Журналист — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Журналист Дана Нұржігіт “Үздік тележүргізуші” атағына ие болды http://juldyz.kz/2018/02/07/zhurnalist-dana-nurzhigit-uzdik-telezhurgizushi-ataghyna-ie-boldy/ http://juldyz.kz/2018/02/07/zhurnalist-dana-nurzhigit-uzdik-telezhurgizushi-ataghyna-ie-boldy/#respond Tue, 06 Feb 2018 18:12:59 +0000 http://juldyz.kz/?p=13670 «Дара жол” бағдарламасының дара жүргізушісі Дана Нұржігіт “Үздік тележүргізуші” атағына ие болды. Бұл туралы Ұлттық арнаның парақшасында бөлісті.

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫ «ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ» ҰЛТТЫҚ ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Бүгін, 3 ақпан күні Астанада «Халықтың сүйіктісі» жүлдесінің иегерлері анықталды. Салтанатты шарада «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Жыл жаңалығы», ал, осы арнадағы «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі Дана Нұржігіт «Үздік тележүргізуші» атағына ие болды.»- деп жазды Ұлттық арнаның әлеуметтік парақшасында

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/07/zhurnalist-dana-nurzhigit-uzdik-telezhurgizushi-ataghyna-ie-boldy/feed/ 0
Асхат Садырбай экс- әйелі Ерке Есмаханмен қарым-қатынасы туралы айтты http://juldyz.kz/2018/02/06/ashat-sadyrbaj-eks-ajeli-erke-esmahanmen-qarym-qatynasy-turaly-ajtty/ http://juldyz.kz/2018/02/06/ashat-sadyrbaj-eks-ajeli-erke-esmahanmen-qarym-qatynasy-turaly-ajtty/#respond Mon, 05 Feb 2018 18:59:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=13662 Белгілі журналист Асхат Садырбай «Бақытты әйел» бағдарламасына берген сұхбатында экс-әйелі Ерке Есмаханмен ара-қатынасы туралы ашық айтып кетті.

«Еркемен араласамын. Келіншегім Айғаным мені қызғанбайды. Себебі Ерке өз алдына кеткен адам. Сүйген жігіті де бар шығар. Оған бақыт тілеймін. Өзіне де ол пейілімді айттым. Ортамызда бала бар. Сол үшін араласамыз.

Еш айқай-шусыз тарастық деп айта аламын. Себебі бұл жағдай қаншама жыл бұрын болған дүние. Оған еш ренжімеймін. Ренжісем де кешіре саламын.» -деді журналист

«Әрине, қазіргі махаббатым бұрынғыдай емес. Өзгерген. Ол дегеніңіз алғашында менде қызға деген махаббат болды. Қазір әйелге деген махаббат.

Зейін деген ұлымыз бар. Болашақта ағасы Мүсіліммен араласып, жақсы араласады деген үміттемін. Олар еркін, өздерінің бастарын алып жүрсе екен деймін. Олардың қаны бір. Сондықтан алыстамайды деп ойлаймын»,-дейді журналист Асхат Садырбай.

]]>
http://juldyz.kz/2018/02/06/ashat-sadyrbaj-eks-ajeli-erke-esmahanmen-qarym-qatynasy-turaly-ajtty/feed/ 0
Қасым Аманжол http://juldyz.kz/2016/10/28/qasym-amanzhol/ http://juldyz.kz/2016/10/28/qasym-amanzhol/#respond Fri, 28 Oct 2016 07:47:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=2929

 Азаттық Радиосының журналисті

Туған жылы: 11.8.1977

Отбасы:

  • Анасы: Аманғайша Қожахметқызы
  • Әкесі: Аманжол Рақымбекұлы
  • Жұбайы: Шолпан Рақымқызы
  • Балалары: Қараш, Жәнібек, Әлихан

Білімі:       

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы                                                                                                     

   Еңбек жолы:

1998-1999  «Zaman Қазақстан» газетінде тілші

1999 жылы «Алтын бесік» журналында тілші

1999-2000 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші

2000-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі

2001-2006 жылдары — «Қазақстан» ұлттық телеарнасында теле-комментатор

2007 жылы «КТК» телеарнасында тележүргізуші

2007-2008 жылдары — «Жас қазақ» газетінде бас редактор

Қазір «Азаттық радиосының» журналисті

Марапаттары:

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығы

«Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері

Өмірдегі басты ұстанымы: Адамша өмір сүру

Ерекшеліктері:  еш ерекшелігім жоқ

Сусыны: су

Тағамы: көкөніс пен ет

Кітабы: Абай

Жазушысы: Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытұлы және әлемдік дәстүрлі классиктер.

Актері: Қазақтардан: Әнуар Боранбаев, Кәукен Кенжетаев, Асанәлі Әшімов, Дулыға Ақмолда, т,б… өзгелерден: Аль Пачино, Моника Белучи, Марлон Брандо, Евгений Миронов, Алексей Серебряков, Таекши Китано т,б.

Киносы:  «Жеті самурай»

Сүйікті әншісі: Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, Нұржан Жанпейіс, т,б.

Сүйікті әні: қазақтың дәстүрлі әндері, бард-әндер

]]>
http://juldyz.kz/2016/10/28/qasym-amanzhol/feed/ 0