Әнші — Жұлдыздар отбасы https://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Fri, 29 Mar 2019 04:27:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.9 Досымжан Таңатаров, әнші: Жұрттан жасырған отбасым жоқ  https://juldyz.kz/2019/02/06/dosymzhan-tanhatarov-anshi-zhastardynh-an-ajtqanyna-koenhilim-tolmajdy/ https://juldyz.kz/2019/02/06/dosymzhan-tanhatarov-anshi-zhastardynh-an-ajtqanyna-koenhilim-tolmajdy/#respond Wed, 06 Feb 2019 10:00:02 +0000 http://juldyz.kz/?p=15112 Досымжан аға, өнер жолында жүргеніңізге 20 жылдан асты. Өмір жолыңыз бен өнеріңіз халықтың көз алдында. Сондықтан, сұхбатты дәстүрлі сұрақтардан бастамай-ақ қояйық. Жалпы, қазіргі уақытта шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?

– Өзіңіз айтып отырғандай, өнерде жүргеніме 20 жыл болды. Қазір жеке шығармашылық концертіме дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Көктемде Қазақстанның бірнеше  облыстарын аралап Атырау, Ақтау, Павлодар қалаларында концерт өткіздім. Жалпы соңғы 5-6 жылда шығармашылық концерт бере алмадым. Оған мемлекеттік қызметте болуым себеп болды. Дәл қазір репертуарымдағы бұрынғы және жаңа әндерді нотаға түсіріп, оркестрге тапсырыс беріп жатырмын. Астананың 20 жылдығы мен өнерде жүрген 20 жылымның құрметіне жақында жеке концерт беретін боламын.

Біраз жылдан бері Астана қаласының тұрғынысыз. Бұл жақта тұрақтап қалған әншілер көп емес. Елорданың өнер деңгейі мен мәдениетінің өсуіне қандай баға бересіз?

– Астана қаласына 20 жыл толса, менің елордада тұрақтағаныма 18 жыл болыпты. Менің тағдырым, өнерім, өмірім – барлығы Астанамен байланысты. Астана менің көз алдымда өсіп-өркендеп келеді, мен де Астанамен бірге өнерімді дамытып өсіп келемін. ТМД деңгейінде мұндай қала салған, мұндай астана салған мемлекет жоқ. Астананың өзі де, өнері де қарқынды дамыды. Халықтың деңгейі, ой-өрісі де ғимараттары секілді тез биіктеді. Астананың халқы жаңашылдыққа құмар. Олар ешнәрседен қорықпайды. Еліміздегі жаңа үлгідегі технология, өнер түрі бірінші осы елордалықтардың қолынан, көзінен өтеді. Себебі, Астананың тұрғындары жаңалыққа бейім. Азиада, Универсиада, түрлі саммиттер мен жиындардың барлығы Астана төрінде өтеді. Былтыр болған ЭКСПО көрмесінде халық тек қана көрермен емес, шәкірт болды. «Жақсыны – көрмекке» дегендей, елорда халқы аталған шаралардың барлығынан өздеріне керек жаңалықты ала білді. Тек экономика, саясат, дін жағынан емес, өнер мен мәдениетін де меңгерді. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды көріп, тыңдағаннан кейін Астана халқының өнерге деген көзқарасы қалыптасып, талғампаздық деңгейі де өсті. Астананың архитектурасы, инфрақұрылымы дамып жатқанын біз айтпасақ та барлығы біледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің оркестрінде жеке солист екеніңізді білеміз. Бұған мемлекеттік қызмет ретінде қарайсыз ба, әлде шығармашылық өнер ретінде ме?

– Екеуі де. Қызмет деп қарайтын себебім, бұл қызмет – әскери жұмыс іспетті. Тәртіпке бағынасың. Үнемі ұқыпты жүруге, айтқан сөзімде тұруға, берген уәдемді орындауға шамам келгенше тырысам. Атқарып жүрген қызметім осындай жауапкершілікке үйретті. Президенттік оркестрдегі жұмысым мемлекеттік күзет қызметіне кіреді. Өзінің арнайы тәртібі, әскери шені бар. Қызметім мемлекеттік деңгейдегі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, мемлекет үшін маңызды лауазымды тұлғалардың алдында өнер көрсетуді міндеттейді. Ал шығармашылықпен жеке айналысамын. Қызметім шығармашылығыма шектеу болған емес. Қызмет жағынан да, шығармашылық жағынан да қатар дамып келе жатырмын.Картинки по запросу досымжан танатаров

Басқа өнер жұлдыздары секілді сахнадан көп көріне бермейсіз, мұның мәні неде?

– Жаңа айтқанымдай, ҚР Президентінің оркестрінде жұмыс істегендіктен, халыққа көрінбейтін өнер сферасында жүремін. Халықпен тығыз қарым-қатынаста бола алмауыма да осы қызметім себеп. Алайда, бұл өнерден алшақтағанымды білдірмейді. Біз де күн сайын ән шырқаймыз, концерт береміз. Бірақ оның барлығы эфирге шықпайды. Оркестр жылына бір рет қана ашық түрде есеп беру концертін өткізеді. Журналистер мен халықтың «көп көрінбейсіз» дегенінің астарында көгілдір экран мен түрлі түсірілімдер, концерттер жатқанын түсінемін. Әсіресе, мерекелік түсірілімдер кезінде шақыртулар жиі түседі. Алайда, оркестрдің де жұмыстары осы науқанда қыза бастайды. Сондықтан кейде барамын деп уәде берген жеріме де қызмет бабына байланысты бара алмай қалып жатамын. Шамам келгенше, концерттен де, түсірілімнен де, жұмысымнан да қалмауға тырысамын.

Қазір әлеуметтік желі көптеген жұлдыздар үшін жарнама құралына айналды. Ал сізді желіден де көп байқай бермейміз. Байланыс ретінде қандай желіні қолданасыз? Қандай әлеуметтік желіде тіркелгенсіз?

– Әлеуметтік желінің өзі уақыт бөлуді қажет ететін шаруа. WhatsApp-тан бөлек, Инстаграм желісіне тіркелгеніме бір жылдай уақыт болды. Мұнда тек шығармашылығым мен жеке ойларымды бөлісіп отыруға тырысамын. Отбасымды, жеген-ішкенімді салғым келмейді. Кез келген қымбат, құнды нәрсені кімге болса да көрсете бергенді ұнатпаймын. Отбасым – менің байлығым, құнды дүнием. Сондықтан, оны жұрттың алдына жайып салғым келмейді.

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желінің де пайдасы мен зияны қатар жүреді. Пайдасы мен айтпасам да жалпақ жұртқа белгілі. Ал оның өнер адамдарына зияны көбірек тиіп жатыр. Мысалы, әлеуметтік желі – ең көп талқылауға түсетін орта. Әдетте өнер адамдары эмоционалды болып келеді. Сондықтан біреудің қатты сөздері мен сынын жүрекке жақын қабылдайды.

Әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен танылған жұлдыздар бар екенін де, тіпті осы арқылы табыс тауып отырған жұлдыздар бар екенінен де хабардармын. Алайда, өз басым әлі мұндайға дайын емеспін.

– Енді отбасыңыз туралы айтып берсеңіз.

– Айнұр есімді Құдай қосқан жарым, екі қыз, бір ұлым бар. Үлкен қызым биыл Еуразия Ұлттық университетінің 2-курсын аяқтады. Ғылыми география факультетінде оқиды. Өндірістік тәжірибе аясында Қазақстанның тарихи орындарын аралауға бір айға сапарға кетті. Ұлымның жасы 14-те. Биыл «Дарын» мектеп-лицейінің 7-сыныбын бітірді. Қазір Қапшағайда лагерьде. Қырыққа келгенде көрген Айшуақ деген кішкентай қызым бар. Айнұр бала күтіміне байланысты үйде. Негізгі мамандығы – медбике. Жұрттан жасырған отбасым жоқ.Картинки по запросу досымжан танатаров

– Ініңіз Ақжүрек Таңатаров олимпиадада топ жарып, медаль алған тұста көпшілікке Досымжан Таңатаровтың інісі ретінде танылды. Таңатаровтар әулеті туралы толығырақ айтып берсеңіз?

– Қанат Бейсенбаев дейтін ағамыз айтқан еді: «Ақжүрек олимпиадаға кеткенше Досымжан Таңатаровтың інісі болды, олимпиададан медаль алып келген соң Досымжан Ақжүрек Таңатаровтың ағасы болды», – деп. Расымен, осындай болды. Ақжүрек олимпиадаға қатысып, медаль алып келген соң маған «олимпиада чемпионының ағасы» деген қосымша атақ берілді. Әулетіңнен шыққан тағы бір батыр атағыңа атақ қосып жатса, нұр үстіне нұр ғой. Басқа іні-қарындастарымыз да өнер мен спорттың айналасында жүр. Ақжүректің бағы жанып, мерейімізді үстем еткені біз үшін үлкен мақтаныш болды. Олимпиада шыңын бағындырды, одан кейін Азия чемпионы атанды. Мемлекеттік қызметке келгеніне бір айдың көлемі болды. Қазір Тараз қаласындағы №5-спорттық даярлау мектебінің директоры. Жасы отыздан асты, ел ағасы болатын шаққа келді. Жастық шағында физикалық күш-қуатын спортқа салды. Енді аға болып, ұстаз болып, соңынан ерген ұл-қыздарға үлгі-өнеге көрсететін жасқа жетті.

Жалпы, Таңатаровтар әулетінен екі бала тараған. Оның бірі біздің атамыз Айнабек, екіншісі Ақжүректердің атасы – Ақырапбай. Айнабек атамыз жұртқа сыйлы, ел басқарған өнерлі адам болыпты. Ол кісіден тараған ұрпақтар гуманитарлық салаға жақын. Өнерде, білім беру саласында еңбек етіп жүр. Ал Ақырапбай атадан тараған ұрпақтар спортқа бейім. Ақжүректің әкесі де, ағасы да спортшы. Бірі – боксшы, бірі – күрескер… Сол үйдегі кісілердің ең кемі көкпаршы.

Досымжан аға, оркестрдегі қызметіңізден бөлек, халық әндерін айтасыз, терме де орындайсыз, эстрадалық әндер де сізге жат емес. Ал қазіргі жас әншілер белгілі бір бағытта немесе белгілі бір жанр бойынша ғана ілім алып, сол бағытта ғана ән айтады. Сіздің ойыңызша, олар бір бағытпен ғана шектеліп, өз талантына шекара қойып жатқан жоқ па?

– Өнерде шекара да, шектеу де жоқ. Жастардың қателігі де осында. Олар өздерін шектейді. Белгілі бір аудиторияға ғана жұмыс істейді. Менің концертіме келгендер біледі, біз тыңдарман талғамаймыз. Әндеріміз көпшілік қауымға арналған. Алдыңғы толқын ағаларды тек өз қатарластары тыңдайды деген жалған тұжырым. Біздің тыңдармандар жас талғамайды. Үлкен кісілер де, орта жастағылар да, тіпті, жас­тар да концертімізге келіп, ықыластарын білдіріп жатады.

Қазіргі жастардың бір бағытта ғана ән шырқауына көңілім толмайтыны рас. «Аңқау елге – арамза молда» дегендей, жас әншілер өздері қалыптасып үлгермегенімен қоймай, буыны қатаймаған, әлі талғамы қалыптасып үлгермеген, не тыңдап, не қоярын білмей жатқан жас буынның көңілін тауып, өзін жұлдыз санайды. Олардың білместігі ме, жол көрсететін адамның болмауынан ба, алдыңғы толқын ағалардың батасын алайын, солардан бір нәрсе үйренейін деген ой жоқ. Қазақ өнерінің жұлдызы боламын, өнерпаз боламын дейтін адам үлкеннің де, кішінің де, жастың да, кәрінің де сүйіктісіне айнала білуі керек. Ол үшін халықтың дәстүрлі өнерімен сусындау қажет.Похожее изображение

Алайда, қазіргі жастардың алғырлығына ризамын. Олар шоу жасауға құмар болғанымен, кез келген нәрсені тез қабылдайды. Жақсыны да, жаманды да. Тек соларды дұрыс жолға бағыттап жіберсек әлі-ақ өнердің даңғыл жолына түсіп кетеді деп ойлаймын.

Ертеректе өнерді қасиет деп, сахнаны киелі деп айтатын. Ал қазір өнер ақша табудың, танымал болудың бір жолы сияқты. Тіпті, әнге тауар ретінде қарап. Шоу-бизнес арқылы ақша табатындарды да көріп жүрміз, ақшасы арқылы қолдан өнер жасап жүргендер бар. Бұл үрдісті қалай тоқтатуға болады?

– Біз шоуды қатты күттік. Шоу деген міне, осы. Қазір шоу-концерт, шоу-бағдарлама, шоу-бизнес дегендер қаптап кетті. Адамдардың бәрі жоқ жерден жаңалық жасауға, қандай жолмен болса да жұртты таңғалдыруға құмар. Өкінішті әрине, бірақ, дәл қазір қазақ қоғамында танымалдылыққа ие болу үшін үстіндегі киімін шешіп жатқандар да бар. Әрбір елдің өнер тарихында осындай кезең болған. Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл үрдіс бізге келді және келуі тиіс еді. Ақпарат ағыны да, жаңалықтар легі де толассыз келіп жатыр. Біздің мұны тоқтатуға қауқарымыз жоқ. Бұл бір сел сияқты табиғи құбылыс. Оның алдын алу немесе тоқтату шаралары тым қиын. Біздегі бар жалғыз жол – сабыр ету, күту. Сондай-ақ өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерімізді барынша сақтап қалуға, қорғауға тырысу. Бұл үрдіс тек өнер әлеміне, сахнаға ғана қатысты емес. Экономика, білім беру, ақпарат, саясат сияқты Қазақстанның барлық саласында осындай «жарылыс» кезеңі болып жатыр. Сондықтан, әрбір адам, әрбір азамат жоғарыда айтқан болаттай берік болу қағидасын ұстануы керек.Картинки по запросу досымжан танатаров

Соңғы жылдары эстрада дәстүрлі өнерді сахнадан ығыстырып бара жатқан сияқты. Тыңдармандарға кінә артсақ, орындаушылардың қатары сиреп кеткенін айтып ақталады. Орындаушылар тыңдарманның азайғанын алға тартады. Бұл үрдіске кім кінәлі?

– Әрбір жанрдың шарықтау шегі мен тоқырау кезеңі болады. Дәл қазір эстрада жанры сұранысқа ие болып тұр. Адамдар шоуға, жарқыл-жұрқылға, көңіл көтеруге көп қызығып кетті. Алайда, мұның да ғұмыры ұзақ емес. Шоу-бизнес пен эстраданың да түбі көрініп, ел жалыға бас­тады. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді ғой қазақ. Кез келген музыка жанры осындай кезеңдерді бастан кешіріп, тарих қойнауына еніп кеткен. Виктор Цойдың кезінде джаз стилінде ән шырқау сән болды. Битлздің дәуірлеген шағында гитара ұстағанның бәрі өнерпаз болып кетті. Кей жылдары баянмен ән шырқау танымалдылыққа ие болды. Сол сияқты, ұлттық өнеріміздің де шарықтайтын шағы келе жатыр. Өнерпаздар да, халық та сәл сабыр етіп, сол сәтті күтуі керек. Қандай заман туса да, ұлттық өнеріміздің, дәстүрлі өнеріміздің жанашырлары жойылған емес. Осы жүкті арқалап келе жатқан қаншама жас-кәрі, танымал, танымал емес әншілеріміз бар. Олардың жарқ ететін күні әлі алда деп білемін.

Жалпы, адам баласы табиғатында, тәрбиесінде жоқ нәрсені меңгере алмайды. Қазір кейбір жұлдыздар сахнада рэп айтып немесе шетелдің хитін қазақшаландырып орындап жүр. Егер солардың қолына домбыра беріп халық әнін орында десең, тосырқап қалады. Ал дәстүрлі әншілердің қай-қайсысы болсын, эстраданың кез келген әнін орындай береді. Попса десеңіз попса, рэп десеңіз рэп, тіпті сәл дайындық жүргізсе ария да айтып кете алады. Дәстүрлі әннің, ұлттық өнердің өміршең екендігін осыдан-ақ білуге болады.

Қазір жаһандану заманы, жаңа технологиялар заманы, дәуірлеу, даму кезеңі деп ұрандаймыз. Осындай сындарлы тұста ұлттық ішіп-жемнен, ұлттық киімімізден, ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық өнерден ажырап қалмаудың да қамын ойлап қоюымыз керек.

Сұхбаттасқан Дана МАРАТОВА

]]>
https://juldyz.kz/2019/02/06/dosymzhan-tanhatarov-anshi-zhastardynh-an-ajtqanyna-koenhilim-tolmajdy/feed/ 0
Роза РЫМБАЕВА, әнші, Қазақстанның халық әртісі: МИНИСТР МЕНІ «ЕРЕКШЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ» https://juldyz.kz/2018/11/22/roza-rymbaeva-anshi-qazaqstannynh-halyq-artisi-ministr-meni-erekshe-zhaqsy-koeredi/ https://juldyz.kz/2018/11/22/roza-rymbaeva-anshi-qazaqstannynh-halyq-artisi-ministr-meni-erekshe-zhaqsy-koeredi/#respond Thu, 22 Nov 2018 06:40:20 +0000 http://juldyz.kz/?p=14881  

  • Роза Қуанышқызы, жақында тәуелсіздік күніне орай Мәдениет және спорт министрі бір топ өнер адамдарын – спортшыларды, ақын-жазушыларды, әншілерді әр түрлі ордендермен марапаттады. Бірақ соның ішінен сізді көре алмадық. Әлде біз байқамадық па?
  • Себебі, мені Мәдениет министрі «ерекше жақсы көреді» ғой. «Ерекше жоғарғы қарым-қатынастамыз» деп айтсам да болады.
  • Сіз бір сұхбатыңызда «мен атақтың барлығын Кеңес өкіметі кезінде алдым» дедіңіз. Тәуелсіздік алғалы бері сіз қандай марапаттарға ие болдыңыз? Еңбегіңіз қаншалықты еленді?
  • Тәуелсіздік алғалы ешқандай атақ, марапат алған жоқпын.
  • Бұған ренжімейсіз бе?
  • Неге ренжимін?! Мемлекет тарапынан берілетін қандай жоғары атақ бар, менде соның барлығы бар. Мен атаққа, марапатқа өте ерте ие болған әншімін. Қазақстанға еңбек сіңірген әртісі атағын 21 жасымда, Қазақстанның халық әртісін 26 жасымда алдым. «Парасат» орденін, Мемлекеттік сыйлықты алған әншімін. Одан басқа атақ та жоқ бізде. Мен алған құрметті атақтардың барлығы – Қазақстандағы ең жоғарғы атақтар.
  • Биыл қазан айында 60 жасқа толдыңыз. Мерейтойыңыз құтты болсын! Осындай мерейтой кезінде өнер адамдарын президент, облыс әкімдері қабылдап, сый-сияпаттар көрсетіп жатады. Сізге қандай құрмет көрсетілді?
  • Ешқандай қабылдауда болған жоқпын. Ешқандай марапат алған жоқпын. Туған күнімде өзімнің туған жеріме барып концерт өткіздім.
  • Тегін концерт беріпті деп естідік…
  • Иә, аудан орталығындағы Мәдениет үйінде тегін концерт бердім. Аудан әкімі қабылдады. Әкімшілік ауданымыздағы сыйлы, құрметті азаматтарды, аналарды концертіме шақырды. Әр ауылдан үлкен кісілерді жинап әкелді.Кейінірек Семейде Өскеменнің симфониялық оркестрімен үлкен концертімді өткіздім.

Похожее изображение

  • Осы концертіңізде ме «Семейге концерт қоюға барған кезде сахнада рояльдің жоқтығын айтамын деп басым бәлеге қалды. Сол сөзім үшін5 жыл мені қалаға кіргізбей қойды» деп айтқаныңыз…
  • «Рояль неге жоқ?» деген сөзімді әкім өзіне қатысты әңгіме деп қабылдады. Бірақ мен оны айтқаныма өкінген емеспін. Мен айтқаннан кейін барып рояль сатып алынды. Қазір Құдайға шүкір, барлығы бар. Барлығы жасалды.
  • Яғни, сіз Семейге бес жылдан кейін концерт беріп тұрсыз ба?
  • Жоқ, мен былтыр концерт өткіздім. Содан кейін биыл бердім. Бірақ ол әкім орнынан кетті.
  • Тіке айтамын деп осылай кейбір адамдарға жақпай қалып жатасыз ба? Осы мінезіңізден жиі «таяқ жейсіз» бе?
  • Жоқ, мен тура айтқаныма ешқашан өкінбеймін. Сын айтатын, әділдікті жақтайтын адамдарды керісінше қолдау керек деп ойлаймын. Мен кез-келген әкімге, кез-келген азаматқа өзімнің ойымды айта аламын. Себебі жасым келген адаммын. Дүниежүзінің тең жартысын аралаған адаммын. Көп нәрсені көрген адаммын. Халық әртісімін. Халық әртісі дегенің халық депутаты дегенмен бірдей. Сондықтан көңілімнен шықпаған нәрсені жаным ашығаннан кейін айтамын.
  • Мерейтойыңызға байланысты жоғарғы жақтан марапаттаулар, құттықтаулар келмегеніне ренжіген жоқсыз ба?
  • Жоқ. Мен тіпті 60 жылдығымды тойлаған да жоқпын. Оны неменеге тойлаймын?!  60 деген ол жай ғана цифр. Сіз де қайта-қайта осы сұрақты қоя бердіңіз ғой. Не 60 жаспен өмір бітіп қала ма?! Құдайға шүкір, өмірім ары қарай жалғасып жатыр. 60-та қандай болсам, 65-те де сондай боламын.
  • Ең болмағанда министрліктен құттықтау хат келу керек емес пе еді?
  • Оған министріміздің өресі жетпеді.
  • Мемлекеттік концерттерге бұрынғыдай жиі шақырылып тұрасыз ба?
  • Министріміз ауысқалы бері қатыспаймын.
  • Сонда араларыңыз жақсы емес пе?
  • Иә. Арамыз өте нашар.

Похожее изображение

  • Осыдан екі-үш жыл бұрын анаңыз да, әкеңіз де дүниеден өтіпті. Анаңыз бен әкеңізді еске алғанда қандай оқиғалар ойыңызға оралады?
  • Әке мен ананың орны ерекше ғой. Ол кісілер 90 жасқа дейін өмір сүрді. «Үлкен кісілердің арты той» деп айтып жатады. Бірақ қанша жасқа келсе де әке мен ананың орны бөлек. Дегенмен әкем мен шешем барлығымыздың ер жетіп, өсіп-өніп, балалы-шағалы болғанымызды көрді. Немере, шөбере сүйді. «Мен сендерге разымын» деп анам ризашылығын білдіріп кетті. Ол кісілер денсаулығына байланысты емес, жасы келгендіктен, кәріліктен өмірден озды.
  • Сұхбаттарыңызда әрдайым бауырларыңызға көмектесіп, тірек болып жүргеніңізді, осы уақытқа дейін солардың жағдайын жасағаныңызды айтасыз. Кейде үнемі «мықты» болудан шаршамайсыз ба?
  • Әлі күнге соларға көмектесіп келе жатырмын. Бірақ мен мұны ешқандай мықтылық деп санамаймын. Туған бауырларыма, сіңлілеріме жағдайым болғаннан кейін ғана көмектесемін. Онда тұрған ештеңе жоқ. Мен бұдан ешқашан да шаршамаймын. Қолымнан келіп тұрса неге мен оларға көмектеспеймін?! Ал егер жағдайым болмай жатса, ол басқа әңгіме.
  • Бір бағдарламада «Барлығыңыз Роза, Роза дейсіздер. Бірақ Роза ешқашан өзі үшін өмір сүрген емес» дедіңіз…
  • Әлі күнге дейін солай өмір сүріп келе жатырмын. Роза ең бірінші ол – ана. Жолдасынан айырылғаннан кейін Роза өзі әке, өзі шеше болды. Бауырларына тірек болды. Жалпы, бір әулеттің тірегімін мен. Мүмкін Құдай маған сондай бақ берген шығар. Бір жағынан сондай жауапкершілік берген болар. Мен оған ешқандай қиналмаймын. Ары қарай да солай өмір сүре беремін. Қолымнан келсе бауырларыма, сіңлілеріме әлі де көмектесемін. Екі ұлымды да солай алып келе жатырмын.
  • Көзіңізге жас алатын кездеріңіз бола ма?
  • Әркімнің өз тағдыры бар. Менің маңдайыма жазылғаны осы болды. «Так же как все» деп Алла Пугачева айтқандай, ел сияқты жылайтын күндерім де болады, қуанатын күндерім де болады. Ерекше бақытты күйге бөленетін де сәттерім аз емес. Өмір болғаннан кейін, адам болғаннан кейін бәрі де болады.
  • Қыздарыңыз Әлия мен Мәншүк тұрмысқа шықты. Енді қашан Әлиіңізді үйлендіресіз?
  • Тасқынның ағасының екі қызы менің қолымда өсті. Олар жастайынан анасынан жетім қалды. Оларды өзім қолыма алып, жеткіздім. Екеуін оқыттым, тұрмысқа бердім. Қазір екеуі де балалы-шағалы, бақытты өмір сүріп жатыр. Ал Әлиім бұйырған күні үйленеді. Мына күні үйлендіремін деп нақты айта алмаймын. Әйтеуір бір күні үйленетінін білемін. Кім баласының үйленіп, балалы-шағалы болғанын көргісі келмейді дейсіз. Бәріміз де соны армандаймыз. Алла қаласа оған да жетерміз.
  • Ұлдарыңыздың шығармашылық жұмыстарына көңіліңіз тола ма?
  • Мен сын айтып отыратын адаммын. Қалай десек те, халық Әли мен Мәдиге «Роза Рымбаеваның ұлы» деп қарайды. Сондықтан олардың кемшіліктерін ең бірінші мен көруім керек. Және де мен бұл жағынан кәсіби маманмын. Менің екі ұлым көздерін ашқаннан музыка саласында оқыды. Сондықтан кәсіби деңгейде өзімнің сынымды айтамын. Жақсы жерлерін мақтаймын, жетпей жатқан тұстарын ескертемін.

Картинки по запросу роза рымбаева

  • Сіз марқұм Тасқын Оқапов ағамыздың тұсында біраз халық әндерін айттыңыз. Т.Оқапов өмірден өткеннен кейін халық әндерін айтуды мүлдем доғардыңыз десек те болады. Сонда сізге халық әндерін айтуға Т.Оқапов ықпал етті ме?
  • Жоқ. Тасқын ешқашан маған «мына әнді айт» деп ұсыныс жасаған емес. Бүгінге дейінгі орындаған барлық әнді өзім таңдадым. Кезінде халық әндерін орындағым келді, орындадым. Қазір де әндерін таңдап-таңдап айтатын өзімнің сүйікті композиторларым бар. Мен солардың әндерін ғана айтамын. Бүгінгі жас композиторлардың әндерін мүлдем орындамаймын.
  • Халық әндерін айтуды тоқтатқаныңыз қалай? Әншінің мерейін көтеріп, мәртебесін биіктететін шын мәнінде халық әндері емес пе?
  • Бізде халық әндерін орындайтын дәстүрлі әншілер бар ғой. Мен олармен жарыса алмаймын. Өйткені эстрада әншісімін. Кезінде бір-екі халық әнін айтқанмын. Ал енді ел айтты екен деп бәрін дүрілдетіп айта берудің керегі не?

Кім біледі, мүмкін бір күні бір ән ойыма келіп қалар. Сонда орындармын. Мәселен, жақында «Желсіз түнде жарық айды» орындадым. Оның қай жері халық әні емес. Жақында консерваторияда «Сазген» ансамблімен концерт бердік. Сонда халық әндерін де, Шәмшінің әндерін де айттым.

  • Кейбір әншілер белгілі бір жасқа жеткеннен кейін ән айтуды мүлдем доғарады. Олардың ойынша: «дауыс та қартаяды, ал қартайған дауыс құлаққа жағымсыз естіледі». Ал кейбір әншілер өле өлгенше ән салып өтеді. Сіз осылардың қайсысын дұрыс деп санайсыз?
  • Ол адамның өзіне байланысты. Қазір эстрадада даусы жоқ әншілер жүр ғой. Біздің эстраданың 90 пайызы фонограммамен айтатын әншілер. Олардың қасында біз енді әншіміз.

Менің концерттерім тек Қазақстанда емес, шетелдерде де жиі өтеді. Жақында ғана Мәскеуде болдым. Оның алдында Киевке барып келдім. Қаңтардың аяғында Мәскеуде Кремльде концертім болады. Наурыз айында Ресейдің төрт қаласында менің концертім өтеді.

  • Жас әншілерден кімдердің өнерін жоғары бағалайсыз?
  • Талантты жастар, сіңлілерім өте көп. Қазіргі шығып жүрген жастар – жай жастар емес. Оның ары қарайғы өсуі қалай болады, оны уақыт көрсетеді. Егер фонограммамен жүре берсе, әрине, өспейді. Бұл түсінікті жайт. Сондықтан олар нағыз әнші болу үшін алдына мақсат қойып, басқаша жұмыс істеуі керек.
  • Сізді әрдайым ресейліктер концерттеріне шақырып, тіпті журналистер сіз туралы үлкен бағдарламалар жасайды. Олардың сізге деген құрметі ерекше. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
  • Олар менің өнерімді, даусымды ерекше бағалайды. Сондықтан болар. Осы уақытқа дейін Ресейдің ең үлкен сахналарында өнер көрсетіп,  ең жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған концерттеріне қатысып келемін.
  • Ресей әртістері «Өзіңді қалай күттің?» деп сіздің сыртқы болмысыңызға да таңғалып жатады…
  • Мен сымбатымды ерекше сақтадым деп айта алмаймын. Құдайдың берген болмысы. Менің әкем өте әдемі кісі болған. Қартайса да сол әдемілігі, сымбаты сақталды. Менің бет-әлпетім әкеме тартқан.
  • «Мына ән ескіріп қалды» дегенді жиі айтатынымыз рас. «Әннің ескіруі» дегенді қалай түсінесіз? Сіз айтқан, айтып жүрген әндердің ішінде ескіріп қалғандары бар ма?
  • Мен осыдан 42 жыл бұрын «Куә болды» орындағанмын. Әлі халық осы әнімді жақсы көреді. Басқа әншілер де орындап жатады. Осыдан 40 жыл бұрын Сейдолла Бәйтерековтың «Ақ тілегін» орындағанмын. Әлі күнге дейін халық сүйіп тыңдайды. «Атамекенді» де солай. Мен әндерімді ескірді деп айта алмаймын. Себебі оны жоғарғы деңгейдегі мықты композиторлар жазды. Ал қазіргі жастардың форматы да, музыка жазатын композиторлары да басқа. Қазір біздің музыка саласында кәсіби композиторлар аз. Сондықтан мен де олардың әндерін көп орындамаймын.
  • Бір күндік әндер көбейді дейсіз ғой?
  • Иә, ондай әндерді бұрынғы әндермен қалай салыстырасың? Ондай әндермен ешқандай конкурсқа барып қатыса алмайсың.
  • Кейде ән таппай қиналасыз ба?
  • Жоқ, ондай проблема жоқ. Менің репертуарымда әндер өте көп. Кез келген әніме қайта оралып, оны жаңадан өңдеп, шығара беруіме болады.
  • Ал халыққа жаңа ән ұсынар кезде ше?
  • Көп талғаймын. Өйткені бүгінгі музыканың барлығы менің көңілімнен шыға бермейді.
  • Жыл сайын дәстүрлі түрде «Көктем шақырады» деген кешіңізді өткізесіз. Осы концертіңізді өзіңіз ұйымдастырасыз ба? Жыл сайын бұл концертті өткізу сізге ауыр емес пе?
  • Биыл бұл концертімді жаз мезгілінде Астанада өткіздім. Оны «Қазақстан» арнасы түсіріп,  туған күніме орай 27 қазан күні телеарнадан көрсетті. Әрине, жыл сайын үлкен концерт беру оңай емес. Қиын, ауыр. Бірақ халық күтеді. Анда-санда әкімшілік көмектеседі. Ал негізі көбінесе өзім өткіземін.

(Сұхбаттың толық нұсқасын Жұлдыздар отбасы журналынан оқи аласыздар)

 

Сұхбаттасқан Самал ӘДІГЕНҚЫЗЫ

2018 жыл №1 қаңтар айындағы саны

 

]]>
https://juldyz.kz/2018/11/22/roza-rymbaeva-anshi-qazaqstannynh-halyq-artisi-ministr-meni-erekshe-zhaqsy-koeredi/feed/ 0
Ерке Есмахан https://juldyz.kz/2017/09/06/erke-esmahan/ https://juldyz.kz/2017/09/06/erke-esmahan/#respond Wed, 06 Sep 2017 08:58:14 +0000 http://juldyz.kz/?p=12382 Ерке Есмахан  –  әнші. Ақтөбе облысының, Ырғыз ауылында дүниеге келген.

Бала Ерке

Әкесі – Әбдіраш – қазақ тілі қоғамдастығының басшысы, анасы – Мақпал. Отбасында бес бала: үлкен ағасы – Ерік, әпкелері – Гүлбағда, Венера және ағасы Бауырдан. Отбасы мүшелері қызметтің әртүрлі саласында (шығармашылық, педагогикалық, т.б.) Әншінің ата-анасы Әбдіраш пен Мақпалдың 18 немересі мен бір шөбересі бар. Оқушы Еркеге ұстаздары да, достары да ерекше назар аударып жүрген. Себебі, ол оқып жүріп-ақ, түрлі шығармашылық конкурстарға қатыса жүріп, орындар алып жүрген. Сыныбында лидер болған екен.

Еңбек жолы

Ерке Есмахан Ақтөбе қаласындағы Алтынсарин атындағы мектепте оқып, бесінші сыныптан кейін  музыкалық мектепке ауысқан. Сонда домбыра, қобыз, фортепианода ойнауды үйренген. Кішкентайынан ән айтып, би билегенді жақсы көретін Еркеге ата-анасы да барынша қолдау көрсеткен. 9-сыныптан кейін (2003 жылы) Ақтөбедегі Жұбанов атындағы музыкалық колледждің студенті атанып, мұнда классикалық опера бөлімінде оиды. Колледжді тәмамдаған соң, арман қуып Алматыға келеді. 2005 жылы Оңтүстік Астанада Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының  эстрадалық вокал бөлімінің студенті атанады. Әнші Толқын Забирова – ұстаздық етеді.  Осында оқып жүрген кезінде үлкен сахнаға шығып, әнші болуды армандап, мақсат қойған. Өнер академиясын аяқтағаннан кейін (яғни 4 жылдан кейін) Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығына өтееді де, «Іңкәр» тобының әншісі атанады. Бұл топтың «Қыз сыны», «Қыз жүрегі», «Маралдым», «Ақбақай», т.б. сынды бейнебаяндары жарық көрді.

Шығармашылығы

Еркенің өнердегі  еңбек жолы 2009 жылы басталды. Сол уақыттан бастап Баян Мақсатқызы басқаратын «Shine Stars Production» продюсерлік орталығының жаңа жобасы  «Іңкәр» тобының әншісі атанады. Бірден көпшіліктің сүйіктісіне айналған топта алғашында 4 қыз өнер көрсетсе, кейіннен қыздар тұрмысқа шыға бастауына байланысты,кейіннен Ерке жеке орындаушы ретінде карьерасын жалғастырады.

2012 жылы «Айша бибі» аталатын әнге бейнебаян түсірген. Бұл әншінің жеке орындаушы ретіндегі алғашқы жұмысы.

2013 жылы шыққан «Асыл арман» атты әні «Тракторшының махаббаты» атты отандық телесериалының саундтрегіне айналды.

2015 жылы әнші Төреғали Төреәлімен жазған «Алло» әнінің бейнеабяны жарты жылдың ішінде миллион қаралым жинаған. Бүгінде хитке айналған бұл әннің мәтінін көпшілік жатқа біледі. Бүгінде ютуб желісінде 22 млн қаралым жинаған.

2015 жылы «Бал сезім» бейнебаянын ұсынды.

2016 жылы «Еркемін» бейнебаянын ұсынды.

2016 жылдың қараша айында «Әйел бақыты» әніне жазылған бейнебаянын ұсынды.

2017 жылы «Қайда?» әні мен бейнебаянын ұсынды. Сөзін жазған айтыскер-ақын – Қайнар Алакөзов, ал әнін жазған талантты жас композитор – Диана Исмаилова. 2 айдың ішінде 2,1 миллион қаралым жинаған әнші әріптестері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.

Әншінің бұдан бөлек Томирис Ерболатқызымен айтқан  «Қыз арманы» әніне де бейнебаян түсірген. 

Отбасы

 

 

 

]]>
https://juldyz.kz/2017/09/06/erke-esmahan/feed/ 0
Батырхан Шүкенов (1962-2015) https://juldyz.kz/2017/05/18/batyrhan-shukenov-1962-2015/ https://juldyz.kz/2017/05/18/batyrhan-shukenov-1962-2015/#respond Thu, 18 May 2017 03:32:11 +0000 http://juldyz.kz/?p=7054 Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамыр күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол – әнші, композитор.

Балалық шағы

Батырхан 12 жасында «Артек» пионер лагеріне барады. Сол демалыста аяқ асты ән байқауына қатысып, 1-орын алады. Оның музыкаға деген қызығушылығы осыдан басталады. Кейін көркемөнермпаздар үйірмесіне, мектеп ансамбліне қабылданады. Алдымен бас гитараны, кейін клавишті аспапты, кларнетті, саксафонды меңгереді. 10-сыныпта жүргенде музыкант болатынын нақты шешеді. Сосын Ленинградтағы өнер институтының оркестр бөліміне оқуға түседі. 2 жылдан кейін Алматыдағы консерваторияға ауысады. Консерваторияның саксафон класы бойынша бітіріп шығады.

Өнер жолына қалай келді?

Ол өзінің мансап жолын әнші Роза Рымбаеваның саксафоншысы болудан бастаған. 1988 жылы «Джулия» хитін халыққа паш ектен А’Студио тобының фронтмені болып сайланады. Алла Пугачеваның «Рождестволық кездесулерінен» кейін халықтың көзайымына айналады. «Ақ өзен», «Тоқта, түн», «Махаббат сарбазы», «Жаздың жылы кештері», «Сүйгенім емес» сынды композицияларын барша халық сүйіп тыңдайды. 2009 жылы UNICEF-тің Қазақстандағы өкілі болды. 2010 жылдың мамырында «Абайлаңыз, сүйкімді қыз» (Осторожно, милая девушка) атты жеке төртінші альбомын шығарды. Шығармашылығының 13 жылы осы топпен байланысты. Бұл кезеңнің бес жылын Мәскеудегі Алла Пугачеваның ән театрында топпен бірге жұмыс істеген. Көбінесе соның арқасында, және «Рождестволық кездесу» телешоуына қатысудың арқасында «А’Студио» тобы мен Батырхан Шүкенов бүкіл Совет одағына танылды.

Отбасы

Қарындасы Раушан дәрігердің оқуын бітірген. Бірақ, музыканы өте жақсы көреді. Түрлі аспапта ойнайды. Үлкен ағасы Бауыржан тамаша кларнетші болған. Екінші ағасы Бақытжан да музыкант, кларнетте, саксафонда ойнайды. Ал ұлы Мақсұт фортепианада ойнайды.

«А’Студио» тобы

«А’Студио» тобында Батырхан Шүкенов жетекші әнші болды. Ол кездегі топтың хит әндерінің көбін жұрт оның дауысы арқылы тыңдады. Сондықтан кейін ол «А’Студио» тобынан кеткен кезде топ тарап кете жаздаған. Батырхан Шүкенов жеке шығармашылықпен айналысу үшін «А’Студио» тобынан 2000 жылы кеткен. Батырхан Ресейдің «Один в один» телешоуына қатысып, көрерменге жаңа қырынан таныла бастаған. Жаңа әндер жазуын жалғастырған. «Мне поможет весна», «Письмо души», «Я любил тебя другой» деген әндер — соңғы екі жылдың премьералары. Батырхан Шүкенов хит әндеріне жаңа клиптер түсірген.

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/18/batyrhan-shukenov-1962-2015/feed/ 0
Рамазан Стамғазиев https://juldyz.kz/2017/05/03/ramazan-stamghaziev/ https://juldyz.kz/2017/05/03/ramazan-stamghaziev/#respond Wed, 03 May 2017 11:31:06 +0000 http://juldyz.kz/?p=9790 Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиев 1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Ол – халық әндері мен дәстүрлі әндерді кеңінен насихаттап жүрген әнші, ҚР еңбек сіңірген артисі (1998), «Құрмет» орденінің иегері.

Бала шақтан…

Әкесі Өмірәлі ауыл ақсақалына: «Ата, бүгін Рамазан айының бірінші күні, Құдай алдынан жарылқасын, атын Рамазан деп қойғым келеді» деп айтқан екен. Рамазан Стамғазиев алтыншы сыныпқа жеткенде колхоз клубының сахнасында ән шырқай бастады. Оның дарындылығын байқаған ауданның партия секретары Бексырға Данышпанов Рамазанды көз қиығына алды. Әрі қарай Рамазан Стамғазиев аудан клубының сахнасында көрінетін болды. Салтанатты мейрамдар мен концерттерде көзге түсті, тіпті онсыз мейрам сәні келмейтіндікке айналды. Рамазан Стамғазиев мектепті бітірген соң, Отан алдындағы борышын өтеу үшін Ленинград әскери округына шақырылды. Петрозаводск қаласында әскери міндетін атқарды.

Еңбек жолы

1989-2005 жылдар аралығында  Қазақконцертте өнер бірлестігінде және халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың «Жазира» ансамблінде (16 жыл) қызмет атқарды.

2006–2009 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық кансерваториясында, 2012 жылға дейін  Республикалық эстрада — цирк колледжінде оқытушы. Дегенмен сол колледжде «дәстүрлі әншілердің» ұстазы болып жүріп, 2015 жылы өзінің түлектерін бітіртті.

2012 жылдан Темірбек Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «дәстүрлі ән музыкасы» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі лауазымын атқарады. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрадалық-цирк колледжінде сабақ береді.

 

Жетістіктері

1992 жылы Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының жеңімпазы, ал 1994 жылы Семейде өткен Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі әншілер байқауында жүлдегер атанды.

1997 жылы Самарқанд қаласында өткен «Шығыс әуендері» атты Халықаралық ән байқауының жеңімпазы. 1998 жылы 22 қазанда елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңіргіен артисі атағы берілді (31 жасында).

2001 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен,  елбасының жарлығымен «Құрмет» орденімен, Әлихан Бөкеханов атындағы алтын медалімен марапатталды.

2013 жылы Моңғолия Республикасының Құрмет ордені берілді. 2016 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.    

Отбасы


Рамазан Стамғазиев өмірлік жарын Алматыдағы эстрада-цирк училищесінде 1987–89 жылдары оқығанда жолықтырды. Жары Ұлту Қабаева Оңтүстік Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Ол Жүргенов атындағы Кино және Театр Академиясында әншілік шеберлігі бойынша білім алды. Халық әртісі Шора Үмбеталиевтің шәкірті. Әсет Бейсеуов атындағы «Армандастар» байқауында лауреат атанды. Ерлі-зайыпты Стамғазиевтердың Олжас есімді ұлы, Перизат деген қызы бар.

]]>
https://juldyz.kz/2017/05/03/ramazan-stamghaziev/feed/ 0
Ескендір Хасанғалиев https://juldyz.kz/2017/04/04/eskendir-hasanghaliev/ https://juldyz.kz/2017/04/04/eskendir-hasanghaliev/#respond Tue, 04 Apr 2017 08:36:15 +0000 http://juldyz.kz/?p=9032 Ескендір Хасанғалиев 13 ақпан 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Ол  әншi (лирикaлық бaритон), композитор, музыкант.

Еңбек жолы

Ескендір Хасанғалиев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хор факультетін Е.Виноградов пен Н.Шарипованың класы бойынша курсты және Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы мен материалды берудің көп салалығы тән. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды.

Отбасы

Біржан Хасанғалиев ұлды болды

Жұбайы Дарико екеуі бүгінде ұлдары Біржаннан екі немере сүйіп, ардақты да бақытты ата-әже атанып отыр.

Жарымен қалай танысқан?

Dz55Xj4pDyo

Өнерде жүрген жас Ескендір ғашығын 1970 жылы Қарағанды облысына концерт беруге барған кезінде жолықтырған.  Концерт кезінде алдыңғы қатарда отырған көзі тостағандай өзі аппақ қызды ұнатып, әндерінің барлығын сол қызға арнап орындап шығады. Кеш аяқталған соң, Ескендір аппақ қызбен танысады, бірақ Дарико Мәскеуге оқуына кетеді. Араға үш жыл салып, таныстары арқылы Дарико деген дәрігер қыз келіпті дегенді естіп, композитор сол ауруханаға барады. Міне, сол уақыттан басталған ғашық жыры әлі күнге дейін таусылған жоқ.

Cj5FBw1hyN8

«Әдемі-ау», «Асыл арман», «Есіңе ал» әндерінің бәрі де, әри­не, осы жеңгелеріңе арналған. Одан кейін де Дарикоға арнап «Ескірмеген махаббат» деген ән жаздым. Өмір болған соң талай қиыншылықтар да болды. Біз сол қиыншылықтарды бірге жеңдік. Қуаныштарды бірге көрдік. Сыйластығымыз да, сезіміміз де суыған жоқ. Өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге болсын деп, осы күнге дейін қол ұстасып келе жатырмыз. (Ескендір ХАсанғалиевтің сұхбатынан)

Шығармашылығы

Ескендір Хaсaнғaлиевтiң «Әдемi», «Aсыл aрмaн», «Өмiрiмнiң жaзы», «Aтaмекен» әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Е. Хaсaнғaлиев шығaрмaшылығынa тaқырыптың әмбебaптылығы, мaтериaлды берудiң көп сaлaлығы тән. Ол музыкaны қaзaқ, орыс, ұйғыр, тaтaр, немiс aқындaрының сөзiне жaзды.қaзiргi қaзaқ композиторлaрының ән-ромaнстaрын нaқышынa келтiре, шебер орындaйды. Xaсaнғaлиев — тaнымaл композитор. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды.

Жетістіктері

Әншң 1970 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын иеленген. Ол 1984 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі және 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

]]>
https://juldyz.kz/2017/04/04/eskendir-hasanghaliev/feed/ 0
Ажар Түзелбекқызы (1977-2011) https://juldyz.kz/2017/03/07/azhar-tuzelbekqyzy-1977-2011/ https://juldyz.kz/2017/03/07/azhar-tuzelbekqyzy-1977-2011/#comments Tue, 07 Mar 2017 05:29:25 +0000 http://juldyz.kz/?p=8280 Ажар Түзелбекқызы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген. Оның «Сағындым сені», «Анаға хат», «Бақыттымын» әндері халық арасында кеңінен таралған.

Балалық шағы

Ажар үйдің кенжесі, ерке болған. Алла тағала оның бойына өнерді туа бітті дарытқан. Тілі шыққаннан ән салып, балабақшаға барған сәтінен ел алдында өнер көрсете бастаған. Мектепте оқып жүріп, ауданда өтіп тұратын жарыстарға қатысып, мәдени шаралардың ортасында жүреді. Айтыстың аламанында да бақ сынайды. Анасы Ажардың сахналық киімдерін тіктіртіп, керегін түгендеп жүретін болған. Ата-анасы мектеп бітіргеннен кейін Ажарды Шымкент қаласына оқуға жіберсе, ол ешкімге айтпай Алматыға барған. Жолы болып қазіргі Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына өз күшімен түсіп, бәрін таңғалдырған.

Оразбен қалай танысты?

«Оқуға түскеннен кейін Ажар бірінші курста-ақ тұрмысқа шығып кетті. Екеуінің біраз қиындық көргені рас. Жалғыз ол екеуі емес, 1994-95 жылдары елдің бәрі тығырыққа тірелді, тоқырауға ұшырады. Өздері студент, өздері жас, бірінен кейін бірі екі баласы дүниеге келді. Енді-енді аяғынан тұрып, ауыздары аққа жетіп келе жатқан уақытта Ораз үзіліп кетті. Ажар соңғы жылдары «Ораз осы жақсы күндерді көрмей кетті ғой. Осы баршылыққа жете алмады. Жақсы отбасы болып кетуші едік қой» деп қатты арманда болатын. Жетіспеушіліктен отбасында түсінбестік орын алған шығар, бірақ оны сан түрлі саққа жүгіртіп, әңгіме қылудың қажеті жоқ. Екеуі өзара тату еді, махаббат болса, сол екеуінікіндей-ақ болсын. Ораз отбасында үнемі Ажарды еркелетіп отыратын. Біздің өзімізді барсақ «менің күн нұрынан жаралған қайын жұртым келді» деп қалжыңдап, бауырына басатын. Ораз қайтыс болған соң Ажарға жан-жақтан жабылып көмектестік, әке-шешем зейнетақысынан беріп тұрды. Өзі тойға барып, балаларын асырады. Сол ақшасына ән жаздырды, клип түсірді. Оразға арналған естеліктің ең үлкені — Ажардың сол клипі болды. Соңғы екі жыл көлемінде Ораздың айтыстарын жинап, кітап шығарамын деп, қолға ала бастап еді. Үн таспалардан тыңдап отырып, қағазға түсіріп, оны компьютерге бастырып қойған»(әпкесі Нәзира Түзелбектің сұхбатынан)

Отбасы

Марқұмның артында Нұрайша, Нұрсұлтан, Ерғанат есімді үш баласы қалды. Нұрайша мен Нұрсұлтан қазір Шымкент қаласында тұратын үлкен ағаларының қамқорлығында.

Болмысы

«Ажар кішіпейіл, қолы ашық, бауырмал еді. Ешкімнің көңіліне келмейтін. Қимылы өте жылдам, қандай шаруаны болмасын, шапшаң бітіретін. Табан астынан серуен ұйымдастырып, дем арасында тамақ дайындап жіберетін. Ішіміздегі ерекшеміз-тін»(Нәзира Түзелбек).

«Оның көркі көз тартатын сұлу екенін жұрт жақсы біледі. Мінезі қайсар, өжет еді. Қиыншылықты көп көрсе де ешқашан еңсесі түсіп, мойымайтын. Еңбекқор еді, Оразалы екеуі күндіз-түні тырбанып жүріп қаладан пәтер сатып алды. Екеуі бақытты өмір сүрді. Менің білетінім, оның мінезі ашық-жарқын, қолы ашық керемет адам еді, амал қанша? Үйіне бара қалған адамды ешқашан құр қол қайтармайтын. Ломбардқа алтын жүзіктерін өткізіп, маған: «Мынаны қажетіңе жарата бер. Кейін құтыла жатарсың», – деп ақша беретін. Ал адамды тартып әкететін ерекше бауырмалдылығы өзінше бір бөлек әңгіме. Марқұм көзі тірісінде жарының жағдайын жасай білді. Маған бір жағынан қайынаға болып келетін Орекең айтысқа барғанда ылғи жанында жүретін. Сөйткен жары өмірден өткен соң қайтсем балаларыма тапшылық көрсетпеймін деп көп еңбектенді. Қиналды. Бірақ онысын ешкімге білдірген емес, ұлы мен қызына әкесінің жоқтығын білдірмеуге тырысып бақты» (Роза Әлқожаның сұхбатынан).

Өмірінің соңы

Қайтыс боларының алдында композитор, ән әрлеуші Ермек Елгезековтің студиясына барып, Оразға арнап жаңа ән жинақ шығармақшы болып, өзі орындайтын әр әннің алдына өлең жаздырып кетіпті. Тоғыз әннің алдына тоғыз өлең оқыған. Сөздерінің астарына үңілсек, «Жұлдыз боп ағып бара жатырмын» деп, өмірден өтетінін білген сияқты әсер етеді. Сол қаралы күні Ажармен бірге жолда болған кісілер де «Дүйсенбі жұмысым бар, студияға баруым керек» деп асықтырып, түнделетіп жолға шыққанын айтады.

2011 жылы Ажар Түзелбекқызы мінген көлік Алматы-Талдықорған трассасының бойында талға соғылған. Әнші Қапшағай ауруханасында көз жұмды. Одан алты жыл бұрын, 2005 жылы қарашада әншінің күйеуі, айтыскер ақын Оразалы Досбосынов та Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатқанда апатқа ұшырап көз жұмған.

]]>
https://juldyz.kz/2017/03/07/azhar-tuzelbekqyzy-1977-2011/feed/ 1
Бақытжан Жұмаділов (1947-2010) https://juldyz.kz/2017/03/04/baqytzhan-zhumadilov-1947-2010/ https://juldyz.kz/2017/03/04/baqytzhan-zhumadilov-1947-2010/#respond Sat, 04 Mar 2017 07:21:35 +0000 http://juldyz.kz/?p=8163 Бақытжан Жұмаділов 1947 жылы Алматы облысы, Жалаңаш ауданында дүниеге келген. Ол «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі, әнші.

Болмысы қандай болған?

«Бақыт өте ақылды, білімді адам болды. Ол бірнеше тілді білетін. Бақыт нағыз қазақ  болатын. Ұлттық өнерімізге қатты алаңдайтын. Сол үшін де мен оны жоғары бағалайтынмын. Ол әзілқой жігіт болатын» (Ерік Тастамбековтің сұхбатынан)

Дос-Мұқасан қалай құрылды?

«Дос-Мұқасан» – 1967 жылы Алматыда Қазақ политехникалық институтының студенттері құрған вокалдық-аспаптық ансамбль. Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов топтың ең бірінші әншілері болды. Ансамбльдің атауы есімдердің басқы әріптерінің қысқаруынан алынған: «Дос» — Досым Сүлеев, «Мұ» — Мұрат Құсайынов, «Қа» — Қамит Санбаев, «Сан» — Саня (Александр) Литвинов. Артынша топқа Шәріп Омаров, Бақыт Жұмаділов, Нұртас Құсайынов, Құрманай Омарова, Асқар Жанкушуков қосылды.

Жезтаңдай әншi Әмiре Қашаубаев Париж төрiнде «Ағаш аяқты» шырқап, қазақтың талантты халық екендiгiн паш етсе, 1977 жылы «Дос-Мұқасан» тұңғыш эстрадалық ансамблi ретiнде қазақ әуенiн Америкада әуелеттi. Тәуелсiздiкке деген алғашқы намыс отын «Дос-Мұқасан» әндерi тұтатты десек артық айтқандық емес. Ансамбльдiң жезтаңдай әншiсi болған марқұм Бақыт Жұмадiловтiң «Америкаға да, Түркияға жол ашқан алғашқы «Колумбтар» бiз болдық» деген әзiлi шындыққа жанасады.

Отбасы

Бақыт Жұмаділовтың артында төрт баласы мен төрт бірдей немересі қалды.

Өмірінің соңы

2010 жылдың наурызында әншіні қалың қазақ қайтпас сапарға аттандырды. Өлімге қарсы тұрар амал бар ма?! Әншінің ажалы жол апатынан болды. Оның қазасы күллі қауымның қабырғасын қайыстырды. Дәл Бәкеңдей енді кім «Құдашаны» шырқайды екен?! Ақтық сапарға аттанарын сезді ме екен, ол ғұмырының соңғы күндерінде күнделігіне «соңғы өлеңін» жазып кетіпті. «Последний миг» өлеңін қазақ тіліне ақын Алмат Исәділ аударған еді. Бұл өлең жолдары әнші жайлы түсірілген естелік бағдарламада жырланған.

]]>
https://juldyz.kz/2017/03/04/baqytzhan-zhumadilov-1947-2010/feed/ 0
Талғат Теменов https://juldyz.kz/2017/03/03/talghat-temenov/ https://juldyz.kz/2017/03/03/talghat-temenov/#respond Fri, 03 Mar 2017 06:59:51 +0000 http://juldyz.kz/?p=8153 Талғат Теменов 23 қараша 1954 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылында дүниеге келген. Ол  кеңестік және қазақстандық кинорежиссер, кинодраматург.

Балалық шағы

Әке­сі Досымғали – соғыс ардагері, ше­ше­сі Күл­шәрия – ­омырауына ор­ден таққан санаулы ұс­таз­дар­дың бірі болған. Табиғатқа тартып туған Талғат мектепте оқып жүргенде әдемі өлеңдер жазады. Дәріш Болатбеков деген ағайы: «Әй, осы қара бала түптің түбінде болатын бала» деп жиі айтатын көрінеді. Талғат оқушы кезінде көбіне ой «тұтқынына» түсіп, кейде қалың қабағын түйіп, мектеп-интернаттың шағын стадионын адымдай басып «шарлап» жүретін болған.

Жастық шағы

Мектептен кейін ол Құр­ман­ғазы атын­дағы Алматы мемле­кеттік консерваториясы театр факуль­тетінің актерлік бөліміне түсіп, оны жақсы бітіріп  шығады. Студент кезінде Кеңес Одағының Ба­тыры Мәлік Ғабдуллиннің бей­несін сомдап, талайды тамсан­дырады. Жоғары оқу орнынан кейінгі еңбек жолын Талдықорған облыс­тық театрының актері болып бас­тады. Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлердің екі жылдық жоғары курсын ойдағыдай бітіріп, дипломдық жұмысы ретінде «Торо» атты қысқаметражды фильм жасап, ол жүйріктер қатарында жүлде алды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанады.

Еңбек жолы

Талғат 1976 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін және 1986 жылы Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режессерлер мен сценарийшілер курсын бітірген. Алғашында Талдықорған облысы драма театры группасында актер болып қызмет еткен. Бұдан кейін “Қазақфильм” студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарийші (1980 – 1982), кинорежиссер (1986 – 1987), қоюшы кинорежиссер (1988 – 1994), “Мосфильм” студиясында кинорежиссер (1987 – 1988) болған. 1994 – 2000 жылы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры, 2000 жылдан “Қазақфильм” кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі, ал 2004 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры болып қызмет атқарады.

Марапаттары

Алғаш қойған “Адамдар арасындағы бөлтірік” атты толық метражды көркем фильмі (1988) Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15-Халықаралық кинофестивальдың Гран-при (Германия, 1989), Италияда “Күміс аю” жүлдесіне (1989, Джиффони) және Португалияда (1990) өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. Оның өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында “Шаңырақ” (1983), “Қайдасың сен, Чапай?” (1984), “Торо” (1986), “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Қызғыш құс” (1991), “Махаббат бекеті” (1993), т.б. бар; пьесалар да (“Алма бағы”, “Көгілдір такси”, соңғысын С.Сматаевпен бірге) жазған. Тарихи тақырыпқа қойылған “Көшпенділер” фильміне (2005) қатысқан. 1994 жылдан педогог қызметпен (1996 жылдан профессор) айналысты. Теменов – “Қайырлы таң” (1979) және “Гүлнәз” (1986), “Ой жасын” (2004) атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

Ол Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреты, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағын иеленген. 1999 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы беріліп, 2005 жылы Президент жарлығымен «Құрмет орденінің» иегері, 2006 жылы  «Алтын  адам»  атанады. 2013 жылы Президент жарлығымен «Парасат орденінің» иегері медалімен марапатталған. Сондай-ақ, ол халықаралық «Ш. Айтматов» атындағы сыйлықтың иегері.

Режиссер:

2011 – «Менің күнәлі періштем»;

2006 – «Көшпенділер»;

1998 – «Қайдасың, Чапай?»;

1993 – «Махаббат станциясы»;

1991 – «Қызғыш құс»;

1988 – «Адамдар арасындағы бөлтірік»;

1986 – «Торо».

Сценарист:

2011 – «Менің күнәлі періштем»;

1993 – «Махаббат станциясы»;

1991 – «Қызғыш құс»;

1988 – «Адамдар арасындағы бөлтірік»;

1986 – «Торо».

]]>
https://juldyz.kz/2017/03/03/talghat-temenov/feed/ 0
Руслан Бөлебай (1985-2009) https://juldyz.kz/2017/03/02/ruslan-boelebaj-1985-2009/ https://juldyz.kz/2017/03/02/ruslan-boelebaj-1985-2009/#comments Thu, 02 Mar 2017 08:58:54 +0000 http://juldyz.kz/?p=8117 Руслан Бөлебай 16 мамыр 1985 жылы Қызылорда облысы, Шиелі кентінде дүниеге келген. Ол әнші әрі тележурналист.

Еңбек жолы

Руслан Бөлебай 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің магистратурасын бітірген. Ол 2002 жылдан бастап республикалық «Ұлан» газетінің қоғамдық тілшісі атанған. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» газетінің штаттағы тілшісі, 2003-2004 жылдары «Арай» журналының жауапты редакторы болған. 2005 жылы НТК телеарнасында жаңалықтар бөлімінің тілшісі және Ретро ҒМ радиосының жаңалықтар қызметінін жүргізушісі қызметінде болған. Кейін 2004-2005 жылдары «Оңтүстік астана» жаңалықтар бөлімінде республикалық-қоғамдық саяси «Azamat.kz» газетінің журналисті, 2005-2006 жж КТК телеарнасы ақпараттар бөлімінің штаттағы тілшісі, КТК арнасында «Шарайна» сараптамалық-бағдарламасының тілшісі атанған. Сондай-ақ, «Күндерек» жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, 2007 жылы қаңтар айынан Қазақстан ұлттық телеарнасында «Таңшолпан» бағдарламасының тележүргізушісі болып қызмет еткен.

Марапаттары

«Жас Астана – жас жеткіншектер көзімен» атты II Халықаралық фестивалінің (2000), «Окжетпес 2002 Халықаралық фестивалінің лауреаты, «Еуразия шеңбері» II Ақпараттық Халықаралық жастар форумының бас жүлдегері, 2004 жылы Дүниежүзілік ВВС радиосы жариялаған «Мен ВВС Қазақ қызметінің басшысы болсам…» атты эссе-байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, Лондон қаласындағы ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өткен.

Телеэкранда өзінің жеке дара жүргізушілік талантымен танылған Руслан Әбдісаттарұлы елімізге белгілі асқкақ тұлға Мұхтар Шахановтың, ҚР Халық арт. Мақпал Жүнісованың, әншілер Майра Ілиясованың, Бақтияр Тайлақбаевтың, Маржан Арапбаеваның, жас қобызшы Акерке Тәжібаеваның және т.б. жеке шығарм. кештерін жүргізді. Соңғы кездері эстрада саласында әншілік қырынан танылды. «Кең дала», «Сен болмасан», «Жанарым», «Елес», «Мөлдір моншақтар», «Кешікпей келем деп ең», «Махаббатпен ойнама сен», «Іңкәрім-ай» әндерін мәнеріне келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленген.

Отбасы

Русланның әкесі — Әбдісаттар Бөлебай мен анасы — Әмина Өтегенова.

Болмысы қандай болған?

«Мен оның жігеріне таң қалатынмын. Таңғы эфирге сағат 5-те келіп, дайындалатын едік. Оның жарқын көңілінен, оның қарқынынан күш-қуат жұқтырып алатынмын. Өмірден алатыны, асулары әлі алда еді…» (әріптесі Әйгерім Есенәлінің сұхбатынан)

«Ол нағыз бауырмал, досшыл, көпшіл жан болды. Сырттан қосылған кез келген адамды сыртқа теуіп көрмеген, тіпті еркін сыр алысып үлгеретін. Теңдей тіл табысып кететін. Содан да болар, кейде одан бір­неше күн қатарынан қол үзіп, көз жазып қалатын сәттеріміз жиі кездесетін. Ол іске зерек, қадамы ширақ, ал­ғанынан қайтпайтын жан еді. Бастаған ісін аяқтамай көңілі көншімейтін. Үлгере­тін, бірақ үнемі асығып жүретін. Бір істі бүтіндемей жатып, ойы екінші бір ша­руаны ширатудың шырмауында тұратын» (досы Асқардың естелігінен).

Өмірінің соңы

Танымал журналист 2009 жылы 16 шілдеде жол көлік апатынан қаза болды. Ол 25-ке де жетпей, жауқазындай солған жас ғұмыр таң алдында үзілді. Ажал құшқан Руслан Бөлебай бұл күнде елге кең танылып үлгерген журналист еді.  Осыдан бірнеше жыл бұрын ағасының жолын қуушы Айнұр Бөлебай «Айдындағы аруыма» атты естелік кітапты шығарған болатын. Концертте Руслан жайлы қобызшы, өмірде де, өнерде де досы болған Ақерке Тәжібаева былай деп еске алды:

«РУСЛАН ӨМІРДЕН ОЗАРЫНАН 2-3 КҮН БҰРЫН АҚЕРКЕГЕ КӨКТӨБЕГЕ ШЫҒАЙЫҚ ДЕГЕН. СОНДА КӨКТӨБЕГЕ ШЫҒЫП РУСЛАННЫҢ АЙТҚАН СӨЗІ МЫНАУ БОЛҒАН: «КЕЙІН МЕН СЕНДЕРДІ АЛМАТЫНЫҢ ТӨБЕСІНЕН ҚАРАП ТҰРАМЫН» ДЕГЕН. АЛ, Р.БӨЛЕБАЙДЫҢ СОҢҒЫ ЖАСАҒАН ХАБАРЫ КӨЛІК АПАТЫ ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ ОДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ БОЛҒАН»

]]>
https://juldyz.kz/2017/03/02/ruslan-boelebaj-1985-2009/feed/ 9