Махаббат хикаясы — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Thu, 22 Nov 2018 06:45:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.7 Еркебұлан ДАЙЫРОВ, актер: Ләйләнің ата-анасы алғашында рұқсат бермеді http://juldyz.kz/2017/08/22/erkebulan-dajyrov-akter-lajlaninh-ata-anasy-alghashynda-ruqsat-bermedi/ http://juldyz.kz/2017/08/22/erkebulan-dajyrov-akter-lajlaninh-ata-anasy-alghashynda-ruqsat-bermedi/#comments Tue, 22 Aug 2017 17:28:48 +0000 http://juldyz.kz/?p=4576 – Осыдан бір жыл бұрын «Арманым – иманды, әдепті бір қазақ қызының қорғаны болу» деген едіңіз. Қорғаныңыз берік пе?
– Аллаға шүкір, қорғанымның іргетасы берік қаланған. Келіншегім Ләйлә өзіммен бір салада, театрда қызмет етеді. Негізі, жарымның басқа саладан болғанын қалайтынмын. Бірақ Алла тағала бізбен өзінің жос­парларын бөліспейді ғой (күліп). Қазір отбасын құру, жарыңды аялау, оған қорған болу бойдақтықтан әлдеқайда керемет дүние екенін сезіндім. Енді өзімді әке болуға дайындап жүрмін. Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын.


– Ләйләға деген сезіміңіз театрдан бастау алды ма?
– Иә. Жаныммен сүйетін театр маған тек атақ-даңқ, абырой ғана берген жоқ. Сонымен бірге өмірлік махаббатым болар жанды да кездестіруіме себепші болды. Ләйләні алғаш театрдан көрдім. Бізде «Ромео-Джульеттаның» репетициясы жүріп жатқан. Театрға жаңадан Ромеолар мен Джульетталар келіп, актерлер құрамы өзгеріп жатқан кез болатын. Бізге Ләйлә құрбысы Мадинамен келді. Шынымды айтайын, ол кезде қатты мән беріп, назар аудармадым. Ләйлә 1-2 апта өткен соң бұрыннан жұмыс істеп жүрген актерлік құраммен етене араласа бас­тады. Міне, сол кезде мені өзіне ғашық етті. Өйткені оның тәтті қылығы, күлкісі, тазалығы, шынайылығы, әлі дақ түспеген пәк көңілі жанымды бау­рап алды… Өзі туралы айтып жатқан жылы сөзіме келіншегімнің жүзі бал-бұл жанып, қасымда мәз болып отыр ғой, қараңызшы (Ләйлә жолдасына риза кейіппен жымиып бір қарады).
– Осыдан екі жыл бұрынғы сұхбатыңызда «Тоғыз жыл жүрегімде аялаған сезім иесіне батылдық танытып, сөз айта алмадым» деп едіңіз. Ал Ләйләнің көңілін қалай ауладыңыз?
– Бір жолы Ләйләмен театр дәлізінде кездесіп қалдым. «Кешке қолың бос болса, кино көріп қайтайық» деп кинотеатрға шақырдым. Қыздың өзі де кетәрі емес екен, келісе кетті (күліп). Киноға бардық, одан әрі қарай бәрі өз ағысымен кетті ғой. Тәптіштеп жатпай-ақ қояйын.

Еркебұлан
– Тойларыңыз қайда өтті?
– Тойды өзім туып-өскен жерім Қарасазда және Алматы қаласында жасадық. Қарасаз – әке-шешем сауық-сайран құрған жер, талайдың тойы­на барған жер. Мен де ол жақтан түбегейлі көшіп кеткен жоқпын, жиі барып сағынышымды, мауқымды басып тұрамын. Қарасаздың алдында бас имей кету менің тарапымнан әділетсіз болар еді. Сондықтан беташарды ауылда жасау менің перзенттік парызым болды. Ал Алматы армандарыма арқау болған, жанашыр достар тапқан мекенім болғандықтан, үйлену тойын осында жасадық.
– Ләйлә – небәрі жиырмадағы бойжеткен, ата-анасы басқосуларыңызға қарсылық білдірмеді ме?
– «Қызымыз әлі жас қой» деп ата-анасы алғашында рұқсат бермеді. Соңынан өздері келісіп, ақ баталарын берді. Әкесі келіп, молданың алдында некемізді қиды.

Еркебұлан
– Бала кезден болашақ жардың бейнесі санада сәулеленетіні белгілі. Өмір бойы іздеген адамыңыздан қателескен жоқсыз ба? Іздегеніңіз осы Ләйлә ма?
– Иә, таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Жан дүнием, жүрегім қалаған, өзім армандаған аруымды жолықтырдым. Ол, өзіңіз көргендей, міне, қасымда отыр.
– Актриса Ләйлә Дайыровтар әулетінде қандай келін? Ата-анаңызбен бір шаңырақ астында тұрасыздар ма?
– Әзірге бөлек тұрамыз. Шаңырағымызды кеңейтіп, үлкендеу үй сатып алсақ деген ниетіміз бар. Ниетімізге жетсек, ата-анаммен бірге бір шаңырақ астында тұрсақ, сол кезде Ләйләнің келіндік міндетін адал атқаратынына сенімім мол. Жалпы, ата-анам оған келіні емес, кенже қыздарындай қарайды. Сондықтан бұл қыз әлі тұрмыстың ауыр шаруасын көре қойған жоқ (күліп). Шаңырағымды кеңейтіп алсам, міндетті түрде қоныс тойын жасаймын. Сол кезде «Жұлдыздар отбасы» журналының ұжымын да шақырамын, бұйыртса.
– Келіншегіңізге жиі-жиі сыйлықтар жасап тұрасыз ба?
– Мен бойдақ кезімде, 27 жасқа дейін еркелеп жүрдім. Енді өзім аяу­лы жарымды еркелетіп жүрмін. 15 желтоқсан – махаббат хикаямыздың басталған күні, сондай отбасылық мерекеде, туған күнінде сыйлық беріп тұрамын.
Тойымыздың ертеңіне Ләйләнің туған күні еді. Сол күні тосын сый жасап, Ләйләнің ақша жүзін тортпен жуғаным бар. Қыз балалар – өздеріңіз сыйлықты жақсы көресіздер ғой. Күйкі тірліктің соңынан жүре бермей, бір уақ романтика, сезім дегенді де ұмытпаған жөн.

Еркебұлан

Шығармашылық адамдары әсершіл, сезімтал келеді. Арагідік өзге бір қыздарға көз тастап қоймайсыз ба?
– Айнұржан-ау, мұндай сұрақ қояр кезде алдын ала айтпадың ба? Дайын­далып алып, Ләйләсіз оңаша жауап берер едім ғой (күліп).
Ендеше, Ләйлә, құлағыңызды жаба қойыңыз…
– Шынымды айтайын, сіздердің оқырмандарыңыздың алдында құпиялап отырғаным жоқ. Иә, айналада көрікті қыздар көп. Бірақ сұлуларды көрсем, сұқтанып қарамай, көзімді тез алып қашамын. Бұл жерде әйелімнен қорқып отырғаным жоқ. Қолдан келгенше мойныма күнә жүктегім келмейді. Шариғат жағынан келгенде де, адами тұрғыдан да өзімді-өзім тыюға тырысамын. Тағы да қайталайын, адамға қашанда сабыр керек. Ең алдымен адам өз нәпсісімен күресе білуі керек. Мен үшін отбасым – ең қымбат дүнием. Сондықтан жылы ұямның берекесін сақтап, құтты шаңырақ болуына атсалысамын.

(…толық нұсқасы
«Жұлдыздар отбасы» журналының 

№1 (115)  2012 жылғы санында)

Сұхбаттасқан Ай-нұры ЕРМАХАНОВА

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/22/erkebulan-dajyrov-akter-lajlaninh-ata-anasy-alghashynda-ruqsat-bermedi/feed/ 2
Дінмұхамед Қонаев пен бибі Зуһра Шәріпқызы http://juldyz.kz/2017/08/22/dimash-agha-men-bibi-zu-ra/ http://juldyz.kz/2017/08/22/dimash-agha-men-bibi-zu-ra/#comments Tue, 22 Aug 2017 11:45:26 +0000 http://juldyz.kz/?p=5950 Димекең жарықтық тұп-тура елу жыл алты ай екі күн отасқан аяулы жары Зуһра Шәріпқызының басына көк тасын орнатып, жылын өткізген 1991 жылдың сәуір айының соңғы күндерінде екі жеті бойы үйден шықпай отырып алған.

Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы, тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зуһра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау ғып өткен, өле-өлгенше сыйласқан. Кішіпейіл де жайдары Зуһра Шәріпқызы «ұлықтың әйелімін» деп кергуді білмеген. Көпшілдігімен, қонақжайлығымен ағайын-туыс пен дос-жаранның көңілін таба білген. Қайын атасы Меңдіахметтің дәрет алар суына дейін жылытып беретін әдетінен бірде-бір рет жаңылмаған ол ибалы мінезімен ата-енесіне, еліне жаққан сыйлы келін болған. Зуһра Шәріпқызының өзіне адал жар болумен бірге үлкен серік, қамқор дос бола білгендігін ризалықпен еске алған Димекең басына қара бұлт үйірілген кездерге ой жүгірте отырып: «Есеп қызметкерлерінің табиғаты бөлек қой. Марқұм Зуһраш мен таңғалған бір іс жасады. Жылдар бойы алған затының есебін жүргізіп отырыпты. Не алса да ақшасын төлеп, квитанция­сын сақтап келіпті. Тіпті бағасына дейін көрсетіліп, сатып алғандығын растайтындай аты-жөні мен қолын қойдырып отырыпты. Маған араша түскен ең бас­ты құжаттар осы болды», – деген екен.
Өз перзентінің болмағанына қарамастан, Димекең бала көрсе еркелеткісі келіп тұратын өте бауырмал адам болыпты. Содан да інісінің балаларын әкелік мейіріммен бауырына басқан, олардың және басқа да іні-қарындастарының оқып білім алуына, дұрыс тәрбиеленуіне себепші болып отырған.

Көктемнің әсем көрінісінде ағаның көңіл түкпірінде жатқан тәтті сағынышын оятқан Ахат Әминұлының сөзі болды.

–  Зуһра Шәріпқызы осындай көктемге сонша іңкәр еді ғой…

Димекеңнің екі бетінің ұшына шоқтай-шоқтай боп қан ойнап шыға келді.

–  Кім дегеніне жете алған… Өмір үзілмей, үміт үзілмейді екен. Бүгін бір аунап түскен шығар. Ең соңғы екі тілегі бар еді. Соның бірі – осы сапар. Ниетіміз қабыл болғай! – деді үзіп-жарып. Үнінде бір қимастық сезім, қиналу бар. Көпке дейін үнсіз қалдық.

Мен ағаның жаңа басталған жазбасындағы Шал ақынның жақсы әйелге тән жеті қасиетін еске алып:

–  Аға, шүкір, Зуһра жеңгемізбен елу жыл бірге ғұмыр кештіңіз. Екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін тірлік. Өмірлік серігіңіз болған жанның бойынан сол қасиеттерді түгел таптыңыз ба? – деп, үш күннен бері мазалап келген сауалдың шетін шығардым. Аға ойға шомғандай, терезеден көз алмай, шыр айналып жатқан жазық далаға қараумен болды…

… Димекең үзілген әңгімені қайта сабақтап:

–  Сөзіңді жетім қалдырдым ба? Аруақтарға тәу етіп бара жатқан жолда ақ сөйлемей болмас. Ұзақ ойланғаным – сол. «Періштенің де бес міні бар» дейді… Оны кім бажайлаған? Өмір болған соң тәтті жұтып, ащы түкірген де кез келді… Жанкелді ақынның жақсы мен жаман жайлы айтқанын білесің бе? – деп шалқая түсіп, жауап күткендей бұрылып қарады. Шарасы кең, шуағы мол жанары күлімсірей түсті.

–  ?

–  Ол кісі: «Тобылғының түбінде торғай да бар,

Бір жақсы мен бір жақсы әр қайда бар.

Екі надан арасы күнде керіс,

Жақсы, жайсаң қосылар күн қайда бар?» – депті.

Келістіріп айтқан сөз осындай-ақ болар! Мен көзі тірісінде, әсіресе жас кезінде мін көргенімнің бәрі пендешілік екен. Жүрегіне үңіліп, терең түсіне алмағандығымнан туған «әттеген-айлар» екен. Әйтпесе Зуһра артында ұяты қалмау үшін өмір сүрген әйел еді ғой. Мен онымен өткізген күндерімді ең қымбат, ең қызық күндерім деп білемін. Елу жыл дегенің қас қағым сәт екен.

Зухра Шәріпқызының хоббиі: «Құран» кітабын, фарфор ыдыс-аяқ жинау. (500-дей «Құран» кітабы болған)

–  Жеңгеміз өз күнделігінде Цицеронның «Өзіне ғана тәуелді болған жан бәрінен де бақыттырақ» деген сөзін келтіріпті. Сол сөзден соң: «Тәуелді бола тұрып, тәуелді екеніңді білмей ғұмыр кешу одан да бақыттырақ!» деп жазыпты. Осында не сыр бар? – дедім.

–  Ашумен қас жақсыдан айырылып, қадірін білмес бір жаманға тап болмайын дегені шығар. – Димекең балаша күліп алды. – Бір мақтанайын деп едім, оның да сәті келмеді. Сендер менің айтайын дегенімді ұқпай қалдыңдар.

–  Ашу үстінде жеңгеміздің қолына түстіңіз бе?

–  Сабырлы, мінезді кісі еді. Цицеронның сөзіне орай есіме бір жай түсіп отыр. Қызметтен кеткен соң, ақыретте екі қолым жағаңда кетсін деп жүрген базбіреулер шаңымды қағып, жерден алып, жерге салғанын білесің. Сол кезде тыныш жатқан аруақтарға тіл тигізгендер де болды. Жалпы, Зуһра –анасынан ерте айырылып, өгей шеше қолында өскен қыз. Алтын жағасы болса да, жаға мен жең керектігін біліп өскен. Әкесі ауқатты ноғайлардың бірі екен. Оқығаны да, тоқығаны да бар. Орысшасын былай қойғанда, ағылшын, француз тілінен хабардар болған. Ол кісі беріде Ташкентте дүние салды.

–  Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуіндегі» Ялымов Шәріп қой?

–  Дәл сол кісі. Несін айтасың, «Ата жауымыздың басына құлпытас орнатты, бұл не сұмдық?» деп, сонау Ресейге дейін аттанған кезде Зуһра қатты қапаланды. Дұрыс жазса бір сәрі. Көк тас сүйегі Ташкентте жатқан әкесіне емес, Атбасардағы анасына қойылған-ды. Соны қырық саққа жүгіртіп, жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты қылған кезде: «Сенің биікке көтерілгеніңнің ызғары менің бишара анамның сүйегін сырқыратты-ау», – деп налығанын көргенімде, өзімді қоярға жер таппағаным бар.

–  Маңдай ақы, адал теріне сенген ескінің көзі ғой. Және он саусағынан өнер тамған іскер еді дегенді жиі еститінбіз…

–  «Қыз Жібек» фильмін көрдіңіз ғой. Сонда Шеге көл жағасынан сұр жебені суырып алып жатып: «Атқан қолдан айналдым…» деп әндете жөнеледі ғой… Осы, сен менің осал жерімді тауып алдың білем. – Маған жымия қарап алды да, әңгімесін сабақтады. – Сол айтқандай, қолы алтын еді ғой. Шіркін, саусақтары қандай сүйрік, сонша нәзік, сондай жұмсақ еді. Ақ мақтадай үлпілдеп тұратын. Соған қарап ел мына әйел ақсаусақ қой деп ойлар еді. Мүлде олай емес…

Зуһра Шәріпқызы орта білімді, есепші-экономист мамандығын алған. Соған қарамастан, көп оқушы еді. Қазақ әдебиетінен әлем әдебиетіне дейін, оның ішінде өнерге қатысты кітапты құр жібермейтін. Қайда бармайық, ол кісіге ең үлкен базарлығымыз – кітап-тұғын. Ел алтын жүзік, алтын білезік, алтын алқа іздесе, Зуһра Шәріпқызы дәспі жиыс­тырып, діни кітаптарды – Құранды қасиеттеп ұстайтын. Үйдегі ең үлкен шаруасы – кесте, кішкене кілемше тоқу. Димекеңе, кейде Елдарға, Диарға (менің ұлдарым) шұлық, түйе жүнінен кеудеше тоқып беретін жақсы әдеті бар-ды.

–  Аға, Зуһра жеңгемнің екі тілегі бар деп едіңіз. Ал екіншісін айтпас па екенсіз? – дедім.

Димаш Ахметұлы ауыр күрсініп:

–  Екіншісі дейсің бе? …Е, оған ауыз бара бермейді. Бірақ өзекті жанға бір өлім ғой түбі. Дүниеден озар алдында, ұмытпасам, бір жеті бұрын:

–  Димаш, – деді қолымды кеудесіне қарай тартып, – бір нәрсе айтсам, көңіліңе ауыр алмайсың ба?

–  О не дегенің? Қысылма…

–  Сенің атағың алысқа кеткен, кезінде ел сұраған адамсың. Саясатқа жығып, басқа бір жерге ала қашып жүре ме? Менің мәңгілік ұйқым тыныш болсын десең, бақилық ғұмырыңда да қасымда болшы…

Димекең осылай деді де, көзі жасаурап, теріс айнала берді. Менің көмейіме тас кептелгендей тығылып қалдым.

Димекеңнің ұнататын тағамы: тарыдан жасалған жент, палау, мәнті, қуырдақ, жұлма көже, ет, қазы.

Сусыны: қымыз, сүт қосқан шай, «Сарыағаш» суы, қарбыз шырыны.

Cерік ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ,«Бес мүшел белесінде» кітабынан)

Толық нұсқасы «АҢЫЗ АДАМ» журналы, №1(13) Қаңтар 2011 жылғы санында

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды қысқартып өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/08/22/dimash-agha-men-bibi-zu-ra/feed/ 1
Баян Нұрмышева: Біз аяқ астынан үйлендік… http://juldyz.kz/2017/07/18/bayan-nurmysheva-biz-ayaq-astynan-ujlendik/ http://juldyz.kz/2017/07/18/bayan-nurmysheva-biz-ayaq-astynan-ujlendik/#respond Tue, 18 Jul 2017 05:06:06 +0000 http://juldyz.kz/?p=4784 — «Көлденең келген көк аттымен» өмірімді қор қылғым келмейді, Жанымда парасатты бір азаматтың болғанын қалаймын» депсіз бір сұхбатыңызда. Ойыңыздағы адамды жолықтырдым деп ойлайсыз ба?
– Әрине. Егер Ерлан ойымдағы азамат болмаса, оған тұрмысқа шықпас едім. Біз әріптес ретінде бұрыннан таныспыз. Концерттерде, гастрольдік сапарларда, тойларда жолығып қалғанда үнемі өнер туралы, шығарма­шылығымыз туралы әңгімелесетінбіз, ой бөлісетінбіз. Бірақ ол кезде Ерланға тұрмысқа шығамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті.
– Ол кезде сезім ұшқыны байқалмап па еді?
– Жо-жоқ. Оған тұрмысқа шығамын деген ой мүлдем болған емес. Әріптес ретінде ғана сөйлесетінбіз. Бірақ кездейсоқ жолығып қалғанда Ерлан: «Радиоға сұхбат беруге бара жатырмын» немесе «Телевидение­ге кетіп бара жатырмын. Уақытың босқа өтпесін, жүр, бірге барып сұхбат беріп қайтайық», – деп қол ұшын беріп, көмектесіп жүретін. Сонда оның қамқорлығына, бауырмалдығына іштей риза болатынмын. Бірақ ол кезде арамызда сезім, махаббат болған жоқ.

Баян Нұрмышева
– Продюсер болу туралы ұсынысты Ерланға өзіңіз жасапсыз. Тәжірибелі, білікті продюсерлер көп қой. Неге таңдауыңыз Ерланға түсті?
– Ән жаздыру, бейнебаян түсіру, облыстарды аралап концерт беру – оның барлығын ұйымдастыру қыз балаға оңай емес екен. Қиналған сәттерде «шіркін, жанымда продюсерім болса ғой» деп ойлайтынмын. Сөйтіп жүргенде бір күні Ерланды кездестіріп қалдым. Ол Алматының маңындағы бір ауданда жеке концертін бергелі жатыр екен. «Сен де концертіме қатыс, бірге жүр», – деп қолқалады. Оның осы салаға икемі бар, еңбекқор жігіт екенін бұрыннан байқайтынмын. Сол концерттен кейін мен: «Жалғыз өзім ештеңеге үлгере алмаймын. Болашақта бірге жұмыс істесек қалай қарайсың? Мүмкін, продюсерім боларсың?» – деп ұсынысымды айттым. Содан бастап екеуміз Алматының маңындағы ауыл-аймақтарға концерт бере бастадық. Кейін гастрольдік сапарымыз өзге қалаларда, облыстарда жалғасын тауып жатты. «Жаныңдағы досыңды танығың келсе, сапарға шық» дейді ғой, екеуміз біраз уақыт сапарлас болдық. Жақын араласып, бір-бірімізді бұрынғыдан тереңірек тани түстік. Бір сөзбен айтқанда, бізді өнер тоғыстырды.
– Сіздей аруға көз салушылар да, сөз салушылар да көп қой. Алайда солардың ішінен Ерлан сіздің көңіліңізге қалай жол тапты? Қандай қасиеттерімен жүрегіңізді жаулады?
– Ер адамға тән барлық қасиеттер Ерланның бо­йында бар. Ең алдымен ол айтқан сөзінде, уәдесінде тұрады. Алдына қойған мақсатына жетуге, оны жүзеге асыруға тырысады. Адамдарға жаны ашып, қолынан келгенше көмектеседі, мейірімді. Жалпы, мен жанымнан Ерландай азаматты көргім келген. Осындай азаматты кездестіргенім үшін Аллаға мың да бір шүкіршілік айтамын. Осы уақытқа дейін қайда жүрсем де қамқорлық танытып, жанашырым бола білді. Ол шығармашылығыма да, өміріме де ешқашан бей-жай қараған емес.

Баян Ерлан
– Ерекше тосын сыйлық жасап, сізді қуантқан сәттері болды ма?
– Әрине, болды. 8 наурыз мерекесінде туған-туыс, таныстардан құттықтаулар естігеніммен, бұрын-соңды өзге біреуден арнайы сыйлық алып көрмеппін. Өткен жылғы 8 наурызда жұмыс арасында Ерлан: «Жүр, мейрамханаға барып тамақ ішіп қайтайық», – деді. Ойымда ештеңе жоқ, бардым. Әңгіме арасында «Оң қолыңды берші», – деді, бердім. Сөйтсем, ол тосын сый жасағысы келген екен. Қолыма алтын білезік тақты. Шыны керек, одан мұндай сыйлық күтпеген едім.
– Сезімін де осы кезде білдірді ме?
– Біз үш жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Бір жарым жылдан кейін ол маған сезімін білдіре бас­тады. Негізі, үйленгенімізге бір жылдай уақыт болды. Бірақ отбасын құрғанымызды бірден халыққа айтқан жоқпыз. Өйткені алдымен ата-аналарымыздың, туған-туыстарымыздың келісімін алайық, алдынан өтейік деп шештік. Ол жос­парымызды орындаған соң, халыққа бірігіп жасаған жұмысымыздың нәтижесін көрсетейік, халықтың көзі үйренсін дедік. Қазір соны айтатын уақыт келген сияқты.
– Ерлан үйлену туралы ұсынысты қалай айтты?
– (Күліп). Бұл күнді ешқашан ұмытпайтын шығармын. Ерлан екеуміз қай күні үйленетінімізді өзімізше алдын ала жоспарлап жүрген едік. Алайда бұл жоспарымыз өзгеріп, аяқ асты үйлендік.

Ерлан Баян
– Қалай сонда?
– Әкеміздің (Ерланның әкесі – авт.) туған жері – Мойынқұм ауылы. Ол кісінің өмірден өткеніне бес жыл болған екен. Бір күні Ерлан: «Мойынқұмға концерт қойып, артынан әкеме ас беріп қайтайық. Әрі сені де туыстарыммен таныстырамын», – деді. Мойынқұмға барып концерт қойдық. Концерттен кейін Ерланның үйіне бардық. Барған бойда әжесі: «Менің балам келін әкеліпті ғой», – деп мәз-мейрам болып, басыма орамал салды. «Мен… жай… танысуға келген едім…» – деп сасқалақтап, аң-таң болып қалдым. Үлкен кісілер таныстыру деген нәрсені онша түсіне бермейді ғой. Бүкіл келіндерін шақырып, отқа май құйғызу ырымдарын жасап кетті. Екінші күні ас беретін күн еді. Келген қонақтың барлығы «келініңіз құтты болсын!» деп мамамды (Ерланның анасы – авт.) құттықтап жүр. Осыдан кейін үйленбеске амалымыз қалмады (күлді).
– Бұл жаңалығыңызды анаңыз қалай қабылдады?
– Қанша дегенмен уайымдай­ды ғой, бұрын анам маған «Өтке­ніңді ойлай берме. Керісінше, болашағыңды ойла» деп жиі айтатын. Әрине, анам қуанып, батасын берді. Қызының құтты орнына қонып, теңін тапқанына кез келген ата-ана қуанады ғой.
– Танысуға бара жатқанда «Ерланның отбасы қалай қабылдар екен?» деп жүрексінген жоқсыз ба?
– «Қалай болар екен? Анасы қалай қабылдар екен?» деп қатты уайымдадым. Бірақ алғаш көргенде-ақ ол кісі мені жылы шыраймен қарсы алды. Мамам мені келініндей емес, өз қызындай қабылдады. Сондықтан үйге барғанда өз ауылыма барғандай боламын.
Қазір қайда тұрып жатырсыздар? Ата-енеңізбен бірге тұруға қалай қарайсыз?
– Мамам Таразда, Ерланның кіші бауырының қолында тұрады. Егер мамам Алматыға көшіп келсе, неге бірге тұрмасқа?! Қайта қуана қарсы алар едік. Өйткені үлкен кісілер шаңырақтың берекесі ғой.
– Бұған дейінгі өміріңіз оңай болған жоқ. Біраз қиындықты басыңыздан өткердіңіз. Шыныңызды айтыңызшы, қазір бақыттысыз ба?
– Осы көрген күнімді Құдай көпсінбесінші, Аллаға шүкір, бақыттымын.

(…толық нұсқасы «Жұлдыздар отбасы» журналының

№6 (192) 2015 жылғы санында)

]]>
http://juldyz.kz/2017/07/18/bayan-nurmysheva-biz-ayaq-astynan-ujlendik/feed/ 0
Айкерім Есенәлі, теле-радиожүргізуші: Мен оған бақыт сыйлағым келеді http://juldyz.kz/2017/06/22/ajkerim-esenali-tele-radiozhurgizushi-men-oghan-baqyt-syjlaghym-keledi/ http://juldyz.kz/2017/06/22/ajkerim-esenali-tele-radiozhurgizushi-men-oghan-baqyt-syjlaghym-keledi/#comments Thu, 22 Jun 2017 04:44:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=10217 Журналист, теле-радиожүргізуші, TV продюсер Айкерім Есенәлі жақында тұрмысқа шықты. Жұбайы –журналист, авторлық бағдарламалары арқылы танылған  Әнуарбек Жәлел. Тележүргізуші  Juldyz.kz  порталына өздерінің «Махаббат хикаясын» айтып берді.       

– Айкерім, жұбайыңызбен жарасымды жұп екендеріңізді оқырмандарыңыз жарыса жазып жатыр… Ал өздеріңіз қашан және қалай танысып едіңіздер?

–  Біздің таныстық пен алғашқы кездесуімізді Жаратқан өзі бұйыртқан деп ойлаймын. Барлығын егжей-тегжейлі баяндамайын. Бірақ, айтарым, екеуміз екі қалада болсақ та, кездесудің реті келіп тұрмаса да, жолымызды тоғыстырып, таныстырып, табыстырған сол – бұйрық.

– Дегенмен…

Біз әлеуметтік желі арқылы табысқан жұптардың біріміз (күліп). Өткен жылы наурыз мерекесінің тұсында алғаш кездестік.

–  Өзіңіз айтқан қашықтықты қалай жеңдіңіздер?

–  Негізі Алматы мен Астананың арасына «жол салған» біз сияқты жұптар көп қой. Рас, алғашқы уақытта екеуміз екі қаладан екенімізді, арамыздағы  1300 км  қашықтықты ойлап, өзіме тыйым салмақшы болдым. Бірақ хабарласып, әңгімелесіп жүрдік. Шынымды айтсам, бұрын мені  дәл бұлай  ешкім әсерлендірмеген. Күн  сайын кешке онымен 2-3 сағаттап мәз болып сөйлесетінімді өзім де байқамай қалыппын.  «Той-думан» телеарнасы ашылатын болып, Алматығы іссапарлар көбейді, одан өзге де жобалар бойынша жиі жол түседі бұл қалаға. Өзі де тосыннан талай рет Елордаға келіп, таң қалдырып жүрді.

 

Себебі, Алла Тағала бізге 24 сағат, 12 мүше, ақыл мен жүрек берген. Кез келген жағдайда үйлесімділік жасай алатын парасат берген…

Ал әріптес адаммен қарым қатынас құру қиын болған жоқ па?

–  Жұмыстағы Айкерім жұмыста қалады. Ол «маска» ауыстыру, жасандылық емес. Меніңше, қыз баласының бойындағы парасаттылық, нәзіктік, еркелік пен қылықты ешқандай мамандық пен қиын жағдайлар жойып жібермеуі тиіс.   Мен оның алдында әріптесі  емес, сүйіктісімін. Жұмыс туралы көп әңгіме қозғамаймыз да. Арадағы түсіністікті, үйлесімді сақтау   барлығы тәрбиеге байланысты. Сен өз азаматыңның  арқа сүйері, қолдаушысы, үйіндегі нәзік гүлісің. Бұл ұғым – бірінші орында болған кезде басқасы ырықсыз екінші планға ауысады деп ойлаймын. Басқасы маңызды емес те.

–  Инстаграмда пікір қалдырушылар саны тойдың кезінде тіпті артып кетті…

–  Ия, тілекшілер көп болды. Шүкір, әлеуметтік желіде аузына келгенді айтып, не болса соны жазатын «хейтерлер» менен аулақ жүреді. Кейде «Сіздің жігітіңіз сізге қарағанда әдемі екен» деген пікірлер келеді қыздар тарапынан (күліп). Келісемін, сымбатты жігіт.  Ондай пікірлерді көргенде тек күлеміз.

Дегенмен, осы бір жарасымды жұптың оқиғасы көпке қызық. Көпшілік үшін бұл тосын жаңалық болған сияқты. Қарым-қатынастарыңыз қалай өрбіді?

– Иә, тосын… Себебі, мен жеке өмірім туралы ақпаратты  ешқашан жұртшылыққа ашып айтқан емеспін. Ол – артық. Әнуар да сондай.  Тіпті «Шақыру» билетін таратқанға  дейін ешкім менің сырымды білмейтін. Сол кезде «сенің жігітің бар ма еді?» деп таң қалғандар да болды.  «Жеке өмір» деп аталған соң жеке болып қалуы керек. Ануар екеуміздің кағидамыз – осы. Ал үйлену тойы – ол өмірдегі маңызды қадам, оны құпияда ұстау артық деп ойлаймын. Негізі, «Адамдардың тағдыры – Алла жазған шығарма» деген бар ғой. Жоғарыда айтқанымдай, Ануармен танысқалы бері романтикалық науқанда керемет сәйкестіктер көп болды. Ең әдемі әсерлер, ең ерекше, қызықты кездесулер. Ұмытылмас сәттер – бәрі-бәрі біздің отбасымыздың тарихына айналады енді. Біздің қарым-қатынасымыз туралы бір-ақ нәрсе айта аламын, осы күнге дейін Аллаға шүкір, бір мәрте де келіспей, ұрысқан кезіміз болмапты. Сол үшін, үлкен жүректілігі, мол түсінігі, азаматтығы, адам баласына деген құрметі, тәрбиесі және мол махаббаты үшін жұбайыма алғыс айтамын.

– Тойларыңыз қалай болды?

– Ұзату тойы да, неке салтанаты да бәрі өте әсерлі, әдемі өтті. Оның барлығын ұйымдастырып, күн-түн демей, ұйқыны ұмытып, көмектескен  туған-туыс бауыр, ата-аналарға, үлкендерге алғыс айтамыз. Ән айтып, махаббатын білдірген Әнуар тойда тағы бір мәрте талайды таңдай қақтырды.

Келін болған қандай екен?

– Негізі адамның ниеті түзу болса, өмірінде барлығы жеңіл болады. Мен соған сенетін едім, қазір көзім жетіп жүр. Осы күнге дейін ешкімге зияным тиген жоқ, тек алғыс жинап қана, абыроймен жүруге тырыстым. Бәлкім, Жаратқанның маған берген сиы шығар, қайын жұртым өте жылы қабылдады. Қызындай қамқорлық  танытты.  Мойынду керек, қатты толқыдым, қорықтым, себебі, тағы да  «ана» деп айту, жаңа әулетке сіңісу … Қорқатынмын. Бірақ сүйген адамың болғаннан кейін оның туған-туысын да еріксіз жақсы көріп кетеді екенсің. Біреу сенер, біреу сенбес, бірақ шындық – осы. Сүйіктіңнің бойындағы қасиеттер сол жандардан дарығанына көзің жетеді.

Салт-дәстүр жағынан қиналған жоқсыз ба?

–Сәтпаев қаласына келін болып түстім. Мен барған жер қазақы салт-дәстүрді сақтаған керемет халық екен. Оңтүстіктен ерекшелеу дәстүрлері бар, айырмашылықтары бар. Басында, оңтүсітіктің дәстүрі бойынша, үлкендерге сәлем бергенімде  кейбіреулер  таң қалды, бірақ, батасын беріп, қуанды.  Сәтпаевта 20 күндей болдым. Ануардың әжесі де, анасы да түсініктері, жүректері үлкен адамдар. Маған қызындай қарайды. Көңілдерінен шығу үшін барымды салдым және құрметімді арттыра бермекпін.

– Тележүргізуші келінді әулет қалай қабылдады?

– Өте жақсы қабылдады. Мынандай қызық жағдай болды. Ануардың «Салмақты сөз» деген жобасы мен менің «Ой мен ойын» деген бағдарламам бірдей жексенбі күні сағат 10:00-да көрсетіледі. Екеуі де шамамен бір сағат көлемінде болады. Туыстарымыз екеуіңді қатар көріп кеттік қой деп әзілдеп тұрады.

–  Жұбайыңызды қандай қасиеті үшін жақсы көресіз?

– Сезімді түсіндіретін себеп болмайды. Кез-кеген ғашық адамнан сұраңызшы, «не үшін» деп, ол түсіндіре алмайды. Сол сияқты. Ануар  өте парасатты, жауапкершілігі өте жоғары, түсінігі мол, жігерлі азамат. Ең бастысы маған ықпал етудің жолдарын біледі.  Ал маған (Кіші Жүздің қызына) ықпал ету өте қиын. Сол үшін де құрметтеймін, сыйлаймын, сол үшін де болмысы менің алдымда әрдайым биік әрі қадірлі.

– Ануар мырза қызметіңізді қою керектігін айтса…

– Жұбайым айтса, әрине, қоямын. Ойланып қарасам, «Намыс дода»,  «Айгөлек», «Кеш Жарық», «Сәлем, Қазақстан» сияқты ірі жобалар, «Әйел бақыты» мен «Бірге таңдаймыз» сияқты әлеуметтік жобалар, «Таңшолпанды», Жаңалықтарды, Елбасының алдында да ірі кештерді  жүргіздім, сценарист те, редактор да, продюсер де болдым.  Шүкір. Мен неге мансаптың соңынан  жүгіре беруім керек?!..  Ендігі ірі жоба- ол әрине Отбасы. Әнуар маған жұмысты түбегейлі таста деп айта қоймас… қолдан келгенше, үлгерсем, жұмысымды ары қарай жалғастыра беремін.

–  Өз принциптеріңіз бен жүрек қалауыңыз қаншалықты сәйкес келеді?

– Адамның жүрек қалауы мен принциптері үйлеспесе, өз-өзімен ішкі татулық болмайды. Көп жағдайда ол дегеніне жете алмайды, біздің қоғамда ондай ашулы адамдар жоқ емес. Тәуба, ондайлардың  тізімінде емеспін! Анам үйреткендей,  адалдық және әділдік, түсіністік —  басты ұстанымым. Оларға адал болсам, менің ішкі жан дүниемде неге келіспеушілік болу керек?

Қыз бала – мейірім. Ер адам – күш. Әрқайсымыз өз орнымызды білсек, үйлесім сонда болады деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан Гүлім Рысқұл

Айзада Жайыққызы

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материал ішінен сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/22/ajkerim-esenali-tele-radiozhurgizushi-men-oghan-baqyt-syjlaghym-keledi/feed/ 5
Бақыт Тұрман, әнші: Қайрат болмағанда өнерге келмес пе едім? http://juldyz.kz/2017/06/20/baqyt-turman-anshi-qajrat-bolmaghanda-oenerge-kelmes-pe-edim/ http://juldyz.kz/2017/06/20/baqyt-turman-anshi-qajrat-bolmaghanda-oenerge-kelmes-pe-edim/#respond Tue, 20 Jun 2017 10:22:12 +0000 http://juldyz.kz/?p=11271 – Бақыт, «Қайталай беремін атыңды» атты бейнебаяныңызға отбасыңызбен түсіпсіз. Бұл жарыңыз Қайраттың идеясы ма?

– Негізі менің бұдан бөлек үш бейнебаяным бар. Бірақ ол клиптерімнің сапасы онша жақсы болмағандықтан жарнамаламадым. Ал сіз айтып отырған бейнебаянды түсіретін кезде бірнеше клипмейкермен ақылдастық. Сонда барлығы да «бұл клипке жарыңыз да түсу керек», – деді. Ал мен отбасылық жағдайды сахнаға шығару, клипке түсіру дегенді онша қолдамадым. Қайрат та оған келіспеді. Бірақ олар: «Қайрат танымал актер. Сізді көбісі Қайраттың жары ретінде біледі. Сондықтан бейнебаянға жарыңыздың түскені дұрыс», – деді. Содан кейін амал жоқ келістім (жымиды). Және ойда жоқта бейнебаянға кішкентай қыз да түсетін болды.  Ол бүлдіршінді жұрттың барлығы біздің қызымыз деп ойлапты. Ал шындығына келгенде ол бізге коттеджін жалға берген кісінің қызы еді.

– 7 сыныптан бастап Атыраудағы өнер академиясында оқыпсыз. Бұл мектепке ауысқаннан кейін өміріңіз тіптен өзгерген шығар?

– Мен 7-сыныпқа дейін Атыраудағы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепте оқыдым. 6-сыныпта оқып жүргенімде «Атырау облысының мәдениет күндері» деген үлкен байқауға қатыстым. Сол байқауда мені байқап қалса керек, Өнер мектебінің директоры мені өз мектептеріне оқуға шақырды. 6-сынып бітіргеннен кейін Өнер мектебіне ауыстым. Және бара салысымен 1-қыркүйекте «Ағажан ләтипа» деген әнді айттым. Сол кезден-ақ Қайрат мені ұнатып қалыпты. Қайрат менен екі сынып жоғары оқыды. Кейін танысып,  дос ретінде араласып жүрдік. Ол өте ұшқалақ, көп сөйлейтін, ақ көңіл бала еді. Онысы маған ұнамайтын. Және кілең қыздармен дос болатын. Қыздар оны өте жақсы көретін. Ол маған көпке дейін сезімін білдіріп, хат жазып жүрді. Ал мен екеуміздің мінезіміз екі түрлі болғандықтан ба, оны мүлдем қабылдай алмадым. Кейін ол оқуға Алматыға кетті. Бірақ сонда да маған хат жазуын тоқтатпады. Сөйтіп, ол сегіз жыл маған көңілін білдіріп,  келісімімді күтті. Кейін Алматыға оқуға тапсыруға келдім. Сол кезде де қамқорлық танытып, қасымнан табылды. Содан бастап оның жақсы адам екенін түсіндім. Бірақ неге екенін бәрібір оны болашақ жарым ретінде қабылдай алмадым.  Осыған ол қатты күйінген болуы керек бір күні ол: «Бақыт, мен сенің қасыңда жүруден шаршадым. Егер расында да менде көңілің болмаса, мен кетейін. Сен маған бір жауабыңды айт», – деді. Сол кезде ғана мен оған бауыр басып қалғанымды түсініп, «жарайды» деп келісімімді бердім. Содан бір жарым жылдай қыз бен жігіт болып жүре бастадық. Ал қазір оған тұрмысқа шыққаныма еш өкенбеймін және олсыз өмірімді де елестете алмаймын.

???когда обновляешь инстаграм

A post shared by Бакыт Турман (@bakyt_turman) on

– Жарыңыз Қайрат елге белгілі актер. «Әзіл әлемі» театрында үнемі әйелдер туралы, отбасылық мәселелер жөнінде монолог оқиды. Және барлық монологын «Менің әйелім…» деп бастайды. Сіз бұған ренжімейсіз бе?

– Осы сұрақ маған жиі қойылады. Шынын айту керек, оның айтып жүрген монологтарының көбісі менен алынған. Киім туралы болсын, бояну туралы болсын… Өйткені үнемі қасында жүретін әйел мен ғой.  Идеяны алады да, ары қарай әр түрлі элементтер қосып, қызық қылуға тырысады. Басында қарсылық бідірмейтінмін. Бірақ кейін студенттерімнің: «Апай, сіз үйде расында да сондайсыз ба?» деген сияқты сұрақтары көбейе бастады. Содан кейін мен де Қайратқа: «Бәлкім, әйелдер туралы монологты кішкене қысқартып, басқа тақырыптар туралы да айтарсың», – деп ескертіп көрдім. Бірақ, әйелдерді сахнада келемеждеу, мазақтау әртістердің әдеті ғой. Әрі мұндай тақырыптарды көрермен де жақсы қабылдайды. Сондықтан оның шығармашылығына көп жағдайда түсіністікпен қараймын.

Отбасы күні құтты болсын! Бізге мейрам болса болды әйтеур?? менен тілек: 1.Бір бастарыңыз екеу болсын, отбасылы болғанда ғана адамның өмірі мәнді болады. 2.Тығылып екінші әйел алып қатырам демеңдер, бір әйелдің қамын жасап алыңдар бірінші(ерлерге☝️) 3. Әйелдеріңізге мүмкіндігінше көңіл боліңіздер, жылы сөздер айтып, аялаңыздар! (ерлерге) 4. Үйімізді, бала-шағамызды ұқыпты, таза ұстап, ерлеріміздің тапқанын барынша орынды жұмсап, отбасымыздың берекесі мен мерекесін ұйымдастырып, нық ұстап отырсақ еш отағасы үйден қашпайтын болады?☺️(қыздарға) 5. Әлемдегі ең сен үшін жаны ашитын адам ол ата-анаң және жолдасың!☝️тек соларға ғана сенуге болады. Мереке құтты болсын! ???(тілектің аяғы ақыл айтуға ұласып кетіпті, мүмкін біреуге қажет боп қалар?)

A post shared by Бакыт Турман (@bakyt_turman) on

– Қайраттың оқыған монологтары сізге ұнай ма?

– «Барлығы ұнайды» деп өтірік айта алмаймын. Жалпы, қазір «Әзіл әлемі» театрының концертін көп көрмеймін. Себебі кейбір әзілдері ұнамайды. Оны өздеріне де талай айтқанмын. Концерттеріне қатысқан кезде менен: «Бүгінгі кешіміз қалай өтті?» – деп сұрайды. Сондай да өтірік мақтамай, мәймөңкелемей «бос сөз көп боп кетті, тым мыжып кеттіңдер» деп турасын айтамын.

Мой бедуин??

A post shared by Бакыт Турман (@bakyt_turman) on

– Жарыңыз сіздің өнеріңізді қолдай ма?

– Қолдағаннан кейін шығар, осылай ән жаздырып, бейнебаян түсіріп жүргенім (жымиды). Бұл жағынан жарыма ризамын. Қайрат қолынан келгенінің барлығын жасап, өнерімді дәріптеуге көмектесіп жатыр. Кейде «егер Қайрат болмағанда өнерге келмес пе, сахнаға қайта орлмас па едім?» деп ойлаймын. Аллаға шүкір, ол менің өнерімді түсінеді және қолдайды. Мен де қолымнан келгенінше оған қолдау көрсетіп, өнердегі жетістігіне мақтау айтып, аздаған кемшіліктері болса ескертіп отырамын.

Сұхбаттың толық нұсқасын журналдан оқи аласыздар!

(«Жұлдыздар отбасы» журналының

2017 жыл, №12 (246) санынан қысқартылып алынды)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды қысқартып өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/20/baqyt-turman-anshi-qajrat-bolmaghanda-oenerge-kelmes-pe-edim/feed/ 0
Бейбіт Сейдуалиева: Жарты жылдай «Тоқтар аға» болып жүрді http://juldyz.kz/2017/06/14/bejbit-sejdualieva-zharty-zhyldaj-ol-maghan-toqtar-agha-bolyp-zhurdi/ http://juldyz.kz/2017/06/14/bejbit-sejdualieva-zharty-zhyldaj-ol-maghan-toqtar-agha-bolyp-zhurdi/#respond Wed, 14 Jun 2017 03:36:30 +0000 http://juldyz.kz/?p=5768 – Баяғыда күн тәртібіңіз «Таңертең тұрам. Асымды ішіп, студияға барып ән жаздырам, онан кешке концерт» деп басталатын еді. Қазір ше?
Қазіргі күн тәртібім мүлде басқа. Ол кезде бойдақ едік. Бар көрген-білгенің – сахна, ән жаздыру, киім тіктіру… Мұның бәрі өз үйімнен ұзатылған соң-ақ тоқтады. Өйткені, сол күннен бастап мойныма үлкен міндет жүктелді. Бүгінде ең үлкен балам Беколжас емес, Тоқтар (күлді). Балам, ата-енем, абысын-ажын, туыстарым, төркінім бар… бәрінің алдындағы жауапкершілігімді сезінемін. Баяғыда өз үйімде таңертең анам бетімнен, әкем маңдайымнан сүйіп оятып, шайымды дайындап, аузыма тосып отыратын. Соларға еркелеп, кейде сәскеге дейін ұйықтайтынбыз. Үйдің кенжесі болған соң ба, сәл еркелеу өстім. Мамам таңғы асын ішпей, менің оянғанымды күтіп отыратын. Екеуміз көп әңгімелесетінбіз. Қазір сол анамнан көргенімнің, маған берген махаббатының, мейірімінің бәрін шамам келгенше күйеуім мен балама беруге тырысамын. Таңертең Тоқтар екеуміз таң намазына тұрамыз, сосын бір сағаттай мызғып аламыз. Сол уақытта Беколжас тұрмасыңа қоймай, «Мама, шай ішем, тамақ жейім» деп оятып алады. Баласының шайын берем дегенше, әкесі оянады. Үйдің тірлігімен жүргенде түс болады, түскі ас пісіремін. Одан тағы қыбыр-жыбыр тіршілік. Кешке тағы ас дайындаймын. Тоқтардың бір әдеті – тойға барса да, аш келеді. Үйдің тамағын жемесе, бүйірі томпаймайды. Міне, осылай өтіп жатқан өмір… Шыны керек, кейде сыртқа шығуды да ұмытып, кешті үй ішінде күйбеңдеп жүріп-ақ батырам. Мұның бәрі – мен үшін рахат тірлік. Күйеуім мен баламның тамағы тоқ, көйлегі таза, киімі бүтін болса, мен үшін бірінші біткен жұмыс сол.

– Әңгімеңізге қарағанда асханадан шықпайсыз-ау деймін? Қандай тағамдарды көп дайындайсыз?
– Екеуіне бар тәттіні пісірем, олар рахметін айтып, терлеп-тепшіп жеп алады. Баяғыда «қандай ән жаздырамын?» дейтін болсам, қазір «бүгін қандай ас дайындасам екен?» деп, кәдімгідей ас кітабымды ақтарып, дайындалам. Тоқтар негізі ұлттық тағамдарды жақсы көреді. Оған ет пен қамырды неше түрлі етіп жасап берсең де, жей береді. Кейде онысына қарсы шығып, басқа да жеңіл тағамдар дайындаймын. Корей тағамы – «кукси» жасап берем. Тоқтардың маған арнайы дайындататын тамағы – асбұршақ сорпасы. Мен үшін ең оңай ас – палау. Оңтүстіктің қызы болған соң, оған ебім бар. Тоқтар бұрын ұнатпаушы еді, кейінгі кезде палауды да жақсы көретін болды.

– Тұрмысқа шыққан соң өнеріңізбен емес, көбіне отбасыңызбен қалдыңыз. Ән айтқаннан гөрі балаңызға қарағанды, үйбикесі болғанды қаладыңыз. Шыны керек, «Бейбіт Сейдуәлиева» деген атыңыз бар сізді ешкім бүйтеді деп ойлаған жоқ. Не себептен бұлай жасадыңыз?
– Отбасында көрген тәрбиемнен шығар деп ойлаймын. Анам өте ақылды, сөзі тұрақты, ісі орнықты жан еді. Отырса да, тұрса да, ақылын айтып отыратын. Жүрегі соншалықты кең еді. «Кең болсаң, кем болмайсың» деп отыратын. Үйден қонақ үзілмейтін. Бүкіл ағайын-туыс қиындығы болсын, қуанышы болсын, менің анаммен ақылдасатын. Бүкіл әулеттің басын біріктіретін үлкен ақылшы-тұғын. «Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра», «Адам өлгенше үйреніп өтеді», «Әйел қашанда өзінің жолын білуі керек» деп отыратын. Титтейімнен үй жұмысына баулыды. Қазіргі үй тірлігіне деген тазалығым, жоқтан бар жасауым, бәрі-бәрі – анамның арқасы. Анамнан көріп-білгенімнің бәрі көз алдымда, құлағымда қалып қойды. Оның үстіне, мен ерте есейіп, өмірге ерте араластым. Өнерімнің арқасында талай танымал адамдармен дидарлас болдым. Бертін келе намаз оқи бастадым. Оның маған берген кереметін тіпті айтып жеткізе алмаймын! Алланың бойыма берген титтей дарынына, санасына рахмет. Әнші ретінде де, әйел ретінде де бір адамдай міндетімді жақсы білем. Мен үшін отбасымның тыныштығы – үлкен байлық. Кейде адам болған соң проблема болмай тұрмайды: отбасындағы түсінбеушіліктер немесе сырттағы қарым-қатынастағы келіспеушіліктер… Сондайда анамды іздеймін, сол кісінің ақылын аңсаймын. Таңғалатыным, 27 жасқа дейін анамның қойнында ұйықтап жүрдім. Сонда біреуді жамандап, бір адамға қиянат жасағанын көрмеппін. Кез келген адамның бойындағы ізгі қасиеттерді көруге ұмтылып, тіпті оның бойында жоқ жақсылықтарды сол адамға теліп отыратын. «Адамды мақтау өсіреді» дейтін. Осындай сезімтал, көрінгенге жаны ауырып жүретін адамдар ұзақ өмір сүрмей ме деп қалам. Көшенің арғы басындағы біреулердің жағдайын айтып, шай үстінде соған хабарласып, жағдайын біліп, әуре болатын да жататын. Мұның бәрін айтып отырғаным, анам көзі тірі болғанында да маған дәл осылай жасатар еді деп ойлаймын. Отбасымды бірінші кезекке қойғанымды қалар еді.
– Тоқтар ағамен қосылуларыңызға да сол кісі себеп болды ма?
Иә. Анам – өнерге келуіме де себепкер болған жан. Титтейімнен биге алып барды, ән байқауларына қатыстырды. Менің өнер адамы болуымды қатты қалады. Бірақ пенде болған соң адаспай, жаңылмай тұрмайсың. Оның үстіне, мың жерден ақылды болсаң да, ортаң, айналаңдағы адамдар жаңылыстырады. Тоқтар екеуміз үшін де елдің алдында жүру оңайға соққан жоқ. Өйткені, бастапқыда екеуміз қол ұстасып жүргеніміз туралы елге айтып қойдық та, көптеген журналистер әңгімені басқа жаққа бұрып алды. Ортамызға от тастады. Біздің жеке өмірімізді өсек-аяңға айналдырып жіберді. Содан кейін екеуміз де ол туралы тіс жармауға тырыстық. Мен әке-шешемнің көзі тірі тұрғанда қалай «Мен жігітпен жүремін» деп айтамын? Олар оқымай ма? Әркімнің жеке өмірі өзіне, онда ешкімнің шаруасы болмау керек. Мейлі, оның бәрі өтті-кетті ғой. Жасырмаймын, сондайда ойымда «шынымен біз бақытты болып кете аламыз ба, жоқ па?» деген сенімсіздік тұрды. Қатты қиналғанда, «Екеуміз өнерде бірге болғанымызбен, өмірде бірге болмаймыз» деген де кезіміз болды. Сонда анам «Басқа біреумен бас қосқанның өзінде осы қиындықтарға кезікпеймін деп ойлайсың ба?» деді. Шынымен ойланып қалдым. Анамның сол сөзінен кейін райымнан қайттым. Мамамды өнерде жүрген Ақбота, Айгүл Иманбаева, Сандуғаштар да «мама» дейтін. Тоқтар екеуі танысқан күннен-ақ тіл табысып кетті. Ол кезде мен «Тоқтар аға» дейтінмін. Мамам бастапқыда Тоқтарды менің досым ретінде, өнердегі арқа сүйер ағам ретінде көрді.

ТОҚТАР: МЕНІҢ МАХАББАТТА ЖОЛЫМНЫҢ БОЛУЫ — БҰЛ ТАҒЫ ДА ӨНЕРІМНІҢ АРҚАСЫ. МЕН БЕЙБІТТІ ӨНЕРДЕ ЖҮРІП ТАПТЫМ. БЕЙБІТТІ ЖАҚСЫ КӨРДІМ ӘЛІ ДЕ ҒАШЫҚПЫН! ЖАНЫМА ЕРТІП ЖҮРГІМ КЕЛЕТІН. ҚЫЗ БАЛА БОЛҒАННАН КЕЙІН ТИІСЕТІН ЖАУ КӨП. СОНДАЙ БІР СӘТТЕОДЕ АҒА БОЛҒЫМ КЕЛДІ. БЕЙБІТКЕ АҒА БОЛЫП ЖҮРІП, БІР КҮНДЕРІ СОЛ АҒАЛЫҚТЫҢ АРҚАСЫНДА МАХАББАТ СЕЗІМІ ПАЙДА БОЛДЫ. МЕН ОНЫ ЕШКІМГЕ БЕРГІМ КЕЛЕДІ. ОСЫЛАЙ ЖҮРГЕНДЕ АРАДА ЖЕТ ЖЫЛ УАҚЫТ ӨТТІ. СОЛ ЖЕТІ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ЕКЕУМІЗ ТАЛАЙ КОНЦЕРТТЕРДІ ӨТКІЗДІК, ҚАНШАМА АЛЬБОМНЫҢ ИЕСІ БОЛДЫҚ. АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ АЛЛА БІЗГЕ О БАСЫНДА ОСЫНДАЙ ТҮЗУ ЖОЛ БЕРІП, ӨЗІ СОНЫ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРҒАНДАЙ СЕЗІЛДІ МАҒАН. АЛЛА МАҒАН «ОСЫ ҚЫЗДАН АЙРЫЛМА!» ДЕГЕНДЕЙ ЖОЛ СІЛТЕДІ. АДАСАТЫН СӘТТЕР КЕЛГЕНДЕ ДЕ АЛЛА МЕНІ АДАСТЫРМАДЫ, АҒА. МЕН СОНДАЙ СӘТТЕРДЕ ДЕ ЖОЛ ТАУЫП КЕТТІМ. РАСЫНДА ДА, МЕН ЕНДІГІ ӨМІРІМ ТУРАЛЫ, БОЛАШАҒЫМ ТУРАЛЫ ОЙЛАҒАНДА МЫНАДАЙ ОЙҒА КЕЛЕМІН:  «АЛЛА ТАҒАЛА АДАМ БАЛАСЫН ЕКІ КӨЗІ, ЕК АЯҒЫ, ЕКІ ҚОЛЫ БАР ЕТІП, САНА-СЕЗІМІН МЫҚТЫ ЕТІП ЖАРАТҚАН. БІРАҚ, ЕРТЕҢГІ КҮНІН БОЛЖАЙ АЛМАЙТЫН ЕТІП ҚОЙҒАН, ЯҒНИ, СОЛ САНАНЫ ҒАНА БЕРМЕЙ ҚОЙҒАН. АЛ, БІЗДЕН ШАЙТАННЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ СОЛ — АЛДЫН БОЛЖАЙ БІЛЕДІ. АЛ, БІЗ, АДАМ АТА — ХАУА АНАНЫҢ ҰРПАҒЫ, БОЛАШАҚТЫҢ НЕ БОЛАРЫН БІЛМЕЙМІЗ. БІРАҚ, МЕН СЕНЕМІН! МЕНДЕ ҮЛКЕН БОЛАШАҚ БАР!

– Бүгін сізді бақытты етіп отырған Тоқтар екеуіңізді өнер табыстырды. Мен сіздердің бүгінгі бақытты шаңырақ болуларыңызға ең алғаш баспалдақ болған дуэттеріңіз жайлы сұрағым келіп отыр. Ол қай ән еді?
Мүмкін, өнер болмағанда бір-бірімізді танымас та ма едік, кім білсін? Алғашқы дуэтіміз 2002 жылы орындаған Халықберген Әбілжановтың әні – «Өзің ғана» болатын. Ең алғаш Тоқтар мені 2000 жылдың қазанында «Нұр-Мұқасанның» шығармашылық кешінде көріпті. Ұлықпан Жолдасов екеуі көрермен болып келген. Ал мен сол кешке қонақ ретінде қатысып, «Өткен күндер» деген әнді орындадым. Менің ән айтуым, дауысым Тоқтарға ұнапты. Кейін Исраил Сапарбай ағамыз Тоқтар мен Ұлықпанға: «Маған жақсы ән айта алатын әнші қыз керек, керемет бір әнім бар», – депті. Бұлардың есіне мен түсіп, ағаға айтыпты. Содан сол кешке қатысқан адамдарға хабарласып жүріп, мені тауып алды да, әнді берді. Ол – қазіргі менің репертуарымда жүрген «Ностальгия» әні болатын. Тоқтар екеуміз алғаш сол жерде таныстық. Сосын «Көршінің қызын» жаздырған кезде, Ұлықпан екеуі маған хабарласып, «әннің ортасында жай ғана ыңылдап қосылатын қыз баланың дауысы керек болып тұр», – деп шақырды. Келдім де, тапсырмаларын орындап, кеттім. Сәл күннен кейін Тоқтардың кеші. Тоқаң сол жерде-ақ «мына қызбен дуэт жаздырсам» деп ойлаған болуы керек, маған қайта хабарласып, ұсынысын айтты. Жасырмаймын, алғашында қорқақтадым. Өйткені, Тоқтар – белгілі өнерпаз, ал мен шығармашылығымды енді жолға қойып келе жатқан жас әншімін. Бірақ көп ойланбай келісімімді бердім. Сонымен «Өзің ғана» деген әнге екеуміз дуэт жаздырдық. 2002 жылдың 14 сәуірі күні Тоқтардың «Жүрегім жүрегіңмен егіз бе еді?» деген алғашқы шығармашылық кешінде айтып шықтық. Ел өте жақсы қабылдады. Жарты жылдай «Тоқтар аға» болып жүрді. Кейін көзімен, сөзімен жігіт ретінде бір қылықтарын көрсете бастады. Мен «бұлай жасамаса екен» деп ұялатынмын. Тоқтармен өнерде, өмірде тоғысуымыз солай басталды.

(«Жұлдыздар отбасы» журналының

2008 жыл, №8 (25) санынан қысқартылып алынды)

Сұхбаттасқан: Әлия Құдайбергенова

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды қысқартып өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/14/bejbit-sejdualieva-zharty-zhyldaj-ol-maghan-toqtar-agha-bolyp-zhurdi/feed/ 0
Тұрсынбек Қабатов: «Мынау сенікі» деп жүрек сигнал берді http://juldyz.kz/2017/05/30/tursynbek-qabatov-mynau-seniki-dep-zhurek-signal-berdi/ http://juldyz.kz/2017/05/30/tursynbek-qabatov-mynau-seniki-dep-zhurek-signal-berdi/#respond Tue, 30 May 2017 08:31:44 +0000 http://juldyz.kz/?p=3468 — Сіздің сүп-сүйкімді жарыңыз бар. «Ауылдан келгенде небір қиындықты көрдім, қап-қара болғам» дейсіз. Жарыңызды өзіңізге қалай қараттыңыз?
– Жалпы, мен кез келген нәрсені әріден қарап жоспарлап отырамын. Мысалы, театр­ды ашар алдында үш жылға ­жоспар құрып тастағам. Қалай болатыны, не болатыны – бәрін жоспарлап қойғанмын. Қазір сол жоспармен келе жатырмыз. Сол сияқты Астанаға келген соң жарымды осы жақтан табайын деп ойладым. Университетке түскен жылы студенттікке қабылдау салтанатында сахнадағы оркестрде домбыра тартып отырған бір қызды көрдім.
– Әдемі қыз көзге түсті, жүрек дір етті дейсіз ғой?
– Әдемі болған соң көзге түседі ғой енді. «Мынау сенікі» деп жүрек те сигнал береді екен (күлді).
– Бұған дейін ондай жағдай болмаған ба еді?
– Әдемі қызға қарайсың, бірақ сигнал болмайтын. Ал мына қыз жатсам-тұрсам көңілімде жүрді де қойды. Басында ол қарамады. Қап-қара жігіт кімге керек?! Жарты жылдан кейін шын жақсы көретініме көзі жете бастады-ау деймін. Кафеге шақырсам келетін болды. Жалпы, мінезі қатты қыз емес, дегенмен мен келгенде жымиятын. Жанындағы құрбылары мұны қайтесің дейтін. Жарты жылдан кейін ол жібіп, бірге жүре бастадық. «Бұл қыз оқу бітірсе маған қарамай кетеді-ау» деп ойладым да, үйленейік деп мазасын ала бастадым. Ол оқуымды бітірейін дейді. Ал мен оқуын бітірген соң қыздан айырылып қалатынымды білдім. Содан 3-курстың каникулында ауылынан алып қашып, Астанадағы кішкентай жатақханаға түсірдім.
– Ол бар жердің қызы ма?
– Иә, бар жердің қызы. Ондайды көрмеген, аздап «шок» болды. Шешесі ертерек қайтыс болған. Ал әкесіне риза болғаным, сен анаусың-мынаусың деген жоқ. Керісінше, Мөлдірге (әйеліме): «Ер адам кешкі тамақ ішпесе де болады, ал таңғы тамағын ішіп шықсын», – деп отыратын. Бастапқыда менің курткамды астымызға төсеп, оныкін жамылып жататынбыз. Пластмасса ыдыстармен тамақ іштік. Ал ең бірінші алған жиһазымыз электр плиткасы еді. Сөйтіп-сөйтіп, үй болдық қой.
– Қазір қанша көлік, қанша үйіңіз бар?
– Кеудемді қағып, мынанша көлік, мынанша пәтерім бар дей алмаймын. Астана қаласының әкімдігі берген пәтерде тұрамын. Жеке көлігім бар. Үш баламның екеуі балабақшаға, біреуі мектепке барады.
– Үш қызыңыз бар екен, жұмаққа баратын болдыңыз ғой?
– Енді оны бір Алла біледі. Бәрі солай қалжыңдап жатады. Менің ойым – сол қыздарды дүниеге әкеліп қана қоймай, жақсы тәрбие беріп, аман-есен ұзатып жіберу.
– Үйде сізді әзілдемей өзімен-өзі жүреді деп естідім...
– Енді үйде сахнадағыдай әзілдеп жүре алмайсың ғой.
– Өмірде тұйықсыз ба сонда?
– Тұйықпын. Оған былай қарайық. Әр адамның жұмысы бар. Мысалы, сіз үйіңізге барғанда отырып алып ешкімді сұрақтың астына алмайсыз ғой. Сол секілді мен де үйде өзіммен-өзіммін.

(…толық нұсқасы
Жұлдыздар отбасы журналының 

 №19 (133) қазан 2012 жылғы
 санында)

Сұхбатты жүргізген «Сырласу» бағдарламасының жүргізушісі
Әйгерім СЕЙФОЛЛА,
Жазбаша нұсқасын қағазға түсірген Данияр ЖАНЫСОВ

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/30/tursynbek-qabatov-mynau-seniki-dep-zhurek-signal-berdi/feed/ 0
Нұрсұлтан Жақсыгенов, жас актер: Сахнадағы ұсыныстан кейін Арай 5 сағат сөйлемеді http://juldyz.kz/2017/05/29/nursultan-zhaqsygenov-zhas-akter-sahnadaghy-usynystan-kejin-araj-5-saghat-soejlemedi/ http://juldyz.kz/2017/05/29/nursultan-zhaqsygenov-zhas-akter-sahnadaghy-usynystan-kejin-araj-5-saghat-soejlemedi/#comments Mon, 29 May 2017 06:16:14 +0000 http://juldyz.kz/?p=10679 Нұрсұлтан Жақсыгенов — жас актер. Көпшілікке «Жайдарман» ойыны арқылы танылған ол бүгінде жас актер. Нұрсұлтан бұған дейін «Жаңа қоныс», «Q елі», т.б. киноларға түскен. Жас актердің juldyz.kz порталына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

 — Нұрсұлтан, білуімізше, филологсыз. Актерлікке қалай келдіңіз?

— Мен алғашқыда Т.Жүргенов Өнер академиясына тапсырғым келді. Оған түсе алмадым. Кейін журналистика факультетіне тапсырдым, оған да түспедім. Сосын филология факультетіне түстім. КВН ойнап жүрдім. Жайдарман сахнасына Созақтың атынан 2009 жылы шықтым. Одан кейін Астанаға келіп, ҚазҰУ командасында ойнадық. «Назар аудар» кубок алған жылы біз 2-ші орын алдық. Содан Жайдарманнан кетеміз деп шештік. Бірақ, 2013 жылдың соңында Есен аға «туған күніме Ұлттық құрама қайта келсін» деді. Өтінішін орындадық. Сол жылы чемпион болдық.

— Бала Нұрсұлтан бұзық болды ма?

-Кішкене кезімде ондай қатты тентек болмадым. Көбіне маманың өасында жүрдім. Өйткені, мен 7 айлық боп дүниеге келгенмін. 900 грамм болғам. «Өліп қалады» деп ойлаған. Перзентханадан шығар кезде матаға орай берген, дауысым шықпайды екен, жылай алмаймын. Үйге апарып, матаның арасынан мені таба алмай қалыпты. Содан не керек, анамды 1-сыныпқа дейін еміп өстім. Анам мені мектепке апарып, алып келетін болды. Бір күні әңгімені соғып келе жатып, анам: «бар енді мектебіңе» деді. Сөйтсем, үйге ұмытып кетіппіз (күлді).

Кейін Жайдарманан кеткен соң жұмыс жасау керек болды. Дастан Қалдыбаев ағамыз сценарий жазуға ұсыныс тастады. Содан қазір өзекті мәселенің бірі — квартиранттар дедік те, солар туралы киноның сценарийін жаздық. 12-бөлімді сериал еді. 9-бөлімін жазып бітіргенде, 5-сериясын ұлттық арнаға өткізу керек болды. Барлық рөлдер дайын, бірақ үйдегі кішкентай баланың рөлін ойнайтын адам таппады. Алиханға айтып көріп еді, ол сабақтан босамады. Мен ол рөлді ойнаймын деген, үш ұйықтасам түсіме кірмеген. «Нұрсұлтан, сен бір сериясында ойнап көр. Одан кейін «иә» деп мақұлдаса ойнай бересің» деді. Ана жерде бәрі мықты актерлар ғой. Сөйтіп, киноны түсіріп ұлттық арнаға жібердік. Кейін бір айдан соң шешімі шықты. «Ойнайсың» деп мені бекітті. Мен бас тарттым. Өйткені, «мына бала ғана киноны құртып жүр екен ғой» дейтін сияқты әңгіме бола ма деп қорықтым. Бірақ, ақыры келістім.

ӘЛЕУМЕТТІК ПАРАҚШАЛАРДА «НЕШЕ ОҚИСЫҢ?» ДЕП ЖИІ ЖАЗАДЫ. Сондай кезде ІШТЕЙ «ЖАС КӨРІНЕМ ҒОЙ» ДЕП ҚУАНАТЫНЫМ БАР.

Одан кейін Ерлан Қасымжанұлының «Бастық боламын» деген киносы бар. Сол кісілер шақырып жатыр. Уақытын әлі белгілемедік. Менің өмірімде киноға жол ашқан — «Жаңа қоныс» болды. Кейін «Q елі» сериалында ойнадым.

  — Отбасыңыз жайында айта отырсаңыз?

— Әкем Қасқырбек зауытта істейді. Анам Сәнтай былтыр зейнетке шықты. Бұрын мұғалім, кітапханашы болып қызмет атқарды. Ғалымжан деген ағам бар.

— Жұбыңыз Арай екеуіңіз қалай таныстыңыздар?

— Мен ҚазҰУ-да 4 курс оқып жүрдім. Арасында КВН ойнайтынмын. Сол жылы бірінші курсқа «балмұздақ» болып Арай келді. Қалай тиісудің орнын білмей массовка жинайтынбыз. Содан КВН құрамыз деп бәрін жинадық. Негізі мақсат — Арайдың телефонын алу болды. Сонымен, барлығының басын құрап, бір күні жиналыс жасадық. «Таң қалмаңыз» деп қыздар командасын құрдық. Арайдан «Қай жақтансың?» деп сұрап едім. «Шымкенттенмін» деді. Мен өзім Шымкенттің Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынанмын. Содан Арайға: «Өзіміз екенсің ғой. Бүгіннен бастап «қарындасымсың». Енді саған қарап жүремін» дедім. Арасында телефонын тексеріп қоятынмын(күлді). Бірақ, ол маған жігіт ретінде қараған жоқ. «Ағам» деп қана жүрді. Жанында 3 жыл қарауылдап мен жүрдім(күлді). Содан кейін осы команданы құрдық. Кейін Есен аға:  «Таң қалмаңызбен» ойнап көрсең қалай болады?» деп ұсыныс айтқан соң келістім.

Бақытты күндеріміз көп болсын!!!❤ #NursArai

A post shared by ???Нұрсұлтан Жақсыген ? ?? (@zhaksygen_nurs) on

Сахнада ұсыныс жасамас бұрын Арай екеуміздің арамызда сөз байласу деген сияқты нәрселер болды. Бірақ, ұсыныс жасайтынымды тек 2 қыз ғана білді. Олар — жүзік алған және гүл алған қыздар. Сосын Есен аға ғана білді. Дос-жолдастардан ешкім білмеді.

Сөз салғаннан кейін Арай сөйлемей қалды. Сахнаның сыртында бәрі құттықтап жатыр, бетінен сүйіп жатыр. Сөйлей алмайды. Бір нүктеге қарап отырып қалған. Тек пойызда ғана есін жиды.

Сөйтсем, ол үйдегілер көреді деп уайымдап кетіпті. Бұйырса, күзге тойдың уақытын жоспарлап отырмыз.

 — Арайдың ата-анасы бұған қалай қарады?

— Жақсы қарады. Өйткені, оның алдында біліп жүрген болуы керек. Өзі ескертіп айтқан болатын.

 — Қыз бен жігіт боп қанша уақыт жүрдіңіздер?

— 7 айдай жүрдік. Бірақ, үйренісе алмады. «Аға» деп жүріп әрең үйренді(күлді).

 — Арайдың басқа арулардан айырмашылығы қандай? Оның қай қылығы сізді тәнті етті?

— Шындықты айтқанды жақсы көреміз. Жалпы жігіт атаулы қызды ренжітпеуге тырысады ғой. Одан кейін әлі кішкентай. Әлеуметтік желіде «өзінше» боп көрінгенімен, өмірде әлі сәби кейпінде (күлді). Көп нәрсенің байыбына бара бермейді. Жалпы, отбасы болу үшін бір-бірін түсіну керек. Адам бақытты болам десе, кішкене бір бөлменің ішінде-ақ бақытты бола алады. Бүкіл адамның кемшілігі бар. Кемшілігін көрмей жақсы көру керек.

 — Алдағы жоспарларыңыз қандай?

— Қазір «Жаңа қоныс-2» сериалының түсірілімі болғалы жатыр. Айдананың рөліне басқа қыз іздеп жатырмыз. Бір қызығы осы сезонда Арай да бар. Қандай рөлде болатыны құпия болып қалсын.

Сұхбаттасқан Айзада Жайыққызы,

Гүлім Рысқұл

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/29/nursultan-zhaqsygenov-zhas-akter-sahnadaghy-usynystan-kejin-araj-5-saghat-soejlemedi/feed/ 1
Еркін Нұржанов, әнші: Динараны кішкентайынан білетінмін http://juldyz.kz/2017/05/03/erkin-nurzhanov-anshi-dinarany-kishkentajynan-biletinmin/ http://juldyz.kz/2017/05/03/erkin-nurzhanov-anshi-dinarany-kishkentajynan-biletinmin/#respond Wed, 03 May 2017 06:12:07 +0000 http://juldyz.kz/?p=2690  -Құпия болмаса, жарыңызбен қалай таныстыңыз?

— Динараның негізгі шыққан тегі – Жамбыл облысының Қаратау қаласы. Ал өзі Алматыда туып өскен. Оның әке-шешесі мен менің әке-шешем бұрыннан сыйласып араласатын. Ал мен Динараны кішкентайынан білетінмін. Бір сөзбен айтқанда, ол – көз алдымда өскен қыз.

 — Яғни жар таңдауда әкеңіздің ақылына құлақ салдыңыз ба?

— Жо-жоқ, олай емес. Бізді қосқан – нәзік сезім мен махаббат.

 — Ол сізден 14 жас кіші екен, мектеп бітіре салып тұрмысқа шығыпты. «Қызым алдымен оқуын бітірсін» деп әке-шешесі қарсы болған жоқ па?

— Жоғарыда айтқанымдай, Динара – араласып жүрген ағаларымыздың қызы. Сондықтан үйленуімізге әке-шешесі қарсылық білдірген жоқ. Бірақ «жарайды» деп бірден келісімдерін де бермеді.

 — Оның жоғарғы білім алуына қарсы емессіз бе?

— Менің бір ағам: «Мектеп бітірген қыздар үшін ДХИ (Домашний Хозяйственный Институт) деген тамаша мамандық бар. Әйел адамға содан асқан маман жоқ», — деп әзілдеп айтушы еді. Сол айтпақшы, қазір жарым үй шаруасында. Арасында білімін жетілдіру үшін әр түрлі курстарға қатысып тұрады. Сондай-ақ Шымкент қаласында бір оқу орнында дизайнер мамандығы бойынша сырттай оқып жатыр.

 — Оның қандай қасиеттерін бағалайсыз?

— Алла тағала әйел адамды ер-азаматқа жұп қып қосқаннан кейін оның жекеменшігі болып саналады. Сондықтан ол туралы ештеңе айтқым келмейді.

dsc_4679 10632262_494616303975116_350058163_n dsc_4410

(…толық нұсқасын

«Жұлдыздар отбасы» журналының

№8, 2015 жылғы санынан оқи аласыздар)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материал ішінен сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/03/erkin-nurzhanov-anshi-dinarany-kishkentajynan-biletinmin/feed/ 0
Нұржан КЕРМЕНБАЕВ, әнші: Жар таңдауда жаңылмадым деп айта аламын http://juldyz.kz/2017/05/01/nurzhan-kermenbaev-anshi-zhar-tanhdauda-zhanhylmadym-dep-ajta-alamyn/ http://juldyz.kz/2017/05/01/nurzhan-kermenbaev-anshi-zhar-tanhdauda-zhanhylmadym-dep-ajta-alamyn/#respond Mon, 01 May 2017 11:02:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=9684 – Нұржан, бұрын бойдақ болдыңыз. Қазір отбасылысыз. Сонда да телефоныңызға тыныштық бермейтіндер көп пе?
– Көп. Отбасылы екеніңді біліп тұрып әдейі қоңырау шалатындар бар. Тіпті, неше түрлі хат жазатындарды қайтерсіз (жымиды)? Ұялы телефонға ғана емес, әлеуметтік желілер арқылы да жекеге хат жазады.
– Оған жарыңыз қалай қарайды? Ренжімей ме?
– Енді ренжігенде мен не істей аламын? Ешкімнің аузын жаба алмаймын ғой. Әрине, бастапқыда кішкене түсінбеді. Бірақ, келіншегім о баста кімге тұрмысқа шығып жатқанын білді. Мен үйленбей тұрып та танымал әнші болдым. Сондықтан, жарым қазір мұның барлығына түсіністікпен қарайды.

Бүгін Қызылорда қаласында мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған — "Жұлдызай"республикалық балалар шығармашылық фестиваліне қатысып қайттық.Тағы да Елімізде қайырымды жандардың көп екеніне көзім жетті.??Бүлдіршіндерді Алла панасына алсын.??????Балалар мен біздердің арамызға алтын көпір болған #ZhanAlemi ұжымына алғыс айтам.Қайырлы амалдарымыз көп болғай. #Жұлдызай #Балалар #Фестиваль #ҚараБала ✌[email protected]

A post shared by Керменбаев Нұржан Болатбекұлы (@nurzhan_kermenbayev) on

– Бала кезіңізде анаңыз сізді «қара тышқан» деп еркелеткен екен. Ал өзіңіз балаңызды қалай еркелетесіз?
– «Қара тышқан» деп мен есімді білмей тұрған кезде айтқан шығар. Негізі, анам мені бұдан да басқаша қызықты аттармен еркелететін. Бірақ, қазір есіме түсіре алмай отырмын. Жөні келсе анам қазір де мені еркелетеді. Бұрынғыдай түрлі лақап аттармен емес, құшағына алып, маңдайымнан сүйеді. Дүниеде ананың аялы алақанынан, саялы құшағынан ыстық не бар дейсіз? Ал мен апасының баласын «Мусанай» деп еркелетемін (жымиды). Өзі менен аумай қалған. Көрген адамдар: «Күлкісі аумаған өзің екен» деп айтады.

– Сүйіп қосылған жарыңыз бір кездері сіздің жанкүйеріңіз болған екен. Қалай таныстыңыздар?
– 2014 жылы ақпан айында Тараз қаласында концерт қойдық. Сол концерттен екі күн бұрын менің туған күнім өткен еді. Концерт аяқталғанда бір қыз жаныма келіп: «Сіздің туған күніңізге сыйлығым бар еді», – деп «Алла» деген жазуы бар, дұға жасап тұрған қолдың сувенирін сыйлады. Содан кейін неге екенін білмеймін, ол менің қасымда біраз жүрді. Тіпті, қолтықтап жанымнан шықпады. Мен оның бұл қылығын түсінбей, «Бәлкім, жанкүйерім болғаннан кейін осылай істеп жүрген шығар» деп ойладым. Және оған көп көңіл бөлмегендіктен, есімін де сұрамаппын. Сол бойы барлығымыз тарап кеттік. Сәлден соң Инстаграмдағы бір суретімнің астына әлгі қыз пікір қалдырыпты. Сонда ғана «бұл қыздың есімі кім екен?» деп ойлап, парақшасына кірдім. Сөйтсем, есімі Назерке екен. Одан кейін ол туралы мүлде ұмытып кеттім. Сол жылы жасым 25-ке келгендіктен бе, әйтеуір ағайын-туыс, дос-жарандарымның барлығы «Қашан үйленесің?» деп сұрайтын болды. Қайда барсам да алдымнан осы сұрақ шыға беретін. Содан кейін «Қой, үйленбесем болмайды екен. Уақыт болса зымырап өтіп жатыр» деп өмірлік жарым болатын адамды іздестіре бастадым. Әрине, ол уақытта «үміткерлер» де болды. «Оның қайсысы маған жар болуға лайықты? Мен сияқты өнер адамы үшін қайсысы дұрыс?» деп, өзімше іштей ойға салып, сараладым. Сол кезде Назерке есіме түсе кетті де, Инстаграмдағы парақшасына хат жаздым. Ертесі күні одан жауап келді. Бірден ұялы телефонын сұрадым. Сосын телефонмен сөйлесіп, оған жақынырақ танысқым келетінін айттым. Содан кейін «Жақын арада Таразға баратын болсам, саған мен хабарласайын, ал егер сен Алматыға келсең маған хабарлас», – дедім. Алланың қалауы шығар, айтқанымдай-ақ бір аптадан кейін ол анасымен Алматыдағы туыстарының тойына келді. Сол кезде «әп, бәрекелді!» деп, уақыт тауып екеуміз кездесіп, екі-үш сағаттай әңгімелестік. Сонда өзім үшін маңызды деген сұрақтарымды қойып, өмірге, ислам дініне деген көзқарасын біліп, оны жақын танығандай болдым. Ол уақытта анам туыстарымызбен басқа қалаға тойға кеткен еді. Алла екеуінің танысуының сәтін салды ма екен, ертесі күні анам да туыстыраммен Алматыға келе қалды. Соны пайдаланып, Назеркені анаммен таныстырдым. Қанша дегенмен қазақтың сәлт-дәстүрін білетін оңтүстіктің қызы емес пе, ол анама, ағайындарыма сәлем салып, барлығының көңілдерін тапқандай болды. Сол күннен бас­тап той дайындығына кірісіп кеттік.
Аллаға шүкір, қазір бізде барлығы жақсы. Ең бастысы, анамды сыйлайды, менің өнеріме, жұмысыма түсіністікпен қарайды. Сондықтан, жар таңдауда жаңылмадым деп айта аламын.

– Қазір «Арнау» тобы сахнадан мүлде көрінбей кетті. Топтың жай-күйі қалай?
– Менен көп адамдар «Арнау» тобы тарап кетті ме?» деп сұрайды. Біздің топ тараған жоқ. Жанкүйерлеріміз қанша уақыт «Арнауды» көргісі келеді, сонша уақыт жұмыс істеуге тырысамыз. Өкінішке қарай, қазір көптеген топтар тарап кетіп жатыр. Сондайды естігенде қаншама еңбектің, уақыттың далаға кеткеніне ішім ашиды. Ал мен біздің топта ондай жағымсыз жағдайдың болғанын қаламаймын. Сол үшін қолы­мыздан келгенше әндер жаздырып, бей­не­баян түсіріп, еңбек етіп жатырмыз. Әрине, ертеңгі күніміздің қалай болатынын бір Алла біледі. Тек болашаққа үмітпен, сеніммен қараймыз.

(…толық нұсқасы

«Жұлдыздар отбасы» журналының

№7 (241) сәуір 2017 жылғы санында)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды қысқартып өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/01/nurzhan-kermenbaev-anshi-zhar-tanhdauda-zhanhylmadym-dep-ajta-alamyn/feed/ 0