Сұхбаттар — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 27 Nov 2018 10:35:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Айнұр БАБАЕВА:Сыртқы сұлулығың сақталып қалу үшін ішкі жан дүниең тыныш болу керек http://juldyz.kz/2018/11/16/ajnur-babaeva-syrtqy-sululyghynh-saqtalyp-qalu-ushin-ishki-zhan-dunienh-tynysh-bolu-kerek/ http://juldyz.kz/2018/11/16/ajnur-babaeva-syrtqy-sululyghynh-saqtalyp-qalu-ushin-ishki-zhan-dunienh-tynysh-bolu-kerek/#respond Fri, 16 Nov 2018 11:31:06 +0000 http://juldyz.kz/?p=14865 – Айнұр, тұрмыс құруыңызға байланысты «Дауыс international» тобынан кеткен едіңіз. Қазір жеке шығармашылығыңызбен айналысып жүр екенсіз. Жеке жұмыс істеу қалай екен?

– Жеке шығармашылықпен айналысудың өзіндік қиындықтары да бар екен. Алайда тиімді тұстары да жетерлік. Мен ол топқа кірерден бұрын жеке шығуға ұмтылыс жасап, біраз еңбектеніп көрдім. Алайда мен секілді тәжірибесіз жас әншіге продюсерсіз шоу-бизнеске кіру өте қиын болды. Ал қазір киноға байланысты Марина Сүйлейменова есімді продюсерім бар, музыкалық жағынан Маржан Сәдуақасова атты продюсермен жұмыс істеймін. Екі продюсердің арқасында жұмысым жеңілдеген сияқты. Барлық мәселелерді сол кісілер шешеді. Мен қазір тек шығармашылықпен айналысып жүрмін.

– Топтан кетуге шешім қабылдаған кезде «Дауыс international» тобының продюсері Рано ренжімеді ме?

– Рано ренжіген жоқ, бәріне түсіністікпен қарады. Мен ол кезде тұрмыс құруыма байланысты топтан кеткен болатынмын. Ең бастысы, продюсерге бабын тауып, алдын ала дұрыстап түсіндірсе бәрі орнымен шешіледі. Рано да менен кейін отау құрып, балалы болды. Сол себепті ол кісінің маған еш реніші жоқ деп ойлаймын. Келісімшартты бұзғаныма қарамастан Рано маған ешқандай талаптар қойған жоқ.

– Тұрмыс құрып, біраз уақыт үйде болып, сахнаны әбден сағынып қалған боларсыз?

– Екі жылдай уақыт үйде болып, келіндік қызметімді атқардым. Күнде неше түрлі тамақ пісіріп, үй жинап уақыттың қалай өткенін байқамай қалады екенсің. Алайда Инстаграмдағы әншілер мен актрисаларға қарап, олардың айналысып жатқан жобаларына қызығатынмын. Әріптестеріңнің жеткен жетістіктерін көріп, өзімді көштен қалып бара жатқандай сезіндім. Сол үшін кейде көңілім жабырқайтын. Жолдасым бұл күйімді сезіп, түіністік танытып, мені қолдап, сахнаға қайта оралуыма рұқсатын берді.

– Жолдасыңыздың қайта сахнаға оралуға көзқарасы қалай болды?

– Жолдасыммен отау құрардан бұрын бес жылдай қыз бен жігіт болып кездесіп жүрдік. Ол кісі менің өнер адамы екенімді жақсы білді. Әрі өзі дауысымды жақсы көреді, өнерімді бағалайды. Отау құрғаннан кейін де, «үйде отыр, балаға қара» деп талап қоймай, керісінше мені қолдады. Шын мәнінде жолдасыма менің сахнада жүргенім қатты ұнайды. Ата-енем де түсініп, көмектесіп тұрады.

– Тұрмыс құрған актрисалардың көпшілігі фильмде қандай да бір кейіпкерді ойнарда жолдасымен ақылдасып жатады. Тіпті  кейбірінің күйеулері кастингке бірге барады. Ал сіздің жолдасыңыз өнеріңізге тікелей  араласып отыра ма?

– Әрине, нақты бір фильмге түскелі жатқанымда жолдасыма алдын ала бәрін айтамын. Кейіпкердің қандай екенін де хабарлап, шет-жағасын түсіндіремін. Алайда күйеуіңнің кастингке бірге барғаны артық секілді. Бұл екеуара сенімнің аздығын көрсетеді. Менің жолдасым тарабынан ондай әрекет болған емес. Бірақ ашық-шашық киіммен шығу, махаббат сахналарына түсуіме түбегейлі қарсы. Жолдасым мұндай сахналарға мүлдем келісім бермейді. Тұрмыстағы әйел болғандықтан, өзім де мұны  дұрыс деп ойлаймын.

– Фильмге түсерде, əн таңдарда ол кісімен ақылдасасыз ба?

– Жолдасым – ең бірінші қолдаушым. Кей кезде демеушілік те жасап тұрады. Күйеуіммен үнемі ақылдасып отырамын. Ол кісінің аздап  ақындық өнері бар. Сол себепті ақындар әндерін ұсынғанда міндетті түрде мәтінін көрсетемін. Ол әрқашан өз ойын ашық айтады. Мен де жарымның пікірін ескеремін. Жолдасыма және оның ата-анасына алғысым шексіз. Мадияр менің жұлдыз болғанымды қалайды. Ал мамам (енем) әрқашан: «Жұмысыңды еркін істей бер, фильмдерге түс, жаңа әндер жаз. Үй шаруасы ешқашан бітпейді», – дейді. Қайын атам балама қарауға көмектеседі. Осындай отбасыға келін болып түскеніме қатты қуанамын.

Картинки по запросу айнұр бабаева

– Жолдасыңызбен алғашқы таныстығыңызды еске түсірейікші. Бір көргеннен ғашық болдыңыз ба?

– Жолдасымның есімі – Мадияр. Екеуміздің ортақ досымыз актер Жалын Тілеуберген таныстырды. Олар сыныптас екен, ал мен Жалынмен курстас едім. Сол таныстықтан бастап екеуміздің арамызда сезім пайда болды. Мадияр кездесуге күнде әртүрлі түсті раушан гүлін алып келетін. Екеуміз де студент болдық. Мадияр мені киноға, концертке апару үшін жұмыс істейтін. Ол – мені шын сүйетінін және құрметтейтінін іс-әрекетімен дәлелдей білген жан. Мен оның еңбекқорлығын, арманшыл мінезін жақсы көремін.

– Ол кісінің мамандығы қандай?

– Мадиярдың мамандығы – металлург. Ал қазір жеке кәсіппен айналысады. Бала кезінен өлең жазуды жақсы көреді. Оның жазған өлеңдері маған қатты ұнайды. Арасында маған арнаған жырлары да бар. Мен 20 жасқа толған кезімде 7 дана гүл ұсынып, «Саған деген сезімімнің 7 себебі»  атты өлең арнаған болатын. Мен оның осы романтикалық мінезін  қатты жақсы көремін.

– Өзіңіз өнер адамысыз. Кейде жолдасыңыз қызғанып қалмай ма?

– Ер адам болған соң қызғаншақтық мінезі де бар екені рас. Қазақтың жігіттерінің бәрі намысшыл болады ғой. Кейде қызғанышқа бой алдыратын кездері болады. Алайда қызғанса да орнымен қызғанады.Өзім де мұндай жағдайға жеткізбеймін.

Мен үшін баламның денсаулығы мен бақытынан басқа маңызды ештеңе жоқ

– Білуімше, жақында ана атаныпсыз. Фильм түсірілімінде, əнсапарларда жүргенде балаңыздың тəрбиесімен кім айналысады?

– Мысалы, қазір жаңа жобаның түсіріліміндеміз. Бұл менің кинопродюсер ретінде жасап жатқан алғашқы жұмысым. Түсірілім алаңы күндіз бос емес болғандықтан, көбінесе түнде жұмыс істейміз. Осындай уақыттары көбінесе папам (қайын атам) көмектеседі. Негізі, папам, яғни жолдасымның әкесі өте балажан кісі. Немерелерінің бәрін өзі өсірді. Балам көбінесе атасының жанында ұйқтайды.  Жолдасым да «алаңдамай жұмысыңа бара бер» деп рұқсатын берді. Кейде анамды шақырта тұрамын. Ол кісі де немересін сағына, қуана-қуана келеді. Қазір тәрбиеші алдық. Үйде ұлымнан бөлек, абысынымның үш баласы бар. Барлығымыз бірге үлкен үйде тұрамыз. Сол себепті тәрбиеші қажет екен.

– Ұлыңыздың есімі кім?

– Ұлымыздың есімі – Арлан. Маған осындай ұлды нәсіп еткен Құдайға күн сайын шүкірлік етемін. Өзі өте ақылды, ширақ, музыкаға жаны бейім. Қазір оның жаңа шыққан әр қылығы бізге мереке секілді. Күн сайын бір қылық көрсетіп қуандырып тастайды. Балам дүниеге келгелі бері өмірдің мәні отбасында, балада екенін түсіндім. Мен үшін баламның денсаулығы мен бақытынан басқа маңызды ештеңе жоқ. Содан болар, босанғаннан кейін мінезім біраз жұмсарып, мейірлене түстім. Жақындарыма деген қамқорлығым арта түсті. Өзіме ештеңе сатып алмасам да, ұлымнан ештеңені аямаймын. Тәттіні қатты жегім келіп тұрса да, оны Арланға қалдырып қоямын. Ана махаббатының өте күшті сезім екеніне енді ғана көзім жетті.

– Айнұр, өзіңіз байсалды, сабырлы жансыз. Бала тәрбиесінде қаталдық танытасыз ба?

– Мен талапшыл адаммын, сол себепті балама да қаталдаумын. Бірақ көбінесе ұрыспауға, әрқашан онымен жылы сөйлесуге тырысамын. Арлан бір орында тұрмайды. Биіктіктен мүлдем қорықпайды. Кейде үстелге немесе кір жуатын мәшинеге мініп алады. Тіпті үстелден құлаған кездері де болды. Сол себепті оған ара-арасында ұрсып тұрамын.

– Балаңыз дүниеге келгеніне көп бола қоймаса да, сырт келбетіңізді қалыпқа келтіріп алдыңыз. Босанғаннан кейін өзіңізді қалай күттіңіз?

– Лебізіңізге көп рақмет! Шыны керек, арықтауға көп күш жұмсамадым. Жүктілік кезінде 18 келі қосыппын. Босанғаннан кейін бірден 8 келі салмақ тастадым. Қалған артық салмағым уақыт өте келе жойылды. Тек жарты жылдан кейін ғана өз қалпыма келдім. Өйткені баламды біраз уақыт еміздім. Тезірек қалпыма келу үшін қосымша корсет киіп жүрдім. Спортпен, бимен айналыстым. Сыртқы сұлулығың сақталып қалу үшін, менің ойымша, адамның ішкі жан дүниесі гармонияда, тыныштықта болу керек. Қазір қандай кейіпте болсаң да өзіңді сүйе білуің қажет. Сол себепті жаңа босанған аналарға айтарым: ештеңе ойламай ана болу бақытын сезіне біліңіздер!

– Жақында Ғазизханмен жаңа дуэтіңіз шықты. Әнге көңіліңіз толды ма?

– Бұл дуэт өз көңілімізден шықты. Халық да ұнатқан сияқты, жақсы пікірлерін білдіріп жатыр. Өзіме бұл ән қатты ұнайды, басқа әндерге ұқсамайтын өзіндік ерекше стилі бар.

– Дуэт жазу жайлы кім бірінші ұсыныс білдірді?

– Мен, негізі, бұрыннан «Ғазизханмен дуэт жазып көру керек еді» деп ойланып жүрген едім. Оның «Кінә бар» әнінің тақырыбы дуэтке сұранып тұрды. Сол себепті Ғазизхан осы әнді маған ұсынды. Мен әнді тыңдап, дуэт жазуға келісімімді бердім.

– Ғазизханмен жұмыс істеу қалай екен?

– Жұмыс істеу жеңіл болды. Оның шығармашылығы маған ұнайды. Өзі композитор болғандықтан әннің тақырыбын нақты біліп тұрады. Бұл ақындарға  да идеялық тұрғыдан оңай тиеді. Дуэт шықпас бұрын екеуміз «Мына жерін былай айтайық, қайырмасын басқаша көрейік» деп ақылдастық. Туынды жақсы шыққан сияқты.

– Сіз шет тілдерді еркін меңгергенсіз. Биді де керемет билейсіз. Дауысыңыз зор әншісіз. Шоу-бизнеске жаңаша бағыт əкелгіңіз келмей ме? Неге ерекшеленуден қорқасыз?

– Жалпы, біздің қазақтілді тыңдармандарға жаңаша бағыт әкелу қауіпті, үлкен тәуекелді қажет етеді. Басқалар қайдам, мен өзім солай ойлаймын. Жаңа бағытты халық қабылдаса да, ол әндер тыңдармандарын таба ма, жоқ па, ол да белгісіз. Сахнаға алғаш қадам басқанымда мен батыстық стильде шықтым. Билеп тұрып жанды дауыста ән айтатынмын. Ал ол біздің сахнада көрінбейді, себебі көп әншілер фонограммамен айтады. Мен жаңа бағытпен шығып талпынып көрдім. Ол кезде менің продюсерім болған жоқ, оның үстіне студент едім. Қаражат жағынан біраз қиын болды, бишілерді қамтамасыз етуге де шамам жетпеді. Сол себепті бұл ойыма тоқтау қойдым.

– Ал қазір не кедергі?

– Қазір мен тұрмыстағы әйелмін, ата-енеме келінмін, балаларыма анамын. Ашық-шашық киініп өнер көрсету маған жараспайды. Сонда да көрермендерді барынша таңғалдыруға тырысамын. Көптің бірі ғана емес, ерекше есте қалар әнші болуға бар күшімді саламын. Декреттік демалыстан шыққаныма көп бола қойған жоқ, сондықтан, әлі де халықты қуантатын боламын.

– Халықаралық конкурстарға қатысу ойыңызда жоқ па? Неге өз мүмкіндігіңізді байқап көрмейсіз?

– Бала кезімнен республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып жүлдегер атандым. Ал қазір ондай байқауларға қатыспай кеттім. Кейде «Новая волна», «Евровидение» секілді конкурстарға қатысқым келеді.  Оған әлі шыңдалу керек деп ойлаймын. Бір-екі жыл дайындалып алайын, содан соң үлкен конкурстар жайлы ойлана жатармын.

– Қазір қандай жоба бойынша жұмыс істеп жатырсыз?

– Қазір «Taspafilm» кинокомпанияның продюсерімін. Бұл – жаңадан ашылған компания. Биыл біз «Хабар» телеарнасына «Қария» телехикаясын түсіріп бердік. Енді «Тағы да сүй» атты жастарға арналған мелодраманың түсіріліміндеміз. Алла қаласа, одан бөлек түсірілуі тиіс екі жобамыз бар. Бір сөзбен айтқанда, қазір продюсерлік қызмет атқарып жатырмын.

– Продюсер болу қалай екен?

– Оңай емес, үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс екен. Алайда өзіме ұнап жүр. Актрисамын деп кез келген жобаға түсе бергім келмейді. Өзіме ұнайтын образдарды таңдап жүріп ойнасам деймін. Сол себепті өзіме жаңа жұмыс таптым. Бұрыннан киноиндустрияда жүргендіктен продюсерліктің шет-жағасымен таныс едім. Продюсер болу – өте қызық жұмыс.

– Толықметражды фильмге түсуге өзіңізді дайын сезінесіз бе?

– Әрине дайынмын. Осыған дейін деректі фильмдерде, телехикаяларда ойнадым. Енді үлкен экрандарда көрінгім келіп жүр. Бұған менің тәжірибем жетерлік.

– «Рөлдерді таңдағым келеді» деп қалдыңыз. Қандай кейіпкерді ойнау ойыңызда бар?

– Соңғы кездері тек жағымды кейіпкерлерді сомдап жүрмін. Қазақтың қарапайым қиындық көрген қызын ойнаудан біраз шаршадым. Керісінше, жағымсыз кейіпкерлерді сомдағым келеді. Мінезі шайпау, жаман бір кейіпкерді ойнасам екен (күлді).

– Өзіңіздің кино әлеміндегі алғашқы тәжірибеңіз қай фильмнен басталды?

– Менің кинодағы жолым «Көк тарландары» атты телехикаяда медбике-сержант Маралдың рөлінен басталды. Бұл уақытта мен Өнер академиясының 4-курсында оқып жүрген едім. Телехикая өте сәтті шықты. Осы телехикаядан кейін мен «MG Production» кинокомпаниясымен 5 жылға келісімшартқа отырдым. Одан кейін «Қыз жолы», «Зауал», «Женатики-2», «Арман асуы» телехикаяларына түстім.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Жақында басқа да жаңа әндерім жарық көреді.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

]]>
http://juldyz.kz/2018/11/16/ajnur-babaeva-syrtqy-sululyghynh-saqtalyp-qalu-ushin-ishki-zhan-dunienh-tynysh-bolu-kerek/feed/ 0
Ренат ГАЙСИН, композитор: Өзімді «МузАРТ» тобының бір мүшесі секілді сезінемін http://juldyz.kz/2018/11/07/renat-gajsin-kompozitor-oezimdi-muzart-tobynynh-bir-mushesi-sekildi-sezinemin/ http://juldyz.kz/2018/11/07/renat-gajsin-kompozitor-oezimdi-muzart-tobynynh-bir-mushesi-sekildi-sezinemin/#respond Wed, 07 Nov 2018 10:35:55 +0000 http://juldyz.kz/?p=14850  

  • Ренат аға, бұрын телеэкрандарда көп бой көрсете бермейтін едіңіз, соңғы бірнеше жылда ел алдына шығып жүрсіз. Мұны танымалдылыққа ұмтылу деп түсінсек бола ма?
  • Шынымды айтсам, мен көбінде сахнаның сыртында жүремін. Мен ғана емес, композиторлардың бәрі жанға жайлы, тыныш жерде ән жазғанды ұнатады. Мен де қаланың қым-қуыт тіршілігінен алыстап, өзіммен өзім жалғыз қалған кезде ән жазамын. Жалпы, «елдің алдына шығып, өзіңді көрсету керек» деген пікір қаншалықты дұрыс екенін білмеймін. Бірақ өзім танымалдыққа құмартқан емеспін, кезінде бірнеше ән жаздырғаным болмаса, әнші болайын деген ниетім де жоқ. Композитор адам өзіне-өзі жарнама жасамауы лазым.
  • Сіз қазір бұрын жазған әндеріңізді қайта өңдеп, тыңдарманған жаңаша стильде ұсынуды қолға алған секілдісіз. Дұрыс айттым ба?
  • Жоқ, олай емес. Менің өнердегі әріптестерім, іні-қарындастарым хабарласып «мына әніңізді өңдеп, басқаша стильде орындап шықсақ қалай қарайсыз?» деп сұрайды. Сондай кездерде рұқсатымды беремін. Мысалы, жақында «Сазгер» бағдарламасында Ғалымжан Молданазар «Ойлай берме» әнін жаңаша мәнерде орындап шықты.
  • Өзіңізді шығармашылық тұрғысынан қалай бағалайсыз? Туындыларыңызды «кеше және бүгін» деп талдап бере аласыз ба?
  • Табиғат өзгереді, өмір өзгереді, бірақ адамның жаны мен жүрегін, адами қасиеттерін өзгертуге болмайды. Сол сияқты менің жүрегім де, қалауым да, ниетім де сол баяғыдай. Жастық жалын, күш-жігерім де қаз-қалпында. «Кезіндегі әндерім жақсы еді, қазіргім бұрынғыдай емес» деп айтуға хақым жоқ. Әр әнімнің кішкентай болса да өз тарихы, өз тағдыры болғандықтан, өз жанымнан шыққан «сәбилерімді» кеше-бүгін немесе ескі-жаңа деп бөлмеймін.
  • Қоржыныңыздағы әндердің саны қанша?
  • Маған осы сұрақ онша ұнамайды. Кейбір адамдар «Мен 200-ден астам ән жаздым» деп мақтанады. Шынтуайтына келгенде, әнді санмен емес, сапамен есептеу керек. Халықтың жүрегінен орын алып, тарихта 1-2 әнім қалса, мен үшін – ең үлкен сый да, бақыт та, қуаныш та сол.
  • Танымал бір әніңіздің тарихымен бөлісіңізші.
  • Ең бірінші әнім 14 жасымда, Жайықтың жағасында жазылды. Ол 15 жылдан соң жұртқа танылған, Мақпал Исабекованың орындауындағы «Аяла мені» әні болатын. Өзім мұны сәтті шыққан әндерімнің бірі деп есептеймін. Тіпті сол кезде бұл ән шығады-шықпайды, танымал болады-болмайды деген ой мүлдем болған емес. Алланың қалауымен кең таралып, халықтың сүйікті әніне айналды. Әннің халыққа ұнауы әншінің шеберлігіне тығыз байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, ән жазу бір бөлек, оны өңдеу, студияға барып жаздыру, орындау бір басқа. Бұл жағынан «Аяла мені» әнінің бағы жанды.
  • Кәсіби маман ретінде әуесқой композиторлар туралы қандай пікір білдіресіз? Қазір «әні де, сөзі де, орындаушысы да өзі» деген тіркесті жиі еститін болдық. Есесіне көп өнерпаз дипломын сандыққа салып, той жағалап жүр…
  • Бұл үлкен мәселе. Мен өзімді композитормын деп есептей алмаймын. Егер композиторлықты 10-сыныптық мектеп десек, мен сол мектептің 4-ші сыныбының оқушысымын. Әлі де өнер, өмір деген сабақты оқып, білім алып, өсуім керек. 3-4 ән жазып, «Мен» деп кеуде қағу дұрыс емес. Композитор – үлкен жобаларды атқаратын, сауатты, білімді, кәсіби музыкант. Әдетте біз бақыт үшін күресу керек» деп жатамыз, бірақ күреспейміз. «Жетістікке жету үшін еңбектену керек дейміз», бірақ еңбектенбейміз. Біздің бәрін біліп, бірақ істемейтін әдетіміз бар. Сол олқылықты өзім жіберіп алмайын деп үнемі қозғалыста, шығармашылық процесте жүремін. Күйші, ақын, сазгер ағаларыммен жиі әңгімелесемін. Солардың жанында отырып ақыл-кеңесін тыңдау – үлкен бақыт. Музыкант тойдың әні, эстраданың әні деп бөлмеуі керек. Тіпті тойдың әнін жазу үшін алып бара жатқан еңбектің керегі де жоқ. Ән көңілден шықса, ықыласпен орындалса, жүректерге жетсе, ол сахнада, мейлі тойда да орындала береді. Мысалы, Шәмші, Нұрғиса аталарымызды тойға арнап ән жазды деп кім айта алады? Олар шын мәнісіндегі талант, өз заманының дүлдүлдері еді.Қазір бізде әндердің өзі екіге бөлінеді: той әні немесе сапалы ән деп. Тіпті әрбір шығармашылық адамы жазған әнін хит бола ма, болмай ма деп ойлап, бас қатырумен әлек. Ал бірақ «бұл ән тыңдарманның көңілінен шығып, тарихта қала ма?» деген бір ғана үлкен сұрақты өздеріне қоймайды.  Эстрадамыздағы көп әндер  бір-екі жыл  айтылып, ұмытылып қала береді. Неге? Егер біздің музыканттар білімділік пен кәсібиліктерін жетілдірсе, бағыты басқа, бірақ шексіз, мөлдір  арнаға түсер еді.

Картинки по запросу ринат гайсин

  • Сіз нақты кімдерді шынайы музыкант деп айтар едіңіз?
  • Музыкант болу кез келген адамның қолынан келмейді. Мысалы, Мейрамбек Бесбаев – кәсіби музыкант: таланты да, қабілеті де, білімділігі мен сауаттылығы да бір басына жетеді. Медеу Арынбаев, Байғали Серкебаев, марқұм Батырхан Шүкенов, Нағима Есқалиева сияқты өз ісінің мамандары көп болса деймін. Елімізде музыкалық білімі бар әнші аз. Музыкант болу үшін ізденіске толы ұзақ жылдар керек. Осындайда бір мәселенің басы қылтияды. Қазір әнші болғым келеді дейтін жастар көп. Сәйкесінше, мүмкіндіктер де көп. Әніңді жаз да интернетке жүктесең болды, өзі-ақ тарала береді. Бірақ біз осы жеңілдіктерді сапасына қарай дұрыс пайдалана алмай жатырмыз. Әрбіріміз «сапаға жұмыс істеймін» дегенді ту етіп ұстауымыз керек.
  • Демек, сапалы дүниелер көбейсе, халықтың талғамы жақсарады дегенді айтқыңыз келіп отыр ғой…
  • Жоқ, егер кәсіби музыканттар артса, сапалы туындыларды көптеп шығарса, халықтың әнге деген көзқарасы өзгереді, сүйіспеншілігі артады.

Картинки по запросу ринат гайсин

  • Өз әніңізге жазылып жатқан мәтіндерді қаншалықты бақылап отырасыз?
  • Мен осы өзімнің мінезіме ұқсас әндер жазатын сияқтымын. Жұлқынып билеуге лайықтысы жоқ (күліп). Сол себепті әнімнің мәтіндері де өте сапасыз емес. Ән мәтіндеріне сын айтатын кісілерге қосылуға да болады, қосылмауға да болады. Қосылмайтын себебім, қазір «құлақтан кіріп, бойда алар» жақсы әндер бар. Қосылатын себебім, жастар мәтінге көп мән бермейді.Соңғы бір-екі жылда жаңа 4-5 ән шығардым. Қадыр Мырза Әлі, Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, Ибрагим Исаев, Мұқағали Мақатаев сияқты ұлы ақындарымыздың кітаптарын алып оқыдым. Бір жылдан аса сол кітаптарды зерттеп ән жазадым. Сөздері, мәтіндері, тақырыптары ғажап. Қазіргі сахнада жүрген жастар нағыз поэзияны осы кісілерден алуларына болар еді. Біздер өз тарихымызға, артына үлкен еңбектер қалдырып кеткен өз ата-бабаларымызға онша мән бермейміз. «Әні Ренат Гайсиндікі, сөзі Тұманбай Молдағалиев немесе Фариза Оңғарсынованыкі» десе керемет емес пе?! Неге жастар осындай ақындардың сөзіне ән жазбайды. Жалпы бізде мықты ақындар көп. Мысалы, қазіргі көзі тірі Ұ.Есдәулет, И.Ғайып, Ш.Сариев, Ә.Асылбеков ағаларымыз, жастардың ішіндегі Р.Заитов, Қ.Сарин қандай талантты ақындар. Осы кісілердің жанында отырып, әңгімесін тыңдаудың өзі бақыт. Ал бүгінгі жастар мұндайды ойлай ма, жоқ па, мен білмеймін. Егер әрбір әншінің репертуарында бір классик ақындардың сөзіне жазылған кемінде бір ән болса, қазақ поэзиясы да өлмейді. Елді сыйлайтын әнші де өзіне осыны мақсат ету керек деп ойлаймын. Шынымен де әдетте мәтінге көп дүние байланысты. Әннің мағынасы – оның сөзінде жатады. Қазір «музыкасы ойнақы, елді билететін, тойға жарайтын ән болса» деп ойлайтын әншілер көбейіп кетті. Ән сапалы болу үшін әні мен сөзі бір-біріне құп жарасып тұруы тиіс.

Похожее изображение

  • Енді өнердегі достарыңыз туралы айтып беріңізші. Әсіресе, Мейрамбек Бесбаев екеулеріңіздің достықтарыңыз туралы білгіміз келеді.
  • Мейрамбек екеуміздің бірігіп істеген жобаларымыздан, оған және «МузАРТ-қа» жазған әндерімнен рахаттанамын. Жалпы мен өзімді «МузАРТ» тобының бір мүшесі секілді сезінемін (жымиып). Өйткені әрбір концертіне, жобаларына, гострольдік сапарларына бірге барамын. Оларға деген махаббатым үлкен. Т.Қабатов, Н.Қоянбаев, С.Жолбарыс, А.Еңсепов, Н.Абдуллин ағаларыммен де жақсы доспын. Әулетте бірінші ұлмын. Алматыға келгенде 18-19 жаста болатынмын. Сол кезден бастап Нұрлан ағамызбен араласып, дос болып, оны үлкен ағамдай сыйлап жүрмін.Ал жалпы өмірде дос көп болмайды деген шын екен. Достардың да амалы бар, адалы бар дейді ғой. Нағыз адалдықты Мейрамбектен көрдім. Ол – менің жан досым. Ол үшін әрдайым көңілім ақ, жүрегім ашық. Оның кәсібилігінде мін жоқ, адамгершілігі мен адами қасиеттеріне тәнтімін. Ол достықты бағалайды. «Қайталанбас» деген ұғымға лайықты бірден-бір адам. Мен мұны мақтау үшін айтып отырған жоқпын, достыққа шөліркеп жүрген қоғамда Мейрамбекпен дос болуым – ол да бір жетістігім шығар.
  • Отбасыңыз туралы да айта кетсеңіз?
  • Төрт балам бар: екі қыз, екі ұл. Қарапайым жүргенді жақсы көремін. Мүмкін менікі дұрыс емес шығар. Бірақ отбасым жайлы көп айтқым келмейді. Себебі, менің отбасым – мені тағдырым. Орыстарда бір сөз бар: «Моя семья – моя крепость». Досым да, отбасым да, сүйікті ісім де бар. Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін. Бар болғаны осы.
  • Қазір халық сахнада жүрген танымал адамдарға еліктейді. Қоғамдағы түрлі жағдайларға өнер адамдарының белсенділік танытуы керек деп ойлайсыз ба? Сіз белсендісіз бе?
  • Бұл өте қиын сұрақ. Нақты жауап бере алмаймын. Өнерде бір інілерім келіп көмек сұраса, әрқашан қолдаймын. Өйткені мынау қалаға мен де солай келгенмін. Өзімді қоғам белсендісімін дей алмаймын. Инстаграм парақшамды ашып қарасаңыз, байқайсыз. Белгілі бір акцияларға белсенділік танытқанымды көрдіңіз бе? Менде ондай жоқ. Оқырман санын арттырумен, көбейтумен айналыспаймын, миллионға жетсін деп бас қатырмаймын, оның жолы қандай екенін өзім де білемін. Оны бәрі біледі. Бірақ ол мен үшін қызық емес. Өзімді оқитын оқырмандарым мен қызығушылық танытатын тыңдармандарым бар, маған сол да жетеді.Аз еңбегімді елеген еліме рақмет, былтыр «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді. Бірақ менің елге еңбегім әлі толық сіңбеген сияқты. Бұл болашақтың жемісі болуы керек. Араға тағы да ұзақ жылдар өткенде менің шығармашылығымдағы әндер ел ішінде әлі де өз әрін жоғалтпай айтылып жүрсе, еңбегім сіңді деп сол кезде айтуға болатын шығар. Алла амандық берсе, тек қана тынбай жұмыс істеймін.
  • Инстаграмыңызға тек шығармашылығыңыз туралы салатыныңызды байқадық…
  • Интсаграмда отырсаң, түсініксіз жағдайға тап боласың. Қайсысы әнші, биші, қайсысы музыкант екенін айырып білмейсің! Күн сайын ән мен әнші, жаңа жобалар шығып жатады. Сол үшін бүгінгі қазақ музыкасына ақпарат ретінде ғана қараймын. Сонан соң қазіргі жастардың өзінің сүйікті әншісін қандай критерийге байланысты анықтайтынын түсінбей-ақ қойдым. Өзіңіз кішкентай балалардан құралған бір топқа барып «қандай әнші ұнайды?» деп сұрасаңыз, қазіргі танымал әнді орындайтын, «хит» болып жатқан әншілерді айтады. Бірақ ертең сол әншінің танымалдығын үш жылдан ары асыра алмаймыз ба деп қорқамын. Бес жыл өтпей жатып ұмыт қалатын дүниелер көбейді.Тарихта қалу үшін өнер адамы кемінде 10-15 жылға нақты жоспар құрып, өнімді еңбек етуі керек. Еңбектің ішіне көп нәрсе кіреді: тәрбие, ақыл, білім, талант, сенің оқыған, тәжірибе жинаған жылдарың. Яғни, мұның бәрі бес жылдың ішінде орындала салатын дүние емес. Бәлкім оған он жыл керек шығар. Еңбек жолы – ұзақ жол. Әр әнші сондайға ұмтылу керек. Ал қазіргі екі-үш жылдық әншілерге мен аса мән бермеймін.

– Сахнада жүрген жастарға көңіліңіз тола ма?

  • Жастардың ішінде, әрине, мықтылары бар. А.Төлепберген, Н.Керменбаев, Ж.Дұғалова, Д.Құдайберген, Адеми сияқты көптеген жастарды өз мақсат, жолымен еңбектеніп келе жатқан  «әнші» деп атап өтер едім. Бұлар – тәжірибелі, өмірге деген көзқарасы бөлектеу өнерпаздар. Менің бір ғана ниетім, арман-тілегім бар: жоғарыдағы жастар секілді басқа да әншілер халықаралық байқауларға қатысса, ел көріп, өз еңбегін бағалап, еңбектенсе. Жас әншілер бір күндік, бес күндік емес, өмірін әншілікке арнауға дайын болса деймін.
  • Алдағы уақытта үлкен кеш өткізу ойыңызда бар ма?
  • Күнделікті әріптестерім қоятын сұрақтың бірі осы. Әнім аз емес, бірақ тағы да айтамын, өзіме жарнама жасағандай, жыл сайын шығармашылық кеш өткізуден аулақпын. Бұған дұрыстап, кеңінен ойланып, дайындалуым керек. Менің шығармашылығымда тек қана әндер емес. Қаншама киноға ән жаздым, пластикалық, инструменталдық туындыларым жетерлік, шетелдіктермен бірлескен көптеген жобалар болды. Солардың барлығын бір концертке енгізу қиын. Шағын зал алып, сапалы музыкамен (ән емес) концерт қойғым келеді.

Әңгімелескен Гүлім РЫСҚҰЛ

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/11/07/renat-gajsin-kompozitor-oezimdi-muzart-tobynynh-bir-mushesi-sekildi-sezinemin/feed/ 0
Айқын ТӨЛЕПБЕРГЕН,әнші: ЖЕКЕ ӨМІРІМ ТУРАЛЫ ЕШТЕҢЕ АЙТҚЫМ КЕЛМЕЙДІ http://juldyz.kz/2018/11/07/ajqyn-toelepbergen-anshi-zheke-oemirim-turaly-eshtenhe-ajtqym-kelmejdi/ http://juldyz.kz/2018/11/07/ajqyn-toelepbergen-anshi-zheke-oemirim-turaly-eshtenhe-ajtqym-kelmejdi/#respond Wed, 07 Nov 2018 08:20:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=14846  

  • Айқын, өзіңізден сұхбат алайық деп хабарласқанымызда, алдымен сұрақтарымызбен танысқыңыз келетінін айттыңыз. Соған қарағанда журналистерден әбден көңіліңіз қалған сияқты ғой…
  • Соңғы кездері журналистерді менің өнерім емес, өмірім көбірек қызықтырып жүр(жымиды). Кейбір журналистер жеке өмірім туралы тәптіштеп сұрап, кейде тіпті артық кетіп жатады. Әсіресе, сайттар Инстаграмнан көргендерін жазып, айқайлатып тақырып қойып, рейтинг жинаудың қамын ойлайды. Меніңше, біреудің жеке басына тиісіп, оның жеке өмірін қазбалаумәдениетке жатпайды. Жалпы, біздің қазіргі қоғамда осындай бір үрдіс қалыптасып кетті. Қарапайым адамдардың өзі әлеуметтік желі парақшаларында біреудің жеке өміріне килігіп, намысына тиетін сөздер жазып, «ақыл» айтқысы келеді. Адам біреу туралы әңгіме айтпас бұрын, алдымен өз өмірін жөндеп алу керек қой.
  • Демек, бүгінгі сұхбатта да жеке өміріңіз туралы айтқыңыз келмейді ғой… Солай ма?
  • Иә, солай. Бәрібір мен сізге жеке өмірім туралы ештеңе ашып айтпаймын. Жеке өміріңде болып жатқан өзгерістерді жұртқа жасырмай айта берсең, онда нең қалады? Кез келген адамның ішінде бір сыр болу керек.
  • Жеке өміріңіз туралы айтқыңыз келмесе, онда өнеріңіз туралы әңгіме өрбітейік. «Жұлдызды жекпе-жек» жобасында жанды дауыста ән айта алатын, өзіндік стилі бар, қалыптасқан әнші екеніңізді тағы бір дәлелдедіңіз. Бірақ гран-приді ұта алмадыңыз. Өкінген жоқсыз ба?
  • Оған несіне өкінемін?! Қайта қаншама әншілердің ішінен топ жарып, 2-орынды иелендім. Мұның өзі мен үшін үлкен жетістік. Мен осы уақытқа дейін көптеген конкурстарға қатыстым. Оның кейбірінде бірінші орын алсам, кейбірінде тіпті орынға ілікпей қалған кездерім де болды. Бірақ оған бола сағым сынып, мойыған емеспін. Қайта өнер адамы осындай сайыстарға қатысқан сайын шыңдалады, тәжірибе жинайды. Мен осы жобада өзімді жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын.
  • Сөз жоқ, жақсы өнер көрсеттіңіз. Тіпті қазылар алқасы соңғы бес-алты жылда кәсіби әнші ретінде өскеніңізді айтып, мақтады. Жалпы, мақтау сөздерді жиі естисіз бе? Мұндай пікірлерге масайрап кетпейсіз бе?
  • Мақтағанға масайрап, «жұлдыз» ауруына шалдығатын жаста емеспін. Қазір оң-солымды танып, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырататын жасқа келдім. «Жұлдызды жекпе-жек» жобасында қазылар алқасы құрамында кілең кәсіби әншілер мен кәсіби музыканттар отырды. Ол кісілермен бір сахнада талай өнер көрсетіп, тойларда бірге талай қызмет еткенбіз. Олардың барлығы менің кез келген жерде жанды дауыста ән айтатынымды жақсы біледі. Үнемі жанды дауыста ән айтқаннан кейін адам шыңдалады екен. Әйтеуір осы жобада ән айту маған қиындық тудырған жоқ.

Картинки по запросу айқын төлепберген

  • «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында «Ринго» тобының орындауындағы «Неге?» деген әнді тамаша орындадыңыз. Өкінішке қарай, бұл ән кезінде сізге бұйырмай қалған әндердің бірі екен. Уысыңыздан шығарып алған мұндай әндер көп пе?
  • Осы әннің авторы «Неге?» деген әнді алғаш рет маған ұсынды. «Жеті рет ойланып, бір рет кес» демекші, мен «әнді аламын ба, алмаймын ба?» деп ұзақ ойландым. Сөйтіп, ойланып, толғанып жүргенде «Ринго» тобы алып кетіпті.
  • Шынымды айтсам, «Неге?» әнін «Ринго» тобының орындауында естімеппін. Бұл ән «Ринго» тобының жігіттерінен гөрі сіздің табиғатыңызға көбірек жақын сияқты…
  • Иә, мұндай пікірді «Жұлдызды жекпе-жек» жобасында да айтты. Одан кейін Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасованың орындауындағы «Қыдырып қайтайық» деген ән бар ғой. Бұл әнді де Ұлықпан аға маған бергісі келіп, студиясына бірнеше рет шақырды. Мен бірақ ол уақыттарда гастрольдік сапарлармен жүрген едім. Ұлықпан ағаға «әне барам, міне барам» деп жете алмай жүргенімде бұл әнді Төреғали бауырым орындайтын болыпты. Сонымен тағы да «әттеген-ай!» деп сан соғып қалдым. Марсельдің орындауындағы «Асыл жарым-ай» деген ән де маған бұйырмады.
  • Аталмыш бағдарламада қырғыздың да бір әдемі әнін айттыңыз. Бұл әнді қашан тыңдарманға ұсынасыз?
  • Бұл әннің қырғызша нұсқасын кішігірім отырыстарда, кішігірім концерттерде орындап жүрмін. Қазақша нұсқасын жасайын деп, сөзін бір-екі ақынға жаздырып ем, көңілімнен шықпады. Алдағы уақытта бұл әннің сөзін тағы да ақындарға жаздырып көрмекпін. Егер аудармасы сәтті шықса, міндетті түрде орындаймын.
  • Естуімізше, сіздің арнайы тапсырыспен жаздырған әндеріңізден гөрі, ел арасынан тауып алған әндеріңіз сәтті шығады екен. Сол әндердің шығу тарихын білесіз бе?
  • Алғаш рет ел аузынан «Алтыным» деген әнді естіп, жарыққа шығармақ болғанмын. Бірақ «бұл әнді айтсам ба, айтпасам ба?» деп ойланып жүргенімде он жыл өте шығыпты. Он жылдан кейін жарыққа шығарып ем, халық жақсы қабылдады. «Отыздан асып барамын» деген әнді де бұрын мейрамханада жұмыс істеп жүргенде орындайтынмын. Кейін репертуарыма қосып алдым. Қайбір жылы гастрольдік сапармен Қытайға бардық. Сонда бір жігіттің орындауында «Бір досың керек екен» деген әнді естіп, қатты ұнаттым. Қазақстанға келген соң әнді бірден жаздырып, жарыққа шығардым. Бұл әнді де қазір халық сүйіп тыңдайды. Тапсырыспен жаздырған әндерім де сәтті шығады. Кейінгі кездері өзім де ән шығарып жүрмін.
  • Ән таңдауда өз талғамыңызға сенесіз бе? Әлде бірлесіп жұмыс істейтін командаңыз бар ма?
  • Менің музыка саласында жұмыс істейтін достарым көп. Жаңа ән жаздырар алдында немесе әнді жаздырып болған соң міндетті түрде сол достарыма тыңдатамын. Олар: «мына әннің аранжировкасын былай өзгертсең жақсы болады. Мына әнді былай айтсаң тіпті тамаша болады» деп өздерінің ақыл-кеңестерін айтады. Кейде ол кісілердің ақылына құлақ түремін. Бірақ көбіне өзімнің ішкі түйсігімді тыңдаймын. Себебі ән, біріншіден, әншінің өзіне ұнау керек. Егер әншіге ұнаса, ол ән өзінің тыңдаушысын табады.
  • Өзіңізбен сахнаға қатар шыққан әншілердің көбі қазір продюсерлікпен айналысып жүр. Ал сізге неге продюсер болмасқа?
  • Қазір менің продюсерлікпен айналысуға уақытым жоқ. Себебі, өзім «Айқын Төлепберген» деген брендтің продюсерімін. Репертуарымды әрдайым толықтырып, жаңалап отырғанды жөн көремін. Бірақ ол оңай шаруа емес. Одан өзге де қатысатын концерттер, түсірілімдер, тойлар бар… Күнделікті осындай қарбалас жұмыстан қолым босамайды. Қазір тіпті бейнебаянымды түсіруге уақыт жеткізе алмай жүрмін.
  • Кино түсіру ойыңызда жоқ па?
  • Менің ойымша, әр адам өз саласында жұмыс істеу керек. Мен кино маманы емеспін. Кино түсіру – ол кино саласында жұмыс істейтін мамандардың шаруасы.
  • Кейбір әріптестеріңіз кино түсіріп жүр ғой. Бұған көзқарасыңыз қалай?
  • Бұл олардың өз шаруасы. Ал мен танымалдылығымды пайдаланып, кино түсіргім келмейді. Оған кеткен уақытқа, қаражатқа одан да үлкен концерт ұйымдастырғаным дұрыс емес пе?!
  • Әкеңіз Нұртан аға – ақын, сатирик. Әкеңіздің сөзіне жазылған әндер бар ма? Жалпы, әкеңізге әнге мәтін жазып бер деп өтінген кездеріңіз болды ма?
  • Менің орындауымдағы «Ерке қыз», «Асылым», «Туған жер» деген әндердің сөзін әкем жазған. Ол кісі сөзін жазған әндер, Құдайға шүкір, халықтың ризашылығына бөленіп жүр.
  • Әкеңіз сатирик қой. Әкеңізбен әзіліңіз жарасатын кездер бола ма?
  • Әкем үйде де, отырыстарда да әзіл-қалжыңын айтып, басынан өткен қызықты оқиғаларды әңгімелеп, өте көңілді жүретін адам. Әке деген біз үшін биік шың ғой, ол кісімен әзілдескенім жарамас. Бірақ сөзіміз жарасады. Әкем кезінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен, Шона Смаханұлымен жақсы араласқан. Сол кісілерге байланысты неше түрлі қызықты оқиғаларды бізге жиі айтып отырады.

Картинки по запросу айқын төлепберген

  • Ол кісі сіздерді кітап оқуға баулыды ма?
  • Қай әке баласының жаман болғанын қалайды дейсіз?! Біздің кітапқұмар бала болғанымызды әкеміз қалады. Бірақ біз қалада өстік те, бала кезімізде кітапқа көп жақындығымыз болмады. Кейін келе кітап оқуға құмарым ашылды. Әсіресе, маған фантастика жанрында жазылған кітаптарды оқыған ұнайтын. Мәселен, Жюль Верннің барлық кітабын оқыдым десем, өтірік айтқаным емес. Ал қазір кітап оқуға уақыт жоқ. Бірақ күнде кешкісін ұйықтар алдында аудиокітаптар тыңдаймын. Мәселен, Әмір Темір, Шыңғыс хан, Александр Македонский, Клеопатро сияқты ұлы тұлғаларға қатысты жазылған тарихи кітаптарды тыңдап жүрмін.
  • Әкеңіздің кітапханасы бай ма?
  • Әкемнің кітапханасы да өте бай. Оның ішінен ақын-жазушылардың да, неше түрлі энциклопедияларды да табуға болады. Арасында әрине, өзінің шығарған кітаптары да бар. Өкінішке қарай, қазір қазақ тілінде жазылған балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Басым көпшілігі орысша. Әкем сәл де болса осы олқылықтың орнын толтырайын деп, соңғы кездері балаларға арналған кітаптар жазып жүр. Мәселен, соңғы рет «Әріптер мен қалалар» деп аталатын кітап шығарды.
  • Әкеңіздің кітабын шығаруға көмектесіп тұрасыз ба?
  • Мен әкемнің екі кітабының жарыққа шығуына өзімнің үлесімді қостым.
  • Балаларыңыздың өзіңіз секілді әнші болғанын қалайсыз ба? Жалпы, әншілік өнердің қиындығы неде?
  • Балалардың өз жолын өздері таңдағаны дұрыс қой. Әнші боламын десе, қарсы емеспін. Бірақ әншілік өмірдің де өз қиындығы бар. Әнші болу үшін адамға төзім қажет. Жұрт «әншілердің өмірі рахат» деп ойлайды. Бірақ олар әншінің сахнаға шыққанға дейінгі еңбегі қаншалықты қиын екенін көп жағдайда түсінбейді. Әнші болып танылғаннан кейін сахнадан кетудің өзі қиын. Бір рет танылған соң сол биіктен төмендеу әнші үшін моральдық тұрғыдан өте ауыр.
  • Жеке кәсібіңіз бар ма?
  • Өзімнің жеке бизнесім жоқ. Бірақ, әке-шешеме, ағама кішігірім бизнес ашып бергенмін. Ол бизнеспен ағам айналысады.
  • Қандай арман-мақсаттарыңыз бар?
  • Менің биыл өнерге келгеніме 15 жыл екен. 30-40 жылдығымда Мақпал, Роза апаларымыз сияқты, Ермек Серкебаев, Ескендір Хасанғалиев ағаларымыз сияқты қазақ эстрадасының майталманына айналып, үлкен концерттер өткізуді армандаймын.

Сұхбаттасқан Сәуле АБЫЛАЙ

]]>
http://juldyz.kz/2018/11/07/ajqyn-toelepbergen-anshi-zheke-oemirim-turaly-eshtenhe-ajtqym-kelmejdi/feed/ 0
Еркін Нұржан:Заманауи әндер айтсақ та, қазақы құндылықтарымызды жоғалтпайық http://juldyz.kz/2018/11/06/erkin-nurzhan-anshi-zamanaui-ander-ajtsaq-ta-qazaqy-qundylyqtarymyzdy-zhoghaltpajy/ http://juldyz.kz/2018/11/06/erkin-nurzhan-anshi-zamanaui-ander-ajtsaq-ta-qazaqy-qundylyqtarymyzdy-zhoghaltpajy/#respond Tue, 06 Nov 2018 04:48:40 +0000 http://juldyz.kz/?p=14838  

  • Еркін аға, біздің басылымға сұхбат бермегеніңізге көп болыпты. Өзіңізде, эфирге, баспасөзге жиі сұхбат бермейтін көрінесіз. Бұған не себеп?
  • Сұхбат беру деген жақсы дүние. Бәріміздің де сұхбат бергіміз келеді. Өйткені баспасөз деген халық пен өнер адамдарының арасындағы алтын көпір. Бірақ сұхбат бергенн34 ж-н3 осы екен деп оны жұмысқа айналдырумау қажет. Үнемі сұхбат беру әншіге міндет емес. Көптеген өнер адамдары үшін БАҚ өкілдеріне сұхбат беру жарнама секілді болып кетті. Олар тек «Журналдың мұқабасына шықсам екен, ел теледидарды қосса тек мен сөйлеп отырсам екен» дейтін болды. Ал сұхбаттың негізгі мақсаты  бұл емес қой. Әнші сұхбатқа барарда «Халыққа не бере аламын? Халыққа қандай ойымды айтамын?» деп ойлануы қажет. Халықпен бөлісер жаңалығың, өз ойың, пікірің, ішіңде жатқан сырларың болмаса несіне сұхбат бересің? Сұхбат кезінде адамның бар білімі мен парасаты көрінеді. Ал біз мұны жеңіл-желпі жарнамаға айналдырып бара жатқандаймыз. Журналистер де мұны жақсы біліп алған. Қазір әншілердің көпшілігі  сұхбатқа қуана-қуана  келісім береді. Ал менің сұхбат берудегі мақсатым ол емес. Сондықтан халық та, журналистер де мені дұрыс түсінсе екен деймін.
  • Аға буын әншілердің қатарына еніп келе жатқан әншісіз. Артыңыздағы іні-қарындастарыңыз үлгі, тәрбие аларлық жасқа да келіпсіз. Осы жауапкершілікті сезініп жүрсіз бе?
  • Бұл жауапкершілікті тек қана аға буын арқалауы тиіс деп ойламаймын. Артыңдағы ұрпақ алдындағы жауапкершілікті әрбір өнер адамы сезінуі қажет. Өнер адамы қандай жаста болмасын, елдің алдына шыққан кезде жүріс-тұрысы, сөз саптауына мән беру керек. Өзіңнің артыңда еріп келе жатқан іні-қарындастарымызға деген жауапкершілікті тек «мен отыздан астым екен, мен аға буын екенмін» деп сол кезде ғана ойлана салмауы керек. Қазіргі әншілер арасында «Ән жазсам болды» деп әуені мен мәтінінің сапасына қарамайтындар көбейді. Олардың көкейінде «Әнді жаза берсем, жаза берсем әйтеуір бірі ілініп хит болып қалар» деген ой ғана. «Тисе терекке тимесе бұтаққа» деп ән жаза беру — үлкен зиян дүние екенін ешкім сезінбейді.
  • Сахнада жеке әнші ретінде жүргеніңізге он жылдан асыпты. Осы мерейтойыңызға орай еліміздің үлкен қалаларында шығармашылық кеш беру ойда бар ма?
  • Жеке шығармашылығымды бастағалы биыл он бірінші жылдың көлемі болыпты. Осыған дейін Алматы, Астана қалаларында жеке концерттерімді бірнеше рет бердім. Алла бұйырса, 10 жылдық мерейтойымызға жеке концерт беру жоспарымызда бар. Біздің елімізде қазір концерт беру – Алматыдан төрт-бес бөлмелі үлкен пәтер салып алғанмен бірдей болып кетті. Әншілердің концерт бере алмау себебі осы қаржыға келіп тіреледі. Ел «Мыналар әр тойдан долларлап ақша алады. Оларға концерт беру ештеңеге тұрмайды» деп ойлайтын да болар. Дегенмен біздің де пайдадан бөлек , шығындарымыз бар. Біз де бір әулеттің ер азаматртарымыз. Ол жағын ешкім ескермейді. Қаржылық қиындығы үшін тасада қалып қойып жатқан небір керемет өнерлі адамадырымыз көп. Қазіргі заман бәрін ақшаға әкеліп тіреп қойғаны жаныма батады. Өнер адамдарынан естіген әңгіме бар. Кезінде «Дариға дәурен» әнін Рамазан Стамғазиев ағамыз орындап шықты. Бастапқыда бұл ән Рамазан ағамызға берілмеген екен. Ән авторлары бұл әнді Бекболат Тілеухан ағамызға ұсыныпты. Кез-келген есті әншіге мұндай ән берсе қуана-қуана орындап шығар еді. Ал  Бекболат ағамыз әншінің әншісі ғой. Әлгі әнді алғанымен, айтпай жүреді. Дәл сол кездері радиодан Рамазан ағамыздың дауысын естіп қалып, «Ту, шіркін-ай, мынау нағыз әнші ғой. Маған ұсынған «Дариға-дәурен» әні осы әншіге келеді екен ғой» деп Рамазан ағаны тауып,  әнді апарып беріпті. Осы әнді Бекболат аға сыйға бергеннен кейін қазақ эстардасына Рамазан Стамғазиевтей керемет әнші ағамыз қосылды. Қазақтың ән қоржынынына да «Дариға-дәурендей» ескірмейтін ән салынды. Сол секілді жұлдызы жана алмай келе жатқан әншілерге жанашырлықпен қарайтын болсақ, нағыз өнерлі әншілеріміз көбейер еді.  Бір кеш беруге әнқоржыны да, тәжірибесі де, жеетр әншілер бар. Қазір тек қалтасында қаржысы болса, танымал әнші болып кете алатын жағдайдамыз. Мына түрімізбен болашақтың алдында не деп жауап береміз деп ойлаймын. Сахнаға қазақилығымызға, салт-санамызға қайшы келетін дүниелер шығып атаққа ие болып жатыр. Ондай адамдардың артынан жастар ереді. Бұрын біз айтыскер ақындарды, Музарт тобындағы ағаларымызды, Тоқтар, Досымжан ағаларымызға қарап өстік. Осының арқасында біздің санамызда қазақылық сақталды. Ол кісілердің тарих алдында, ұрпақ алдында ұялар жері жоқ деп ойлаймын. Біз сияқты артындағы буынға олар нағыз өнерді қалдыра білді. Ал біз келер ұрпаққа  не деп жауап береміз? Бізден кейінгі буын шашын бояп, сырға тақса, қыздары әурет жерлерін ашып сахнаға шығып жатса ол міндетті түрде бізден сұралатын дүние. Осы жағдай мені қатты алаңдатады. Қазақ өнеріне титтей де болса әсерім бар, қол ұшымды тигізе аламын деген азаматтар болса, қолымыздан келгенше рухани құндылығымызды сақтап қалуымыз қажет. Мен бұл ойымды дұрыс түсініңіздер. Мен «Тек қана терме айтайық, қазақы шапан киіп жүрейік» деп жатқан жоқпын. Заманауи әндер айтсақ та, музыканың әр жанрын танысақ та, қазақы құндылықтарымызды жоғалтпайық дегім келеді.

Похожее изображение

  • Өзіңіз айтқандай шын таланттарға қолдау қажет. Сіздің «Болашақта әнші болғым келеді» дейтін іні-қарындастарыңызға көмек қолын созған сәттеріңіз болды ма?
  • Мен сіздің ойыңызды түсініп отырмын. Мен тәуекел істеп бір інімді не болмаса қарындасымды сахнаға алып шықтым деп те, көмек қолын созбадым деп те айта алмаймын. «Аға, менің әнші болғым келеді» деген жастар болып жатса, олардың өнерлері маған ұнап жатса, қолымнан келгенін аямаймын. Қаржылай көмектесіп, жарыққа шығарып жібермін демесем де, шығарып жатқан дүниесіне, туындыларына  бағыт беріп жіберуге тырысамын.
  • Осыдан екі-үш жыл бұрын шығармашылығыңызда үзіліс болды. Қазір қайта қолға алып жатқандайсыз. Жиі-жиі жаңа әндеріңіз шығып, тыңдармандырңыз қуанып жүр. Сол кездегі сахнаға көп шықпай кетуіңізге не себеп болып еді?
  • Мен Алматыға ата-анамды көшіріп алып келдім. Бірақ ол кісілерге бұл жақтың ауа райы жақпады. Сол себептерден денсаулығы нашарлаған анам дүниеден озды. Әкемнің қан қысымы жоғарылап кетті. Содан соң дәрігерлердің ақыл-кеңесімен бұл жақ қолайсыз деп, қайта Шымкентке көшуге тура келді. Алматыда 12 жылдай тұрдым. Армандап келген Алматыны тастап кетуге қимадым, әрине. Дегенмен, әкемнің денсаулығы бәрінен қымбат болды. Мен отбасымызда ұлдан біреу болған соң, әкемді Шымкентке жіберіп, өзім Алматыда жүре алмадым. Жер ауыстыру, көшіп қону дегеннің қиындығын білеміз.Осымен біраз уақыт өтті. Одан кейін отбасылық күрделі жағдайлар болды. Анамыз қайтыс болған соң, әкем екінші некелі болды. Менің де жеке өмірімде өзгеріс болды. Бірінші некем сәтсіз болып, екінші рет үйлендім. Аллаға сансыз шүкір ұлды-қызды болдық. Сіз айтып отырған үзілісте өнерге қарағанда өмірге көбірек көңіл бөлінді. Ал өнер деген әлпештеуді қажет ететін дүние. Сондықтан екі-үш жыл өнерге баяғыдай ынта-жігеріммен кірісе алмай, біраз үзіп алдым. Қазір Алланың қолдауымен шығармашылығмды қайта қолға алудамын. Міне енді ғана  әніме жаңа бейнебаян түсіріп келдік. Бұл туындымыздың да бағасын жуырда бере жатарсыздар.
  • Сіздің орындауыңыздағы «Жүр дегенде жүр» әні қазір хит әндердің біріне айналып кетті. Бұл ән қалай жазылды? Әннің хит болып кететінін алдын-ала сездіңіз бе?
  • Шынымды айтсам, ән осылай тез арада тыңдарманға жол тауып кетеді деп ойлаған жоқпын. Бірақ осы әнді мәтініне қарап отырып ризашылықпен айттым. Әннің сөзін Қайнар Алагөзов өз идеясы бойынша жазып берді. Ең бірінші осы

«Жүр дегенде жүр,

Қал дегенде қал.

Басым ауырса,

Балмен емдеп ал» деген қайырмасы шықты. «Мына өлең жолдары жақсы екен, ән қылсақ қалай болады?» деп ән жазғымыз келді. Кейін Қайнар бауырым әрі қарай қайырмадан бөлек шумақтарын шығарып берді. Ағаларымыз «Еркін осы әнді шығарғаның жақсы болды, «келіншегімізбен келіспей жатсақ, осы әнді тыңда деп айтамыз» дейді. Тараздағы бір таныс ағамыз «Еркін, айналайын, мен сені жақсы көремін. Отбасымызбен сенің әндеріңді тыңдаймыз. Бірақ жақында  үйдегі жеңгең сені ұнатпай қалды. Осыған бола екеуміз ұрысып қалдық» деді. «Маған бола ұрысатындай не болды?» деп қорқып кетсем,  Әй сенің «Жүр дегенде жүр» деген әніңнің

Мәжнүнің болып сен десем ләйлім,
Сенсең бағымсың, сенбесең қайғым.
Тұлпар айналып қазығын табар,
Мен де сондаймын, мен де сондаймын» деген  жолы жеңгеңе ұнамай қалған екен. «Егер мен де сондаймын деп айтатын болса, бұл бала бұзылайын деп жүр екен» деп саған ренжіді дейді. (күлді) Мұндай әңгімелерді көп естіп жатырмын. Осыған қарағанда бұл ән жастың да кәрінің де арасында тыңдалып жатқан секілді. Танымалдылығынан бөлек ең бастысы бұл әннің тәрбиелік мағынасы бар. Сондықтан,  бұл әнім халықтың көңілінен орын алып жатса қуаныштымын.

  • Сол әнге түсірген бейнебаяныңызда отбасыңызды көрдік. Бірақ «Еркін отбасын көрсеткенімен әйелін түсірмепті» деп көп көрермен пікір айтты. Әйеліңіздің бейнебаянда көрінбеуіне не себеп болды?
  • Бұл менің келіншегімді жасырғаным емес. Барлығы менің келіншегімнің бар екенін, үйлі-баранды адам екенімді біледі. Алланың алдында адал некелескен жарым болған соң оны барынша жариялауға тырысамын. Бірақ бейнебаян менің жеке шығармашылығым. Менің жұмысыма келіншегім ешқашан араласқан емес. Тек кейде көріп тұрған кемшілігі болса «Мынаны былай жөндесеңіз қалай болады?» деп ұсыныс айтқаны болмаса, жалпы менің шығармашылғыма араласпайды. Келіншегімнің менің бейнебаяныма түсіп жүретін де уақыты жоқ. Жақында ғана үшінші балалы болдық. Баласымен қоса үйдің шаруасы бар. Бір келінге үйде тірлік жететінін бәріміз де білеміз ғой. Жалпы сөздің түйіні, «Жарым үйіндегі шығармашылығын жөндеп жатыр» дегенім дұрыс болар (күлді).
  • Жуырда инстаграм парақшаңыздан әкеңіз сырқаттынып қалғанын көрдік. Ол кісінің жағдайы қалай?
  • Әкем өзі балалығымен қоштасып үлгермей жатып, ата-анасынан ерте айырылған кісі. Жастайынан жетім өсті, одан кейін Ауған соғысын көріп келді. Жүрегінен үш рет ауыр деңгейде ота жасатты, үш рет инсульт  алды. Анам марқұм «Осы шалым өліп қалатын болды» деп жүріп, өзі қайтыс болып кетті. Аллаға шүкір әкемнің жағдайы жақсы, көз-алдымызда ойнап-күліп жүр. Дегенмен оталардың барлығы, дерттері залалын тигізбей қоймайды. Ең бастысы өзі аман, он екі мүшесі түгел. Дәрігерлердің айтуымен үш-төрт ай көлемінде бір емделіп шығатын кездері болады. Сол емін жібермей жүрміз.

Картинки по запросу еркін нұржан

 Сая – менің әкелік махаббатымды  оятқан перзентім

  • Жанымның саясы,

Жаныма таяшы.

Мауқымды басайын бір.

Саялы жаныммен

Аялы әніммен жолыңа

Шашайын гүл» деп қызыңызды әнге қосыпсыз. «Қызымды сүйгендей сүймеймін өзімді» дейсіз тағы бір сөзіңізде. Қызыңыз өзіңізге қатты жақын секілді. Сая әкесінің қызы ма?

  • «Қыз әкеге жақын болады» деп естуші едім. Қызым дүниеге келгелі осы сөздің рас екеніне көзім жетті. Бірақ қызымды ерекше жақсы көруіме тек бұл себеп болды деп ойламаймын. Тұңғыш ұлымыз дүниеге келгенде қазақтың салт-дәстүрімен ата-апасының қолына бердік. Ұлым дүниеге келгенде әкем «Бұл бала енді сенің інің болады» деді. Баламыз бір айға дейін ғана қасымызда болып, ата-апасының тәрбиесіне өтті. Баламыз біздің жанымызға жатқан да емес. Сондықтан ұлым дүниеге келгенде әкелік сезімді сезіне қоймадым деп ойлаймын. Қызымыз Сая өмірге келгенде қасымызда болды, әр жаңа қылығына қуандық. Оның жылағаны мен күлгені көз алдымызда өткен соң қатты жақын болды. Оның нәзіктігі, «папа» деп еркелегенін көргенімде жарты әлемді ұмытып кеткендей боламын. Сая – менің әкелік махаббатымды  оятқан перзентім. Әдетте балалар әкесі алыстан келсе «Маған не әкелдің?» деп сұрайды ғой. Әкесінің әкелгенін алған бала әрі қарай ойынын ойнап кете береді. Менің Саям алыстан келгенімде «Маған не әкелдің?»  деп ешқашан сұраған емес. Ұзақ сапардан үйге келсем «Папа» деп мойныма келіп асылады да бір сағаттай уақыт тіс жармай құшақтап алады. Ешқайда жібермейді. Қызымыз екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз.
  • Ұл-қыздарыңыздың мінезі кімге тартқан?
  • Қызым өте сабырлы болатын сияқты. Өйткені оның байыптылығы қазірден байқалады. Іс-қимылдары да, асықпай сөйлеуі де, көп нәрсеге алаңдай бермейтіні де оның сабырлы, ұяң қыз болатынын көрсетеді. Ал шалдың ұлы Қайырдың қимылы ширақ, тынымсыздау. Бір орында тұрмайды. Кішісі енді ғана дүниеге келгендіктен мінезін болжай алмадық.
  • Жақында үшінші рет әке атандыңыз. Бауы берік болсын! Қызыңыздың есімі кім? Атын кім қойды?
  • Қызымның есімін Ақбаян деп өзім қойдым. Марқұм анамның есімі Баян еді. Қызым дүниеге келгенде әкемнен рұқсат сұрап, анамның есімін қойғым келетінін айттым. Имам кісілермен де ақылдасып көрдім. Ол кісілер «Марқұм анаңыздың есімін қою шариғатта еш қайшы келмейді» деп мақұлдады. Ақырында бір ауыздан шешімге келіп, қызыма Ақбаян деп ат қойдым. Атын қоюуын қойған соң, бұл үйде біраз мәселе болды. Сөйтсек, келіншегім анамның келіні болған соң, атын атай алмай алмады. Ол қазір Ақбаянға Ақсұлу деп ат қойып алды. Сол күйі қызын Ақсұлу атап жүр.
  • Ақбаян аппақ қыз болар? Анасы аққұба ғой…
  • Аллаға шүкір, жорамалыңыз рас. Дегенмен, қызым келіншегіме емес, марқұм анама қатты ұқсайды.
  • Бір әңгімеңізде «Балаларымды еркелетіп еміреніп жатсам, әкем «Е, балаға да бала керек екен ғой» деп езу тартты» депсіз. Атасы Қайырды сізден қызғанбай ма? Ол кісінің алдында именіп, оны еркелете алмайтын боларсыз?
  • Қайырға еркелетуден бөлек, қатты сөйлей де алмаймыз. Кейде Қайыр мен Сая бала болған соң ойнап, ойын үшін жылап қалып жатады. Сол кезде мен барып Саяға емес, Қайырға «Сен үлкен емессің бе, қарындасыңа неге бас-көз болмайсың?» деп ұрсамын. Мұны көрген әкем «Үйде барлығыңның шамаларың тек менің балама келе ме? Осы менің балам бәріне кінәлі ме?» деп ашуланады. Бала болған соң кейде тентектік жасаса «тәйт» деп жөнге салып тұруымыз қажет қой. Осыған үйдегі апамыз жылап қалып жатады. Апамыз да «Менің балама қатты сөйлемеңдер» деп бізге айтып қойған.
  • Инстаграмда өте белсендісіз, жиі жарнама да жасайсыз. Инстаграмды өзіңіз жүргізесіз бе?
  • Инстаграмды жеке өзім жүргізіп жатқаныма жарты жылдай уақыт болды. Аллаға шүкір, оқырмандарым өте белсенді.
  • Қазіргі қоғамда болып жатқан оқиғалар ішінде сізді көбіне не алаңдатады?
  • Сіздердің басылымдарыңызды әуелден газет болып шыққанан-ақ білеміз. Өйткені осы газеттерден өнердегі аға-әпкелеріміздің сұхбатын іздеп жүріп табатынбыз. Газетке жазылу ауылда кәдімгідей қиын болса да, ата-анамызға қоймай айтып жазылатынбыз. Газеттің әрбір санын күтіп алып оқитынбыз. Себебі әрбір әншінің айтқан ойы бізге қызық еді. Сол кезде, өнер адамының әр жазған сөзінен ғибрат алып, өзімізге тәрбие жинап жатқан екенбіз. Ол заманда баспасөздің қадір-қасиеті бар еді. Қазіргі заманда ғаламтор дамып, баспасөзді әлеуметтік желілер алмастырғандай. Өнер адамдары әр басқан қадамдарын ғаламторға салады. Менің ойымша ,халыққа көрсететін де, көрсетудің қажеті жоқ та дүниелер бар. Өнер адамдары сәл де болса халық арасындағы сый-құрметін жоғалтып алмаса екен. Көптеген танымал әншілердің  парақшаларындағы пікірлерге қараймын.  Кейбір пікірлерді оқып, қорқамын. Халықтан осындай ғайбат сөздерді есітуі– әншінің қадірінің төмендеуі деп ойлаймын. Небір ғайбат сөздер жазылып жатқанда солармен салғыласып жататындар тағы бар. Өнер адамының сондай деңгейге түсіп кетуі қажет емес. Әлеуметтік желі – қазіргі заманның тәрбие құралына айналды. Қазір жастар ешнәрсеге назар салмаса да, әлеуметтік желіде отырады. Сол әлеуметтік желіде милиондаған аудиториясы бар өнер адамдарынан «Жастарға дұрыс тәрбие берсек, өзімізді тек жақсы жағынан үлгі етейік» деп сұраймын.
  • Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

]]>
http://juldyz.kz/2018/11/06/erkin-nurzhan-anshi-zamanaui-ander-ajtsaq-ta-qazaqy-qundylyqtarymyzdy-zhoghaltpajy/feed/ 0
Марғұлан НҰРЛАН, пианист: «Нұрлан Өнербаевтың ұлы» деген сөздің өзі үлкен сын http://juldyz.kz/2018/10/31/marghulan-nurlan-pianist-nurlan-oenerbaevtynh-uly-degen-soezdinh-oezi-ulken-syn/ http://juldyz.kz/2018/10/31/marghulan-nurlan-pianist-nurlan-oenerbaevtynh-uly-degen-soezdinh-oezi-ulken-syn/#respond Wed, 31 Oct 2018 08:50:21 +0000 http://juldyz.kz/?p=14825 Марғұлан, әкеңіз Нұрлан Өнербаевтың жолын қуып, өнер жолына қадам басыпсыз. Жақында Біріккен Араб Əмірліктеріне барып, жүлдемен оралдыңыз. Құттықтаймын! Сұхбатымызды сол жарыс туралы айтудан бастасақ.

– Әрбір жарыс ең алдымен өз шеберлігіңді сынап көруге, деңгейіңді басқалармен салыстырып білуге жақсы мүмкіндік. БАӘ-де өткен жарысымызға да өте дарынды өнерпаздар қатысты. Мен бала кезімнен өнерге үйір болдым, 6 жасымнан бастап бар күшімді салып дайындалып келемін. Осындай жүлдеге ие болып, үлкен саxналарда өнер көрсетуім осының арқасы.

– Осыған дейін сізді əкеңіздің əн кешінде көріп едік. Сол жолы алғаш сахнаға шығуыңыз ба?

– Саxнаға кішкентай кезімнен бастап шығып өнер көрсеттім. Содан болар, сахнаға шығу кейде тіпті, күнде істеп жүрген қарапайым іс секілді сезіледі (күлді). Шыны керек, халық алдына шыққанды ұнатамын!

– Алғаш халық алдына шыққанда қандай сезімде болдыңыз?

– Әкем үнемі «саxна – киелі жер» деп айтып отырады. Яғни, xалықтың алдына қалай болса солай шыға беруге болмайды. Ол үшін тыңдарманға беретінің, көрсетер өнерің болу керек. Бұл – үлкен жауапкершілік. Әсіресе мен үшін. Себебі менің өнеріме, сахнада өзімді ұстау мәнеріме қарап, әкемді сынайды. Сондықтан өзімді үнемі лайықты ұстауға тырысамын.

– Музыкалық біліміңіз бар ма? Қайда оқисыз?

– Иә, музыкалық білімім бар. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық университетінің студентімін.

–  Неге пианиноны таңдадыңыз?

– Пианино аспабында ойнау ата-анамның шешімі болды. Тіпті, қалай ойнап үйренгенім есімде жоқ.

–  Басқа қандай аспаптарды меңгергенсіз?

– Гитара және ұрмалы аспаптарды да аздап үйренгенмін.

– Концертте «жаңа туындыларды орындады» деп естідім. Шығармаларыңызды өзіңіз жазасыз ба?

– Өзім жазбаймын. Халыққа таныс, заманауи шығармаларды таңдап, саxнаға шығарамын. Мәселен, сабақта орындайтын кәсіби туындыларды сахнаға алып шыға алмайсың. Көрермен концертке демалу үшін келеді. Сондықтан, халық арасында жиі орындалатын шығармаларды алып шығамын.

– Неге телевизиялық жобалардан көрінбейсіз?

– Біріншіден, қанша сахнада өзімді еркін ұстап, халық алдына шығуды ұнатсам да кейде жүрексінем, аздап қобалжимын. Сондықтан үлкен жобаларға шығу үшін маған әлі дайындық керек деп ойлаймын. Екіншіден, жоғарыда айтып кеткенімдей, жұрт маған қарап, әкемді сынайды. Мен әлі жаспын. Кез келген бір мәселе жайлы ойланбай сөйлеп қойсам, ол сөздің кесірі тек маған емес, әкемнің де абыройына нұқсан келтіруі мүмкін. Содан қорқамын. Сол себепті маған телевизиялық жобаларға шығу әлі ерте деп ойлаймын.

– Əн айтасыз ба? Болашақта сізді əнші ретінде көріп қалуымыз мүмкін бе?

Әзірше айтқан жоқпын, бірақ ойымда бар. Жақын арада ән орындауым да әбден мүмкін!

– Тағы бір жарысқа қатысты деп естідім. Ол не жарыс?

– Ол өзіміздегі қарапайым республикалық жарыс. Ол жарыста да бас жүлдеге ие болдым.

– Ағаңыз да əн айтады екен. Бір үйге үш өнер адамы көп емес пе?

– Көп болса да, аз болса да ол – Алланың қалауы.

– Әкеңіз сіз туралы «13 жылдан кейін дүниеге келген ұлымыз» деп қуанып айтып жатады. Еркесіз бе?

– Иә, еркемін. Үйдің кенжесі болғандықтан шығар, ата-анам еркелетіп, бетімді қаққан емес. Балалық шағым өте бақытты өтті. Не қаласам, әкем соның бәрін алып беретін. Әке-шешемнің жақсы тәрбиесі мен махаббатын сезініп өстім. Дүниедегі ең қымбат жандарым – ата-анам. Осы бақытым үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын!

– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

– Уақыт – біздің ең үлкен құндылығымыз. Оны қайтару мүмкін емес. Сондықтан, уақытымды барынша тиімді пайдалануға тырысамын. Сабақтан тыс уақытта үйіме қараймын. Оны бітірсем, шығармашылығыма көңіл бөлемін. «Келесі жолы саxнаға қандай туынды алып шығамын?», «халықтың көңілінен шығатын не дайындасам болады екен?!» деп ойланамын. Көбінесе соны ойластырып, шабыт іздеймін.

–  Алға қойған мақсаттарыңыз қандай?

– Ата-анам, Хақ тағала разы болатындай абыройлы, xалыққа игі амалдармен адал қызмет атқаратын үлкен азамат болғым келеді! Бүгін мені «Нұрлан Өнербаевтың ұлы екен» деп таниды, ал ертең керісінше «Нұрлан Өнербаев осы кісінің әкесі екен ғой» дегенді естуді армандаймын.

  • Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Наргиза АРШИДИН

«Жұлдыздар отбасы» журналы

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/31/marghulan-nurlan-pianist-nurlan-oenerbaevtynh-uly-degen-soezdinh-oezi-ulken-syn/feed/ 0
Аятжан АХМЕТЖАН, республикалық «KAZBILIM» орталығының директоры: Білім беру саласы грантты көбейтумен емес, сапалы маман тәрбилеу ісімен айналысуы керек http://juldyz.kz/2018/10/24/ayatzhan-ahmetzhan-respublikalyq-kazbilim-ortalyghynynh-direktory-bilim-beru-salasy-grantty-koebejtumen-emes-sapaly-maman-tarbileu-isimen-ajnalysuy-kerek/ http://juldyz.kz/2018/10/24/ayatzhan-ahmetzhan-respublikalyq-kazbilim-ortalyghynynh-direktory-bilim-beru-salasy-grantty-koebejtumen-emes-sapaly-maman-tarbileu-isimen-ajnalysuy-kerek/#respond Tue, 23 Oct 2018 19:43:44 +0000 http://juldyz.kz/?p=14814 50-ден астам апатты жағдайдағы, 100-ден астам үш ауысыммен оқитын мектеп бар

Аятжан аға, жақында ғана премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бюджетті толық игермеген министрлерге шүйлікті. Ал елімізде білім беру саласына бөлінген бюджет толық иегеріліп келеді деп айта аласыз ба?

– Білім беру саласы – аса қомақты бюджет қаражатын керек ететін сала. Әрине, бұл салаға тиісті мөлшерде бюджет қаражаты жоспарланып келеді. Алайда білім беру саласының бірден көсегесі көгеріп кетті деп айта алмаймыз. Өйткені елімізде қазірдің өзінде 50-ден астам апатты жағдайдағы мектеп, ал 100-ден астам үш ауысыммен оқитын мектеп бар. Ал  екі ауысыммен оқытылады деген 1200 оқушыға шақталған, бірақ 3000-ға жуық бала оқитын мектептер саны мыңға жетуі мүмкін. Әсіресе, мұндай мектептер Астана, Алматы, Шымкент қалаларына шоғырланған. Бұл мектептің әрбір сыныбында кемінде 40-тан астам оқушы бар. Тіпті мектептер үшін мұндай көрсеткіш қалыпты жағдайға айналған. Негізі «2016-2022 жылдардағы мектеп бағдарламаларына» сәйкес, бізде әр сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек делінген. Бұдан тыс, бұл бағдарламаларды іске асыруға мектептердің зертханасы 10%-ға да дайын емес. Тіпті үлкен қала болғанымен, Алматы мен Астанадағы мектептердің зертханалары да әлі ХХ ғасырдың деңгейінде. Ал жаратылыс ғылымдарын жақсы игеру үшін теория жеткіліксіз, нақтылы тәжірибелер керек. Сондықтан біздің мектептерге заманауи зертханалар ауадай қажет – бұл үшінші жағы. Төртінші жағы – біздің мектептердің компьютерлік интернет базасы. Қағаз жүзінде бәрі қатып тұруы мүмкін. Бірақ шынын айтар болсақ, жағдай мәз емес. Өткен жылы министрдің өзі: «Еліміздегі мектептер 99% интернетпен қамтылды», – деп мәлімдеді. Бұл жерде директор кабинеттері 99% интернетпен қамтылған шығар, бірақ мектептердің интернетпен қамтылуы және олардың жылдамдығы сын көтермейді. Компьютерлердің сапасы да солай. Қағаз жүзінде ол компьютерлер неше жүз мыңға, неше миллионға сатып алынған болуы мүмкін.

Қазіргі білім саласындағы өзекті мәселелер жайлы орынды ой қозғап отырсыз. Сіз еліміздің білім саласы бәскеге қабілетті дей аласыз ба?

– Бүгінде біздің елдің білім саласы бәсекеге қабілетті емес. Себебі қай кезде де материалдық жағдай білім саласының ең үлкен көрсеткіші болып табылады. Біздің Білім министрлігі мектептер кітаппен толық қамтылады дегенімен, кітаптар толық жетіспейді. Қаншама ата-ана, қаншама оқушы оқулық жетіспегеніне шырылдап отыр. Керек десеңіз, кей ауылдарда бір сынып бір кітаппен, не екі кітаппен отырған жағдайлар да жоқ емес. Әрине, сол мектептің басшылары жоғарғы жаққа «біз кітаппен қамтып тастадық» деп есеп береді. Ал жекелеген ата-аналармен сөйлесер болсаңыз, шындықтың байыбына бара аласыз. Дәл осы жағдайларды ескеретін болсақ, болашақ үшін нәтижелі болатын білім саласы қомақты бюджет қаржысына аса мұқтаж деп айта аламыз. Жалпы біздегі үш ауысымды мектептердің, апатты жағдайдағы мектептердің, бір сынып бөлмесінде екі сыныптың баласы оқитын мектептердің жағдайын көрген кезде, халықаралық додаларды өткізіп жатқандардың отансүйгіш екендігіне күмән келтірем. Мемлекетшіл екеніне сенгім келмейді. Бұл менің пәтер жалдап жүріп кредитке той жасаған сияқты ақылсыз тірлікті көз алдыма келтіреді.Картинки по запросу аятжан ахметжан

Қыруар бюджет қаржысына салынған жаңа мектептердің сапасы сын көтере ме?

Сын көтеретіні де, сын көтермейтіні де бар. Бізде салынып жатқан жаңа мектептерге көңілің толады. Мектептің шарт-жағдайы барлық стандартқа сай жасалған. Алайда сол мектептердің ішкі жабдықталу жағдайын көрсеңіз, басқаша ойға қаласыз. Әрине, мұндай оқиғаға, өз басым, сан рет куә болдым. Сыртқы көркі көз сүріндіргенімен, ішкі зертханалары тым жұтаң екенін байқайсыз. Бұны қадағалау мен жауапкершіліктің аз болуынан деп түсінуге болады. Осы келеңсіздіктер Білім министрлігінің емес, жергілікті органдардың селқостығы. Өйткені жергілікті атқарушы орган қағаз жүзінде бәрі дұрыс болса деп ойлайды. Сондықтан қағаз жүзіндегі есеп пен шындықтың арасы тым алшақтап кеткенін аңғарасыз.

Білім саласына жоспарланатын бюджеттің бір бөлігінің оқулық құрастыруға жұмсалатыны белгілі. «Жаңа бағдарлама» негізінде құрастырылып жатқан оқулықтар жайлы не айтқыңыз келеді?

– Оқулықтардың сапасы жайлы мен бұрыннан айтып келемін. Біздегі оқулық жазу жүйесіндегі олқылықтар түзелмей, оқулық та түзелмейді. Қазір оқулық құрастырудың негізгі міндетін баспа атқарады. Авторларды да баспа табады. Баспа жаздырады. Бүкіл оқулық құрастыру процесі баспаның қолында. Ал ғылым-білім академиясы оқулықтың бағдарламасын ғана жасап береді. Енді баспа үшін кім арзанға жазады, сол өтеді. Баспаға оқулықтың ішкі идеологиясынан гөрі, экономикалық тиімділігі маңызды. Өйткені олар жасаған оқулығын мемлекетке сатады. Әрине, мұның бәрі қомақты қаржыны құрайды. Сондықтан баспалар қашан да оқулық құрастырудан құр қалғысы келмейді. Егер осы үдеріс жалғасын таба беретін болса, оқулықтың түзелген түрін көре қоймаспыз. Оқулық түзелуі үшін бір мекеме авторлар ұжымын құрап, сол ұжым тек оқулық құрастыру үшін жыл он екі ай еңбек етуі керек. Олай дейтініміз, ұлы педагогтардың: «Оқулық жазу – мемлекет құрудан да қиын», – деген пайымы бар. Сондықтан оқулық құрастыру – аса зор кәсіби біліктілік пен қажырлы еңбекті қажет етеді. Енді күндіз мектепте не университетте сабақ беріп, кеште қалғып-мүлгіп отырып оқулық жазу – ақылға сыймайтын амалсыздық. Бүгінде оқулық жазу авторлардың екінші не үшінші жұмысына айналып кеткен. Сондықтан да оқулық жазатын авторлар бір мекеменің қол астында өнімді жұмыс істеуі тиіс. Ал баспа тек басу рөлін атқарса болғаны, оқулықтың ішкі жұмысына араласпағаны жөн. Сонда ғана оқулықтар оңалады деп үміттенуге болады. Ал әзірге оқулықтың жырын әлі талай «жырлайтын» сияқтымыз.Похожее изображение

Білім саласындағы жауапкершілікті сырып тастадық

Білім саласына жоспарланған бюджеттің басым көп бөлігі қай бағытта жұмсалуы керек деп ойлайсыз?

– Қазір өрекениеттік, нарықтық талаптарға сай, жекеменшік білім беретін компаниялар мен мектептерді көбейту мәселесі қарала бастады. Егер осы бастама сәтімен белгілі деңгейде жүзеге асып, өз өнімділігін көрсетсе, бұл мемлекеттік бюджетке үлкен жеңілдік ала келер еді. Әрине, біз үшін мұның екі жағы да бар. Білім сапасын шынайы көтеруді мақсат еткен мекемелер жұмыс істесе, бұл енді қуанарлық жағдай. Ал керісінше, білім беруді тек ақша табудың көзіне айналдырғысы келетіндердің қарасы молайса, бұл білім сапасына кері әсерін тигізетіні шындық. Мен бұл бағытта біраз ізденістер жасадым. Бірақ қалай десек те, айналып өтуге келмейтін кейбір қағидалардың бар екеніне көзім жетті. Сол үшін біз кейбір білім мекемелерін жекеменшікке беретін болсақ, сөз жоқ, жаңа нормативтерді еңгізуіміз қажет. Меніңше, университеттердің де мәселесі дәл солай. Мысалы, биыл мемлекеттік грант санын жиырма мыңға көбейттік. Бірақ жиырма мыңға артық студентті оқытуға біздің университеттердің шарт-жағдайы жеткілікті ме? Материалдық базасы жете ме? Профессорлар құрамы дайын ба? Бұл үлкен мәселе. Сондай-ақ биыл  Қазақстан бойынша 2234 адам докторантураға оқуға түсті. 2234 доктор шығаруға біздің құзіретіміз жете ме? Олардың, шын мәнінде, ғылыммен айналысуы үшін базалық, зертханалық мүмкіндіктеріміз бар ма? Міне бұл да үлкен сұрақ. Сол үшін халімізге қарай қарекет жасағанымыз жөн. Сондықтан кез келген жобаны қолға алған кезде, уақыттық мәселені шешу емес, біз соған жауап бере аламыз ба деген сұрақ тұрғысынан ойлану керек. Қоғамда жұмыссыздардың көбеюі – бірінші мәселе. Ал дипломы бар, мамандығы бар жұмыссыздардың көбеюі – екінші мәселе. Алайда екіншісі – өте ауыр мәселе. Жұмыссыздар қандай жұмыс берсеңіз де істеп кетуі мүмкін. Ал дипломы бар жұмыссыздар – белгілі бір сапаға ие адамдар. Ертең олар біздің қоғамға үлкен сұрау салуы ықтимал. Грантты көбейте салған, басқа бір дүниені уақытша шеше салған оңай. Бірақ оның салдары бес-он жылдан кейін байқалатын болады. Сондықтан біз үшін, бірінші кезекте, мектептің, университеттің материалдық базасын жасау маңызды. Шыны керек, біздегі облыстардағы кей университеттердің базасын көрсеңіз, жылап жіберуіңіз мүмкін. Ондай университеттердің бар екенін әлем білсе, біздің білім сапамызды Африка елдерімен бір деңгейде көруі де ғажап емес. Сондықтан білім беру саласы грантты көбейту сынды уақытша мәселемен емес, сапалы маман тәрбиелеу сынды мәңгілік өзекті болып қала беретін мәселемен айналысуы керек.

Дамыған елдерде білім беру саласын мелекеттен тыс қоғамдық корлар мен кәсіпкерлер де қаржыландырып отырады. Бұл игі үдеріс Қазақстанда қалыптасып үлгерді ме?

– Бұл үдеріс Қазақстанда әлі қалыптасқан жоқ. Қазақстандағы білім саласына деген қоғамның қаржылық қолдауы тек жекеменшік университеттердің деңгейінде ғана қарастырылады. Ал біздегі кәсіпкерлер мен алпауыт компаниялардың қаржыландыруы «шоу» мен «шудан» аспай жатыр. Спортты не басқа эстрадалық орталарды қаржыландыратындар көп. Ал білім саласын қаржыландырғысы келетіндер тым аз. Неге олай дейсіз ғой, өйткені білім саласы, біріншіден, өте қатты сынға ұшыраған сала. Екіншіден, «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар» дегендей, қоғамның тұтас ақпарттық көзі спорт пен шоуға арбалған. Спорттық жетістіктерді біз әлемдік жетістік деп қараймыз да, ал ғылымдағы жетістіктер ешкім елемейтін күйге түскен. Бұл, әрине, кәсіпкерлердің кінәсі емес. Ақпарат құралдарын басқарып отырғандардың кінәсі. Бізде халықаралық деңгейде жетістікке жетіп жатқан жастар бар. Алды тіпті беделді сыйлықтарды да ала бастады. Ал олар жайлы кім біледі? Егер олар жайлы ақпарат құралдары жарыса жазса, қолдайтын кәсіпкерлер табылар ма еді? Біз Азия деңгейіндегі спортқа ден қойып, әлемдік деңгейдегі ғылымды шетке ысырдық.

Білім беру саласына бөлінген бюджеттің бір бөлігі адам капиталын қалыпстыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздегі жоғары оқу орындары қоғамға қажетті мамандарды даярлап жатыр ма?

Қазіргі қалыптасқан қоғамдық үрдіске сай, маман сапалы болса, жұмыс табылады. Сапалы маман өзін-өзі жерде қалдырмайды. Бірақ мен жұмыс беруші ретінде айтар болсам, қазіргі университет бітірген түлектердің басым бөлігі жұмыс істеуге дайын емес. Оларды әлі екі-үш дайындықтан өткізуіміз керек. Алайда өзінің қызметкерін дайындайтын мәдениет бізде әлі қалыптасқан жоқ. Әркім дайын маман алғысы келеді. Сондықтан мемлекет университеттерден сапалы маман тәрбиелеуді талап етуі тиіс. Мемлекет университеттерге ақша беріп отыр, сондықтан оқу орны мемлекеттің деңгейіндегі мамандарды тәрбиелеп шығуы керек. Ең бір өкінетін жайттың бірі – біз білім саласындағы жауапкершілікті ысырып тастадық. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне мектеп жауап бермейді. Бәлкім бұл үдеріс жалғаса берсе, оқытқан студенттеріне – университет, жасаған реформасына министр жауап бермейтін шығар. Ал ешқандай жауапкершілік жоқ жерде сапа мүлдем болмайды. Осыған дейінгі жасаған реформаларына бірде-бір Білім министрі жауап берген жоқ.

Ерзат АСЫЛ

(ЕСКЕРТУ: Материалды көшіруге тыйым салынған)

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/24/ayatzhan-ahmetzhan-respublikalyq-kazbilim-ortalyghynynh-direktory-bilim-beru-salasy-grantty-koebejtumen-emes-sapaly-maman-tarbileu-isimen-ajnalysuy-kerek/feed/ 0
Азаматхан ӘМІРТАЙ, «Байтақ болашақ» экоальянсының төрағасы: Бюджетті дұрыс игере алмаған ел, экономикалық дағдарысқа қарсы тұруға қауқарсыз http://juldyz.kz/2018/10/24/azamathan-amirtaj-bajtaq-bolashaq-ekoalyansynynh-toeraghasy-byudzhetti-durys-igere-almaghan-el-ekonomikalyq-daghdarysqa-qarsy-turugha-qauqarsyz/ http://juldyz.kz/2018/10/24/azamathan-amirtaj-bajtaq-bolashaq-ekoalyansynynh-toeraghasy-byudzhetti-durys-igere-almaghan-el-ekonomikalyq-daghdarysqa-qarsy-turugha-qauqarsyz/#respond Tue, 23 Oct 2018 19:38:17 +0000 http://juldyz.kz/?p=14811 Азаматхан аға, ең әуелі бюджеттің қалай жоспарланатыны туралы айтып берсеңіз?

– Бюджетті мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары деп қарауға болады. Сол себепті бюджет жобасы жыл сайын Парламент жиналысында қабылданады. Жыл аяқталған кезде түрлі министрліктер алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді. Республикалық бюджет жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, өнеркәсіп тағы басқа да салалардағы кешенді бағдарламаларға сай жасалады. Ал осы жасалған бюджет жоспарына сай арнайы қаражат бөлінеді.

– Бюджеттің толық игерілмей қалуы қандай факторлармен байланысты?

Бюджеттің толық игерілмеуінің себебі кәсіпкерлердің жетіспеуінен емес, қаржылық үдеріске жемқорлықтың араласуынан. Айталық, белгілі бір сыбайлас топтар таңдаған компаниялары конкурстан өтпесе, жобаның іске асуын кешіктіре береді. Бұған екінші себеп ретінде белгіленген бағдарламаға қатысты өз біліктілігін таныта алатын шенеуніктердің жоқтығын айтуға болады. Мысалы, нақты бағдарламаның басы-қасында жүрген атқамінерлер ондағы өзекті түйіндерге мән бермейді. Сондықтан кейбір қателіктер дер кезінде ескерілмей, жоба іске аспай қалуы мүмкін. Ал жоба іске аспаса, бюджеттің игерілуі жайлы айтудың өзі қиын. Әрине, олардың қолында билік бар болғандықтан, қайтадан бюджет қарастыра береді. Тағы бір жайт, жылдың басында қолға алынуы тиіс жобалар жылдың соңында ғана қолға алынып, тым асығыс жасалады. Оның сапасының сын көтермей қалатыны айтпаса да түсінікті. Тіпті кейбіреуінің жұмысын толық аяқтамай тоқтап қалатыны тағы бар. Мұның негізгі себебі – біріншіден, мемлекеттік қызметтегі жемқорлық пен ұрлық. Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің бір парасының кәсіби біліктілігі төмен. Үшіншіден, олардың жауапкершілігі де аз. Оларда халыққа қызмет ету, халықтың жағдайын ойлау деген ниет жоқ.Похожее изображение

Сол жоспарланған бюджеттің белгіленген мерзімде игерілмеуі ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік өміріне қаншалық әсер етеді?

– Ең алдымен, ел экономикасына жасайтын ықпалына тоқталып өтсек. Қарастырылған бюджет дер кезінде игерілмесе, сол бағдарламалардың     жүзеге асуына тұсау болады. Ал бағдарламалар табысты орындалмаса, елдің болашақ үшін жоспарлаған стратегиясына үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл тіптен еліміз экономикасына үлкен ауырлық алып келуі де жасырын емес. Бүгінде ел ішіндегі қордаланған экономикалық мәселелердің бір ұшы осы бюджет мәселесіне келіп тіреледі. Өйткені бюджет ел дамуына арналады. Шындығын айтар болсақ, ел экономикасының тамыры бюджетке байланған. Сондықтан бюджетті көрегендікпен жоспарлап, сәтті игеру қажет. Бюджетті дұрыс игере алмаған ел, қандайда бір экономикалық дағдарысқа қарсы тұруға қауқарсыз. Бюджетті жоспарлау мен өнімді игеру – ел экономикасын өркениетке қарай дамытудың маңызды көрсеткіші.

Ал бюджеттің толық игерілмеуі қарапайым халықтың өміріне тікелей ықпал етеді. Мысалы, халыққа балабақша керек, мәдениет орталықтары керек. Түрлі коммуналдық жағдайлар қажет. Егер бюджет дұрыс игерілмесе, осылардың бірі салынбай қалуы мүмкін. Онсыз да сусыз, жарықсыз, жолсыз отырған ауылдар қаншама? Егер желге ұшқан миллиардтар үйлесімді игерілгенде, қарапайым халықтың халі мұндай мүшкіл болмас еді.

Бюджетті тиімді игеру үшін не істеу керек?

– Ол үшін бюджетте жоспарланған барлық бағдарламалар мен бөлінген қаржы мөлшері қоғамға ашық жария етілуі керек. Ал сол жобаны жүзеге асыратын компаниялар әділ бәсекеге түсуі шарт. Егер ашық бәсеке қалыптасатын болса, кез келген жобаның құны арзандайды. Өйткені онда барлық іс жария түрде жүргізіледі. Сонымен қоса жобаның бүкіл іске асу үдерісі үнемі заңмен қадағалануы тиіс. Өйткені барлық бағдарлама халыққа қызмет етуге арналған. Сондықтан да кез келген кешенді бағдарламаны халықтың игілігі үшін жасау керек. Біздің қоғамда құнды идеялар, жасампаз ойлар бар. Бірақ олар іске асып жатқан жоқ. Сол үшін бюджетті кейде қоғамға қозғау болатын жасампаз идеяларды қаржыландыру үшін жоспарлаған да абзал. Енді бірі, біздің қоғам барлығын билікке сілтемей, бюджеттің қалай игерілуін назарда ұстағаны жөн. Өйткені бюджетке бөлінген қыруар қаржы көктен түскен жоқ. Оның бәрі халықтың қалтасынан салыққа төленген ақша. Сондықтан халық мемлекет алдындағы берешегін қалай ада етсе, мемлекет те оны халық мүддесіне сай үйлесімді жұмсағаны абзал. Өркениетті елдерде билік басындағылар халықтың көк тиынын да артық жұмсаудан қорқады. Себебі олар биліктің таянышы халық екенін жақсы біледі. Ал бюджеттік саясат экономикалық өсімге, инфляцияға, төлем балансына, айырбас бағамына үлкен әсерін тигізеді. Демек, қазіргі нарық заманында әрбір қоғам мүшесі бюджет саясатына аса салмақтылықпен мән бергені жөн.

Ерзат АСЫЛ

(ЕСКЕРТУ: Материалды көшіруге тыйым салынған)

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/24/azamathan-amirtaj-bajtaq-bolashaq-ekoalyansynynh-toeraghasy-byudzhetti-durys-igere-almaghan-el-ekonomikalyq-daghdarysqa-qarsy-turugha-qauqarsyz/feed/ 0
Қарлығаш МҰХАМЕДЖАНОВА, актриса: Мені халық ұмытып кетпесін деп кез келген фильмге түсе салғым келмейді http://juldyz.kz/2018/10/22/qarlyghash-muhamedzhanova-aktrisa-meni-halyq-umytyp-ketpesin-dep-kez-kelgen-filmge-tuse-salghym-kelmejdi/ http://juldyz.kz/2018/10/22/qarlyghash-muhamedzhanova-aktrisa-meni-halyq-umytyp-ketpesin-dep-kez-kelgen-filmge-tuse-salghym-kelmejdi/#respond Mon, 22 Oct 2018 12:24:18 +0000 http://juldyz.kz/?p=14808 Образыма айтылған сындар орынсыз

– Қарлығыш, жақында ғана «Қазақ хандығы» телехикаясының түсірілімін аяқтап, демалыс алғаныңызды естідік. Сұхбатымызды осы жобадан бастасақ?

– Бұл жоба мен үшін күрделі де ұзақ жобаның бірі болды. Телехикаяны түсіруге үш жыл шамасында уақыт кеткенін білесіздер. Үш жыл ішінде  басымыздан қиындықтар мен қуанышты сәттер көп өтті. Бұл жобаның орны мен үшін тіптен бөлек. Біріншіден, бұл – менің ең алғашқы тарихи телехикаям. Осы уақытқа дейін мен тек заманауи фильмдерде көрініп жүрдім. Ал «Қазақ хандығы» – біздің өткенімізден сыр шертетін толыққанды тарихи жоба. Бұл телехикаяның сюжеттік желісіне көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы арқау болды. Жоба түсірілімі Алматы мен Жамбыл облыстарында және «Қазақфильм» киностудиясының арнайы салынған павильондарында өтті. Міне, жақында ғана «Қазақ хандығы» телехикаясының екінші  маусымының түсірілімін аяқтадық. Хикаяның екінші маусымы Жәнібектің таққа отыруы мен оның басқару кезеңдерін бейнелейді. Телехикая сегіз бөлімнен тұрады.

– Өзіңіз бұл жобаға қалай келгендігіңіз жайлы айтып беріңізші. Режиссер сізді арнайы шақырды ма, әлде кастинг арқылы келдіңіз бе?

– Бұл телехикаяға бәріміз кастинг арқылы келдік. Кастинг өте ауқымды түрде өтті. Тек Қазақстаннан ғана емес, көршілес елдерден де өз бағын сынап көру үшін актерлер келді. Әсіресе, Рәбиа Сұлтан Бегім мен Жәнібек ханның рөліне көптеген актерлер сыналды. Менің кейіпкерім Рәбиа Сұлтан бегімге Өзбекстаннан актрисалар келіп, кастингке қатысты. Өйткені Рәбиа бегім Самарқанд өңірінің аруы. Шыны керек, кастинг біткен соң Рәбиа бегімге басқа актриса таңдалғанын айтты. Мен бұл жобада бағым жанбаған екен деп көңілімді түсірмей, басқа істермен айналысуды ойлаған едім. Алайда түсірілім басталып кеткенде ғана режиссер хабарласып, соңғы сәтте  мені актриса ретінде бекіткенін айтты. Осы жағдайдан кейін «бұйырған кетпейді» деген рас екеніне көзім жетті.

– Өзіңіз жобадан бұрын Рәбиа Сұлтан бегім жайлы не білдіңіз? Рөлді жетілдіріп, болмысын аша түсу үшін ол кісіні зерттедіңіз бе?

– Мен кезінде мемлекеттік істерді басқаруға қатысқан санаулы мұсылман әйелдерінің бірі болған, Көшкінші және Сүйініш қожа хандардың анасы Рәбиа Сұлтан бегімнің рөлін сомдағаныма қуаныштымын. Шыны керек, жобадан бұрын Рәбиа сұлтан бегім жайлы көп дүние білген жоқпын. Телехикаяға актриса ретінде бекітілгеннен кейін «Көшпенділер» кітабын толықтай оқып шықтым. Мен бұл кітапты біраз жыл бұрын оқыған едім. Жадымда ұмытылып қалған сәттер көп болғандықтан, кітапты тағы да қайталап оқып шығуды жөн көрдім. Рөлге дайындалу барысында кейіпкерім Рәбияны зерттедім. Образға жақсылап ену үшін тек «Көшпенділер» трилогиясымен шектелмей, тарихи әдебиеттермен танысып шықтым. Бірақ ол тарихи кейіпкер болғандықтан, Рәбианы дәлме-дәл бейнелеуге тырыспадым. Режиссермен бірге бегімнің мінезін аша алдым деп ойлаймын.Похожее изображение

– Телехикаядағы Рәбианың сырт-келбетіне, образына қатысты көп сындар болды. Бұған актриса ретінде не дейсіз?

– «Неге қасыңызды қатты бояған? Неге киіміңіз қазақ ұлттық киімінен өзгеше?» деп сынап  пікір білдіргендер болды. Тарихтан білесіз, Әбілқайырдың төртінші жары Рәбиа сұлтан атақты Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы. Сол себепті менің киім стилім өзбек ұлтының киіміне жақын болды. Біздің образдарымыз тарихи мәліметтерге сүйеніп дайындалды. Бұл режиссердің ойлап тапқан дүниесі емес. Кейбір көрермендердің қасымның сүрленгеніне, шашымның салалап өрілгеніне тиіскені мені ренжітті. Ілияс Есенберлин өзінің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясында Рәбиа Сұлтан бегімнің бейнесін былай суреттейді: «Әйелдің үстіне алтын жіппен зерленген сарғылт, дүрия қысқа шапан, басында сүйір ұшты құндыз бөрік. Шалбарының етегі де алтын оқамен дәріптелген. Алыстан-ақ бұл әйел қалың көкпек арасындағы сарғалдақтай көз тартады. Өзі де мейлінше сұлу, жаңа туған ай секілді жіңішке қасын сүрмелеп тастаған. Ұзын шаштарын жиырма-отыз сала етіп, ұп-ұсақ етіп өрген. Бір өзінің түр-келбеті бүкіл әлемге сән бергендей осынау салтанатты әйелді көрген адам «бұл жалғанда мұндай жан жаратылмас» деп ойларлық. Бұл – Әбілқайыр ханның төртінші әйелі, атақты ғалым Ұлықбек мырзаның қызы Рәбиа Сұлтан бегім еді» дейді. Осы суреттеуден кейін менің киім үлгіме, образыма айтылған сындар орынсыз екенін түсінген боларсыздар.

– Рәбиа бегімнің болмысынан өзіңізге ұқсастық таптыңыз ба? Ол кісінің қандай да бір қасиетін бойыңызға сіңіре алдыңыз ба?

– Мен Рәбиа бегімді өте нәзікжанды, әрі ақылды әйел деп таныдым. Сырт-келбеті мен ақыл-парасаты ортақ үйлесім тапқан бұл аруға ұқсау әр қыздың арманы. Тарихта Рәбиа бегім серігі Әбілқайыр ханға  қатты ықпал еткені айтылады. Дешті қыпшақ ханы Әбілқайыр ең кіші әйелі болса да оның ақылына құлақ түрген. Менің ойымша, Рәбиа бегім жұмсақтығымен, нәзіктігімен ерінің жүрегінен жол таба білді. Мен табиғатыммен өзімді жұмсақ адаммын деп санаймын. Сол жағынан екеуміздің ұқсастығымыз бар. Ал кейіпкерімнің парасаттылығы тек маған ғана емес, көпке үлгі.

Өзім түскен фильмдерімді көргім келмейді

– «Көшпенділер» трилогиясында Жәнібек пен Әбілқайырдың қызы Ғайыпжамал арасында махаббат бейнеленеді. Ал телехикаяда Жәнібек хан мен Рәбиа бегімнің бір-біріне деген ынтық сезімі көрсетіледі. Бұл  өзгеріс режиссердің шешімі болды ма?

– Бұл көркем фильм болғандықтан сюжеттік желіде біраз өзгерді. Шынымен де бұл режиссер Рүстем мырзаның идеясы болатын. Алайда біз Рәбиа бегім мен Жәнібек арасында үлкен сезім бар екенін көрсетпедік. Телехикаяда Рәбианың жолдасы Әбілқайырға  опасыздық жасайтындай көріністер болмады. Тек екеуінің арасында болған балалық махаббат көрінісін көрсеттік. Режиссер осыған басымдылық беріп, осы сюжет желісі болғанын қалады. Алайда бұл шешіммен біз екі тұлғаның да атына кір келтірмедік деп ойлаймыз.

– Сіздің басыңыздағы тәж басқа кейіпкерлер образына қарағанда ерекше болды. Осы тәждің қалай жасалғаны жайында хабарыңыз бар ма?

– Шынымен де, осы тәжге қазір қызығушылық танытып жатқандар көп. Бұл –  осы телехикая үшін зергерлерге арнайы тапсырыспен жасалған тәж. Бұл эскизді зергерлер мен арнайы мамандар бірнеше рет талқылап, ақылдасып жасап шықты.

– Осы уақытқа дейін телехикаяларға түсуге келісім бермепсіз. Бұған не себеп?

– Мен осы уақытқа дейін телехикаяларға түскен жоқпын. «Қазақ хандығы» – менің алғашқы түскен телехикаям. Көптеген режиссерлер телехикаяға түсуге шақырды. Алайда сценарийлерін оқып көңілім толмағандықтан келісім бермедім. Мен фильмнің сапасына, сценарийіне  қатты мән беретін жанмын.  Ұсынылған бір көрініске түсу үшін мың ойланып барып шешім қабылдаймын. Мен үшін ол жоба жаныма жақын болуы керек, ол жобада жанымды салып жұмыс істей алуым тиіс. Мені халық ұмытып кетпесін деп кез келген фильмге түке салғым келмейді. Мен үшін кино бірінші кезекте – өнер, шығармашылық. Менің телехикаяға мүлдем түспеймін деген принципім жоқ. Тек әлі сәті түсіп жатқан жоқ. Егер көңілімнен шығатын жоба кездессе, міндетті түрде телехикаяларға түсемін.

– Одан өзге режиссерлерге қоятын қандай да бір талаптарыңыз бар ма?

– Сценарийде ашық көріністер болса, алдын ала режиссермен келісіп аламын. Мен кино әлемінде бір-ақ нәрседен бас тартамын, ол – анайы көріністерге түсу. Ал егер рөлге байланысты қандай да бір қиындықтар туса, мен одан қашпаймын.Картинки по запросу қарлығаш мұхамеджанова

– Жақында комедия жанрында бой көрсеттіңіз. Бұған дейін сізді мұндай рөлде көрмеп едік. Бұл тәжірибе көңіліңізден шықты ма? Жалпы комедияда ойнау қалай екен?

– Комедия – мен үшін жат жанр. Әр актер үшін комедияда ойнау қиын дер едім. Бұл жобада Нұртас Адамбаймен бірге жұмыс істеу қатты ұнады. Нұртасты  актерлермен жұмыс істей алатын кәсіби режиссер деп айта алар едім. Кейбір режиссерлер түсірілім алаңында отырып алып, не түсіріп жатқанын  өзі білмей қалады. Бұл актерлер үшін қиын жағдай. Ал Нұртас түсірілім алаңына нақты жоспармен келеді екен. Уақытты өте үнемді пайдаланады, актерлерді  бекер шаршатпайды. Бұл жағынан мен оған тәнті болдым. Ол – өзіне не керек екенін нақты білетін маман. Оның комедиясында ойнау маған қатты ұнады.

– Қарлығаш, өзіңіз түскен фильмдерге сын көзбен қарай аласыз ба? Одан бөлек көрермен пікірін қалай қабылдайсыз?

– Мен өзіме, жұмысыма өте қатал, сын көзбен қарайтын адаммын. Экраннан өзімді бей-жай отырып қарай алмаймын. Сондықтан өз ойыныма баға да бере алмаймын. Фильмнің тұсаукесер көрсетілімінде де қатты толқып, «қап, мына тұсын былай ойнағанымда ғой» деп өкініп өз-өзімді сынап-мінеп отырамын.  Фильмді көріп өз қателіктерімді тез байқаймын.  Сол себептен өзім түскен фильмдерімді көргім келмейді. Мен өз фильмдерімді көріп рахаттана алмаймын. Ал көрермен пікіріне өте жақсы қараймын. Сауатты пікірлерді бағалаймын. Десе де костюмге, гримге қатысты сындар менің тарапыма айтылуы дұрыс деп санамаймын.

– Ата-анаңыз фильмдеріңізді көре ме? Олар сіздің актерлік шеберлігіңізді қалай бағалайды?

– Оларға мен түскен фильмнің бәрі ұнай береді (күлді). Мен түскен фильмдердің бәрін көреді, қызығушылықпен талқылайды. Мені әр жобаға қатысқан сайын қатты уайымдайды. Алайда ата-анасы екенбіз деп, өтірік мақтамай, сындарын да айтып отырады. Менің көп жобалардан бас тартқанымды көріп ренжиді. Мысалы, жақында халықаралық ауқымды жобаға қатысуға келісім бермеген едім. Соны естіп, ата-анам ренішін білдірді.

Сұхбаттасқан Айнұры Есенғали

(Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/10/22/qarlyghash-muhamedzhanova-aktrisa-meni-halyq-umytyp-ketpesin-dep-kez-kelgen-filmge-tuse-salghym-kelmejdi/feed/ 0
Мырзан КЕНЖЕБАЙ, ақын, сыншы, көсемсөзші: Бізді оятатын Ғамзатов секілді қаламгерлер болмады! http://juldyz.kz/2018/10/19/myrzan-kenzhebaj-aqyn-synshy-koesemsoezshi-bizdi-oyatatyn-ghamzatov-sekildi-qalamgerler-bolmady/ http://juldyz.kz/2018/10/19/myrzan-kenzhebaj-aqyn-synshy-koesemsoezshi-bizdi-oyatatyn-ghamzatov-sekildi-qalamgerler-bolmady/#respond Fri, 19 Oct 2018 12:59:07 +0000 http://juldyz.kz/?p=14803
  • Мырзан аға, марқұм Есенқұл ақын өзінің бір өлеңінде: «Бұл дүние өркендеп өскен сайын нағыз ақын азайып бара жатыр» дейтіні бар еді. Сол айтпақшы, біздің қазіргі ақындар өзінің тарихи миссиясын атқара алып жатыр ма?
  •  Ақын деген кім, батыр деген кім? Батырдың иә, миссиясы онсыз да түсінікті ғой, ал өзін мен ақынмын деп, қолына қалам алған адам әсілі қайраткер болу керек менің ұғымымда. Ақын адам өзінің өлеңі һәм шығармашылығы арқылы махаббат, сезім лирикадан бұрын өзінің туған халқының мұң мен зарын, жоғы мен барын, өткені мен кеткенін жырлап, жариялап отыруға тиіс. Ақын дегендер қазіргідей тек қара басының ғана қамын күйіттемей, өз ұлтының кем-кетігін саралап, жоғын түгендеп, қоғамдағы халықтық мәселелерге әділдігін, төрелігін айтып отырса…
  • Сан ғасырлап алысқан қалмақ- жоңғар соғысы, бері келе мына орыстардың көрсеткен небір зұлматтарының бәрі бұл қазаққа оңай болып па? Қазір де шекеміздің қызып тұрғаны шамалы. Қазақ бүгінде құрып бара жатқан ұлтпыз. Ал, мұны көре, сезіне алатындар болса, қанеки… Мәселен, Махамбетті алайықшы. Ол:

    «Мен – мен едім, мен едім!

    Мен Нарында жүргенде

    Еңіреген ер едім.

    Исатайдың барында                                                 

    Екі тарлан бөрі едім.

    Қай қазақтан кем едім?» – дегенде Махамбет өзінің қара басының қамын айтқан жоқ, өзінің қандай ер болғанын айтқан жоқ. Халқын айтты. Елінің басынан өткен зарын айтты. Ал қазіргі біздің ақындарда осындай рух бар ма? Әрине, жоқ. Өйткені олар өз «менінен» аса алмай жүрген қортықтар. Бұларды ақын деп әспеттеудің өзі ұят әрі-беріден соң.

    • Cөзіңізді бөлейін, кешіріңіз, аға. Сонда біздің бүгінгі әңгімемізге тиек болып отырған ақын Расулдың қазақ шайырларынан айырмашылығы неде?
    • Расул Ғамзатовтың ұлылығы неде дегенде, ол өз өлеңдері арқылы бүкіл әлемге өзінің авар халқына деген кіршіксіз махаббатын, риясыз адалдығын паш етті. Тау халқының еркіндігін, олардың азаттық жолында қандай күрескер екенін насихаттады. Ол өзі сүйген халқына қалтқысыз қызмет етті.

    Жалпы, философиялық ілімге сүйенетін болсақ, егер бір тұлға құдайдың қандай да бір құдіретімен әлемдік деңгейдегі ұлылардың қатарына көтерілсе, онда оның айналып келгенде халыққа, ұлтына қызмет ету арқылы ғана көтерілгенін көреміз. Және бұл өзі тарих арқылы дәлелденген дүние. Оған мысалды мыңдап келтіруге болады. Мәселен, сол Ғамзатов пен біздің мына «великий» дейтін Олжасты алайықшы. Олжас екі сөзінің бірінде біз «общепланетарный, общечеловеческий масштабта сөйлеуіміз керек» деп соқты, Расул олай айтқан жоқ. Расул өзінің Дағыстанын, авар халқын айту арқылы әлемдік деңгейге көтерілді. Сол қылышынан қан тамып тұрған Кеңес заманында-ақ аз ғана тау халықтарының ділін, тілін, дінін зар еңіреп айту арқылы зау биікке көтерілді. Аварым деп жырлап жүріп-ақ, абыройы асқақтады.

    • Аға, сонда Расулдың Олжастан өзге замандастары болмады ма?!
    • Қарағым-ау, сол болмағанын айтайын деп отыр емеспін бе? Әлде болғандары айтамын десе, қазақта айтатын дүние табылмады деп ойлайсың ба? Қазақтың осы басынан қара бұлт арылған күні болды ма екен өзі? 30-жылдардағы ашаршылық кезінде 4,5 миллион қазақ қырылды. Айтса қайда қалды солар? Одан қазақтың жеріне «тың» деп, «целина» деп жан-жақтан 3 миллиондай топтаған келімсекті тоғытты-ай келіп. Олары тағы кілең ұры- қары, түрмеден қашқан қарақшы, баукеспелер еді. Біреуі айтты ма осыны? Мұны қайта трагедия деп қарағанның орнына, өзімізді керісінше кеңқолтық һәм кеңпейіл ұлтпыз деп масайрадық. Қазақтың байлығы тоналып, ділі қожырап, тілі шұбарланып жатты. Қыздары басқа ұлтқа тұрмысқа кетіп жатты. Оны біздікілер не деді? «О-о-о, интернационал семья құрдық, көпұлтты отбасы болдық» деп мақтанды. Ғамзатовпен замандас болған тағы да басқа Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин мен Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов сияқты ұлт зиялыларының бірде-біреуі сол кезде шырылдап, қазақтың жері кетіп бара жатыр, тілі құрып бара жатыр, рухы өліп бара жатыр деп мәселе көтере алды ма? Салт-дәстүріміз ойран болды, менталитетіміз бұзылды деді ме?

    Олжас айтқан «общечеловеческое мышление» дегеніміз – барып тұрған ессіздік! Қаттырақ айтсақ, сандырақ! Кез келген адам «планетарный масштабтағы» адам болу үшін, ең бірінші, өз ұлтының жанашыры болу керек, өз ұлтына қызмет ету керек!

    • «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай,

     Жыр жаза алмай жүрмін мен Расулдай.

     Расулдай…бағым да жүр ашылмай», – деп Мұқағали айтпақшы, сонда Расулды Расул еткен қай шығармасы?

    • Расулдың сол совет заманында екі томдық «Мой Дагестан» деген романы шықты, ерлік дегеніміз міне сол! Сіз «Менің Дағыстанымның» дүниеге қалай келгенін білесіз бе? Расулдың айтуынша, бір күні оған орыстың «Огонек» деген журналынан бір тілшілер хабарласады да: «Расул Гамзатович, бізге Дағыстан туралы бір-екі беттік материал жазып берсеңіз», – депті. «Бұлар маған не деп отыр? Сонда мыналардың ойынша, менің Дағыстаным бір-екі беттік қана материал болатындай дымы жоқ ел ме? Бұл деген барып тұрған қорлық қой!» – деп, Расул әлбетте жатып келіп ашуланады, қатты кеийді.

    Біреудің намысына тиюдің, біреудің біреуге үстемдік жүргізудің кейде осындай нәтижелі істерге түрткі болатыны да бар. Аналар үстем ғой енді. Орыстар үкім жүргізіп тұр, «Огонектің» азуы алты қарыс дегендей. Расулды намыс болса буып бара жатыр. «Мой Дагестан» деген идея міне осыдан туады. Содан, Расул авар халқының «огонёктықтар» мұрын шүйіре қарайтындай бейшара ұлыс еместігін, таулықтардың да өзге ел-жұртпен тең, керек десең, озық өзіндік тарихы мен мәдениеті бар, еркін ел екенін дәлелдеп берді. Өзінің сол аз ғана авар халқын бүкіл әлемге танытты, көкке көтерді.Похожее изображение

    Қазақ құлдық психологиядан ажыраған жоқ

    • Аға, сөзіңіз аузыңызда. Өткен аптада ғана Ресей арналарының бірінде Расул жайлы деректі фильм көрсетіліп жатты. Шынымды айтсам, Кеңес Одағы идеологиясының бір құралы есебінде жүрген діні де, ділі де бөлек шайырды орыстардың әлі күнге дейін дәріптеп келе жатқанына аздап таңғалдым. Бұл да бір саяси ойын ба, әлде…
    • Мен ол фильмді көрмедім. Сондықтан пәлен-түген деп баға бермей-ақ қояйын. Бірақ Дағыстанның Ресейдің құрамында отырғанын да ескермей болмайды бұл жерде. Бір қызық айтайын саған. Мәселен, Расул әдетте сөз төркінін: «Әбутәліп былай деген екен» деп бастаса, біздің қасқа маңдай ғұламалар: «Чернышевский «Что делать?» деген романында былай деп еді», «Некрасов былай деген» деп соқты ғой. Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Сәбит Мұқанов – бұлардың бәрі сөйтті. Ал Расул «Әбутәліп» деді, көрдіңіз бе? Және ол «құдай» деп сөйлейді, ал біздікілер Алланы ойыншық етеді. Бір ғана мысал, менің қолымда 2005 жылы «ҚазАқпарат» баспасынан басылып щыққан «Қазақтың мақал-мәтелдері» деген кітап тұр. Тәуелсіздік алғанымызға бақандай 14 жыл болған тұс. Осы кітапта «Молда өзін бір алдайды, елді екі алдайды» деген сөйлем бар. Сол баяғы совет заманындағы діндарларды әжуалау ұранымен қалып қойған қортық сана сол. Ол аз десең, «Ораза намаз тоқтықта, құйрығын қысар жоқтықта» дейді. Астын сызып айтайын, бұл Тәуелсіз Қазақстанның шығарып отырған кітабының сыйқы. Ол ол ма, «әуелі қазы болды, сонан соң қажы болды, ақырында алаяқтың өзі болды» дейді. Қайталап айтамын, мен мысал келтіріп отырған дүниелер «Қазақтың мақал-мәтелдері» деген кітаптан алынып отыр. Ал бұл қазақтың төл мақал-мәтелі емес, кейіннен қосылған, ойдан шығарылған, қазақты мазақ ететін сөздер. Сонда біз өзі кім болдық? «Ұра берсең құдай да өледі» дейді… Масқара… Құдайды қайсысы барып ұрып көрді екен? Бұл сол кешегі коммунистердің: «Құдайды атама, молдаң надан, Аллаң сандырақтан!» шығып отырған бүгінгі «мақалының» сыйқы ғой. Ұрғыш болсаң, одан да өзіңдегі құлдық, ездік санаңды атып ұрсайшы…

    Біз әлі оянған жоқпыз. Біз – әлі ұйықтап жатқан халықпыз. Өйткені, бізді оятатын осы Ғамзатов секілді қаламгерлер, интеллигенция болмады! Бұл біздің құлдық, жағымпаздық психологиямыздың тым тереңге тамыр жайып кеткендігінің бірден-бір көрінісі. Біреулер мұны 70 жыл орысқа бодан болғандығымыздан көреді. Ойбай-ау,бізден басқа республикалар да болды ғой сол орыстың бодандығында. Олар неге басқа, біз неге басқамыз осы? Біз неге әлі күнге басымызды тіктей алмай келеміз? Ренжімеңдер, бірақ дәл біздікіндей құлдық сана тіпті Африкада да жоқ, құдай біледі. Біз – әлі де құлмыз. Қазақ құлдық психологиядан ажыраған жоқ әлі. Байқаймын, ажырағысы келмейтін де сияқты тіпті! Сол Мәскеуге жалтақтау, сол орыстың қас-қабағын бағумен өміріміз өтіп жатыр. Бұрын жарайды, кеңес заманы дедік. Ал қазір ше, не кедергі? Тәуелсіздік алдық емес пе? Тәуелсіздік алған соң оянатын шығармыз деп үміттендік. Жоқ, оянған жоқпыз. Бұл біздің «национальное самосознание» дейді ғой, яғни ұлттық санамыздың, ұлттық намысымыздың оянбағаны. Оятатын интеллигенциямыздың сандырағының сарыны: «Ұлт-ұлт деп дараланып далбаңдамай, «общепланетарно» ойла!».

    Расулдың ерлігі- біздікілер сияқты ешкімге жалтаңдап, жаутаңдамай тау халқының еркіндігін, олардың ешқандай құлдыққа көнбейтіндігін, отаршылдыққа бас имейтіндігін сонау Совет заманында-ақ орыстардың өздеріне мойындатып кетті. Оның ерлігі – осы. Ол Шәмілді жырлады. Шәмілдің батырлығын жырлау арқылы халқын оятты. Ал біздер ше, Кенесарыны көтере алдық па? Ресейге қарсы соғысқан, орыстан жерін қорғаған Көтібарды не істедік? Мұхтар Әуезов өзінің «Айман-Шолпан» пьесасында осы Көтібар батырды жынұрған, есуас біреу етіп көрсетіп қойды. Ал ол орыс басқыншыларынан жерін қорғаған әрі батыр, әрі әулие Көтібар еді ғой. Тағы бір мысал: бүкіл Орта жүзге ислам дінін таратқан Науан Хазіретті Ғабит Мүсірепов апарады да «Ақан сері – Ақтоқтысында» аласұрған, жексұрын, сұмпайы етіп қояды. Біздің қасқалар осылай өздерін өздері мазақ етіп жатқанда, Расул авар халқының азаттық жолында күресіп өлетінін, өзінің ешқандай жерін, тілін сатпайтынын жырына арқау етіп, мадақтап отырды.

    • Өз өлеңдеріне ана тілімізді арқау еткен біздің ақындарымыз да баршылық емес пе? Олар жайлы не айтасыз?
    • Біз «тіл» десе болды, Қадырды айта бастаймыз. Бірдеңе болса, Қадыр айтты деп мақтанамыз. Ал сол Қадырымыз не деді? Ол: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деді. Біз соған мәзбіз.  Қадырдың сондағы айтпағы, мен  ағылшынша, французша, немісше – бәрін білемін, ал өз тілімді әрине құрметтеймін, сыйлаймын деді. Ол дегені – жай әйтеуір қазақ тілі өлмесе болыпты да, аман болса болды дегені. Расулдай ана тілім деп жанымды берем деген Қадыр болса, ол керісінше айтуы керек еді: «алдымен сен өзіңнің тіліңді біліп, сол тілде сөйлеп ал, сонан соң барып басқа тілді құрметте» деуі керек еді. Ал ол алдымен өзге тілдің бәрін біл де, сонан соң барып өз тіліңді құрметте дейді. Көрдіңіз бе, міне? Тағы да: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дейді. Сен енді осыны орысқа айтшы, «Настоящий русский – не русский, настоящий русский – это балалайка» деп? Орыс сен мені мазақ етіп отырсың деп, төбеңде әңгіртаяқ ойнатар. Е, айналайындар-ау, домбыра қазақты жасаған жоқ қой, керісінше домбыраны қазақ жасады.

    Сондықтан марқұм Қадырды Расулмен салыстыру күнә. Тоқетерін айтқанда, мен совет заманындағы ақын-жазушылардан да, бүгінгілерден де Расул Ғамзатовты көре алмай келе жатырмын.

    Сізге Расулдың тағы бір шеберлігін айтайын. Расул өзінің ана таудан ағып жатқан өзені бар ғой, таудан құлап, сарқырап ағып жатқан өзенінің өзін қызғанады. Қызғаныш болғанда, өзіміздің жерімізге құймай, сыртқа кетіп жатқанын қызғанады:

    «Тау өзені бұлғаңдасаң, бұлғаңда,

    Қалай ғана, сені ақымақ демес ел.

    Сусыз дымсыз, қаңсыған шөл жатқанда

    Мұхиттарға асығасың неге сен?» – дейді. Терек деген өзені Кура өзеніне құйып барып сыртқа ағып кетеді, соны айтады, өзімізде қаңсып жатқан шөл тұрғанда, соларға құймай, жөңкіліп сыртқа, мұхитқа кетіп бара жатқанына налиды.

    Жалпы қазақ өте дарақы ел. Жөн-жосықсыз мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Мына қызықты қараңыз, біздер осы күні «біз – Қазақ елі емес, біз – қазақстандықтармыз» дейміз. «Қазақстан – қазақтың ғана елі, қазақтың ғана жері емес, бәріне ортақ ел» деп кеуде соғамыз. Құдай-ау, сонда қазақтың өз Отаны қайда? «Қазақстанда 130 ұлт тұрады. Біз – көпұлтты, дархан елміз» дейміз. Айналайындар-оу, қайдағы ұлт? Олар диаспора ғой бар болғаны. Біз кімді алдамақшымыз онымен? Елбасымыз әне, орысша сөйлеген адамға қазақша жауап қайырған адам жұмыстан қуылсын дейді. Қазақ елінде қазақша үйрен, сөйле демейді. Қайта қазақша сөйлесең қуыласың, сотталасың дейді.Картинки по запросу мырзан кенжебаев

    Жоғарғы жақта қазаққа ашықтан ашық қарсы белсенді бір топ жұмыс жасап жатыр

    • Расулмен үндес, рухтас замандастарын таппадық делік. Ал қазіргі жас ақын- жазушылардан ше? Олардың арасында бар ма?
    • Бүгінгі  жас ақын-жазушылардың арасында қазір постмодернизм деген «дерт» шыққан. Өлеңді өздерінше неғұрлым түсініксіз етіп жазса, соғұрлым өтімді деп ойлайды. Жалған ойшылдық, өтірік уайымшылдық, өтірік қайғыру, құдды бір философиялық ойы бардай етіп жазғанды жаңалық көреді, соған құмар да болып алды. Бұлары енді барып тұрған жасандылық! Бүгінгі ақындарда өлеңді бұрмалағандарына, бітпейтін мүшәйраға қатысқандарына, екі-үш қатар тақпақ құрастырғанына мәз. Айтыста айтқан болады. Өкініштісі сол- ол айтыс та бір партияның қолшоқпарына айналып кетті. Қазіргі айтыс «Нұр Отанның» қызметшісі болды.
    • Аға, сонда қазақтан бір «Расулдың» шықпауының сіздіңше себебі неде?
    • Себебі көп… Соңғы кезде жасалынған көптеген сұрақ-жауаптардың нәтижесінде (опрос) бүгінде балаларын орыс мектебіне берушілер қайта 90-жылдардан бергі уақытта күрт көбейіпті. Тәуелсіздік алдық деп мақтанамыз, анығында елде сол әлі орысқа табыну белең алып тұр, орыс тілін абырой көру үдеп тұр…  Мұның себебі меніңше бізде жоғарғы жақта қазаққа ашықтан ашық қарсы бір топ, белсенді бір топ жұмыс жасап жатыр деп ойлаймын. Бұл және ешкімге де жасырын емес деп ойлаймын. Бүгінде ұлтты құртып, бітіруге айналғандар осылар. Оны бәрі де көріп-біліп отыр, тек айтуға шамалары жетпейді.
    • Мырзан аға, мына білім министрі Сағадиев кіргізген үш тілділікке қатысты қоғамда қазіргі таңда айтыс-тартыс өршіп тұр. Бірі дұрыс шешім десе, енді бірі баланы 12 жасқа дейін тек ана тілінде сусындатуымыз қажет деп жатыр. Сіздің айтар ойыңыз қалай?
    • Бұл да қазаққа жасалынып жатқан қастандық! Үштілділік, қала берсе, енді қытай тілін қосып, бір мемлекетте «төрттілділік» жасау деген әйтпесе, не сұмдық? Мына Ұлыбританияның Уэлльс аймағынан шыққан Дэвид Кристалл деген жазушы бар. Сол өзінің «Смерть языков» деген кітабында: «Бір ұлтты қырып, жоймай-ақ, атып-шаппай-ақ жер бетінен жойып жіберу оп-оңай. Ол үшін бір елде сол ұлттың тіліне екінші тілді, яғни қостілділікті енгізсе, үстем ұлттың тілі екінші тілді алдымен шұбарландырады, тілі шұбарланған халықтың санасы шұбарланады, содан барып шұбарланған санада үстем ұлтқа деген табынушылық пайда болады» дейді. Ал біздер «екітілділіктен» езіліп біткеніміз аз болғандай, үштілділік, қала берді, төрттілділікке өтіп жатырмыз.

    Қазақтар ғана қазақ тілін қазақтардың өзінен қорғайды

    • Латын әрпі жайлы не айтасыз?
    • «На одного корабля два капитана» дейтін сөзі бар орыстардың. Күлесің бе, күйесің бе? Бір кемеде екі капитан бола ма? Болмайды ғой. Немесе мен былай түсіндірейін, бір мемлекетте екі Президент бола ма? Болмайды. Сен ертең барып, Нұрекеңе айтып көрші: «Нұреке, кешіріңіз, менің де сіз секілді Елбасы болғым келіп тұр. Менің де Елбасы болуға ақым бар. Маған да қасыңыздан бір орын беріңіз. Мен Елбасы боламын», – деп көрші? Бір Құдай біледі, саған не істейтінін, әрине, Құдай оның бетін аулақ қылсын… Латын әрпі де алдау. Қазақты алдарқату. Бір мемлекеттің ішінде үштілділік, енді одан да сорақысы – бір мемлекеттің халқын біреуін латын әрпімен, екінші халқын кириллицамен оқыту ол қазаққа жасалынып жатқан үлкен қастандық!

    «Орыстілділер — өздеріңнің кириллицаларыңда қала беріңдер, ал сендер қазақтілділер латын әрпіне өтіңдер» дейді. Бұл әжуа ма, әлде өзі тапталған, ұйқыдағы халықсыңдар деп қазақты қорлау ма, мен түсінбедім. Болмаса, не масқара? Дұрыс, біз, қазақтар 40-шы жылдарда латынша оқыдық, оған дейін арабша жаздық, арабша оқыдық. Ал енді жарайды, соған бірте-бірте келе жатырмыз делік. Онда кіргіздің бе, бәріне бірдей кіргіз. Кіргізбейсің бе, өйтіп алашұбарландырып қайтеміз…кіргізбе! Жоқ, бізде айналып келіп, тағы да сол орыстарға жаутаңдау. Орыстар қиналмасын, солар ренжімесін деп соларға жалтақтау, солардың көңіліне жығылу. Әңгіменің қысқасы, бізде өзімізде қазаққа қарсы жұмыс жасап отырғандар бар, қазаққа жаны қастар бар.

    Ғұлама Расулдар азғантай ғана авар тілін қорғап кетсе, біздің мәңгүрттер тілімізді қырық құрап, қырық бөліп жатыр. Орыс не істесе, біз соны істейміз. Айтпасаң сөздің атасы өледі, бүгінде қазақ тілінің тағы бір дерті орыс тілінен тікелей аударылып қазаққа еніп жатқан кірме (калька) сөздердің шыға бастауы: «қуаныш сыйлады», «ие болды», «жалғасын табуда» деген сияқты. Сосын айтамыз: «әйелі еріне қошқардай екі ұл сыйлады» дейміз. Бұл орыстардан тікелей аударма. Қайдағы сыйлау, әйеліне тауықтар сыйлап кетіп пе? Қазақ сыйламаған, қазақ туған. Әйелі күйеуіне екі ұл туып берді деуіміз керек.

    КСРО кезінде 94 ұлт жойылып кетті. Мүмкін, одан да көп болуы… Бізде «Қазақ тілін қорғау ұйымы» деген бар. Енді қарашы, өз елінде, өз жерінде отырып өз тілін қорғау не деген сорақылық? Бұл әжуа бізден басқа қай елде бар? Қазақстанда отырып қазақ тілін қорғаймыз. Күлкілі ғой… Қазақ тілін сонда кімнен, қазақтардың өзінен қорғап отырмыз ба?

    Көреген Расул ұлтының, азғантай ғана авар халқының тарихтан жоғалмастай биік рухын қалап кетті. 80-ге келіп көз жұмарында: «Аварлықтар, атамекендеріңді сақтаңдар, қадірлеңдер!» – деп сол аз халқын аманаттап кеткен.

    • Мырзан аға, сіз туралы «қазақтың бүгінгі Асан қайғысы- Мырзан қайғы» дейтін сөз бар көрінеді. Енді сол көп қайғыдан, қоғамның жаралы дертінен аз ғана сәтке арылып, кейіпкеріміз Ғамзатовтың сырлы поэзиясына, және қазақ поэзиясына да бірер сәтке тоқталсақ..
    • Солай дей ме екен? (күліп алды).

    «Ақын боп өмір кешу оңай деймісің, қарағым, Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның», — деп Төлеген жырлап кеткендей, тіліміз үш айырланып, латын- кириллица деп ала шұбарланып жатқан соң, қазақтың күні шалқып тұрмаған соң, Абай айтқан «Қайғысыздың- бәрі асау» дегеніндей асау бола алмай, жан айқайымыз шығады да енді…

    Жоғарыда айтып өткенімдей, Расулдың  тілге, ділге қатысты шығармалары, «Менің Дағыстанымы» әрине шедевр! Оның отансүйгіштігі, өз елін дәріптеуі, тау халықтарының рухын жырлап, көкке көтеруі әрине ерлік! Ал, лирикасын мен аса ден қойып, зерттемеген адам емеспін.

    Ал қазақ пэзиясы дегенде тағы да кешегі Карл Маркс айтып кеткен: «сананы тұрмыс билейдінің» кері сорлағанда, осы біздің қазіргі қазақ поэзиясын да сорлатып жатқанына көз жұма өту мүмкін болмас.

    Қазақтың қазіргі поэзиясы: күнкөріс поэзиясы мен табынушылық поэзиясына айналды. Белгілі бір ақындарымыз шықты кезінде, Қонаевқа арнаған үш жүз жырымен, Бауыржан Момышұлына арнаған екі жүз өлеңімен мақтанып. Осыдан келіп, өзіңіз ойлаңыз, қоғамдағы жарасы сыртқа шығып жатқан мәселелерді бұл күнкөрісті ойлаған поэзия жырлап қайтсын? Олар қазір табынып, рухани жаңғырып жатыр. Олар тек «елбасылайды». Өздерінің Елбасыны жырлауға «миллиондататын» мүшәйралары да бітпейді. Қазақ поэзиясы шет елді «бағындырды» дейтін ұрандарын қайтерсің? Шетелге бірлі-екілі ақыны барып, ішіп-жеп келеді де, қазақтың поэзиясы түркі елдерін бағындырды деп кеудесін керіп, мақтанады-ай… Француздың К.А.Гельвеций деген философының мынадай сөзі бар: «Бір мемлекеттің басшысын мақтап-мақтап, ол басшыны мемлекетімен қосып жойып жіберуге болады», – деген. Абай айтып кеткен: «Уайым – ел қорғаны, есі барлық», – деп. Әбубәкір Кердері айтады: «Пенденің бәрі арманда, ақымақтың ғана мұңы жоқ», – дейді. Бізді қазір тыңдап отырсақ, Аллам сақтай гөр, Астанамыз асқақтап, аспанға өріліп, Қазақстанымыз жайнап, бақытсыздармен бақытты ел болып кеткенбіз. Әрине, лирика, табиғат, сезім Махаббат дегенді ешкім де жоққа шығармайды. Айналайындар-ау, бірақ ел басына күн туып жатса, қайдағы сезім, қайдағы лирика?  Мәңгілік ел болдық деп өтірік жырлап, өтірік қамсызданып, жоқ бақыттан екі езуіміз екі құлағымызда болып, шегірткедей шырылдай бергеннен ештеме ұтпаймыз.

    Жұлығы жыртық құлыным,

    Ертеңін іздеп шет елден,

    Сұмырай болды сұлуым

    Көрпесін әркім көтерген.

    Сөйлесем ата тілімен,

    Сөзімді шонжар ұқпайды.

    «Колаға» толған күбіден

    Шұбаттың иісі шықпайды.

    Қараймын оңға, солға да:

    Бұл ма, – деп, – бүкіл келешек.

    Біз күткен бақыт, сонда да,

    Дәл мына бақыт емес ед….

    Қазақстан мерекесі көп, берекесі жоқ ел болдық, қарағым…

    – Ақтарыла айтқан әңгімеңізге көп рақмет, аға!

    Сұхбаттасқан Ася АСЕТКИНА

    «Аңыз адам» журналы

    (ЕСКЕРТУ: материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіруге болмайды)

    ]]>
    http://juldyz.kz/2018/10/19/myrzan-kenzhebaj-aqyn-synshy-koesemsoezshi-bizdi-oyatatyn-ghamzatov-sekildi-qalamgerler-bolmady/feed/ 0
    Серікболсын Әбділдин, мемлекет және қоғам қайраткері: ЕЛДЕ ПРИВАТИЗАЦИЯ ЕМЕС, ШЫН МӘНІНДЕ «ПРИХВАТИЗАЦИЯ» БОЛДЫ… http://juldyz.kz/2018/10/19/serikbolsyn-abdildin-memleket-zhane-qogham-qajratkeri-elde-privatizatsiya-emes-shyn-maninde-prihvatizatsiya-boldy/ http://juldyz.kz/2018/10/19/serikbolsyn-abdildin-memleket-zhane-qogham-qajratkeri-elde-privatizatsiya-emes-shyn-maninde-prihvatizatsiya-boldy/#respond Fri, 19 Oct 2018 12:47:47 +0000 http://juldyz.kz/?p=14797 Мәскеуде де, Қазақстанда да Колбиннің орнына деген бәсекелестік қызу жүріп жатты 

    – Серікболсын аға, Еркін Әуелбеков қазіргі таңда елеусіз қалған, есімі ұмытыла бастаған тұлғалардың бірі. Бүгінгі ұрпақтан сұрасаң, ол кісінің кім болғандығын көбі біле бермейді. Сіздің ойыңызша, осынау әділетсіздікке не себеп болды?

    – Бүгінгі заман саясаты өткен Кеңес уақытын барынша ұмытуға бағытталған саясат емес пе? Мұның басты себептерінің ұшы осында жатқан сияқты. Мұны Елбасының өзі де Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында айтқан болатын. «Социализмді ұмытыңдар, мен сендерге Жаңа жақсы қоғам орнатып беремін» дегендей болған жоқ па? Кеңес Одағының елеулі жетістіктерін пайдаланудың орнына, олардың бәрін талқан етті. Совхоз, колхоздарды таратты, өнеркәсіп орындарының жұмысын тоқтатты. Бұл өзгерістерге «жекешелендіру-приватизация» деген атау берді, алайда ол шын мәнінде приватизация емес «Прихватизация» болды. Мен өзім мұны айтып та, жазып та жүрмін. Жарайды, социализм, компартия дегендер кінәлі-ақ болсын. Бірақ сол уақыттарда Қазақстанның өркендеуі керемет болған еді ғой. Д. Қонаевтың кітабында да жазылған, мен өзім де тексеріп көрдім. Соғыстан кейінгі отыз жылда Қазақстан экономикасы 6 есе ұлғайды. Осының бәріне қол жеткізген – халық. Егер сендер осы уақытты, социализм, коммунизм, Социалистік Қазақстанды жақтырмайтын болсаңдар, Қаныш Сәтбаев, Күләш Байсейітова, Мұхтар Әуезовтерді қайда қоясыңдар? Ол кезде ондай ұлы адамдар тіпті көп болатын. Осылардың қатарында үлкен облыстардың экономикасын көтерген Әуелбеков те бар. Бүгінде өзіңіз айтқандай, қазір бәрі елеусіз қалуда. Тарихшылар жан сақтаймыз деп, жағымпаздықпен айналысуда. Сондықтан да Әуелбековтің аты ұмытыла бастағаны рас.

    – Бүгінгі жастар білмесек те, аға буын арасында «ел тізгіні Әуелбековтың қолында болғанда ғой…» деген арман да жоқ емес екен. Расында, Еркін Нұржанұлының сол дәрежеге қол жеткізуі қаншалықты мүмкін болды?

    • Әрине, ертеректе Еркін Әуелбековтің шоқтығы биік болатын. Қазақстаннан Колбин кеткен соң, елді енді кім басқарады дегенде, үміткерлер тізімінде Әуелбеков бірінші тұратын. Алайда Еркінді сол орынға жібергісі келмегендер, аяғынан шалуға тырысқандар өте көп болды. Солардың бірі қазіргі Елбасымыз. Кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Президент болғанда, өзіне кеңесші етіп Әуелбековті сайлады. Сол жылдары Еркінмен жолығып, әңгімелесе қалсам ол Президентке үнемі наразы екендігін айтатын. Өндірісті де, ауылшаруашылығын да оңдырмай, халықты әбден жүдетті деп налитын.

    – Аға, ел арасында мынадай да қауесет жүрген көрінеді. Колбин орнынан түскен соң, Горбачев Назарбаев пен Әуелбековтен: «Қазақ еліне енді қайсың басшы боласың?» – деп сұрағанда, Еркін Нұржанұлы: «Сенің жасың кіші, алар асуларың да алда», – деп, жолын Нұрсұлтан Әбішұлына берген деседі. Бұл әңгіме шындыққа қаншалықты жақын?  

    – Ол шындыққа жатпайтын сөз. Сол жылдары мен Мәскеуде қызмет істедім. Колбин кеткен соң, Қазақстанда екі ай бойы бірінші хатшы болмады. КОКП Орталық Комитетінің адамдары Мәскеуге келіп түскен хаттарды тексеруге мені шақыратын. Басты үміткерлер ішінде Әуелбеков пен Назарбаев қана емес, Мақтай Сағдиев те, Меңдібаев та, Камалиденов те болды. Осылардың әрқайсысын Орталық Комитетте қолдайтындар да табылатын. Бірақ барлық үміткерлердің артынан арыз-жалаға толы хаттар орталыққа борап келіп жатты. Сол жақта жүріп, мен осы қағаздардың барлығын оқыдым. Кім жазғандығынан да хабардармын.

    – Сонда ол арыз-жалалардың көп бөлігі Әуелбековке қарсы жазылды  ма?

    – Үміткерлердің ішінде жала жабылмағаны жоқ. Тек Мақтай Сағдиевке ғана арыз аз түсті. Ал қалған үміткерлердің барлығы да жаланың астында қалды. Әсіресе, Президентіміз Назарбаевтың үстінен ең көп арыз түсті. Оны жасырып не бар, осынау шексіз арыздар үміткерлердің өзара таласынан, әрқайсысы билікке тезірек қол жеткізгісі келген ниеттерінен де тууы мүмкін. Мәскеуде де, Қазақстанда да Колбиннің орнына деген бәсекелестік қызу жүріп жатты. Тіпті, Әуелбековтің үстінен арыз жазғандардың арасында бәріміз танитын Олжас Сүлейменов те бар.Похожее изображение

    – Серікболсын аға, Еркін Әуелбеков пен Дінмұхамед Қонаевтың қарым-қатынасы соңғы жылдары шиеленісіп кетті деген пікірлер де бар. Бұл туралы не білесіз?

    – Дінмұхамед Қонаев өз заманының данышпаны, өте алғыр кісі болатын. Дегенмен ол кісіні де мінсіз деуге болмайды. Оның да пендешілігі бар еді. Әсіресе, Қонаевтың бір міні – сол заманның өзінде белең алған жүзге бөліну, рушылдығы болды. Ол кісінің Қазақстан аймақтарында кадрларды ауыстыру, жұмысқа тағайындау кезінде руына, туған жеріне қарай бөлетін өз есебі бар-тын. Ашығын айтсам, Қонаев арғындарды тәуір көрмеді. Еркін Орта жүзден шыққан, арғын руынан еді. Ал енді Нұрсұлтанды Димаш Ахметұлы Қарағандыдан өзі алып келген болатын. Және Оңтүстіктің тумасы, Ұлы жүздің жігіті болғандықтан, оған Қарағандыда да қолұшын созып, алдымен жай, кейін екінші хатшы етіп сайлады. Содан соң оны Алматыға әкеліп, Орталық Комитетке хатшы етіп қойды.

    Опасыздық дегенді қойсаңшы… Кейін, Қонаев орнынан түскеннен соң, «Халықтар Достығы» журналына шәкіртінің ұстазы Қонаевты жамандап, керемет мақала жазып, қатты-қатты сөздер айтқанын бәріміз де білеміз. Шындығында, Қонаев пен Әуелбеков арасында бір-бірімен таласатындай ештеңе болған жоқ. Бірақ, әлгі руға бөліну, жүзге бөліну деген секілді астыртын,  «кілемнің астындағы» саясат орын алғаны анық еді.

    Тарихшы болсам Е. Нұржанұлы туралы еңбек жазар едім

    – Аға, Еркін Әуелбековтің қызметі туралы айтқанда, Кеңес Одағы кезіндегі халыққа сіңірген орасан зор еңбегін қарастырамыз. Ал Тәуелсіз Қазақстан уақытына келсек, ол кісінің атқарған қызметі жоқтың қасындай болып көрінеді. Бұның себебі неде?

    – Енді Кеңес Одағы тараған соң, қолынан іс келетін, ел басқара алатын нағыз мамандарды, азаматтарды бүгінгі билік шеттетіп жіберді ғой. Олардан құтылу үшін толыққанды саясат та жүргізілді. «Қызылдар» деген ұғымдар белең алған болатын… ÐŸÐ¾Ñ…Ð¾Ð¶ÐµÐµ изображение

    – Сонда тек коммунист болғандары үшін ғана қызметтен шеттетілді ме?

    – Ол өте бұрыс саясат болатын. Кадрларды «қызыл» деп, «қоңыр» деп алаламай, ұйымдастыру қабілетіне қарай жіктеу керек еді. Нағыз көшбасшы, адал адамдарды қызметтен босатып, бірін зейнетке шығарса, бірін қызметтен қызметке ауыстырып, айдауға жібергендей болды. Олардың бәрінен құтылды. Мінекей, сондай адамдардың арасында Әуелбеков те кетіп қалды. Солардың арасында кейінірек мына мен де кетіп қалдым.

    – Еркін Әуелбековпен біраз жыл таныс, қызметтес болдыңыздар. Сіздің пайымдауыңызша, Еркін Нұржанұлының қызметінің шарықтау шегі қайсы? Ол кісінің қандай еңбегі тарихта алтын әріппен мәңгіге жазылады деп ойлайсыз?

    – Ең алдымен, Еркіннің Аралдың жанашыры болғаны және тың игеруге қосқан орасан үлесі дер едім. Сол кезде ауданда, облыста партияның бірінші хатшысы болып жүріп, тыңның көптеген маңызды мәселелерін шешті. Өзі басшылықта отырған Көкшетау облысы тек Қазақстан аймағында ғана емес, бүкіл Кеңес Одағында ең мол астық өнімдерін беруші олбысқа айналды. Сол кездерде, мен Еркінге іссапармен барып тұратынмын. Торғай облысында Халықаралық Ғарыш кемесін Еркін екеуіміз қабылдаған болатынбыз. Әуелбековтің сол тарихи күнгі қуанып, күліп жүрген суреттері архивтерде әлі күнге дейін сақталған.

    – Енді, адами азаматтығынан бірер сөз келтірсеңіз, аға…

    – Иә, мен сізге Әуелбековтің азаматтық тұсын айтайын. Ол кісі сөзге берік болатын. Өтірік айтпайтын. Ауылшаруашылығын ең терең меңгерген, жетік маман еді. Өжеттігі қандай еді. Қателік жасаған адамдардың жүзіне тура қарап тұрып, қатаң сөгіс беріп, бар кемшілігін бір-ақ айта салатын. Сол себептен де болар, Әуелбековтің қаталдығы, қатыгездігі туралы әр түрлі әңгімелер қаптап жүрді. Бірақ ол қарапайым халыққа өте көп жақсылық жасады. Өзім тарихшы болсам, қолыма қалам алып, Еркін Нұржанұлы туралы еңбек жазар едім. Өкінішке қарай, ондай мүмкіншілігім жоқ. Біз Еркінмен жиындарда, тойларда, қонақтарда бірге бірнеше рет болдық. Облыстарда қызмет атқаруға кетер алдында, үйіне барып, шай ішетінбіз. Еркінді көп жұрт тек коммунист тұрғысынан біледі, алайда ол сондай-ақ өте ұлтжанды адам болды. Қаны нағыз қазақ болатын. Оның өзінің туған халқына, Отанына деген махаббатын бөлек тақырып етіп қарастырса да болады. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын мықты білетін, үйіне барғанымда дастарқанға бас қойып, қонақжайлылық жоралғысын да жөнімен, жақсы ұстанатын. Дастарқан басында керемет жайдары еді. Жүрегі қазағым, елім деп соққан ер еді ғой, шіркін…

    – Серікболсын аға, Еркін Әуелбековтің қазасы туралы да көкейде көп сұрақ туады. Бұл туралы не дейсіз?

    – Ол ықтимал, мен бұл пікірді жоққа шығармаймын. Ғұмыр бойы спортпен шұғылданып өткен Еркіннің еш ауырмай-сырқамай, бірден қайтыс болғаны әлі күнге дейін күмән тудырады…

    Сұхбатыңызға рақмет!

    Сұхбаттасқан Ася АСЕТКИНА

    «Аңыз адам» журналы

    (ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіруге болмайды)

     

    ]]>
    http://juldyz.kz/2018/10/19/serikbolsyn-abdildin-memleket-zhane-qogham-qajratkeri-elde-privatizatsiya-emes-shyn-maninde-prihvatizatsiya-boldy/feed/ 0