Спортшы — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 26 Jan 2018 07:04:00 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.5 Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров http://juldyz.kz/2017/05/05/zhaqsylyq-amiraliuly-ushkempirov/ http://juldyz.kz/2017/05/05/zhaqsylyq-amiraliuly-ushkempirov/#respond Fri, 05 May 2017 06:29:51 +0000 http://juldyz.kz/?p=3339 Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 6 мамыр 1951 жылы Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген. Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971).

Балалық шағы

Жақсылық Үшкемпіров дүние есігін ашқанда көктем уақыты болған. Сол кезде елдің бәрі Талас өзенінің бойында егін егудің қамына кіріскен кез. Кір сабынның да тапшы кезі болса керек. Анасының шағын дүкені бар екен. Сол дүкеннен тым алыстан бір ақсақал сабын алуға арнайы келіпті. Анасы Жақсылыққа толғатып жатса да қарияның бетін қайтаруға ұялып, дүкенге кіреді екен. Тура сол сәтте сабын сатып тұрып, Жақсылықты босаныпты. Әлгі сабын алуға келген ақсақал анасына таңырқай қарап, бұл бір жақсылықтың нышаны, болашақта жақсылықтың жаршысы болсын деп ырымдап есімін «Жақсылық» болсын деп атап кетіпті.

Жақсылық үйдің ортаншысы боп өседі. Алдымда бір әпкесі, өзінен кейін бір қарындасы болды. Бәрі әжесі Бәтиманың қолында тәлім тәрбие алып өскен.

«Ол кезде қала дегенді білмейтінмін. Балалық шағым далада өтті. Жаз басталысымен құрбыларыммен бірге Талас өзенінің жағасында суға шомылатынмын. Суға жүзудің шебері болатынмын. Тіпті, су астына сүңгіп жарысқанда алдыма жан салмайтынмын. Су астында 2-3 минут жата беретінмін. Футболды да қызыға теуіп өстім. Көршілердің балаларының ішінде мен белдеспеген бала да жоқ болатын. Әйтеуір ауыл балаларына тән қандай ойын бар, соның бәрін ойнап өстім. Балалығымнан жоғалтып алған, таба алмай кеткен, не бере алмай кеткен ештеңем жоқ. Мен үшін балалық шағымның тәтті күндері осылай есімде қалды» (Жақсылық Үшкемпіровтің сұхбатынан).

Күреспен қашаннан айналысады?

Күресті күтпеген жерден 1968 жылы Семей қаласының мал дәрігерлік институтына оқуға түскеннен кейін бастаған. Бірақ, Жақсылық Семейге балуан болу үшін емес, мал дәрігері болу үшін барады. Семейге оқуға түскен 1968-1969 жылдары күресті бастайды. Оқып жүріп, институт қабырғасындағы күрес үйірмесіне жазылдым. Еркін күреспен жарты жылдай айналысқаннан кейін өз салмағында Республика чемпионы атанады. Одан кейін классикалық күреспен айналыса бастайды. Онда да 1970 жылдары Республика чемпионы атанады. Міне, нақ осы кезден бастап, оның жүрегінде Олимпиада чемпионы болсам екен деген асқақ арман ұялайды. Әрине, сол уақытта Олимпиада чемпионы атану былай тұрсын, Кеңес үкіметінің құрамасына ілігудің өзі сол мәртебемен бірдей болған Соның барлығын жеңіп, ақыры Мәскеу Олимпиадасының чемпионы атанады.

Жарымен қалай танысқан?

Жарының есімі — Күлпан. Семей институтының бесінші курсында оқып жүргенінде танысқан. Ол кезде жары бірінші курсқа енді келген студент болады. Күлпан Семей өңірінің Найман руының қызы. Бір жылдан кейін Жақсылық диплом алады. Күлпан бірінші жылын бітіреді. Сосын көп өтпей Жақсылық Күлпанды Семейден Таразға алып қашып кетеді.

Отбасы

Жары Күлпан, балалары Жандос, Елдос, Жеңіс. Тұңғышы Жандос Америкада жеті жыл әскери қызметте істейді. Қазір елге оралып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қызмет атқарады. Екінші ұлы Елдос мал шаруашылығы қожалығын басқарып отыр. Ал ең кіші ұлы Жеңіс жеке егін шаруашылығымен айналысады.

Марапаттары

Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы атанады. 1981 жылы әлем чемпионы, 1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы болады. 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы болса,  1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылдыған. 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің,  1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры боп қызмет етеді. Ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/05/zhaqsylyq-amiraliuly-ushkempirov/feed/ 0
Жанқош Тұраров http://juldyz.kz/2017/04/24/zhanqosh-turarov/ http://juldyz.kz/2017/04/24/zhanqosh-turarov/#respond Mon, 24 Apr 2017 07:34:25 +0000 http://juldyz.kz/?p=5065 Туған жері, жылы, білімі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Жанқош Тұраров 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 7-сыныпқа дейін Ақкөл ауылындағы орта мектепте білім алып,  7-9 сыныптарын Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылындағы №6 орта мектепте жалғастырған. 9-сыныптан кейін Қазақ қатынас жолдары колледжіне оқуға түсіп, кейін осы оқу орнының университетін тәмамдаған. 

Жанқош

Отбасы

Жанқош — әжесі Нұржан Дәулетбекқызының сүйікті немересі. Ол Ақкөл ауылынан 2002 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Әкесінің есімі — Жасұлан, анасы — Гүлбану. Бауырлары: ағасы Жандос, інісі Әділет.  Биылғы жылдың 18 қарашасында Жанқош Тұраров Клара есімді арумен шаңырақ құрды.

Біздің анықтама:

Бойы: 175 см

Салмағы: 63,5 келі

Жұлдызы: Сарышаян

Спортшысы: Ермахан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов

Әншісі: «МУЗАРТ» ансамблі

Киносы: Үнді фильмдері

Ұстанымы: «Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді»

 

Жанқош

Бала Жанқош …

Жанқош бокс үйірмесіне 14 жасында жазылған. Алғашқы бапкері — Сағатбек Мұсаханов. Үйірмеге қатысқанына 2 апта болғанда алғашқы жарысына қатысып, 1-орын иеленеді. Ол кейін 2008 жылы Алматыға келіп, кәсіпқой бокстың қыр-сырын меңгереді. Ол алғашқы жекпе-жегін кәсіпқой бокстан 2009 жылы өткізіп, қарсыласын жеңген. Боксшы соңғы 19- кездесуінде 40 жастағы Даниэл Соуза Сантоспен (15-11-0, 12 КО) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жек жартылай салмақ дәрежесінде Нью-Джерсиде өтті.

«Жанқош» есімін Сейітжапар бабасы (атасының әкесі) «жанның хошы болсын» деген ниетпен қойған.

Жеткен жетістіктері мен марапаттары

ЖанқошЖанқош Тұраров 2009 жылдың 6 ақпан күні Алматы қаласында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. 2012 жылы кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атанды. Оған дейін Невада штатында бір-екі америкалық бокшысымен кездескен. Сол жерде бірнеше промоутер оны АҚШ-қа шақырады. 2013 жылы Майамиге кеткен ол қазір Нельсон Лопестің қол астында жаттығады. Жанқош Тұраров карьерасында 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/24/zhanqosh-turarov/feed/ 0
Геннадий Головкин http://juldyz.kz/2017/04/10/gennadij-golovkin/ http://juldyz.kz/2017/04/10/gennadij-golovkin/#respond Mon, 10 Apr 2017 09:20:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=5070 Туған жылы, жері, білімі

Головкин Геннадий Геннадьевич 1982 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысына қарасты Майқұдық ауылында дүниеге келген. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы, IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы,  ҚР спорт шебері, Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін аяқтаған.

Отбасы

photo_23636Төрт ұлды өсірген Генаның ата-анасы қарапайым шаруа адамдары. Анасы – Елизавета Головкина кәріс ұлтының қызы, химиялық зертханада ассистент қызметін атқарған. Ал әкесі – Геннадий ғұмыр бойы шахтер болып еңбек етіп, 2014 жылы қайтыс болды.

photo_58771Гена мен егізі Максимді ағалары 8 жасынан бастап бокс спортына қатыстырған. Міне, соның нәтижесінде бүгінде Гена әлемге әйгілі спортшы болса, оның сыңары Максим – бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері. Олар 9 жасқа келгенде алдымен әскери қызметтегі үлкен ағасы Вадим, араға 4 жыл салып екінші бауыры Сергей белгісіз себептермен қаза табады (Вадим — 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы).

Г.Головкин 2000 жылы болашақ жары Алина есімді қазақ қызымен танысып, 07.07.2007 жылы шаңырақ көтереді. Қарағанды қаласында дүркіретіп той өткізген  Генаның бүгінде Вадим есімді ұлы бар.

gennadij-golovkin1 Болашақ чемпионның балалық шағы

Г.Головкин – Майқұдықтағы №63 мектептің түлегі. Сабақты орташа үлгеріммен оқыған. Оны сынып жетекшісі Анна Борисқызы еркелетіп «боксер» деп атаған. Гена бала күнінен тепсе темір үзетін, бұлшық етті, дене бітімі зор әрі шымыр жігіт болып өскен. Геннадий 12 жасында-ақ бірнеше спорттық сайыстарға қатысып, өзінің мықтылығын дәлелдей бастаған. Алғаш рет қатысқан ресми сайыста өзінен 2-3 жас үлкен қарсыласымен рингке шығып, жеңіске жеткен. Ал оның әлемдік рингтегі алғашқы жекпе-жегі 18 жасында басталған. Сонымен қатар Гена «Шахтер» футбол командасының алдыңғы саптағы футболшысы болған және бала кезінде гитарада да шебер ойнаған. Г.Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев, одан кейін Ғалым Кенжебаев. Бүгінде Гена 2003 жылдан бері  «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен.

923872461Әуесқой мансабы

Головкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі қанық, оқиғаға толы болды. Головкин өзінің алғашқы ресми сайысын 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластарымен жұдырықтасып,  жеңіске жетті.

  • 2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.
  • 2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилды жеңді (15 – 3).
  • 2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 ұрыста жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзірбайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19 – 8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан — Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10 – 7). Ал жалпылай санағанда 7 – 5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6 – 4).

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Жылы: Ит (1982 жыл)

Жұлдызы: Тоқты (8 сәуір)

Бапкері: Абель Санчес

Лақап аты: GGG (Triple G)

  • 2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.
  • 2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.
  • 2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.

gennady-golovkin-vs-david-lemieux-75137017

Кәсіпқой мансабы

Головкин кәсіпқой рингтегі дебютін 2006 жылы орта салмақ дәрежесінде жасады. Алғашқы 8 ұрыста мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 2007 жылдың қыркүйегінде француз Мехди Боудламен 8 – раундтық ұрыста ұпай саны бойынша жеңіске жетті (11 – 1). 2008 жылдың сәуірінде ұпай саны бойынша Иан Гарднерді жеңді. 2008 жылдың қараша айында белорус Малик Дзиарр 2 раундта шайқастан бас тартып, Головкин жеңіске жетті. (29 – 3). 2009 жылдың 11 шілдесінде алғашқы 12 – раундтық айқасқа шықты. WBO интерконтинеталды чемпионы атағы үшін болған айқастың 2-ші раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен тізе бүктірді. Кейін жеңілмеген Михаил Макаровты нокаутпен жеңді. 2010 жылы Головкин ағайынды Кличколардың  K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. 2010 жылдың тамыз айында WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін айқаста колумбиялық Милтон Нуньесті (21-1-1) 1 раундта нокаутпен жеңді.

2015 жылы 18 қазанда қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье арасында біріктіруші айқас өтті. Бәске Головкинның WBA, WBC Interim, IBO және Лемьеның IBF белбеулері қойылған еді. Бұл айқас екі боксшының да ақылы көрсетілімдердегі тұңғыш айқасы болды. Қазақстандық гонорар ретінде $ 2 000 000 алса, канадалық $ 1 500 000 алды.Гена Давид Лемьемны 2 раундтың басталған кезінде оны накаудқа жібереді.Осылайша біздің Гена жеңіске жетеді.

Кәсіпқой бокс

2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена — суперчемпион атанды. Геннадий Геннадийұлы бүгінде қажырлы еңбегінің арқасында 16 рет WBA, 13 рет IBO, 4 рет IBF тұжырымдарын қорғап, кәсіби рингтегі 35-жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Осы күнге дейін өткізген 35 жекпе-жектің 32-де мерзімінен бұрын қарсыласын сұлатып, мықтылығын дәлелдеген.

Жетістіктері

  • 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
  • 7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
  • ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
  • Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
  • Азия ойындарының чемпионы — (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
  • Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
  • «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
  • WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
  • IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
  • 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.
  • 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
  • WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады).
  • IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
  • Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006).
  • ҚР спорт шебері (2000).
  • Халықаралық кластағы спорт шебері (2002).
  • Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003).
  • «Құрмет» орденімен марапатталған.

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/10/gennadij-golovkin/feed/ 0
Серік Сәпиев http://juldyz.kz/2017/03/15/serik-sapiev/ http://juldyz.kz/2017/03/15/serik-sapiev/#respond Wed, 15 Mar 2017 08:51:25 +0000 http://juldyz.kz/?p=8470 Серік Сәпиев 16 қараша 1983 жылы Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келген. Ол боксшы, олимпиада чемпионы.

Балалық шағы

«Бес жасымнан бәрі есімде. Өте тынымсыз бала болатынмын. Достарыммен шатырдан шатыр, жертөледен жертөле қоймай аралайтынбыз. Бірақ топ-топ болып төбелесуге қатыспаппын. «Мәселенің бәрін» сөзбен шешетінбіз. Балалар болып жиналып, қызылкеңірдек болып кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін дәлелдейтінбіз, бірақ ол әңгіме төбелеске ұласқан емес. менің әкем – шахтер, ал анам шахтада бухгалтер болып жұмыс істеген» (боксшының сұхбатынан)

Бір жылдай Алексей Стрельниковтей бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді.

«Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым»(бапкері Александр Стрельниковтың сұхбатынан).

Боксшы Серік

Серік Сәпиев бокспен 11 жасынан бері айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көреді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнайды. Өйткені, боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің немере ағасы Бақтай Сәпиев кезінде жастар арасында КСРО чемпионы, ересектер арасында КСРО чемпионатының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жылдар аралығында Одақ құрамасының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарған.

«Боксқа дейін мен басқа да түрлі секцияларға қатыстым: шахмат пен дойбыға, футболға, баскетболға… Мен он жасқа, ағам он екі жасқа келгенде, әкем екеумізді боксқа алып келді. Анам менің әуесіме байсалды қарайтын, бірақ о баста ол кісі менің кәсіпқой спортшы болуымды қалаған жоқ. Мектепті бітіргеннен кейін бокспен күн көруге болатынын түсіндім және басқа кәсіпті үйренуді ойланған жоқпын. Бокс менің өміріме айналды. Бокстан кетсем де жігіттермен араласып тұрамын, жаттығуға барамын» (боксшының сұхбатынан)

Отбасы

Серік жұбайы Мөлдірмен би кешінде танысқан. Олардың 3 қызы бар. Жұбайын Жантик деп еркелетеді.

Жетістіктері

Ол әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), Азияның екі дүркін чемпионы (2007,2009), Азия ойындарының жеңімпазы (2010), бірқатар ірі турнирлер медальдары мен жүлделерінің иегері. Қазақстанның атақты боксшыларының бірі.

Марапаттары

Серік Сәпиев халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры болды. Қазір Парламент Мәжілісінің депутаты.

]]>
http://juldyz.kz/2017/03/15/serik-sapiev/feed/ 0
Бекзат Саттарханов (1980-2000) http://juldyz.kz/2017/01/09/bekzat-sattarhanov-1980-2000/ http://juldyz.kz/2017/01/09/bekzat-sattarhanov-1980-2000/#comments Mon, 09 Jan 2017 09:34:10 +0000 http://juldyz.kz/?p=5720 Туған жері, жылы, білімі

Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Сиднейде өткен XXVII Олимпиаданың  чемпионы.


Балалық шағы

Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже перзенті болды. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады.

1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ, ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді. Бекзаттың бойында бала күнінен бері байқалатын бір қасиет болған. Ол өзін жеңген боксшыдан міндетті түрде есе қайтаруды мақсат тұтады екен. Бекзат мектепте «төрт» пен «беске» оқыған. Дене шынықтыру, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих сабағын жақсы көрді. Апайларының айтуына қарағанда, сабаққа алғыр болған.

Бекзат заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман.

Анасының естелігі

Бекзат бала күнінен-ақ өте мейірімді, қайырымды болды. Төртінші сыныпта оқып жүрген кезі. Бір күні: «Апатай, біздің сыныбымызда әке-шешесі жоқ бір бала бар. Соны апайымыз күніге ұялтады. Ол бала жылайды. Дене шынықтыру сабағында киетін спорттық киімі жоқ. Мектепке киіп жүрген аяқ киімі де жыртылып бітіпті. Сол балаға ағаларыма сыймай қалған костюм-шалбар, аяқ киімдерден берейікші! Маған беріңізші, жақсылап тазалап, үтіктеп апарып берейін! Қуанып қалсын. Екінші сыныпта қитын інісі бар, оның да киімі жоқ!»-деді.»Ертең сабақ біткесін ол баланы інісімен бірге үйге ертіп алып кел. Мен оларға спорттық киім сатып әперейін!» — дегенімде Бекзаттың қуанғанын көрсеңіз!

Отбасы

Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы бар. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткен екен. Бүгінгі таңда үшеуі де отбасылы. Үлкен ұлы Бағдат полицияда жұмыс істейді, ата-анасынан бөлек тұрады. Екінші ұлы Болат — мұғалім. Үшінші ұлы Мақсат — қаржы полициясында.

 Марапаттары

Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2010 жылы, яғни спортшының 30 жас мерейтойы қарсаңында туған қаласы Түркістанда Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш қойылды. 2005 жылы Қазақстанда боксшыға арналған пошталық марка шығарылды.

Бекзат туралы 3 тілде кітап, фотоальбом жарық көрген. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсірсе, 2012 жылы режиссер Ермек Шахмет «Бекзат» атты фильм түсіру жұмыстарын қолға алды.  Биографиялық кинофильмде басты рөлді актер Асылхан Төлепов сомдап шықты.

]]>
http://juldyz.kz/2017/01/09/bekzat-sattarhanov-1980-2000/feed/ 1
Марат Төлегенұлы Жыланбаев http://juldyz.kz/2017/01/09/marat-toelegenuly-zhylanbaev/ http://juldyz.kz/2017/01/09/marat-toelegenuly-zhylanbaev/#respond Mon, 09 Jan 2017 08:17:16 +0000 http://juldyz.kz/?p=5733 Туған жылы, жері, білімі

Марат Төлегенұлы Жыланбаев 1963 жылы тамыздың 19-ы күні Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ол бүгінде алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1993). ХХ ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген жалғыз қазақ марафоншысы. Негізгі мамандығы – суретші. 2005 жылы Қазақстан-Ресей университеті Гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген, экономист.

Отбасы

Әкесі — Жыланбаев Төлеген Нығманұлы. Анасы — Жыланбаева Қаден. Әкесі – сантехник, анасы сатушы болып жұмыс істеген. Отбасында бес бала болған: үлкен әпкесі, ағасы, қарындасы мен  кенже інісі. Ата-аналарынан ерте айырылған. 1-8- сынып аралығында Қарағанды облысының балалар үйi мен интернаттарда оқып, тәрбие алған. Жұбайы — Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы, кәсіпкер. Ұлы — Рүстем; қыздары – Айдана, Азия, Анелья.

Балалық шағы

Бала күнінде Марат Жыланбаев космонавт, саяхатшы болғысы келеді. Желаяқ боламын деп ойламаған болашақ желаяқшы 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. Ол жуас, бірақ өте белсенді бала болған. Ата-анасы қайтыс болған соң әпкесі мен ағасы үшеуін Саран қаласындағы мектеп-интернатқа беріп, қалған кішкентайларды туысқандар бағып алады. Кішкентай кезінен сурет салғанды ұнатқан Марат Алматыдағы Көркемсурет училищесіне түскісі келеді. Бірақ ол жерде жатақхана жоқ болғандықтан, оны қабылдамай, құжаттарын  Қарағандыдағы денешынықтыру техникумына тапсырады. Жатақханада сурет салу мүмкін болмағандықтан, басқа топта оқитын Андрей Овечкин есімді досымен қала маңынан пәтер жалдап, түнімен жарықты жағып қойып сурет салатын болған. Кейін әскерге барғанда да суретші болған Маратты ең алғаш жұрт желаяқ деп емес, суретші ретінде тани бастайды. Ол кездің өзінде ол спорттық бағдарлаудан КСРО-ның жасөспірімдер арасындағы чемпионы болған. Техникумды аяқтағаннан кейін Екібастұз қаласындағы ҮҚК-ға (үй құрылысы комбинатына) жұмысқа орналасып, неше түрлі плакаттар жасап, мерекелерге қатысты суреттер салып, жақсы табыс тауып жүреді. Орталық газетке уақытша суретші болып жұмысқа кіріп, «Біздің сурет репортажымыз» деген айдар жүргізіп отырады.

Техникумда да, әскерде де жүгіруді әдетке айналдырған Марат Екібастұзда «Әуесқой жүгірушілер клубын» ашады. 1988 жылы өз шеберханасын ашу мақсатында ҮҚК-ден жұмыстан кетіп, салған суреттерінің барлығын сатып жібередідім. Жүгіруді бастағаннан кейін бұрынғыдай сурет салмай кетеді. Осылайша ең бірінші марафонын Ашхабад қаласында өткізіп, спортқа деген сүйіспеншілігін өмірлік жолдасы қылады. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, осы жылы Барнаул қ-нда (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағ 43 мин 23 с-та жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30.8. – 5.9. 1991 ж.) жүгіріп шықты. 20 күнде (2 – 22 сәуір, 1992 ж.) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993 ж.) Сахараны (Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 ж. үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

ЖЫЛЫ: АРЫСТАН (9 ТАМЫЗ)

ЖҰЛДЫЗЫ: ҚОЯН (1963 ЖЫЛ)

ТАҒАМЫ: МӘНТІ

СУСЫНЫ: КОФЕ

ӘНШІСІ: КӨП

ЖАЗУШЫСЫ: КӨП

АҚЫНЫ: ЭДУАРД АСАТОВ

СПОРТШЫСЫ: АБЕБЕ БЕКИЛЛА

ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ: ЕҢБЕК ПЕН ШЫДАМДЫЛЫҚ – БӘРІН ДЕ ЖЕҢБЕК

КӨЛІГІ: МЕРСЕДЕС

Еңбек жолы

  • 1986 жылдан — суретші-безендіруші.
  • 1988 жылы өзі дайындық методикасын ойлап тапқан.
  • 1990 жылдан — «Мобиль» кооперативінде жұмыс істеген.
  • 1991 жылы-КСРО Еңбек сiңiрген бапкері Федор Склокинде жаттыға бастаған.
  • 1992 жылы қыркүйек айында-Эльбрусқа мiну бойынша халықаралық жүгіру жарысында 2 орын алды
  • 1992 жылы қазан айында-Красноярская сотка халықаралық супермарафонында 1-шi орын алды.
  • 1992 жылы 7 күн 7 марафон халықаралық супермарафонында 2-орын алды.
  • 1993 жылы шілде айында-Нанисавик аралындағы жүгіру жарысында 2-орын алды.
  • 1994 жылы шілде айында Өлі жазығы супермарафонында 2-орын алды.
  • 1996 жылдан бері жеке кәсіпкер.
  • 1999-2007 жылдары Екібастұз қалалық мәслихатының 2 және 3 шақыруларының депутаты. Кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жеңіл атлетика федерациясының президенті (Екібастұз қ.), «Екібастұздың болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің президенті.
  • 1991-1995 жж. Гиннестің рекордтар кітабында 7 рекорды енгізілген.
  • 1994 жылы Халықаралық кластағы спорт шебері.

]]> http://juldyz.kz/2017/01/09/marat-toelegenuly-zhylanbaev/feed/ 0 Дмитрий Баландин http://juldyz.kz/2016/12/20/dmitrij-balandin/ http://juldyz.kz/2016/12/20/dmitrij-balandin/#respond Tue, 20 Dec 2016 07:57:51 +0000 http://juldyz.kz/?p=5113 Туған жері, жылы, білімі

Дмитрий Баландин 1995 жылы 4 сәуір күні Алматыда дүниеге келген. Ол  жүзуден тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы.


Отбасы

Әкесі Игорь Баландин  (1962 жылы дүниеге келген) қазір «Баландин» ЖШС басқарады. Жас кезінде әкесі волейболмен айналысса,  анасы Татьяна Баландина коньки спортымен айналысқан.

Анасының айтуынша, ол баласын кішкентай кезінде  жүзумен қатар сурет салуға, ағылшынға да қатыстырған. Алайда, Дмитрий жүзуді таңдаған. Қазір спортшының сүйіктісі бар, аты-жөні- Кристина Тыныбаева.

Бала Дмитрий …

Дмитрий 2003 жылы 8 жасынан бастап суда жүзу спортымен айналыса бастаған. Алғашқы бапкері — Марина Гильмутдинова. 2008-2012 жылдары Алматыдағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интерна-тында оқыған. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті-нің дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4-курс студенті.

 Жеткен жетістіктері мен марапаттары

Дмитрий Баландиннің алғашқы жеңісі — 2010 жылы Ресейде өткен жарыста «Александр Попов атындағы кубок» алумен басталған. Кейін 2011 жылы үлкен топтар арасындағы VII Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, осы жылы ҚР суда жүзу спорт шебері атағын алған.

Жыл соңында ҚР халықаралық кластағы спорт шебері атағын иеленеді. 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы болады. 2013 жылы суда жүзуден IV әлемдік жастар чемпионатында 4-орынды, 2015 жылы жазғы Универсиадада алтын мен қола жүлдені иемденді.

Біздің анықтама:

Жұлдызы: Торпақ

Сүйікті ісі: футбол ойнау және үйдегі хаски итіне тамақ беру

Бойы: 195 см

Салмағы: 85 келі

Бапкері: Алексей Казаков

Спортшының халықтың есінде қалған басты жүлдесі — Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы ойындарға 200 метрлік брасс бойынша ең төменгі болып іріктелп, 2015 жылғы чемпион және вице-чемпион — Марко Кох пен Кевин Кордесті басып озып Олимпиада чемпионы атануы.

Биыл спортшы мемлекет тарапынан берілетін «Дарын» Жастар сыйлығын иеленді. Сонымен қатар, өзі оқитын университеттен «Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейні» ашылды.

]]>
http://juldyz.kz/2016/12/20/dmitrij-balandin/feed/ 0
Бейбіт Ыстыбаев http://juldyz.kz/2016/12/19/bejbit-ystybaev/ http://juldyz.kz/2016/12/19/bejbit-ystybaev/#respond Mon, 19 Dec 2016 10:07:06 +0000 http://juldyz.kz/?p=5041 Туған жері, жылы, білімі

Бейбіт Ыстыбаев 1985 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Негізгі мамандығы — заңгер.  

Отбасы

Бейбіт

Атасының қолында өскен болашақ балуан 6 жасында ата-анасымен Тараз қаласына көшіп барады. Әкесі — Әбдірахман Көлбайұлы көк базарда сауда жасап, анасы — Ләззат үй шаруасымен айналысқан.

БейбітБауырлары: ағасы — Шерхан, қарындасы — Эльмира, інісі — Аян. 2014 жылы наурыз айында Әйгерім атты арумен шаңырақ көтеріп, бүгінде 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Бала Бейбіт …

Спортқа 10-сыныптан бастап бет бұрған. Тікелей себепкер болған жеке бапкері — Елдос Далабаев.

Біздің анықтама:

Лақап аты: Тараз арланы

Бойы: 193 см

Салмағы: 135 келі

Жұлдызы: торпақ

Әншісі: Еркін Нұржанов

Актері: Нұрлан Әлімжанов

Спортшысы: Бахтияр Артаев

Өмірлік ұстанымы: таза өмір сүру

Сүйікті ісі: спортпен щұғылдану, атқа міну

Жеткен жетістіктері мен марапаттары:

БейбітМектеп қабырғасында жүріп, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлап, алғаш рет жиырма жасында темір тұлпар ұтып алады. Осылайша, Бейбіт өзін күресте шыңдап, үлкен спорттық додаларда жеңіске жете бастайды. Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде күміс, 2012 жылы Шалқар Жоламановты жеңіп, 2015 жылы Руслан Әбдіразақовпен белдесіп, ұпай санымен жеңсе, 2016 жылы Жұманазар Ерсұлтановпен ұпай саны жағынан алға шығып, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы атанады.

]]>
http://juldyz.kz/2016/12/19/bejbit-ystybaev/feed/ 0
Бақтияр Бағашарұлы Байсейітов http://juldyz.kz/2016/11/17/bahtiyar-baghasharuly-bajsejitov/ http://juldyz.kz/2016/11/17/bahtiyar-baghasharuly-bajsejitov/#respond Thu, 17 Nov 2016 11:35:40 +0000 http://juldyz.kz/?p=3836 Бақтияр Бағашарұлы Байсейітов –  грек-рим күресінен әлем чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері.

Туған жылы: 29 қыркүйек, 1971 жылы

Туған жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Фабричный кенті

Білімі: 2001 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын  бітірген

Отбасы: Жұбайы — Байсейітова Маржан, ұлдары — Бағашар Санжар Бахтиярұлы, Байсейітов Сәлім Бахтиярұлы, қызы — Байсейітова Інжу Бахтиярқызы.

Еңбек жолы:

  •  2010 жылдан бері Грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы.

Жетістіктері:

  • 1991 ж. (Запорожье) КСРО Халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері;
  • 1993-1996 ж. (Хиросима, Гуанжоу) Грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 1995 ж. (Прага) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 1998 ж. (Бангкок) Азия ойындары;
  • 1997 ж. (Бангкок) Азия және Океания чемпионаты;
  • 1998 ж. (Евле) Әлем чемпионаты;
  • 1995 ж. (Филиппин),  2000 ж. (Сеул) Азия чемпионатының жеңімпазы.

Марапаттары:

  • 1989 ж. КСРО спорт шебері;
  • 1995 ж. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері;
  • 1998 ж. Жыл спортшысы;
  • 2001 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы құрметіне орай ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 1999 ж. «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты.
]]>
http://juldyz.kz/2016/11/17/bahtiyar-baghasharuly-bajsejitov/feed/ 0
Болат Кеңесбекұлы Ниязымбетов http://juldyz.kz/2016/11/17/bolat-kenhesbekuly-niyazymbetov/ http://juldyz.kz/2016/11/17/bolat-kenhesbekuly-niyazymbetov/#respond Thu, 17 Nov 2016 09:03:52 +0000 http://juldyz.kz/?p=3819 Болат Кеңесбекұлы Ниязымбетов – боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Алғашқы бапкері – Д.Буданбеков. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Туған жылы: 19 қыркүйек, 1972 жылы

Туған жері: Тараз қаласы, Жамбыл облысы

Отбасы: Жары Сандуғаш, қыздары Аяулым, Дария, ұлдары Бейбарыс, Бекарыс

Еңбек жолы:

  • Құқық қорғау органдарында жұмыс істеген;
  • Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасының жаттықтырушысы;
  • «Астана арландары» бокс клубының бапкері;
  • Түркия жастар құрамасында екі жылдай жаттықтырушы;
  •  Ирак бокс құрамасының бапкері.

Жетістіктері:

  • 1991 ж. (Минск, Беларусь) КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері;
  • 1993 ж. ТМД чемпионатының жүлдегері;
  • 1994-1995 ж. (Тегеран, Иран, Ташкент, Өзбекстан) Азияның екі дүркін чемпионы;
  • 1994 ж. (Бангкок, Тайланд) Әлем кубогы бәсекесінің жүлдегері;
  • 1994 ж. (Хиросима, Жапония) 12-Азия ойындарының қола жүлдегері;
  • 1995 ж. (Ташкент, Өзбекстан) Орта Азия ойындарының жеңімпазы;
  • 1996 ж. (Атланта, АҚШ) 26-Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері;
  • 1997 ж. (Пусан, Оңт. Корея) 2-Шығыс Азия ойындарының алтын жүлдегері болды.

 

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/17/bolat-kenhesbekuly-niyazymbetov/feed/ 0