Саясаткер — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Алтынбек Сәрсенбайұлы (1962-2006) http://juldyz.kz/2017/09/12/altynbek-sarsenbajuly-1962-2006/ http://juldyz.kz/2017/09/12/altynbek-sarsenbajuly-1962-2006/#respond Tue, 12 Sep 2017 07:45:08 +0000 http://juldyz.kz/?p=7877 Алтынбек Сәрсенбайұлы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында 1962 жылы 12 қыркүйек күні дүниеге келген. Ол Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист.

Бала Алтынбек

Бала Алтынбек тіл алғыш, ұқыпты болған. Отын жару, су тасу, қора тазалау сияқты үйдегі жұмыстардың бәрін тыңғылықты атқарған. Сабақты жақсы оқыған. Мінезі ұяң болған. Артық сөзі жоқ, турашылдықтан таймайтын бала болған. Әкесі Сәрсенбай Тәпиұлы соғысқа дейін сушы, мұрап, бригадир, колхоз басқармасының төрағасы болып жұмыс істеген. Анасы Күліхан Жұманқызы үй шаруасымен айналысқан. Алтынбектің балалық шағы Қайнар поселкесінде өтті, Рысбек Сарсенбайұлы інісі жас кезінен-ақ беделді көшбасшы болғанын айтады: «Алтынбек үшінші немесе төртінші сыныпта оқып жүрген кезі еді. Оған сыныптасы келіп, ересек балалар ренжітіп жүргендігі жайлы наразыланған болатын. Алтынбек: «Жүріңдер, олармен сөйлесейік» — деді. Ренжіткендер үлкенірек және күштірек болды. Бірақ ол қорықпады — барды. Төбелесу үшін емес, сөйлесу үшін. Ол әрдайым кішілерге қамқор болатын, төбелеспей, әңгімелесетін. Балалар арасында беделді болды. Одан кеңес алу үшін, тапсырманы орындау үшін келетін», – дейді Рысбек мырза.

Алтынбек кітап оқығанды жақсы көретін. Кітабы көп болатын. Оқып алып, жігіттерге мазмұнын айтып немесе оқып беретін. Әрине, үймен де айналысу керек, ол барлығын жинап алып, істерін тындырып, кейін кітап оқып беретін. Мектепте оқып жүрген кезінде фельетон, сықақ, сатира жазатын. Балалардың сұрауымен қыздарға арнап кейде өлең де құрастырып беретін болған. Оның журналист болғысы келген. Оқушы  кезінде қабырға газетін шығарған. Жазғандары аудандық газетке де жарияланған. Мектептен кейін Алтынбек Сарсенбаев тілші мамандығына оқуға бел буады, үлгі болған үлкен ағасы Рысбек: «Алтынбек ер жетіп, тілші болуға ынта білдірген кезде, әкесі оған: «Жарайды, бар, бұл да жаман мамандық емес, ауыл жайлы жазады, пайдалы»- деген болатын. Әкеміз оның шешімін қабылдап, Алтеке дайындаоып ҚазҰУ-не түсті. Оның аудандың газетте бірнеше мақаласы болды. Қабылдаушы комиссия оған сұрақтар қойды. Ол өтті. Қабылдаушы комиссияның төрағасы «Әлеуметті Қазақстан» газетінің редактор Сапар Байжанов Алтынбек қарама-қарсы отырған болатын. Одан «Әлеуметті Қазақстан» газетінің редакторын сұрады, ол оның аты-жөнін айтты. Араларында бар ма екендігін сұрады. Алтынбек қарсы отырған адамды көрсетті. Барлығы күліп: «Оны қайдан білесің?» — деген болатын. — «Фойедегі суреттегі адамның маңдайына оның маңдайы ұқсас» — деген еді. Ал Байжановтың маңдайы шынында да көрнекті болатын…»

Алтынбек ҚазМУ-ге 80-жылдардың басында оқуға түсті. ҚазМУ-де оқып жүріп, Мәскеудің мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне ауысты.

Еңбек жолы

Алтынбек 1985 жылы журналистика мамандығы бойынша М.С. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдады. Университетті аяқтағаннан кейін Қазақ телеграф агеттігінде, «Арай-Заря» журналының редакторы, «Өркен-Горизонт» газетінің бас редакторы болып қызмет етті. 1992 жылдан бастап А. Сәрсенбайұлы Президент аппаратында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жауапты қызметтер атқарды. Кейін он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарған. 1993 жылдан Баспа және ақпарат министрі, 1995 жылдан Баспа және ақпарат жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан Қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі болған.

Ол 2001 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі, 2002 жылдың қаңтарынан дипломатиялық қызметте, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған. 2003 жылдан бастап А.Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысқан. Осы жылдың қараша айында «Ақ жол» Демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға етіп сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы болған Алтынбек Сәрсенбайұлы — бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы.

Жарымен қалай танысқан?

«Алтынбек Мәскеу университетінің журналистика факультетінде оқыды. Мен тарих факультетінде оқыдым. Біздің ортақ достарымыз болатын. Олар мені бір студенттік кешке шақырды. Сөйтіп, сол күнгі кеште Алтекеңді кездестірдім. Бір көргеннен ғашық болдым дей алмаймын. Алғашында жай ғана дос едік, жақсы достар болдық. Байланысымыз үзіліп қалған кездер де болды. Кейінірек қатынасымыз өзге деңгейге көтерілді. Ол құрдастарының, студенттердің ортасында үнемі дараланып тұратын жан еді. Үлкендеу, байыптылау көрінетін. Алтекең университетті менен бұрын тәмамадады, мен одан кейін 1988 жылы бітіріп шықтым. Сол жылы көктемде шаңырақ құрдық». (жары Салтанат Атушеваның сұхбатынан)

Отбасы

Алтынбек Сәрсенбайұлы он ағайынды болған. Үлкені Рая, қазір зейнеткер, бұрын ұстаздық қызмет атқарған. Одан кейінгі Әйкен де зейнеткер, қаржы саласында жұмыс істеген. Содан кейін Рысбек Сәрсенбайұлы журналист. Қайнарбек атты ағасы — ауылшаруашылық саласының маманы. Әпкесі Бақытжан білім, тәрбие саласында қызмет еткен. Алтынбектің інісі Рымбек, кенжесі Жеңісбек қара шаңырақтың иелері. Бәрінің бала-шағасы бар.

Алтынбектің жары Салтанаттың мамандығы — тарихшы. Мәскеуден келген соң Алматыда жұмысқа орналасты, институтта дәріс берді, ғылымен шұғылданды, кандидаттығын қорғады. Қызы Шолпан оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүр. Ұлы Бекжан Кембридж университетінде оқиды.

Алтынбектің өлімі

Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев кісі қолынан қаза тапты. Олардың денелері Алматы облысының Талғар ауданы аумағынан табылған еді. 2006 жылғы ақпанның 13-і күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 35 минутта Алматы облыстық ішкі істер басқармасының басқару пультіне «жол жағасынан зорлықпен өлтірілген үш адамның мәйіті табылды» деген хабар келіп түскен. Үш адамның үшеуі де желкесінен тиген оқтан өлген.

Кісі қолынан өлген белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтің денелері. Алматы маңы, 13 ақпан 2006 жыл. (Сурет Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабынан алынды).

Бұл қылмыс ешкімді бей-жай қалдырмады. Біреулер оны ескерту деп, ендігілері билік өзіне қауіпті қарсыласының көзін жойды деп бағалады.

Өлтіруден кейін бірден арнайы қызмет қызметкерлері қатысты болу мүмкіншілігі анықталды. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары «Арыстан» арнайы бөлімі қызметтен кетті. 25 ақпанда сенат аппаратының басшысы Ержан Өтембаев тұтқындалды.

Тергеу жұмыстары анықтағандай, Утембаев Алтынбек Сәрсенбаевке оның бірнеше сөздері үшін өкпелеген екен. Бұл саясаткерді өлтіруге тапсырыс беруге итерді. Өлтіруге ІІМ бұрынғы офицері мен «Арыстан» арнайы бөлімі қатысты болып шықты. Олардың барлығы қамауға алынып, 2006 жылыдың жаз мезгілінде ұзақ мерзімге қамауға алынды: тапсырыс беруші Ержан Өтембаев 20 жыл бас бостандығынын айырылып, атқарушы Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, бірақ ол кейін өмір бойы бас бостандығынан айыру үкіміне алмастырылды. Алтынбек Сәрсенбаевтың туыстары мен серіктері әлі күнге дейін тергеу жалған жолмен жүрді, ал өлімге тапсырыс беруші адам табылмады деген сенімде.

Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты түрлі болжамдар айтылды. Билік жария түрде өткізген сот процесі арқылы «кінәлілерді жазалағанымен», саясаттанушылар мен жекелеген қайраткерлер бұл өлім Қазақстан оппозициясының жүрегін шайлықтырып тастады деген пікірде.

]]>
http://juldyz.kz/2017/09/12/altynbek-sarsenbajuly-1962-2006/feed/ 0
Иманғали Тасмағамбетов http://juldyz.kz/2017/03/29/imanghali-tasmaghambetov/ http://juldyz.kz/2017/03/29/imanghali-tasmaghambetov/#comments Wed, 29 Mar 2017 06:15:18 +0000 http://juldyz.kz/?p=8855 Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Ол  Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.

Бала Иманғали

Иманғалидың бала кезіндегі жаратылыс ғылымдарына деген қызығушылығы болашақ мамандығын таңдауына жол ашады. 1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін, география және биология мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы

Иманғали Тасмағамбетов 1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Ол 1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды.

Иманғали 1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП ОК-ң мүшесі, 1990—91 жылдарда Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі, кейін Қазақстан Реcпубликасының 12 шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалған ол 1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарады. 2004—2008 жылдары 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметіне тағайындалса,  2008 жылы сәуірде Қазақстанның елордасы — Астана қаласына әкімі боп тағайындалған.

Иманғали Тасмағанбетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті және академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы болады. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер.

Болмысы қандай?

«Ол өте шапшаң, ашуланшақ, кешірімі жоқ, менмен, мінезі бірде көл, бірде шөл; жұрттың бәрінен мақтау-мадақтау күтеді; сабырлы шешімге жоқ. Бұл – алдыңғы топтың, Елбасына жақынырақ болып кетті деп қызғанатын, оның аман-сау жер басып жүргенін көре алмайтын топтың пікірі. Әдебиет пен өнерді жаңғақша шағады, өзі де өнерлі – дауысы қандай! Гитарада, пианинода өзі ойнап, қазақша, орысша салатын әндерін естісеңіз ғой! Ауылда жалаңаяқ, табанына шөңге кіріп, бұзау айдап, тайға мініп жылқы қайырып өскен бала; қазақтың тарихын, тілін, дәстүрін бұл күнде одан артық білетін шенеунік жоқ. Моңғолдың даласында ұмыт қалған Күлтегінді салып ұрып барып елге алып келуінің өзі ерлік қой! Көп балалы отбасында, әженің әлдиі жанына сіңген, ертегі мен мақал-мәтелді сәби кезінен түсініп өскен. Кісі танитын қасиеті бар әрі өте қарапайым, кішіпейіл; өзім деген кісіні басы жерге жеткенше сыйлайды, сөзге жүйрік, тілі шешен; жақсылық жасайын десе, бас-көзге қарамай жасап тастайды; қазақты жүзге бөлмейді, топ құрмайды, маңайына жерлестерін жинамайды» (Фариза Оңғарсынованың сұхбатынан).

 Отбасы

Иманғалидың әкесінің есімі — Тасмағамбетов Нұрғали. Ол 1997 жылы қайтыс болған. Анасы Ділдә Қоқанова талай қайырымдылық істермен айналысқан. Кітаптары шыққан. Жұбайы Клара Дауымқызы Бекқұллова мұғалім. Екі қыз, бір ұлы бар. Үлкен қызы Әсел Тасмағамбетова танымал кәсіпкер Кеңес Рақышовқа тұрмысқа шыққан. Бұл күнде екі ұл тәрбиелеп отыр. Мамандығы – заңгер.  «Сəби» атты жеке қоры бар. Кіші қызы София Тасмағамбетова – суретші. Павел Драгуновтің шәкірті. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын және Лондондағы өнер колледжін бітірген. «Petroglyf studio» атты сәулет-дизайнерлікке қатысты компанияға басшылық етеді. Ұлы Нұрсұлтан 1994 жылы дүниеге келген. Жеке кәсіпкер.

Жетістіктері

Қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов 1998 жылы «Парасат» және 2004 жылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталған. Сондай-ақ, Орыс Православиелік Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» және Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен және көптеген алқалармен марапатталған.Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.

]]>
http://juldyz.kz/2017/03/29/imanghali-tasmaghambetov/feed/ 1
Заманбек Нұрқаділов (1944-2005) http://juldyz.kz/2017/02/22/zamanbek-nurqadilov-1944-2005/ http://juldyz.kz/2017/02/22/zamanbek-nurqadilov-1944-2005/#comments Wed, 22 Feb 2017 09:57:52 +0000 http://juldyz.kz/?p=7834 Заманбек Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтар күні Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген. Ол саясаткер, қоғам қайраткері.

Бала Заманбек

Заманбек өзінің бала кезін «кедей және жартылай аш» деп айтатын болған. Әкесі майданда қайтыс болған Заманбекті анасы тәрбиеледі. Заманбек Ұлы жүз, руы Албан болған. Ол Қазақ Политехникалық институтты, инженер-құрылысшы мамандағын бітірген.

Еңбек жолы

Заманбек Нұрқаділов институтты қызыл дипломмен бітіріп, жолдамамен Алматы қаласында қалады. Құрылыста қызмет жолын қатардағы шеберден бастап, СМУ бастығы қызметіне дейін көтеріледі. 1973 жылы Алматы облыстық партия комитетінің құрылыс бөліміне нұсқаушылық қызметке қабылданады. Сосын Алматы қалалық партия комитеті құрылыс бөлімінің меңгерушісі болады. Кейін Алматы қалалық кеңесі төрағасының құрылыс жөніндегі орынбасары етіп тағайындалады. 1980 жылы  «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы, Алматы қалалық атқару комитетінің төрағалығына сайланады. 1990 жылы Алматы қаласының басшысы ретінде ХІІ шақырылған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. 1991 жылы Алматы қалалық Кеңесінің төрағасы, бір мезгілде Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1992 жылы Алматы қалалық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылы 20 маусымда Алматы қаласы әкімінің қызметінен босатылды. 1995 жылы Желтоқсан айында ҚР Парламентінің депутаттығына сайланды. 1997 жылы Алматы облысының қызметіне тағайындалды.  2001 жылы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағалығына тағайындалды. 2004 жылы 11 наурызда сенсациялық баспасөз-мәслихатын өткізіп, қызметінен кетті.

Жары Мақпалмен қалай танысты?

«Зәкеңмен алғашқы кездесуім ешқашан есімнен кетпейді. Ол кезде Зәкең  — Алматы қаласының әкімі. Мен жас әнші ретінде пәтер мәселесі бойынша оның қабылдауына бардым. Менің өтініш-назымды тыңдап-тыңдап алды да, «бара ғой айналайын, шамамен 20 күннен кейін келерсің» деді. Мен бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатқандықтан, «Жоқ, сіз кешіріңіз, сіз 20 күн дегеніңізді қойыңыз, сіз маған пәтер бере аласыз ба, әлде бере алмайсыз ба?» дедім. Өмірімде бастыққа кіргенім сол болатын өзі. Сөйтсем, ондайға үйренбеген Зәкең орнынан ұшып тұрегелді де, маған: «Айналайын, бар! Түсінбесең, саған ана жақта түсіндіреді!» деп есік жақты қолымен көрсетті. Сол кездесуден кейін «екінші рет мұндай қатыгез адамды көрмеспін» деп іштей ой түйіп қайттым. Кейін осы адаммен бірге болу менің маңдайыма жазылды» (жары Мақпалдың естелігінен)

«МАҒАН ЗӘКЕҢ ОТБАСЫН ҚҰРУҒА ҰСЫНЫС ЖАСАҒАНДА, МЕН НЕ ЖАУАП БЕРЕРІМДІ БІЛМЕДІМ. АРАДАҒЫ 20 ЖАС БАР. ОНЫҢ СЫРТЫНДА ОЛ КЕЗДЕ МЕНДЕ СҮЙІСПЕНШІЛІК СЕЗІМІ ДЕ БОЛҒАН ЖОҚ. СӨЙТІП, БАС ТАРТСАМ, АРТЫМА ТҮСІП, ЗАЛАЛЫ ТИІП КЕТЕ МЕ ДЕГЕН ОЙМЕН, АНАМНЫҢ РҰҚСАТЫН СҰРАУДЫ ТАПСЫРДЫМ. КЕЛІСКЕН КҮНІ АНАМ ДАЙЫНДАЛЫП ОТЫРДЫ. ЗӘКЕҢ КЕЛГЕНДЕ МЕН СІҢІЛІММЕН БІРГЕ АС ҮЙДЕ ТЫҒЫЛЫП ОТЫРДЫМ. БІР КЕЗДЕ ҚАРАСАМ, ҮШ МИНУТ ТА ӨТКЕН ЖОҚ, ЗӘКЕҢ СЫРТҚА ҚАРАЙ ШЫҒЫП БАРА ЖАТЫР. КӨҢІЛ-КҮЙІ КӨТЕРІҢКІ. АПАМА ШЫҚСАМ, БЕТ-ЖҮЗІ АППАҚ, ҚОЗҒАЛМАЙ ОТЫР. «ОЙБАЙ, АПА НЕ БОЛДЫ?» ДЕП ЕМ, АНАМ: «МЕН СОВХОЗДЫҢ ӘКІМІНЕН ҚОРҚУШЫ ЕДІМ, МЫНАУЫҢ ТІПТЕН ОДАН ӨТКЕН ҒОЙ. КІРЕ САЛА «ВООБЩЕМ, МЕН ҚЫЗЫҢЫЗҒА ҒАШЫҚПЫН. БЕРСЕҢІЗ ДЕ АЛАМ, БЕРМЕСЕҢІЗ ДЕ АЛАМ ДЕДІ», — ДЕП ШОШЫНЫП ОТЫР ЕКЕН. СОДАН АНАМ НЕ ДЕРІН БІЛМЕЙ «АЛА БЕР, АЛА БЕР!» ДЕПТІ».

Отбасы

Өмірінің соңғы жылдары Нұрқаділов оппозицияның әрекетіне қатысты, бірақ көп уақытының бөлігін жанұясымен бірге өткізген. 2002 жылы оның Мерей есімді қызы дүниеге келді. Ол Мақпал Жүнісовамен ортақ жалғыз баласы болды. Бірінші некесінен оның екі баласы бар: Қайрат есімді ұлы, әкесінің қазасынан кейін бірнеше жылдан соң Алматының тұрғын-үй әкімшілігін басқарған және қызы Құралай, қазақстандық алғашқы дизайнерлерінің бірі, соңғы жұмысы Лондондағы Олимпиада ойындарының киімі болды.

Өмірінің соңғы кезеңдері

2005 жылы 12 қараша күні Нұрқаділовтың қазасы жайлы қайта сыбыстар естілді, осы жылы ол расталған болатын. Саясаткер үйінде үш оқ атумен анықталды. Оның қазасын қасақана жасалған кісі өлтіру деп айтып, оның тергеуін ішкі істер министрі Бауржан Мұхамеджанов басқарды. Оппозициялық БАҚ Нұрқаділовтың үйіне кіріп, атқан киллерлер жасағы жайлы жазған, алайда аумаққа кіргендігін камералар түсірмеген болатын. Көп ұзамай, өзін-өзі өлтіру нұсқасы хабарланды: Нұрқаділов эмоционалды-тұрақсыздық күйде бола, өзін үш рет атқан. Бұл нұсқаға көпшілік тілшілер мен саясаткерлер сенбеді, саясаткердің қазасын тергеуге уәде берді. Алайда, жеті жыл өтсе де ешқандай нұсқалар жарияланбады.

Нұрқаділовтың жерлеу рәсімінде 2005 жылы 15 қараша күні Алматы қаласының Ғылым Академисында жүздеген адамға лық толы болды. Бірнеше айдан соң саясаткер Алтынбек Сарсенбаевпен де бұл ғимаратта қоштасу өтті. Екі саясаткердің қазасы әлі күнге дейін толық тергелмеді.

Марқұм Заманбек Нұрқаділов өлерінен бірер күн бұрын өз үйінде «Алматы ақшамы» газетінің тілшісіне сұхбат берген (Сұхбатты газеттің сол кездегі тілшісі Думан Анаш алған). Бұл оның соңғы сұхбаты болатын. Алматыны басқарған тұлғалар туралы желілес мақалалар берген газеттің өтінішіне келіскен ол қазақтың нән шаһарының әкімі болған жылдары туралы әрі өзінің өмірі, өнер жайындағы көзқарастарымен бөліскен. Сол сұхбатында ол Кеңес одағы кезінде Алматыдағы қазақтың саны 20 пайыздан аспауы керек деген жасырын нұсқаудың болғанын, бұл заңсыздыққа өзінің заңсыздықпен жауап бергенін айтады.

Өзінің дерегінше, әкім болып тұрған жылдары Алматы қаласындағы қазақ санын 20 пайыздан 40 пайызға жеткізген. 2006 жылы айтулы шуға айналған Бақай, Шаңырақ оқиғасы кезінде бұл ауылдарды Заманбек тұрғызғаны жайында да айтылды. Қазақтың қалаға көшуіне мүмкіндік туғызып, бос жатқан жерлерді қарапайым халыққа үлестіру, тіпті заңсыз басып алуға жасырын рұқсат беруге осы Қалабайұлының мұрындық болғанын айтатындар көп.

]]>
http://juldyz.kz/2017/02/22/zamanbek-nurqadilov-1944-2005/feed/ 1
Жармахан Тұяқбай http://juldyz.kz/2016/10/27/zharmahan-tuyaqbaj/ http://juldyz.kz/2016/10/27/zharmahan-tuyaqbaj/#respond Thu, 27 Oct 2016 10:45:47 +0000 http://juldyz.kz/?p=2913 жармахан айтбайұлы тұяқбай

Жалпыұлттық Социал-Демократиялық Партиясының (ЖСДП) төрағасы

Туған жылы: 22.11.1947

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан Облысы, Ленин ауданы, Энгельс атындағы кеңшары

Отбасы:

  • Жұбайы:Бағила

Білімі:

Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ), заң факультеті

                                                                                                                        

   Еңбек жолы:

1963-1966 Шымкент облысы, Ленин ауданы, Энгельс кеңшары

1971 Шымкент облысы, Арыс қалалық прокурорының көмекшісі

1972 Шымкент облысы прокурорының көмекшісі

1975 Шымкент облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы

1978 Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің әкімшілік және сауда-қаржы органдары  бөлімінің нұсқаушысы

1980 Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі

1982 КазКСР прокурорының орынбасары

1987-1990 Маңғыстау, Гурьев облыстарының прокуроры

1991-1995 Қазақстан Республикасының бас прокуроры

1995 ҚР Тергеу комитетінің төрағасы

1997 ҚР-ның Бас прокурорының орынбасары

1999 ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-шақырылым депутаты

2004 жылдан саяси оппозицияда

2006 Жалпы Ұлттық Социал-Демократиялық Партиясының төрағасы

  Марапаттары:

II дәрежелі «Барыс» ордені

КСРО прокуратурасының Құрметті қызметкері

 

Өмірдегі басты ұстанымы: Әділдік!

Сусыны: шай

Тағамы: ет

Кітабы: «Абай жолы»

Жазушысы: Ш.Мұртаза

Актері: А. Әшімов, Т. Жаманқұлов

Сүйікті әншісі: Алтынай Жорабаева

Әуесі: кітап оқу, тауға шығу

]]>
http://juldyz.kz/2016/10/27/zharmahan-tuyaqbaj/feed/ 0
Досмахамбет (Дос) Қалмаханұлы Көшім http://juldyz.kz/2016/10/24/dosmahambet-dos-qalmahanuly-koeshim-2/ http://juldyz.kz/2016/10/24/dosmahambet-dos-qalmahanuly-koeshim-2/#respond Mon, 24 Oct 2016 05:23:38 +0000 http://juldyz.kz/?p=2648 Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс аудынының «Дәрмене» совхозы

Туған жылы: 21.10.1955

Білімі:

Әл-Фабари атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы

Еңбек жолы:

Абай атындағы педогогикалық университетте 18 жыл қазақ тілінен сабақ берген.

1988  «Ана тілі» қоғамының құрушыларының бірі

1990   Қазақ еліндегі ең алғашқы саяси партия — Қазақ Социал-           Демократиялық Партиясын ұйымдастырушыларының бірі, тең төрағасы

1991 Азаматтық «Азат» қозғалысының төрағасының орынбасары

1996 «Демократияны Қазақ тілінде оқытып үйреті және тарату» орталығының құрышысы

1999 – 2005 «Тәуелсіз Бақылаушылардың Республикалық Жүйесі» қоғамдық бірлестігің құрушысы, президенті

2005-тен осы уақытқа дейін «Ұлт тағдыры» қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі және төрағасы

Марапаттары:

1994 Демократияға сіңірген еңбегі үшін АҚШ-тың «Техас Штатының Құрметті Азаматы» атағы

2006 «Қазақстанға еңбегі сіңген қайреткері» атағы

2008 Тіл Комитетінің «Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісі

Жазған еңбектері:

Демократиялық Принциптерді түсіндіру бағытындағы кітаптары:

  • «Демократия негіздеріне кіріспе»
  • «90-жылдардың қара сөздері»
  • «Қазақстандағы демократия мен саясат туралы 100 сұраққа 100 жауап»
  • «Азаматтардың мақсатқа жету жолында қолданылатын әдістері мен тәсілдері»
  • «Қазақтарды қалай көтеруге болады?»

Ұйымдастырған жиындары мен шерулері:

1992 жылы Алматыдағы ашаршылықты еске түсіру жиыны

1992 жылы «Азат» 6 күндік пикетті ұйымдастырушылардың бірі

2002 жылы Өзбекстанға қазақ жерін бермеу үшін ұйымдастырылған «Бағыс» митингісіне қатысушы.

«Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитетінің төрағасы,

Шаңырақ оқиғасына қатысушы 25 азаматты  қорғаушылардың бірі
Өмірлік ұстанымы:

Ұлт және демократия

Сүйікті тағамы:

Палау

Сусыны:

Шұбат

Әншісі:

Батырхан Шүкенов

Жазушысы:

Бердібек Соқпақбаев

Ақыны:

Абай

«Жұлдыздар Отбасы» журналына берген бір сұхбатында отбасы жайлы былай деген:

«Үш қызым бар. Жолдасым – ұстаз, ҚазҰУ-да географиядан сабақ береді.»

]]>
http://juldyz.kz/2016/10/24/dosmahambet-dos-qalmahanuly-koeshim-2/feed/ 0
Нұртай Сабильянов http://juldyz.kz/2016/10/20/nurtaj-sabilyanov/ http://juldyz.kz/2016/10/20/nurtaj-sabilyanov/#respond Thu, 20 Oct 2016 11:20:56 +0000 http://juldyz.kz/?p=2467 Туған жері: ШҚО, Аягөз аудыны, Шыңқожа ауылы

Туған жылы: 1.06.1962

Отбасы:

  • Анасы: Қасенхан
  • Әкесі: Салих, Ұлы Отан Соғысының ардагері
  • Жұбайы: Нұрсәуле Оразбаева
  • 5 баланың әкесі

Білімі:

  1. Алматы Халық Шаруашылық Институты, Экономикалық есептеу факультеті (1984 – 1988)
  1. Қазақ заң университеті Кәсіпкерлік-құқық факультеті (1996 – 1999)

Еңбек жолы:

1979 ж.  Аякөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасы
1980 – 1982 Ленинград қаласында Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметі
1983  «Нарын» кеңшарында құрылысшы
1988 – 1990  Алматы электротехникалық зауытында экономист
1990 – 1996 Алматы қаласындағы «Сарыарқа» акционерлік қоғамында бас бухгалтер
1996 – 2004 Алматы қаласындағы «Сарыарқа» акционерлік қоғамында қаржы жөніндегі вице-президенті – бас бухгалтер
1994 жылынан Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының мүшесі
2004 – 2007 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылым депутаты
2007 – 2011 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылым депутаты
2012 – 2016 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты
2005 – 2016  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі Тұрақты комиссиясының мүшесі
24 наурыз 2016 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты
5 сәуір 2016 жылдан бастап – «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракция жетекшісінің орынбасары

Өмірдегі басты принципі:

Бастаған істі аяғына дейін жеткізу!

Ерекшеліктері:
Бір сұхбатында «Отбасын құрғаннан кейін «Жигули» машинасын сатып алдым. Содан алты айдай әуреге түсіп, үйрене алмадым. Сөйтіп жүргенде, оны ұрлап кетті. Содан кейін рульге отырған емеспін. Менің бір кемшілігім – автокөлік айдай алмаймын» деген.

  1. Алғашқы айлығына қолсағат алған.
  2. Ол 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан
  3. Мамандырылған екі куәлікке ие – аудитор және бағалы қағаздар нарығының  маманы
  4. Сүйіп оқитын әдебиеті — қазақ, орыс классикалық әдебиеті
]]>
http://juldyz.kz/2016/10/20/nurtaj-sabilyanov/feed/ 0