Өмірбаян жинағы — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Әбдуәли Қайдар: Өмірден көрген-түйгенімді кітап бетіне түсіріп кеткім келеді https://juldyz.kz/2019/03/28/abduali-qajdar-oemirden-koergen-tujgenimdi-kitap-betine-tusirip-ketkim-keledi/ https://juldyz.kz/2019/03/28/abduali-qajdar-oemirden-koergen-tujgenimdi-kitap-betine-tusirip-ketkim-keledi/#respond Thu, 28 Mar 2019 08:11:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=15947 – Әбдуәли аға, өзіңіз дүниеге келген өлке жөнінде айтып берсеңіз.
– Туған жерім Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауданы. Қаракемер ауылының қалың тал өскен бұлағының бойында, 1924 жылы анам мені дүниеге әкеліпті. Отбасымызбен бір жерде ұзақ тұрақтап тұра алмадық. Әкемнің қызметіне байланысты біраз ауданды араладық. Ұйғыр, Шелек, Еңбекшіқазақ аудандарында да, Алматыда да оқыдым. 1936 жылға дейін киіз үйде тұрдық. Әлі есімде, Есік өзенінің жоғары жағындағы жазық жерде біздің киіз үй тігулі тұратын. Өмірімнің ең бақытты шағы Есік қаласында өтті.
– Ата-анаңыз қандай жандар еді?
– Әкем Қайдар қақ-соқпен ісі жоқ момын адам болатын. Бар өмірі бала-шағасын асырап-бағумен өтті. Анам Жанбала соғыс жылдарында да, одан кейінгі уақытта да ұжымшарда қызмет етті. Анамның бір ерлігін айтып берейін. Мен соғысқа қатысқан адаммын. Біз Польша мен Германияның ортасындағы Штеттин деген қалаға жеткенде соғыс аяқталды. 9 мамырдан соң 9 күннен кейін ауылға қайттық. Өзіміздің тоқал тамға келсем, белгісіз біреулер жүр екен. Анама: «Мыналар танымайтын адамдар ғой. Бұлар кімдер?» – десем, – «Бұл адамдар – осында қоныс аударылған шешендер мен ингуштер. Радиодан жер аударылғандарды ауылдық кеңсеге әкелгенін естіп барып едім. Бір киіздің астында екі баласымен жастау екі адам бүрісіп жатыр екен. Жаным ашып, үйге әкелдім», – деп жауап берді. Сол отбасының кішкентайлары қазақша білім алып, Қарағандыдағы әскери мектепте оқыды. 1958 жылы жер аударылғандар өз елді мекендеріне қайтқанда олар да Шешенстанға кетті. Кейін мен іссапармен сонда барғанда жергілікті жұрттан «Ахмет Галогаев деген бар ма?» деп сұрастырып көріп едім, «Ойбай-ау қазір министрдің орынбасары» деген жауап естідім. Тауып алып, хабарластым. Мен отырған қонақүйге өзі іздеп келді.
Біз бір түтіннен соғысқа төрт адам аттандық. Әкеміз 1941 жылы соғыс бастала салысымен майданға кетті. 3 шілде күні радиодан сөйлеген Сталиннің сөзінен кейін кеше ғана көшеде асық ойнап жүрген біз бірден ересек болып шыға келдік. Әкемізбен қатар, Майлыбай, Сексен деген інілері де аттанды. Төртінші болып мен кеттім. 1941 жылы жазғы демалыс аяқталып мектепке барсам, сабақ беретін ер мұғалімдер жоқ. Барлығы соғысқа кетіп, тек әйел мұғалімдер қалыпты. Өзім қатарлас бір топ бала жиналдық та, Есік қаласынан шығатын «Үлгілі колхоз» деген газетке «Жасымыз кіші болса да, мылтық көтеруге шамамыз жетеді» деп арыз жазып, өз еркімізбен соғысқа сұрандық. Жастығымызды ескеріп, бізді бір жылдан кейін, яғни 1942 жылы мамырдың 3-і күні жаяу Есіктен Алматыға алып келді.Картинки по запросу әбдуали қайдар
– Отбасында неше бала өстіңіздер?
– Анам –тоғыз құрсақ көтерген адам. Жасы 95-ке келіп, Алматыда менің қолымда қайтыс болды. Тұңғышы менмін. Әкеміз аңсап күткен сегізінші перзент қыз бала болыпты. Есімі – Роза. Қазір осында тұрады. Балалы-шағалы. Химия ғылымының кандидаты. Екеуміздің арамыздағы Молдағали, Мұхамәди, Болатқали деген інілерім ерте қайтыс болып кетті.
– Ал оқушы кезіңіз қалай өтіп еді?
– Бала болғаннан кейін өзімізше дос және қас болып екі топқа бөлінетінбіз. Бірде бір орыс бала мені ұрып кетті. Үйге келіп жылап отыр едім, әкем жаныма келіп: «Балам, неге жылап отырсың?», – деді. «Орыстың баласы ұрып кетті», – деп едім, – «Есіңде болсын! Шамаң келмесе, тиіспе. Шамаң келмей таяқ жеп алсаң, үйге жылап келме», – деді. Сол сөздері әлі күнге дейін жадымда. Мен Тұманбай Молдағалиевпен бір мектепте оқығанмын. Бір күні мені мерейтойына қонаққа шақырды. Мерейтой үстінде оқушы кезімде сабақ берген Янка деген неміс апайымды кездестірдім. Небары он сегіз жасар қыз болатын. Мектепке үш шақырым қашықтықтағы колхоздан келіп, оқитынмын. Жан-жақтан келіп оқитын әртүрлі балалармен араласатынмын. Өзімнен ересектеу бір жігіт бізге арақ ішуді, темекі тартуды үйреткісі келетін. Сондықтан көзіне түскіміз келмей, қашып жүретінбіз. Бір жағынан орыстың балалары ұйымдасып, колхоздан келе жатқан жолдағы көпірдің астынан шыға келіп, бізге тиісетін. Мектепке бірге келіп, бірге қайтатын Қали деген досым бар еді. Бір күні әдеттегіше екеуміз бірге келе жатқанымызда ол: «Бүгін тағы да орыстың балалары алдымыздан шығады. Сондықтан оларға қарсы қайрат көрсетейік. Мына сайда жыланның ордасы бар. Сол жерден бір-бір жылан ұстап алайық. Тісін қағып тастасаң, шақпайды», – деді. Сайға барсақ, расымен де жылан көп екен. Бір-бірден ұстап алып, тісін қағып, қалтамызға салып алдық. Көпірге жақындағанымызда төрт-бес бала шыға келді де, тиісе бастады. Біз де қарап қалған жоқпыз. Қолымыздағы жыланмен оларды қуып жүріп сабадық. Сабаздарыңа жан керек екен, енді бізге тиместей болып қашып кетті. Бір жыланымыз өліп қалды да, екінші жылан тірі күйінде менің қалтамда қалды. Мектепке келдік. Бірінші сабақ – неміс тілі пәнінен жаңағы Янка апайымыз беретін. Досым екеуміз бірінші партада отырамыз. Сабақ басталып кеткен. Бір кезде апайым «Ой, мама!» деп шыңғырған күйінде сынып бөлмесінен сыртқа атып шықты. Сөйтсем, қалтамдағы жылан жатқан жерінен ақырын жорғалап шығып, мойын тұсыма жақындап қалыпты. Мен оны сезбеппін. Апайым болған жайды директордың орынбасарына барып айтыпты. Ол да жыланнан қорқады екен. Сынып бөлмесіне кірмей, есіктің аузынан «шығыңдар» деп айқай салды. Осылайша Янка апайымызды бір қорқытқан едік. Ұстазым «мені бір қорқытып едіңдер, бәрі де есімде» деп өткенді күліп есіне алды. Кішкентай кезімде жайлауда мені жылан шаққан екен. Молдалар шаққан жыланды ұстап алып, сонымен емдепті. Ересек балалардың жыланның ордасына итеріп жіберген кездері де болды. Одан да аман қалыппын. Негізі, мен сурет салуды, музыканы жақсы көретін адаммын. Мандолинде ойнайтыным бар. Ұжымшардан келе жатқанда алыстағы баған басындағы радиодан скрипканың үні естілетін. Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдамай мектепке бармайтынмын. Соның салдарынан сабаққа талай кешіккенмін. Жоғарыда отбасымызбен көшіп-қонып жүретінімізді айттым. 1- сыныпты – татар, 2-сыныпты – ұйғыр , 3 — сыныпты қазақ мектебінде оқыдым. Бұл тіл үйренуіме көмектесті. Орыс, татар, ұйғыр тілдерін жетік меңгердім. 9-сыныпты бітірген жылы соғыс басталды да, 10-сыныпқа бармай, соғысқа аттанып кеттім. Соғыстың алдында Ташкентте үш ай әскери курста оқуда рациямен жұмыс жасауды үйрендім. 1942 жылы қыркүйек айында бізді Мәскеу қаласына алып барды. Ол жақта бірнеше күн түнедік. Соғысқа бірге аттанған жиен ағайым бар еді. Екеуміз «Не болса да бірге болайық» деп қол ұстасып сапта тұрғанымызда, командирлер оны Кавказға, мені Калинин майданына бөлді. Бізді бір жарым жыл уақыт бойы Великие Луки қаласын жан-жағынан қоршауға алған жау әскерімен шайқасуға аттандырды. 1942 жылы желтоқсан айында бір шабуылда қолыма оқ тиіп, командир медпунктке жіберді. Барсам, жаралы жауынгерлер көп болғандықтан орын жоқ екен. Жанымда бір жауынгер бар еді. Дәрігерлер екеумізге: «Өздерің жүре алады екенсіңдер. Қаланы аралап, жататын үй тауып алыңдар», – деді. Сонымен бір әжейдің үйін тауып алдық. Жаралы қолымды әлсін-әлсін тазалап, таза дәкемен байлап тұру керек. Бізде ондай жағдай болған жоқ. Жылы үйде жата бердік. Бір аптадан соң қолымның жыбырлай бастағанын сездім. Әжейден «Қолым неге жыбырлайды?» – деп сұрап едім, – «Наверное, там что-то творится», – деді. Содан госпитальға бардық. Дәрігерлер шинелімнің жеңін қайшымен қиған кезде жерге тырс-тырс етіп аппақ құрттар түсе бастады. Сөйтсем, қолым құрттап кетіпті. Ем қабылдағаннан кейін сол түні тырп етпей ұйықтадым. Госпитальда екі ай жатып, жазылып шыққаннан кейін мені майдан даласына жібермей, «9 сыныпты бітірсең, әжептәуір білімің бар екен» деп, Джанов атындағы әскери-инженерлік училищеге оқуға қалдырды. Алты ай оқып, әскери техниканың тілін үйреніп, кіші лейтенант атанып шықтым. Бір аптадан соң ұшаққа отырғызып, қайтадан майданға жіберді. Алдыңғы шепте жүріп шайқасып, взвод командирі болдым. Штеттин қаласына жеткенде жеңіс те келіп жетті. Немістердің өздері «Гитлер капут!» деп айғай салып, ұзақ күттірген жеңісті бізбен бірге қарсы алған еді.
– Соғыстан кейінгі өміріңіз қалай өрбіді?
– Соғыстан кейін бір жылдай Есік қаласындағы әскери комиссариатта жұмыс істедім. Ел қатарлы білім алу үшін үстімдегі әскери киімдеріммен мектепке барып, бітірмей кеткен 10 сыныбымды өзімнен кіші балалармен оқып шықтым. Оқуды аяқтаған соң, Алматыға келдім. Физик те, математик те болғым келді. Сурет училищесіне де құмарлығым ауды. Ақырында КазГу-дың тарих-филология факультетіне оқуға түстім. 1951 жылы Қаныш Сәтбаев өзі ашқан академияға аспиранттарды қабылдай бастады. Ұйғыр тілінің маманы ретінде аспирантураға оқуға түстім. Бірақ 25 жылдан кейін қазақ тілі бөліміне ауыстым. Ұйғыр тілінде де, қазақ тілінде де жазған еңбектерім бар. Сондықтан болар, көпшілік мені түркология ғылымының маманы деп есептейді. Монографиялық еңбек те жаздым. Оқулықтарым жоғары оқу орындарында оқытылады. Мектеп оқушыларына арналған оқулықтарым, сөздіктерім бар. Аспирантураға түскеннен кейін маған Малов деген кісіні жетекші етіп тағайындады. Ол кісі кітап жазып жатқандықтан уақыты болмай, өзінің досы – Константин Ирдахин деген түрколог ғалымға жіберді. Кандидаттық, докторлық диссертациямды Бакуда қорғадым. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында бөлім бастығы қызметінен көтеріліп, 14 жыл директордың орынбасары, 18 жыл директор болдым. Ғылыммен айналысқан жылдарымның жемісі – осы уақытқа дейін 54 кітап жазыппын, 80 кандидант дайындаппын, оның 15-і доктор. Сексен шәкіртті дайындау дегеніңіз – сексен баланың әкесі атанғандай сезім.
– Сізді ғылымға жетелеген, бағыт берген ұстаздарыңыз кімдер?
– Менің ұлағатты ұстаздарым Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Ғайнетдин Мұсабаевтар еді. Үшеуі де бұл күнде о дүниелік болып кетті.
– Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына сіздің тигізген ықпалыңыз мол болған деседі…
– Мемлекеттік тіл деген әншейін атақ емес. Мемлекеттік тіл – заңдық құқық беретін категория. Ол мемлекеттің қорғауындағы тіл болуы керек. Оны өзгертуге, басқа тілмен ауыстыруға болмайды. «Мемлекеттік тіл орыс тілі болсын, ол – достықтың зертханасы» дегендер де болды. Ортақ тіл, екінші тіл деген болмайды. Г.Колбин мырза «Екінші тіл» дегенді айтып еді, қазақ интеллигенциясы екіге бөлінді. Сол кездері мен Колбиннің алдында бірнеше рет сөз сөйлеп, бізге мемлекеттік тілдің қажеттігін айтып, дәлелдеп шыққан болатынмын. Өзіміздің қазақтардың арасында «Екі тілді қатар алып жүре берейік» дегендер де болды. Марқұм Қалтай Мұхамеджанов ол уақытта жиырма алты адамнан тұратын комиссияның мүшесі еді. Мемлекеттік тіл айтысын талай көрді. Неге екенін білмеймін, Ісмет Кеңесбаев «Екінші тіл» мәселесін қолдады. Сол кезде тілі ащы Қалтай Мұхамеджанов: «Мен бір анекдот айтайын. Баяғыда бір бай бір түйесін жоғалтып, «Түйемді базарға сатамын дейтіндер болса, мен сол түйені алып кеткен адамның өзіне бір сомға сатамын» деген екен. Бірнеше күннен кейін түйесін базардан көріп, «Ойбай, мынау менің түйем ғой!» деп жабыса кетіпті. «Қанша тұрады?» десе, сатушы «Бір мың бір сом» дейтін көрінеді. Ол түйені әкелген адамның «Бай бір сомға сатамын, деп еді. Сол уәдесінде тұрсын» деген оймен айтқаны ғой. Сонда бай «Түйенің құны – бір сом, бірақ түйенің мойнындағы мысықты көрдің бе? Сол мысық екеуі бір күнде туған. Сондықтан мысықпен қоса сатамын. Екеуін бөлуге болмайды. Мысық – мың сом, ал түйе – бір сом» деген екен. Сол сияқты орыс тілі – мың сом, қазақ тілі – бір сом болып тұр ғой», – деп Кеңесбаевты сынапты. Кейін Кеңесбаев «Красная звезда» деген газетке «Біз орыс тілінсіз ешқайда бара алмаймыз» деп мақала да жазды. Ал мен жиындарда: «Кеңесбаев ол сөзді саяси астармен айтқан шығар. Негізі, ол кісі қазақ тіліне қарсы жан емес еді», – деп айтып жүрдім. Картинки по запросу әбдуали қайдар
– Жоғарыда музыканы жақсы көретініңізді айттыңыз. Ән айтатын өнеріңіз бар ма?
– Ән айта алмаймын, бірақ жүрегіммен тыңдаймын. Саз аспаптарында ойнаймын. Көркем сурет училищесінде де оқығанмын. Кішкентайымнан суретке жақын болдым.
– Жарыңызбен қалай таныстыңыз?
– Университетті бітіріп, аспирантурада оқып жүргенмін. Бірде бір жолдасымның үйіне барғанымда, болашақ жарым да сол үйге қонақ болып келіпті. Таныстық, білістік. Сөзіміз жарасып, 1961 жылы шаңырақ көтердік. Үш қызымыз бар. Тұңғышымыз Жанна Америкада тұрады. Екінші қызымыз Әсел – тарих институтының қызметкері. Кенжеміз Баян бизнеспен айналысады. Аллаға шүкір, немерелерім, Едіге деген шөберем бар. Кемпірім Шекер – медицина ғылымының кандидаты. Одан бұрынғы жұбайым ұйғырдың қызы болатын. Ерте қайтыс болып кетті.
– Қазақ ұлтының перзенті ретінде сізді қандай мәселелер толғандырады?
– Біздің заманымызда ғалым болу қиын еді. Қазір кейбіреулер академияға лаборант болып жұмысқа тұрады да, екі жылдан кейін ғалым болып шыға келеді. Қазірде жұртқа «академикпін» деп айтсаң, тосырқай қарайды. Бұрын академик деген лауазымды қызметпен тең еді. Академик болу үшін ғылымға еңбектері сіңген академиктердің дауысына ие болу керек-тұғын. Өзім сегіз академиктің даусын алып, мойындатқанмын. Мен – Башқұртстан академиясының да мүшесімін. Ал қазіргілердің ғалым болуы да, академик болуы да тез. Бір кездердегі беделді қызметтің құнының төмендеп кеткені жанымды ауыртады.
– Қандай арманыңыз бар?
– Алла амандық берсе, жастарға үлгі-өнеге ретінде өмірден көрген-түйгенімді кітап бетіне түсіріп кеткім келеді.
Сұхбаттасқан Марфуға ШАПИЯН, «Жұлдыздар отбасы» журналы,
№12, 2009 жыл

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/28/abduali-qajdar-oemirden-koergen-tujgenimdi-kitap-betine-tusirip-ketkim-keledi/feed/ 0
Сәбира Майқанова туралы: «Қазақ сахнасының анасы болды» https://juldyz.kz/2019/03/18/sabira-majqanova-turaly-qazaq-sahnasynynh-anasy-boldy/ https://juldyz.kz/2019/03/18/sabira-majqanova-turaly-qazaq-sahnasynynh-anasy-boldy/#respond Mon, 18 Mar 2019 05:14:19 +0000 http://juldyz.kz/?p=15861 Асанәлі ӘШІМОВ, актер, Қазақстанның және КСРО халық артисі:Картинки по запросу асанәлі әшімов
– Аға, өмірі өнермен өрілген Сәбира апамыздың өнері жайлы не айтасыз?
– Сәбира апа жайлы кезінде менің бір мақалам да шыққан болатын. «Сәбира – менің пірім» деген. Бірақ Сәбира апа бір менің ғана емес, сол кезде театрға келген бәріміздің де піріміз болды десем, артық болмайды. Актриса апамыз шын мәнінде театрдың, қазақ сахнасының анасы болды. Әсіресе әйел-ана рөлдерін жан жүрегімен беріле, ерекше шынайылықпен, жанын сала, бар жүрегімен тебірене ойнайтын еді. Жалғыз өзі сол дәуірдің сахна өнерінің бірегей тұлғасы, қазақ сахнасының сан қырлы дарынды, өмірі өнермен өрілген, асқақ дарын иесі болды ғой. Сан қырлы дейтінім, ол үлкен масштабты яғни трагедия, комедия, драма, психологиялық драма – бәрінде ойнайтын, әр рөлін өзіндік нақышымен алып шығатын. Оның сол табиғи, ерек дарыны сол өзі ойнаған әртүрлі жанрда әр қилы жарқырап көрінетін. Жалпы, бұл өмірде түйгенім, өнерді тек жақсы адам ғана жасайды. Жаман адамнан ешқашан жақсы актер шықпайды. Өнердің шыңына сол тек жақсы адамдар ғана көтеріледі. Жаман адамның бәлкім бірді-екілі рөлі сәтті шығуы мүмкін, одан кейінгі өнері өзінің сұрқай өмірі сияқты бірдеңеге айналып кетеді. Ал Сәбира Майқанованың бір қасиеті – жаман ойлай алмайтын, жалған сөйлей алмайтын. Сондай нағыз сахнаның адамы болды. Рөлдерінің ішіндегі ең бір өзін ашқан, өнерін одан әрі шыңдаған, шығармашылығының шыңы ол – Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жера Ана» шығармасындағы Толғанай рөлі. Сәкең Толғанайды ойнап жатқанда зал түгелдей дерлік жылап отырып көретін. Ол Толғанай рөлімен 1967 жылы Қазақ КСР-інің Мелекеттік сыйлығын алды.
– Ал енді өнерінен тыс өмірдегі шынайы бейнесі жайлы айта кетсеңіз…
– Сахнада көбіне ауыр тағдырлы аналарды ойнағанымен өмірде ашық жарқын жүретін жайдары, кез келген ұсақ тірліктерді күлкіге айналдырып жіберетін көңілді, аса қарапайым әрі аса талантты жан еді. Аса талантты деген ұғым тіл ұшына оралғанда менің көз алдыма «самородок сары алтындар» келеді, солардың ішінен бітімі бөлектеу Сәбира апам келеді, құдіретті даусымен дүр сілкіндірген бір дүние келеді. Ол отырған, ол жүрген жер әрдайым мерекелі, берекелі болатын. Өтірікті жек көретін, өте шыншыл кісі болды. Ол кісінің алдында біз де ешқашан өтірік айтып, қылтың-сылтыңды көрсете алмайтынбыз. Бәріміз ұстаз санайтын (әсіресе біздің буын) айбынды Асқар Тоқпановтың өзі Сәкеңнің қабағына қарағыштап отыратын. Аузынан «идиоты» түспейтін Әзірбайжанның екі аяғын бір етікке тығып жіберетін. Жас актерлер қиындық көрсе, Сәкеңе мұң шағатын. Оның тұла бойы тұнған тектілік болатын. Өмірде де, өнерде де тазалықтан жаратылған жан еді. Ол барда театрда тексіз, бөстекі сөз жүрмейтін, жасандылық дегенге атымен орын жоқ еді. Сәбира апаммен өнерде ғана емес, өмірде де арамыз ажырамады. Құдай қосқан көрші болдық. Менің шешемнен жасы кішірек болса да «жеңгей» деуші еді. Былайша екеуінің де білімі бір – қазақы, ауылдық білім, ауылдық болмыс. Арнайы оқу орнын бітірмеген. Сыртынан қарасаң, құдды бір ауылдың екі кемпірі әңгімелесіп отырғандай әсер аласың. Сәкеңде арнайы актерлік білім жоқ еді. Бірақ қандай бейнені қолына алса да шыншыл ойнайтын, өзі сол бейнеге айналып кететін. Басқасын айтпағанда, «Ана – Жер Анадағы» Толғанайы қандай еді десеңізші! Толғанай оның өз өміріне айналып кетті. Ол кісінің бір құдіреті – қандай актермен серіктес болсын, соның бағын ашатын. Сәкең соншалықты ұлы бола тұра, жүрегі сәбидей таза болатын. Ашулануы да оңай, бұрқ-сарқ, қайтымы да тез. Көпшіл, елшіл еді. Елге қамқор кісі болатын.Похожее изображение
– Өзіңіз ол кісінің қандай қамқорлығын көрдіңіз?
– Жарықтық, «Пәленшенің неге үйі жоқ? Бұл үй алу керек», – деп жастарды жанына ертіп жүретін. Сәкеңнің сондай қамқорлығын өзім де көрдім. Үй алуыма көмектесті. Ол кезде қалада басшылықта Дүйсенов деген отыратын. Соған кіріп: «Бізде міне, мынадай келешегі мол жас әртіс бар. Үйі жоқ. Осыған үй керек», – деп, осы қазіргі Достық көшесіндегі 40-шы үйден алғашқы пәтерімді алуға көмектескен. Бір маған ғана көмектескен жоқ әрине, ол кісінің қамқорлығын көрмеген қызметкер болмаған шығар сол заманда. Кең адам болды ғой, кең…
– Сәбира апамен қызметтес әрі құдайы көрші болған екенсіз. Сол бірге жүрген кездердегі қызық оқиғалардан айтып берсеңіз?
– Оның әрбір қылығына жанындағы шәкірт келіншектердің ішегі қатып, әрбір сөзі мен ойынан тағылым алатын. Ол театр қыздарының шабыткері еді. Жүрген жері думан-той болатын. Театрдың партия ұйымын басқарып жүрген шағында жиналыстарда баяндама жасайды. Сәкеңнің хатшысы Александр Иванович Гаврюк деген орыс азаматы болатын, баяндаманы сол кісі жазып беретін. Сәкең мінбеде баяндаманы оқып тұрып бір жерлеріне келгенде кідіріп тұрып қалады. «Не болды екен?» – деп ойлайсың. Бір кезде басын шайқап: «С этими я не согласну», – дейді. Сөйтіп, өзінің жазбағанын білдіріп қоятын, жарықтық (рахаттана күлді). Адалдығы, аңқаулығы ғой. Тұла бойынан даланың иісі шығып тұратын. Дипломсыз, медальсіз дала академигі еді ғой. Сәкеңнің орысшасының соңы кілең «у» дыбысымен аяқталатын. Мәселен, «хорошу», «спасибу» деген тәрізді. Біреулер үшін орысша сөйлей алмау өліммен тең болған заманда Сәкең орысшаңызды белден басып, ойын төтесінен түсіндіріп жүріп-ақ көштен қалған жоқ. Сәбира не жасаса да, не айтса да өзіне жарасып тұратын. Тіпті сүрініп, құлап қалса да жарасып тұратын. Өйткені бәрі өз табиғаты еді. Сол орысшасымен он тоғыз жыл театрдың партия ұйымын басқарды. Сәкеңдерді, сол күндерді ет жүрегім елжіреп сағынамын…
С.Майқанованың Қазақ өнеріне сіңірген еңбегі бүгінде өз дәрежесіне сай ұлықталды ма?
– Сәкең Қазақ театрын бақытты еткен адам. Және өзі де сахна өмірінде бақытты әртіс болды. Қандай рөл болса да жарқырата ашып жіберетіндіктен оған рөл беріп, онымен жұмыс жасау режиссерлерге де бақыт болатын. Біреулер үшін күні-түні азапқа айналатын актерлік қимыл-әрекеттерді, аһ ұру, шаттану, жылау, күлуді ол оп-оңай, өмірдің өзіндей етіп жасайтын. Әрбір рөлге дайындығы ерекше болатын. Ол сахнаның сесі еді. Сәкеңді бәрі жақсы көретін, бәрі сыйлайтын.
Сәкең театрда денсаулығына байланысты немесе тағы да басқа себептермен қойылымды тоқтатыпты немесе кейінге қалдырыпты дегенін ешқашан естімеппін. Денсаулығы өте мықты болатын. Бір қыңқ-сыңқ еткенін көрмедік. Бірден кетті. Бір өкініштісі, бүгінде өзі тұрған үйінде кішкентай тақта қойылғаны болмаса, өз дәрежесіне сай ұлықталмай отыр. Сәбираның атымен үлкен бір театрды атауға немесе бас қалаларымыздың бірінен бір көшені атауға болатындай-ақ ұлы тұлға еді.
– Қазіргі театрдың жай-күйі қалай, аға?
– Қазір көрермен бұрынғыдай емес. Азайған. Сиреген. Ылғи жас­тар, мектеп оқушылары, студенттер. Ал бұрын театрға интеллигенция келетін. Мұхтар Әуезов келетін, Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллиндер өрде төбедей болып отыратын. Олардың алдында ойнаудың өзі де қиын болатын. Фальшивит ете алмайсың. Театрдың өсуіне бірден-бір жағдай жасайтын, тартатын солар еді. Көрерменің егер улап-шулап отыратын балалар болса олардың алдында бәлен-шәлей ойнап шыға салуың мүмкін. Ал енді анау Мұхтар Әуезов келіп отырса, Қаныш келіп отырса сен өтірік ойнап көр! Барлық күшіңді салып ойнайсың. Соған мәжбүрлейді көрерменнің өзі. Біздерді сол көрермендер де тәрбиеледі. Көрерменіміздің алдында жақсы ойнауға, беріліп ойнауға жан салатынбыз. Ал қазір интеллигенция да қалмады. Қалса да кемпір-шалдар. Олар театрға келе бермейді. Бұрынғыдай театрға ағылатын халық азайған. Қазіргі театрдағы жастарға бұл жағы енді ауырлау.

Есмұхан Обаев, ҚР халық артисі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері:
Өмірінің соңына дейін сахнада жүрді

Похожее изображение– Есмұхан аға, сұхбатымызды Сәбира апамыздың Қазақ театр өнеріне сіңірген қызметінен бастасақ…
– Қазақтың профессионалды театр өнеріндегі ерекше айтулы тұлғалардың бірі – Сәбира Майқанова апамыз. Қазақтың сахналық және кино өнерін биікке алып шыққан, ұлы трагик актрисасы, театр өнерінің бүкіл одақтық көрермендер тарапынан өте жоғары баға алған, маңдайалды жұдызы. Көзі жұмылғанша осы Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрында жұмыс істеді. Бұл кісінің әр қырлы, сан түрлі рөлдері елдің есінде, еш ұмытпайды деп санаймын. Сәбира Майқанова көрерменге қазақ анасын, тіпті әртүрлі шығармада әр дәуірдегі аналар галереясын сомдау арқылы Әлем Анасы болып танылған табиғаты дара тұлға еді. Әдетте әртісте тума талант пен еңбекке қоса образды сомдағанда ішкі интеллектісі болмаса ол әртіс болып жарытпайды. Сәбира апамыз сол ішкі алапатын, ішкі жан дүниесін қопара және оны сыртқы бейімімен үйлестіре бірге алып, жанымен ғана емес, жүрегімен ойнайтын. Картинки по запросу сәбира майқанова
– Әр әртістің өзіне жылы, жұлдызы жарық рөлі болады ғой. Апамыздың сол өзіне жақын рөлі қайсысы болды деп ойлайсыз?
– Көбі аналар рөлі болғандықтан, менімше барлығы өзіне жақын болды деп ойлаймын. Барлық рөлді өзі жылап, көрерменін демалдыртып, өзі демалып, көрерменін жылатып ойнап шығушы еді. Көрермендерін еш жалықтырмайтын, жарықтық.
Апамыз тіпті сахнадан тыс та сол елдің анасы бола білді. Елдің адамы еді. Шыр-пыр көңілімен елдің жоғын жоқтап, қазақтың мұңына қалқан болып жүретін. Тіпті театрдағы кейбір әртістердің отбасылық мәселелеріне де белсене кірісіп кетіп, ері мен әйелі ренжісіп қалып немесе ері үйіне қонбай жүргендер болса соларды, «Әй, сендерге не болды? Бұларың не, құдай ұрғырлар… тәйт әрі! Театрда қалай жүрсеңдер, үйде де солай тату жүріңдер, қане!» – деп, ұрса жөнеліп, татуластырып бәйек болушы еді.
Сәбира апамыз сол кездегі өзінің дүркіреп тұрған атақ-даңқын, осы үлкен үйдегі сыйлы құрметінің пайдасын театрға әкеп салатын. Мәселен, театрда үйсіз-күйсіз жүргендер, жаңа үйленген, үйі жоқ бозөкпе жастар болса сол кездегі ел басшысы Д.А. Қонаевтың алдына қаймықпай кіріп, солар үшін үй сұрап, өзгелерді қуантып, олардың қуанғанына өзі де баладай мәз болып жүруші еді.
– Ол кісі сахнадан тыс қандай жан еді?
– Ақкөңіл, дарқан пейілді кісі болды. Үнемі көңілді жүретін. Өзінің Қызылордасын, туған өңірін жақсы көруші еді. Келген жас таланттардан:
– Қаяқтансың?! Өөй, жексұрын, қай жақтансың? – деп айқайлап сұрайтын, олар:
– Алматыданмын, – десе:
– Өөй… Алматың болса қойшы, Қызылорда болмаған соң оның маған неменесін сөз қыласың?! – деп, туған жерін сағынып отырушы еді. Ал қызылордалық бола қалса бәрін жинап, оларға қамқор болып, үйіне шақырып, шай беріп жүруші еді. Апамыз сосын тыным таппайтын, еңбекқор жан еді. Және өзі сол кездері театрдың партия ұйымының хатшысы болды. Жалпы, мынау партия деген ұғым маған осы кісілерден қалған бір тәртіптің, жинақылықтың, жауапкершіліктің үлгісіндей болып тұрады. Содан, ол өзі партия ұйымының хатшысы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады және жаңағыдай жанашырлық қызметтері тағы бар арлы-берлі жүгіртетін. Одан өзінің негізгі қызметі – ойнайтын рөлдері бар, соның біреуін де ақсатпай, бәріне үлгеріп, қалай бірдей алып жүретініне қайран қалатынмын. Және ол кезде әртістерге қазіргідей жағдай, жақсылық та жоқ заман ғой. Бүгін Алматыда болса, ертең Семейде немесе қазір Атырауда жүрсе кешке Лондонда болады дегендей. Ал олар қыстың қақаған боранына, жаздың аптап ыстығына да қарамай, су кешіп, дала кезіп, маңдай терін төгетін. Мамыр айында Алматыдағы жұмыс маусымын жауып, ескі-ескі машиналарға мініп алып, үш айға ауыл-ауылды аралап кететін. Гастрольдетіп кеткенде әрқайсысының үйлерінде бала қалатын, күйеу қалатын, кемпір-шал қалатын. Оны ойлауға оларға шама бар ма, бәрі өз қызметтеріне махаббатпен берілген, театр десе ішкен асын жерге қоятындар еді ғой. Содан олар күзде бірақ келетін.Картинки по запросу сәбира майқанова– Бүгінде Сәбира апамыздың ізін жалғастырушы қарлығаштары деп кімді айта аласыз?
– Айтсам, дәл бұл кісінің бейнесіндегі, бейіміне жақын келетіні жоқ. Себебі бұл кісілер Мәскеуге барып арнайы мектеп оқымай-ақ, табиғатта сирек туылатын адамдар. Сирек талантты, сирек болмысты, тумысынан дара туылған, қайталанбайтын сирек характерлі адамдар. Қазір жалпы ана рөлін сомдап жүрген, өз жұмыстарын жақсы көретін, жақсы ойнайтын әртістер бар ғой әрине. Ал енді мына арнайы мектеп оқымай-ақ дегенге келсек, Сәбира апаларыңның сахнаға келген кезі режиссерлер Жұмат Шанин, Серіәлі Қожамқұловтардың, Асқар Тоқпанов, Қанабек Байсейітовтер сынды өнер тұлғалары мен тұспа-тұс келеді. Және басқа да тума таланттар Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Қапан Бадыров, Қамал Қармысов, Сейфолла Телғараев сынды ірі өнер майталмандарының республиканың әр жерінен келіп, бір орталыққа шоғырланып, тәжірибелері толысып жатқан кез. Апаларыңның өнер жолындағы темірқазығы, өнерге баулаушы, бағыт-бағдар беруші ақылшылары осылар болған. Ол кісі осы ғұлама мектептен өткен.
– Сәбира апамызбен өзіңіз қойылымдарда рөл сомдадыңыз ба?
– Иә. Сабира апаның көптеген рөлдерінің ішіндегі биік шыңы Ш. Айтматовтың «Ана – Жер Ана» спектаклі. Сол жерде мен апаның екі баласының бірінің рөлін сомдадым. «Соғыс..!» – деп, екі баласы жүгіріп келіп айқайлаймыз, «Апа, соғыс бас­талды!» – деп. Сонда түнеріп кетіп, бар денесімен бізге бұрылып: «Не дейді?….» – деген бір сөзден кейін, бір секунд үнсіз қалады. Осы үнсіздікте апамыз кәдімгі теңіз толқығандай, алапат дауыл, сел басталғандай үлкен бір апаттың келе жатқанын соғысты естігенімен көрмеген көрермендердің көз алдына әкеле алатын, керемет жеткізетін.
Залдың іші тап бір соғыс жаңа басталғандай тым-тырыс болып, тына қалатын.
– Соғыс деген не? – деп, аспан мен құдаймен сөйлеседі ол кісі. – Құдай сенің бар екенің рас болса, мынау соғыс деген апатты неге тоқтатпайсың? Неге менің бес адамымды бір үйден жұлып жейсің? Неге апат қыласың? Сен құдайсың ғой! Сенің қолыңнан келеді ғой. Тоқтат! – деп зарланады. Дәл осы философиялық монологты оқуға қаншама жігер керек, қаншама рух керек, қаншама мінез керек.
– Соңғы рөлі есіңізде ме?
– Театрға келгендегі тұңғыш рөлі Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай рөлі болған. Ал соңғы рөлі есімде қалмапты. Өзі өмірінің соңғы күндеріне дейін сахнада жүрді.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ася Асеткина

                               (ЕСКЕРТУ: Материалды көшіріп басуға болмайды)

(Толығырақ «Аңыз адам» журналының 2018 жыл, №18 санынан оқи аласыздар )

 

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/18/sabira-majqanova-turaly-qazaq-sahnasynynh-anasy-boldy/feed/ 0
Естай Беркімбайұлы туралы: Қорлан сыйлаған жүзікті атамыздың сүйегіне түскен ақсақалдардың бірі ырымдап алып қалған десе-ді https://juldyz.kz/2019/03/07/estaj-berkimbajuly-turaly-qorlan-syjlaghan-zhuzikti-atamyzdynh-sujegine-tusken-aqsaqaldardynh-biri-yrymdap-alyp-qalghan-dese-di/ https://juldyz.kz/2019/03/07/estaj-berkimbajuly-turaly-qorlan-syjlaghan-zhuzikti-atamyzdynh-sujegine-tusken-aqsaqaldardynh-biri-yrymdap-alyp-qalghan-dese-di/#respond Thu, 07 Mar 2019 05:37:46 +0000 http://juldyz.kz/?p=15732 Зекен ЕСТАЕВА,
Естай Беркімбайұлының немересі:

Зекен апа, Естай Беркімбайұлының туған жылына қатысты әртүрлі деректер айтылады. Шындығында, ол кісі қай жылы туған?
– Иә, атамыздың туған жылына қатысты түрлі болжамдар айтылады. Десе де, биыл Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы ел көлемінде атап өтілуде. Демек, осы шараны ұйымдастырушылар Естай атамның туған жылы 1868 жыл деген дерекке сүйеніп отыр. Оның үстіне 1993 жылы атамыздың 125 жылдығы тойланды. Бұл шара да жоғарыдағы дерекке сәйкес ұйымдастырылды. Жалпы, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Естай Беркімбайұлына арналған шаралар мен мерейтойлардың бәрі 1868 жылмен сабақтастырылып келеді. Ендеше, атамыздың туған жылы 1868 жыл болып тұр.
Дей тұрғанмен, кейбір деректерде оның 1872, 1873, 1874 жылдары дүниеге келгені де айтылады. Мұның ақ-қарасын анықтау – Естай бабамыздың өмірі мен өнерін зерттеп жүрген ғалымдардың еншісінде. Қалай десек те, Естайдай дара тұлға қазақ топырағында туды, ғұмыр кешті.
Атамыз 1946 жылдың 15 наурызында қазіргі Ақтоғай ауданы, Естай ауылында қайтыс болды.
Естайға әншілік өнер нағашы жұртынан дарыған дейді…
– Иә. Нағашысы Байтұлым белгілі әнші болған. Атамыздың анасы Күлипа да әншілік өнерден кенде болмаған. Естайға әншілік өнер осы адамдардан жұқса керек. Жалпы, Естай қазіргі Павлодар облысы Екібастұз қаласы Қаражар ауылында дүниеге келген. Бұл төңіректі ертеден әулиелі Ақкөл-Жайылма атырабы деп те атайды. Естайдың әнші боп қалыптасуына туған жердің де ықпалы зор болған. Өйткені, әулиелі Ақкөл-Жайылманың әншілік мектебі деген бар. Осы мектептің бірден-бір өкілі – Естай Беркімбайұлы.
– Сіз сол кісінің қолында өстіңіз бе?
– Иә. Естай Қорлан қызға қолы жетпеген соң, біздің әжеміз Ұмсынғанға үйленеді. Одан Жанәбіл, Жакөш есімді екі ұл және Күләй, Кәнтай есімді екі қыз туады. Кейін Ұмсынған әжеміз қайтыс болады да, атамыз Зағиша әжемізбен шаңырақ көтереді. Бірақ бұл кісіден бала болмайды. Зағиша да керемет сұлу адам болған десе-ді. Тіпті атамның өзі: «Сұлулығы Қорланнан артық болмаса, кем емес», – деп айтып отыратын. Естай атамыз қайтыс болған күннің ертеңінде Зағиша әжеміз де дүние салды.
Естайдың екі ұлы да өмірден ерте өтті. Жакөш ағамыз ашаршылық жылдарында қаза болса, біздің әкеміз Жанәбіл Ұлы Отан соғысында ажал құшты. Күләй мен Кәнтайдан тараған ұрпақтар бар. Әкеміз соғыста қаза тапқаннан кейін көп ұзамай анамыз Несібелді де өмірден өтті. Осылайша, екі қыз – сіңлім Зейнеш екеуміз ата-әжеміздің қолында қалдық. Атам Зейнешті «сары торғайым» деп еркелететін. Содан бері оны «Сарыторғай» атап кеттік. Ол қазір Павлодар облысы Ертіс ауданы Қосағаш ауылында тұрады. 1946 жылы атамыз бен әжеміз бірінен соң бірі дүние салды да, біз атамыздың немере інісі Қыздарбек ағаның қарамағында қалдық.
– Атаңыз қандай адам еді?
– Қақ-соқпен жұмысы жоқ, тұйықтау, салмақты адам болды. Талғампаз еді. Жалғыз өзі домбырасын тартып отыра беретін. Өмірінің соңғы жылдарын имандылыққа арнады. Намазын қаза жібермеуге тырысатын. Арабша са­уатты адам болды. Домбырадан қолы босағанда, Құран кітабын оқып отыратын. Өте балажан еді.
Атамыздың домбырасына да ие бола алмадық
Естай мен Қорланның махаббат хикаясын жақсы білеміз. Десе де, кейбір деректерде олар ешқашан кездеспеген делінеді. Бұл дерек қаншалықты шындыққа жанасады?
– Бұл – бос әңгіме. Адам кездеспесе, дидарласпаса, қалайша ғашық болады?! Естайдың Маралды жеріне барып, Қорланмен кездесуі, екі жастың бір-бірін ұнатуы қоспасы жоқ шындық. Оның үстіне бала күнімізде атамыздың Қорлан туралы айтқан әңгімелерін талай естігенбіз. Ел алдында, дін жолында жүрген адам өтірік айтпасы анық қой.
Естай мен Қорлан үйлі-баранды болған шағында да кездескен. Осыған байланысты Қыздарбек ағамнан мынадай бір әңгіме естіген едім. Бірде Естай ел аралап жүріп бір елдімекенге тоқтайды. Әлгі ауылдағы бір үйдің ауласына атын байлап, құдайы қонақ болады. Шай үстінде атамыз өзін таныстырған сәтте үйдің иесі мен шай құйып отырған бәйбіше аңтарылып қалады екен. Іле үй иесі рұқсат сұрап, орнынан тұрып кетеді. Осы сәтте бәйбіше сөз алады. «Мені танымадыңыз ба?» – дейді ол Естайға. Атамыз танымағанын айтады. Сол кезде бәйбіше: «Қолыңыздағы жүзікке қараңыз», – депті. Сөйтсе, Естай тоқтаған үй Қорланның шаңырағы екен. Атамызды ауыл халқы асты-үстіне түсіп күтіп, құрметтеп шығарып салған десе-ді.
Жалпы, өнертанушылар Естайды жұлдызы жарық жан дейді. Өйткені, ол көзі тірісінде-ақ құрметке, атақ-даңққа бөленген адам. Билік тарапынан да жоғары баға алған емес пе?
– Дұрыс айтасың, балам. Кейбір халық ақындары секілді емес, Естай тірісінде құрметтелді, марапат алды. Ол 1939 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағын иеленді. Дәл осы жылы Алматы қаласында өткен Қазақ КСР жазушыларының екінші съезіне қатысты. Бұдан бөлек, атамыз Қазақстан композиторлар одағына алғаш мүше болған өнерпаздардың бірі. 1945 жылы қазақтың игі жақсыларымен бірге Абай Құнанбайұлының 100 жылдық мерейтойына қатысуы да бір бөлек әңгіме. Естайдың бағын асырып тұрған тағы бір дүние – оның атақты Біржан сал мен Ақан серіден тәлім алғандығы. Бұл да кез келген өнерпаздың басына бұйыра бермейтін бақ шығар, сірә. Сондай-ақ, атамыз Жамбылмен, Қажымұқанмен дәмдес болған. Арқа төсіндегі өзге де әнші-ақындармен араласқан. Мұның бәрін айғақтайтын дерек те, сурет те жеткілікті. Жұлдызы жарық жан десе дегендей-ақ.
– Атаңыз тұтынған дүние-мүлік сақтаулы ма? Домбырасы қайда? Өле-өлгенше қолынан тастамаған Қорлан сыйлаған жүзік қайда? Жалпы, қолыңызда Естайдан қалған қандай мұра бар?
– Өкінішке қарай, ештеңе жоқ. Болған еді. Үйіміз өртенгенде бәрі жанып кетті. Атамның қолжазбалары да, тұтынған заттары да – бәрі-бәрі отқа оранды. Қыздарбек атамның әулетінде чемоданы мен биік үстелі бар. Домбырасына да ие бола алмадық. Жастық, албырттық, салғырттық қой. Қорлан сыйлаған жүзікті өлер алдында өзімен бірге көмуді өтінген екен. Бірақ оны атамыздың сүйегіне түскен ақсақалдардың бірі ырымдап алып қалған десе-ді. Нақты дерек жоқ. Кезінде Қыздарбек ағам іздеп көріп еді. Нәтиже болмады-ау.
– Естайдың жолын жалғаған ұрпақтары бар ма?
– Атамыз айналасындағы туыстарына «Менің өнерім жиендеріме болмаса, сендерге қонбайды, әуре болмаңдар!» деген екен. Сірә, әншілік өнер өзіне нағашы жұртынан жұққан соң осылай айтқан шығар. Сіңлім Сарыторғай жас күнінде әнді керемет шырқайтын. Оның Шәмшия есімді қызы музыка саласында еңбек етеді. Естайдың өз баласындай болып кеткен немере інісі Қыздарбек те кезінде әнші, домбырашы болды. Қыздарбек ағамның жиеншары Теміржан Олжабай бүгінде есімі елге мәлім күйші. Кезінде өзім де ән айтқанмын. Тоқсанға келсек те, әлі күнге ыңылдап ән айтып отыратын әдетіміз бар. Тағы бір атап өтерлігі, Естай туған Ақкөл-Жайылмадан өзім ерекше құрметтейтін үш әнші шықты. Олар – Ербол Айтбаев, Амангелді Қожанов және Медіғат Манап. Бүгінде қырықтың ішіндегі бұл азаматтарды тұтас ел таниды. Олар да Естайдың ұрпақтары. Картинки по запросу Естай Беркімбайұлы
Бүгінгі ұрпақ атақты Естай Беркімбай­ұлының есімін қаншалықты ұлықтап жүр?
– Аллаға шүкір, Естайдың есімі енді ұмытылмайды. Оның әндері ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қала бермек. Ұлықтауға келер болсақ, облыс орталығы – Павлодарда және Екібастұз шаһарында Естай атындағы көше бар. Өзі қайтыс болған елдімекен қазір «Естай ауылы» деп аталады. Кесенесі де осы ауылдың іргесінде орналасқан. Павлодар қаласының ең үлкен мәдениет сарайы атамыздың атымен аталады. Ақтоғай ауданында Естай атындағы мектеп бар. Облыс басшылығы Естай атында республикалық дәстүрлі әншілер байқауын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырды. Екібастұз қаласындағы Естай көшесінің бойына атамыздың кеудемүсіні қойылды.
Ендігі арманым – атамызға қойылған еңселі ескерткішті көру. Ел азаматтары осы іспен айналысып жатыр дегенді естіген сайын Аллаға жалбарынамын. Естайға жеке мұражай ашылса екен деп те ойлаймын. Атамның әндерін теледидардан естіп жатамыз. Ол жайлы қаншама кітап та жазылды.
Жуырда балаларым сүйінші хабар жеткізді. Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов бастаған азаматтар Естайдың 150 жылдығын Ақкөл-Жайылма атырабында атап өтетін болыпты. Облыстың мәдениет саласын басқарып отырған азаматтар да бірқатар шараларды жоспарлап отырған көрінеді. Осының бәрі Естайдың есімін ұлықтауға бағытталған дүниелер ғой. Алла Тағала осының бәрін көруді нәсіп еткей!
– Тұшымды әңгімеңізге рақмет, апа!

Қайрат АЙТБАЕВ,
күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы:
«Қорлан» әні – Естайдың мәңгілікке қалдырған махаббат ескерткіші

– Қайрат аға, әуелі әңгімемізді «Қорлан» әнінің тарихынан бастасақ …
– Кезінде қазіргі Павлодар облысының Ертіс ауданында Сүлеймен деген атақты бай өмір сүрген. Сол кісінің Шошан деген баласы үйленетін болып, Естайға қос ат жеккен тарантас жібереді. Оған қоса, Бәсентин руының мықтысы Иса Ақкөлдің болысы Абылқамыс Шыманұлына хат жазып: «Естайды қалайда бізбен бірге құдалыққа қос» деп сәлем айтады. Өйткені Естай сол кездегі атағы Арқаны арлаған әйгілі әнші еді. Сөйтіп, Естай Сүлейменнің Шошанына күйеу жолдас болып, Маралды-Ұрық деген жерге еріп барады. Бұл – Сібірдің оңтүстігі, Павлодар облысының солтүстігі. Сол тойда не керек, Сұлтан бидің «Құсни, Қорлан» деген екі қызы бар екен. Олар тамашаның көркін қыздырып ойын-сауыққа араласады. Естай бір көргеннен Қорланға ғашық болып қалады. Соның негізінде «Бір мысқал» деген ән дүниеге келген. Естайдың Қорланға арнаған алғашқы әні осы «Бір мысқал». Осы тойда Қорлан да Естай ақынға өз ынтызарлығын білдіріп, алып қашуын өтінеді.
– Естай Қорланды не себепті өмірлік жар ете алмады?
– Естай сол кезде не себепті Қорланды алып қашпады десек, өйткені ол үлкен елдің атынан барған азамат еді. Қыз алып қашу оның өз елінің атына үлкен сын болары анық. Сондықтан Естай Қорланмен уағдаласып қайтып кетеді. Келесі жылы ат арылтып Қорланның ауылына аттанады. Осы кезде ел ішінде «Естай Қорланды алып қашуға келе жатыр екен» деген сыбыс желдей еседі. Бұл жел сөз Қорланның ауылына да жетеді. Мұны естіген Сұлтан би Қорланды атастырған жеріне тездетіп ұзатып жібереді. Естай Маралдыға жеткенде Қорлан әлдеқашан жат жұрттың босағасын аттап үлгерген еді. Осылайша ғашығының арманына айналғанын сезген Естай мәңгілік махаббатының ескерткішіне айналған атақты «Қорлан» әнін өмірге әкеледі.
– Әннің құрылымы туралы айта кетсеңіз?
– Бұл ән – Естай шығармашылығының шыңы. Шәмшінің: «Мен «Қорландай» ән шығарсам арманым болмас еді», – деп айтқаны бар. Шәмші ағамыз бұл сөзінде «Қорлан» әнінің мелодиясын, ғажайып формасын меңзесе керек. Шынымен де «Қорлан» әні – бұрын-соңды қазақ әнінде болмаған жаңа форма. «Қорлан» әнінен кейін де мұндай өзгеше формадағы ән өмірге келген жоқ. Мұндай әнді Еуропадағы өте жоғары кәсіби деңгейдегі композиторлар ғана жаза алады. Мұны ғалымдар музыкалық поэмаға, ариозоға жатқызады.
– Сіз «Қорлан» әнінің нақты қанша нұсқасын білесіз?
– Әннің алты нұсқасы болған деген деректерде айтылып жүр. Ал мен халық арасына кең тараған үш нұсқасын білемін.Картинки по запросу Естай Беркімбайұлы
– Бұл әнді кімдер қалпын бұзбай орындай алды?
– Қазір зерттеушілер бұл әннің М.Ержановтың орындауындағы нұсқасын түпнұсқаға жақын деп айтып жүр. Манарбектің орындауын мен де неше мәрте тыңдағанмын. Алайда Манарбектің шырқаған нұсқасында әннің көркемдік әсері тым бәсеңдетілген. Ал шындығында «Қорлан» әнін алғаш Алматыда шырқаған – Темірболат Арғынбаев. Бұл жайында Ахмет Жұбанов: «Ол «Қорлан» әнін жеті жарым минут айтты. Біз әнді шошаңдатып айтатындарға үйреніп қалыппыз. Мұндай ескен желдей баяу шырқаған әншіні тұңғыш көруім, халық оны сілтідей тынып тыңдады. Павлодардың өзінде әнді баяу айтатын ерекшелік бар секілді. Осыны зерттеу керек», – деп жазады. Негізі «Қорлан» әнінің қалпын бұзбай айта білген әнші – Темірболат Арғынбаев.

«АҢЫЗ АДАМ» айдарын дайындаған
Ерзат АСЫЛ

(Толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналының 2018 ж. № 12 оқи аласыздар)

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/07/estaj-berkimbajuly-turaly-qorlan-syjlaghan-zhuzikti-atamyzdynh-sujegine-tusken-aqsaqaldardynh-biri-yrymdap-alyp-qalghan-dese-di/feed/ 0
Ажал алдындағы махаббат немесе аңызға айналған неке https://juldyz.kz/2019/03/04/15648/ https://juldyz.kz/2019/03/04/15648/#respond Mon, 04 Mar 2019 04:22:23 +0000 http://juldyz.kz/?p=15648 1970 жылы    Социалистік Халық Ливия Араб республикасының құрылуының бір жылдығын тойлау салтанатында күтпеген оқиға болды.  Каддафи өзінің саяси серіктерімен бірге әскери парат қабылдап жатты. Кенет осы кезде салтанатты мінбенің алдында қолында кішкене қобдишасы бар әйел пайда бола кетті. Әлгі әйел  сол сәтте қобдишадан  суық қаруын суырып алып, Каддафиге кезеді. Ал Каддафи  жасқанбастан сұлу әйелдің қара мойыл көздеріне қарап тұра берді. Арада сәл орнаған үнсіздіктен кейін әйелдің қолындағы тапанша жерге сусып түсе берді.

Каддафиді өлтірмекші болған ару   қарапайым  медбике  Сафия болатын. Содан кейін бір аптадан   соң Каддафи мен  Сафия  үйленді. Каддафи өзіне бейтаныс жанмен бұдан бұрын да жолыққанын кейін білді. Ол оқиға былай болған екен. 1969 жылы Каддафи кен орындарын  тексеруге барады. Ол  кенеттен қатты  ауырып, емделу үшін жергілікті ауруханаға түседі.  Каддафиді қараған  кезекші оған жай ғана суық тигенін  айтады. Дәл сол сәтте көмекші медбике  дәрігердің диагнозын  жоққа шығарды, әрі Каддафидің науқасының салмақты екенін ескертті. Ал Каддафи оған мүлдем сенбеді.  Сондағы медбике Сафия болатын. Кейінірек Каддафи Сафияның сол кездегі  айтқаны  дұрыс екендігін мойындады.Картинки по запросу каддафи и его жена

Каддафи мен Сафияның Мохамед Каддафи (Ливия пошта және телекоммуникациялар корпорациясының төрағасы, Ливия Олимпиада комитетінің төрағасы болған ),  Саиф аль-Ислам Каддафи (Каддафи қайырымдылық қорының төрағасы), Саади Каддафи (Ливия футбол қауымдастығының президенті, Аллея футбол клубының құрметті төрағасы ), Гуннибал Муаммар Каддафи (Ливияның тұңғыш ұлттық теңіз көлігі компаниясын басқару жөніндегі бас кеңесші), Мутасим Била Каддафи (Ливияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі), Саиф аль-Араб Каддафи (Мюнхен технологиялық университетінің студенті), Хамис Каддафи (Commander Force Hamis бригадасының қолбасшысы), Айша Каддафи(Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Ливиядағы өкіл болған) сынды жеті ұл, бір қызы болды.Картинки по запросу каддафи и его жена

Каддафи үнемі  ақ шалбар, ақ түсті аяқ киім, ақ қалпақ , ақ қолғап киетін. Беліне алтын зерлі белдік тағынатын. Ал кейде бір ыңғай сары түсті киім кигенді ұнататын. Сонымен бірге қасынан  ондаған әйел қорғаушысын тастамайтын.  Каддафидің ас мәзірі  өте қарапайым болды. Оның   таңғы асы  — нан мен түйе сүті. Түскі асы көбінесе қуырылған сиыр еті еді.  Сондай-ақ  ол Ливия сорпасы мен  Берберс жеуді ұнататын. Бос уақытында  футбол көретін. Тіпті  Итальяндық «Ювентус» ардагерлері командасының акционері де болған. Каддафи ел билеген тұста Ливиядағы әйелдердің білім алуына, түрлі қоғамдық жұмыстар мен айналысуға мол мүмкіндіктер берді. Қалай десекте Каддафи араб әлеміндегі әйелдердің қоғамдық мәртебесін көтеруге жол ашқан тұлғалардың бірі болды.Картинки по запросу каддафи охраны

Аударған: Асыл Ерзат

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/04/15648/feed/ 0
Джек МА (Ма Юн), кәсіпкер: Табысқа жету үшін сенім бәрінен де маңызды https://juldyz.kz/2019/03/02/dzhek-ma-ma-yun-kasipker-tabysqa-zhetu-ushin-senim-barinen-de-manhyzdy/ https://juldyz.kz/2019/03/02/dzhek-ma-ma-yun-kasipker-tabysqa-zhetu-ushin-senim-barinen-de-manhyzdy/#respond Sat, 02 Mar 2019 06:15:19 +0000 http://juldyz.kz/?p=15619 Джек МА (Ма Юн), кәсіпкер, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы 1964 жылы туған.

Джек Маның қытай тіліндегі есімі – Ма Юн. Бірақ қазір Джек Ма (Jack Ma) деген ағылшынша атпен танымал. Ол 1964 жылдың 10 қыркүйегінде Қытайдың  Чжэцзян  провинциясының Ханчжоу қаласында суретшілер отбасында   дүниеге  келді.  Әкесі Малай Фа – (1939 жылы туған) суретші. Чжэцзян провинциясы суретшілер одағының төрағасы болған. Анасы туралы деректер аз, тек онымен арақатынасы тым жақсы болмағаны туралы айтылады. Джек Маның  Ма Ин  есімді ағасы, Ма Шө есімді қарындасы бар.

Джек Ма 2017 жылы Гарвард  университетінің студенттерімен кездескенде өзінің балалық  шағы туралы былай деген: «Мен   қытайдың  Ханчжоу қаласында өмірге келдім. Менің бала кезімде ол жерге шетелдік туристер тым көп келетін. Соның әсері болар, мен ағылшын тілін өздігімнен үйренуге ерте кірістім. Тіл үйрену үшін күніне ондаған шақырым жол жүріп, шетелдік туристерге  ақысыз қызмет көрсеттім. Мен оларға жақсы дос, жарамды жолсерік болдым. Олардан ағылшын тілімен бірге көптеген мәдени құндылықтар үйрендім. Осы кезде мен мектепте оқытылатын  жаттанды білімдермен шетелдік туристерден көріп-білгендерімнің айырмашылығына қайран қалдым. Ал ата-анам мен ұстаздарым қашанда маған: «Қытай – әлемдегі ең бай, ұлы ел. Әлемді біз ғана құтқара аламыз», – деп айтатын. Бұл бейне бүгінгі Солтүстік Кореядағы әлеуметтік жағдайға тым ұқсас еді.  Ал мені шетелдік туристер Қытайдан көш ілгері, әлдеқайда дамыған, өркениетті елдердің бар екеніне сендірді. Сол себепті мен әлем құндылықтарының озық үлгілерін зер сала үйренуге тырыстым. Сондықтан мені достарым американдық  ретінде қабылдады. Ал нағыз американдықтар: «Сенің тұла бойыңда қытай елінің ұлттық болмысы тұнып тұр», – дейтін. Мұның себебі мен америкалық құндылықтарды өте жақсы түсінемін».

1984 жылы Джек Ма Ханчжоу қаласындағы қатардағы педогогикалық үниверситеттің шет тілдер мамандығына оқуға қабылданды. Оның табсқа толы ғұмыр жолының алғашы сәтті қадамдары осы оқу орнында басталды. Универиситете ол өз мамандығын аса үздік оқыды. Тіпті студенттер ұйымының төрағасыда болды. Сонымен қатарқоғамдық жұмыстарда өз іскерлгін  көрсете білді.Похожее изображение

Джек Ма жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Ханчжоу электроника институтында ағылшын тілінен сабақ берді. Бұл тұс Қытайда нарықтық экономиканың қалыптаса бастаған кезі еді. Осыны ертерек аңғарған Джек Ма сауда істеп көрмекші болды. Ең әуелі екі жыл бойы гүл, кітап секілді ұсақ дүниелерді сатып көрді. Бірақ қанша әлектенсе де өнімді нәтиже болмады.       1991 жылы Джек Ма мен оның серіктесі  «Хаибо» аударма агенттігін (Hope Chinese transliteration) құрды. Алғашқы айлық табысы 700 юань (110 доллар) болды. Бірақ  жалға алған жұмыс орнына 2000 юань (330 доллар) ақша төледі. Сөйтіп бұл жұмысының да қиюы қашты. Осыдан кейін ол ағылшын тілін үйрететін орталық құрды. Ақыры Джек Маның төзімділігі мен берік сенімі  өз жемісін берді. Бүгінде «Хайбо» – Ханчжоудағы ең ірі аударма агенттігіне айналды.  Бұл туралы ол: «Сол кезде мен бастаған жұмысымның түбі нәтижелі болатынына және күндердің күнінде табысқа жететініме сенімді болдым», – дейді.

1995 жылы 30 жасар Джек Ма Ханчжоу қаласындағы он таңдаулы жас мұғалімнің бірі және институт директорының сыртқы істер жөніндегі орынбасары болды. Бірақ ол мұны қанағат тұтқысы келмеді. Сол себепті: «Мен шәкірттерге  өмір бойы жазылған, жаттанды білімдерді  үйретемін, оның қандай пайдасы бар?» – деп ойлады. Сөйтіп, жаңа кәсіп бастауға түбегейлі шешім қабылдады.

1995 жылы АҚШ-қа жасаған сапары кезінде Джек Ма алғаш рет интернет әлемімен танысты. Ол бірден ғаламтордың болашағына сенім артты, осы сенім жетегінде «Қытайдың Yellow Pages» веб-сайтын құру үшін еліне қайтып келді. Сол жылы сәуірде Джек Ма Қытайдың «Yellow Pages» интернет компаниясын  құрды. Бұл Қытайдағы алғашқы интернет компаниялардың бірі болды. Компания түсті фото сурет, ағылшын тіліне сәйкестендіргіш кұралы сынды ақылы контенттерді саудалады. Джек Ма бір жылдан соң 5 миллион юань (746 мың доллар шамасында) табыс тапты.

1997 жылы Джек Ма Қытай Экономика және сауда министрлігінің ұсынысымен «Кәсіпкерлер тобын солтүстікке қарай бағыттау» жобасына қатысты. Осыдан соң ол халықаралық электрондық коммерция орталығының веб-сайтын құруға жетекшілік етті. Джек Ма бұған дейін Ханчжоудағы кішігірім кәсіпкер ғана еді, осы ауқымды жоба оған   елдің болашақ даму бағытымен танысуға мол мүмкіндік береді. Бірақ 1998 жылдың соңында Джек Ма министрліктегі қызметінен бас тартты. Себебі ол болашақ жоспарын іске асырудың мезгілі жеткенін түсінді.Картинки по запросу Джек Ма

Осыдан соң Джек Ма шағын және орта бизнесті дамыту мен оны кедергісіз саудалаудың жолын іздей бастады. Ол өзіне «шағын және орта кәсіпорындардың құтқарушысы болғым келді» деген нақты мақсат қойды.

Әрі осы мақсатын іске асыру үшін Азияның экономикалық мүмкіндіктерін мұқият зерттеді. Сөйтіп, Джек Ма: «Азия экономикасы – экспортқа бағытталған экономика. Мұнда жеткізудің ірі базасы бар. Енді осындағы экспорттаушы шағын компаниялардың басын біріктіретін үлкен құрылым керек. Сонда ғана Азия нарығы Америка мен Еуропаға өз күшін әйгілей алады», – деген тұжырымға келеді.

1999 жылы Джек Ма  Ханчжоуға келіп, өзінің алғашқы электрондық коммерция веб-сайты Alibaba.com-ді құрды.

 

Джек Ма – әлемнің ең үздік көшбасшыларының бірі

Америкадағы «Байлық» журналы әлем тарихына өз ықпалын жасап үлгерген 50 ірі көшбасшының 2017 жылы тізімін жариялады. Бұл тізімде Джек Ма Amazon компаниясының бас директоры Безос, Германия Канцлері Ангела Меркельден және басқа да саяси көшбасшылардан жоғары орынға жайғасты. Әдетте осы тізімге әлемдік дамуға үлес қосқан, жаһандық саясат пен бизнесте өз мүмкіндіктерін көрсеткен көшбасшылар ғана кіре алады. Соңғы жылдары қытайлық кәсіпкерлердің бұл тізімде қарасы молая түсті. Ал Джек Ма дәл солардың ең үздігі болып көш басында тұр.

«Байлық» журналы: «Alibaba шағын бизнесті дамытудың жаңа жолын ойлап тапты. Ол үшін электронды платформаны тиімді пайдалана білді. Бұл әлем экономикасына тың серпіліс алып келді», – деп Джек Маны жоғары бағалады.

Джек Ма интернет саудасымен қоса әлеуметтік әлсіз топтарға көмектеседі, білім саласына инвестиция салады.  Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға баса мән береді. Бұдан бөлек ол мәдениет, өнер, кәсіпкерлік және озық технологияға, ғылыми зерттеулер мен ғарыш технологиясына   қаржы салады. 2011 жылдан бастап Джек Ма Alibaba компаниясының жылдық табысының  3% үлесін әлеуметтік игілік қорына аударып келеді.Картинки по запросу Джек Ма

Джек Маның табысы 39 миллиард долларды құрайды. Ол қазір әлемнің ірі байларының тізімінде 20 орынды иеленген.

Джек МА, кәсіпкер, Alibaba интернет компаниясының негізін қалаушы:

Мен өмірге өз бақытымды сезіну үшін келдім

Alibaba компаниясында 45000 адам жұмыс істейді

– Джек Ма мырза, «әлемдік экономика форумына» басқан қадамыңыз құтты болсын. АҚШ президенті Дональд Трамптың қабылдауында болдыңыз. Бұл реткі жүздесу туралы не айтасыз?

– Трамп мырзамен кездесуіміз керемет болды. Шынымды айтсам, мұндай болар деп күтпеген едім.

– Сонда сіз не күттіңіз?

Мен осы уақытқа дейін АҚШ-тың жаңа президенті туралы көптеген дақпырттар естідім. Бірақ қабылдау кабинетіне аяқ басқан сәттен-ақ, ол кісі менің ашық әңгімелесуге келгенімді бірден аңғарды, әрі менің сөзімді тыңдауға пейілді екенін айтты. Мен екеуара әңгімеміздің  аса салиқалы өткеніне өте ризамын. Тіпті Трамп мені  баспалдақтан сүйеп төменге түсірді. Шынын да АҚШ президентімен болған табысты жүздесуім үшін дән ризамын.

– Кездесуге кім ұсыныс жасады, қандай мәселелер талқыланды?

– Бірде жақын танысым менен «АҚШ президентімен  кездесуді қалайсың ба?» деп сұрады, бастапқыда бұған «иә, кездескім келеді» деп жауап бердім. Бірақ кейін ойланым қалдым. Өйткені Трамппен кездесуге әлі дайын емес едім, тіпті жолығып жатсақ не туралы айтарымды да білмейтінмін. Бірнеше күннен соң әлгі танысым тағы да өтініштерін білдірді, сондай-ақ осы кездесудің мән-маңызы туралы, егжей-тегжейлі жазып, электрондық поштама хат жіберді. Сөйтіп мен ойлана келе АҚШ президентімен кездесуге бекідім.

Бұл кездесуде біз орта-шағын бизнесті дамытудың жолдары, ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалау, Қытай мен АҚШ-тың  сауда байланысын талқыладық. Сондай-ақ, Американың тауарларын Alibaba интернет компаниясы арқылы Азияға сату жолдарын қарастырдық.Картинки по запросу Джек Ма

– Алдағы бес  жылда американдықтар  үшін  бір миллион жұмыс орнын тауып беруге уәде бересіз бе?

– Бұл туралы нақты сөз бере алмаймын,  өйткені Alibaba компаниясының өзінде  45000 адам жұмыс істейді. Бір  миллион адамды  басқаруға біздің  шамамыз келмейді. Бұл шынын да мүмкін емес дүние.

– Қытай-Америка қатынасы туралы не айтасыз, Қытайдың валюталық манипуляциясы жайында Трамптың бұрынғы ескертулерін қалай түсіндіресіз?

– АҚШ-та сөз бостандығы бар, әркім айтқысы келген ойын ашық айта алады. Мен  бұл құндылықты құрметтеймін. Алайда, менің де өз көзқарасым бар.  Біз шағын орта бизнестің, Midwest-тің дамуына жол ашып, жергілікті өнімдердің Қытайға экспортталуына көмектесетін кейбір мүмкіндіктерге  қол жеткіздік. Енді бұл жерде басқа бір түйткілді мәселелер туралы сөз қозғамай-ақ қояйық. Десе де, сұрағыңызға орай АҚШ туралы ойымды қысқаша айта кетейін.

Американдық ірі  компаниялар жаһандану арқылы қыруар табысқа кенелді, олардың өсім көрсеткіші адам  таңғаларлық. Сонай-ақ Microsoft, Cisco және IBM сияқты әлемге танымал компаниялар қырғын  пайдаға кенелді. Осы компаниялардың табысы Қытайдағы төрт ірі  банктің  жалпы кірісінен де көп. Мені кәсіпкер ретінде осыншама ақша айналымының қайдан келіп, қайда кетіп жатқаны қатты алаңдатады.

Соңғы 30 жылда АҚШ 13 үлкенді-кішілі соғысқа  14,2 триллион доллар жұмсады. Егер осы қисапсыз қаржының біраз бөлігін инфрақұрылымды жақсартуға және АҚШ кәсіпорындарында жұмыс істейтін милиондаған жұмысшылардың жағдайын түзеуге  жұмсаған болса, әлдеқайда игі іс болар еді. Мен Гарвард университетіне оқуға түсуге көмектесе алмаймын, алайда  мектепке бара алмайтын адамдарға да инвестиция салуымыз  керек деп ойлаймын.Картинки по запросу Джек Ма

Жас кезімде Америкада «Форд» және «Боинг» секілді ауқымды өндірістік компаниялар бар екенін еститінмін. Алайда соңғы уақыттарда «Уолл-стритке» (Америкадағы ірі қаржы орталығы)  капитал көптеп ағылды. Осыдан кейін, яғни 2008 жылы қаржы дағдарысы басталды. Соның кесірінен АҚШ экономикасы 19,2 триллион долларын желге ұшырды, сондай-ақ 34 миллион жұмыс орны қысқарды. Егер осы қаржы әу баста «Уолл-стритке» құйыла бермей, керісінше  Американың орта батыс аймақтарына инвестиция ретінде салынса, онда үлкен өзгерістер болар еді. Басқа елдер сіздің жұмыс орныңызды ұрлап қойған жоқ, бұл сіздің стратегияңыздың әлсіздігінен туындап отырған жағдай.

– Жаһандану туралы не айтасыз?

– Жаһандану – өте маңызды ауқымды үдеріс. АҚШ – жаһанданудың озық үлгісі  бола алатындай дамыған, өркениетті мемлекет. Қытай  2001 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Сол кезде біз: «Егер әлемдік бренд өнімдер Қытай нарығын жаулап, өндірісімізді тоқыратып, жұмыс орындарын қысқартса не істейміз?» деп алаңдадық. Алайда 20 жылдан кейін бұл шешімнің ел дамуына орасан зор оң өзгерістер әкелетінін  көрдік. Меніңше,  жаһандану үдерісін өркениет талаптарына сай алға ілгерілету керек.

– Сіз eWTP-ны ұсындыңыз,  бұл нақты қандай жоба?

– Дүниежүзілік сауда ұйымы – өте ауқымды құрылым. Бірақ ол негізінен дамыған елдер мен солардың кәсіпорындарына арналған. Сондықтан ол жерде ШОБ үшін ешқандай да мүмкіндік жоқ. Біз осы олқылықтың орнын толтыру үшін eWTP, Electronic World Trade Platform жобасын іске қостық. Мұнда негізінен ұялы телефондар мен интернетті пайдаланып, онлайн режимінде сауда-саттық жасай аласыз. Сондай-ақ, бұл жоба жастарға және ШОБ-қа қолдау көрсетуге арналған. eWTP қазірдің өзінде 20 мемлекетті біріктіріп, бір желіде сауда-саттық жүргізуді жүзеге асырып отыр.

Қытай мен Америка арасында ешқандай да «соғыс» оты тұтанбауы тиіс

– Alibaba компаниясы әдетте тауарды иесіне жеткізіп беру үшін басқа компанияларды пайдаланады. Ал  Amazon компаниясы осы жұмыстың бәрін өздері істейді. Бұл екі жолдың қайсысы тиімді деп ойлайсыз?

– Мен екі компанияның да шешімі дұрыс деп ойлаймын, өйткені әлемде түрлі бизнес-модельдер бар. Әркім өзіне тиімдісін пайдаланады. Бастысы, өз жұмыс тәсіліңізге сенуіңіз керек. Мысалы, мен өзімнің не істей алатыныма  сенемін. Ал Аmazon бейне империяға ұқсайды, ол өзінің барлық тетіктерін бақылап, сатып алумен сатуға дейінгі барлық қызметті бір желіде тоғыстырған. Біздің жұмыс тәсіліміз бұдан өзгешелеу, яғни біз басқаларға мүмкіндік береміз. Сондай-ақ олардың сатуға  немесе қызмет етуіне көмектесеміз. Қандай да бір ШОБ-ті негіз еткен кәсіпорын біздің технологияларымыз бен инновацияларымызға байланысты Microsoft немесе  IBM компаниясымен бәсекелесе алады. Интернеттегі технологиялар арқылы біз әрбір компанияны Amazon-ға айналдыра аламыз деп ойлаймын. Өткен жылы біздің GMV ( Тауар айналымы) 550 миллиард доллардан асты. Егер біз бұл өнімдерді жеткізу үшін қызметкерлерді жалдайтын болсақ, онда бізге қосымша тағы да 5 миллион адамды  жұмысқа қабылдауға тура келеді. Осындай шығындарды қысқарту үшін басқа компаниялардың жұмысына жүгінеміз.

Тауардың тұтынушыға дер кезінде жетуіне кепілдік бере аласыз ба?

– Біз тауар жеткізуде өз мүмкіндігімізді көрсете алдық. Мысалы, өткен жылы бір күнде  Қытайдың 125 қаласына тауар жеткізіп  үлгердік. Енді мынаған зер салыңыз,10 жыл бұрын Пекиннен Ханчжоуға зат жеткізу үшін 8 күн кететін, ал қазір  Пекиннен ішкі Моңғолияға 12 сағат ішінде жеткізуге болады. 2016 жылы біз 17 миллиард доллар көлемінде тауар саттық, үш күнде 600 миллион пакет жібердік. Өстіп, менің үмітім ақтала бастады. Мен 1992 жылы Қытайда алғашқы компаниямды құрдым. Банктен 5000 доллар қарыз алу үшін үш ай уақыт сарып қылдым. Сонда да барлығы сәтсіз аяқталды. Жалпы шағын бизнес бастау өте қиын. Дегенмен бүгінгі ғылым мен техниканың ала келген мүмкіндіктері, бізді анағұрлым күш-қуатқа ие етті.

– Alibaba компаниясы туралы айтылатын түрлі сындарға қалай қарайсыз?

Ең әуелі, қандай да бір ауқымды жұмысты бастаған кезде  сынға дайын болуыңыз керек. Алдымен сынды тыңдап, содан кейін оның дұрыс немесе бұрыс екенін айтуыңыз тиіс. Біз Amazon компаниясы сияқты емеспіз, дегенмен 10 миллионға жуық кәсіпорындар өз өнімдерін Alibaba компаниясы арқылы саудалап отыр. Сондай-ақ 17 жылдан бері тауар сапасына кепілдік етіп келеміз. Әйтсе де біз интернет компаниясымыз. Сондықтан біреудің жалған өнім сатқанын анықтасақ, оған тыйым сала аламыз, бірақ түбегейлі жоюға құқығымыз жоқ. Мысалы, өткен жылдың өзінде біз 400-ге жуық жалған тауар сатушыларды түрмеге қаматып, 370 миллион юаньға (61 миллион доллар) жуық  жалған өнімді сатылымнан алып тастадық. Біз жалған көшбасшы емеспіз, тауарды кім жасайтыны, оны кімнің сатып алатыны және сататыны, олардың мекен-жайы қайда екендігін қатаң бақылап-басқарып отырамыз. Біз бұл ісімізден әлемнің, әсіресе, Қытайдың мемлекеттік құрылымдарының хабардар. Осылайша біз әр тараптың құқын қорғауға шамамыздың келгенінше қызмет етеміз.

– Alibaba компаниясы Голливудтың кино өндірісіне қаржы сала бастады, бұл идея сізге қалай келді, алда тағы қандай жобалар жасамақшысыздар?

– Біз үнемі  әр бес жыл сайын жұмысымызды қорытындылап, алдағы 10-20 жылға жоспар дайындаймыз. Компания дүп келген нақты кедергілерді шешудің жолын қарастырамыз. Қолға алмақшы болған жобамыздың қаншалықты табыс әкелетініне зерттеу жасаймыз. Мысалы, бастамақшы болған жобаның 10 жыл ішінде табыс әкелетініне сенімді болсақ, онда сол жұмысқа бірден кірісеміз. Осыдан бес жыл бұрын біз Қытайдың алдағы 10-20 жылда не нәрсені қажет ететіні туралы талқыладық. Соның нәтижесінде алдағы уақытта қытай халқы үшін ең маңызды дүние бақыт және денсаулық болатынына анық көзіміз жетті. Ал Голливуд фильмдері адамдарға бақыт әкеледі. Әрине бай да, кедей де бақытты болмауы мүмкін, бірақ  кино көру адамдарды бақытқа жетелейді. Сол себепті  біз Голливудпен бірлесіп жұмыс жасауды ұйғардық. Әдетте қытай киноларында сценарий бойынша кейіпкерлер соңында ажал құшады, ал американдық кейіпкерлер ешқашан өлмейді. Мен өз кейіпкерлерімнің өлмегенін қалар едім және содан үлкен ой түйіндеуге тырысар едім. Сонымен қоса Alibaba компаниясы тек интернет саудасымен ғана шектелмей, басқа да салаларға қаржы салып, өз мүмкіндігін сынап көрсе деймін. Менің сүйікті фильмім – Forrest Gump. Өмір қиын, мен одан үйрендім, ол мені болашақ асқақ арманға талпындырды.Картинки по запросу Джек Ма

– Болашақта Alibaba-дан бөлек тағы не істегіңіз келеді?

Мен жас кезімде ертерек зейнетке шығуым керек деп ойлайтынмын. Ал қазір әлі де болса көптеген игі жұмыстар істегім келеді. Қайырымдылық жұмыстарымен айналыссам деймін, сонымен қоса ұстаз болу да ойымда бар,  қоршаған ортаны қорғауға да атсалыссам деймін. Осының бәріне уақыт табуым керек. Неге мен өмір бойы Alibaba компаниясының бас директоры болып қала беруім керек? Мен өмірге өз бақтымды сезіну үші келдім. Сол үшін де адамдарға күн түсетін тұстан қарағым келеді.

– «Америка-Қытай сауда соғысы» туралы не ойлайсыз, шынымен де Трамп Қытай экономикасын қыспаққа алса Alibaba зардап шеге ме? 

– Менің ойымша, Қытай мен Америка сауда байланысы тоқтамайды, ешқандай да «соғыс» оты тұтанбауы тиіс. Әлемдегі ең ірі экономика мен екінші ірі экономиканың «сауда соғысын» елестетудің өзі қиын. Біз Трамп үкіметінің жан-жақтылы ойланып, шешім шығаруына уақыт беруіміз керек секілді. Өйткені ол барлық адамдарды тыңдайды әрі пікірлерімен санасады. Әрине, бірден «сауда соғысын» бастап кету өте оңай, бірақ оны аяқтау тым  қиын немесе тіпті мүмкін емес. Егер Қытай-Америка сауда қақтығысы шиеленісе берсе әлем экономикасы ауыр дағдарысқа тап келеді. Мұны да алдын ала ойлану керек. Сіз Иран соғысын, Ауғанстандағы соғысты жақсы білесіз. Әлемнің қай түкпірінде болсын қандай да бір себептермен сауда-саттық әлсіресе адамдар қиындыққа жолығады. Сауда – тек адамдарға күнкөріс үшін ғана қажет емес, ол мәдениет пен құндылықтардың өзара алмасуына да мол мүмкіндік береді. Егер Қытай мен Америка сауда байланысын үзсе Alibaba бизнес-үлгісі де жойылады. Сондықтан осы «сауда соғысын» болдырмау үшін  Alibaba компаниясы кейбір келісімшарттарды қайта қарауға дайын.

 

Джек Маның «New York Times» газетіне берген сұхбаты.

 Сұхбаттасқан Эндрю Росс Сальк

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

]]>
https://juldyz.kz/2019/03/02/dzhek-ma-ma-yun-kasipker-tabysqa-zhetu-ushin-senim-barinen-de-manhyzdy/feed/ 0
АҚШ президенттерін «азаптаған» әйел кім? https://juldyz.kz/2019/02/22/aqsh-prezidentterin-azaptaghan-ajel-kim/ https://juldyz.kz/2019/02/22/aqsh-prezidentterin-azaptaghan-ajel-kim/#respond Fri, 22 Feb 2019 09:36:01 +0000 http://juldyz.kz/?p=15488 2013 жылдың 19 шілдесінде  АҚШ президенті Барак Обама: «Ол мыңдаған нәзік жанды тілшілерге тарс жабылған Ақ үйдің есігін батылдықпен аттаған алғашқы қаһарман еді. АҚШ президенттерін ақиқаттың алдында тергеуге алатын, оның сап шындықтан сомдалған өр тұлғасы біздің мәңгі көз алдымызда  қала бермек. Бүгін АҚШ халқы әділдік үшін күрескен зор тұлғаға хош айтты », деп көзіне жас алғаны бар. Бұл Обаманың  әйгілі журналист Хелен Томастың қазасына көңіл айтқан сәті болатын. Ендеше, қазасы Обаманың қабаырғасын қайыстырған Хелен Томас кім еді?

Хелен Томас  1920 жылы 4 тамызда  Кентуккидегі Винчестер қаласындағы    көп балалалы отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Джордж Томас сауатсыз болсада, балаларын барынша жақсы оқуға ынталандыратын.  1942 жылы Детройт қаласындағы Уэйн мемлекеттік университетін бітірген  Хелен жұмыс  табу  үшін Вашингтонға  келді.  Өз естеліктерінде  Хелен Томас : «Алғаш Вашингтонға келгенімде официант болып жұмыс істедім», деп жазады.Похожее изображение

Көп өтпей Хелен Томас «Вашингтон жаңалықтар» газетіне қарапайым жұмыскер болып қабылданды. Ал 1943 жылдан бастап Хелен  аталған газет пен өзге журналдарға хабар жаза бастады. Сол кезде АҚШ-тағы  әйел журналистер әлеуметтік жаңалықтар мен ішкі істер туралы  ғана жазатын. Алайда  соғыс, саясат және өзге де ауқымды тақырыптар туралы тек  ерлер жазатын. Хелен өткен ғасырдың 50 жылдары  әйел журналистер жазуға мүмкіндігі жете беремейтін тақырыптарды жазуға батыл қадам жасады. Ол алғаш рет АҚШ-тың федералдық үкіметінің ақпарат бюросына мүше болды. 1961 жылы Джон Кеннеди АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін Хелен  Ақ үйдің журналистер  тобының құрамына енді. Міне, осылай Хелен Томас АҚШ тарихындағы Ақ үйдің табалдырғын аттаған алғашқы әйел журналист атанды. Міне сонан кейін  Ақ үйдің баспасөз конференциясына жалғыз  әйел журналист үнемі бой көрсететін болды. Хелен Томас 1972 жылы президент  Ричард Никсонмен бірге журналистер құрамында Қытайға сапарлады. Осыдан кейін Хелен журналистер  тобының белді мүшесі ретінде АҚШ президенттерімен бірге әлемнің көптеген елдеріне сапарлады.Картинки по запросу helen thomas

1998 жылы Ақ үйдің баспасөз бюросы «Хелен Томас» атында арнаулы сыйлық тағайындаы. Алғашы сыйлық Хелен Томастың өзіне табысталды. Әйел журналист ретінде, Хелен, кәсіби ар-ұжданды бәрінен де жоғары қойды. Ақиқатқа көз жеткізу үшін ол ешкімнен қаймықпайтын. Осы батылдығы үшін көптің құрметіне ие болды, кейде өзгелердің сынына да ұшырады. Ол қашанда АҚШ президенттеріне саяси салмағы ауыр сауалдар қоятын. Айталық Вьетнам соғысы аяқталғаннан кейін Хелен, сол кездегі президент  Никсоннан : «Вьетнам соғысының  құпия жоспарын айтып беріңіз»,-деп сұрады. Ол Рейганнан: «Америка Құрама Штаттары Гренадаға қандай күш-қуат берді?»-, деп тығырыққа тіреді. АҚШ Ауғанстаннан кейін Ираққа соғыс жариялаған тұста, Хелен Джордж Бушқа : «Президент мырза, Ақ үйге кірген сәттен бастап сіздің үкіметіңіз, үкімет шенеуніктеріңіз, барлау қызметкерлері және т.б. бар. Соғыстың  нақты себебі туралы  тіс жарған емес.  Сіз  Израиль үшін де,  мұнай үшін де,  Ираққа соғыс ашқамыз жоқ, деп кесеттіңіз. Сонда не себепті соғыс қозғадыңыз»,-деп президентті сұрапыл сұрақтардың астына алды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Картер, Хеленнің сұрақ қойғанда қатты сасатын. Ал, Рейган сұрақтарына жауап бере алмай  күмілжитін. Сондықтан АҚШ жұрты Хелен Томасты: «АҚШ  презинттерін азаптаған әйел» деп атайтын. Өздерін  соншама сының астына алғанына  АҚШ президенттері Хелен Томастың туған күнін үнемі құттықтап отыратын. 1997 жылы 4 тамызда Президент Клинтон Хеленнің 77 жасқа толған күнінде туған күніне арналған торт жіберді. 2006 жылдың 2 тамызында Президент Буш Хеленді туған күнімен құттықтады. Ал 2009 жылдың 4 тамызында Обама Хеленге туған күнін құтықтау хатын  жіберді.Картинки по запросу helen thomas

«11 қыркүйек» оқиғадан кейін Хелен Томас  Ақ үйдегі журналистерді: « өткір сұрақ қоюға батылдығы жетпеді»,- деп сынады . Тіпті бірде  Хелен «Ақ үйдің» баспасөз қызметкерлерін «есік баққан иттер» деп айыптады.  2006 жылдың мамырында «Нью-Йорк таймс» газетіне берген сұхбатында ол: «Мен ешқандай құпия  саналатын  мәселе жоқ деп ойлаймын.  Біз қоғам алдында   күн сайын президентке сұрақтар қоюға және оны есеп беруге  шақыруымыз керек . Олай болмаса, ол патша болады», деген еді.Похожее изображение

1971 жылы Хелен  Ақ үйдің репортері Дуглас Корнеллге үйленді. Бірақ олардың балалары болмады. Күйеуі  Корнел 1982 жылы қайтыс болды. Ал Хелен Томас 2010 жылы  7 маусымда 90 жасқа толғанда  зейнетке шықты.  Ол оннан астам кітап  жазды. 2013 жылдың 19 шілдесінде  93 жасында өмірден өтті. Хелен Томас шын мәніндегі демократиялық құндылықтарды қорғаған АҚШ тарихындағы ең айтулы тұлғалардың бірі болып қала берді.

Дайындаған: Ерзат АСЫЛ

]]>
https://juldyz.kz/2019/02/22/aqsh-prezidentterin-azaptaghan-ajel-kim/feed/ 0
Абдолла Қарсақбаев, кинорежиссер (1926-1983ж) https://juldyz.kz/2019/02/21/abdolla-qarsaqbaev-kinorezhisser-1926-1983zh/ https://juldyz.kz/2019/02/21/abdolla-qarsaqbaev-kinorezhisser-1926-1983zh/#respond Thu, 21 Feb 2019 06:49:37 +0000 http://juldyz.kz/?p=15456 Тоқтар Қарсақбаев, А.Қарсақбаевтың ұлы:

Әкемнің ойындағы көркем картиналар оның келте ғұмырымен бірге үзіліп кетті

– Тоқтар аға, әкеңіз қай өңірде өмір есігін ашты?

– Әкем Абдолла 1926 жылы 2 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында қарапайым  малшы отбасында дүниеге келіпті. Әкеміз ата-анасы алпыс жастан асқанда отбасының он алтыншы баласы болып туылған екен.

– Ата-анасы қандай кісілер болған?

– Атамыз Қарсақбай мен әжеміз Талшыбық мал баққан, көшпенді өмірдің қыр-сырын қанық білетін жандар болыпты.

– Ол кісінің балалық шағы жайлы не білесіз?

– Әкемнің балалық шағы қазақ даласын алапат ашаршылық жайлаған жылдарға тұспа-тұс келді. Сондықтан да ол бала кезінде тағдырдың тауқыметін көп тартқан. Бірақ  маған балалық шағы жайлы тіс жарып ештеңе айтқан емес.

– Әкеңіз алғаш сауатын қайдан ашқан?

– Ол кісі 1933 жылы Алматы қала­сындағы №12 мектепке оқуға түсіп, 1942 жылы он жылдықты бітіреді. Сол жерде  Нұрғиса Тілендиевпен бірге оқиды. Екеуінің  өмірлік достығы осы мектептің партасынан басталса керек.

– Мектеп бітіргеннен кейін әкеңіз алғашқы еңбек жолын қалай бастады?

– Әкем мектеп бітірген жылы анасы Талшыбық қайтыс болады. Сөйтіп, ағалары соғысқа  кеткенде бозбала Абдолла ауру әкесіне қарап, отбасының  арқа сүйер тірегі болады. Қапан, Ернияз атты ағалары майданнан  оралмайды. Тіпті 1945 жылы әкемді де майданға шақырмақшы болады. Бірақ атам науқас болғандықтан,  соғысқа бармай қалады. Бұл да тәңірдің оған тартқан үлкен сыйы болса керек.Картинки по запросу қарсақбаев абдолла

Соғыс кезінде Ресейдің ірі қалала­рындағы көптеген киностудиялар Алматы­ға көшіріліп әкелінеді. Әкем жақсы жа­ла­қы алу үшін  осы киностудияларда жұмыс істейді. Қара жұмыс істеп жүрсе де, қағылез бала біртіндеп кино түсірудің сырына қаныға бастайды. Осы тұста киностудиялар қасынан «актерлер мектебі» ашылады. Әкем 1943-1947 жылдары осы мектепте тәлім алады. Оқу бітірген соң «Қазақфильм» киностудиясына қызметке орналасады.

– Әкеңіз қашан отбасын құрды?

–  Әкем 1950 жылы  Мәскеудегі кинематография институтында оқып жүргенде еврей қызымен  шаңырақ көтереді. Көп өтпей екеуінің Қайсар атты ұлдары өмірге келеді. Бірақ әйелі әкемнің Алматыға кетуін қаламапты. Ақыры ол кісі әйелін тас­тап Алматыға оралыпты. Ұлдары Қайсар авиация саласының үздік маманы болған. Бір реткі әуе сынағында шырғалаңнан көз жұмыпты.

1957 жылы әкем  Ілияс Жансүгіровтің қызы Үмітке үйленеді. 1958 жылы Нұрлан есімді ұлы дүниеге келеді, Нұрлан білікті дәрігер болды. Біраз жыл бұрын дүниеден өтті.

Әкем 1965 жылы менің анаммен отбасын құрады. Бұл оның шығармашылық қолтаңбасы қалыптасқан, әбден кемеліне келген шағы еді. Мен 1966 жылы өмірге келдім.

– Кез келген адамның жетіс­тігін жанұя жылуынан бөле қарауға болмайды. Әкеңіздің шығармашылығына анаңыз қандай қамқорлық танытты деп ойлайсыз?

– Анам ең алдымен шығармашылық адамы үшін еркіндіктен қымбат ештеңе жоқ деп түйсінді. Сондықтан да отбасының барлық шаруасын өз мойынына алды. Сөйтіп, әкемнің жүрек қалауындағы фильмдерді түсіруіне мүмкіндік берді. Осы  жылдарда әкем жемісті еңбек етті. Небір мадақ пен марапаттауға да сол кездерде қол жеткізді. Айталық, 1967 жылы «Менің атым Қожа» фильмі Франциядағы Канн фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды. Канн фестивалінің жүлдесі  кино әлеміндегі ең беделді атақтардың бірі саналады. Бірақ ол кезде Каннға бүгінгідей көп фильм қатыстырылмайтын. Ал « Менің атым Қожа» фильмі сол кезде бүкіл КСРО атынан қатысып жүлдеге ілікті. Бұдан бұрын  1959 жылы Ресейдің «Тырналар ұшып барады» атты  фильмі Канн фестивалінің «Алтын пальма» сыйлығын еншілеген еді.

– Әкеңіз түсірген кино туындылар қазақ балаларына үлкен сыйлық болды. Ал өмірде сізге қандай бағалы сыйлықтар сыйлады?

– Әкем мені қатты жақсы көрсе де, аса еркелеткен емес. Өйткені өзі бала кезінде еркелеп көрмеген шығар. Сондай-ақ әкем ұлының бала жасынан өзіне сенімді болып, жауапкершілікті сезініп өскенін қалаған болар. Мен кейде әкемнен  «бізде машина неге жоқ? Бізде  анау неге жоқ? Мынау  неге жоқ?» деп сұрасам, әкем: «Мұның бәрі онша маңызды емес», — дейтін. Әкем өмірі дүние-мүлік жинамады. Тек кино әлемінде өмір сүрді. Оның үстіне ол өте жомарт  болды. Қолындағы барын жұртқа үлестіріп беретін.

– Әкеңіздің осы мәртігіне  анаңыз ренжіген сәттері болды ма?

– Әрине, кейде аздап ренжитін. Бірде мынадай қызық оқиға болыпты. Әкемнің бір киносынан қолына қомақты ақша түссе керек. Сонда ол кісі қолындағы ақшасын көпке үлестіре бастапты. Сол сәтте біреулер анама хабарласып: «Күйеуіңіз ақшасын жұртқа үлестіріп тауысатын болды, тездетіп келіңіз», — депті. Сөйтіп, анам барып әкемнің қолындағы қалған аз ақшаны алып қалыпты (күлді).Похожее изображение

– Әкеңіздің бойында режиссерліктен басқа тағы қандай өнері болды?

– Әкем  студент кезінде жақсы би билегенін айтып отыратын. Қазақтың дәстүрлі ән-күйіне жаны құмар еді. Әлдебір тамылжыған әуенге балқып, түпсіз терең ойға шомып кететін. Әкем қазақтың дәулескер күйшісі Нұрғиса Тілендиев пен ұлы актер Нұрмұхан Жантөринмен құшағы ажырамас дос болды. Олар бір-бірін зор қадір тұтатын. Олар үнемі шығармашылық ізденіс жайлы әңгімелесетін.

– Әкеңіз «Құлагер» поэмасының желісінде  кино түсіруді армандапты.  Неге ол кісіге бұл фильмді түсіру бұйырмады?

– А.Қарсақбаев қазақ халқының перзенті ретінде  ұлтының азаттығын, елінің еркіндігін аңсады. Мұны оның киносындағы ақиқаты арқау еткен астарлы ойлар айғақтайды. Әкем Алаш арыстарының асыл мұратын ешқашан ұмытпады. Әкем «Құлагер» поэмасы жайлы фильмін түсірсе  Алаш арыстары мен Ілияс Жансүгіровтің зор талантына жасаған тағзым болар еді. Алайда сол кездегі министрмен келісе алмай фильм басқа режиссердің еншісіне тиіпті.

– Сіздің  кино режиссері болуыңызға әкеңіздің өнер жолы әсер етті ме?

– Әкемнің ойындағы ғажайып көркем картиналар оның келте ғұмырымен бірге үзіліп кетті. Дәм-тұзы таусылар сәтте ол, сірә, нені ойлады екен? Осы сұрақ мені өмір бойы мазалап келеді. Менің кино әлеміне қадам басуыма да осы сұрақ түрткі болды. Ал режиссер ретінде әкем маған шынайы ойлауды үйретті. Оның киносы жасандылықтан ада болатын. Әрине, көрермен жүрегіне шындықты арқау еткен дүниелер ғана жол тарта алады. Сіз көрерменді ең әділ сыншы деп қабылдауыңыз  керек. Сондықтан қолыңнан келсе шынайылықты экранда көрсете білген жөн.

– Сіз әкеңіз жайлы деректі фильм түсірдіңіз, ал болашақта А.Қарсақбаевтың өмірін арқау еткен көркем фильм түсіру ойыңызда жоқ па?

– Әрине, сіздің бұлай ұсыныс жасауыңызды өте орынды деп білемін. Бірақ мұның барлығы қаржыға келіп тірелетіндігін білесіз. Кезінде әкемнің фильмдерінен үкімет қазынасына қыруар ақша түскен еді. Ал бүгін А.Қарсақбаев жайлы кино түсіруге қаражат табыла бермейтіндігіне таң қаласың. Десе де, мемлекет тарапынан қандай да бір қаржылық қолдау жасалса, әкем жайлы көркем фильмге құлшына кірісер едім. Негізі, әкем жайлы деректі фильмді түсіре бастаған тұста қатты ыңғайсыздандым. Өзгелер: «әкесінің тек жақсылығын ғана айтады, жалаң мақтайды», — деп айтуы мүмкін ғой. Бірақ мен деректі фильмде барынша  объективті көзқарасты ұстануға тырыстым. Әкемнің  көзін көрген, ол кісі жайлы жақсы білетін адамдардан бар шындықты айтуды өтіндім. Ал енді бұл еңбегіміздің бағасын көрермен өзі айта жатар деген ойдамын.

– Әкеңіздің  фильмдері шет тіліне аударылды ма?

– Әкемнің кинолары шет тілдеріне аударылғаны жайлы нақты білмеймін. Бірақ  осыдан бірер жыл бұрын Американдық кинотанушы Брайнан Кругер әкемнің кинолары жайлы ғылыми жұмыс жазу мақсатымен Алматыға келді. Ол бізден әкеміз жайлы нақты мәліметтер сұрап білді. Біз бұған марқайып қалдық.

 

                  Нұрлан Сегізбев, актер, сценарийші:

А.Қарсақбаев балаларға еркіндік беруді қалайтын

– Нұрлан аға, Абдолла Қарсақбаев­тың «Менің атым Қожа» фильміне биыл  56 жыл толыпты. Соншама жылдан бері  бұл кино  көрерменнің  көзайымына айналып келді.  Өшпес өнер туындысына ұлы режиссердің алғаш қолыңыздан жетелеп әкелген сәті есіңізде ме?

– Өткен ғасырдың 60-шы жылдары қазақ елінде қазақша сөйлесең, саған басқаша көзқараспен қарайтын. Орысша сөйлеу сәнге айналған-ды. Әрине, бұл мәселе қазақ зиялыларын бей-жай қалдырған жоқ. Сол тұста Шәмші Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін жазса, жазушы Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесін жазды. Шығарма неге бұлай аталды? Басты кейіпкер сотқар, тентек, ерке болса да, оның еш арам ойы жоқ, өз елінің ақылдысы, еркесі,  қожасы ретінде көрсетті. Алғашында бұл кітап орыс тілінде жарық көрді. Кейін келе қазақша нұсқасы шықты. Осындай саяси маңызға ие тақырып Абдолланы бей-жай қалдырмады. Ал 1962 жылы осы повесть бойынша жазылған сценарий дайындық кезеңіне жіберілді. Бірақ олар ұзақ уақыт бойы басты кейіпкерді таба алмады. Алматы қаласынан, тіпті қырғыз елінен де 700 баланың ішінен образға сай бала жолықпады. Егер балалар фильмінде кейіпкер табылмаса, кино ойдағыдай шықпайды. Бұған кино авторлары өте қатты қынжылды. Ал таңдалған қаланың аққұба баласынан режиссер Абдолла өз ойындағы  образды көре алмапты. Сөйтіп,  ол ауылдан шыққан қара домалақ баланы іздеді. Өйткені сол кездегі «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жетекшісі Шәкен Айманов жас режиссер Қарсақбаевқа бұл жобаны сеніп тапсырған еді. Ал ол басты кейіпкерді әлі таппады. Соңында «Мүмкін бұл жобаны осымен жаба саламыз ба?» деген ойға келіпті. Кейіпкер жоқ па, онда фильм де жоқ деген сөз.

Әлі есімде, 1963 жылы 15 наурызда ­Абдолла Қарсақбаев, Тұрар Дүйсебаев тағы қасындағы жолдастарымен ескі киностудиядан түскі ас ішуге шығады. Сол сәтте жолай мектептің жанынан өтеді. Мектептің ауласында бір-бірімен алысып жүгіріп жүрген оқушылардың ішінде көзі көгерген, галстугі қисайған, жейдесі жыртылған кішкентай қара баланы көздері шалады.  Олар  сол сәтте мені бас салып, жағамнан ұстап алып «Сен кімсің?» демесі бар ма?! Мен директорды не тәртіп сақшыларын  шақырады деп қорқып, қолынан сытылып шығып қашып кеттім. Сол тұста Абдолла: «Мен басты кейіпкерді таптым» деп қуаныпты. Сонан соң  кезекшіліктегі қыздан «Нұрлан Сегізбаев, 5 сынып оқушысы» екенімді біліп, мектеп директорына жолығыпты.  Директор  мені шақырғанда қатты қорықтым. Сөйтіп, мені жолдың келесі бетіндегі киностудияға алып келді. Киностудияның ұзын дәлізінде алдымыздан шыққан Құлахмет Ходжиковқа жыртылған жейдемнен тартып «Біз таптық» деді. Бір қызығы, олар қаланың баласын алды. Ал ауылдың қара домалақтары ұялшақ болатын. Қазір ауыл кейіпкерін ауылдың балалары ойнайды.Похожее изображение

– Ол кісі баланың риясыз әлемін ашып көрсету үшін қандай әдістерді ұтымды пайдаланушы еді?

–Кино сынақтан өткеннен кейін, Абдолла балалармен жұмыс істей бастады. Бір байқағаным, ол кісі өзге режиссерлер сияқты емес «Сценарийді жатта, осы рөлді ойнап шық» демейтін. Әрине, бала болғандықтан оған шығармашылық талап қоюға болмайды. Ол үнемі баланы еркелетіп, сөйлесіп, бетінен сүйіп, қолына көтеретін. Түсірілім барысында балаға әкелік қамқорлық танытатын. Актерлік шеберлігі жоқ баланы халық әртістерінің қасынан шығармайтын. Фильмге Бикен Римова, Кененбай Қожабеков сынды мықты халық әртістері түсті. Ол үнемі маған: «Кәсіби әртістер ғана рөлді сомдайды, сен әртіс емессің. Өзің қандайсың, дәл солай кинода өмір сүр» деп айтатын. Түсірілім тобына мені өз есіміммен атауға тыйым салды. Барлығы «Қожа» дейтін. Және бұл кинода беріле ойнауыма септігін тигізді. Мен өзімді сол Қожа секілді сезіндім. Түсірілім алаңында образға ену – 12 жасар бала үшін психикалық ауырлық. Ал режиссер оны сездірмеді. Мен, негізі, жасқаншақпын. Түсірілім алаңында ұялғандықтан, барлық адамдарды шығарып жіберетін де, тек өзімді еркін сезінетін адамдар қалатын.

Бұл оның толықметражды дебютті алғашқы кино картинасы болғандықтан, ресейлік кинорежиссер Е.Е.Аронды көркемдік жетекші қылып тағайындады. Ол Абдолладан кейіпкер бала мәдениетті, тәртіпті болғанын талап етті. Бірақ режиссер Абдолла ауылдың шынайы көрінісін, сотқар баласын көрсеткісі келді.

Абдолла жас режиссер болғандықтан, бұл жобадан нәтиже күтті. Халыққа берері қандай? Алғашында режиссерге 3 бөлімнен тұратын фильм түсіру ұсынылған болатын. Қожа мектепті бітіргеннен кейінгі, жоғары оқу орнын бітірген кезеңі. Бірақ фильм эфирге шыққан кезде «Бұл жамандықты, сотқарлықты насихаттау» деген сынға ілінді. Сондықтан ол бұл жобаны осымен қалдыруға шешім қабылдады. Өзін басқа жанрларда сынап көргісі келді. Бірақ бұл кино оның ең үлкен жемісі болды.

– Абдолла Қарсақбаевтың режиссерлік шеберлігі жайында не айтасыз?

– Балаларға арналған кинода ол дайындық барысын ұйымдастыра білді. Ол сценарийде жазылған мәтінмен емес, балаларға еркіндік берді. Белгілі бір сахналарда балалармен ойнады. Сонда бала ашылып, камера алдында өзін  еркін сезініп, образға енеді. Ол балалармен шынайы сөйлеседі, сонда балалар өздеріне сеніп, ашыла бастайды. Ол – психолог. Бұның барлығы балаға деген әкелік махаббаттан болды. Екіншіден, ол түсірілім барысында халық әртісіне жағдай жасауға  емес, кішкентай кейіпкердің образға енуіне көмектесетін. Ол киноға түскен халық әртістерімен алдын ала сөйлесіп, баланың еркелігін көтеруге, образға енбей қалса түсіністікпен қарауға келісті. Мәселен, кішкентай Дәулетті түсіретін сахнада бала көбелекті көріп, соның соңынан қуа жөнеледі. Режиссер, түсірілім тобы, тіпті халық әртістерінің өздері бала көбелекті қуып келгенше күтіп тұрды. Ешкім ауыр сөз айтпады. Әрине, уақыт кетеді. Бірақ бала сонда ғана образға енеді. Олар бала қашан ашылады, сол кезде сүйемелдеп қосылып образын алып шығатын. Бұл – оның түсірілім алаңындағы ерекше құпиясы. Үшіншіден, ол кішкентай кейіпкерлерді үнемі психологиялық тұрғыдан қолдады. Мәселен, жайлаудағы көріністі түсіру бір аптаға созылды. Ол менің анамды сағынып, шаршаңқы, көңілсіз жүргенімді байқады, оның үстіне қаланың сыртындағы түсірілімдерде толыққанды тамақтандырмайды ғой. Сол кезде ол аспазшыға маған тәтті тоқаш пісіріп беруін өтінді. Әрі қарбалас жұмыстан уақыт тауып маған тәтті тоқашты әкеліп берді. Ол баланың қиналып жүргенін сезетін және көңілін аулайтын.

Мен 10 сыныптан кейін ВГИК-ке режиссура факультетіне байқаудан тыс оқуға түсуге жолдама алып, киностудияның дәлізімен қуана жүріп келе жатқанымда Абдолла ағаны кездестірдім. Жаңалығымды қуана жеткіздім. Ол маған «Сенен режиссер шықпайды. Себебі 18 жастасың, жассың. Режиссер болу үшін өмірлік тәжірибе керек» деп, ол факультетке құжаттарымды тапсырмауымды айтты. Мен оны тыңдап, құжаттарымды тапсырмадым.

– Қазір өкінбейсіз бе?

– Жоқ. Бұл маған ең үлкен кеңес болды. Сол арқылы мен өз жолымды таптым.Похожее изображение

– Шын мәніндегі өнер туындысы үлкен еңбекті қажет етеді.  Қожа образын сәтті сомдауда қандай қиындықты жеңе білдіңіз?

– Мен үшін бұл рөл емес. Себебі мен актер емеспін. Мен өз-өзімді сомдадым. Маған күнде кешке қарай сахналық көріністің мәтіндерін берсе, оны жаттамай, ойын қуып кететінмін. Дайындық барысында сценарийдің әдеби мәтіндері ауызекі сөздермен айтылатын. Бұл фильмнің шынайы шығуына септігін тигізді. Егер актер сценарийдегі мәтінді үтір-нүктесіне дейін жаттап алса, образ ашылмайды, жаттанды көрінеді, тіпті демі де жетпей қалады.

– Фильмді түсіру кезінде  қандай қызықты оқиғалар болды?

– Мен бір сахнада жылауым керек еді. Бірақ 12 кадр қайталап түсірдік, көзіме жас келмейді. Және ол ірі пландағы кадр болатын. Гример «Көзіне дәрі тамызайық, сонда жылайды» десе, режиссер «Жоқ, шынайы жылау керек» деп қоймады. Мен де шаршағам. Бір кезде қайтадан түсіруді бастадық, мәтінді тағы да дұрыс айтпадым, бір кезде Абдолла аға камераға қарамай кадрға кіріп, менің бетімнен салып жібермесі бар ма?! «Түсіре беріңдер» деп кадрдан шығып кетті. Менің көзімнен жас бұрқ ете қалды. Сол сәт бір-ақ рет түсірілді.

– Енді кадр сыртындағы  қызықты оқиғалар жайында да айтып берсеңіз?

– Операторлар мен қараторы болғандықтан, эфирде жақсы көріну үшін, киностудияның алдына далаға үстел үстіне «Сен қап-қара болуың керек» деп бір сағаттай күнге тұрғызып қойды. Тағы бір айтатыным, Кеңсай зиратында менің туған анам мен кинодағы анам Бикен Римова екеуі қатар жерленген. Бұл кездейсоқтық мені таң қалдырды.

– «Менің атым Қожа» фильміндегі  кейіпкерлермен әлі күнге дейін араласып тұрасыз ба?

– Мен Жанарды да, Жантасты да фильмнен кейін көрмедім. Ал басқа әртістермен араласуға ол кезде бала болдым.

– Бір сұхбатыңызда: «Кинодағы Қожаның орнын алмастыратын жаңа кейіпкер шыққанша мен Қожаның көлеңкесінен құтыла алмайтын шығармын» — депсіз. Мұның сыры неде?

– Маған 50 жылдан бері бұл тақырыпты қозғау жалықтырып жіберді. Иә, бұл классика, иә, бұны қанша буын өкілдері тамашалады. Бірақ мен ешқашан әртіс болғым келмеді. Әлі күнге дейін киноға түсуге ұсыныстар келеді. Бәрінен бас тартамын. Мен үшін Қожадан кейінгі жасаған жұмыстарым маңызды. Мені қазақ киносының болашағы алаңдатады. Егер сценарий нашар болса, фильм жоқ деген сөз. Халықтық драма жоғалып барады. Бұрын кейіпкерлерді ауылдан іздейтін. Қазір көптеген таланттар ашылмай жатыр.

 

]]>
https://juldyz.kz/2019/02/21/abdolla-qarsaqbaev-kinorezhisser-1926-1983zh/feed/ 0
Қажет Андас, Ілиястанушы: Ілиястың атын қобызшы Молықбай қойған https://juldyz.kz/2019/02/18/qazhet-andas-iliyastanushy-iliyastynh-atyn-qobyzshy-molyqbaj-qojghan/ https://juldyz.kz/2019/02/18/qazhet-andas-iliyastanushy-iliyastynh-atyn-qobyzshy-molyqbaj-qojghan/#respond Mon, 18 Feb 2019 06:07:37 +0000 http://juldyz.kz/?p=15375 Ілияс Жансүгіров,
ақын, қоғам қайраткері
(1894 – 1938)

  • Қажет аға, әуелі әңгімемізді Ілияс ақынның балалық шағынан, өскен ортасынан бастасақ

Ілияс Жансүгіровтің 1928 жылы Мәскеуде жазылған өмірбаяны Мемлекеттік орталық мұрағатында (ҚРОММ) қолжазба түрінде сақталған. Осы өмірбаянда: «Менің өскен жерім – Жоңғар Алатауынан аққан, Балқашқа құятын Ақсу өзенінің бойы. Әзіргі атпен 4-ауыл, Ақсу болысы, Талдықорған үйезі, Жетісу губерниясы. Ел жөнінен: Орта жүз найман, матай, аталық, қайнар деген рудан. Әкем – 9 ата.
Жансүгір… әкем. Көзі тірі. Жылы – жылан. Биыл 71-де. Жарым көшпелі, Жұқана шаруа. Намазды «дұрыс оқырлық» мұсылманшасы бар. Ескі пікірлі адам. Менің жылымды «жылқы» дейді. Онысы 1894 жыл болады. Жазға салым туыппын. Ел ішінде туған ай, күнді, салыстырғанды қайдан табарсың! Анамды аз білем, 4 жасымда жетім қалдым»,-деп жазылған. Бұл ақының ататегі, туған топырағы жайлы өзі қалдырған ең құнды дерек саналады.
Енді бір деректерде Ілиястың атын қобызшы Молықбай қойған деседі. Молықбай – Ақсудағы патша отаршылдарына қарсы тұрған, қудаланған адам. Молықбай күйші дінге берік, ділі таза адам болған. Ол Семейде жасырынып жүрген жерінен ауылына шақырып, баласының атын қойдырмақшы болған Жансүгір досының тілегін жықпайды. Сондықтан сәбиге «Қызырілияс» деп азан шақырып ат қояды. Қайнағаларының атын атамайтын жеңгелері «Қызыр» деген қосымшаны алып тастап, нәрестені Ілияс деп атайды. Қысқасы, «Қалқаман-Мамыр» кітабындағы «Қызырілияс» есімі – сол шындықтың бізге жеткен белгісі. Бұл есімді «Мамания» мектебіне түскенге дейін қолданады да, кейін Біләл Сүлеевтің ұсынысымен атын Ілияс деп атайды. 2014 жылдың көктемінде Ақсу ауданына барған іссапарымда ақсулық ақсақалдардан да осы жайлы сұрап көрдім. «Үлкендерден естігенбіз, бірақ есімізге түсіре алмадық», – деп жауап бергендер болды. Сондықтан бұл тақырып әлі де зерттеуді қажет ететіні анық.

  • Біләл Сүлеев, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіровтердің бір-бірімен байланысы туралы айтылғанда ұдайы Фатима апамыздың есімі аталады. Ал олар шын өмірде қандай ортақ рухани үндестікті мұрат тұтқан жандар еді,
  • Ілиястануда осы күнге дейін мына бір мәселенің басы ашылмай келеді. Ол – Фатима және Біләл, Ілияс, Мұхтар арасындағы адами қарым-қатынас. Шындығында, Фатима апамыз қазақтың жоғарыда аталған үш алыбымен неке қидырып, ұрпақ сүйгенін бәріміз білеміз. Бірақ осы күнге дейін біз осы үш алыпты бірімен-бірін байланыстыратын жолды Фатима апамыздың өмірінен ғана іздеп келдік. Мен Ілиястың 20-30 жылдардағы газет-журнал-дағы еңбектерін, ел арасынан жинаған аңыздарын, экспедиция барысындағы қолжазбаларын оқып отырып, үш алыптың ортасындағы байланыстың тамыры тереңде жатқанын және көзқарастарының бір арнада тоғысатынын аңғардым. Нақтырақ айтқанда, олардың арақатынасына Фатима апамыздан гөрі, азаматтық ұстанымдары мен ұлттық мүдде жолындағы күрескерліктері себепкер болған. Біләл Сүлеев пен Ілияс Жансүгіровтің азаматтық тұрғыдағы жақындығы 1914 жылы «Мамания» мектебінде басталады. Осы кезде Біләл Сүлеев Ілиястың ұстазы ретінде оған көптеген ақыл-тәжірибе үйретеді. 1917 жылы Біләл Сүлеев Ақсу ауданының Жартоған деген жерінде ауыл мұғалімі болып жүрген жас Ілиясты Алматыға шақырып, Жетісу – Семей өңіріне аттанған экспедицияның құрамына қосады. Ілиястың мұрағатта сақтаулы қолжазбасының кейбір тұстарынан білгеніміздей, Біләл Ілиясқа екі тапсырма жүктейді. Бірі – қазақ ақыны Абай туралы мәлімет жинап қайту болса, екіншісі, Семейдегі Әуезұлымен кездесу. Яғни Мұхтар Әуезовтің «Алаш» партиясындағы ықпалын пайдаланып, аталмыш партиямен қарым-қатынас орнатуды көздеген. Бұл жолы Ілияс Біләлдің екі тапсырмасын да толығымен орындайды. Абай жайлы тың деректер жинаумен қатар, Мұхтармен танысып, оның көмегімен «Сарыарқа» газетіне «Тілек» атты өлеңін жариялайды.   Қазақ оқығандары арасында 1918 жылдары араб және латын әліпбиінің қайсысын қолдану керектігі туралы пікірталас туындайды. Осы тұста Ілияс араб әліпбиін қолдаса, Мұхтар бірден латыншаға көшу мәселесін көтереді. Осыған қатысты ойларын екеуі де «Абай» журналына жариялап, көптің талқысына ұсынады. Екі айрылған пікірге ара ағайындық танытқан Біләл Сүлеев «Абай» журналының 1918 жылғы 12 нөмірінде журнал редакциясы атынан Ілияс пен Мұхтарды ынтымаққа шақырып, хат жазады. Үш алыптың ортасындағы қарым-қатынас, міне, осылай Фатима апамыздан бұрын қалыптасқан. Кейін де бұлар сан рет шығармашылық ізденіс жолында бір-біріне қол ұшын беріп келген.

Ілиясқа «жапонның тыңшысы» деген айып тағылған

  • Сіз «Ілияс қазақтың ең алғашқы кәсіби журналистерінің бір болған» деген пікірдесіз. Бұл тұжырымды қандай деректерге сүйеніп айтып отырсыз?
    – Ақын-жазушылар өмір мен шығармашылығын зерделей жүріп, деректерді анықтап, өтірік кетіп қалмас үшін әлденеше саралап, талдау жасағанда біздер бір маңызды жағдайды елеп, ескере бермейтінімізді аңғардым. Расында, мәртебесі бөлек қаламгерлердің көпшілікке көрініп, үлкен әсер ететін, өз дәрежесінде бағасын алатын сүйеніші мен сенімді серігі баспасөз екендігі ойға келе бермейді. Тек қай басылымда, қай кезде, қандай жазбасы жарияланғанын көрсете салумен шектелеміз көбінде. Қай ақын, жазушы болсын оның алғаш қанат қаққаннан бастап өсіп, дәрежесі, аты биіктей беруіне қандай мүмкіншілік берді дегенге көңіл аудара қоймаймыз. Бұл – Ілиястану мәселесінде де өзекті жағдай. Журналистика саласында әрбір журналистің тырнақалды публицистикалық еңбегінің қалай жарық көріп, оқырманға таныс болғаны жиі талқыланып жатады. Оның да өзіндік себебі бар шығар. Сондықтан біз де Ілиястың журналистік қырын ашу үшін ұлы тұлғаның алғашқы туындысының қайсы басылымда, қашан, қалай жарияланғанын іздестіре бастадық. Осы мақсатпен Ілияс жайлы жазылған еңбектерді парақтап жүріп, қайшылыққа толы пікірлерге кездесіп қалдық Соның бірінде академик Мұхаметжан Қаратаев «Саңлақ ақын» атты еңбегінде («Даланың дарқан дүлдүлі», 2012 жыл, Астана атты топтамаға енген): «1920 жылы Ілияс Ташкентке барып сондағы мұғалімдер даярлайтын қазақ-қырғыз институтының екі жылдық курсына түсіп оқиды. Осы екі жылда жазған дүниелерін «Тілші», «Кедей еркі» газеттеріне жіберіп бас­тырып тұрады. Соның ішінде айрықша атап айтуды қажет ететін өлең 1920 жылы «Тілші» газетінде ең алғаш жарияланған «Ортақшыл партия» деген өлеңі», – деп жазады. Расында, «Ортақшыл партия» өлеңі Мұқаметжан Қаратаев айтқандай: «Қазақ поэзиясындағы коммунистік партия тақырыбына жазылған алғашқы өлеңнің бірі». Алайда ­біз іздестіріп жүріп аталған өлеңнің 1920 жылы емес, «Тілші» газетінің №12, 1923 жыл, 16 январь, сейсенбі күнгі нөмірінде «Матай» деген қаламатпен жарияланған нұсқасын таптық та, академик Қаратаевтың осы тұста қателесіп отырғанын аңғардық. Себебі «Тілші» газетінің алғашқы нөмірі 1922 жылы тамыз айында басылып шыққан еді. Сондықтан 1920 жылы жарыққа шықпаған «Тілші» газетінде Ілиястың тырнақалды туындысының болуы мүмкін емес деген қорытындыға келдік. Осыдан кейін Ілиястың журналистік қырын біраз зерттеген Темірбек Қожакеевтің еңбектеріне ден қойдық. Ғалым «Журналист Жансүгіров» атты еңбегінде: «Ілияс Жансүгіров 1920 жылы Верныйдағы мұғалімдер даярлайтын үш айлық курста 15 күн-ақ оқыған соң, ауыз әдебиетін жинақтайтын экспедицияға қосылып, Жетісу өңірін аралауға шығады. Сол сапарында Ташкентке тап болып, мұнда бір қыс оқиды. Десе де, сол жылдары оқи жүріп, Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетіне корректор болып орналасады. Сонымен қатар «Жас Алаш» газетін шығаруға белсене араласады. Осы газеттің 1921 жылы 22 наурызда шыққан тұңғыш нөмірінің бас мақаласын «Жас замандастарға» деген тақырыппен Ілияс жазады», – деп көрсетеді. Ілияс Жансүгіровтің журналистік қырын толық болмаса да белгілі деңгейде көрсете алдық деп есептеуге болады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Ілияс қазақ баспасөзінің ең алғашқы кәсіби журналисі. Сондықтан мүмкін болса, журналистерге Ілияс атындағы ең бір мәртебелі атақ тағайындаған жөн.
    –1937 жылы ақын тұтқындалды. Ал 1938 жыл ату жазасына кесілді. Сол кезде НКВД Ілиясқа қандай айыптар тақты?
    – Біз мұрағаттағы іс парақтарынан Ілиясты тергеу барысында оған «жапонның тыңшысы» деген айып тағылғанын білдік. Шындығында, Сәкенге ағылшынның, Бейімбетке француздың тыңшысы деген айып тағылған екен. Мұрағаттағы және баспасөздегі Ілиястың қолжазбаларын зерделеу барысында бір қызық жағдайға тап болдым. Өйткені «Тілші» және «Еңбекші қазақ» газеттерінің сарғайған сандарын ақтарып отырғанда «Шетел» жаңалықтары деген айдармен берілетін саяси шолуларды көзіміз шалды. Онда Жапония сияқты Азиялық мемлекеттер мен өркениетті Еуропа елдерінің мәдениет, экономика тағы басқа да саладағы жаңалықтары мен тәуелсіздікке жету жолындағы күрестері жазылып, оқырманға түсіндіріліп отырған. Яғни Ілиястың жапондықтардың мәдениеті мен тарихы, өнері мен өрлігі туралы көбірек жазғанын байқаймыз.

 

Елдос Тоқтарбай, әдебиеттанушы:
Ілияс «Мамания» мектебінде Б.Сырттанұлының Петербордан әкелген кітаптарын оқып өсті

  • Елдос, І.Жансүгіров «Мамания» мектебіне қай жылы оқуға барды?
  • Қазақ поэзиясының құлагері – Ілияс ақын Жансүгіров дүниеге келген Ақсу жұрты – Жетісу өлкесінің табиғаты шүйгін, емдік суының қасиеті зор, шипалы аймақ.ХІХ ғасырдың соңында бұл аймақта қазақ даласындағы екінші ірі мектеп саналатын, Жетісудағы алғашқы мектеп «Мамания» ашылды. Осы тұста Ұлы Жібек жолындағы керуен сарайдың өркениеті асқан, еуропалық мәдениетке икемделген Қарағаш қалашығы салынып, Ақсу-Қапал уезіндегі қазақ, орыс балаларының сауатын ашуға үлкен үлес қосқан-ды. Ал 2019 жылы бұ мектептің ашылғанына 120 жыл толады. Демек, осыдан тура 120 жыл бұрын, 1899 жылы күллі қазақ даласына жомарттығымен аты шыққан Маман қажының балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылардың ұйымдастыруымен мектептің қазығы қағылып, өз жұмысын бастайды. 1903-1904 жылдары Қарағаш қаласындағы бұ мектептің ғимараты, жатақханасы мен кітапханасы, асханасының құрылысы толық аяқталып, мектеп кешені ретінде өз ауқымын кеңейткен еді.
    Ілияс ақын шәкірт ретінде мектеп партасына 1910 жылдары отырған. Яғни Ілияс – «Мамания» мектебінің ең алғашқы оқушыларының бірегейі. Алты жасында әріп танып, сауатын ашқан Ілиястың өскен ортасы Алаш рухымен қуаттанған интеллигенция өкілдерінің жиі бас қосатын ортасы болған. Мәселен, бұ жылдары атақты заңгер, Алаш қозғалысының белді мүшесі, Санкт-Петербор университетін үздік тәмамдаған Жақып Ақбайұлы «Қарқаралы петициясы» бойынша сотталып, Қапалға жер аударылған болатын. Ал Барлыбек Сырттанұлы – осы Қапал уездінің төл тумасы, осы өлкеден шығып, жоғары білімді игерген алғашқы қазақ баласы. Ол – Петербор университетін алтын медальмен тәмамдаған, сонан соң Алаш қозғалысының Орталық тұлғасы болды. Жұртына дәулетімен қызмет еткен алаш ақсүйектері Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл Маман балалары әке өсиетіне адал болып, еліне зор үлес қосты. Осы жаны жайсаң жандардың ауылына алаш зиялысы Міржақып Дулатұлы, Барлыбек пен Тұрлыбек Сырттанұлы, Жақып Ақбайұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Көлбай Тоғысов сияқты элита мүшелері келіп, әңгіме-дүкен құрып, оқушылармен жиі-жиі кездесіп тұрған. Маман балаларының құтты қонағы болғандардың бірі Әсет ақын Найманбайұлы еді. Әсет ақын өз еліне сыймай, Маман ауылына келіп, екі жылға жуық тұрақтайды. Әсеттің бұл елге келуі Ілиястай болашақ алдаспан ақынның өсуіне, оның талантының ашылуына сеп болған. Бұл өлкеде атақты қобызшы Молықбай шал Байсақұлы, Қуат Терібаев сынды арыстар да тұрған. Осындай мәдениетті адамдардың ортасында жүріп, олардың сөзін тыңдап, өнеге алған Ілияс ақын жасынан сөзге жүйрік еді.Картинки по запросу илияс жансүгіров
  •  Ілияс мектепте қандай оқушы болған?
  •  Ілияс мектепті өте жақсы оқыған. Ол оқуға ынтық, алғыр оқушы болған екен. Оны қолымыздағы архив деректері айғақтап отыр. Алла қаласа, келесі жылы «Мамания» мектебінің мерейтойына орай осы мектептің тарихы туралы бір шағын зерттеу дүниемізді әлеумет назарына ұсынсақ деген ниетіміз бар. Сонда осы Ілияс ақынның оқу үлгерімі туралы да айтылады.
  •  Бала шәкірт «Мамания» мектебінде қандай ұстаздардан тәлім алды?
  • Сөз басында айтқандай, «Мамания» мектебі жаңа заман икеміне сай формада өз жұмысын бастаған. Мектептің оқу бағдарламасы мен дәріс ережелері Уфадағы «Ғалия» медресесінің негізіне сай жасақталған. Мектепте ұл балалар бөлек, қыз балалар бөлек оқыған. Онда діни сабақтармен қатар дүние ілімдері (ана тілі, есеп-қисап, жағырапия, орыс тілі, латын тілі т.с.с.) оқытылған. Жәдитшілдік іліммен оқытылған бұл мектепте Каир университетінің түлегі, ХХ ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматы Ғабдолғазиз Мұсағалиев, қазақ даласына әсем дауысымен танылған әнші Майра Уәлиқызы, мектеп директоры қызметін атқарған, қазақ оқымыстысы Мұстақым Малдыбайұлы, оның жары Есенбике сынды оқытушылар дәріс оқып, шәкірттеріне, ауыл балаларына азамат болып қалыптасуына үлес қосқан. Бұл мектепте 1910 – 1914 жылдары оқымысты Барлыбек Сырттанұлы да оқытушы болып, орыс тілі мен құқық негіздерінен дәріс оқығаны бар. Мырзабек Дүйсенов ағамыз құрастырған «Азамат ақын» деген естелік жинағында Мәрзия Ильдарованың Ілияс туралы жылы естелігі бар. Сонда мынадай бір оқиға айтылады: Ілияс «Қайнар» мешітінде жасырылған ескі кітаптарды оқып отыр екен. Әлгі қыз: «Бұл қандай кітап? Мынадай классикалық әдебиеттер қайдан келген?», – деп сұрағанда, Ілияс: «Бұл – Барлыбек Сырттанұлының кітаптары. Ол Петербордан әкелген», – деп сөзін қысқа қайырған. Мен бертіндері Барлыбектің үлкен баласы Кәкенің күнделік дәптерімен танысқанымда, әкесінің Петербордан екі мыңға жуық кітап әкелгенін, кейін оның қызығын көріп, жата-жастана Ілияс оқығанын айтқан екен. Міне, Ілиястай ақынның дүниетанымына, көзқарасына Барлыбектің қосқан үлесі осындай. Ілияс сол «Маманияда» оқып жүріп-ақ Байрон, Шиллер, Гете, Шекспир, Пушкин, Гоголь, Толстой сияқты әдебиет шеберлерінің кітаптарын Барлыбектің жеке кітапханасынан сіңіріп оқыған екен.

                          Фатима Ғабитова, ақынның жары:
Ілияс тұтқындалатын күні Мұхтармен ұзақ әңгімелесті

1937 жылы тамыздың он бірінде Жазушылар одағының парторгы Әбдіқадіровтің шақыру телеграммасын Дегерестегі жайлауда алдық. 13-ші күні Алматыға келдік. Біраз жазушылардың тұтқындалғанын естідік. Көңілді қорқыныштың күдігі биледі. Ілияс үйден шығып кетіп, бірер сағаттан кейін Мұхтар Әуезовпен бірге келді. Өңдері суық, қабақтары қатулы. Үшеуміз түскі тамақты үнсіз іштік. Ілияс пен Мұхтар жұмыс кабинетіне оңашаланып ұзақ әңгімелесті. Күн қасқарая біз Мұхтарды шығарып салуға көшеге шықтық. Екеуі тағы да әңгімелерін жалғастырды. Мен кібіртіктеп, жүрісімді баяулаттым… Ілияс пен Мұхтар күн батып, кеш қарайсада көшеде ерсілі-қарсылы ақырын жүріп, арасында тоқтап-тоқтап, бір-бірлерінен көз алмай қарасқан күйлері ұзақ әңгімелесті. Түрлерінде бастарына түсіп, иықтарынан басқан қасіреттің нышаны бар.
Өмірлеріне қауіп төнген кезде адамдар аз сөйлесе де, шын сөйлейді. Өмірдің мағынасына үлкен мән беріп, қатер төнген әр сағатын қадірлей алады. Тағдырларының ауыртпалығына жәй көндігіп қана қоймайды, адамгершіліктің бет-пердесін сақтауға тырысады. Шынайы аманат та осындайда туатын шығар. Жайшылықта сөздеріне араласып, дастарқан басына шақыра беретін ерке келіншек болсам да, қастарына баруға батылым жетпеді. Қоғамды жайлаған қасіреттің қара бұлты қоюланып, менің үйіме де келе жатқанын сезіндім… Қорқыныштан бойыма біткен нәресте де шошынып, іштей тебісін қоймады. Кезінде қызылдардың әскерінен, большевиктерден Қапалдан Ақсуға қашып босқанымыздай бар сана-болмысымызды үрей билеп, тынысым тарылып, кеудем ащи бастады. Шошындым… Денем өздігінен мұздап, жүрегім суып, қалтырауға айналдым…
НКВД-ның жаналғыштары түнде келді. Тұтқындау жөніндегі қағазды көрсетер-көрсетпестен үйдің астан-кестеңін шығарып, тінтуге кірісті. Байғазыдай бәленің бәрін болжайтын НКВД-ның жандайшаптары тұтқынға алуды көрсоқырдай түнделетіп іске асыруды осылайша әдетке айналдырған. Тіміскілеген иттер іздегендерін таппай, тінтулерін таң атқанша жалғастырды. 1930 жылы Біләлді жазықсыз тұтқындап, жазған өлең, пьесаларын НКВД-ы алып кеткенде жүрегім алғаш шайылып еді. Соны көргендіктен болар, мен Ілиястың қолжазбаларына мұқият қарауды әдетке айналдырып едім. Жарияланбаған өлең-поэмалардың түп нұсқаларын шоландағы сандыққа салып, үстіне ескі-құсқыны тастай салатынмын. Ол қолжазбалардың арасында ашаршылық кезінде жазылған шығармалар да бар еді. Балалар улап-шулап жылауын қоймады. Шошынып шырылдаған Үмітім мен Ильфамды құшағыма алып, дауыстарын шығартпайын деп бауырыма қатты қыстым… Өксіктерін баса алмай, қалшылдаған қос қарғашымның көз жастары көйлегімнен өтіп, денеме жетті… Ілияс Жансүгіровтей жан-жүрегімен құлдық ұрып, ұлтжандылықтың тума бұлағын суалтпауға тырысқан азаматтың «халық жауы» болды дегенге кім сенер. Не қылған сұм заман еді…

 Ерлан Қасенов,
Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Ілиястанушы:
Ілияс поэзиясы әлі толық зерттелген жоқ

Ерлан аға, Ілияс ақынның алғашқы өлеңдері қандай басылымдарда жарық көрді?
– Ілияс Жансүгіров ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейін ауылда болғандықтан, оның Керекулік әнші Майра Уәлиқызына арналған «Әншi апама», «Күзгі гүлге» атты өлеңдері баспаға ұсынылмаған. Олар кейінірек басылды. Ақынның «Тілек» деп аталатын алғашқы өлеңдерінің бірі сол кезде ел ішіне тарап тұрған «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 22 тамыздағы 10-санында жарияланды. Сондай-ақ І.Жансүгіров 1917 жылдарға дейін жазған өлеңдерін «Балдырған» деген жинағына топтастырған.
Сізше, Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетіне қандай жаңалық әкелді?
– Ілияс Жансүгіров туындылары көктен түсе салған жоқ. Ақын туындылары оның өзіне дейінгі қазақ әдебиетінде бар игі дәстүрлердің өзіндік ерекшіліктерімен сабақтасқан. Оның поэзиялық туындылары толғау, сюжетті жыр сынды жанрлардың негізінде туындады. Мысалы, оның «Дала» поэмасы тарихи-философиялық сарынға құрылған туынды болуымен ерекшеленеді. Мұнда эпикалық баян­дау да бар, лирикалық тебіреніс те қамтылған. Бұл – ақынның әдеби дәстүрді сақтай отырып жаңаны жасаудағы бір көрінісі. Сондай-ақ заман ағымымен келген құбылыстар мәдени революция, санадағы өзгерістер – бәрі де І.Жансүгіровтің өлең өрімінен өзіндік өлшемін тапты. Қоғамдағы өзгерістер ақын туындыларының алуан түрлі арнада құрылуына себепкер болды. Соның бір көрінісі – «Гималай» өлеңі. Ақынның халықты жиынтық бейне ретінде Гималайға теліп беруі үлкен жаңалық емей немене?! Жалпы, ақын Ілияс Жансүгіровтің поэзияға әкелген жаңалықтары – арнайы зерттеу жұмыстарына сұранып тұрған тақырып. Картинки по запросу илияс жансүгіров
– Енді ақынның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының жазылуы­на түрткі болған қоғамдық жағдай мен көркемдік ерекшелігіне тоқтала кетсеңіз.
–Белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтен Абайдан кейінгі ақындар туралы не айтар едіңіз деп сұрағанда: «Мен өзім бізде Абайдан соң Ілияс Жансүгіровтен артық ақын бар деп ойламаймын… Ілияс өресі биік, өрісі кең эпик ақын еді. І.Жансүгіров поэмасының көркемдік биігіне осы күнгі ақындарымыздың көбісі, тіпті ешқайсысы да жете алған жоқ десем, маған ешбір ақын өкпелемес деп ойлаймын» – деп айтқан екен. Жазушының бұл ойы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1961 жылғы қараша айындағы «Әдебиет, көркемөнеріміз коммунизм заманына сай болсын» деген мақаласында да басылған болатын. Әрине, жазушының бұл пікірі оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларына берілгендігі көзіқарақты жанға белгілі жайт. Себебі І.Жансүгіровтің ақындығы осы поэмалары арқылы айқын көрініс табады. Аталған туындыларында ақын қазақ даласына, қазақ баласына тән өнерге ерекше мән беру мен оның құдіретін сөз арқылы сезіндіруді мақсат еткен. Сол мақсатына жеткен де. Оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларының әрбірінің көркемдігін сөз ету жеке-жеке монографияға жүк десем артық айтпағандығым. «Күй» поэмасы ақынның ақындық қуатын айқын танытты. Ақын осы поэ­масы арқылы күй өнерін сөз өнері арқылы, нақтырақ айтсақ, поэзия арқылы бейнелі түрде бере алды.
Шындығында, ақынның бұл поэмаларының оқырман бойын билеп, ерекше сезімге бөлеуінің өзі оның өлеңдерінің көркемдік күшінде жатыр. Ақынның әрбір сөзді ерекше екшеп, кейіпкер характерін ашуда талғаммен жұмсауы, кейіпкер монологы мен диалогтарын терең оймен байланыстыруы тілге, өнерге, өлеңге деген шынайы сүйіспеншілігін аңғартады.
– «Құлагер» поэмасы арманда кеткен Алаш арыстарына арналып жазылған деушілер де бар, ақиқатында солай ма?
– Жеке өз басым Ілиястанушы ретінде мұндай пікірлерге келіспеймін. Себебі ақынның бұл поэмасы өмірде болған өнер иесіне арналған. Ақын поэмасына арқау болған Ақан сері де, оның тұлпары Құлагер де өмірде болғандығы бұлжымас ақиқат. Ал Ілияс Жансүгіровтің Ақан сері өміріндегі осы бір қайғылы сәтті ақын ретінде тебіренбей қабылдауы, толғанбауы мүмкін емес. Ақын бойын кернеген сұрапыл уақиғаны тұла бойымен тұтас сезініп, тігісі жатық, мазмұны терең туындыны жарыққа шығарды.
Ақынның бүгінге жетпеген қандай әдеби мұралары бар?
– 1937 жылғы солақай саясаттың ықпалымен ақын туындылары өртелген, жойылған десек те оның туындыларының көпшілігі дер кезінде баспа бетінде жарық көрген. Ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында І.Жансүгіров шығармаларын зерттеген ғалым, ақын Тұрсынхан Әбдірахманова мен белгілі Ілиястанушы ғалым Мұратбек Иманғазиновтың сұхбаты жарияланған. Сол сұхбатта ғалым Тұрсынхан Әбдірахманова: «Мемлекеттік мұрағатта Ілиястың өзінің жеке қоры бар. Ал соның ішінен мен талай дүниелерді көрдім. Әттең-ай, әттең деймін кейде. Арабша қолмен жазылғанды оқи алмаймын, тек тасқа басылған төте оқуын оқимын. Ал Ілиястың өзі жазған қалың-қалың дәптерлер бар. Шіркін, ақын сонда не дейді? Ол шығып кеткен еңбек пе, жоқ басылмаған еңбек пе, осы арасы белгісіз» – деген болатын. Ол қорды қарастырып көрдік. Мұндағы деректердің барлығы да әр кезеңде бірде араб қарпінде, енді бірде кирил қарпімен баспа бетін көрген дүниелер. Бірі ХХ ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдары жарық көрсе, енді бірі кейініректе жарияланған. Бір өкініштісі, ақынның ХХ ғасыр басында араб қарпімен жарық көрген туындылары қайтара шығарылмағандықтан кейінгі ұрпақ толыққанды таныса алмады. Бүгінгі күнде ел аузында Ілияс Жансүгіровтің «Қолбала» атты поэмасы бар деген дерек бар. Өкінішке қарай, оның қолжазбасы әлі күнге табылған жоқ. Ақын туындыларының басым көпшілігі Мемлекеттік Орталық мұрағатта хаттаулы күйінде тұр. Соның бірі – ақынның балаларға арналған «Балаларға тарту» атты 1926 жылы Қызылорда қаласында басылған өлеңдер жинағы. Бірақ бұл өлеңдер жинағы екінші қайтара еш жерде кирил қарпімен басылмаған. 2017 жылы Ермұхамед Маралбек деген шәкіртім ақынның балаларға арналған «Балаларға тарту» атты жыр жинағын төте жазудан кирил қарпіне аударып, жарыққа шығарды.
Тағы бір қуантарлық жайт, осы жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің сәуір айындағы №13 санында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіндегі «Ілиястану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Шара Қияхметова І.Жансүгіровтің шығармалар жинағының ешбіріне ілінбей келген «Бақытты Жамал» атты әңгімесін жариялады. Бұл ақын шығармаларының түгенделуде екендігін аңғартады.
«АҢЫЗ АДАМ» айдарын
дайындаған Ерзат АСЫЛ

]]>
https://juldyz.kz/2019/02/18/qazhet-andas-iliyastanushy-iliyastynh-atyn-qobyzshy-molyqbaj-qojghan/feed/ 0
(Дональд Джон Трамп), АҚШ-тың 45-ші президенті, бизнесмен https://juldyz.kz/2019/02/11/donald-dzhon-tramp-aqsh-tynh-45-shi-prezidenti-biznesmen/ https://juldyz.kz/2019/02/11/donald-dzhon-tramp-aqsh-tynh-45-shi-prezidenti-biznesmen/#respond Mon, 11 Feb 2019 08:46:12 +0000 http://juldyz.kz/?p=15229 Дональд Трамп – американдық белгілі миллиардер-кәсіпкер. Оның әкесі Фред Трамп неміс иммигранттарының отбасында дүниеге келген. Анасы Мэри Маклауд 1930 жылы 18 жасында Нью-Йорк қаласына жолы түсіп, сол жерде болашақ жары Фредпен танысады.
25 жастағы Фред Трамптың сол кездің өзінде жеке құрылыс компаниясы болған. 1936 жылы екі жас некелерін қиып, Нью-Йорк қаласы, Куинс ауданынан үй сатып алады. Отағасы өз бизнесімен, ал Мэри балаларының тәрбиесімен айналысады. Дональд – Трамптар шаңырағындағы бес баланың төртіншісі. Бауырларының арасында жасы кіші болса да, ол өзінің қатал әрі қайсар мінезімен ерекшеленді. Жалпы, АҚШ-тың болашақ 45-ші президентінің бойындағы табандылық пен бірбеткейлігі әкесіне тартқан. Ата-анасы да, мектептегі мұғалімдері де көп жағдайда адуынды баланың қиғылықтарына көнген. Оның қыңыр мінезіне төзбеген әке-шешесі 13 жасар ұлдарын Нью-Йорктегі әскери академияның мектеп-интернатына орналастырады. Сөйтіп, қиқар баланың әскери оқу орнында ішкі тәртібі қалыптасып, үздік оқуымен және де спорттағы жетістіктері арқылы көзге түсті. Ата-анасы өзге балаларына Дональдты үлгі ете бастады.

Қалыптасу жолы

1964 жылы Д.Трамп әскери академияны «үздік» деген бағаға аяқтап шығады. Бозбала Дональд білімін кинематографиялық жоғары оқу орнында жалғастыруды ойлайды. Алайда, Фордем университетіне түседі. Ол жерде төрт семестр оқып, Пенсильвания университетіндегі Уортон бизнес-мектебіне ауысады. 1968 жылы экономика-бакалавры дәрежесін алып шығып, әкесінің компаниясына жұмысқа тұрады. Бірінші күннен-ақ болашақ миллиардер өз саласына түскенін түсініп, жылжымайтын мүлік нарығына қызығушылығы оянады. Әке капиталын сан есе көбейтіп, құрылыс компаниясын бұдан да әлеуетті етуді өзіне мақсат етеді. Дональдтың алғашқы жобасы – Огайо штатындағы ғаламат Swifton Village тұрғын үй кешені. 1200 пәтерлік бұл нысанның құрылыс жұмысы бір жылдың ішінде аяқталады. 6 млн. доллар жұмсалғанымен, апартаменттерді сатуда 12 млн. доллар пайда түседі. Бизнесті жаңадан бастаған жас кәсіпкер үшін бұл толайым табыс еді. Әйтсе де, ол мұнымен тоқтап қалмайды. Огайодағы құрылысқа қаржылай көмекті мемлекет берген болатын. Дональд бұдан да ірі жобаларды қолға алу үшін үкіметкер емес банкирлер мен топ-менеджерлерге, мұнай магнаттарына жақындау керектігін түсінді. Сол үшін де 1971 жылы Нью-Йорктің қақ ортасындағы Манхэттен аралына көшіп барды. Сол жерде көптеген ықпалды адамдармен танысып, қарым-қатынас орната бастады.Похожее изображение

Табысты жылдар

1974 жылы Трамп ешкімнің көмегінсіз Commodore отелін қайта жөндеуден өткізу үшін тендер ұтып алады. Сондай-ақ қонақ үй маңындағы көптеген ғимараттар да ескіріп, жұпыны күйде болатын. Дональд қала әкімшілігінен 40 жылға салық жеңілдігін алып, Нью-Йорктің ірі банктері 70 млн. ипотекалық несие береді. Есесіне, оған ауданды жөнге келтіру міндеттеледі. Дональдтың фирмасы алты жыл тынымсыз еңбек етіп, Манхэттен тұрғындарына өмір сүруге қолайлы, көрікті кварталдарды салып береді. Ескірген Commodore қонақ үйі 25 қабатты шыныдан салынған келбетті ғимаратқа айналады. 1996 жылы бұл зәулім қонақ үйдің 50 пайыз акциясын сатып алып, кәсіпкер Трамп өз байлығын 142 млн. долларға көбейтеді. 1979 жылы «Тиффани» зергерлік дүкеніне қарама-қарсы жатқан жер телімін сатып алып, құрылыс жұмыстарын бастайды. 1983 жылы ол жерде қалада бұрын болмаған 58 қабаттық ең биік ғимарат бой көтереді. Кіреберісінің өзінде үш метрлік су бұрқағы салынған жаңа кешеннің едені қызылқай мәрмәрдан салынады. Орталық бақ пен түрлі мейрамханалардың маңайындағы кешен апартаменттері бірнеше айдың ішінде сатылып кетіп, Трамптың дәулеті бұл жолы 200 млн. долларға еселенеді. 1977 жылы Нью-Джерси штатында құмар ойындар заңдастырылғанда, бұл салада да өз бизнесін дамытуды жоспарлайды. 1980 жылы Атлантик-Сити қаласында жер телімін сатып алып, бауыры Робертке құмар ойындарына лицензия алуын тапсырады. 1982 жылы құны 250 миллион долларды құрайтын Trump Plaza Hotel & Casino қонақжай ойын-сауық кешенін ашады. 1986 жылы қаладағы Хилто желісіндегі отельді алып, оның орнына 320 млн. долларға Trump’s Castle салып шығады. 1990 жылы әлемдегі ең үлкен казино-отель «Трамп-Тадж-Махалдың» құрылысын аяқтайды. Осылайша 1990 жылдардың басында оның дәулеті 1 млрд. долларға жетті. «Forbes» журналының 2016 жылғы мәліметі бо-йынша қазіргі байлығы 4 млрд. доллардан асып отыр.

Трамп телевидениеде

2002 жылы Трамп «Кандидат» атты реалити-шоу арқылы эфирге шығады. Қатысушылар оның компаниясында топ-менеджер болу үшін өзара жарысқа түсті. Бірінші маусымда Дональд авторлық тележобасының әр шығарылымы үшін 50 мың доллар алып отырады. Екінші маусым басталғанда оның эфирдегі бір бағдарламасы 3 млн. долларға бір-ақ жетеді. Осылайша кәсіпкер АҚШ-тағы қаламақысы қомақты тележүргізушілердің біріне айналған. 2006 жылы NBC-пен бірігіп «Америка мисі», «Әлем мисі» сынды байқауларды ұйымдастыратын «Miss Universe Organization» компаниясын сатып алады. Сонымен қатар құрылыс магнаты бірнеше фильм мен сериалдарға түсіп үлгереді. Мәселен, бүкіл әлемге белгілі «Один дома-2» кино комедиясында Д.Трампты көруге болады. 2007 жылы «Кандидат» реалити-шоуы үшін Трамптың Голливудтағы «даңқ аллеясында» өз жұлдызы пайда болады.

Похожее изображение

Саясаткер Д.Трамп

«Трамп президент болады» деген әңгімелер сонау 80-жылдардың өзінде айтылған еді. Бірақ та ол кезде оның саяси көзқарасы өзгеріп тұрды. Тек 2009 жылы шешім қабылдап, Республикалық партияның қатарына өтеді. Талантты экономистің кандидатын президенттікке 2011 жылы ұсынбақ болған. Алайда, кәсіпкер әзірге жеке секторын тастап кете алмайтынын мәлімдеген-ді. 2015 жылдың 16 маусымында өз шешімінің өзгерткенін АҚШ жұртшылығына білдіріп, сайлауалды компаниясын бастап кетеді. Түрлі штаттарда кездесулер ұйымдастырылып, оны қолдау акциялары да өте бастайды. Саясатқа алпыстан асқанда келген қайраткер өзінің ашықтығымен ерекшеленеді. Иммиграция, денсаулық сақтау, экономика мен ішкі саясат мәселелерін көтерді. Егер де президент болған жағдайда елге кеп жатқан еңбек мигранттарын тоқтату үшін ел арасындағы шекараға Қытайдың ұлы қорғаны сынды қамал тұрғызатынын айтты. Және де ИШИМ әскерін дереу жойып жіберу керектігін жария етті. Барак Обама енгізген медициналық бағдарламаны сынап, оны алып тастауды талап еткен болатын. Экономикалық сектор бойынша Д.Трамптың пікірлеріне демократтар да құлақ асты. Ол сырттағы өндірістерді АҚШ-қа алып келу керектігін айтып, Қытаймен сауда-саттық соғысы қажет екенін дәлелдеп бақты.

Сонымен, 2016 жылдың қараша айының 8 күні өткен сайлауда 70 жастағы Дональд Трамп өз бәсекелесі – 69 жастағы Хиллари Клинтонды жеңіп, АҚШ-тың 45-ші президенті атанды.

Жеке өмірі

Д. Трамп үш рет отбасын құрған. Бес баласы және алты немересі бар. Ең бірінші рет 1977 жылы чехословакиялық модель Ивана Зельничковамен некесін қияды. Ивана құрылыс магнатына үш бала тауып берсе де, олардың отбасылық өмірі 15 жылға ғана жалғасып, олар 1992 жылы айырылысып кетеді. Миллиардердің екінші жұбайы – актриса Марла Энн Мейплз. Олар өз шаңырақтарын 1993 жылы көтереді. Дональд Марладан бір қыз сүйеді. Олардың отбасылық өмірі 6 жылдан кейін аяқталып, 2005 жылы Трамп өзінен 24 жас кіші фотомодель Меланий Кнаувты әйелдікке алады. Ол өзінің үшінші әйелін өмірлік махаббаты екенін айтқан-ды. Үйлену тойларында Меланийге салмағы 13 караттық, бағасы 1,5 млн. доллар тұратын гауһар тасы бар сақинаны сыйға тартты. Арада бір жыл өткенде қалыңдық дүниеге Бэррон Уильям Трамп есімді ұлды алып келді. 2016 жылы президенттікке кандидат Д.Трамп тағы да ата атанды. Қызы Иванка Трамп үшінші баласына босанып, есімін Теодоро Джеймссон деп қойған. Сайлауалды компаниясында оның отбасына қатысты жанжал болды. Әйелі Меланийдің 1998 жылы «Мах» журналының мұқабасы үшін тәнін жалаңаштап түскен суреті баспасөз беттерінде қайта басылды. Миллиардер әйелінің бұрындары табысты модель болғанын және «Меланий ол суреттерге менімен таныспай тұрып түскен» деп мәлімдеді.

 

]]>
https://juldyz.kz/2019/02/11/donald-dzhon-tramp-aqsh-tynh-45-shi-prezidenti-biznesmen/feed/ 0
Досымжан Таңатаров, әнші: Жұрттан жасырған отбасым жоқ  https://juldyz.kz/2019/02/06/dosymzhan-tanhatarov-anshi-zhastardynh-an-ajtqanyna-koenhilim-tolmajdy/ https://juldyz.kz/2019/02/06/dosymzhan-tanhatarov-anshi-zhastardynh-an-ajtqanyna-koenhilim-tolmajdy/#respond Wed, 06 Feb 2019 10:00:02 +0000 http://juldyz.kz/?p=15112 Досымжан аға, өнер жолында жүргеніңізге 20 жылдан асты. Өмір жолыңыз бен өнеріңіз халықтың көз алдында. Сондықтан, сұхбатты дәстүрлі сұрақтардан бастамай-ақ қояйық. Жалпы, қазіргі уақытта шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?

– Өзіңіз айтып отырғандай, өнерде жүргеніме 20 жыл болды. Қазір жеке шығармашылық концертіме дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Көктемде Қазақстанның бірнеше  облыстарын аралап Атырау, Ақтау, Павлодар қалаларында концерт өткіздім. Жалпы соңғы 5-6 жылда шығармашылық концерт бере алмадым. Оған мемлекеттік қызметте болуым себеп болды. Дәл қазір репертуарымдағы бұрынғы және жаңа әндерді нотаға түсіріп, оркестрге тапсырыс беріп жатырмын. Астананың 20 жылдығы мен өнерде жүрген 20 жылымның құрметіне жақында жеке концерт беретін боламын.

Біраз жылдан бері Астана қаласының тұрғынысыз. Бұл жақта тұрақтап қалған әншілер көп емес. Елорданың өнер деңгейі мен мәдениетінің өсуіне қандай баға бересіз?

– Астана қаласына 20 жыл толса, менің елордада тұрақтағаныма 18 жыл болыпты. Менің тағдырым, өнерім, өмірім – барлығы Астанамен байланысты. Астана менің көз алдымда өсіп-өркендеп келеді, мен де Астанамен бірге өнерімді дамытып өсіп келемін. ТМД деңгейінде мұндай қала салған, мұндай астана салған мемлекет жоқ. Астананың өзі де, өнері де қарқынды дамыды. Халықтың деңгейі, ой-өрісі де ғимараттары секілді тез биіктеді. Астананың халқы жаңашылдыққа құмар. Олар ешнәрседен қорықпайды. Еліміздегі жаңа үлгідегі технология, өнер түрі бірінші осы елордалықтардың қолынан, көзінен өтеді. Себебі, Астананың тұрғындары жаңалыққа бейім. Азиада, Универсиада, түрлі саммиттер мен жиындардың барлығы Астана төрінде өтеді. Былтыр болған ЭКСПО көрмесінде халық тек қана көрермен емес, шәкірт болды. «Жақсыны – көрмекке» дегендей, елорда халқы аталған шаралардың барлығынан өздеріне керек жаңалықты ала білді. Тек экономика, саясат, дін жағынан емес, өнер мен мәдениетін де меңгерді. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды көріп, тыңдағаннан кейін Астана халқының өнерге деген көзқарасы қалыптасып, талғампаздық деңгейі де өсті. Астананың архитектурасы, инфрақұрылымы дамып жатқанын біз айтпасақ та барлығы біледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің оркестрінде жеке солист екеніңізді білеміз. Бұған мемлекеттік қызмет ретінде қарайсыз ба, әлде шығармашылық өнер ретінде ме?

– Екеуі де. Қызмет деп қарайтын себебім, бұл қызмет – әскери жұмыс іспетті. Тәртіпке бағынасың. Үнемі ұқыпты жүруге, айтқан сөзімде тұруға, берген уәдемді орындауға шамам келгенше тырысам. Атқарып жүрген қызметім осындай жауапкершілікке үйретті. Президенттік оркестрдегі жұмысым мемлекеттік күзет қызметіне кіреді. Өзінің арнайы тәртібі, әскери шені бар. Қызметім мемлекеттік деңгейдегі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, мемлекет үшін маңызды лауазымды тұлғалардың алдында өнер көрсетуді міндеттейді. Ал шығармашылықпен жеке айналысамын. Қызметім шығармашылығыма шектеу болған емес. Қызмет жағынан да, шығармашылық жағынан да қатар дамып келе жатырмын.Картинки по запросу досымжан танатаров

Басқа өнер жұлдыздары секілді сахнадан көп көріне бермейсіз, мұның мәні неде?

– Жаңа айтқанымдай, ҚР Президентінің оркестрінде жұмыс істегендіктен, халыққа көрінбейтін өнер сферасында жүремін. Халықпен тығыз қарым-қатынаста бола алмауыма да осы қызметім себеп. Алайда, бұл өнерден алшақтағанымды білдірмейді. Біз де күн сайын ән шырқаймыз, концерт береміз. Бірақ оның барлығы эфирге шықпайды. Оркестр жылына бір рет қана ашық түрде есеп беру концертін өткізеді. Журналистер мен халықтың «көп көрінбейсіз» дегенінің астарында көгілдір экран мен түрлі түсірілімдер, концерттер жатқанын түсінемін. Әсіресе, мерекелік түсірілімдер кезінде шақыртулар жиі түседі. Алайда, оркестрдің де жұмыстары осы науқанда қыза бастайды. Сондықтан кейде барамын деп уәде берген жеріме де қызмет бабына байланысты бара алмай қалып жатамын. Шамам келгенше, концерттен де, түсірілімнен де, жұмысымнан да қалмауға тырысамын.

Қазір әлеуметтік желі көптеген жұлдыздар үшін жарнама құралына айналды. Ал сізді желіден де көп байқай бермейміз. Байланыс ретінде қандай желіні қолданасыз? Қандай әлеуметтік желіде тіркелгенсіз?

– Әлеуметтік желінің өзі уақыт бөлуді қажет ететін шаруа. WhatsApp-тан бөлек, Инстаграм желісіне тіркелгеніме бір жылдай уақыт болды. Мұнда тек шығармашылығым мен жеке ойларымды бөлісіп отыруға тырысамын. Отбасымды, жеген-ішкенімді салғым келмейді. Кез келген қымбат, құнды нәрсені кімге болса да көрсете бергенді ұнатпаймын. Отбасым – менің байлығым, құнды дүнием. Сондықтан, оны жұрттың алдына жайып салғым келмейді.

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желінің де пайдасы мен зияны қатар жүреді. Пайдасы мен айтпасам да жалпақ жұртқа белгілі. Ал оның өнер адамдарына зияны көбірек тиіп жатыр. Мысалы, әлеуметтік желі – ең көп талқылауға түсетін орта. Әдетте өнер адамдары эмоционалды болып келеді. Сондықтан біреудің қатты сөздері мен сынын жүрекке жақын қабылдайды.

Әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен танылған жұлдыздар бар екенін де, тіпті осы арқылы табыс тауып отырған жұлдыздар бар екенінен де хабардармын. Алайда, өз басым әлі мұндайға дайын емеспін.

– Енді отбасыңыз туралы айтып берсеңіз.

– Айнұр есімді Құдай қосқан жарым, екі қыз, бір ұлым бар. Үлкен қызым биыл Еуразия Ұлттық университетінің 2-курсын аяқтады. Ғылыми география факультетінде оқиды. Өндірістік тәжірибе аясында Қазақстанның тарихи орындарын аралауға бір айға сапарға кетті. Ұлымның жасы 14-те. Биыл «Дарын» мектеп-лицейінің 7-сыныбын бітірді. Қазір Қапшағайда лагерьде. Қырыққа келгенде көрген Айшуақ деген кішкентай қызым бар. Айнұр бала күтіміне байланысты үйде. Негізгі мамандығы – медбике. Жұрттан жасырған отбасым жоқ.Картинки по запросу досымжан танатаров

– Ініңіз Ақжүрек Таңатаров олимпиадада топ жарып, медаль алған тұста көпшілікке Досымжан Таңатаровтың інісі ретінде танылды. Таңатаровтар әулеті туралы толығырақ айтып берсеңіз?

– Қанат Бейсенбаев дейтін ағамыз айтқан еді: «Ақжүрек олимпиадаға кеткенше Досымжан Таңатаровтың інісі болды, олимпиададан медаль алып келген соң Досымжан Ақжүрек Таңатаровтың ағасы болды», – деп. Расымен, осындай болды. Ақжүрек олимпиадаға қатысып, медаль алып келген соң маған «олимпиада чемпионының ағасы» деген қосымша атақ берілді. Әулетіңнен шыққан тағы бір батыр атағыңа атақ қосып жатса, нұр үстіне нұр ғой. Басқа іні-қарындастарымыз да өнер мен спорттың айналасында жүр. Ақжүректің бағы жанып, мерейімізді үстем еткені біз үшін үлкен мақтаныш болды. Олимпиада шыңын бағындырды, одан кейін Азия чемпионы атанды. Мемлекеттік қызметке келгеніне бір айдың көлемі болды. Қазір Тараз қаласындағы №5-спорттық даярлау мектебінің директоры. Жасы отыздан асты, ел ағасы болатын шаққа келді. Жастық шағында физикалық күш-қуатын спортқа салды. Енді аға болып, ұстаз болып, соңынан ерген ұл-қыздарға үлгі-өнеге көрсететін жасқа жетті.

Жалпы, Таңатаровтар әулетінен екі бала тараған. Оның бірі біздің атамыз Айнабек, екіншісі Ақжүректердің атасы – Ақырапбай. Айнабек атамыз жұртқа сыйлы, ел басқарған өнерлі адам болыпты. Ол кісіден тараған ұрпақтар гуманитарлық салаға жақын. Өнерде, білім беру саласында еңбек етіп жүр. Ал Ақырапбай атадан тараған ұрпақтар спортқа бейім. Ақжүректің әкесі де, ағасы да спортшы. Бірі – боксшы, бірі – күрескер… Сол үйдегі кісілердің ең кемі көкпаршы.

Досымжан аға, оркестрдегі қызметіңізден бөлек, халық әндерін айтасыз, терме де орындайсыз, эстрадалық әндер де сізге жат емес. Ал қазіргі жас әншілер белгілі бір бағытта немесе белгілі бір жанр бойынша ғана ілім алып, сол бағытта ғана ән айтады. Сіздің ойыңызша, олар бір бағытпен ғана шектеліп, өз талантына шекара қойып жатқан жоқ па?

– Өнерде шекара да, шектеу де жоқ. Жастардың қателігі де осында. Олар өздерін шектейді. Белгілі бір аудиторияға ғана жұмыс істейді. Менің концертіме келгендер біледі, біз тыңдарман талғамаймыз. Әндеріміз көпшілік қауымға арналған. Алдыңғы толқын ағаларды тек өз қатарластары тыңдайды деген жалған тұжырым. Біздің тыңдармандар жас талғамайды. Үлкен кісілер де, орта жастағылар да, тіпті, жас­тар да концертімізге келіп, ықыластарын білдіріп жатады.

Қазіргі жастардың бір бағытта ғана ән шырқауына көңілім толмайтыны рас. «Аңқау елге – арамза молда» дегендей, жас әншілер өздері қалыптасып үлгермегенімен қоймай, буыны қатаймаған, әлі талғамы қалыптасып үлгермеген, не тыңдап, не қоярын білмей жатқан жас буынның көңілін тауып, өзін жұлдыз санайды. Олардың білместігі ме, жол көрсететін адамның болмауынан ба, алдыңғы толқын ағалардың батасын алайын, солардан бір нәрсе үйренейін деген ой жоқ. Қазақ өнерінің жұлдызы боламын, өнерпаз боламын дейтін адам үлкеннің де, кішінің де, жастың да, кәрінің де сүйіктісіне айнала білуі керек. Ол үшін халықтың дәстүрлі өнерімен сусындау қажет.Похожее изображение

Алайда, қазіргі жастардың алғырлығына ризамын. Олар шоу жасауға құмар болғанымен, кез келген нәрсені тез қабылдайды. Жақсыны да, жаманды да. Тек соларды дұрыс жолға бағыттап жіберсек әлі-ақ өнердің даңғыл жолына түсіп кетеді деп ойлаймын.

Ертеректе өнерді қасиет деп, сахнаны киелі деп айтатын. Ал қазір өнер ақша табудың, танымал болудың бір жолы сияқты. Тіпті, әнге тауар ретінде қарап. Шоу-бизнес арқылы ақша табатындарды да көріп жүрміз, ақшасы арқылы қолдан өнер жасап жүргендер бар. Бұл үрдісті қалай тоқтатуға болады?

– Біз шоуды қатты күттік. Шоу деген міне, осы. Қазір шоу-концерт, шоу-бағдарлама, шоу-бизнес дегендер қаптап кетті. Адамдардың бәрі жоқ жерден жаңалық жасауға, қандай жолмен болса да жұртты таңғалдыруға құмар. Өкінішті әрине, бірақ, дәл қазір қазақ қоғамында танымалдылыққа ие болу үшін үстіндегі киімін шешіп жатқандар да бар. Әрбір елдің өнер тарихында осындай кезең болған. Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл үрдіс бізге келді және келуі тиіс еді. Ақпарат ағыны да, жаңалықтар легі де толассыз келіп жатыр. Біздің мұны тоқтатуға қауқарымыз жоқ. Бұл бір сел сияқты табиғи құбылыс. Оның алдын алу немесе тоқтату шаралары тым қиын. Біздегі бар жалғыз жол – сабыр ету, күту. Сондай-ақ өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерімізді барынша сақтап қалуға, қорғауға тырысу. Бұл үрдіс тек өнер әлеміне, сахнаға ғана қатысты емес. Экономика, білім беру, ақпарат, саясат сияқты Қазақстанның барлық саласында осындай «жарылыс» кезеңі болып жатыр. Сондықтан, әрбір адам, әрбір азамат жоғарыда айтқан болаттай берік болу қағидасын ұстануы керек.Картинки по запросу досымжан танатаров

Соңғы жылдары эстрада дәстүрлі өнерді сахнадан ығыстырып бара жатқан сияқты. Тыңдармандарға кінә артсақ, орындаушылардың қатары сиреп кеткенін айтып ақталады. Орындаушылар тыңдарманның азайғанын алға тартады. Бұл үрдіске кім кінәлі?

– Әрбір жанрдың шарықтау шегі мен тоқырау кезеңі болады. Дәл қазір эстрада жанры сұранысқа ие болып тұр. Адамдар шоуға, жарқыл-жұрқылға, көңіл көтеруге көп қызығып кетті. Алайда, мұның да ғұмыры ұзақ емес. Шоу-бизнес пен эстраданың да түбі көрініп, ел жалыға бас­тады. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді ғой қазақ. Кез келген музыка жанры осындай кезеңдерді бастан кешіріп, тарих қойнауына еніп кеткен. Виктор Цойдың кезінде джаз стилінде ән шырқау сән болды. Битлздің дәуірлеген шағында гитара ұстағанның бәрі өнерпаз болып кетті. Кей жылдары баянмен ән шырқау танымалдылыққа ие болды. Сол сияқты, ұлттық өнеріміздің де шарықтайтын шағы келе жатыр. Өнерпаздар да, халық та сәл сабыр етіп, сол сәтті күтуі керек. Қандай заман туса да, ұлттық өнеріміздің, дәстүрлі өнеріміздің жанашырлары жойылған емес. Осы жүкті арқалап келе жатқан қаншама жас-кәрі, танымал, танымал емес әншілеріміз бар. Олардың жарқ ететін күні әлі алда деп білемін.

Жалпы, адам баласы табиғатында, тәрбиесінде жоқ нәрсені меңгере алмайды. Қазір кейбір жұлдыздар сахнада рэп айтып немесе шетелдің хитін қазақшаландырып орындап жүр. Егер солардың қолына домбыра беріп халық әнін орында десең, тосырқап қалады. Ал дәстүрлі әншілердің қай-қайсысы болсын, эстраданың кез келген әнін орындай береді. Попса десеңіз попса, рэп десеңіз рэп, тіпті сәл дайындық жүргізсе ария да айтып кете алады. Дәстүрлі әннің, ұлттық өнердің өміршең екендігін осыдан-ақ білуге болады.

Қазір жаһандану заманы, жаңа технологиялар заманы, дәуірлеу, даму кезеңі деп ұрандаймыз. Осындай сындарлы тұста ұлттық ішіп-жемнен, ұлттық киімімізден, ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық өнерден ажырап қалмаудың да қамын ойлап қоюымыз керек.

Сұхбаттасқан Дана МАРАТОВА

]]>
https://juldyz.kz/2019/02/06/dosymzhan-tanhatarov-anshi-zhastardynh-an-ajtqanyna-koenhilim-tolmajdy/feed/ 0