Ғалым — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. https://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/ https://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/#respond Wed, 24 Jan 2018 17:56:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=13549 Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның  Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі(19921996)

Туған жылы: 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келеген.

Білімі: 1965 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің жанындағы Шығыс тілдері институтын қытай филологиясы мамандығы бойынша бітіреді. М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын 1969 жылы «Проблемы национального своеобразия современной казахской литературы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаумен аяқтайды. 

Отбасы: Қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келген. Анасы Фатима Ғабитова Мұхтар Әуезовтың шаңырақ көтерген төртінші әйелі. Мұрат Әуезовтың 2 әпкесі 1 ағасы болған. Олар: Мұғамиля, Ләйлә, Ернар. Өкінішке орай, қазір Мұрат Әуезовтың ғана көзі тірі.

Мұрат Әуезовтың әпкесі -1918 жылы Мұғамиля Әуезова дүниеге келген. Ол кісі 90 жыл өмір сүрген .Мұғамиля апа өзін «Еңлік-Кебектің» замандасымын деп атаған екен.

1929 жылы Лейла- ол кісі де М.Әуезовтың әпкесі. Ләйлә Әуезова -тарихшы-ғалым, тарих ғылымының докторы. 1963 жылдан өмірінің ақырына дейін М. О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі болды. Оның «19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егін шаруашылығының дамуы» және «М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» деген келемді монографиялық зерттеулері қалың оқырманға жақсы таныс

Ернар Әуезов -1935 жылы дүниеге келген. Ернар- Мұрат Әуезовтың бауыры. Биология саласына өмірін арнаған және жетістіктерге жеткен ғалымдардың бірі. Өз жұмыстарында ол Алакөл мәселелерін, Қазақстан табиғатын қорғау жөнінде зерттеген. Сонымен қатар, әкесінің жазушылық қасиетін бойына сіңіріп, Алакөлде табылған реликтілік шағала жайлы жоғары көркемдік эссе жазған. Реликтілік шағаланы зерттеу арқылы ол әлемнің ғалымдарын осы мәселеге назар аудартқан.

Мұхтар Әуезовтың 3 әйелі болған және 2 баласы бар. Қызы Зифа-Алуа Мұратқызы және Мағжан Мұратұлы Әуезов.

Қызметі: 1965-1977 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.

1977-1980 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары — Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі.

1982-1988 жылдары — «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі.

1988-1990 жылдары — Халықаралық «Невада — Семей» қозғалысының вице-президенті.

1990-1992 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы.

1992-1995 жылдары — Қазақстанның Қытайдағы Елшісі.

1995-1997 жылдары — Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі.

1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған.

2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған. Қазір М.Әуезов қорының президенті.

 

]]>
https://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/feed/ 0
Қайым Мұхамедханов https://juldyz.kz/2016/11/03/3163/ https://juldyz.kz/2016/11/03/3163/#respond Thu, 03 Nov 2016 05:42:08 +0000 http://juldyz.kz/?p=3163 Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедханов

Туған жылы: 5.01.1916

Дүниеден өткен жылы: 30.06.2004

Туған жері: Семей қаласы

Отбасы: Жары: Фархинүр

Балалары: Мүслима, Қазыбек, Роза, Жәнібек, Назым, Бекет, Қанағат, Дина, Дегдар және Қарлығаш.

Қызметі:

  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры
  • КСРО жазу­шылар Одағының мүшесі (1940 ж.). Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің алғашқы құрметті профессоры

molodj-muhamedhanov-kopirovat

Білімі:

1935-1937  пән мұғалімдерін дайындайтын екі жылдық курс

1937-1939 Семей педагогика институтының филология факультеті

Мұхтар Әуезов оған үлкен үш тапсырма берген екен.

  • Абайдың ақындық мектебін зерттеу
  • Абайдың тұңғыш мемлекеттік музейін ашу
  • Абай өлеңдерін түп нұсқасын сақтап, өзгеріске ұшырауына жол бермеу

kayum-i-muhtar-kopirovat 14

1935-1939 жылдарда “Семей облысындағы жас ақындардың шығармашылыгы туралы”, М.Әуезовтың “Шекарада”, Ғ.Мүсіреповтың “Қыз-Жібек”, Ш.Құсайыновтың “Боран”, К.Сагирдың “Ер тарғын” пъесалары бойынша театрдағы қойылымдар жайында, тұңғыш қазақ кинофильмі “Амангелді” туралы, М.Горький, Н.Островский жөнінде әдеби-сын түрінде мақалалары баспасөз бетінде жарияланады.

“Абайдың әдеби мектебі” деген атпен Ақылбай мен Мағауия Абай ұлдары, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп, Әсет жайлы мақалалар сериясын жариялайды, Абайдың бұрын белгісіз болып келген 9 өлеңін тауып, оларға түсінік жазып, ұлы ақынның 1945 жылы шыққан жинағына енгізеді.
1951 жылы “Абайдың әдеби мектебі” деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясы, “Абайдың ақындық айналасы”, “Абай шығармаларының текстологиясы жайында” монографиялары – әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар.
Диссертация қорғалып, 8 ай өткен соң (1951жылы 1 қаңтарда) тұтқындалып, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Жазықсыз жазаға ұшырап, Абайдың ақындық мектебіне “Ұлтшыл ақындарды” енгізгені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылып, артынан төрт жылдан кейін толық ақталып шығады.
1959 жылы “Мағауия Абайұлы Құнанбаев”, “Абай шығармаларының текстологиясының монографиялық зерттеулері жеке-жеке кітап болып басылып шықты.

1968 ж. С.Анисимовпен бірлесіп, Семейдің 250 жылдығына арнап “Жастық шағымның қаласы” атты деректі фильмнің киносценариін жазды.

1991-1995 ж. ҚР ҰҒА М. О. Әуезов атындағы әдебиет жөне өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.

Драмалық шығармалары:

  • «Перне», 1944
  • «Майданнан майданға», 1947
  • «Комиссар Ғаббасов», 1960
  • «Ер Білісай», 1974

Аудармалары:

  • Әзірбайжан драматургі У.Гаджибеков «Аршин мал алан», 1941
  • Татар жазушысы Ш.Камал «Хажы әпенді үйленеді», 1967
  • Татар поэзиясының класигі «Сормандай Лиза»

Марапаттары:

  • КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі белгісі
  • Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі белгісі
  • Құрмет грамоталары
  • Қазақстан жазушылар Одағының Абай атындағы алғашқы Халықаралық сыйлығы
  • Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығы
  • Халықаралық Абай академиясы сыйлығы
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы
  • Семей, Аягөз қалаларының, Абай, Жаңасемей аудандарының қүрметті азаматы.

tom-2_105-wwww-kopirovat 12

]]>
https://juldyz.kz/2016/11/03/3163/feed/ 0
Асқар Жұмаділдаев https://juldyz.kz/2016/10/26/asqar-zhumadildaev/ https://juldyz.kz/2016/10/26/asqar-zhumadildaev/#respond Wed, 26 Oct 2016 06:28:19 +0000 http://juldyz.kz/?p=2868 Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев

Ғалым, математика- физика ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР-ның ҰҒА-ның академигі

Туған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті

Туған жылы: 25.02.1956

Еңбек жолы:
1980-1990 жылдары Математика және механика институтында кіші аға, жетекші
1990- нан бастап Математика және механика институтында алгебра лабораториясының меңгерушісі

Шетелдегі еңбек жолы:

1986 Германиядағы Гамбург Университетінің профессоры

1995-1996 Мюнхен университетінің профессоры

1996-1999 Билефельд Университетінің профессоры

1997 жылы Кембридж Университетінің жанындағы Ньютон институты

1998,2001 Салам атындағы Халықаралық Теориялық Физика Орталығы

1998-1999 Швеция Корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер институты

2001 Канадағы Фильдс атындағы Математика институты

2002 Вена қаласындағы Шредингер Институты

2005 Бонн қаласындағы Макс Планк атындағы Математика Институты
Ғылыми дәрежелері:

  • 1981 – Физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым Академиясының Математика институты, Мәскеу)
  • 1988 – Физика-математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым Академиясының Математика институты, Ленинград)
  • 1990 – Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры
  • 1995 – ҚР ҰҒА-ның академигі

 img_0847

Өмірлік ұстанымы:

Көз – қорқақ, қол – батыр.

Сүйікті тағамы:

Қазақтың барлық тағамы, Грузин асханасы

Сусыны:

Шұбат, қымыз

Әншісі:

Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев, Рамазан Стамғазиев.

Жазушысы:

Лев Толстой, Антон Чехов

Ақыны:

Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Шаханов, Мұқағали Мақатаев

Мектепті қызыл аттестатқа бітірген. Ұялы телефон қолданбайды. Атасы Жұмакеннің қолында өскен. Анасы мектептегі барлық табельдері мен дәптерлерін сандыққа жинаған, осы күнге дейін сақтаулы.

]]>
https://juldyz.kz/2016/10/26/asqar-zhumadildaev/feed/ 0