Актёр — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Mon, 04 Feb 2019 06:30:16 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.8 Қазақстандық актерлар Кенан Имирзалыоглу басты рөлде ойнайтын түрік сериалына түспек http://juldyz.kz/2018/04/22/qazaqstandyq-akterlar-kenan-imirzalyoglu-basty-roelde-ojnajtyn-turik-serialyna-tuspek/ http://juldyz.kz/2018/04/22/qazaqstandyq-akterlar-kenan-imirzalyoglu-basty-roelde-ojnajtyn-turik-serialyna-tuspek/#respond Sun, 22 Apr 2018 07:33:41 +0000 http://juldyz.kz/?p=14013 Қазақстандық каскадерлар атақты түрік актеры Кенан Имирзалыоглу басты рөлде ойнайтын:»Меxмед-әлемді жаулаушы» атты фильмге түспек. Бұл  жоба жөнінде  Tengrinews.kz сайты, «Nomad stunts» каскадерлық  топтың жетекшісі Евгения Ли мәлімдеді. Тариxи телесериалға Қазақстандық 15 каскадер қатысқан болатын.

«Сериал түсіріліміне бізді «Nomad Stunts» тобының жұмысымен көптен таныс түрік режиссеры шақырған болатын.1айдай қажырлы еңбек еттік десек те болады,экшн-қойылымдар,басты рөлді сомдайтын актерларға бірнеше талап, сонымен қатар,біздің жігіттерге  ат құлағында шебер ойнай алу қажеттіліктерін де көрсеткен болатын.Қиын экшн-қойылымда Кенан Имирзалыоглуны алмастырып сомдауға Мұрат Елькеновты таңдап алған болатын.»-деді, Евгения Ли.

«Меxмед-әлемді жаулаушы»-түріктің тариxи-драмалық телесериалы.Фильмде Осман империясының сұлтаны,әлемді жаулаушы- екінші Меxмед жайында баяндалатын болады.

]]>
http://juldyz.kz/2018/04/22/qazaqstandyq-akterlar-kenan-imirzalyoglu-basty-roelde-ojnajtyn-turik-serialyna-tuspek/feed/ 0
Досхан Жолжақсынов http://juldyz.kz/2017/08/23/doshan-zholzhaqsynov/ http://juldyz.kz/2017/08/23/doshan-zholzhaqsynov/#comments Wed, 23 Aug 2017 06:20:29 +0000 http://juldyz.kz/?p=9313 Досхан Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында дүниеге келді. Ол  кино және театр актері, кинорежиссер.

Балалық шағы

«Анам ән айтатын. Дауысы тұнық болатын. Өмір бойы мектепте ұстаз болып қызмет етті. Отбасындағы он баланы әкем екеуі өсіріп тәрбиеледі. Брежневтің кезінде анама «Алтын алқа» медалі беріліп ауылда үлкен той болғаны есімде. Әкем де нағыз өнер адамы болатын. Суырып салма ақын еді. Бертін келе үлкен әкейдің көзін көрген шешейлер «Шіркін, әкеңнің дауысы-ай. Домбырамен ән салғанда дауысы қозы көш жерге естіліп тұратын» деп айтып отыратын. Біз есейген кезде әкемнің даусы көмескіленіп, қырыл-сырылы да көбейіп қалды. Бірақ ол кісі домбыраны шерткенде күй керемет күмбірлеп естілетін. Домбыраға жан біткендей әсер қалдыратын. Өкініштісі әкемнің тартқан күйлерін іліп алып қала алмадым. Өзімді өзім енді біле бастағанда ол кісіден айырылып қалдық. Бұл әр пенденің басындағы өкінішті жәйлар ғой. Бірақ өнерге келгенде ол кісілердің орны ерек еді. Сондықтан өнер маған со ата-анамның қанымен дарыған». (Актердің сұхбатынан)

«Менен кейінгі інім Ерік Жолжақсынов ол да киноактер. 7-8 киноға түсіп үлгерді. Ол да домбырамен ән айтады. Ағаларым, қарындастарымның да ән айтатын өнері бар. Бірақ бәрінің негізгі кәсібі бұл болмағаннан кейін күйбең тіршіліктің арасында қалып қойған жәйлары бар… «Біржан сал» туралы фильм түсіру менің әуел бастағы арманым болатын. Әрі кәсібім актер болғаннан кейін режиссер боламын-ау деген ойымда жоқ еді. Көрермен өз бағасын беріп үлгерді. Меніңше жаман шықпаған сияқты…». (Актердің сұхбатынан)

Еңбек жолы

Актер 1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Оқып жүріп, 1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері болып қызмет атқарған. Кейін 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.

Отбасы

Жары Қарагөз Сүлейменовамен екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жанұялардың бірі.

Ойнаған рөлдері

Актер Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам бейнелерді сомдады. Оның театрда ойнаған алғашқы рөлі – Х.Вахитовтың “Алтын көрсе періште жолдан таяды” спектакліндегі Қылышбек (1972). Бұдан кейін орындаған рөлдері қатарында Сыматбек (Ж.Тәшенов пен И.М. Саввиннің “Қаладан келген қылжақбасында”), Сырым (Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың “Өзімді іздеп жүрмінінде”), Қазақбай (Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың “Апа, апатайында”), Сәмет, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” мен “Ақан сері – Ақтоқтысында”), Глумов (А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), Әзберген (Ә.Таразидің “Қандетінде”, Қазақстанның Мемлекет сыйлығын, 1996; Түркі тілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар.  Әскербек (“Гаһартаста”, 1976), Хамит (“Даладағы қуғында”, 1979), Мұрат (“Алтын күзде”, 1979), Мұндызбай (“Ақ барыстың ұрпағында”, 1984, соңғы екеуі “Қырғызфильмде”), Дәуір (“Омпада”, 1997), т.б. рөлдері арқылы Жолжақсынов дарынды киноактер ретінде кеңінен танымал болды.

Кейінгі жылдары ол ұлттық кино саласына тер төгіп, «Біржан сал», «Құнанбай» сынды фильмдер түсірді. Бұл фильмдер қалың көрермен тарапынан жылы қабылданды.

Марапаттары

Досхан Жолжақсынов 1982 жылы Қазақстан Ленин комсамолы сыйлығының лауреаты, 1987 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі атанған. Ол 1995 жылы Қазақстанның халық әртісі, 1996 жылы Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, 1996 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған. Сондай-ақ, 2001 жылы Құрмет орденімен марапатталған. 2016 жылы Елбасының қолынан Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/23/doshan-zholzhaqsynov/feed/ 1
Асанәлі Әшімов http://juldyz.kz/2017/05/08/asanali-ashimov/ http://juldyz.kz/2017/05/08/asanali-ashimov/#respond Mon, 08 May 2017 03:36:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=8948 Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келді. Ол кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, режиссер, театр педагогы, профессор.

Балалық шағы

«Жалпы, менің ата-тегім елдің батыс бетінен. Атырау жақтан. Сырым бастаған көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін соған белсене қатысқан бабаларымыз аумалы-төкпелі заманда мына Арқа жағына келген екен. Әкемнің әкесі Жаңаарқа жақта туған. Отызыншы жылдардың басындағы ашаршылық кезінде Өзбекстан жаққа өтіп кетіпті біздің ауыл. Біздің ағайындарымызды Ораз Жандосов бастап, осы қазіргі Сарысу жаққа алып келіп, аудан құрыпты. Олар сұрап жүріп, аудан атын Сарысу қойғызыпты. Арқа жақта Сарысу деген өзен бар ғой. Жаңағы хабарды, яғни ел жиналып, орналасып жатыр екен дегенді естігеннен кейін біздің ауыл үдеріле көшіп, Сарысу жақты бетке алып шыққан. Қазақтың көші деген, әсіресе алысқа бара­тын көш тоқтамай жүре бермейді ғой. Қонал­қаны былай қойғанда, әр жер-әр жерде шаруаның жайымен апталап тұрып қалуы да мүмкін. Мен сол көш Келестің тұсы­на келіп, аз уақыт аялдаған күндерде дүниеге келіппін. Шешем айтатын, қар еріп жатқан кез еді деп. Қар деген көктемде де, күзде де ери береді ғой… Құжат аларда күзден көктемі дұрыс шығар деп қиыстырып толтыра салғанмын. 8 мамыр деп. 9 мамыр деуге батпаған болармын» (Асанәлі Әшімовтің сұхбатынан)

Еңбек жолы

Асанәлі Әшімов 1956 — 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген. 1961 жылдан Қазақфильм киностудиясына актерлік штатқа қабылданады. 1964 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында жұмыс жасап келеді.

Ойнаған рөлдері

Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдаған.

Отбасы

Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат және ұлы — кішкентай Асанәлі.

«Асанәліні ең бірінші –  адамгершілікке баулып жатырмын. Кім болса ол болсын. Әзірге неге бейім екені белгісіз. Алдымен мектепке барсын, содан барып, биологияға жақын ба, географияға жақын ба біле жатармыз.  Тілі қызық.  Сұрақ қойсаң сарт ете қалады, алғыр. Менің орнымда бір еврей болса, баяғы Пушкиннің Арина Радионовна деген күтушісі секілді парасатты адам жалдап, ерекше тәрбие берер еді. Кейде еркелеп, бізді тыңдамай кетеді. Анасының айтқанын елемей, шырылдатып қояды.  Тым ерке. Бөтен кісінің сөзін жерге тастамас еді. Балабақшаға барып жүр. Тәрбиешісін Құдайындай  тыңдайды. Ал, менен қорықпайды, сыйлайды. Анда-санда қабақ шытып қоймасаң  болмайды. Дауысымды көтеріп «Тәйт!» десем  жым бола қалады. Сосын көрпе жамылмайды. Түнімен жапқыштап, әлек боласың. Асанәлімнің пародия жасайтыны бар. Анасының, менің, үйдегі адамдардың дауысына салып, келекетеді. Қалжыңы ғой» (Өзінің берген сұхбатынан)

Түскен кинолары

Асанәлі Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Транссібір экспресі”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді.

Кітаптары

Асанәлі Әшімовтің «Майраның әні», «Жан бөлек», «Алаштың Асанәлісі», «Менің жанрым – күнделік», «Ғұмыр-дария» атты кітаптары бар.

Марапаттары

Асанәлі Әшімов 1973 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1976 жылы Қазақ КСР халық артисі, 1980 жылы КСРО халық артисі, КСРОның «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Сондай-ақ, 2000 жылы «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, 2001 жылы еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан орденімен, 2003 жылы ең алғашқы «Шәкен жұлдыздары» фистивальінің лауреаты, 2007 жылы Парасат ордені және Құрмет орденімен, 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалін иеленген. 2012 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі» төсбелгісін және  2014 жылы Қазақ театры мен кино өнеріндегі ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарығы мемлекеттік марапаты І дәрежедегі Достық орденімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі марапаттаған. Бұдан бөлек 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медаліне ие болып, ҚР тұңғыш президенттік степендиясының бірнеше мәрте иегері атанған.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/08/asanali-ashimov/feed/ 0
Құдайберген Сұлтанбай (1947-2010) http://juldyz.kz/2017/05/03/qudajbergen-sultanbaj-1947-2010/ http://juldyz.kz/2017/05/03/qudajbergen-sultanbaj-1947-2010/#respond Wed, 03 May 2017 09:02:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=7505 Құдайберген Сұлтанбай 1947 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Ол актер, қоғам қайраткері және Қазақстанның халық әртісі.

Балалық шағы

Әкесі теміржолшы болған адам. Шешесі 11 құрсақ көтерген. Содан 4 қыз бен Құдайберген аман қалған. 1 май күні дүниеге келгенде әкесі Первомай қоямыз деген. ЗАГС-тегі жігіттер «Ақсақал, балаңыз есейгенде ұят болады» депті. Содан үлкен ағалардың айтуымен «Құдай берген бала ғой, Құдайберген болсын» депті. Өнерге келуіне әкесі қарсы болған. Тіпті сурет салдырмаған.

«Архитектуралық институтты бекер тастаттың, өнердің не керегі бар? Құрығанда үйге бір машина саз түсірер едің» дейді. «Тамашаға» рахаттанып келеді, бірақ балаларын актерлік оқуға жібермейді. Біздің буынның түсінігінде солай еді, қазір де сондай. Бұл — қазақты менталитеті. (Құдайберген Сұлтанбаевтың сұхбатынан)

Өнерге қалай келді?

«Аққасен деген жыршы, таңнан таңға талмай терме айтатын ағам болды. Соның қасында көп жүріп, құлағымда қалған. Сол домбыра, сол әуен мені өнерге алып келді. Алматы политехникалық институтының Сәулет факультетіне кандидат боп жүр едім. Шүкібаев деген завкафедра болды. Сол ізіме түсіп алды, «Воронежге, не Челябіге барсайшы» деп. Институтқа баласын тығайын деген ғой. Ол кезде конкурс қатты болатын. Бұл — 1965-67 жылдар. «Дос-Мұқасанның» шығатын кезі. Бәріміз бірге оқыдық. Қолымды сілтедім де, кетіп қалдым. Көрейінші деп театр институтына келдім. Олардың емтихан, конкурстарының бәрі қыркүйек, қазанда болатын еді ғой. «Құлап қалған» балалар тапсыратын. Ол кезде 23-темін. Бірақ, маған «кәрісің» деді. Оған 17-18 жасында бару керек екен. Әйтеуір бірдеме қылып өттік қой» (Құдайберген Сұлтанбаевтың сұхбатынан)

Еңбек жолы

1974 жы­лы Қа­зақ мемлекеттік өнер инсти­ту­ты­­ның (қазір­гі Құр­ман­ғазы атын­дағы Қа­­зақ ұлттық консер­вато­риясы) актерлік факультетін, кейін Абай атындағы универ­си­теттің заң факультетін бітірген. Ол шығармашылық жолын 1968-1969 жылдары Арал аудан­дық мәде­ниет бөлімінде бас­та­ды. 1969-1970 жылдары «Гүлдер» ансамблі құра­мын­да режиссердің ассистенті болды. 1974 жыл­дан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық драма театрының актері. Құдайберген Тәуекелұлы 1995-2000 жылдары Парламент Мәжілісінің депу­таты болған Ол Мә­жілісте әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мү­шесі ретінде осы саладағы көптеген өзекті мәсе­лелердің шешілуіне атсалысты. Осы кезеңде ел үшін өзекті Арал мәселесіне ерекше назар аудартып, сайлаушы­лар­дың аманатын орындады.

Отбасы

Жас кезінде Байзақов көшесінің бойындағы Мәдениет министрлігінің жатақханасында бірге тұрған. Әйелімен сонда танысқан. Жұбайының есімі — Дәкен Кәлімқызы. Мамандығы — суретші.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/03/qudajbergen-sultanbaj-1947-2010/feed/ 0
Күләш Байсейітова (1912-1957) http://juldyz.kz/2017/05/01/kulash-bajsejitova-1912-1957/ http://juldyz.kz/2017/05/01/kulash-bajsejitova-1912-1957/#respond Mon, 01 May 2017 04:30:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=6562 Күләш Байсейітова 1912 жылы 2 мамырда дүниеге келді. Ол қазақтың бұлбұл әншісі, КСРО халық әртісі.

Балалық шағы

Күләштің табиғат берген музыкалық дарыны жастайынан танылған. Әкесі Жасынның айтқан жыр-дастандары мен халық әндерін жаттап өсіп, ән айтуға келгенде алдына жан салмаған.  Ол 1928 жылы Алматы педагогикалық техникумын бітірді. Алайда, өнерге деген құштарлық оны үлкен сахнаға тартты да тұрды. 1929 жылы дарынды бойжеткен Қызылордадан жаңа астана — Алматыға көшіп келген Қазақтың драмалық театрына қабылданады.

Театрда шағын қойылым көрсетіп жүріп, опера саласындағы жетекші мамандардың сүйемелдеуімен әншілік қабілетін шыңдай түсті. Кәсіпқой әнші ретінде Күләштің ашылуына 1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық-драмалық студияда оқуы зор мүмкіндік жасады. Арада бір-жыл өтпей-ақ Күләш Қазақ музыкалық театрының бас әншісі болып бекітілді. Алғаш рет қазақ өнерінің қара шаңырағы «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылғанда Айманның бейнесі арқылы ол қазақ қыздарының парасатты болмысын шабытпен тұлғалады. Өнерсүйер қауым жас әншіге тәнті болып, «қазақтың бұлбұлы» деген атағын берді. Дәлі сол жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі» деген атаққа ие болады.

Күләш қандай жан болған?

Күләш сырнайға қосылып төменгі дауыспен ән салған. Дауысы әлі қалыптаспаған, нәзік, бірақ, сүйкімді болған. Бір естіген әнін табан астында үйренген. Кісіге кішіпейіл, кімді болса да іш тартып тұратын бауырмал қасиеті ерекше. Табиғатында ашы-жарқын, көңілді жүретін адам еді. Титтей нәрсеге бола қуана салатын, оны қуанту оңайды оңайы болған. Ренжи қалса, реніші ұзаққа созылмаған. Кек сақтамайтын.

Қанабек пен Күләш қалай танысты?

Күләшпен танысуыма ағасы Айтбек себеп болды. Бір қыс солардыкінде пәтерде тұрып шықтым. Күләш өте нәзік, кішкентай ғана қыз болатын. Бір үйде шешесі екеуі ғана тұрды. Әкесі Жасын ол кезде ауылда бөлек тұрып жатқан болатын. Мені алғашқы кезде аға ретінде сыйлап жүрді. Өйткен жеті жас кішілігі бар-ды. 1929 жылы Күләштің ағасы Айтбек қызмет бабымен Қарақолға ауысып кетті. Сол жылы Күләш әлдебір себептермен оқып жүрген институтытан шығып қалды. Қолы бос кездерде қазақ драма театрының ойындарын менімен бірге барып көріп жүрді. Сол жылы күзде Күләш театрға орналасты. Кей спектакльдерде бірге ойнадық.

1932 жылдары Күләштің актерлігі де бекіді, музыкалық сауаты да өсті. Тәп-тәуір ән айта бастады. Сол күндерде Күләш екеуміздің арамыз аға мен қарындастан гөрі басқалай жақындыққа ұласа бастады. Оны мен де білдім, Күләш та сезді. Ол кезде өгей шешем де өліп, әкем мен ұлым Алдабек екеуі менің қолымда тұратын. Күләш біздің үйге барып-келіп еркін араласып жүрді. Әкем Күләшті қатты ұнатты. «Шіркін-ай, мінезі қандай жайдары, үлкенді қалай сыйлайды! Басқаны қайтесің, осы Күләшті маған келін қып қолыма әкеп берсеңші»,-деп отыратын. Сөйтіп, 1933 жылдың көктемінде 23 сәуірде үйлендік. Күләш екеуміздің қосылуымызға көп адамдар таңғалып жүрді. «Аға мен қарындастай жүріп бұлары не?» деп үрікті.

Еңбек жолы

1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Қайтыс болғанға дейін депутаттық қызметін үздік жалғастырған. 1939 жылы Мәскеуде өткен эстрада әртістері байқауының сарапшылар алқасының мүшесі. 1940 жылы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1951 жылы Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне енді.

Күләшке қандай жала жабылды?

1957 жылы көктемде «Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрімен бірге Күләш шетелге барады» деген әңгіме шықты. «Бір айдан кейін жүреміз» деп Күләш киімдерін, айтатын әндерін дайындап жатты. Сөйтіп жүргенде Күләш бір күні үйге көңілсіз келді, әншейін жаралы аңдай сүйретіліп есіктен әрең кірді.

-Қана,құрылым, я погибла, — деді.

-Не боп қалды?

-Қытайға бармайтын болдым. Үстімнен арыз түсіпті. Алты адам қол қойған көрінеді. «Арақ ішеді, гуляет» депті. Мұндай масқараны көргенше, өлгенім жақсы ғой, Қана.

Кейін театрдың екінші онкүндігіне дайындық болып, мен Мәскейге ұшып кеттім. Артынан Күләшті де шақыртып алдым. Қонақүйге орналастық. Ертесі Алматыға ұшуым керек болды. Күләш «мен 5-інен кейін қайтамын. Сол кезде рейстен телеграмма беремін. Мені таңертең оятпай кетіп қалшы» деді. Солай жасадым да. 5-і күні телеграмма күттім. Бір кезде қарасам, үйге Қалибек, Сәбит, Ғабит, мәдениет министрі Ә.Қанапин келе жатыр екен. Бәрін жиып алды да,Қанапин Күләштің қайтыс болғанын естіртті…(Қанабектің естелігінен)

Ваннаның қасына жетіп, жақтауына сүйенген күйі отыр дейді. Құламапты, тірі адамдай сүйеніп қана отыр екен. Отырған қалпы мәңгі ұйықтап кетіпті. Жүрек шіркін шыдамапты. Талай бақытты сәтті бастан кешкенде жарылмаған жүрек өстіп ойда жоқта жарылып кетіпті. Берерін беріп, дарыны мен талантын тауысып барып өлген жоқ Күләш. «Ең кереметімді енді көрсетемін» деп жүргенде өлді…

Отбасы

Әкесі Жасын — әжептәуір әнші, сері адам. Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге жүрген. Бір ағасы Манарбек те әнші болған. Өзге ағалары да өнерсіз болмаған, тек кәсіп етпеген. Айтбек те әнді әдемі салатын, сырнайға қосылып айтқанда айызыңды қандыратын. Күләштің анасы Зибажан Айдарханқызы ажарлы, әнші, ұлттық қолөнер шебер болған кісі.

Үлкен қызы Құралай 1938 жылғы болатын. 36 жасында өмірден өтті. Құралайдан кейін 1940 жылы Қарлығаш дүниеге келді. Қаршыға 1942 жылғы болатын. Ол бес жасында балабақшада астан уланып қайтыс болды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/01/kulash-bajsejitova-1912-1957/feed/ 0
Тұңғышбай Жаманқұлов http://juldyz.kz/2017/04/03/tunhghyshbaj-zhamanqulov/ http://juldyz.kz/2017/04/03/tunhghyshbaj-zhamanqulov/#respond Mon, 03 Apr 2017 09:31:04 +0000 http://juldyz.kz/?p=9012 Тұңғышбай Жаманқұлов 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Жаңасаз ауылында дүниеге келді. Ол  кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, театр режиссері.

Балалық шағы

«Үйде 11 баланың тұңғышы болдым. 4-сыныпта оқып жүргенде үнді киноларындағы әндерді айтатынмын. Сол кезде әртіс боламын деп ойламадым. Бірақ, сахнаға шыққым келетін. Көпшіліктің алдында жүргім келді. Содан Алматыдағы ауыл шаруашылық университетіне келдім. «Өнеркәсіпті жоспарлау» деген ең күшті мамандыққа оқуға тапсырдым. Алайда, конкурстан өтпей қалдым. Ауылға қайта келдім. Келесі жылы су шаруашылығы институтына түстім. Сол оқу орнында 3-курста оқып жүргенде Асқар Тоқпановпен жолықтым. Өзіне шәкірт іздеп жүр екен. Маған әдебиеттен сабақ берген Ерімбет Қонақбаев деген мұғалімімді Асқар Тоқпанов таниды екен. Сол мұғалімім Асқар Тоқпановқа мені ертіп келді. Ол мені көрді де: «Сен бала маған кел, адам қыламын» деді. Сөйтіп, келесі жылы оқуды тастап, актерлік факультетке тапсырдым» (Өзінің сыр-сұхбатынан)

Еңбек жолы

Тұңғышбай Жаманқұлов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін үздік дипломмен тәмамдаған. Ол драмалық театр актері, өнертану кандитаты. Актер 1970 жылдан бері – М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болып қызмет еткен. 1993 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалған. Сол жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры қызметін атқарушы болған. 2001 жылдан бері — М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері әрі режиссері.

Ойнаған рөлдері

Тұңғышбай Жаманқұлов «Қазақфильм», «Ленфильм»,  «Өзбекфильм» киностудияларының шамамен  30 фильмінде түскен. Олардың ішінде: «Отқа оранған Орал», «Қан мен тер», «Жаушы», «Ақырғы аманат»,  «Тарғыл қауын», «Қаралы сұлу»,  «Отырардың күйреуі», «Жас Абай». Оның қоюшы режиссерлік қызметіндегі елеулі орынға ие жұмыстарына К. Гоццидің «Турандот ханшайым», М. Ғапаровтың «Тұзды шөл», Қ. Шахимарданның «Томирис» пьесалары жатады.

Жарымен қалай танысқан?

«Өнер академиясында оқып жүргенімде ағай бізге 4 жыл сабақ берді. Содан кейін театрда бір-екі жыл әріптес болдық. Студент кезімде сабақты жақсы оқыдым, академияны қызыл дипломмен бітірдім. Кез келген ұстаз үлгілі оқушыны өзіне жақын тартады ғой. Мұны мен өз тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Шет тілдер университетін бітіргеннен кейін бір-екі жылдай мектепте, институтта сабақ бергем. Студент кезімде ағайдың маған деген жылы көзқарасын байқайтынмын. Негізінде, ағай топтағы барлық қызға сыйластықпен қарайтын. Біз де ағайды қатты құрметтейтінбіз. Бір-бірімізге деген сезіміміз бір-ақ күнде пайда бола салған жоқ. Бірте-бірте, уақыт өте бір-бірімізді тани, араласа келе үлкен сезімдерге ие болдық. Қиындықтар да болмай қалған жоқ. Ағайға тұрмысқа шығатынымды естігенде анам бірден жетіп келді. Туыстарым өте ауыр қабылдады. Ағай анаммен және әкемнің қарындасымен оңаша, ұзақ сөйлесті. Не айтқанын білмеймін, әйтеуір, ағай тілдерін тапты. Академияны бітіргеннен кейін 2 жылдан соң отбасын құрдық. Жалпы, Тұңғышбайдай азаматқа жар болуым таңдаудан ғана емес, тағдырдан деп білемін. Әйтеуір, мұны сөзбен жеткізіп айта алмаймын…» (жары Дария Жүсіптің сұхбатынан)

Отбасы

Жұбайы Жүсіп Дария Әбдумәлікқызы — театр және кино әртісі, балет, музыка және вокалмен айналысады. Ұлдары: Жаманқұлов Рүстем , Жаманқұлов Дастан , Қадыр Ақсұлтан , Қадыр Ақсұңқар; қыздары:  Жаманқұлова Ләйлім , Қадыр Аққу.

Жетістіктері

Актер 1980 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты, 1982 жылы ҚазКСР еңбек сіңірген артисі атағын иеленген. Ол 1992 жылы  ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2008 жылы «Парасат» орденімен марапатталған. Сондай-ақ, 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері, 2015 жылы “Достық” орденінің иегері және «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанады. 2007 жылғы «Жыл адамы» мен ҚР халық әртісі атағына ие. Тұңғышбай Жаманқұлов «Наз» көркем-публицистикалық кітабы (2001), екі томдық «Сөз» атты ғылыми-зерттеу мақалалары мен естеліктер жинағының (2008) авторы.

]]>
http://juldyz.kz/2017/04/03/tunhghyshbaj-zhamanqulov/feed/ 0
Ғани Құлжанов http://juldyz.kz/2017/03/29/ghani-qulzhanov/ http://juldyz.kz/2017/03/29/ghani-qulzhanov/#respond Wed, 29 Mar 2017 04:39:52 +0000 http://juldyz.kz/?p=8840 Ғани Құлжанов 1965 жылы 20 қыркүйек күні Қызылорда облысы, Жалағаш кентінде дүниеге келді. Ол актер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жастық шағы

«Кішкентай кезімде дауыстың өзгеріске ұшырайтынын мен білмеппін. Кім ән айтса, сол әнші болады екен деп дарылдап ән айта беретінмін. Сөйтіп жүргенде, дауысымды бүлдіріп алдым. Сосын оқуға түскеннен соң театрға бардым. Рысжан Айнақұлов деген ҚР ЕҢбек сіңірген әртісін көріп актер болғым келді» (Актердің сұхбатынан).

Ғани Құлжанов 1984 жылы Қызылорда қалалық музыкалық училищесін және  1991 жылы Алматы мемлекеттік театр және кино институтын тәмамдаған.

Еңбек жолы

Ғани Құлжанов 1990-2007 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарды. Ол 2007 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрынның әртісі, Жас көрермендер театрының бас директоры боп тағайындалды.

Ойнаған рөлдері

Актер Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Құмар, К.Аширдің «Қабыл — Адам ата перзентінде» Абыл, Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Әбілмансұр, М.Мақатаевтың «Қош,махаббатында» Айбар, У.Шекспирдің «Гамлетінде» Клавдий, т.б. бейнелерін сәтті ойнаған. Сондай-ақ, Құлжанов отандық телесериялдар арқылы белгілі.  Ол «Тоғысқан тағдырларда» Джоха, «Қарашегірткеде» Диас, «Ләйләнің намазы», «Көгершін қоңыраушысы» көркем фильмдеріне түскен. Гастрольдік сапармен Иран, Өзбекстан, Ресей елдерінде және Қазақстанның барлық облыстарында болып, өнер көрсеткен.

Жетістіктері

Ғани Құлжанов Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, грамоталармен марапатталған. Ол 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/03/29/ghani-qulzhanov/feed/ 0
Гүлнар Дусматова http://juldyz.kz/2017/03/28/gulnar-dusmatova/ http://juldyz.kz/2017/03/28/gulnar-dusmatova/#respond Tue, 28 Mar 2017 11:43:34 +0000 http://juldyz.kz/?p=8834 Гүлнар Дусматова 1964 жылы 5 қарашада дүниеге келді. Ол актриса, тележүргізуші.

Бала Гүлнар

Бала Гүлнар кішкене кезінен актриса болуды армандаған. Ол орыс мектебін алтын медальмен бітірген. Гүлнар Дусматова киноға 12 жасынан бастап түсті. Ол 1989 жылы Киров атындағы Қазақ университетінің филология факультетін бітіреді. Гүлнардың ең алғашқы фильмі кішкентай Айгерімнен басталады.  Киноның атауы — «Бандыны қуған Хамит». Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты. Осыдан кейін Дусматоваға киноға түсу көптеп ұсыныс жасай бастайды.

Еңбек жолы

1982 жылы Гүлнарды диктор болуға телевизияға шақырады. 1985 жылы «Қазақфильм» студиясында жұмыс істей бастады. Ол отыз жылда 20 сериал, фильмге түскен. 1985 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етеді.

Отбасы

Актрисаның анасы — экономист, әкесі — инженер болған. Гүлнардың Аиша есімді қызы бар.

Жетістіктері

Актриса «Человический фактор» фильміндегі рөлі үшін бүкілодақтық ең нағыз үздік әйел ролі деген номинацияға ие болады. Оны атақты қылған фильмдер: «Бегущая мишень», «Сон во сне», «Кардиограмма» және де Хуат Ахметовтің режиссерлігімен түсірілген «Человек ветер» фильмі. Ол  2000 жылы «Жыл актрисасы» деп танылды. Сондай-ақ ол тек актриса ғана емес, кинофестивалдардың, шоу-бағдарламалардың, үкіметтік іс-шаралардың жүргізушісі. Көп жылдар бойы «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалінің жүргізушісі болды. Сонымен қатар әншілік өнерге де жақын. Әртіс музыкалық фестивалдарға, концерттерге қатысады. Соның ішінде «Алматы — менің махаббатым», «Қарағанды — менің жастығымның қаласы» ретро-фестивалдардағы өнерімен есте қалды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/03/28/gulnar-dusmatova/feed/ 0
Бауыржан Ибрагимов http://juldyz.kz/2017/03/28/bauyrzhan-ibragimov/ http://juldyz.kz/2017/03/28/bauyrzhan-ibragimov/#respond Tue, 28 Mar 2017 10:34:36 +0000 http://juldyz.kz/?p=8822 Бауыржан Ибрагимов 1962 жылы 4 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі.

Бала Бауыржан

Кішкентайынан ән мен жырға, тіпті суретке де әуестеніп, әйтеуір, өнер десе, елеңдеп тұрғанымен, үлкен сахнаға, соның ішінде актерлік әлеміне Бауыржан Ибрагимов түрлі тағдыр кешіп, адасып барып, әрең жетіпті. Архитектор оқуына түсіп, одан өзін таппаған соң, ауылға кетіп қалады. Бір күні ауылға 60 жылдығын тойлап, Алашқа әйгілі актриса Шолпан Жандарбекова ат ізін салады. Бұл оқиға қой бағып жүрген бала Бауыржанның кеудесіндегі үміт шоғын қайтадан үрлеп кеп жібереді. Солайша, әртістіктің оқуына ақыры түскен Бауыржан екінші курсында-ақ «Тамашаға» алынады. Бірден өнерге келген құбылыс болып бұрқ ете қалмаса, біртіндеп өзін көрсете бастаған жас дарынның бірінші рөлі бухгалтер болады.

Еңбек жолы

Бауыржан еңбек жолын ауылда шопан болып бастаған. Ол 1983 жылы Алматы Театр көркемсурет институтының театр және кинофакультетін бітірген. Кезінде «Тамаша» ойын-сауық театрының белді мүшесі болған. Мәскеуде өткен Халықаралық эстрада артистері байқауының лауреаты. 1992 жылдан өзі ашқан «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының бас директоры. Бауыржан Ибрагимовтің өзі де Құдайберген Сұлтанбаев, Уәйіс Сұлтанғазин, Мейірман Нұрекеев, Тоқсын Құлыбековтермен атар «Тамашаның» шинелінен шыққан.

«Бауыржан-шоу» театры

1992 жылдың 16 желтоқсанында елімізде ресми түрде «Бауыржан шоу» жеке театр болып тіркеледі. Алайда, театр өз жұмысын 1993 жылы бастайды. Бұл негізі еліміздегі тұңғыш әзіл-сықақ театры болатын.

Сахнадағы рөлдері

Бауыржан десе, бірден құдағиын айналдырған татар құда еске түседі. Яғни, Қанафи құда – Бауыржан Ибрагимовтің театрдағы төлқұжаты. Ал сол Қанафи ойдан шығарылған бейне ме, әлде өмірде прототипі бар адам ба? Актердің айтуынша, Қанафи – өмірде болған адам.  Бала Бауыржанның ауылында әркімге жалданып, үй салып беріп жүретін мердігер болса керек. Күндердің күнінде әкесінің айтуымен өздеріне жалданған сол мердігердің қасында ала жаздай көмекші болып жүгіріп жүрген Бауыржан талай қызық әңгімеге қарық болады. Ол кезде бірақ Бауыржан бала өзінің болашақта актер болатынын да, қазір жас санасында соның алғаш дәні егіліп, өзінің тұңғыш комедия кейіпкерімен қатар отырғанын да сезбеген екен.

Бауыржан Ибрагимовтің тағы бір елді мойындатқан қойылымы – «Катюша». Ал кейінгі жылдары кемелдікке жаткен ағамыз елді күл­діре отырып, жылататын «Ит­пен сұхбат», «Балама хат» атты мо­но­логтарын шығарды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/03/28/bauyrzhan-ibragimov/feed/ 0
Тоқсын Құлыбеков(1951-1998) http://juldyz.kz/2017/03/02/toqsyn-qulybekov-1951-1998/ http://juldyz.kz/2017/03/02/toqsyn-qulybekov-1951-1998/#respond Thu, 02 Mar 2017 11:18:12 +0000 http://juldyz.kz/?p=8136 Тоқсын Құлыбеков 1951 жылдың 20 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылында дүниеге келген. Ол ҚР Еңбек сіңірген әртісі, актер, «Тамашаның» тарланы.

Балалық шағы

Тоқсын әке-шешесінің жалғыз баласы боп өседі. Ата-анасы діндар кісілер болған. Әкесі әңгімешіл, шежірешіл жан болғандықтан, 4-сыныптан бастап, әкесі Тоқсынға «Батырлар жырын» оқытқан. Осыдан Тоқсын өнерге ерте сусындап өскен. 4-сыныпта «Мың бір түнді» оқыған Тоқсын басқа әлемге еніп кеткендей күйге түскен. Ол бала күнінен журналист болуды армандаған. Журналистика факультеті алмайды, филология факультеті өткізбеген соң Тоқсын ауылға келіп, ескі клубқа парторг болады. Сөйтіп жүріп, Алматыға келіп спектакль көретін болған. Оны клубқа ауылға апарып қойған. Осылайша жүріп, сахна өнерін меңгеріп алады.

Тоқсын Құлыбек қазақтың Мемлекеттік ұлттық консерваториясының актерлық бөлімін бітірген. Ол «қазақтың Левитаны» атанған Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың алдынан  дәріс алып, дикторлық мамандықтың қыр-сырына қанығады. Қазақ радиосының «Алтын қорында» Тоқсынның орындауында 40-қа жуық хабарлар мен радиоқойылымдар сақталған. «Қазақстан»  телеарнасынан  өз кезінде көрсетілген «Қымызхана», «Жебе» атты сатиралық журналдарда, «Алтыбақан» ойын-сауық бағдарламасында Тоқсынның ойнаған талай рольдері көпшілік  көзайымына айналған.

Еңбек жолы

Оқу бiтiрген соң Тоқсынның Қазақ радиосына бiрден келуiне сол кездегi радио режиссерi Құмарбек Сыдықовтың ықпалы ерекше. Қолына жаңа диплом алған жас жiгiтке бағыт-бағдар берiп, ақыл-кеңес айтқан — Құмарбек Сыдықов. 1985 жылдан «Тамаша» ойын-сауық отауына біржолата ат тізгінін бұрған Тоқсын  Құдайберген Сұлтанбаев  —  Тұңғышбай Жаманқұлов, Уәйіс Сұлтанғазин, Мейірман Нүрекеев, Шолпан Байғабылова, Лидия Кәденова, Бақыт Айтова сынды  тамаша  дарындармен  бірге  көп жыл жемісті еңбек етті.

Отбасы

Тоқсынның жары Қарлығаш, қыздары Шынар мен Лаура.

Болмысы

Тоқсын әріптестерінің айтуынша, өте күйгелек, шапшаң болған. Қиыннан қиыстырып әзілді шебер айта білген. Оның мінезі ашық-жарқын болған.

Марапаттары

Тоқсын Құлыбековтың көп жылғы ерен еңбегі еленіп, 1996 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» деген құрметті атаққа ие болды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/03/02/toqsyn-qulybekov-1951-1998/feed/ 0