобы: Біз өз тыңдармандарымызбен бірге өсеміз https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/ https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/#respond Tue, 29 Aug 2017 04:20:58 +0000 http://juldyz.kz/?p=10292 BN  – 2016 жылдан бастап қазақ эстрадасына қанат қаққан жас талантты қыз-жігіттерден тұратын топ. Бүгінде кеңінен таралған «Топ-томпақ», «Жаным-ай», «Сенің жаныңда», «Жаңа жыл» әндері тыңдарман көңілінен шығып жүр. Juldyz.kz ұжымы BN тобымен аз-кем әңгімелескен-ді. Назарларыңызға ұсынамыз.

Топ құрамында Айдын Жұмахан, Әлішер Мұхтарұлы, Альбина Болатқызы бар. Продюсері – Еркебұлан Молдашов.

Альбина Болатқызы

Туған күні: 7 маусым, 2003 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Қаскелен қаласында, Абай атындағы 4-мектепте оқиды.

Әлішер Мұхтарұлы

Туған күні: 10 қаңтар, 2000 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге кеген.

Алматыдағы заң колледжінің 2 курс студенті.

Айдын Жұмахан

Туған күні: 29 мамыр, 1998 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге кеген.

Әуе академиясының (Авиацонная академия) 1 курс студенті.

BN – «Вest Nation»

– BN – біздің оқырмандарымыз үшін жаңа есім. Өздеріңіз туралы толық айтып беріңіздерші…

– Тобымыздың құрылғанына 1 жыл болды. Продюсеріміз – Еркебұлан Молдашов – өзіміздің ағамыз. «Достар pro» орталығын жүргізіп отыр. Бүгінде өзіміздің ғана емес, өзге эстрададағы ағаларымыздың бейнебаяндарын түсірген. Барлығымыз ауылды4 шаңына шашалып, топырағына аунап, асық ойнап, доп теуіп, мал бағып, қой-кезекте жүріп өскен балалармыз әрі үшеуміз – бауырлармыз. Бір-біріміздің ата-аналарымызды «мама, папа» деп атап кеттік. Себебі, оңтүстік астанамызда бірнеше жылдан бері бір нанды бөліп жеп жүргендіктен туысқан емес, туған бауырлардай болып кеттік.

– Сонда топтың атауы қандай мағына береді?

– Әуел баста «Вest Nation» болып шығамыз деп ойлағанбыз. Мағынасы «үздік ұлт» дегенге саяды. Алайда көпшіліктің есінде қалу үшін басқаша атау ойластыру керек болған. Сөйтіп әріге бармай-ақ осы атаудың қысқарған нұсқасын алдық. BN – «Вest Nation».

– Қоржындарыңызда қанша ән, қанша бейнебаян бар?

– Қоржынымызда 13 ән мен 5 бейнебаянымыз бар, әндеріміздің тек 8-9-ы ғана ғаламторда таралған. Студияда жаңа бірнеше әндеріміз дайын тұр.

– Аз ғана уақыттың ішінде инстаграмм желісінде сіздерге жазылушылар көбейді. Оның сырын немен түсіндіруге болады?

– Иә, біздің негізгі парақшамызға күніне 200-дей адам жазылады екен. Аудиториямыз – мектеп оқушылары мен студент жастар. Бір рет өнер көрсетіп кеткен жерімізде көрерменнің көңілінен шығып жатқанымыздан болар, нақтысын білмейміз, инстаграмм желісінде жазылушылар  саны артып келеді. Түрлі жылы лебіздер жазылып та, айтылып та жатады. Біз ондай кездері жүрегіміз жарылып кетердей қуанамыз (күлді), бірақ үнемі өз-өзімізді қамшылап, ары қарай әдемі дүниелер шығаруға еңбек етеміз. Себебі,    ауыз толтырып айтатындай үлкен дүние әлі жасамадық, тек қана бейнебаяндарымызды айта аламыз. Дегенмен бізде сұраныс болмаса, шақырту да болмас еді, тіпті сіз де сұхбат алайық деп хабарласпас едіңіз. Біз нәтиже үшін жұмыс істейміз.\

Нәтижемізбен жауап бергіміз бергіміз келеді

– Небәрі бір жылдың ішінде 5 бейнебаян түсіру екінің бірінің қолынан келмейді…

– Қаражат жағын сұрағыңыз келіп отырған шығар. Негізі бізде ақша жоқ (күліп).  «Достар pro» орталығы өзіміздің Еркебұлан ағамыздікі. Қолда бар болғандықтан, неге пайдалы дүние шығармасқа?!. Режиссер, сценарист, оператор, локацияның барлығын өзі шешеді. «Wake up» деген студиода Эдик деген жігіт стилистикамызға, Андрей хареографиямызға, Лиза есімді апайымыз вокал жағынан көмектеседі. Байқап отырсаңыз біздің жұмыс істейтін тобымыздың барлығы бір-бірімен етене араласатын достар. Айналамызға сондай еңбекқор, адамгершілігі жоғары адамдар жиылыпты. Аллаға шексіз шүкіршілік етеміз.

– Эстрадамызда әншілер де, ән де көп. Немен ерекшеленеміз деп ойлайсыздар?

– Ерекшелену туралы ойламаппыз. Басы артық, қазаққа жат дүние жасағымыз келмейді. Біздің ерекшелігіміз болса – тұрақтылығымызда, туыстығымызда болар (жымиып). Туған ағайындылар болғаннан кейін біздің шашырап кетуіміз мүмкін емес. Бауырлардың бірігіп, ажырамай жүргенін көріп, барлығы үлгі алса дейміз… Не нәрсеге шамамыздың жететінін білеміз. Барлық концерттерде тек жанды дауыспен ән саламыз.  Жаман нәтиже көрсетіп жатпаған сияқтымыз. Бірлі-жарым қателер кеткен шығар, онсыз тағы болмайды ғой. Тыңдармандар, көрермендер өзіне керегін алады емес пе?! Көштің алдында да емес, артында да емес, ортасында жүргізіміз келеді.

– Әдетте жаңа топты өзге топтармен салыстыру жүреді. Сіздерді кімдермен салыстырады?

– Көбісі «91»-мен, Рензомен салыстырып жатады. Рас, олардың әндірін тыңдаймыз, өздерін сыйлаймыз. Бірақ  бізде ұқсастық жоқ. Әркім өз соқпағымен жүреді, біз өзімізді ешкіммен салыстырмаймыз. Құрылған кезімізде біздің тарапымызға көп әңгімелер айтылды… Өзгелердің пікіріне қатты қапаланбаймыз, керек нәрсені алып, керек емесін ысырып отырамыз. «Ит үреді, керуен көшеді» деген қазақта сөз бар ғой. Кім не десе де, нәтижемізбен жауап бергіміз келеді.

– Қайырымдылық кештеріне жиі барасыздар ма?

– Қайырымдылық кештерден қалмаймыз. Уақыт болса деп емес, қандай қарбалас шаруа болса да, уақыт тауып барамыз.

– Әнді кім таңдайды? Өздеріңіз бе, әлде…

– Әнімізді продюсеріміз таңдап, өзіне ұнағанын бізге жібереді. Оның ұсынғандары көңілімізден шығады. Сөзді үнемі Ринат Заитов пен Бағдаулет Арыстан деген ағаларымыз жазып береді. Ал ән жағынан  әртүрлі композиторлармен жұмыс істейміз.

– Бос уақытта немен айналысасыздар?

– Біз бос уақытымыздың барлығын дайындық кестесімен толтырып тастағанбыз. Вокал, би, актерлік шеберлік сабақтарын аламыз.

– Қандай армандарыңыз бар?

– Арманымыз кө-ө-п. Джах Халибпен дуэт айтсақ дейміз… Сахнада тек ән салатын БН тобы деп емес, өмірдегі адамгершілігімізді, қарапайымдылығымызды, еңбекқор болмысымызды, жанашырлық танытып жүретін ақкөңіл қыз-жігіттер деп қабылдаса екен дейміз.

– Қандай жоспарларыңыз бар?

– Жоспарларымыз дәл біз ойлағандай орындалып жатыр. Әу бастан аудиториямыз  мектеп оқушылары мен студенттер болады деп жоспарланған. Біз өз тыңдармандарымызбен өсеміз. Тақырыптарымыз «мектеп – студент – өмір – махаббат»,  т.б. тізіммен жалғаса береді.   Жақында мектеп бітіру кештеріне шақыртуларды көптеп алып жатырмыз. Тюрквижнға қатысу ойда бар. 19-ы Ақтауда, 20-ы Ақтөбеде жеке концерт береміз, 25-і Шымкентке барамыз.

– Алда BN тобынан не күтеміз?

– Бұйырса біздің топтан кино күтіңіздір. Басты рөлде – үшеуміз. Қыркүйек айында сьемка басталса, 2018 жылы көктемде шығып қалар. 16-ы күні «Бір сен» деген әнге бейнебаян түсіріп бастаймыз.

Еркебұлан Молдашов, BN тобының прдюсері:

«Біреулердің алдына барып, топты ұсынып, сұғанақтанып көрген емеспін. Ондай болмайды да. Ешкіммен ісі жоқ, шығармашылығын шыңдап қана жүретін аға-әпкелерін үлгі етіп отырамын. Альбина пианиноға, Әлішер Баскетболға, Айдын таэквондоға барып жүр. Бізде қазір толықтай киноға дайындық жүріп жатыр. Сабақтан қалдырмаймын: сьемкаларды, хореография мен вокалдың барлығын оқудан  тыс уақытқа қоямын. Үлгерімдері жақсы.  Болашақта  «өзіміз жұмыс істейміз» дейтін уақыт келеді, сол кезде жүрген жерінде абыройлы болуы керек деп ойлаймын.

– Жылы сұхбаттарыңызға рақмет! Армандарыңыз орындалсын!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

 

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/08/29/bn-toby-biz-oez-tynhdarmandarymyzben-birge-oesemiz/feed/ 0
Шоқан Уәлихан, жас әнші, композитор: Келісімшартсыз келісіп жұмыс істейміз https://juldyz.kz/2017/06/14/shoqan-ualihan-zhas-anshi-kompozitor-oezimninh-mumkindikterimdi-zhaqsy-bilemin/ https://juldyz.kz/2017/06/14/shoqan-ualihan-zhas-anshi-kompozitor-oezimninh-mumkindikterimdi-zhaqsy-bilemin/#comments Wed, 14 Jun 2017 04:05:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=9858 Шоқан Уәлихан – жас әнші, композитор. М.Әуелбекованың «Бірге жанымыз», «Туған ел»,  К.Жолдыбаеваның «Сен мұңайма»,  КешYOU тобының «Қалай ғана» әндерін жазған. Өзінің жеке репертуарында  «Ұнап қалдың» атты әні тыңдармандардың көңілінен шықты. Желілерде кеңінен танымал болған Шоқан «Қазақстан дауысы», «МұзАРТ live» жобаларында бақ сынаған. Әнші шығармашылығы мен жоспарларын juldyz.kz порталымен бөлісті.

– Шоқан Уәлихан – біздің оқырмандар үшін Жаңа есім. Өзің туралы толығырақ айтып берсең…

– Туған жерім – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы. Әкем Уәлихан – ҚР Мәдениет қайраткері, музыкант, дауылпазшы. Солай бола тұра «өнерге бар» деп еш уақыт айтқан емес. Дегенмен қан жібермейді екен (күліп). Ес білмейтін кезімде гитараны қолым қанап кеткенше тартып, кейін бинтпен орап, жазылғаннан кейін тағы ойнайды екенмін. Содан болу керек тез үйреніп кеттім. Гитарамен бұрыннан доспын. Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіндегі (РЭЦК), ұрмалы аспаптар бөлімін бітірдім.

– Нұржан Керменбаевпен жұмыс істеп жатыр екенсің….

Иә, қазір Нұржан ағаммен жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ арамызда ешқандай қағаз жүзінде келісімшарт жоқ. Ондай келісімшартсыз келісіп жұмыс жасаймыз. Маған үнемі қолдау көрсетіп тұрады, музыка жазу жағына келгенде еркіндік береді. Ал жүріс-тұрысыма аздаған шектеу қояды. Оның өзі ағалық қамқорлығынан деуге болады.

 

– Сенің композиторлық еткен әндерің тыңдармандардың көңілінен шығып жүр. Ал өзіңнің ән қоржының неге толықпай жатыр?

Менің орындауымдағы әзірге жалғыз ән – «Ұнап қалдың». Желідегі пікірлерге назар аударсам, тыңдарман жақсы қабылдаған сияқты. «Батырлар» деген жаңа әнімді «Turkvision» сайысына дайындап жатқанмын, неге екені белгісіз, болмайды деген хабар келді. Қазір «Бұл қалай» деген жеке ән жазып жатырмын. Сөзі Бақдаулет Арыстандікі, әні өзімдікі.  Ал «Ұнап қалдың» әнімнің сөзін Серікбол Сұраншиев жазды, бірақ өзім мәтінге түзетулер енгіздім. Кейде солай кірісіп кететін әдетім бар. Себебі, ақындар көбіне мәтінге мән береді, мен оны музыкалық жағынан қараймын: дыбыстарды ашылатындай етіп, айтылу жағына қарай тартамын.

– Қазақ эстрадасында әнші көп. Немен ерекшеленемін деп ойлайсың?

 Өзімді ерекшемін деп айта алмаймын. Дегенмен өз әнімді өзім жазамын, өзім орындаймын, шығыстың иірімдерін жақсы  меңгердім, өзімнің әлемім мен әуенім бар, композитормын, аспаптарда ойнаймын, сосын солақаймын  де-е-п  мақтанып кетсем… (күліп). Бар болғаны осы. Бастысы – өнерім таза, ал тазалығым – ерекшелігім болатын шығар. Қарапайым жүргенді жақсы көремін.

Нұржан ағамның «Жылайды жүрек» әнін мен орындауым керек болған

– Әдетте жаңа эстрадаға қадам басып келетін әншілер түрлі концерттерден қалмайды. Тыңдармандарыңды қалыптастырып келе жатырсың, радиорналардан дауысың көпшілікке таныс, мерекелік концерттерден көрінбейсің. Неге?

Емін-еркін «өзіме ұнайдымен» жүре берсем, продюсермен жұмыс жасаудың да керегі жоқ болар еді. Эстрадаға жаңа қосылып келе жатқандықтан, маған жөн сілтеп, жол сілтеп отыратын адам керек. Екінші жағынан, әр жерге бір сұғанақтанып жүргенді Нұржан ағам түгілі, өзім де қаламаймын. Орнымен жүрген дұрыс қой. Тойларға да шықпаймын. Барлығы өз ретімен болуы керек, Алла абыройдан айырмасын. 

– Көлігіңде өз әндеріңді тыңдайсың ба? Қаншалықты жиі?

Мен өзімді қатты жақсы көремін. Бірақ көлікте достармен я басқалармен кетіп бара жатқанда, ұялы телефоныма қоңырауға өз әнімді қою деген сияқты әрекеттерді мүлдем жасамаймын. Үнемі ізденісте жүрген ұнайды, көптеген шетелдік композиторлардың жаңа альбомдарын басып аламын да, көлікте соларды тыңдаймын. Жаңалықтарды іздеп жүремін. Мен МұзАРТ-ты тыңдап өстім. Әлі күнге солай. Арасында ғана өзімнің әндерімді де тыңдап тұрамын.

– Қызық екен…  

Орайы келгенде айтайын. «Талғамда талас жоқ» деп жатады… Нұржан ағамның «Жылайды жүрек» әнін басында мен орындауым керек болған. «Шоқан, студияға барып сол әнді жазып кет» деп ағамыз талай рет айтып, ескертіп жүрді. Неге екенін білмеймін, көңілім қаламады. «Бұл әнді жазғым келмейді, өзіңіз жаза беріңізші, аға» дегеннен кейін өзі бір түнде жазып тастады. Бәрі дайын болған кезде, аяқасты «04:29» фильміне саундтрек ізделініп жатыпты. «Жылайды жүрек» дәл келе қалды. Өкініш жоқ. Нұржан ағаның орындауында хит болды ғой. Қуаныштымын.

Алматы бәрін өз орнына қояды екен

– Жалпы қандай әнді болмасын тірілтіп жіберетін әншілер бар… Сондай деңгейге жету үшін қандай жұмыстар жасау керек деп ойлайсың?

Әншілік мінезге байланысты. Мысалы, өзім үшін үлгі – Сәкен ағамды алайықшы. Ол кісі ән айтады, ұрысады, айқайлайды, әзілдейді. Бірақ ешқашан ешкімнің көңілін жыққан емес. Сәкен ағама қараймын да, болашақтағы өзімді көргендей боламын. Себебі, өмірімізде ұқсас дүниелер көп екен: оқудан бір шығып, қайта кіргені; оны 3 жыл қатарынан вокалға қабылдамай, ағамыздың ұрмалы аспаптар бөліміне тапсырғаны; түбі қайта әншілікке келгені. Менің өткен өмірімдегі оқиғалар тап осылай өрілген. Вокалға тапсырып жүрген кездері «Мы тебя знаем, поющий пацан» дейтін де түрлі себептермен қабылдамайтын. Сәкен ағамен осындай ұқсастықтарымыздың болуы қуантады. Алла бойыма өнер дарытқан екен, шүкір, соны дамыту жолында әрекет етемін.

– Өнердің биік шыңына шығу үшін тек талантты болу жеткіліксіз сияқты…

Дұрыс айтасыз. Алматыға «қырам-жоям» деп келген көптің бірімін. Келген соң өзім сияқтыларды, өзімнен мықтыларды көрдім. Алматы әр адамды орнына қояды, кейбірін сындырып та тастайды. Өзімнің мүмкіндіктерімді жақсы білемін. Сондықтан тым сенімді жүретінмін. Ол дұрыс емес екен. Қазір жинақталып келе жатырмын. Себебі, сол қасиет түбі тәкаппарлыққа әкеп соқтыратынын ұғындым. Бір ғана мысал үшін айтайын, Қызылордада өте талантты, мықты әнші бар. Бірақ мінезі бар ешкімді мойындамайтын… Тасада отырғаны сол мінезінен болар. 3-4 мыңға тойларға шығады, өзінің аппаратурасы бар. Ең қиыны өзінен 10 есе әлсіз, тіпті музыканың сезбейтін орындаушылар келеді де «Бауырым, аппаратыңның даусын жай қойшы» деген кезде жаның ауырады ғой. Сондай дәрежеге түспеу керек, өз биігіңді табу керек деп шештім. «Көкірегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адам жәннатқа кірмейді» деген сөз бар хадисте. Әнші болғаннан бұрын адам болуға, кішіпейіл болуға ұмтылатын болдым, себебі әнім мен өскен сайын өсерін білемін және үздіксіз жұмыс жасаймын.

Барлық қуанышымның өлшемі бірдей

– Өзіңе ұнамайтын, мүмкін жеңе алмай келе жатқан қасиеттерің бар ма?

Бар. Тіпті көп. Маған түнде отырып ән жазған ұнайды. Сондықтан қазір күн мен түнім ауысқан. Ризық беруші Алла ризығын таң атқанда береді екен. Соның барлығынан айырылып қалып жүрмін. Тез ашуланамын. Бірақ кек сақтамаймын. Шыдамсыздығым тағы бар.

– Ең қиналған және ең қуанған кездеріңді есіңе түсірші?

Былтыр әкемнің жүрегі ауырып, ота жасау керек деп реанимациядан бірақ шықты. Сол кезде қатты қорықтым. Ал қуанған кезім… Көлік алғанымда бір қуанғанмын. Бірақ қарап отырсам, менің барлық қуанышымның өлшемі бірдей екен. Қатты қуана алмайды екенмін.

– Өз дегеніңді қаншалықты жиі жүзеге асырасың?

Аңқау жігітпін. Қыз болсам қиын болар еді (күліп). Кейде бір сынып қалатын сәттерім болады.

– Мысалы?

Бейнебаян түсіретін болдық және ол бір фильмге саундтрек болады деп шешілген. Нұржан аға керек деген адамдармен сөйлесіп берді. 3 күн ұйықтамай соған бел шеше кірісіп, тура мағынасында маңдай терімді аямай шапқыладым. Көп нәрсе білмедім, қатты қиын болды. Таптырмайтын газельдерді тартып, камераларды тауып, тіпті «грузчик» те болып кеттім.     Майда-шүйде болғанымен күш пен уақытыңды сарқатын дүние… Не керек 3 күн, 3 түн дегенде түсіріп біткен дүниеміз дайын болған кезінде Гәккуге апарып өткіздім. Сол күні кешке көрсететін болды. Бірақ түстен кейін хабарласып, клиптің шығуына рұқсат берілмейтіндігін айтты. Сонда еңбегімнің зая кеткенін түсіндім, сағым сынып, тауым шағылып қалғандай күй кештім.

Болашақ жарым Сәкен ағаның жұбайындай болуы керек

– Жас әнші жігіт болғандықтан, тыңдармандарыңның дені – қыздар. Енді сол бикештер үшін қызық сұрақтарға көшейік. Жиі ғашық боласың ба?

Негізі жиі ғашық боламын. Бірақ тез ұмытамын. Дұрыс емес екенін білемін.

– Қыздарды қатты ренжіткен кездерің болды ма?

Жоқ. Ондай болмады. «Тастап кету», «лақтырып кету» деген сөздерді жек көремін, ондай әрекеттерді де құптамаймын. Бәлкім сөзім ұнамай ренжіп қалған болуы мүмкін. Бірақ қарғайтындай іс-әрекеттерге бармаймын. Солай болады да. Мен ғашық болсам, ешкімге зиян жасамаймын.

– Болашақ жарың қандай болуы керек?

Болашақ жарым Сәкен ағамның жұбайы сияқты болуы керек (күліп). Өзі – халықтың ықыласына бөленіп жүрген азамат болса, жұбайы – барша қазақ қыздарына үлгі болатын әйел. Көрдіңіз ғой, «тең-теңімен» деген сөз рас. Жалпы өмірде өзің қалай жүрсең, несібең де соған сәйкес болады. Сондықтан өзім дұрыс жүруге тырысамын. Өзім қанша ұнатып тұрсам да, өнерден қыз іздемейтін шығармын. Әйел адам деген – үйдің сәні мен берекесі… Бірақ әзірге үйлену ойымда жоқ, тек шығармашылықпен айналысқанды жөн санаймын.

– Қандай жоспарларың бар?

Жоғарыда атаған «Батырлар», «Бұл қалай» деген әндерімді шығарып жатсам, Алла қаласа  шағын-альбом жасау ойда бар. Содан кейін, Нұржан ағамызбен дуэт жазамыз деп жоспарлап жүрміз. Оған қоса, өнердегі аға-әпкелерім әндерімді алып жатыр.  Камшат Жолдыбаеваға жақында «Қазақ елі», Мөлдір Әуелбековаға  «Балапаным» және Луинаға «Кімсің» деген ән бердім. Бұлар да жақын арада шығып қалуы мүмкін.

– Риясыз әңгімеңе рахмет! Қоржының жақсы әндерге толсын!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/06/14/shoqan-ualihan-zhas-anshi-kompozitor-oezimninh-mumkindikterimdi-zhaqsy-bilemin/feed/ 3
Иса Алимусаев, жас әнші: Продюсерімнің есімі әзірге құпия… https://juldyz.kz/2017/06/14/isa-alimusaev-zhas-anshi-prodyuserimninh-esimi-azirge-qupiya/ https://juldyz.kz/2017/06/14/isa-alimusaev-zhas-anshi-prodyuserimninh-esimi-azirge-qupiya/#comments Wed, 14 Jun 2017 03:58:33 +0000 http://juldyz.kz/?p=9772 Иса Алимусаев — елімізде өткен «МузАрт-live» мега-жобасының финалисті, жас әнші. Өнер әлеміне енді ғана аяқ басқан өнерпаз  juldyz.kz порталына алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

 — Біздің оқырмандар үшін Иса Алимусаев — жаңа есім. Оқырмандар сіз жайлы кеңірек білгісі келеді. Бала Иса қандай болды?

— Мен жастайымнан әуелі өмірге, содан соң өнерге ғашықпын (күліп). Бала күнімнен өнерге бір табан жақын болдым. Балабақшада қандай да бір мерекелік іс-шаралар өтсе басы-қасында өзім жүретінмін. Микрофонымды алып, ән салатынмын. Халықаралық деңгейдегі байқаулардың жүлдесінен де кенде емеспін. Қысқасы, 5-жасымнан ән әлеміне саяхат жасап, осы өнердің жетегінде келемін. Сол бала күнгі арманыммен Петропавл қаласындағы музыкалық колледжге оқуға түстім. Эстрада бағытында ән салу саласы бойынша осы оқу орнынан диплом алып шықтым. Яғни, мамандығым өнерге тікелей байланысты.

 — Өнер жолын таңдауыңа не себеп болды?

— Әуелі Алланың берген тума таланты шығар деп ойлаймын. Ойлап қарасақ, шынында да солай. Себебі, Алла Тағала саған таудай талант бермесе, шынайы өнерді сатып алу мүмкін емес. Менің бұл пікіріммен толықтай келісетін шығарсыз деп ойлаймын(күліп). Одан қалды кішкентайымнан өнерге әуестігім және нағашы жұртымның өнерге жақындығы бар.  Жалпы, нағашы жұртым өнер мен өлеңге жақын адамдар. Мені ешкім сахнаға сүйремесе де, бір бүйрегім осы өнер жолына, әншілікке бұрып тұрады. Әншілік — ең дұрыс таңдауым, жүрегімнің қалауы деп нақты айта аламын. Болашақта таңдауымнан қателеспей, тағдырым осы жолда жалғасады деп ойлаймын. Қалғанын уақыт көрсетеді. Бәрі бір Алланың бұйрығымен деп ойлаймын.

 — Қазір жеке шығармашылығыңызда не өзгеріс? Кіммен жұмыс жасаудасыз?

— Қазір жеке шығармашылығымда ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер жоқ. Қандай да бір жаңалық болса, сіздерге хабарлауға тырысамын(күліп). Бүгінде жеке шығармашылығымды қолға алып, продюсермен жұмыс жасап жатқаным рас. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап, кәдімгідей жұмыс жасап жатырмыз. Күнде студияға қонатындай жағдайда жүрмін. Себебі, күні-түні әндер жазылып, қызу жұмыстар жасалуда. Жеке продюсерім жайлы сұрақтер негізінде көп қойылады және көптің көкейінде жүрген сауал болып тұр. Ол кісінің есімі әзірге құпия. Себебі талабы сондай(күліп). Продюсерім өзінің жұмысын білетін өте білікті маман. Қазіргі таңда жаңа тың идеяларға жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта ол туралы біле жатарсыздар деп ойлаймын.

 — Қоржыныңызда қанша ән бар?

— Шығармашылығыма шындап ақпан айынан кіріскендіктен, қазіргі таңда қоржынымда 5 ән ғана бар. Оның алғашқысы композитор, әнші Айгүл Бажанова деген апайымыз екеуміздің «Ғажабым» деп аталатын әні. Ол әнді Айгүл апайдың кешінде орындадық. Оның сыртында студияда буы бұрқырап дайын тұрған да, жазылып жатқан да бірнеше әндеріміз бар. «Жұлдыз-тв» арнасынан тұсауы кесілген «Жұлдыз шығармыз» атты бейнебаянымыз бар. Әлі халыққа ұсынылмаған екі бейнебаянымыз түсіріліп қойылды. Алдағы уақытта отандық арналарға жол тартады деген жоспарымыз бар. Байқасаңыздар, әндерім әр түрлі бағытта. Себебі, сахналық та тойға да сұраныс бойынша әмбебап стильде жаздыртып жатырмыз. Шығармашылығыма байланысты бірнеше адамдармен жұмыс атқарудамын. Дегенмен, көптеген әндерімнің авторы сазгер, ақын, атыраулық бауырым Ерболат Қарақойшы.

 — Ән таңдағанда сөзіне мән бересіз бе, әлде әуені маңыздырақ па?

— Мен үшін екеуі де маңызды. Себебі, тыңдарманның талғамымен санасу керек деп ойлаймын. Бізді тыңдайтын — халық. Сондықтан, сол кісілердің көңілінен шығатын сәтті дүниелерді бергенді жөн көремін. Жазғандарыңының саны да, сапасы да жоғары бір деңгейде болса нұр үстіне нұр емес пе?  Бүгінгі уақытта сапалы ән тауып, оны жазу оңай емес. Бәрі еңбектің арқасында іске асады.

 — Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ:Иса Алимусаев болашақ жарын қалай елестеді?

— Бұл сұрақты тым қатты ойламаппын. Негізі, әрбір ер жігіт болашақ жары қазақтың қарапайым қызы болса деп армандайды. Ата-анамды сыйласа, иіліп тұрған инабатты, жүзінен нұры төгіліп тұрған ибалы қыз болса деп армандайды. Мен де болашақ жарымның қылықты да қырмызы болғанын қалаймын. Қыздың қылықты болғаны абзал ғой. Бастысы — жүрегіндегі иманы. Иман болса қалғаны орнымен өзі-ақ келеді деп ойлаймын. Бүгін –ертең үйленетін ой болмағандықтан, қатты қызығушылық танытып, болашақ жарымды елестетпеппін. Бұйырғаны болар. Оны келер күннің еншісіне қалдырайын. Себебі, адамның емес, Алланың дегені болады ғой.

 — Қайырымдылық шараларға жиі қатысасыз ба?

— Өмірге келгендегі мақсатымыз — адал болу. Ал адалдық адамдықпен өлшенеді. Қолыңнан келген дүние болса, неге қайырымдылық жасап, сондай кештерге жиі қатыспасқа? Жалпы өзім жақсылық жасап жарысқанды жақсы көремін. Жарияға жар салмайтын жақсылық бар. Сондықтан жасаған жақсылықтарды, істеген қайырымдылықтарды көп жарияламауға тырысамын. Тіпті жарияламаймын да. Өзім мұндай концерттерге жиі шақыртулар да алып жатамын. Қолым бос болса, қалдырмағанды жөн көремін.

 — Өнердегі аға-әпкелеріңізбен кіммен дуэт айту ойыңызда бар?

Жаңалықтың қадірі таралғанға дейін ғой. Мен де болашақтағы жоспарымды, дуэттерімді дөңгеленген дүниеге жар салып айтып тастағым келмейді. Сабақты ине сәтімен. Әр нәрсе өз уақытында әдемі ғой. Оны болашақтың еншісіне қалдырайық. Себебі, аспанда қалықтап жүрген қаншама армандарым мен қиялдарым бар. Сондықтан, ол армандарымды адастырмай, қиялыма қанат бітіргім келеді. Негізінде ойымда жүрген аға-әпкелеріміз бар. Ол да әзірге құпия бола тұрсын. Сыр сақтаған жақсы ғой(күліп).

 — Инстаграммда белсендісіз. Бұл уақытыңыздың көптігі ме әлде тыңдармандарыңыздың тілегін орындау үшін бе?

Әлеуметтік желілердің ішінде де сол өзім Инстаграмда ғана отырады екенмін. Барынша жиі кіріп тұрғанды жөн санаймын. Тыңдармандармен жақын болғанды жақсы көремін. Ол уақыттың көптігінен емес. Бір-екі күн сурет салмасам, оқырмандарым қатты алаңдап, жекеге жазып жатады. Көңілін қалдырмауға тырысамын. Әлеуметтік желі деген адамның емес заманның талабы болып барады. Сондықтан, бос уақытымды тиімді пайдаланып отырғанды жөн көремін.

 — «МузАрт-live» өміріңізді қай жағынан өзгертті? Оған дейін Иса қандай еді

— Жалпы жиі қойылатын сұрақ. Мен бұл жобаға дейін жастайымнан бірнеше мемлекетаралық байқауларға қатысқанмын. Бір қызығы, сол 2-ші орынды қанағат тұтып келемін (күліп) Мүмкін, деңгейімнің жеткен жері де сол шығар.Неге дейсіз ғой? Себебі, мен рейтингі мықты болған «Қазақстан дауысы» жобасына да қатыстым. Ол жерде де финалист атанып, сол дәрежені қанағат еттім. Көптеген сабақтар алдым. «МузАрт-live» жобасында да дәл солай. Өздеріңіз көрген шығарсыздар, 12000 үміткерден 8-дікке, яғни финалға келіп, тағы да сол финалист атандым.. Талғамға талас жоқ демекші, халықтың таңдауы солай болғасын, ешкімге ренішім жоқ. Топқа өткендер өзімнің өмірдегі де, өнердегі де бауырларым. Бәрін жақсы көріп сыйлаймын. Сол себепті «МузАрт-live» жобасы менің өміріме көп жаңалық енгізді.  Көптеген жаны жайсаң жандармен табыстырды. Бала Исаны — дара Иса етті. Халыққа бір табан жақындата түсті. Жақсы мүмкіндіктер берді. Өнер жолына деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Бір сөзбен айтқанда, ұйықтап жүрген Исаны оятты. Сондықтан, тек қана рақметімді айтамын.

— Танымалдылық сізге не беріп жүр?

— Мен бұл сұрағыңызбен мүлдем келіспес едім. (күліп) Себебі, мен танымал болатындай әлі ештеңе жасап үлгермедім. Танымал деп осы өнер жолында 10-15 жылдан бері еңбек еткен үлкен аға-әпкелерімізді айтуға болатын шығар. Ал егер мені көрген жерде тоқтатып, танып жатса, әрине қуанар едім. Қандай жағдай болмасын, халықтың пікірімен санасып, ақылын тыңдап, мейріміне бөленген жақсы.

 — Тойға жиі шығатыныңызды байқаймыз? Құнымды түсіріп аламын деп қорықпайсыз ба?

—  «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген қазақтың сөзі бар емес пе? Сол себепті де өздері шақырып, қуаныштарында көргілері келетіндігін айтып өтініш жасап тұрса неге бармасқа? Әрине, сұраныс бар жерге міндетті түрде барамын. Мен негізі табиғатымнан көптің көңілін кірлеткім келмейтін жанмын. Той — халықтың қазынасы. Оның үстіне тойға тек мен ғана барып жүрген жоқпын. Себебі, халық қазақ эстардасының 80-90 пайызын шақырып жатады. Сондықтан, бұл жерде құнымызды түсіретіндей немесе ел алдында сый-құрметің кететіндей ешқандай жамандық көріп тұрған жоқпын.

 — Киноға түсуге ойланып көрдіңіз бе? Ұсыныс түссе, келісер ме едіңіз?

— Әр саланың өз маманы бар. Өзіңе сай мамандығыңды таңдап алып, жақсы нәтижелер көрсете білсең жеңіс қой. Сол сияқты киноға түсу үшінде актерлік шеберлігің мықты болу керек деп ойлаймын. Оның да өзінің арнайы оқытылатын сабағы бар. Со саланы игеретеін адамы бар. Негізі адам жан-жақты болған да жақсы деп жатады. Бірақ дәл осылай кино саласында өз бағымды сынап көремін деген ой болмапты. Қазірдің өзінде қысқаметірлі кионларға ұсыныстар түсті, шақыртулар болды. Продюсер рұқсат етпеді және өзім де баруды құнттамадым. Себебі, екі кеменің басын ұстаған суға кетеді дегендей, әуелі осы әншілік жолында шығармашылығымды шыңдап алайын. Бүгін –ертең болмағанымен, болашақта сондай ұсыныстар болса, бағымды сынап көремін. Оны да уақыт көрсете жатар.

 — Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

— Бос уақытымды барынша тиімді пайдалануға тырысамын. Тіптен бүгінгі күнде бос уақытым жоқтың қасы десе болады. Көбінесе қазіргі уақытта бос уақытымды ізденіске арнап жатырмын. Шығармашылығымды барынша шыңдаудамын. Халыққа бір тұщымды дүние берсем екен деген сұрақ мені жиі мазалайды. Қатты ойландырады. Кейде өзімнен-өзім жасап жатқан жұмысыма да қатты алаңдаймын. Бір жерден сүрініп кетпесем екен деп жүремін.

 — Алдағы уақытта қандай жоспарыңыз бар?

Жоспармен бөліскенді жөн көрмеймін. Бірақ, тоқталып айта кетейін. Бір альбомдық әндерім дайын болып қалды. Репертуарды толықтырып алып, Қазақстанды ән сапармен аралауды жоспарлап отырмыз. Тіптен бір-екі облыс қала-аудандарымен қоса келісіп те күнін белгілеп қойдық. Оны алдағы уақытта әлеуметтік желілерде жариялайтын боламын. Ән сапарға ерте ме деп ойлағанбыз. Алайда, көпшілік сұрағандықтан продюсеріміз екеуміз осындай шешім қабылдадық. Бар жаңалығым осы.

— Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айзада Жайыққызы

]]>
https://juldyz.kz/2017/06/14/isa-alimusaev-zhas-anshi-prodyuserimninh-esimi-azirge-qupiya/feed/ 1
Бота Багытжан, дизайнер: Қазір «91» тобымен жұмыс істемеймін https://juldyz.kz/2017/05/31/bota-baqytzhanova-dizajner-qazir-91-tobymen-zhumys-istemejmin/ https://juldyz.kz/2017/05/31/bota-baqytzhanova-dizajner-qazir-91-tobymen-zhumys-istemejmin/#comments Wed, 31 May 2017 12:41:39 +0000 http://juldyz.kz/?p=10838 Бота Бақытжанова — еліміздегі жас дизайнерлердің бірі. Ол жас дизайнерлер конкурсы «Open Way-2013» байқауының финалисті, «Bibotta» брендтік киімдер топтамасының директоры. Жас дизайнер өзінің жаңалықтары және алдағы жоспарларымен juldyz.kz порталына берген сұхбатында бөлісті.

— Бота, бренд атауын неге «Bibotta» деп атадыңыз?

— Дизайнер болардың алдында жеке ат тауып алу керек болды. Сол кезде көп ойландым. Достарым әртүрлі пікірлер айтты. Содан тегім мен есіміммен байланыстырғым келді. Яғни, Бота Бақытжанованы «Bibotta» деп қысқарттық. Осылай әдемі атау қойылды. Мен Қазақстан ғана емес, шетелде де атауға ыңғайлы атау іздеп, ақыры осыны қойдым.

 — Кішкене кезіңізден дизайнерлікті армандадыңыз ба?

— Мен 2-сыныпта-ақ дизайнер болатынымды шешіп қойдым(күлді). Әжем тігінші болған. Бірақ, мен оны ешқашан көрмегенмін. Содан берілген шығар. Кішкене кезімде көйлектің суретін салатынмын. «Кім боласың?» деп көбі сұрайтын. «Дизайнер боламын» деп жауап беретінмін. Әлі сол шешімді өзгерткен жоқпын (жымиды). Мектепті бітірген соң Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжіне оқуға тапсырдым. Дизайнер мамандығы бойынша тәмамдадым. Кейін «Сымбат» академиясына оқуға түстім.  Бірақ, мен колледжден кейін  дизайнер болып кеттім (жымиды). «Қазақстан сән апталығы» ұйымдастырған ТМД арасындағы  дизайнер конкурсына қатыстым. 93 адамның ішінен 10 адам финалға өттік. Өкінішке орай, ұтпадым. Сайыс біткеннен кейін қатты жылағанмын. Содан маған арт-директор келіп, «маған жұмысың ұнады, мен саған грант беремін» деп ұсыныс жасады. Сөйтіп, ақысыз түрде сән апталығында өзімнің топтамамды көрсетуге мүмкіндік алдым. Содан кейін көптеген конкурстарға қатыстым. Алғашқы жетістігім осы конкурс еді.

#IED Как то увидела конкурс, который организовывал Миланский институт Дизайна Instituto Europeo di Design ( IED) , "Fashion For Future" в честь Expo-2017. Решила поучаствовать, конкурсы очень хороши для развития. Прошла в финал из 60-ти участников , поехала в Астану, где нас судили жюри. Делала презентацию на английском языке. Итальянцу, который сидел в жюри понравились мои работы , показала ему ещё свой Инстаграм? Сегодня пришли результаты. Мои работы выбрали для выставки Expo-2017 во время Миланской Недели Моды .в апреле. И также буду выставлять свою коллекцию на Expo-2017 в Астане. ❣ Тоже результат ?

A post shared by Fashion•clothing (@bibotta_) on

 — Одан кейін қандай сән апталығына қатыстыңыз?

— 3 рет сән апталығына қатыстым. Бір күні Американың консулы Америкаға баратын дизайнерлерді қарастырды. Тәжірибе алмасу үшін 10 дизайнерді таңдады. Ең соңғы болып мен өттім(күлді). Бұл сән апталығы маған үлкен тәжірибе болды.  Ол кезде 20 жаста болғанмын. Одан  кейін Грузия ұйымдастырған италиялық конкурсқа қатыстым. Қазақстаннан 2 адам іріктелді. Өте күшті қарсы алды. Жоғары, беделді оқу орындарының мұғалімдері бізге лекция оқыды. Соларды тыңдадық. Соңғы күні ғана конкурс өтті. Онда да орын алған жоқпын. Бірақ, соның өзінде менің жұмыстарыма оң көзқарастарын танытты. Бұл конкурста да мен үлкен тәжірибе жинадым.

— Дизайнерлік үйіңізді қашан аштыңыз?

— 1 жыл бұрын аштым. Одан бұрын үйде тігетін тігіншілермен жұмыс жасайтынмын. Эскиздерімді соған апарып жүрдім. Клиенттермен өзім жұмыс істедім. Өте қиын болды. Ательені ашуға жүрексіндім. Бірақ, ашқыт келді. Ашқан кезде  бір тігінші, бір ательем болды. Басында бәрін өзім піштім. Алған тігіншім дұрыс тіге алмайтын. Екеуміз бірдеңе ғып шығаратынбыз (күлді). Қазір 4 тігіншім, конструктор, көмекшім бар. Үлкен ұжымыз бар.

Картинки по запросу бота бакытжан

 — Неге қазақы стильді таңдадыңыз?

— Жас болғаннан соң болар. Мен күнделікті өмірге сай етіп қазақы киімдерді жасағым келді. Оюларды көбісі тек көйлектерде ғана қолданады. Сосын оны сән-салтанатта киеді. Мен ондайды қаламаймын. Оның үстіне бір оюды әр жерге жабыстыра береді. Ол онша жақсы көрмейді. Содан кейін теріден, былғарыдан өзім ою ойластырып, өзіме тән стильмен жасадым.

 — Материалды қайдан аласыз?

— Алыпсатарлардан аламын. Алматыда мата өте қымбат. Көбінесе Корея мен Қытайдан алдыртамыз.

 — Кезінде «Ая Бапаниден шабыт аламын» деген екенсіз. Қазір ше?

— Ол бұрында ғой (күлді). Қазір шабыт сыйламайды ол кісі. Өйткені, алғашқыда Ая Бапани коллекциясы ұнайтын. Қазір жамандағаным емес, Ая Бапанида өсу жоқ. Әлі сол қалпы. 3 жыл бұрын не жасады, соны қазір қайталап жүр. Ал дизайнер әр қадам сайын өсіп отыру керек.

?#NewArrivals #tshirt #новинка ?? Футболки НЕГЕ? Цена: 4500 тг Инфо: Direct ?

A post shared by Fashion•clothing (@bibotta_) on

— Қазіргі дизайнерлерден кім ұнайды?

— Айнұр Тұрысбек, Алексей Чжен ұнайды.

 — Киімдеріңіздің бағасын қалай қоясыз?

— Матаның, жұмыстың, тігіншінің бағасын бәрін есептеп, ортақ баға қоямыз. Соның өзінде барынша қолжетімді жасауға тырысамын. Маған өнімімді қарапайым адамдардың тұтынғаны ұнайды.

 — Футболка, толстовкаға жазу идеясы қайдан келді?

— Шетел дизайнерлерінде ағылшынша сөйлем жазылғандарды көріп қызығатынмын. Соны қазақшалағым келді. Ең бірінші «Жолыңнан тайма!» деген жазуды жаздым.

 — Алғашқы өніміңізді сатылымға берген кезіңізді еске алыңызшы…

— Ең алғашқы кезде тәжірибем болмаған. Көп нәрсені білмейтінмін. Сән апталығынан жолдама ұтып алдым. Бірақ, ештеңе түсінбедім (күлді). Материалды өзім таңдай алмадым. Алғашқыда арзан материал алып қойыппын. Бірақ, түрі әдемі болған. Айтқан материалдан көйлекке принт жасағанмын. Принт бастыру үлкен шаруа болды. Оны көп іздедік. Бірақ, әдемі шықты. Алғашқы көйлектерімде ою мен қыздың суреті ғана болды. Сол топтамадан жарты көйлектер ғана сатылды. Қалғандарын сақтап қойдым өзіме. Бірінші топтамам сатылған жоқ, екінші топтамамды сата бастадым. Сол кезде бомберді ойлап таптым. Ең көп сатылған солар болды. Қазір коммерциялық дизайнер секілді жұмыс істеймін. Жұмыстарымды тек сатумен айналысамын. Қазір «Есентай Mall»-да, «Достық Плазада» менің топтамаларым сатылады. Бұйырса, Ақтауда, Оралдан ашамын. Барлық қалаларда ашу ойымда бар. Негізі интернет арқылы тапсырысты жеткіземіз.

 — Қандай жұлдыздармен жұмыс жасайсыз?

— Қазір ешқандай жұлдызбен контрактіге отырмағанбыз. Жұлдыздармен жұмыс жасауымның басы қызық болды. Бірде Димаш Құдайбергенов универсиадаға келгенде жекесіне шығып жазған едім. Бойына ыңғайлы етіп, плащ тігіп бердім. Димаш өте ашық бала екен. Дос боп кеттік. Содан кейін сол киіммен Димаш Ұлықпан Жолдасовтың үйіне барып фотоға түсті. Кейін аэропортқа барып, Қытайға сол киіммен ұшып кетті. Сенесіз бе, дәл сол кезде Қытайдан көп тапсырыс түсті. Олай болады деп ойламадым. Жай ғана өзім Димашпен танысқым келген. Одан біраз уақыттан кейін Денис Тенге де өз киімімді тарту еттім. Мен кішкентай кезімде Денис Тен Сочида Олимпиадада өнер көрсеткенде теледидардан көргенмін. Сол кезде «Денис менің киімімді киеді» деп ойша елестететінмін. Денис Тен Алматыға келгенде жаздым, кездестік. Мен оған киім сыйладым. Қазір достасып кеттік.

 — Ең біріші рет жұлдыздардан ұсыныс келген кезді айтып берсеңіз.

— Мен басында актриса Айсұлу Ізімбаевамен фотосессия жасағанмын. Кейін ҒМ тобы өздері менің топтамаммен суретке түсуге келген. Ең алғашқы киім тіккен группам — «91» тобы. Оларға өзім хабарластым. Қалай болғанын айтып берейік.  2015 жылы корейлік әншілерге қызығып жүргенмін. Содан анам «елімізде корейлерге ұқсас әншілер пайда болыпты» деді. Елең ете қалдым. Өйткені, корейдің стилі маған ұнайтын. Инстаграмнан «91 тобын» таптым. Шынын айтқанда, мені жұмыс жағынан бастапқыда «91 тобы» қызықтырған емес. Өйткені, мақсатым басқа болды. Сымбатты, дауысы да бар досым болды. Соны «91 тобына» кіргізгім келді (күлді). Содан менің менеджерім оларға хабарласты. «Бізде осындай ұл бар, дауысы да жақсы, егер соны алсаңыздар, дизайнер де бірге барады» деді. «Жарайды, келіңіздер» деп келістік. Біз досымыздың видеоларын оған жібергенбіз. Алайда, кәсіби болмаған соң дауысы жетпей қалды. Сол себепті оны алмады. Бірақ, маған  Ерболат аға: «сенің жұмыстарың ұнады. бірге жұмыс жасайық» деп ұсыныс білдірді.

         «91» тобымен алғашқы фотосессиямызды дәретханада жасадық (күлді). Әлеуметтік желіден көрген боларсыздар. Олай істемеске амалымыз болмады. Өйткені, «Достық Плазадағылар» бізге суретке түсуге мүмкіндік бермей қойды. Бәрімізді сыртқа қуып шықты. Сосын біз дәретханаға түсіруге мәжбүр болдық. Қазір олармен жұмыс істемейміз.

 — Неге?

— Контракт бітті. Өзім де кетем деп шешкен. Бірақ, реніш жоқ.

 — Қазір тұрақты кіммен контрактпен жұмыс жасайсыз?

— Ешкіммен. Әншілердің көбі тапсырыспен ғана алып тұрады. Олардың ішінде Мәди Рымбаев, Зируза, «Алашұлы» , «Ұлытау» бар. Мен 7-сынып оқып жүргенде «Ұлытауды» теледидардан көрдім де, «мыналарға киім тіксем ғой» деп армандадым. Сөйтіп, бір күні Қыдырәлі Болмановтың менеджері хабарласты. Ұсыныс тастады. Өздері қалағандай етіп тігіп бердім.

Приходите в Президентский парк на ALMA FEST ? #bibotta

A post shared by Fashion•clothing (@bibotta_) on

 — Өзіңіз қайдан киінесіз?

— Өзім «өзімнен» киінемін(күлді). Киімге қатты қызықпаймын. Ұнаса ала беремін.

— Қандай жаңалықтарыңыз бар?

— Наурыз айында ЭКСПО көрмесіне байланысты италиялық конкурсқа іріктеу болды. Соған дайындалып жатырмын. Бұйырса, көрмеден менің топтамаларымды көресіздер деп ойлаймын. Одан бөлек қазанда сән апталығына қатысамын. Тағы да Мәкеуге сән апталығына шақырған. Бірақ, дайын емес болғандықтан қарсы болдым.

Сұхбаттасқан Айзада Жайыққызы,

Гүлім Рысқұл

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/31/bota-baqytzhanova-dizajner-qazir-91-tobymen-zhumys-istemejmin/feed/ 1
Раушан Ермағанбетова, жас актриса: Мені көбісі «Шынар-ау» деп атап кетті https://juldyz.kz/2017/05/29/raushan-ermaghambetova-zhas-aktrisa-alghashqy-akterlik-synamada-mamandargha-shyghyp-ketesizder-me-dep-ajtqanmyn/ https://juldyz.kz/2017/05/29/raushan-ermaghambetova-zhas-aktrisa-alghashqy-akterlik-synamada-mamandargha-shyghyp-ketesizder-me-dep-ajtqanmyn/#respond Mon, 29 May 2017 13:12:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=10745 Раушан Ермағамбетова  –  жас актриса. «Қазақ аруы – 2012»  байқауының  финалисті,  «Мисс Алматы – 2013» байқауының 3-орын иегері,  «Miss University 2014». Бүгінде көрерменге  «Аяулы арман», «Қыз жолы», «Қазақ аруы»  телехикаяларынан  танылған жас актрисаның  juldyz.kz порталына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

– Раушан, бүгінге дейін біршама байқауларда жүлдегер атанып, біраз сериалдарда бой көрсетіп жүрсіз. Өзіңіз туралы айтып беріңізші.

Әкем Ақтаудан, нағашыларым Шымкенттен. Өзім де сол Шымкентте дүниеге келдім, отбасымызбен Алматыға 1996 жылы көшіп келдік. Содан бері осы оңтүстік астананың тұрғынымыз. Туған әпкем мен екі інім бар. Бай да емеспіз, кедей де емеспіз, тып-тыныш тіршілік етіп келе жатқан отбасымыз. Бұрындары базарда сатушы да, дүкенде кеңесші де, бір компанияда хатшы болып та жұмыс істегенмін.  Негізгі мамандығым – мұғалім-аудармашы. Өздеріңіз білесіздер қазір бейнебаяндар мен кино-сериалдарға  түсіп жүрмін.

 

–  Осы кино саласына қалай келдіңіз?

–  Әр адамның бала арманы болады ғой, біреу әнші, біреу биші болғысы келеді. Менің ойымда өнер жолы деген түсінік мүлдем болмаған. Бала кезімнен дәрігер, ұстаздарымызға қарап мұғалім боламын деп армандадым. Сөйтіп әр нәрсені қиялдап жүрген өтпелі кезеңде әкем «тіл білгенің дұрыс» деген соң, тоғызды бітіріп аудармашы мамандығы бойынша оқуға түстім.  Төртінші курс оқып жүрген кезімде, 2012 жылы «Қазақ аруы» байқауына кастингке барып, мүмкіндіктерімді сынап көргім келді. Үйдегілерімнен рұқсат алып, қатыстым. Айналамдағылар одан өтуің мүмкін емес деген сыңайлы түрлі сөздер айтып та жатты. Бірақ бағыма орай  финалға өттім. Дәл осы байқаудан кейін ендігі нені армандайтыныма көзім жеткендей болды. Өнер жолын таңдаймын, Өнер академиясына түсемін деп бел буғанмын. Әкем қарсы болған соң, қайта өз мамандығымды жалғастыруға тура келді. Бірақ, балалықпен болар, ашу үстінде «Көресіздер, мен актриса боламын. Мені теледидардан көресіздер» деп айтқаным бар еді.

–  Алғашқы кастингке барған кезіңіз  есіңізде ме?

– Иә, алғашқының аты алғашқы емес пе?! «Күл», «жыла», т.б. тапсырмалары бар. Алдымда қабылдап отырған мамандарға «Шығып кетесіздер ме?» деп айтқанмын (күліп). Қабылдап отырған адамдар «біз шығып кетсек, кім түсіреді» дейтін. Қазір ғой, кастингке кіре сала, «Күлейін бе, жылайын ба?» деп өзім-ақ кірісіп кетемін.

– «Қазақ аруынан» кейін, 2013 жылы «Мисс Алматы» байқауына қатыстыңыз…

– Иә. Конкурстың  аз да болса дәмін сезініп қалдым емес пе?! Содан кейін 2013 жылы Мисс Алматы байқауына қатысып көргім келді. Дәл осы байқауға мен өте белсенді араластым. Барлық қойылған талап-шарттарды екі етпей, бұлжытпай орындап жүрдім. Ол кезде  мынандай қызық болған. «Мисс Алматымен» қатар бір уақытта Ернар Айдардың «Ақтамақ» деген әнінің бейнебаянына кастинг болып жатты. Аяқ астынан сол іріктеуге қояр да қоймай құрбым алып барғандықтан, қатысатын болдым. Барсам қыздар көп. «Бір клипке сонша кастинг жасай ма?!» деп таң қалғаным есімде. Сонымен не керек, «Мисс Алматы» байқауына да, клипке де өттіңіз деп бір күнде хабар естідім. Сенер, сенбесімді білмей, біртүрлі керемет сезімде болдым. Менің алғашқы сьемкам сол болды. «Мисс Алматы» байқауынан 3-ші орын және «Халық таңдауы»(«Miss People choice») деген номинация алдым. Екінші орын алған қызбен арамызда 2000 дауыс бар. Ешбір «накруткасыз» осыншама қолдауға ие болғаныма өзім де таң қалдым.

Мен түскен алғашқы бейнебаян «Ақтамақ» аса қиынға соққан жоқ. Ал алғашқы сериалым – «Пәленшеевтерді», қазір қарап отырсам, өтірік ойнаппын ғой. Күлкім келеді. Себебі, осы уақытқа дейін мен дипломы бар актрисалардан да жақсы ойнап шығу үшін көп ізденіп келемін. Әр рөліме үлкен жауапкершілікпен қараймын.

#Repost @qq_eli with @repostapp ・・・ Бабушка знает за кого выдать внучку ?

A post shared by ?RAUShAN YERMAGANBETOVA? (@raushan_yermaganbetova) on

– Демек сізге дауыс бергендер көп болғаны ғой?

– Дәл солай. Байқау кезінде   маған «Вконтакте» желісінде көптеген хабарламалар келді. Бір мезетте таныла бастағанымды сездім де, қатты ұялып жүрдім. Келген хаттардың барлығына таңға дейін ұйықтамай, ерінбей жауап жазып, рахметімді айттып жататынмын. Жауап қайтармасам, мені жаман деп қабылдап қалады деп ойлайтынмын.

– «Қазақ аруындағы» рөліңізден кейін көрермендер сізді өте жылы қабылдады. Шымкенттің пысық қызын сомдау қаншалықты қиын болды?

– Ол рөлді өзім фантазиямды қосып, ойластырдым. Шын өмірде мүлдем ондай емеспін. Бұл сериалдағы Ләззаттың рөлін сұрадым. Бермеді. Содан өзіме берілген «шымкентский» қызды қызықты етіп жеткізуім керек болды. Себебі, жанымда құрбым Әселдің рөлін сомдайтын Гүлзаданың рөлі сабырлылықты көрсетіп тұрды. Барлығымызға біркелкі образда көрінуге  болмайды ғой. Осы сериалға түсу барысында, одан кейін де, әріптестерім мен достарымның барлығы тек қана жылы лебіздерін білдіріп жатты. Ол менің кішкене болса да, өскенімнің белгісі шығар деп ойлаймын.

– Жаңа бір сөзіңізде «Ләззаттың рөлін сұрадым» дедіңіз. Неге?

– Білесіздер ме, мен «өзінше» (Антигероиня) қыздың рөлін сомдап көргім келеді. Кей жерлерде өзім сұраймын да. «Түрің келмейді» деп бермей қояды.  Әр режиссердің мақсаты – әрбір кейіпкерді көрерменге жеткізу ғой. «Ал сен ойнасаң, «өзінше» қыз екеніңе ешкім сенбейді. Сені бәрібір көрермен жақсы көріп тұратын болады» дейтін.

– Өзіңіз үшін қай рөліңіз қиынға түсті?

– «Аяулы арман» серияланда Көркем есімді жетімнің рөлін сомдадым. Оны көрсету үшін қатты қиналдым. Ойлаңыздаршы, өзімнің әке-шешем мен бауырларым жанымда, өзіңді қалай жетім деп елестетуге болады? Мүмкін емес қой?! Бұл сериалдың бастапқы атауы «Жетімдер» болатын. Кейіннен «Аяулы арман» болып өзгертілді.

Әуел баста мені Аярудың  рөліне  бекіткен  болатын. Мәтін қолыма тиген  кезден бастап, неге екені білгісіз, Көркемнің сөздерін  оқи беретінмін. Аяруды қабылдай алмадым. Кейіннен маған хабарласып, Көркемнің рөліне бекітілгенімді жеткізгенде қатты қуандым. Сол кезде Сержанның рөлін досым Нұржан Аташ ойнайтын болып, екеуміз де бір риза болып қалғанымыз бар.

– Сьемка барысында қандай қызықтар, қандай қиындықтар болды?

– Ең қиыны, жоғарыда айтқанымдай, «Аяулы арман» сериалы болды. Осы сериалдың сьемкасында мен үшін  қиын кадрлер болды. Мысалы, мен өте нәзік адам емеспін бе? Қолымнан қатты ұстаса бірден көгеріп қалады. Ал ол жерде мен таяқ жедім. Нұржан мені шапалақпен ұрған кезде, айналып түскенім есімнен кетпейді. Аузымның іші ойылып кеткен тіпті. Соны сырттан камераға түсіріп тұрып, инстаграмға салып жіберіпті. Інім көріп, анама көрсеткен. Содан үйдегілерім маған «Біз саған ешқашан қол көтермедік. Бөтен біреу бетіңнен ұрып жатыр, болды енді киноға түспей-ақ қойшы» деп ұрысты. Бірақ осы түсірілім кездерінде естен кетпейтін естеліктер жинадым.

Актерлік шеберлікке байланысты түрлі кітаптарды өзім іздеп-тауып, оқып жүрдім. Күнде таңертең жаттығу жасап, жаңылтпаштар жаттадым. Интернеттен трейнинг сабақтар алдым.

 

– Қандай да бір образдарды сомдап шығу үшін қалай дайындаласыз?

– Кейбіреулер образға қалай кіресің деп сұрап жатады. Мен өзім ол нәрсені түсінбеймін. Негізі образға кірудің  қажеті  жоқ. Менің ойымша, қайта өзіңе берілген образды алып шығу керек. Әр образдан бір ерекшелік көремін, соны сомдап шығуға ұмтыламын.

2014 жылы «Диета КЗ» деген топтың бейнебаянына түстім. Содан кейін мені көбісі «Шынар-ау» деп атап кетті.

– Осы уақытқа дейінгі сомдаған рөлдеріңіз өмірдегі Раушанмен қаншалықты ұқсас?

– «Қыз жолындағы» кейіпкерім ұқсас. Себебі менің мамандығым  – мұғалім. Жалпы, әр адам мені әр сериалдан таниды және әрбір рөлімде менің қолтаңбам сәл де болса қалады деп ойлаймын.

– Рөлден бас тартқан кезіңіз болды ма?

– Бас тарттым деуге келмейтін шығар… «Мисс Алматы» байқауынан кейін Қазақфильмде жұмыс істейтін Руша деген кісімен таныстым. Мені бірінші рет видеосынаққа шақырды. «Судағы із» деген фильмге кастинг болып жатқан кезінде бардым. Ондағы ұсынылған рөлді ұнатпадым, түсемін деп те, түспеймін деп те айтпадым, жоқ болып кеттім (күлді). Өздері де түсінген шығар, мен ол кезде аяғы ауыр болып қалатын қызды сомдап шыға алатындай деңгейде емес едім, кішкентай болдым.

– Сіздің жеке өміріңізде жақсы өзгерістердің бар екенін беліміз. Сіздердің махаббат хикаяларыңызды айтып беріңізші.

– Екеуміз негізі ортақ достарымыз арқылы 7 жыл бұрын таныстық. Оның есімі – Алмас. 2015 жылдың аяғында  «Пәленшеевтер» сериалын экраннан  көрсете бастаған. Сол жерде менің ағылшыннан тапсыра алмай тұратын эпизодым болатын. Соны маған дайректе «Ағылшынды дұрыстап оқысаңшы» деп жазып жіберген смс келді. Бәрі содан басталған. Менің Мадияр деген группаласым – Алмастың кластасы. Содан мені сұрағанда, Мадияр «Женись, брат» деп айтыпты. Жалпы, жеке өмірімді толықтай жария жасамағаным дұрыс болатын шығар. Алмас – өнер адамы емес, бірақ менің киноға түсуіме байланысты қарсылық білдірмейді. Құшақтасу, сүйісу дегендерге өзім де бармаймын.

Жақында ұсыныс жасағанынан да хабардармыз…

– Иә, тойға дайындық басталып та кетті.Той көйлектерін қарап жүрмін. Былай қарасаң әлі 3 ай бар. Бірақ көзді ашып-жұмғанша өтіп кететін уақыт қой. Бір жерде жүрсек оған «қарындасың әдемі екен» деп  айтады. Екеумізді бәрі ұқсатады. Бірақ мен әдемірекпін (күліп).

– Тұрмысқа шыққан соң, киноға түсуіңізге қарсылық білдіріп жатса, не істейсіз?

– Өмірімнің соңына дейін актриса боламын деп айта алмаймын. Бәрі бір  Алланың қолында. Өзімнің  мамандығым  бойынша  жұмыс  істегім келеді. Қалай дегенмен 9 жыл оқыдым ғой. Бірақ сьемканы сағынамын. Қазірдің өзінде сағынып жүрмін.

– Раушанды 5-6 жылдан кейін қалай елестетесіз?

– Мен аяулы жар, сүйікті келін, барған жерімнің ұйытқысы болғым келеді. Үлкен оқу орындарында мұғалім болғым келеді. Бәлкім сонда ауқымды жобалармен бой көрсететін шығармын. Бұйырса, бәрі ретімен болады деп үміттенемін.

Сұхбаттасқан    Гүлім Рысқұл

Айзада Жайыққызы   

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/29/raushan-ermaghambetova-zhas-aktrisa-alghashqy-akterlik-synamada-mamandargha-shyghyp-ketesizder-me-dep-ajtqanmyn/feed/ 0
Маржан Қалыбекова, жас актриса: Бәрі мені «Көзайым» деп таниды https://juldyz.kz/2017/05/11/marzhan-qalybekova-zhas-aktrisa-bari-meni-koezajym-retinde-tanidy/ https://juldyz.kz/2017/05/11/marzhan-qalybekova-zhas-aktrisa-bari-meni-koezajym-retinde-tanidy/#respond Thu, 11 May 2017 11:12:48 +0000 http://juldyz.kz/?p=10164  Маржан Қалыбекова Медеуханқызы — жас актриса, жақында ғана «Қазақстан» арнасынан көрсетілген «Көзайым» телехикаясында басты рөлдегі Көзайым атты қыздың рөлін сомдады. Одан бөлек продюсер Баян Мақсатқызының «Қазақ аруы» сериалына түскен. Маржанның мамандығы — дизайнер. Жас актриса өнер саласына қалай келгені, отбасы, жеке өмірі жайында juldyz.kz сайтына айтып берді.

«Қазақ аруындағы» кейіпкеріме мүлде ұқсамамаймын

 — Маржан, сізді биыл екі кинода екі түрлі образда көрдік. Біреуі — «Қазақ аруы» сериалы, екіншісі — «Көзайым». Кино саласына қалай келдіңіз?

— Қай жылы екені есімде жоқ. 2014 не 2015 жылы жазда «Жанды дауыс» деген Баян Есентаеваның жобасы болды. Сол кезде мен жартылай финалға шықтым. Онда менің жетекшім Луина болды. Ұлдардан Айқын Төлепберген жетекші болды. Жоба біткен соң Айқын мені өзінің продюсерлік орталығына шақырды. «Жанды дауысқа» қатысқан жігітпен «Дуэт А» деген топта өлең айттым. Кейін осы дуэтпен  1-1,5 жылдай ән айтып жүрдім. Сол жылдары Инстаграммнан мені байқап, «Көзайым» киносына кастингке шақырды. Киноны 2016 жылдың жазында түсірдік. Маусымның 19-ынан тамыздың  6-на дейін контракт бойынша «Bas dala group» шығармашылық орталығымен жұмыс істедім. «Көзайымның» түсірілімі біткен соң, «Қазақ аруы» сериалына қыркүйекте кастингке шақырды. Екі киноға түсуге де осылай шақырылдым.

— «Көзайым» телехикаясына кастинг қалай болды? Рөлге қалай бекітілдіңіз?

— Бірінші жобам болғандықтан, кішкене қорқыныш болды. Мені осылай Инстаграмм арқылы байқап, телефоныма хабарласты. Сол күні кастингке бардым. Диалог берді. Соны жаттап, фото мен видеоға түстік. «Бір аптадан кейін режиссер өзі хабарласады» деп шығарып салды. Айқан уақытында  аптадан соң өздері хабарласып,, «басты рөлге бекітілдіңіз» деп айтты. Ол кезде мен Астанадағы Айқын Төлепбергеннің концертінде «Сәлем, Қазақстан» деген жобада ән айтып жатқанмын. Жаңалықты естігенде қатты қуандым.

Түсірілім кезінде қандай қызықтар болды?

 — Қызықтар…(ойланып).Қазір осы сәтті күліп еске аламын. Ең алғашқы күні түсірілім кезінде тәжірибем болмағасын қатты қиналдым. Қазақша күрделі сөздер болды. Соны айта алмадым. Сол кезде анамның рөлін ойнаған Айгүл Иманбаева ренжіді. Өйткені, мен бар түсірілмді 15 дубльге дейін түсіретін. Айгүл апай : «Абайдың 45 қара сөзін жатта. Сол кезде дұрыс сөйлейтін боласың» деді. Содан күн сайын Айгүл апайға Абайдың қара сөздерін бір-бірлеп айтып беріп жүрдім. Сол кісі болмаса мен қазақшаны дұрыстап сөйлемес пе едім?!…

Маған әкем: «қызым,жұмыстағы қиыншылықтар болса, үйге кірердің алдында соны тастап кет», — деп айтатын. Түсірілімнің алғашқы күнінде үйге кірмей тұрып, аулада ағаштың астында жылап алдым. Содан кейін үйге жақсы боп кіретінмін.

 — «Қазақ аруы» сериалында жағымсыз рөлді сомдайсыз. Баян Мақсатқызымен жұмыс жасау қиын болды ма?

 — Иа, жағымсыз рөлді сомдадым. «Көзайымнан» кейін түскен соң , оның үстіне басты рөлде ойнамағандықтан бұл кино түсірілімі оңайырақ болды. Өмірде мен қандаймын, «Көзайымда» дәл сол сияқты рөлді  ойнап шықтым. Мінезіммен көп жер сәйкес келеді. Бірақ, өмірімде «Қазақ аруындағы» кейіпкерге мүлде ұқсамамаймын. Ал Баян Мақсатқызымен жұмыс жасау қиын болған жоқ. Мен ол кісіні «Жанды дауыс» жобасынан бері танимын. Одан кейін қанша концерттерде де көрдім. Сондықтан, қиын болмады.

 —  Түскен киноларыңыз сізге танымалдылық әкелді ме?

Танымалдылық әкелген сияқты. Өйткені, инстаграммда көбісі жаза бастады. Көшеде өтіп бара жатқанда «ой , бұл Көзайым ғой» деп жиі айтады. Бәрі мені Көзайым ретінде таниды. «Қазақ аруындағы» рөлімді көп айтпайды.

— Кинодан кейін өзіңіз туралы қандай пікірлер естідіңіз?

 — Біреулер «бәрі жақсы» деп айтып жатты, екіншісі «Қазақстанда әдемі қыз қалмады ма?» деген пікірлер жазып жатты. Бәріне жағу мүмкін емес. Ұнамаған жандардың пікірінен соң өзіңе әлі де біраз нәрсеге үйрену керектігін ұғынасың. Бірақ, арасында жаман пікірлер айтылған дұрыс қой. Өйткені, «көз өтпейді» (күлді).

Мен үшін отбасы бірінші сатыда тұруы керек

 —  Мамандығыңыз бойынша актрисасыз ба?

— Актриса емеспін, дизайнермін. Алматы технологиялық университетінде дизайн факультетінде оқыдым.

Қандай отбасында өстіңіз?

— Өзім Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылында дүниеге келдім. Сол жерде туып-өстім. Әкем Медеухан өзінің жеке шаруа қожалығымен айналысады. Анам Айгүл — ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Ағам Төлеген мен әпкем Зүлфия және егізім бар. Егізімнің есімі — Ержан. Егізіммен түріміз ұқсағанмен, мінезім екі түрлі. Бір қызығы, менің жолдасым Қанаттың да егізі бар. Есімі — Қымбат (жымиды).

—  Байқауымызша , биыл ғана тұрмысқа шығыпсыз. Жұбайыңыз өнер саласында жүргеніңізге қарсылық білдірмеді ме?

— Иә, осы жылы Алланың бұйыртуымен тұрмысқа шықтым. Отбасылық өмір деген оңай нәрсе емес. Жұбайым қазір қарсылық білдіріп жатыр. Ата-анам мені әуелі «өмірде бастысы — отбасы» деп тәрбиеледі. Мен үшін отбасы бірінші сатыда тұруы керек. Кино, карьераға қатты жүгірмеймін.

 — Құпия болмаса, жұбайыңызбен қалай таныстыңыздар? 

— Бұл сұраққа жауап бермесем болатын болар…Ал ең бастысы, қазір мен БАҚЫТТЫМЫН! Мен өте жарасымды жанұяға, тәрбиелі әулетке келін болдым және сонымен мақтанамын.

 — Қандай әулетке келін болып түстіңіз?

— Папамыз (күйеуінің папасы Қинаят-автор) энергетика саласында жұмыс жасайды. Мамам (күйеуінің мамасы Салима- автор) химия пәнінен сабақ береді. Қымбат деген егізі жайында жоғарыда айттым және Ерболат деген қайным бар.

Тұрмысқа шыққаннан кейін мүлде өзгердім

 — Қазақ тілінде еркін сөйлемеуіңізге не себеп?

— Менің ата-анам Солтүстік Қазақстанның тумалары. Әкем Астана облысынан болса, анам Петропавлдан. Олар өздері орыс мектебінде оқыды. Бірақ , мені бірінші сыныптан бастап қазақ сыныбына берді. Университетті де қазақ тілінде бітірдім. Үйде әкем мен анам орысша сөйлегендіктен болар, қазақшаны көп қолданбаймыз. Негізі қазақша жақсы сөйлеймін.

 — Болашақта кино саласында ұсыныс түссе келісесіз бе?

— Оның бәрі Алланың қолында. Әлі ешқандай ұсыныс келмеді. Жұбайымның көңіліне қараймын. Ол келіссе, түсемін.

 — Кинодағы кейіпкерлеріңіздің қайсысына көбірек ұқсайсыз? Өмірдегі Маржан қандай?

— Екі кейіпкерге де ұқсамаймын. Өмірдегі Маржан мүлде басқа. Ашуланшақ та, сабырлы да боламын. Бірақ, мектеп кезінде кішкене мінезім болатын. 11 сынып бітіргеннен соң өзгере бастадым. Тұрмысқа шыққаннан кейін мүлде өзгердім. Көбісі «сен мүлде басқаша болып кеткенсің» деп жатады. Жұбайым сабырлы. Менің бойымда да сол сабырлылық пайда болды. «Әйел адам күйеуінің көлеңкесі» деп айтады ғой. Күйеуім қандай, мен де сондаймын (жымиды).

 —  Инстаграммдағы аккаунтыңыз неліктен trisha_medeuovna?

 — Мен кішкене кезімнен бастап қап-қара болатынмын. Папамның туған інісі сол кезде «Ромео должен умереть» деген кино көрген. Сол кинода басты рөлде Триша деген актриса болатын. Мен сол қызға ұқсайтынмын. Кішкентайымнан бәрі «Триша» деп атап кетті. Сол үшін де парақшамда осылай жаздым.

 — Қазір қандай жұмыспен айналысасыз?

— Қазір Қапшағайда тұрамын. Әзірше үйдемін. Кейінірек Алла қаласа, бизнесімді ашсам деген ниетім бар.

 — Оқырмандарға тілегіңіз

— Барша оқырмандарға мықты денсаулық тілеймін! Сіздерге көп рахмет! Алланың қолдауымен аманшылықта жүре берейік.

Сұхбаттасқан Айзада Жайыққызы

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/11/marzhan-qalybekova-zhas-aktrisa-bari-meni-koezajym-retinde-tanidy/feed/ 0
LARA: Кез келген әнге жан бітіріп орындап шыққым келеді https://juldyz.kz/2017/05/07/lara-kez-kelgen-ange-zhan-bitirip-oryndap-shyqqym-keledi/ https://juldyz.kz/2017/05/07/lara-kez-kelgen-ange-zhan-bitirip-oryndap-shyqqym-keledi/#respond Sat, 06 May 2017 18:41:33 +0000 http://juldyz.kz/?p=9987 LARA – эстрадаға қанат қаққан жас әнші. Продюсері –  Сиви Махмуди. Әнші алдағы шығармашылығы мен жоспарларын juldyz.kz порталымен бөлісті.

– Біздің оқырмандарымыз үшін Лара – жаңа есім. Өзің жайлы кеңірек айтып өтсең…

– Өзім Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Жауышқым ауылында дүниеге келдім. Сонда 9 жыл білім алдым. Тоғызыншы сыныпта облыстық өнер фестивалінде бас жүлде жеңіп алғаннан кейін, Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық колледжге грант ұсынды. Сол жердегі білім департаментінің басшысы келіп, «Алматыға бар, колледж басшылығына айтып қоямын» деп ешбір ақысыз осындай сыйлық жасады. Төрт жыл сол жерде жеке ән салу, яғни академиялық вокал бөлімін бітірдім. Ата-анам мен үш ағамның барлығы Шымкентте, ауылда. Әкем гармонда, домбырада, гитарада ойнайды және жас кезінде  тамада болған, жас келіндердің бетін ашқан екен. Оның әкесі суырып салма ақын, дауысы керемет әнші болды деп естідім. Анам мектепте мұғалім, кейіннен тәрбие меңгерушісі болды. Кез келген концерттерге мені шығаратын. Өзі де қызығушылық танытып, менімен уақытқа қарамай түнгі 2-лерге дейін студияда записьте отыратын. Кішкентай кезімнен ән айтып келе жатырмын. Мектептегі музыка сабағынан беретін Құралай апайым репертуарлар таңдап беріп жүретін. 2013 жылы Т. Жургенев атында өнер академиясына «эстрадалық вокал» бөліміне оқуға түстім. Енді міне биыл бітіргелі жатырмын. Қарап отырсам мені Алматыға 14 жасымда оқуға жіберіпті.  Ол – ата-анамның маған деген сенімі. Әйтпесе, қазір ол жаста қыз баласын өзге қалаға оқуға жібермейді ғой. Қолдаушым – ата-анам.

– Сиви Махмудимен жұмыс істеп жақандарыңа қанша уақыт болды? Жалпы эстрадаға қалай келдің?

– Сиви ханымның кастингіне бардым. Оған баруыма Ақерке Тәжібаева себепкер болды. Әуел баста «Аяла» тобына үшінші қыз керек болып, мені алған, кейіннен жеке шығатын болып шештік. Жұмыс істеп жатқанымызға 1 жыл 3 ай болды. Сиви ханымды анамдай жақсы көремін, өте қатты сыйлаймын. Біздің орталықта «Саламат» тобы, Айдарбек Рысбек, Сиви ханымның өзі және мен бармын. Таза шығармашылығымызбен (әнмен) жұмысты енді бастаймыз. Бұйырса жақсы жаңалықтармен бөлісерміз.

– Қоржыныңда қанша ән бар?

– Қоржынымда үш ән бар. Олар: «Бәрі де кеш», «Кел, жаным», Сиви ханым екеуміз айтатын «Неге, неге?» әндері.

– Неге  саханаға Лара деген есіммен шығып жүрсің?

– Менің есімім – таза қазақи есім және шет елдерге өнер көрсетуге баратын болсам, басқаша әрі қиын дыбысталады. Қазақтың есімін бұрмалап дыбыстатқанша, кез келген тілде бірдей, жақсы айтылатын лақап ат іздедік. «Дауысың Лара Фабианға ұқсайды екен, өзің де жақсы көріп тыңдай екенсің «Лара» деп шықсаң болады» деді. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танымал болсын деп ырымдады. Қазір Лара деп шығып жүрмін, мүмкін алдағы уақытта Лара Рысбай деп шығатын шығармын.

– Мерекелік концерттерден көп көрінбейсің. Неге?

– Мен халық сұранысындағы әнші емеспін. Әлі көп жұмыс істеуім керек. Көп концерттерге қатысуым керек еді деп те айта алмаймын.  Сабырлы, шыдамды, көп ізденетін адамдардың қатарынанмын, Алла амандық берсе, өнердің биік шыңына да жетермін.

– Ал өзің жеңе алмай келе жатқан қандай қасиеттеріңді айта аласың?

– Еріншектік пен ұйқышылдық бар арасында. Бірақ оның өзін бақылауда ұстап тұра аламын (күліп). Күнделікті өзімді өзім әртүрлі сөздермен қайрап жүремін.

Мен үшін идеал – менің анам. Өмірде бір кішкентай қиыншылықтар кездескен кезде бірден анам есіме түседі. Ол кісінің бізді өсіргені, қиын-қыстау кезден мейірімі мен махаббатын төгіп алып шыққаны,  жоқтан бар жасағаны, бәрі-бәрін ойланамын.

– Өнерде сен үшін үлгі кім?

–Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаевалардың әндерін тыңдап өстім. Таза қазақы тәрбиеде өскен адаммын.

– Ал Лара Фабиан?

– Бала кезде Лара Фабиан деген есім мен үшін жоқ еді. Кейіннен колледжде оқып жүргенімде, Астанада өтетін концертке екі күн қалған кезде директорымыз мені шақырып алып Лара Фабианның «Adagio» әнін орындайтынымды айтты. Ол әнді бұрын-соңды тыңдап көрмегенмін. Өте күрделі ән. Әр жерінде әртүрлі мінез бар, ақырында модуляция кетеді. Оның барлығын тыңдағаннан кейін отырып алып жыладым. Скрипкашымен дайындалып, орындап шықтым, директорымның көңілінен шықты.

Маған неге «Je t’aime» әнін орындай бересің деген сұрақ жиі қойылады. Брюс Лидің бір жақсы сөзі бар: «Мен көп трюктарды білетіндерден емес, бір трюкті қайта-қайта көрсететіндерден қорқамын». Себебі, біреу әртүрлі трюктерді көрсетуі мүмкін, бірақ таза емес. Ал бір трюкті қаншама жыл істей берсең, ол піседі, жетіледі, үлкейеді. Сол сияқты мен де кез келген әнді басқаша түрлендіріп, жан бітіріп орындап  шыққым келеді.

– Қазір әнші көп. Немен ерекшеленемін деп ойлайсың?

– Ол жағынан әлі ізденіс үстінде жүрмін. Бірақ алдағы уақытта сахналарға бір ерекше номерлермен шығамын деп ойлаймын.

– Тойға көп шығасың, бірақ өзің айтатын француз әндерінен бастап, жалпы классикалық әндерді бағалайтындар аз сияқты…

– Жоқ, олай емес. Рас, тойға көп шығамын. Көбіне элиталық тойларға мені классикалық, лирикалық әндер үшін шақырады. Ауылды жерлерге де барып қалып жатамыз , «жоқ, қызым, французкий ән айтпа, өтпей қаласың» дейтін де, мен  ән салғанда бәрі тына қалатын. Түсінгенім – тыңдап тұрған құлақ, көріп тұрған көз бар, еңбекпен шыққан өнер ешқашан елеусіз қалмайды. Өнерді бағалайды. Керісінше классикалық әндерді сұрайды. Қазір адамдардың көбісінің концертке баруға уақыты жоқ, ал тойларға міндетті түрде барады және би билеу үшін емес, демалу үшін. Сегіз жылдай тойдамын,  қазір формат ауысқанын байқаймын. Димаштың да жетістігі көптеген адамдарға сабақ болды. Ол – нағыз өнердің қандай екенін көрсетті, оған қаншама ауыр сөздер айтылды, дегенмен сағы сынбады. Соған қарап-ақ, халықтың көзқарасы өзгеріп келе жатқанын байқауға болады.

– Кімдермен дуэт айтқың келеді?

– Лара Фабианмен (күліп). Өзім сүйіп тыңдаған Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мақпал Жүнісова апайларыммен айтқым келеді. Сол кісілер мен үшін әншілік жағынан идеал. Лұқпан Жолдасов, Ғазизхан Шекербеков ағаларымыздың шығармашылығы ұнайды.

Сүйіктім жоқ. Бірақ алдағы 3-4 жыл тұрмысқа шықпаймын деп те айта алмаймын. Бәрі өз ретімен, Алланың қалауымен болатын дүние. Ата-анамның, Сиви ханымның ақ батасын алып шыққым келеді.

– Ең қуанған және қатты мұңайған сәттеріңді есіңе түсірші?

– 2016 жылы желтоқсанда Испанияның Мадрид қаласына бардым. Жанымызда Ақерке Тәжібаева бар. Өте қатты қуандым, ерекше әсерде қайттым. 2 сағаттық ұйқының өзімен өзімді сергек ұстап жүрдім. Концерт кезінде сондай бақытты сезіндім. Испандардың «Гранада» деп аталатын халық әнін айттық. Ал ең мұңайған кезім… Жалпы кішкентай дүниелерге бола еңсемді түсіретін адам емеспін. Қайғы деген – өзіме жақын адамдарымды жанымда жоқ екенін сезіну болатын шығар. Жаратқаннан жақындарымнан айырмасыншы деп тілеймін.

– Өзің үшін әзірге ең үлкен жетістігің қандай?

– Осы уақытқа дейін «неге қол жеткіздім» деп өзім де ойланатынмын. Жақында ғана мынандай жағдай болды. Әкем қатты (буын ауруымен) аурып жатты. Елімізде емі табылмай, Ташкентке ем алуға кеткен. Сол кезде отбасымызбен қиналып жүрдік. Әкеміз – тірегіміз ғой бәріміздің. Содан алдында ХитТВ арнасынан «Headliner» бағдарламасынан мені көріп орнынан тұрып, жүгіріп кетіпті. Ойлаңызшы. Ауырып жатыр деп жыларман болып жүрген отбасымыз үшін қандай қуаныш?! Соны естіген кезімде жылап алдым. Қуаныштан. Сол кездегі сезімімді сөзбен айтып жекізе алмайтын шығармын. Шын мәнісінде, менің жетістігім – ата-анамның  менімен мақтанғаны және сол кісілердің үмітін ақтап келе жатқандығым деп есептеймін.  Сол оқиғадан кейін өзімде басқаша қарқын пайда болды, отбасымды тағы да қуантқым келді. Себебі, ешбір күндестіксіз сенің жетістігіңе шын қуанатын, сәл шалыс басқан қадамыңа жүрегі езіліп қайғыратын ол сенің отбасың.

– Қандай арман-мақсаттарың бар?

– Вокалда оқып келе жатқаныма 8 жыл болып қалыпты. Күн сайын өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын, шүкір. Лирикалық әндерді жақсы көремін. Арманым – қазақтың жүрегінен орын алатын әндерді көптеп жазу, әлемдік конкурстарға қатысып, Қазақстанның туын желбірету. Арман көп қой (күлді).

– Алдан не күтесің?

– Алдағы уақыт мен үшін жұмбақ. Ертең не болатынын білмеймін. Алладан тілейтінім арманыма, мақсатыма адал жолмен жету ғана. Жатсам-тұрсам ойдан кетпейтін тілегім сол.

– Өнерің өрлей берсін, Лара!

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/07/lara-kez-kelgen-ange-zhan-bitirip-oryndap-shyqqym-keledi/feed/ 0