Тарихи тұлға — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Қажет Андас, Ілиястанушы: Ілиястың атын қобызшы Молықбай қойған https://juldyz.kz/2019/02/18/qazhet-andas-iliyastanushy-iliyastynh-atyn-qobyzshy-molyqbaj-qojghan/ https://juldyz.kz/2019/02/18/qazhet-andas-iliyastanushy-iliyastynh-atyn-qobyzshy-molyqbaj-qojghan/#respond Mon, 18 Feb 2019 06:07:37 +0000 http://juldyz.kz/?p=15375 Ілияс Жансүгіров,
ақын, қоғам қайраткері
(1894 – 1938)

  • Қажет аға, әуелі әңгімемізді Ілияс ақынның балалық шағынан, өскен ортасынан бастасақ

Ілияс Жансүгіровтің 1928 жылы Мәскеуде жазылған өмірбаяны Мемлекеттік орталық мұрағатында (ҚРОММ) қолжазба түрінде сақталған. Осы өмірбаянда: «Менің өскен жерім – Жоңғар Алатауынан аққан, Балқашқа құятын Ақсу өзенінің бойы. Әзіргі атпен 4-ауыл, Ақсу болысы, Талдықорған үйезі, Жетісу губерниясы. Ел жөнінен: Орта жүз найман, матай, аталық, қайнар деген рудан. Әкем – 9 ата.
Жансүгір… әкем. Көзі тірі. Жылы – жылан. Биыл 71-де. Жарым көшпелі, Жұқана шаруа. Намазды «дұрыс оқырлық» мұсылманшасы бар. Ескі пікірлі адам. Менің жылымды «жылқы» дейді. Онысы 1894 жыл болады. Жазға салым туыппын. Ел ішінде туған ай, күнді, салыстырғанды қайдан табарсың! Анамды аз білем, 4 жасымда жетім қалдым»,-деп жазылған. Бұл ақының ататегі, туған топырағы жайлы өзі қалдырған ең құнды дерек саналады.
Енді бір деректерде Ілиястың атын қобызшы Молықбай қойған деседі. Молықбай – Ақсудағы патша отаршылдарына қарсы тұрған, қудаланған адам. Молықбай күйші дінге берік, ділі таза адам болған. Ол Семейде жасырынып жүрген жерінен ауылына шақырып, баласының атын қойдырмақшы болған Жансүгір досының тілегін жықпайды. Сондықтан сәбиге «Қызырілияс» деп азан шақырып ат қояды. Қайнағаларының атын атамайтын жеңгелері «Қызыр» деген қосымшаны алып тастап, нәрестені Ілияс деп атайды. Қысқасы, «Қалқаман-Мамыр» кітабындағы «Қызырілияс» есімі – сол шындықтың бізге жеткен белгісі. Бұл есімді «Мамания» мектебіне түскенге дейін қолданады да, кейін Біләл Сүлеевтің ұсынысымен атын Ілияс деп атайды. 2014 жылдың көктемінде Ақсу ауданына барған іссапарымда ақсулық ақсақалдардан да осы жайлы сұрап көрдім. «Үлкендерден естігенбіз, бірақ есімізге түсіре алмадық», – деп жауап бергендер болды. Сондықтан бұл тақырып әлі де зерттеуді қажет ететіні анық.

  • Біләл Сүлеев, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіровтердің бір-бірімен байланысы туралы айтылғанда ұдайы Фатима апамыздың есімі аталады. Ал олар шын өмірде қандай ортақ рухани үндестікті мұрат тұтқан жандар еді,
  • Ілиястануда осы күнге дейін мына бір мәселенің басы ашылмай келеді. Ол – Фатима және Біләл, Ілияс, Мұхтар арасындағы адами қарым-қатынас. Шындығында, Фатима апамыз қазақтың жоғарыда аталған үш алыбымен неке қидырып, ұрпақ сүйгенін бәріміз білеміз. Бірақ осы күнге дейін біз осы үш алыпты бірімен-бірін байланыстыратын жолды Фатима апамыздың өмірінен ғана іздеп келдік. Мен Ілиястың 20-30 жылдардағы газет-журнал-дағы еңбектерін, ел арасынан жинаған аңыздарын, экспедиция барысындағы қолжазбаларын оқып отырып, үш алыптың ортасындағы байланыстың тамыры тереңде жатқанын және көзқарастарының бір арнада тоғысатынын аңғардым. Нақтырақ айтқанда, олардың арақатынасына Фатима апамыздан гөрі, азаматтық ұстанымдары мен ұлттық мүдде жолындағы күрескерліктері себепкер болған. Біләл Сүлеев пен Ілияс Жансүгіровтің азаматтық тұрғыдағы жақындығы 1914 жылы «Мамания» мектебінде басталады. Осы кезде Біләл Сүлеев Ілиястың ұстазы ретінде оған көптеген ақыл-тәжірибе үйретеді. 1917 жылы Біләл Сүлеев Ақсу ауданының Жартоған деген жерінде ауыл мұғалімі болып жүрген жас Ілиясты Алматыға шақырып, Жетісу – Семей өңіріне аттанған экспедицияның құрамына қосады. Ілиястың мұрағатта сақтаулы қолжазбасының кейбір тұстарынан білгеніміздей, Біләл Ілиясқа екі тапсырма жүктейді. Бірі – қазақ ақыны Абай туралы мәлімет жинап қайту болса, екіншісі, Семейдегі Әуезұлымен кездесу. Яғни Мұхтар Әуезовтің «Алаш» партиясындағы ықпалын пайдаланып, аталмыш партиямен қарым-қатынас орнатуды көздеген. Бұл жолы Ілияс Біләлдің екі тапсырмасын да толығымен орындайды. Абай жайлы тың деректер жинаумен қатар, Мұхтармен танысып, оның көмегімен «Сарыарқа» газетіне «Тілек» атты өлеңін жариялайды.   Қазақ оқығандары арасында 1918 жылдары араб және латын әліпбиінің қайсысын қолдану керектігі туралы пікірталас туындайды. Осы тұста Ілияс араб әліпбиін қолдаса, Мұхтар бірден латыншаға көшу мәселесін көтереді. Осыған қатысты ойларын екеуі де «Абай» журналына жариялап, көптің талқысына ұсынады. Екі айрылған пікірге ара ағайындық танытқан Біләл Сүлеев «Абай» журналының 1918 жылғы 12 нөмірінде журнал редакциясы атынан Ілияс пен Мұхтарды ынтымаққа шақырып, хат жазады. Үш алыптың ортасындағы қарым-қатынас, міне, осылай Фатима апамыздан бұрын қалыптасқан. Кейін де бұлар сан рет шығармашылық ізденіс жолында бір-біріне қол ұшын беріп келген.

Ілиясқа «жапонның тыңшысы» деген айып тағылған

  • Сіз «Ілияс қазақтың ең алғашқы кәсіби журналистерінің бір болған» деген пікірдесіз. Бұл тұжырымды қандай деректерге сүйеніп айтып отырсыз?
    – Ақын-жазушылар өмір мен шығармашылығын зерделей жүріп, деректерді анықтап, өтірік кетіп қалмас үшін әлденеше саралап, талдау жасағанда біздер бір маңызды жағдайды елеп, ескере бермейтінімізді аңғардым. Расында, мәртебесі бөлек қаламгерлердің көпшілікке көрініп, үлкен әсер ететін, өз дәрежесінде бағасын алатын сүйеніші мен сенімді серігі баспасөз екендігі ойға келе бермейді. Тек қай басылымда, қай кезде, қандай жазбасы жарияланғанын көрсете салумен шектелеміз көбінде. Қай ақын, жазушы болсын оның алғаш қанат қаққаннан бастап өсіп, дәрежесі, аты биіктей беруіне қандай мүмкіншілік берді дегенге көңіл аудара қоймаймыз. Бұл – Ілиястану мәселесінде де өзекті жағдай. Журналистика саласында әрбір журналистің тырнақалды публицистикалық еңбегінің қалай жарық көріп, оқырманға таныс болғаны жиі талқыланып жатады. Оның да өзіндік себебі бар шығар. Сондықтан біз де Ілиястың журналистік қырын ашу үшін ұлы тұлғаның алғашқы туындысының қайсы басылымда, қашан, қалай жарияланғанын іздестіре бастадық. Осы мақсатпен Ілияс жайлы жазылған еңбектерді парақтап жүріп, қайшылыққа толы пікірлерге кездесіп қалдық Соның бірінде академик Мұхаметжан Қаратаев «Саңлақ ақын» атты еңбегінде («Даланың дарқан дүлдүлі», 2012 жыл, Астана атты топтамаға енген): «1920 жылы Ілияс Ташкентке барып сондағы мұғалімдер даярлайтын қазақ-қырғыз институтының екі жылдық курсына түсіп оқиды. Осы екі жылда жазған дүниелерін «Тілші», «Кедей еркі» газеттеріне жіберіп бас­тырып тұрады. Соның ішінде айрықша атап айтуды қажет ететін өлең 1920 жылы «Тілші» газетінде ең алғаш жарияланған «Ортақшыл партия» деген өлеңі», – деп жазады. Расында, «Ортақшыл партия» өлеңі Мұқаметжан Қаратаев айтқандай: «Қазақ поэзиясындағы коммунистік партия тақырыбына жазылған алғашқы өлеңнің бірі». Алайда ­біз іздестіріп жүріп аталған өлеңнің 1920 жылы емес, «Тілші» газетінің №12, 1923 жыл, 16 январь, сейсенбі күнгі нөмірінде «Матай» деген қаламатпен жарияланған нұсқасын таптық та, академик Қаратаевтың осы тұста қателесіп отырғанын аңғардық. Себебі «Тілші» газетінің алғашқы нөмірі 1922 жылы тамыз айында басылып шыққан еді. Сондықтан 1920 жылы жарыққа шықпаған «Тілші» газетінде Ілиястың тырнақалды туындысының болуы мүмкін емес деген қорытындыға келдік. Осыдан кейін Ілиястың журналистік қырын біраз зерттеген Темірбек Қожакеевтің еңбектеріне ден қойдық. Ғалым «Журналист Жансүгіров» атты еңбегінде: «Ілияс Жансүгіров 1920 жылы Верныйдағы мұғалімдер даярлайтын үш айлық курста 15 күн-ақ оқыған соң, ауыз әдебиетін жинақтайтын экспедицияға қосылып, Жетісу өңірін аралауға шығады. Сол сапарында Ташкентке тап болып, мұнда бір қыс оқиды. Десе де, сол жылдары оқи жүріп, Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетіне корректор болып орналасады. Сонымен қатар «Жас Алаш» газетін шығаруға белсене араласады. Осы газеттің 1921 жылы 22 наурызда шыққан тұңғыш нөмірінің бас мақаласын «Жас замандастарға» деген тақырыппен Ілияс жазады», – деп көрсетеді. Ілияс Жансүгіровтің журналистік қырын толық болмаса да белгілі деңгейде көрсете алдық деп есептеуге болады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Ілияс қазақ баспасөзінің ең алғашқы кәсіби журналисі. Сондықтан мүмкін болса, журналистерге Ілияс атындағы ең бір мәртебелі атақ тағайындаған жөн.
    –1937 жылы ақын тұтқындалды. Ал 1938 жыл ату жазасына кесілді. Сол кезде НКВД Ілиясқа қандай айыптар тақты?
    – Біз мұрағаттағы іс парақтарынан Ілиясты тергеу барысында оған «жапонның тыңшысы» деген айып тағылғанын білдік. Шындығында, Сәкенге ағылшынның, Бейімбетке француздың тыңшысы деген айып тағылған екен. Мұрағаттағы және баспасөздегі Ілиястың қолжазбаларын зерделеу барысында бір қызық жағдайға тап болдым. Өйткені «Тілші» және «Еңбекші қазақ» газеттерінің сарғайған сандарын ақтарып отырғанда «Шетел» жаңалықтары деген айдармен берілетін саяси шолуларды көзіміз шалды. Онда Жапония сияқты Азиялық мемлекеттер мен өркениетті Еуропа елдерінің мәдениет, экономика тағы басқа да саладағы жаңалықтары мен тәуелсіздікке жету жолындағы күрестері жазылып, оқырманға түсіндіріліп отырған. Яғни Ілиястың жапондықтардың мәдениеті мен тарихы, өнері мен өрлігі туралы көбірек жазғанын байқаймыз.

 

Елдос Тоқтарбай, әдебиеттанушы:
Ілияс «Мамания» мектебінде Б.Сырттанұлының Петербордан әкелген кітаптарын оқып өсті

  • Елдос, І.Жансүгіров «Мамания» мектебіне қай жылы оқуға барды?
  • Қазақ поэзиясының құлагері – Ілияс ақын Жансүгіров дүниеге келген Ақсу жұрты – Жетісу өлкесінің табиғаты шүйгін, емдік суының қасиеті зор, шипалы аймақ.ХІХ ғасырдың соңында бұл аймақта қазақ даласындағы екінші ірі мектеп саналатын, Жетісудағы алғашқы мектеп «Мамания» ашылды. Осы тұста Ұлы Жібек жолындағы керуен сарайдың өркениеті асқан, еуропалық мәдениетке икемделген Қарағаш қалашығы салынып, Ақсу-Қапал уезіндегі қазақ, орыс балаларының сауатын ашуға үлкен үлес қосқан-ды. Ал 2019 жылы бұ мектептің ашылғанына 120 жыл толады. Демек, осыдан тура 120 жыл бұрын, 1899 жылы күллі қазақ даласына жомарттығымен аты шыққан Маман қажының балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылардың ұйымдастыруымен мектептің қазығы қағылып, өз жұмысын бастайды. 1903-1904 жылдары Қарағаш қаласындағы бұ мектептің ғимараты, жатақханасы мен кітапханасы, асханасының құрылысы толық аяқталып, мектеп кешені ретінде өз ауқымын кеңейткен еді.
    Ілияс ақын шәкірт ретінде мектеп партасына 1910 жылдары отырған. Яғни Ілияс – «Мамания» мектебінің ең алғашқы оқушыларының бірегейі. Алты жасында әріп танып, сауатын ашқан Ілиястың өскен ортасы Алаш рухымен қуаттанған интеллигенция өкілдерінің жиі бас қосатын ортасы болған. Мәселен, бұ жылдары атақты заңгер, Алаш қозғалысының белді мүшесі, Санкт-Петербор университетін үздік тәмамдаған Жақып Ақбайұлы «Қарқаралы петициясы» бойынша сотталып, Қапалға жер аударылған болатын. Ал Барлыбек Сырттанұлы – осы Қапал уездінің төл тумасы, осы өлкеден шығып, жоғары білімді игерген алғашқы қазақ баласы. Ол – Петербор университетін алтын медальмен тәмамдаған, сонан соң Алаш қозғалысының Орталық тұлғасы болды. Жұртына дәулетімен қызмет еткен алаш ақсүйектері Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл Маман балалары әке өсиетіне адал болып, еліне зор үлес қосты. Осы жаны жайсаң жандардың ауылына алаш зиялысы Міржақып Дулатұлы, Барлыбек пен Тұрлыбек Сырттанұлы, Жақып Ақбайұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Көлбай Тоғысов сияқты элита мүшелері келіп, әңгіме-дүкен құрып, оқушылармен жиі-жиі кездесіп тұрған. Маман балаларының құтты қонағы болғандардың бірі Әсет ақын Найманбайұлы еді. Әсет ақын өз еліне сыймай, Маман ауылына келіп, екі жылға жуық тұрақтайды. Әсеттің бұл елге келуі Ілиястай болашақ алдаспан ақынның өсуіне, оның талантының ашылуына сеп болған. Бұл өлкеде атақты қобызшы Молықбай шал Байсақұлы, Қуат Терібаев сынды арыстар да тұрған. Осындай мәдениетті адамдардың ортасында жүріп, олардың сөзін тыңдап, өнеге алған Ілияс ақын жасынан сөзге жүйрік еді.Картинки по запросу илияс жансүгіров
  •  Ілияс мектепте қандай оқушы болған?
  •  Ілияс мектепті өте жақсы оқыған. Ол оқуға ынтық, алғыр оқушы болған екен. Оны қолымыздағы архив деректері айғақтап отыр. Алла қаласа, келесі жылы «Мамания» мектебінің мерейтойына орай осы мектептің тарихы туралы бір шағын зерттеу дүниемізді әлеумет назарына ұсынсақ деген ниетіміз бар. Сонда осы Ілияс ақынның оқу үлгерімі туралы да айтылады.
  •  Бала шәкірт «Мамания» мектебінде қандай ұстаздардан тәлім алды?
  • Сөз басында айтқандай, «Мамания» мектебі жаңа заман икеміне сай формада өз жұмысын бастаған. Мектептің оқу бағдарламасы мен дәріс ережелері Уфадағы «Ғалия» медресесінің негізіне сай жасақталған. Мектепте ұл балалар бөлек, қыз балалар бөлек оқыған. Онда діни сабақтармен қатар дүние ілімдері (ана тілі, есеп-қисап, жағырапия, орыс тілі, латын тілі т.с.с.) оқытылған. Жәдитшілдік іліммен оқытылған бұл мектепте Каир университетінің түлегі, ХХ ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматы Ғабдолғазиз Мұсағалиев, қазақ даласына әсем дауысымен танылған әнші Майра Уәлиқызы, мектеп директоры қызметін атқарған, қазақ оқымыстысы Мұстақым Малдыбайұлы, оның жары Есенбике сынды оқытушылар дәріс оқып, шәкірттеріне, ауыл балаларына азамат болып қалыптасуына үлес қосқан. Бұл мектепте 1910 – 1914 жылдары оқымысты Барлыбек Сырттанұлы да оқытушы болып, орыс тілі мен құқық негіздерінен дәріс оқығаны бар. Мырзабек Дүйсенов ағамыз құрастырған «Азамат ақын» деген естелік жинағында Мәрзия Ильдарованың Ілияс туралы жылы естелігі бар. Сонда мынадай бір оқиға айтылады: Ілияс «Қайнар» мешітінде жасырылған ескі кітаптарды оқып отыр екен. Әлгі қыз: «Бұл қандай кітап? Мынадай классикалық әдебиеттер қайдан келген?», – деп сұрағанда, Ілияс: «Бұл – Барлыбек Сырттанұлының кітаптары. Ол Петербордан әкелген», – деп сөзін қысқа қайырған. Мен бертіндері Барлыбектің үлкен баласы Кәкенің күнделік дәптерімен танысқанымда, әкесінің Петербордан екі мыңға жуық кітап әкелгенін, кейін оның қызығын көріп, жата-жастана Ілияс оқығанын айтқан екен. Міне, Ілиястай ақынның дүниетанымына, көзқарасына Барлыбектің қосқан үлесі осындай. Ілияс сол «Маманияда» оқып жүріп-ақ Байрон, Шиллер, Гете, Шекспир, Пушкин, Гоголь, Толстой сияқты әдебиет шеберлерінің кітаптарын Барлыбектің жеке кітапханасынан сіңіріп оқыған екен.

                          Фатима Ғабитова, ақынның жары:
Ілияс тұтқындалатын күні Мұхтармен ұзақ әңгімелесті

1937 жылы тамыздың он бірінде Жазушылар одағының парторгы Әбдіқадіровтің шақыру телеграммасын Дегерестегі жайлауда алдық. 13-ші күні Алматыға келдік. Біраз жазушылардың тұтқындалғанын естідік. Көңілді қорқыныштың күдігі биледі. Ілияс үйден шығып кетіп, бірер сағаттан кейін Мұхтар Әуезовпен бірге келді. Өңдері суық, қабақтары қатулы. Үшеуміз түскі тамақты үнсіз іштік. Ілияс пен Мұхтар жұмыс кабинетіне оңашаланып ұзақ әңгімелесті. Күн қасқарая біз Мұхтарды шығарып салуға көшеге шықтық. Екеуі тағы да әңгімелерін жалғастырды. Мен кібіртіктеп, жүрісімді баяулаттым… Ілияс пен Мұхтар күн батып, кеш қарайсада көшеде ерсілі-қарсылы ақырын жүріп, арасында тоқтап-тоқтап, бір-бірлерінен көз алмай қарасқан күйлері ұзақ әңгімелесті. Түрлерінде бастарына түсіп, иықтарынан басқан қасіреттің нышаны бар.
Өмірлеріне қауіп төнген кезде адамдар аз сөйлесе де, шын сөйлейді. Өмірдің мағынасына үлкен мән беріп, қатер төнген әр сағатын қадірлей алады. Тағдырларының ауыртпалығына жәй көндігіп қана қоймайды, адамгершіліктің бет-пердесін сақтауға тырысады. Шынайы аманат та осындайда туатын шығар. Жайшылықта сөздеріне араласып, дастарқан басына шақыра беретін ерке келіншек болсам да, қастарына баруға батылым жетпеді. Қоғамды жайлаған қасіреттің қара бұлты қоюланып, менің үйіме де келе жатқанын сезіндім… Қорқыныштан бойыма біткен нәресте де шошынып, іштей тебісін қоймады. Кезінде қызылдардың әскерінен, большевиктерден Қапалдан Ақсуға қашып босқанымыздай бар сана-болмысымызды үрей билеп, тынысым тарылып, кеудем ащи бастады. Шошындым… Денем өздігінен мұздап, жүрегім суып, қалтырауға айналдым…
НКВД-ның жаналғыштары түнде келді. Тұтқындау жөніндегі қағазды көрсетер-көрсетпестен үйдің астан-кестеңін шығарып, тінтуге кірісті. Байғазыдай бәленің бәрін болжайтын НКВД-ның жандайшаптары тұтқынға алуды көрсоқырдай түнделетіп іске асыруды осылайша әдетке айналдырған. Тіміскілеген иттер іздегендерін таппай, тінтулерін таң атқанша жалғастырды. 1930 жылы Біләлді жазықсыз тұтқындап, жазған өлең, пьесаларын НКВД-ы алып кеткенде жүрегім алғаш шайылып еді. Соны көргендіктен болар, мен Ілиястың қолжазбаларына мұқият қарауды әдетке айналдырып едім. Жарияланбаған өлең-поэмалардың түп нұсқаларын шоландағы сандыққа салып, үстіне ескі-құсқыны тастай салатынмын. Ол қолжазбалардың арасында ашаршылық кезінде жазылған шығармалар да бар еді. Балалар улап-шулап жылауын қоймады. Шошынып шырылдаған Үмітім мен Ильфамды құшағыма алып, дауыстарын шығартпайын деп бауырыма қатты қыстым… Өксіктерін баса алмай, қалшылдаған қос қарғашымның көз жастары көйлегімнен өтіп, денеме жетті… Ілияс Жансүгіровтей жан-жүрегімен құлдық ұрып, ұлтжандылықтың тума бұлағын суалтпауға тырысқан азаматтың «халық жауы» болды дегенге кім сенер. Не қылған сұм заман еді…

 Ерлан Қасенов,
Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Ілиястанушы:
Ілияс поэзиясы әлі толық зерттелген жоқ

Ерлан аға, Ілияс ақынның алғашқы өлеңдері қандай басылымдарда жарық көрді?
– Ілияс Жансүгіров ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейін ауылда болғандықтан, оның Керекулік әнші Майра Уәлиқызына арналған «Әншi апама», «Күзгі гүлге» атты өлеңдері баспаға ұсынылмаған. Олар кейінірек басылды. Ақынның «Тілек» деп аталатын алғашқы өлеңдерінің бірі сол кезде ел ішіне тарап тұрған «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 22 тамыздағы 10-санында жарияланды. Сондай-ақ І.Жансүгіров 1917 жылдарға дейін жазған өлеңдерін «Балдырған» деген жинағына топтастырған.
Сізше, Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетіне қандай жаңалық әкелді?
– Ілияс Жансүгіров туындылары көктен түсе салған жоқ. Ақын туындылары оның өзіне дейінгі қазақ әдебиетінде бар игі дәстүрлердің өзіндік ерекшіліктерімен сабақтасқан. Оның поэзиялық туындылары толғау, сюжетті жыр сынды жанрлардың негізінде туындады. Мысалы, оның «Дала» поэмасы тарихи-философиялық сарынға құрылған туынды болуымен ерекшеленеді. Мұнда эпикалық баян­дау да бар, лирикалық тебіреніс те қамтылған. Бұл – ақынның әдеби дәстүрді сақтай отырып жаңаны жасаудағы бір көрінісі. Сондай-ақ заман ағымымен келген құбылыстар мәдени революция, санадағы өзгерістер – бәрі де І.Жансүгіровтің өлең өрімінен өзіндік өлшемін тапты. Қоғамдағы өзгерістер ақын туындыларының алуан түрлі арнада құрылуына себепкер болды. Соның бір көрінісі – «Гималай» өлеңі. Ақынның халықты жиынтық бейне ретінде Гималайға теліп беруі үлкен жаңалық емей немене?! Жалпы, ақын Ілияс Жансүгіровтің поэзияға әкелген жаңалықтары – арнайы зерттеу жұмыстарына сұранып тұрған тақырып. Картинки по запросу илияс жансүгіров
– Енді ақынның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының жазылуы­на түрткі болған қоғамдық жағдай мен көркемдік ерекшелігіне тоқтала кетсеңіз.
–Белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтен Абайдан кейінгі ақындар туралы не айтар едіңіз деп сұрағанда: «Мен өзім бізде Абайдан соң Ілияс Жансүгіровтен артық ақын бар деп ойламаймын… Ілияс өресі биік, өрісі кең эпик ақын еді. І.Жансүгіров поэмасының көркемдік биігіне осы күнгі ақындарымыздың көбісі, тіпті ешқайсысы да жете алған жоқ десем, маған ешбір ақын өкпелемес деп ойлаймын» – деп айтқан екен. Жазушының бұл ойы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1961 жылғы қараша айындағы «Әдебиет, көркемөнеріміз коммунизм заманына сай болсын» деген мақаласында да басылған болатын. Әрине, жазушының бұл пікірі оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларына берілгендігі көзіқарақты жанға белгілі жайт. Себебі І.Жансүгіровтің ақындығы осы поэмалары арқылы айқын көрініс табады. Аталған туындыларында ақын қазақ даласына, қазақ баласына тән өнерге ерекше мән беру мен оның құдіретін сөз арқылы сезіндіруді мақсат еткен. Сол мақсатына жеткен де. Оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының әрбірінің көркемдігін сөз ету жеке-жеке монографияға жүк десем артық айтпағандығым. «Күй» поэмасы ақынның ақындық қуатын айқын танытты. Ақын осы поэ­масы арқылы күй өнерін сөз өнері арқылы, нақтырақ айтсақ, поэзия арқылы бейнелі түрде бере алды.
Шындығында, ақынның бұл поэмаларының оқырман бойын билеп, ерекше сезімге бөлеуінің өзі оның өлеңдерінің көркемдік күшінде жатыр. Ақынның әрбір сөзді ерекше екшеп, кейіпкер характерін ашуда талғаммен жұмсауы, кейіпкер монологы мен диалогтарын терең оймен байланыстыруы тілге, өнерге, өлеңге деген шынайы сүйіспеншілігін аңғартады.
– «Құлагер» поэмасы арманда кеткен Алаш арыстарына арналып жазылған деушілер де бар, ақиқатында солай ма?
– Жеке өз басым Ілиястанушы ретінде мұндай пікірлерге келіспеймін. Себебі ақынның бұл поэмасы өмірде болған өнер иесіне арналған. Ақын поэмасына арқау болған Ақан сері де, оның тұлпары Құлагер де өмірде болғандығы бұлжымас ақиқат. Ал Ілияс Жансүгіровтің Ақан сері өміріндегі осы бір қайғылы сәтті ақын ретінде тебіренбей қабылдауы, толғанбауы мүмкін емес. Ақын бойын кернеген сұрапыл уақиғаны тұла бойымен тұтас сезініп, тігісі жатық, мазмұны терең туындыны жарыққа шығарды.
Ақынның бүгінге жетпеген қандай әдеби мұралары бар?
– 1937 жылғы солақай саясаттың ықпалымен ақын туындылары өртелген, жойылған десек те оның туындыларының көпшілігі дер кезінде баспа бетінде жарық көрген. Ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында І.Жансүгіров шығармаларын зерттеген ғалым, ақын Тұрсынхан Әбдірахманова мен белгілі Ілиястанушы ғалым Мұратбек Иманғазиновтың сұхбаты жарияланған. Сол сұхбатта ғалым Тұрсынхан Әбдірахманова: «Мемлекеттік мұрағатта Ілиястың өзінің жеке қоры бар. Ал соның ішінен мен талай дүниелерді көрдім. Әттең-ай, әттең деймін кейде. Арабша қолмен жазылғанды оқи алмаймын, тек тасқа басылған төте оқуын оқимын. Ал Ілиястың өзі жазған қалың-қалың дәптерлер бар. Шіркін, ақын сонда не дейді? Ол шығып кеткен еңбек пе, жоқ басылмаған еңбек пе, осы арасы белгісіз» – деген болатын. Ол қорды қарастырып көрдік. Мұндағы деректердің барлығы да әр кезеңде бірде араб қарпінде, енді бірде кирил қарпімен баспа бетін көрген дүниелер. Бірі ХХ ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдары жарық көрсе, енді бірі кейініректе жарияланған. Бір өкініштісі, ақынның ХХ ғасыр басында араб қарпімен жарық көрген туындылары қайтара шығарылмағандықтан кейінгі ұрпақ толыққанды таныса алмады. Бүгінгі күнде ел аузында Ілияс Жансүгіровтің «Қолбала» атты поэмасы бар деген дерек бар. Өкінішке қарай, оның қолжазбасы әлі күнге табылған жоқ. Ақын туындыларының басым көпшілігі Мемлекеттік Орталық мұрағатта хаттаулы күйінде тұр. Соның бірі – ақынның балаларға арналған «Балаларға тарту» атты 1926 жылы Қызылорда қаласында басылған өлеңдер жинағы. Бірақ бұл өлеңдер жинағы екінші қайтара еш жерде кирил қарпімен басылмаған. 2017 жылы Ермұхамед Маралбек деген шәкіртім ақынның балаларға арналған «Балаларға тарту» атты жыр жинағын төте жазудан кирил қарпіне аударып, жарыққа шығарды.
Тағы бір қуантарлық жайт, осы жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің сәуір айындағы №13 санында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіндегі «Ілиястану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Шара Қияхметова І.Жансүгіровтің шығармалар жинағының ешбіріне ілінбей келген «Бақытты Жамал» атты әңгімесін жариялады. Бұл ақын шығармаларының түгенделуде екендігін аңғартады.
«АҢЫЗ АДАМ» айдарын
дайындаған Ерзат АСЫЛ

]]>
https://juldyz.kz/2019/02/18/qazhet-andas-iliyastanushy-iliyastynh-atyn-qobyzshy-molyqbaj-qojghan/feed/ 0
Қазақстандық актерлар Кенан Имирзалыоглу басты рөлде ойнайтын түрік сериалына түспек https://juldyz.kz/2018/04/22/qazaqstandyq-akterlar-kenan-imirzalyoglu-basty-roelde-ojnajtyn-turik-serialyna-tuspek/ https://juldyz.kz/2018/04/22/qazaqstandyq-akterlar-kenan-imirzalyoglu-basty-roelde-ojnajtyn-turik-serialyna-tuspek/#respond Sun, 22 Apr 2018 07:33:41 +0000 http://juldyz.kz/?p=14013 Қазақстандық каскадерлар атақты түрік актеры Кенан Имирзалыоглу басты рөлде ойнайтын:»Меxмед-әлемді жаулаушы» атты фильмге түспек. Бұл  жоба жөнінде  Tengrinews.kz сайты, «Nomad stunts» каскадерлық  топтың жетекшісі Евгения Ли мәлімдеді. Тариxи телесериалға Қазақстандық 15 каскадер қатысқан болатын.

«Сериал түсіріліміне бізді «Nomad Stunts» тобының жұмысымен көптен таныс түрік режиссеры шақырған болатын.1айдай қажырлы еңбек еттік десек те болады,экшн-қойылымдар,басты рөлді сомдайтын актерларға бірнеше талап, сонымен қатар,біздің жігіттерге  ат құлағында шебер ойнай алу қажеттіліктерін де көрсеткен болатын.Қиын экшн-қойылымда Кенан Имирзалыоглуны алмастырып сомдауға Мұрат Елькеновты таңдап алған болатын.»-деді, Евгения Ли.

«Меxмед-әлемді жаулаушы»-түріктің тариxи-драмалық телесериалы.Фильмде Осман империясының сұлтаны,әлемді жаулаушы- екінші Меxмед жайында баяндалатын болады.

]]>
https://juldyz.kz/2018/04/22/qazaqstandyq-akterlar-kenan-imirzalyoglu-basty-roelde-ojnajtyn-turik-serialyna-tuspek/feed/ 0
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. https://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/ https://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/#respond Wed, 24 Jan 2018 17:56:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=13549 Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның  Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі(19921996)

Туған жылы: 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келеген.

Білімі: 1965 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің жанындағы Шығыс тілдері институтын қытай филологиясы мамандығы бойынша бітіреді. М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын 1969 жылы «Проблемы национального своеобразия современной казахской литературы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаумен аяқтайды. 

Отбасы: Қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келген. Анасы Фатима Ғабитова Мұхтар Әуезовтың шаңырақ көтерген төртінші әйелі. Мұрат Әуезовтың 2 әпкесі 1 ағасы болған. Олар: Мұғамиля, Ләйлә, Ернар. Өкінішке орай, қазір Мұрат Әуезовтың ғана көзі тірі.

Мұрат Әуезовтың әпкесі -1918 жылы Мұғамиля Әуезова дүниеге келген. Ол кісі 90 жыл өмір сүрген .Мұғамиля апа өзін «Еңлік-Кебектің» замандасымын деп атаған екен.

1929 жылы Лейла- ол кісі де М.Әуезовтың әпкесі. Ләйлә Әуезова -тарихшы-ғалым, тарих ғылымының докторы. 1963 жылдан өмірінің ақырына дейін М. О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі болды. Оның «19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егін шаруашылығының дамуы» және «М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» деген келемді монографиялық зерттеулері қалың оқырманға жақсы таныс

Ернар Әуезов -1935 жылы дүниеге келген. Ернар- Мұрат Әуезовтың бауыры. Биология саласына өмірін арнаған және жетістіктерге жеткен ғалымдардың бірі. Өз жұмыстарында ол Алакөл мәселелерін, Қазақстан табиғатын қорғау жөнінде зерттеген. Сонымен қатар, әкесінің жазушылық қасиетін бойына сіңіріп, Алакөлде табылған реликтілік шағала жайлы жоғары көркемдік эссе жазған. Реликтілік шағаланы зерттеу арқылы ол әлемнің ғалымдарын осы мәселеге назар аудартқан.

Мұхтар Әуезовтың 3 әйелі болған және 2 баласы бар. Қызы Зифа-Алуа Мұратқызы және Мағжан Мұратұлы Әуезов.

Қызметі: 1965-1977 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.

1977-1980 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары — Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі.

1982-1988 жылдары — «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі.

1988-1990 жылдары — Халықаралық «Невада — Семей» қозғалысының вице-президенті.

1990-1992 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы.

1992-1995 жылдары — Қазақстанның Қытайдағы Елшісі.

1995-1997 жылдары — Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі.

1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған.

2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған. Қазір М.Әуезов қорының президенті.

 

]]>
https://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/feed/ 0
Олжас Сүлейменов Жапония үкіметінің «Күншығыс, Алтын шуақ» орденімен марапатталды https://juldyz.kz/2017/11/29/olzhas-sulejmenov-zhaponiya-ukimetininh-kunshyghys-altyn-shuaq-ordenimen-marapattald/ https://juldyz.kz/2017/11/29/olzhas-sulejmenov-zhaponiya-ukimetininh-kunshyghys-altyn-shuaq-ordenimen-marapattald/#respond Wed, 29 Nov 2017 09:08:26 +0000 http://juldyz.kz/?p=13350 Жапония императоры Ахикитоның туған күніне орай ұйымдастырылған Жапония елшілігінің қабылдау кезінде, «Невада-Семей» халықаралық ядролық қару жарақ қолдануға қарсу тұрышы, саясаткер, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Жапон үкіметінің «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жапония елшісі Итиро Кабавата  Жапония мен Қазақстан арасындаағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығайып, ядролық қарусыздану жолында бірге жұмыс жүргізіп жатқандығын айтып, жиналған қауымды екі ел арасындағы саяси қатынастың  25 жылдығымен құттықтады.

«Мен Қазақстанда және Еуропада Жапония елшіліктерінің түрлі қабылдауларында болдым. Ал бүгін бірінші рет орденмен қайтқалы тұрмын. Жапонияға бірнеше рет сапарлап барғанмын, алғаш барған сәттен бері жапон халқын, жапон мәдениетін, оның үлкен зияткерлік және рухани әлеуетін ерекше құрметтеймін», — деп  Олжас Сүлейменов өз ризашылығын білдірді.

Ескере кетсек, Қазақстаннан Жапония үкіметінің орденімен марапатталған үшінші тұлға. Осы күнге дейін Жапония үкіметінің орденімен  2008 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев марапатталса, 2006 жылы жапон тұтқындарының зиратын іздеумен айналысқан тарихы Асқанбек Алданазарв марапатталған.

]]>
https://juldyz.kz/2017/11/29/olzhas-sulejmenov-zhaponiya-ukimetininh-kunshyghys-altyn-shuaq-ordenimen-marapattald/feed/ 0
Сабыр Рақымов (1902-1945) https://juldyz.kz/2017/04/28/sabyr-raqymov-1902-1945/ https://juldyz.kz/2017/04/28/sabyr-raqymov-1902-1945/#respond Fri, 28 Apr 2017 10:32:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=9601 Сабыр Рақымов 1902 жылы 25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылында дүниеге келген. Ол Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш генерал, Кеңестер Одағының батыры.

Балалық шағы

Сабыр Рахымов Ташкенттегі балалар үйіне орналасады. Анасы да, әкесі де қайтыс болған Сабырды нағашы ағасы өз атына «Сабыр Рақымов» деп жаздыртып алады. Ол Ташкентте оқып тәрбиеленеді. 1919 жылы Ташкенттегі тоқыма фабрикасына жұмысқа тұрады. Бұл фабрикада екі жылдан аса жұмыс істейді. Әрі комсомол ұйымының белсенді мүшесі болады. 1922 жылдың қараша айында оны озат жұмысшы ретінде Бакудегі Біріккен әскери мектепке оқуға жолдамамамен жібереді. 1925 жылы осы әскери мектепті Сабыр үздік бітіргеннен соң Самарқанға әскерилер дивизиясына жіберіледі.

Еңбек жолы

Сабыр эскадрон командирі болып, ары қарай қызметін жалғастырады. 1933-1937 жылдары Ташкент қаласындағы әскери комиссариатта бөлім бастығы, кейін сол комиссариаттың бастығы болады. Жалпы, Өзбекстандағы әскери бөлімдердің қалыптасуына, скери құрамдарының құрылуына бұл кісінің еңбегі зор. Алайда, 1937 жылы тұтқындалады. 14 ай абақтыда отырады.

Отбасы

Ялтадағы шипажайда ем алып, сосын Ташкентке келгеннен кейін Әмина деген қырым театрының қызына үйленеді. Әмина бір кездері өзі тәрбиеленген жетімдер үйінің директоры Ш.Хасановтың қызы болған. Алайда, екеуінен ұрпақ болмайды. Сосын олар екі жасар Ыдырыс деген баланы асырап алады. Өкінішке орай, ол бала да жеті жасында қайтыс болады.

1944 жылы Құралай есімді аруға үйленеді. Құралай әйгілі революционер Әліби Жангелдиннің қызы. Сабыр басқарған 37-дивизияның медициналық бөлімінде қызмет істеп, майдан даласында бірге жүрген. Екеуінен Дарико жне Роман деген егіз ұл мен қызы бар.

Ұлы Роман 1971 жылдан бері Мәскеуде тұрады. Алғашында Ташкентте, кейін Мәскеуде жұмыс істеген. Қазір зейнетте, үш қызы бар. Қызы Дарико армия генералы П.И.Батовтың келіні болып, Қиыр Шығыстағы Магадан қаласында тұрған. Сол жақта қайтыс болған.

Марапаттары

Сабыр Рақымов жауынгерлік ерліктері үшін Ленин орденімен, 4 мәрте жауынгерлік Қызыл Ту орденімен (бір ескеретін жәй, Ұлы Отан соғысына дейін мұндай орденмен 4 мәрте Кеңес елінің әйгілі қолбасшысы К.Блюхер ғана марапатталған болатын), 2-ші дәрежелі Суворов, 2-ші дәрежелі Кутузов орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Кеңес елінің маршалы А.Гречко қазақ генералының әскери талантын жоғары бағалаған. И.В.Сталиннің өзі Солтүстік Кавказды фашист басқыншыларынан азат етудегі ерлігі мен әскери шеберлігіне тәнті болып Рақымовты «темір тегеурінді генерал» деп бағалаған. 1966 жылы Польша мемлекеті жаңа жасалған кемеге С.Рақымов атын береді. Кеңес елінде бейнесі кескінделген почта конверті де шығарылады.

]]>
https://juldyz.kz/2017/04/28/sabyr-raqymov-1902-1945/feed/ 0
Тоқтар Әубәкіров https://juldyz.kz/2017/04/12/qazaqtynh-tunhghysh-gharyshkeri/ https://juldyz.kz/2017/04/12/qazaqtynh-tunhghysh-gharyshkeri/#comments Wed, 12 Apr 2017 08:07:23 +0000 http://juldyz.kz/?p=2899 Туған жылы:27.07. 1946

Отбасы:

  • Анасы: Қамия
  • Әкесі: Оңғарбай
  • Жұбайы:Татьяна
  • Ұлдары: Тимур, Михаил

Білімі:

1969 жылы Армавирдегі ұшқыштардың жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді.

1976 жылы КСРО Авиация өнеркәсібі министрлігінің сынақшы-ұшқыштар мектебін аяқтады.

1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітірді.

aubakirov-t-o

Еңбек жолы:

1969 – 1975 КСРО Әуе Күштерінде ұшқыш, звено командирі, штурман –   авиация эскадрильясы командирінің орынбасары

1975-1976 Ұшқыш-сынақшы, ҰСМ тыңдаушысы

1976 Улан-Уде авиациялық зауытының ұшқыш-сынақшысы

1976-1991 А.Микоян атындағы конструкторлық бюросында ұшқыш-сынақшы

1986 «Тбилиси»авиатасығыш крейсеріне МиГ-19К ұшағын қондырып, сол жерден әдеттегі жүйе бойынша әлемде тұңғышрет трамплиннен ұшып шықты. Бұл ұшу бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді.

2 қазан 1991 жылы зерттеуші ғарышкер есебінде «Союз ТМ-13» ғарыш кемесіменғарышқа ұшты.

10 қазан 1991 жылы апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеп, Жерге қайтып қонды.

1992 (Наурыз-тамыз) ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.

1992 Авиация генерал-майоры

1992-1993 ҚР Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары

1993 Ғарышты зерттеу агенттігінің Бас директоры – ҚР ғылым менжаңа технологиялар министрінің орынбасары

1993-1994 Ұлттық Аэроғарыш агенттігінің Бас директоры

1994-1995 ҚР Жоғарғы Кеңесінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы

1996-1997 ҚР Президентінің Көмекшісі

1997-2000 ҚР Президентінің Кеңесшісі

2000-2001 Қауіспсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары

2003 Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты

2006 Азаматтық авиация академиясының Құрметті профессоры

2010 Тұран-Астана Университетінің профессоры

2012 Қазақстан темір жолы президентінің кеңесшісі

 Марапаттары:

Кеңес Одағының Батыры

Австрияның «Алтын Крест» орденінің иегері

Халық Қаһарманы

Отан ордені

Алтын жұлдыз

«Ғасыр саңлағы» атағы

Ғарышта өтеген мерзімі – 7 күн 22сағат 13 минут

]]>
https://juldyz.kz/2017/04/12/qazaqtynh-tunhghysh-gharyshkeri/feed/ 2
Халифа Алтай (1917-2003) https://juldyz.kz/2017/02/21/halifa-altaj-1917-2003/ https://juldyz.kz/2017/02/21/halifa-altaj-1917-2003/#respond Tue, 21 Feb 2017 09:07:34 +0000 http://juldyz.kz/?p=7733

Халифа Алтай 1917 жылы 18 желтоқсанда Шығыс Түркістанда дүниеге келген. Ол дін және қоғам қайраткері, жазушы.

Өмірбаяны

Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Алтайдан ауып біраз уақыт Үндістанда тұрады. 1933 — 1938 жылы Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. 1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтаған.  Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 жылы Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 жылдары Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген. 1995 — 2000 жылдары Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болған.

Жары Бибәтішпен қалай танысқан?

«Біздің қажылар (Халифа атамыздың атын апамыз солай деп тергеп шақырады екен) Үндістаннан Түркияға көшкелі жатқанда қажының босанғалы отырған әйелі ауырып қайтыс болады екен. Ол кісінің сүйегі сол Үндістан жерінде қалды. Қажылар Түрияға келіп, сегіз айдан кейін біз көшіп келдік. Ел мен ел қосылды, ағайын мен ағайын табысты. Ауылдағы ескі таныс кісілер біздің қажыға «Қамзаның қарындасымен үйленесің» деп бұйырған көрінеді. Бастапқыда қажы қысылып, қарсы болған сияқты. Ол кезде қажының Әбдулсеттар, Әбдурахим есімді екі ұлы, Шакира атты қызы бар екен. Сонымен не керек, таныс кісілер қажы екеумізді жолықтырды. Айналасы бір сағаттай ғана сөйлестік. Қажы менен ештеңесін жасырған жоқ, «үш балам және үйленбеген аға бауырым бар, сен қарсы болмасаң үйлену ниетімен келіп тұрмын» деді. Мен «Аға, бауыр бала деген ештеңе емес, тек бір-бірімізді сыйласақ, жоқшылық пен тоқшылықта бірге болатыныңызға өзіңіз сенсеңіз, мен сізге сендім, балаларды қор қылмай, кем қылмай өзім бағып өсіремін», — дедім. Екеуара айтылған сөз осы болды. Бір-бірімізді сыйлауға, өлсек, бірге өлуге уәде етістік. Қысқасы, қажы аталарыңмен осылай үйлендім» (Жары Бибәтіш Шығысқажықызының естелігінен)

Құран Кәрімді қанша жыл аударған?

1992 жылы жұбайы екеуі ғана Қазақстанға көшіп келеді. «Құран Кәрімді» аударуға Халифа Алтай 6 жыл уақытын жұмсаған. Ұлы Әбдуррахим әкесіне көмектесіп арабша, А. Байтұрсынұлы әрпі үлгісінде жазылған қолжазбаларды кириллицаға түсірісіп берді. Халифа Алтай «Құран Кәрімді» Сауд Арабияда бастырып, 1,5 миллион данамен елге таратты.

Отбасы

Үлкен ұлы Абдулсаттар үш жыл бұрын Норвегияда қайтыс болған. Ұлы Абдулсамет қазір Парижде тұрады. Үшінші ұлы Әбдуррахим Алтай Алматыда тұрады. Кенжесі Аднан да Қазақстанда жұмыс істейді.

Еңбектері

1991 жылы Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды.1995 жылы “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, «Қазақ түріктерінің шежіресі», «Естеліктерім», «Ата жұрттан Анадолияға дейін», «Алтайдан ауған ел» атты кітаптарын жазған. «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/02/21/halifa-altaj-1917-2003/feed/ 0
Кенен Әзірбаев (1884-1976) https://juldyz.kz/2017/02/02/kenen-azirbaev-1884-1976/ https://juldyz.kz/2017/02/02/kenen-azirbaev-1884-1976/#respond Thu, 02 Feb 2017 08:53:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=7049 Туған жылы, жері

Кенен Әзірбаев 1884 жылы 19 маусымда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Мәтібұлақ  өңірінде дүниеге келген. (12 сәуір, 1976) — қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Боздаланың бозторғайы

Деректерге жүгінсек, ақынның атасы Мандабай мен одан туған үш ұл – Әзірбай, Ниязбай, Абданбайлар да өлеңші, әнші, сауыққой, өнерпаз жандар болыпты. Бәйбішесі Алуа мен екі ұлы жастай өмірден өтіп, алпысты алқымдап қалған Әзірбай Ақыш деген батырдың Ұлдар атты қызын алады. Әзірбай мен Ұлдардың шаңырағында халық ақыны, әнші және композитор ­Кенен Әзірбаев дүниеге келеді.

К.Әзірбаевтың өзі анасы жөнінде: «Анам бойшаң, көрікті, өзі әнші, дауысы өте келісті, өлеңді суырып салып айта беретін кісі екен. Сол ауылдың той-жиынының гүлі болатын. Мен туған соң «Әзірбай шал ұлды болды» деп ел қуаныпты» деп еске алады.

Бала Кенен ерке болып өседі. ­Алайда бақытты кезең ұзаққа созылмай, Ұлдар да, ­Кененнен кейін туған Бибісара да көз жұмады. Ағайынның қолына қарап қалған Кенен жетімдіктің зардабын әбден тартады. Кенен 9-10 жасқа келгенде Құлжабай, Әймен деген ағайындарының қозысын бағады. Ауыл балаларымен бірге Бейімбет молдадан сабақ алуға барған Кенен молданың шыбығынан қашып құтылған соң, ол жаққа қайта беттемейді. Қой соңында жүрген бала Кенен бір күні түс көреді. Түсінде шөлдеген Кененге ­Сарыбас ақынның өзі айран ішкізіп, шөлін қандырады. Осы түстің өзі жас баланың болашағынан аян бергендей. Кенен Әзірбаевтың өзі ол туралы былай дейді: «Көрген түсімді атама айтып бердім. Әкем: «Шырағым, Сарыбас ақынның өткеніне биыл үш жыл болыпты. Мынау түсіңде көргендеріңді Сарыбас атаңның саған берген батасы деп ұғын. Иншалла, ақындыққа жолың ашылар» деген еді».
Расымен де, Кенен жастайынан өлең-жырға ерекше құмар болады. Әкесінің аузынан шыққан өлең, аңыз-әңгімелерді бірден жаттап алатын. Сүйінбай, Қаңтарбай, Қуандық, ­Сарыбас, Майкөт сияқты ақындардың жырларымен де алғаш әкесі арқылы танысады. ­Кенен домбыраға да әуес еді. Еркебай деген жігіттің домбырасын бірде сұрап, енді бірде ұрлап алып үйреніп жүреді. Кененнің өнерге құштарлығын байқаған Еркебай оған кішкене ақ домбыра сыйлайды. Алғашқы домбырасын Кенекең кейінге дейін көзінің қарашығындай сақтаған.
Осылайша, Кенен домбырасына өлеңін қосып әндетіп жүреді. Жеті күнде бір болатын базарға шығып, асхана, шайханада жүрген саудагер байларға ән айтып беріп, тиын-тебен тапқан кездері де болыпты.

Қойшы Кененнің бойындағы талантты, өнерді таныған – Еркебай Базарұлы. Оның өзі де қыран құс, алғыр тазы ұстаған өнерпаз, Жетісуға келген жанның барлығы соның үйіне тоқтайтын ауқатты жан болса керек. Сол Еркебай қырғыз манабы Шәбденге берілетін асқа Кененді де алып барады. Бұрын-соңды мұндай тойды көрмеген әрі атақты төкпе ақындардан кейін кезек алған Кенен екі рет ұмтылғанда да аузына сөз түспей, өлең айта алмапты. Жиылған жұрт «Ер кезегі үшке дейін. Жас бала ғой, тағы бір көрсін!» деп шулайды. Сонда ғана жас баланың кеудесінен өлең-жыр жарып шығып, «Көпшілік, тыңда әнімді» деген жаңа әнін орындап, бас жүлденің бірін алыпты. Сол аста тағынған қамар белдікті Кенекең өмірінің соңына дейін тастамаған екен. Қазір ол белдік ақынның мұражайында сақтаулы тұр.

Ал Жамбыл мен Кенен арасындағы аға мен іні, ұстаз және шәкірт ретіндегі қарым-қатынас тіпті ерекше еді. Екі ақын Мәскеуге де талай рет бірге барды, Жамбыл Кавказға да шәкіртін ерте кетті. Арқалы ақын шәкіртінің қайғы-қуанышын да бөлісті. Базары мен Назарын ажал қатар жалмап, көкірегі қайғыдан қарс айырылған Кененнің Көркемжаны туғанда әдейілеп барып батасын беріп, нәрестеге «Көркемжан» деп ат қойған да Жамбыл қарт болатын. Өмірінің соңғы күндерінде Жамбыл ақын «Осы Кененнің үнінен басқаны ұқпаймын» дегенді жиі айтқан көрінеді. Бұл да шәкіртіне деген сүйіспеншіліктен айтылған сөз болса керек. Кенен де ұстазына арнап дастан жазып, жырдан ескерткіш қойды.

Отбасы

«Әкем де немересін сүйіп кетті, Арманым енді жоқ деп шүкір етті…»
Кенен бірінші әйелі Үлпілдекке он жеті жасында үйленген. Кенен мен Үлпілдектің шаңырағында Талжібек атты қыз бала дүниеге келіп, 85 жастағы Әзірбай ақсақалды қуанышқа бөлеген екен. Бұл жайында Кенен:
Әкем де немересін сүйіп кетті,
Арманым енді жоқ деп шүкір етті.
Ел танып, адам болып ержеттің деп,
Пәниден бағы-жайға жүріп кетті,
– деп еске алады.

55 жыл бірге өмір сүрген жұбайы Нәсихамен

Талжібектен соң Зұлухия, Ұлтай атты қыздар туады. Ұлтай дүниеге келгеннен кейін бәйбішесі Үлпілдек сал ауруына ұшырайды. Ауру әйел, жас балаға қарау ер-азаматқа оңай емес. Қиналған Кенен 16 жасар Нәсиханы өз келісімімен алады. Алайда бірінен кейін бірі өмір есігін ашқан Болысбек, Тұрар атты ұлдары тұрақтамай, қайтыс болады. Әсіресе үш жарым жастағы Базары мен бір жарым жастағы Назарының шешек ауруынан бір күнде көз жұмуы Кенекеңнің қабырғасын қайыстырады. Қатты қайғырған ақын «Ақ ешкінің зары» деген атақты жоқтау әнін шығарады. Кейін бұл ән халық арасына «Базар-Назар» деген атпен тарап кетеді. «Базар-Назардың» сөзі қандай зарлы болса, әні де сондай мұңды еді. Жылдар өте балалы-шағалы болған Кенекең осы әнді орындаудан қашқақтайды екен. Орындай қалса, баласын бүгін жоғалтқан жандай өзі де жылап, өзгені де жылататын көрінеді. Оның күпірліктен қашып, «Базар-Назарды» орындағысы келмегеніне қарамастан, қапыда баласынан айырылған аналар осы әнді Кененнің өз аузынан естуге құмартып, жиі іздеп келетін болған.
Кенен 1931-1933 жылдары қазақ даласына зор қасірет әкелген ұжымдастыру саясатының куәгері болды. Кеңес өкіметінің солақай саясатын, аштықтан бас сауғалаған қазақтың ауыр тірлігін көріп, 1932 жылы жұбайы Нәсиха мен қызы Ұлтайды алып қырғыз ағайындарды паналауға мәжбүр болды. Сол жақта дүниеге келген Қырғызбала небәрі жеті айлығында шетінеп кетеді.

Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығындағы тарихи кезеңдер:

1884 – 19 маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген.
1894 – он жасында қолына домбыра алып, той-жиындарда ән сала бастаған.
1897 – 13 жасында тұңғыш әні «Бозторғайды» шығарды. Бала Кененнің аты қырғыз-қазаққа мәлім бола бастады. Жасөспірім әншіні «Боздаланың бозторғайы» деп атады.
16-17 жасында шығарған «Көкшолақ» әні Кененнің даңқын арттыра түсті.
1904 – атақты қырғыз манабы Шәбденнің асында өзінің «Көпшілік, тыңда әнімді» деген әнін шығарды.
1914 – Жетісуға келген Арқаның атақты әншісі Балуан Шолақтың жанына еріп жүріп, 12 әнін өз аузынан үйренеді.
1916 – Әли Нұрғожаев бастаған халық көтерілісіне қатысты. Осы жылдары «Аттаныңдар!», «Бұлбұлға», «Қайран елім қайда?» деген әндерін шығарды.
1919-1922 – Қордай аудандық революциялық комитетінің төрағасы қызметін атқарды. «Шаңқ етпе», «Жас екпін», «Екпінділерге» деген әндері дүниеге келді.
1922 – ақынның Базар-Назар деген екі ұлы бірдей бір күнде шешек ауруынан қайтыс болады. Қатты қайғырған ақын өзінің «Ақ ешкінің зары» деген атақты жоқтау әнін шығарады. Кейін бұл ән халық арасына «Базар-Назар» деген атпен тарап кетті.
1931-1933 – ұжымдастыру саясатының куәгері болды.
1932 – жұбайы Нәсиха және қызы Ұлтаймен қырғыз ағайындарды паналауға мәжбүр болды.
1934 – Төрткен атты қызы дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Төрткемпірбіршал.
1934 – Түрксіб теміржолында көшпелі театрда әнші болған.
1936 – тұңғыш рет Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатысты. Кремльдің үлкен сарайында «Жаңа заң» деген әнін орындады.
1937 – Жамбыл Жабаевпен Кавказға сапар шегіп, Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдығына арналған мерекеге қатысты.
1937 – КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды.
1937 – О.Жандосов досына арнаған «Оразжан» деген қоштасу әні үшін қамауға алынды. Алматы қаласының түрмесінде 5-6 ай отырып шықты.
1939 – ақын ұлды болады. «Базар-Назар ұлдарыңның өтеуі» деп ұлы жырау Жамбыл Жабаев ақынның тұрған жері Иірсуға арнайы келіп, батасын берген. «Көркемжан» деп атын қойған.
1939 – әнші-композитор К.Әзірбаев КСРО Композиторлар одағының мүшесі болды.
1940 – Мәскеуге барып, КСРО Халық әртісі, композитор Р.М.Глиердің бастамасымен ашылған әнші-композиторлар курсына қатысты.
1941-1945 – Ұлы Отан соғысы кезінде домбырасын қолына алып, күндіз-түні халқының ортасында болды. Алапат соғыстың бірінші күні-ақ «Біздің Отан жеңеді!» деп саңқ ете қалған ақынның даусы бүкіл қазақ жерін шарлап кетті.
1945 – 1 қаңтарда «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
1945 – ұлы ұстазы Жамбыл дүние салғанда ұзақ жоқтау жырын айтқан. Кейін осы жырын толықтырып, «Жамбыл – жыр» атты дастанын жазды.
1945 – 5 шілдеде екінші ұлы туды. Көркемжанға ұқсатып, атын «Бақытжан» деп өзі қояды.
1947 – Мәскеу қаласының 800 жылдық мерейтойына қатысты. Осы мерекеге арнап «Батыр Москва» деген әнін шығарды.
1948 – Ақтамақ атты қызы дүниеге келді.
1948 – Қазақстан композиторларының І съезін ашты.
1952 – қызы Ақбілек өмірге келді.
1959 – ақынның 75 жылдық мерейтойы Қордай жерінде өтті. Тойды қазақтың біртуар азамат жазушысы Сәбит Мұқанов басқарды. Осы мерекеге орай ақынға екінші рет «Құрмет белгісі» ордені берілді.
1960 – ұлы жазушы Мұхтар Әуезовпен бірге Мәскеуде өткен Шығыс фольклорын зерттеушілердің дүниежүзілік ХХV конгресіне қатысты. Осы алқалы жиында «Қобыланды» жырындағы «Тайбурылдың шабысы» үзіндісін аса шеберлікпен орындап шықты.
1961 – 8 ақпанда Қазақ КСР-інің халық ақыны деген құрметті атақ берілді.
1964 – 80 жылдық мерейтойы республика көлемінде атап өтілді. Осы жылдары ақын «Бес қуаныш», «Қайран, жастық», «Қазақстан аймағы» деген әндерін шығарды.
1967 – 28 қазанда «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
1974 – 90 жылдық мерейтойы Қордай тауының етегінде өтті. Қарт ақынның кеудесіне ең жоғарғы награда – Ленин ордені тағылды.
1976 –12 сәуірде дүниеден озды. Оның мәйіті өзі тұрған сол елді мекенге қойылды. Қазіргі таңда ол Кенен ауылы деп аталады.
1981 – Кенен ауылында ақынның әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды.

«Ер емес, ез екенсің Кенен ақын» немесе Кенен ғашық болған арулар

Кененнің өмірінде қолы жетпеген екі ару болған. Алғашқысы – Мөртай сұлу. Ел ішінде ән айтып жүрген ­Кенен Шөрегей еліндегі Мөртай деген қызға ғашық болады. Қыздың да кетәрі еместігін байқап, алып қашады. Алайда қыздың атастырып қойған жері бар. Екі елдің арасы бұзылатын болған соң, қызды төркініне қайтаруға мәжбүр болады. Мөртай қызға деген сүйіспеншілігі тарқамаған Кенен «Мөртай сұлу» деген әнімен қала береді.
Екіншісі – Ләтипа атты ақын келіншек. Бірде Кенен «әскер үшін 100 түйе жинау керек» деген өкіметтің бұйрығымен жолға шығып, Балқаш, Мойынқұм өңірлерін аралайды. Жолай бұрыннан «бір көрсем» деп жүрген Ләтипа ақынның келін боп түскен ауылына ат басын бұрады. Ауыл адамдары Кененнің алдынан шығып, құрметпен қарсы алады, үйге жайғастырып әнін тыңдайды. Көп ішінде Ләтипа да бар еді. Ауыл ақсақалы: «Әнге жүйрік екенсің, қарағым. Мына біздің Ләтипа келін де өнер иесі, суырып салатын ақындығы да бар. Екеуің біраз өнер сынассаңдар», – деп айтысқа шақырады. Шегінерге жол қалмаған Кенен амалсыздан айтысты бастап кетеді. Екеуі біраз сөз сынасады. Талай ақынға бет қаратпаған Ләтипаның әзілі басым түсіп жатады. Содан ­Кенен келіншектің осал тұсын сөз етіп, жаңа өкімет келгенін, өз қалауы болса, қалаға әкетіп, теңіне қоспақ ойы бар екенін айтады. Сол жерде Ләтипаның күйеуі келіп қалып, айтыстың шырқын бұзады. Кенен қоштасарда Ләтипамен кездеседі. Ол жөнінде Кененнің өзі: «Ұзақ әңгімелестік. Мүмкін болса, расында, қалаға барып өнер жолына бой ұсынсам деген арманын қоса айтты, мен қоштадым. Осы жолы Ләтипаның шын жүйрік, суырыпсалма дарын иесі екенін өз көзінше мойындадым. Сөйтіп, 40 күн дегенде Қостөбенің етегінде ол күтетін болып, мен алып кететін болып уәде еттік. Бұл кездесуіміз уәдеден гөрі сертке көбірек ұқсайтын еді», – деп еске алады.
Кенен ауылына келсе, жұрт «­Кенен екі әйелдің үстіне тағы бір ақын келіншекті алатын болыпты» деп шулап жүр екен. Халық ақынын тағы да тоқтатты, ақылға шақырды. «Ескі дүниенің ақыны. Намаз оқиды, екі әйелі бар» деп өкімет ревкомдықтан алып тастады. Базар-Назар өмірден өтті. Арада біраз уақыт өтіп, Кенен Ләтипаға берген уәдесін орындай алмай қалады. Солай ішқұса болып жүргенінде бір жолаушы хат әкеліп береді. Онда Ләтипаның:
Сәлем айт төрт дулаттың Кененіне,
Ынтық ем өлеңі мен әуеніне.
Ер емес, ез екенсің Кенен ақын,
Артыңа бір қарамай жөнедің бе?
Қостөбе көз алдыма елестейді,
Ләтипаға обал-ау бір демейді,
– деген алты-ақ жол өлеңі жазылған екен. Мұңын да, ренішін де алты-ақ жол өлеңге сыйдырған ақын келіншек көп уақыт өтпей дүние салыпты. Ал осы бір орындалмай қалған уәдесі Кененнің жүрегінде өкініш болып қала беріпті…

Өмірбаяны

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «маусым жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, одан соңғы Қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркіленуі, халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия , соғыс, одан кейінгі тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы желбуаз ұраншылдық сияқты халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Жай сырттай бақылаушы емес, сол тарихи оқиғаларға Кенен сергек араласып, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған дарыны арқылы айғақтап отырды. Бұл ретте, Кененнің әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, бұған қоса асқан шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі.[1] Сондай-ақ, екі жүздей лирикалық , дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың кенші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы. Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», « Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады. Бұл әндердің қай-қайсысының да астарында уақыт тынысына қоса, ең алдымен Кененнің өзінің тарихи түйсік-зердесі, жалтағы жоқ болмысы аңғарылады. Мәселен, 16-шы жылғы толқудан көп бұрын дүниеге келген «Ой, бұлбұл» өлеңінде бұлбұлмен мұңдаса отырып, «Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр» деген сөзді айту үшін ыза-кекке қоса, сол кездегі іріп-шіріген саяси ахуалды түсінетін көреген зерде керек қой. Немесе, күндей күркіреген Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Алатаудың ақ иық қыранындай саңқылдап, «Біздің Отан жеңеді!» деп жар салуы – ерге лайық жалтақсыз сенімнің, ақынға лайық оптимизмнің , ақылгөйге лайық көрегендіктің айғағы болса керек.

Әзірбаевтың есімі

  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар станциясындағы №42 орта мектебіне
  • Алматы қаласындағы бір көшеге
  • Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген.
  • Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының және бұрынғы Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін Әзірбаев атындағы стипендия тағайындалған.
  • Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы аталады. Онда Әзірбаев мұражайы жұмыс істейді.

Әрі дүлдүл, әрі бұлбұл Кенен Әзірбаев 1976 жылдың көктемінде Қордай баурайындағы Сұлутөр етегінде дүние салды. Ұрпағына өшпес мұра қалдырған Кенекеңнің 100 жылдығында да халқы естен кетпес той жасады. Содан бері ақынның 110, 120, 125 жылдық мерейтойлары республикалық деңгейде үзбей тойланып келеді. Кенен Әзірбаев кейінгі ұрпаққа 120-дан астам ән, 7 күй, 10 жыр-дастан, 1000-ға жуық өлең-жырларын, айтыстарын қалдырды. Дінмұхамед Қонаевтың сөзімен айтар болсақ, «Кенен Әзірбаев – өмірде де, өнерде де қайталана бермейтін құбылыс». Кенен Әзірбаев артына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз.

]]>
https://juldyz.kz/2017/02/02/kenen-azirbaev-1884-1976/feed/ 0
Темірбек Жүргенов (1898-1938) https://juldyz.kz/2017/01/20/temirbek-zhurgenov-1898-1938/ https://juldyz.kz/2017/01/20/temirbek-zhurgenov-1898-1938/#respond Fri, 20 Jan 2017 11:27:45 +0000 http://juldyz.kz/?p=6537 Темірбек Жүргенов 1898 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келді. Ол көрнекті мемлекет қайраткері және журналист.

Балалық шағы

Темірбек бала кезінде өте алғыр, зерек, шыншыл, білімқұмар болған. Ол  ауыл молдасы Қауынбай, Мұхамбетжандардан дәріс алған. Кейін шығыс тілінің білгірі Тұрмағамбет Ізтілеуовтен дәріс алған. 1909 жылы Аламесек орыс-қазақ бастауыш мектебіне оқуға түсіп, оны 1913 жылы бітіріп шығады. Мектеп бітірген соң 1913 жылдан бастап Крылов, Некрасов шығармаларын қазақ тіліне аудара бастайды. Ұлы сатириктерге еліктеп, «Переводчиктің қиялы» деген алғашқы сатиралық өлеңін де жазған. Ол мектеп бітірген соң Перовскідегі Суханский атындағы қалалық жоғары орыс-қазақ училищесіне түсіп оқиды. Кейін 1917 жылы училищені бітірген Темірбек Уфадағы Жер өлшеу училищесіне оқуға түседі. Алайда, бұл оқу орнын тәмамдай алмайды.

Еңбек жолы

1918 жылы «Қазақ мұңы» газеті редакциялық алқасының құрамына енген Темірбек Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды. Бір жылдан соң  Ырғыз уезі Кенжеғара болысы революциялық комитетінің  төрағасы қызметіне тағайындалған. Кейін Ырғыз уездік революциялық комитетінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол 1921-1923 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқи жүріп,  Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады. Өлкелік және республикалық партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. 1926 жылы Ташкенттің Қазақ педагогикалық институтының директоры болып тағайындалады. Институтқа академик В.В.Бартольд, профессор С.Е.Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ, қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты. 1929-1930 жылдары — Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары, 1930-1933 жылдары — Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары болады. Кейін 1933-1937 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ол 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды.

Отбасы

Темірбек бай отбасынан шыққан. Әкесі — Қара, шын аты — Сырлыбай Жүргенұлы 1858 жылы Қаракөл Қуаңдария болыстығында дүниеге келген. Ол мал шаруашылығымен айналысқан. Бірнеше жыл болыс болған кісі. Қарадан 7 ұл,1 қыз қалған. Әкесінің үш әйелі болған.

Темірбек 1927 жылы Әлімхан Ермековтің қызы Дәмеш екеуі Ташкентте отау құрады. Жалғыз ұлы болған. Алайда, Алматыға келген жылы қайтыс болыпты. Оның артынан ұрпақ қалмады.

1937 жылы 3 тамызда «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. Қайраткердің зайыбы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Ленинмен кездескен тұңғыш қазақ Әлімхан Ермековтің қарындасы Дәмеш Ермекова Темірбек Қараұлы атылған күні абақтыға жабылған, 18 жыл ғұмырын АЛЖИР-де өткізген. Күйеуінің де, өзінің де жазықсыз жазаланғандығы жөніндегі ақтау қағазын алғаннан бері 30 жылдан астам уақыт бойы ол бар күш жігерін игілікті іске — Темірбек Қараұлының халқына сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу ісіне сарп етумен келді. Айнымас адал жарының қажырлы ізденістері нәтижесінде Жүргеновтің екінші, мәңгілік өмірі басталды. 1957 жылы КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясы Т.Жүргеновті толық ақтағасын, Дәмеш Ермекова жарының адал есімін халқына жаңғыртам деп фольклорист М.Байділдаевпен көп шаруа тындырды. Қайраткердің туғанына 80-, 90-, 100-жылдық мерейтойды атап өту тұрғысында естелік-әңгіме, кітап шығарып, ерінің еліне істеген ерен еңбегін жұртшылыққа жариялап жүріп, өзі де өмірден өтті.

Марапаттары

Өзі құрған Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына 1993 жылы Темірбек Жүргеновтің есімі берілді. Сондай-ақ, Алматы, Қызылорда қалаларында, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы мен Қызылорда облысының Жалағаш аудандарында Т.Жүргенов есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. 1998 жылы Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды.  2008 жылы 14-15 қарашасында туған жері Қызылорда, алғаш қызметін бастаған Ақтөбе облыстарында қайраткер-қаламгердің 110-жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілді.

]]>
https://juldyz.kz/2017/01/20/temirbek-zhurgenov-1898-1938/feed/ 0
Әшірбек Сығай (1947-2014) https://juldyz.kz/2017/01/11/ashirbek-syghaj-1947-2014/ https://juldyz.kz/2017/01/11/ashirbek-syghaj-1947-2014/#respond Wed, 11 Jan 2017 11:11:53 +0000 http://juldyz.kz/?p=5931 Туған жылы, жері, білімі

Әшірбек Сығай 1947 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келді. Ол — театр сыншысы, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Балалық шағы

Әшірбек Сығай кенші отбасында өсті. Әкесі Төребай — қара жұмысшы, анасы Аққыз үй шаруасымен айналысқан. Кішкене кезінен ән айтып, пьесада ойнаған Әшірбек мектеп бітіргеннен соң Құрманғазы атындағы консерваторияның актер бөліміне оқуға түскен. Кейін Мәскеуде сырттай театртанушы мамандығын бітірген.

Отбасы

Жары Күләш қазіргі ҚазҰПУ-дің математика факультетін бітірген. Қанат, Сұңғат, Нұрзат атты ұлдары бар. Екі ұлы Прагада тұрады.

Еңбек жолы

1969 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтын бітірген соң, ол бүкіл саналы ғұмырын мәдениет саласына арнады. Атап айтқанда, 1974-1978 жылдары республика Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы, Алматы қалалық өнер басқармасының бастығы, 1979-1983 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мәдениет бөлімінің нұсқау­шысы, Мәдениет министрінің орынбасары болды. Бұдан кейін 1989-1991 жылдары Алматы театр және көркемсурет институтының ректоры, 1991-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал 1994-2003 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өнертану факультетінің профессоры, 2003-2011 жылдары Мәдениет, туризм және спорт министрлігінің Алматы қаласындағы өкілі, 2011 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университеті өнертану кафедрасының профессоры болған.

Кітаптары:

«Іңкәр шақ» (1978)

«Сыр сандық» (1981)

«Сахнаға сапар» (1990)

«Жарнама алдындағы ой» (1993)

«Сахна саңлақтары» (1998; Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 2000),

«Театр тағылымы» (2003)

«Толғам» (2004),

«Талдықорған театры» (2005), т.б.

Жеткен жетістіктері мен марапаттары

Әшірбек Сығай 2000 жылы «Сахна саңлақтары» атты еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Кейін платиналы «Тарлан» сыйлығын алып, «Құрмет» орденімен марапатталды.Сондай-ақ, ол Кентау, Түркістан қалаларының құрметті азаматы.

]]>
https://juldyz.kz/2017/01/11/ashirbek-syghaj-1947-2014/feed/ 0