Композитор — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Қаршыға Ахмедияров (1946-2010) http://juldyz.kz/2017/02/17/qarshygha-ahmediyarov-1946-2010/ http://juldyz.kz/2017/02/17/qarshygha-ahmediyarov-1946-2010/#respond Fri, 17 Feb 2017 09:49:52 +0000 http://juldyz.kz/?p=7655 Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. Ол күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі.

Балалық шағы

Өзі күйші, саятшы, қисса-термелерді төгіп айтатын Ахмедияр ақсақал жанұясын да өнер-ғұмырлық жолмен тәрбиелейді. 4 жасынан ермегі де, еңбегі де домбыра болған Қаршыға «Өнерің үстем болсын, өркенің өссін» деген ата тілеуін, ауыл батасын алып, бала күннен әншілік-күйшілік өнерімен көзге түседі. Анасы 3 жасында қайтыс болады. Кішкене кезінен әкесінің қасында жүріп, зергерлікпен де айналысқан. Жас кезінен Ғарифолла Құрманғалиевті үлгі тұтқан. Соған еліктеп, ауылда ән де салған.

Болмысы қандай?

«Қаршыға көзі жарқылдаған, ашық мінезді адам еді. Тез ашуланатын. Күйге қиянат жасалса, оған көндіге алмай кететін. Адамды бір көргеннен жақсы танитын. Өте сезімтал, өмірге өз көзқарасымен қарайтын еді. Бір концертте Әлібек Дінішев «Айттым сәлем, қаламқасты» шырқаған болатын. Көзіне көзім түскенде ағайға қарасам, ол жылап отыр екен. Сұрауға ыңғайсыздандым. «Не болды?» деп бәрі біткесін сұрасам, «Абайдың өлеңдерін тыңдасам, жылағым келеді» деп жауап берді. Осыншалықты сезімтал еді». (Біләл Ысқақовтың естелігінен)

Еңбек жолы

Қаршыға 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіргеннен соң 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарады. Ахмедияровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары да бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қаршыға Ахмедияров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия т.б. көптеген елдерде болды.

Отбасы

Жұбайының есімі — Нұрбике Жұмағалиқызы. Ұл-қыздары – Раушан, Ерлан мен Ерболат және немерелері бар.

Қаршығаны қинаған ауру…

«1978 жылы кешкілік концерттен үйге келе жатқанымда көшенің бұзақы балалары есіктің алдында соққыға жығып, сабап кетті. Түннің бір уағында есімді жиып үйге келдім. Сол жақ бүйректі теуіп зақым келтіргеннен дәретімнен қан жүріп, үш күн жатып қалдым. Кішкене тәуір болғанда Индияға гастрольдік сапармен кеттім. Ол кезде қайда, жас кезіміз, жанға батып ауырмаған соң мән бермей жүре бердік. Оның үстіне бұл сырқаттың созылмалы түрі көбіне білдіртпейді, шаншып қатты да ауырмайды.  Сөйтіп, 1983 жылы дәрігерлер пиелонефрит деген диагноз қойды. Ол дегеніңіз адам ағзасы зәрден, тамақтан бөлініп шығатын артық улы заттармен уланып, қанға қажетті элементтер бүйрек өз жұмысын атқара алмағандықтан дәретпен сыртқа шығып кетеді. Мұның ақыры бүйректі семуге әкеледі. Содан жылына екі рет ауруханаға жатып шығамын, дәрігерлер күтіну керек деді. Ауруым меңдей бастады. Ол кезде бүгінгі Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Үкіметте мәдениет саласын басқаратын. 1994 жылы Қытайға қағаз жібердік. Олардан “Сізге осы ауруыңызбен әлі жүре тұруға болады, өте қатты асқынған кезде, қанға түскен креатинин 400-ден асқанда хабар жібересіз” деген хат алдық. Содан 2000 жылы жаз айында креатинин көбейіп, 600- ге жетті. Бұл өлімнің бер жағы. Бірден Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталықтың жасанды бүйрек ауыстыратын бөліміне бардым. Ондағылар бүйректің тек 15 пайызы ғана жұмыс істеп тұрғанын, операциядан басқа жол жоқ екенін айтты. Бірінші кезеңде күре тамыр (артерия) мен тамырды қосып бүйректі жасанды аппаратқа жалғап, аптасына екі-үш рет қанды тазарту, яғни гемодиализ жасау керектігін, ал алты айдан кейін екінші кезең, басқа ауруыңыз жоқ болса, анализдеріңіз дұрыс шықса, донор бүйрек салу қажеттігін айтты. Ол үшін алдымен бүйрек іздеу керек, болмаса шетелге барып салдыруыңызға да болады. Өйткені оларда бұл тәжірибе отыз жылдан бері қолданылуда деп кеңес берді. Енді амал жоқ: не өлім, не бүйрек салдыру. Сөйтіп, қанымды тазалай бастады. Қарашаның 29-ы күні жұбайым Нұрбике екеуміз домбырамызды көтеріп Қытайға ұштық. Бұл екі арада біздің дәрігерлер 1500 креатининді 500-ге түсірді. Қаражат керек, күтініп арасында жұмысқа да барып жүрдім. Жалпы Қытайға баруым жөнінде тікелей айналысқан Иманғали болды. Мен Атырау облысының құрметті азаматымын ғой. Халыққа дереу хабарлап, маған арнайы есепшот ашты. Бүкіл халық хал-қадерінше көмектесті. әрине, мұның бәрі оңай жұмыс емес еді.

Сөйтіп, 29 наурыз күні төрт ай сарылып күткен операцияға жаттым-ау. Олар екі бүйрегіме тиіспей, донор бүйректің зәр шығаратын түтікшесін (мочеточник), бүйректің қан тамырларын алып мендегі түтікше мен қан тамырларына жалғап қойды. Ал өзімнің екі бүйрегіме тимеді, олар өз қызметін тоқтатқан соң етке, болмаса шандырға айналып кететін көрінеді». (Күйшінің сұхбатынан)

Алайда, дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға ағаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті.

Жетістіктері

Қаршыға Ахмедияровтың «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сында атақты күйшілердің күйлерін жинап, «Атырау» деген күйлер жинағын жарыққа шығарды. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.

Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты. Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» ордені мен марапатталды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/02/17/qarshygha-ahmediyarov-1946-2010/feed/ 0
Секен Тұрысбеков http://juldyz.kz/2017/02/03/seken-turysbekov/ http://juldyz.kz/2017/02/03/seken-turysbekov/#respond Fri, 03 Feb 2017 12:00:05 +0000 http://juldyz.kz/?p=7118 Секен Тұрысбеков 1961 жылы 12 наурыз күні (құжат бойынша 1 мамыр) Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол ҚР Еңбек сіңірген әртісі, күйші.

Бала Секен

Секеннің азан шақырып қойған аты – Серікболсын. Үйдегілер еркелетіп Секен деп атап, содан құжатта да Секен болып кеткен. Оның домбырашы Төлебай деген нағашысы болған. Домбыраға деген қызығушылығын сол оятқан. «Үйдегі кілемнің жоғарғы жағында әжемнің көрші ауылдан алып келген бір шекті домбырсы ілініп тұратын. Оны кішкентай балалардың қолдары жетпейтін жерлерге қоятын. Бір күні ауырып жатып, әлгі домбыраны қолыма алып, кез келген әуенге салсам, ойнап кетеді. Кейін айтқали көршімнен екі шекті домбыраны тартуды үйрендім. Өзім де ШҚО, Тарбағатай ауданы, Үржа елді мекеніндегі орта мектепке алғаш барғаннан домбыра үйірмесіне қатыстым» (Секен Тұрысбектің сұхбатынан)

8-сыныпты бітірген соң Секен Семейдегі М.Төлебаев атындағы училищеге оқуға түседі. Ары қарай білімін Қазақ Ұлттық консерваториясында жалғастырады. Ұстазы Мәлгаждар Әубәкіров болады. Секеннің «Мәлгаджар» атты күйі аяулы ұстазына арналған.

Еңбек жолы

Секен консерваторияны бітіргеннен кейін «Сазген» ансамблі кұрамында еңбек етеді. 2001 ж. Еуразия университеті жанындағы «Қоңыр қаз» ансамблінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. 

«Көңіл толқыны» қалай туды?

Бұл күй Алматыға Секеннің алғаш келген 1985-87 жылы дүниеге келген шығарма. Қос құлыны Анар мен Жанар бірінен кейін бірі дүниеден өтеді. Сол күндері жер бетіне сыймай, жабығып, күйзеліп жүргенінде осы күйді шығарған.

«Ақ жауын» оркестрі қашан құрылды?

1994 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев Секен Тұрысбековке оркестр құру туралы ойын айтады. Сөйтіп, құрылады. Алайда, алғашында біраз қиындықтар болады. 1997 жылы алғашқы концертін береді. Оркестрді халықтың үміті мен қайғысы,өткені мен келешегі туралы ой қозғаған «Ақ жауын» күйімен атаған.

Отбасы

Ұлы Азамат заң саласын таңдаған. Қызы Аят Ұлттық музыка академиясының теория және композиторлық кафедрасында білім алып жатыр. Екеуі де отбасылы.

Жетістіктері

Секен Тұрысбеков алғашқы күйі «Көңіл толқынын» 24 жасында шығарады. 28 жасында Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығын иеленеді. Ол кезде бұл сыйлық Халық әртісін алудан да қиын болған. Ал 31 жасымда Республикаға еңбегі сіңген әртіс атанады. Ел ішінде бұл атақ маған ерте берілді деген әңгіме тарады. «Көңіл толқынынан» кейін «Ақ жауын», «Ару ана», «Өкініш» атты күйлерім дүниеге келеді. Кейін Халық әртісіне ұсынған кезде, «атақтарыңа да, даңқтарыңа да рақмет» деп өзі бас тартады.

Бүгінге дейін Секен «Көңіл толқыны» (1985 ж), «Өкініш» (1986 ж), «Боздақ» (1986 ж), «Ақ жауын» (1986 ж), «Аруана» (1987 ж), «Дарабоз» (1987 ж), «Балауса» (1988 ж), «Мәлгаждар» (1996 ж), «Күлтегін» (2001 ж), «Ақжүніс» (2005 ж), «Жазғы қар» (2006 ж), «Көкбөрі» (2009 ж) атты 12 күй шығарған. «Көңіл толқынынан» бұрын 1983 жылдары бірнеше ән жазған. «Аққу сазы» деген әнін Мақпал Жүнісова «Азия дауысында» орындаған.

]]>
http://juldyz.kz/2017/02/03/seken-turysbekov/feed/ 0
Әбілахат Смағұлұлы Еспаев http://juldyz.kz/2016/11/16/abilahat-smaghululy-espaev/ http://juldyz.kz/2016/11/16/abilahat-smaghululy-espaev/#respond Wed, 16 Nov 2016 06:31:30 +0000 http://juldyz.kz/?p=3712 Әбілахат Смағұлұлы Еспаев — көрнекті композитор. 240-қа жуық әндер мен романстардың авторы, 8 спектакльге музыка жазған. Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі”, С.Адамбековтің «Күн мен көлеңке”, Ә.Тәжібаевтың «Той боларда” спектакльдеріне және И.Байзақовтың «Ақбөпе” поэмасы бойынша радиоқойылымға музыка жазды. 1973 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ән байқауында Ж.Жабаевтың сөзіне жазылған «Одағым – бақыт ордасы” атты әні үшін жүлделі екінші орынды иеленді. Композитордың ән мұрасы қазақ өнерінің алтын қорына енген.

Туған жылы: 25 қазан, 1925 жылы (1980 жылы 30 сәуірде дүниеден өтті);

Туған жері: Қостанай қаласы (бұрынғы Торғай), Тобыл өзенінің жанындағы екінші ауылда дүниеге келген;

Білімі:

  1. Могилев әскери училищесінде офицерлер курсы;
  2. 1951 жылы Алматыда ҚазМУ-де оқып жүріп (қазіргі ҚазҰУ), сол жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы) композиторлық факультетіне ауысады;

photo06022015_04Еңбек жолы:

  • 1942 жылы 17 жасында өз еркімен майданға сұранып аттанады;
  • 1948 жылы әскерден оралған жас офицер мектепте мұғалімдік қызмет атқарады;
  • 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор.

Шығармалары:

  • «Туған ел» әнін мектеп қабырғасында, 17 жасында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сапақовтың өлеңіне жазған.
  • «Днепро туралы жыр» (С.Мәуленовтікі) әні
  •  «Аққуым» (Ж.Молдағалиев)
  • «Ақ сәуле» (Қ.Аманжоловтікі)
  • «Маржан қыз» (С.Адамбеков)
  • «Қазақ частушкасы» (М.Әлімбаев)
  • «Шофер келді қырманға» (Т.Ысмайылов)
  • photo06022015_03«Қыз қуу» (Қ.Сатыбалдин)
  • «Бейбітшілік сақталады» (Н.Шәкенов)
  • «Республика туралы жыр» (І.Мәмбетов)
  • «Торғай толғауы», «Жангелдин отрядының әні» (Ғ.Қайырбеков)
  • «Солдат сәлемі» (Н.Шәкенов)
  • «Толқиды Тобыл» (С.Тұрғынбеков)
  • «Сағыныш екен бала кез» (О.Әубәкіров)
  • «Өзің де жігіт, қызықсың» (М.Әлімбаев)
  • «Қыз әзілі» (Қ.Шаңғытбаев)
  • «Жігіт жауабы» (Ә.Жәмішев),
  • «Ұстазым менің, ұстазым» (А.Шамкенов)
  • «Қайдасыңдар, достарым» (Қ.Ыдырысов)
  • «Орамал» (Ғ.Орманов), т.б. әндері халыққа кең тараған.
  •  «Ақсәуле» (1967 ж.), «Ортеке» (1969 ж.), «Аққуым» (1975 ж.), «Ұстазым менің, ұстазым» (2008 ж.) т. б. ән жинақтары шыққан.

 

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/16/abilahat-smaghululy-espaev/feed/ 0
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев http://juldyz.kz/2016/11/11/nurghisa-atabajuly-tilendiev/ http://juldyz.kz/2016/11/11/nurghisa-atabajuly-tilendiev/#respond Fri, 11 Nov 2016 10:30:36 +0000 http://juldyz.kz/?p=3553 Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы.

Туған жылы: 1 сәуір, 1925 жылы  (15 қазан, 1998, Алматы)

Туған жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы (Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі)

Білімі:

  • Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетінде (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) оқыды;
  • Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ Ұлттық Консерваториясы) оқыды;

Отбасы: Жары Дариға Тілендікеліні, қызы Дінзухра Тілендиева

Еңбек жолы:

  • 1953 — 1961 ж. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында;
  • 1961-1964 ж. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде бас дирижер, көркемдік жетекші;
  • 1964 -1968 ж. Абай атындағы опера және балет театрының директоры;
  • 1968 — 1981 ж. «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді;
  • 1981-1998 ж. Тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде бас дирижер қызметін атқарды.

Марапаттары:

  • Қазақ КСР халық әртісі;
  • КСРО халық әртісі;
  • Қазақстанның халық әртісі;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді;
  • Отан ордені;
  • II дәрежелі Отан соғысы ордені;
  • Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
]]>
http://juldyz.kz/2016/11/11/nurghisa-atabajuly-tilendiev/feed/ 0