Таңдаулы — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Wed, 24 Jan 2018 17:56:00 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.8.5 Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. http://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/ http://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/#respond Wed, 24 Jan 2018 17:56:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=13549 Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның  Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі(19921996)

Туған жылы: 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келеген.

Білімі: 1965 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің жанындағы Шығыс тілдері институтын қытай филологиясы мамандығы бойынша бітіреді. М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын 1969 жылы «Проблемы национального своеобразия современной казахской литературы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаумен аяқтайды. 

Отбасы: Қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келген. Анасы Фатима Ғабитова Мұхтар Әуезовтың шаңырақ көтерген төртінші әйелі. Мұрат Әуезовтың 2 әпкесі 1 ағасы болған. Олар: Мұғамиля, Ләйлә, Ернар. Өкінішке орай, қазір Мұрат Әуезовтың ғана көзі тірі.

Мұрат Әуезовтың әпкесі -1918 жылы Мұғамиля Әуезова дүниеге келген. Ол кісі 90 жыл өмір сүрген .Мұғамиля апа өзін «Еңлік-Кебектің» замандасымын деп атаған екен.

1929 жылы Лейла- ол кісі де М.Әуезовтың әпкесі. Ләйлә Әуезова -тарихшы-ғалым, тарих ғылымының докторы. 1963 жылдан өмірінің ақырына дейін М. О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі болды. Оның «19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егін шаруашылығының дамуы» және «М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» деген келемді монографиялық зерттеулері қалың оқырманға жақсы таныс

Ернар Әуезов -1935 жылы дүниеге келген. Ернар- Мұрат Әуезовтың бауыры. Биология саласына өмірін арнаған және жетістіктерге жеткен ғалымдардың бірі. Өз жұмыстарында ол Алакөл мәселелерін, Қазақстан табиғатын қорғау жөнінде зерттеген. Сонымен қатар, әкесінің жазушылық қасиетін бойына сіңіріп, Алакөлде табылған реликтілік шағала жайлы жоғары көркемдік эссе жазған. Реликтілік шағаланы зерттеу арқылы ол әлемнің ғалымдарын осы мәселеге назар аудартқан.

Мұхтар Әуезовтың 3 әйелі болған және 2 баласы бар. Қызы Зифа-Алуа Мұратқызы және Мағжан Мұратұлы Әуезов.

Қызметі: 1965-1977 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.

1977-1980 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары — Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі.

1982-1988 жылдары — «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі.

1988-1990 жылдары — Халықаралық «Невада — Семей» қозғалысының вице-президенті.

1990-1992 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы.

1992-1995 жылдары — Қазақстанның Қытайдағы Елшісі.

1995-1997 жылдары — Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі.

1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған.

2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған. Қазір М.Әуезов қорының президенті.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/24/murat-muhtaruly-auezov-madeniettanushy-ghalym-diplomat-memleket-zhane-qogham-qajratkeri/feed/ 0
Қазақстандық дзюдоист Ислам Бозбаев «алтын» медаль иеленді http://juldyz.kz/2018/01/22/qazaqstandyq-dzyudoist-islam-bozbaev-altyn-medal-ielendi/ http://juldyz.kz/2018/01/22/qazaqstandyq-dzyudoist-islam-bozbaev-altyn-medal-ielendi/#respond Mon, 22 Jan 2018 14:44:58 +0000 http://juldyz.kz/?p=13544 Тунистегі әлемдік Гран- При дода да қазақстандық дзюдоист Ислам Бозбаев қоржынымызды «алтынмен» толықтырды. Ислам Бозбаев додаға 90 кг салмақ категориясымен қатысып, финалда венгриялық Кристиана Тотты жеңді. Бұл дзюдоисттің Гран-при сайысындағы екінші «алтыны». Бозбаев бірінші «алтын» жүлдесін 2013 жылы Алматыда өткен Гран-при додасында иеленген болатын.

Ескере кетсек, күні кеше ғана 73 килограм салмақ категориясымен дзюдоист Жансай Смағұлов «алтын» медалін қанжығасына байлаған еді.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/22/qazaqstandyq-dzyudoist-islam-bozbaev-altyn-medal-ielendi/feed/ 0
Қазақстандық танымал әншілер бұрынғы хит әнді қайта жаңғыртты http://juldyz.kz/2018/01/22/qazaqstandyq-tanymal-anshiler-burynghy-hitti-qajta-zhanhghyrtty/ http://juldyz.kz/2018/01/22/qazaqstandyq-tanymal-anshiler-burynghy-hitti-qajta-zhanhghyrtty/#respond Mon, 22 Jan 2018 08:57:54 +0000 http://juldyz.kz/?p=13537 Қазақстандық танымал әншілер Жігер Ауыпбаев пен Гүлнұр Оразымбетованың жақында ғана тыңдарманға жол тартқан «Өзің ғана» әніне түсірілген  жаңа бейнебаяны халықтың ерекше ықыласына ие болды.

Шамамен он жыл бұрын жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің орындауында жарыққа шыққан «Өзің ғана» әні көпшілікке таныс. Тіпті өз уақытында хит болған туындыны Жігер мен Гүлнұр қайтадан тыңдарман қауымға ұсынған.Олар әнді жаздырып қана қоймай, бейнебаян те түсіріп үлгеріпті. Бейнебаян жарық көргеннен кейін қос әншіге жақсы пікірлер айтылуда.

Олардың басым бөлігі «Өте сәтті шыққан дуэт! Ескі әндерімізді осылай жаңғырта беріңіздер!Қазаққа қазақтың əні ортақ! Екеуі де халықты мойындатқан әншілер»деген жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Сондай-ақ, тыңдармандардың көпшілігі Жігер Ауыпбаевтың ерекше дауысына жоғары баға берді.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/22/qazaqstandyq-tanymal-anshiler-burynghy-hitti-qajta-zhanhghyrtty/feed/ 0
«Нұр-Мұқасан» тобының экс мүшесі Мұқасан Шахзодаев төртінші рет әке атанды http://juldyz.kz/2018/01/21/nur-muqasan-tobynynh-eks-mushesi-muqasan-shahzodaev-toertinshi-ret-ake-atandy/ http://juldyz.kz/2018/01/21/nur-muqasan-tobynynh-eks-mushesi-muqasan-shahzodaev-toertinshi-ret-ake-atandy/#respond Sun, 21 Jan 2018 13:31:29 +0000 http://juldyz.kz/?p=13534 «Нұр-Мұқасан» тобының экс мүшесі Мұқасан Шахзодаев әлеуметтік желі арқылы өзінің төртінші рет әке атанған қуанышты хабарымен бөлісті.

«Сүйінші ардақты ағайын! Төртінші ұлдың әкесі болу, не деген баұыт еді. Аллаға сансыз шүкір! Ал ағайын осы ұлым Ел қорғайтын, Елдің қамын ойлайтын азамат болсын деп өздеріңізбен қуанышымды бөлісіп отырған жағдайым бар. Ұлымның еімін қоюға жақсы есімдермен бөліссеңіздер»,- деп жазды Мұқасан Шахзодаев.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/21/nur-muqasan-tobynynh-eks-mushesi-muqasan-shahzodaev-toertinshi-ret-ake-atandy/feed/ 0
Тунистегі додада қазақстандық дзюдоист «алтын» медаль иеленді http://juldyz.kz/2018/01/21/tuniste-qazaqstandyq-dzyudoist-altyn-medal-ielendi/ http://juldyz.kz/2018/01/21/tuniste-qazaqstandyq-dzyudoist-altyn-medal-ielendi/#respond Sun, 21 Jan 2018 13:21:09 +0000 http://juldyz.kz/?p=13529 2018 жылдың 19-21 қаңтар күндері Тунисте дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңін өтті. Нәтижесінде, 73 кг салмақпен қатысқан қазақстандық дзюдоист Жансай Смағұлов қоржынымызға «алтын» салып, көк байрағымызды көкте желбіретті.

Әлемнің 48 елінен қатысатын жарыста Қазақстан ұлттық құрама сапынан 13 дзюдошы қатысуда.

Естеріңізге салсақ, Тунисте өтіп жатқан доданың бірінші күндері екі дзюдоистіміз «қола» медалін қанжығасына байлаған еді. Олар 66 кг салмақпен Ерлан Серікжанов және 60 кг салмақпен Гусман Қырғызбаев.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/21/tuniste-qazaqstandyq-dzyudoist-altyn-medal-ielendi/feed/ 0
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты http://juldyz.kz/2018/01/20/aqtoebede-52/ http://juldyz.kz/2018/01/20/aqtoebede-52/#respond Sat, 20 Jan 2018 11:46:13 +0000 http://juldyz.kz/?p=13524 Ақтөбе қаласында «Икарус» маркалы автобус өртеніп кетті. 5 жолаушы аман шығып үлгерді. Ал, қалған автобус ішіндегі 52 адам қаза тапты. Жолушылардың бәрі Өзбекстан азаматтары болып шықты.

Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 2 техника мен 8 адам жіберілді. ұазіргі таңда, оқиға орны толық тексерілді.  Экспертиза нәтижесі бойынша өрттің шығу — автобус ішінде болған дәнекеру шам мен 5 литрлік пласмасс ыдыстағы бензин.

Экспертиза нәтижесін аман қалған жолаушыларда растады. Автобустың қозғалтқышы істен шыққан соң, дәнекерлеу шамын жылытқыш ретін екі сағаттай уақыт қолданған екен. Шамнан шыққан газ иісі автобус ішіне толық тараған және бензин төгілген кезде, кенеттен от тұтанып кеткен. Нәтижесінде, 5 минут ішінде бүкіл автобус өртеніп кеткен.

«Аман қалған жолаушылардың денсаулығы тексерілді. Қазіргі таңда, ол кісілер өздерін жақсы сезінеді. Психологтар жұмыс істеуде және моральдық көмек көрсетуде.» ,-дейді ҚР Денсаулық Сақтау вице-министрі Алексей Цой.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/20/aqtoebede-52/feed/ 0
Күйші Нұржан Тәжікенов отбасы құрды. http://juldyz.kz/2018/01/20/kujshi-nurzhan-tazhikenov-otbasy-qurdy/ http://juldyz.kz/2018/01/20/kujshi-nurzhan-tazhikenov-otbasy-qurdy/#respond Fri, 19 Jan 2018 18:10:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=13519 Танымал күйші, Жанар Дугаловамен бірге «Turkviziyon» байқауында домбыраның қоңыр даусын күмбірлеткен Нұржан Тәжікенов шаңырақ көтерді. Жарының есімі- Алтынай.

Күйшінің тойына көптеген өнер иелері қонақ болып қайтты.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/20/kujshi-nurzhan-tazhikenov-otbasy-qurdy/feed/ 0
Продюсер Жан Мұқанов: Төреғалиді туған інімдей жақсы көрдім http://juldyz.kz/2018/01/19/prodyuser-zhan-muqanov-toereghalidi-tughan-inimdej-zhaqsy-koerdim/ http://juldyz.kz/2018/01/19/prodyuser-zhan-muqanov-toereghalidi-tughan-inimdej-zhaqsy-koerdim/#respond Fri, 19 Jan 2018 17:53:30 +0000 http://juldyz.kz/?p=13508 Белгілі продюсер Жан Мұқанов Tengrinews.kz «The Эфир» бағдарламасында берген сұхбатында әнші Төреғали Төреәлімен арасында болған кикілжің туралы айтып кетті.

«Мен Шымкентте жүргенде таныс кісілерден «сен туралы осылай айтып жүр ғой, қалай болғаны?!» деген сөздерді естігенде қатты ашуландым. Ашумен бар ренішімді әлеуметтік желіге жазып, салып жібердім. Иә, мен үшін оның тарапынан бұл үлкен сатқындық болды. Алайда, мен оны шынымен туған інімдей қатты жақсы көрдім. Қазір, әрине, реніш бар. Бірақ, үлкен өкпе жоқ.»,- дейді продюсер.

Жан Мұқанов продюсерлікке келмей тұрып, аспаздық, балалар лагерінде пианер-жетекші,  безендіру істерімен айналысқандығы туралы бөлісіп кетті. Тіпті, шетелге барып безендіру ісін тереңдете үйреніп келіп, көптеген үлкен іс-шаралардың безендіру жұмыстарын жүргізген.

Ұйымдастырушылық өзіне жақын екендігін байқаған Жан Мұқанов Мәскеу қаласына барып, продюсерлік мамандығын меңгеріп шыққан.

«Мәскеуде оқуды аяқтаған соң, бір жыл сол қалада тәжрибиеден өттім. Үлкен жобалармен жұмыс істедім. Маған, тіпті, Мәскеуде лауазымы да, жалақысы да жақсы жұмыстар ұсынылды. Алайда, мен елге қайтқым келді. Бар үйренгенімді өз елімізге алып келгім келді.»,- дейді Жан Мұқанов.

Бүгінгі күнге дейін Жанболат пен Жазира,  Нурлан Албан, Ақбота Керімбекова, Ләйлә Сұлтанқызы, Баян Есентаева, Айгүл Мукей секілді көптеген танымал кісілермен бірге жұмыс істеген.

«Көптеген адамдармен жұмыс жасадым. Тойлар ұйымдастырып, неше түрліні көрдік. Шымкенттегі торт секілді, гауһартасты шашу етіп шашқан тойды да, дәл той үстінде екі жас жұбай ажырасып кеткен тойларды да көрдік. Әрине, қаражаты болған соң тойлары ерекше өту үшін жасап жатады. Көбінесе, тойларға «Музарт» тобы, Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Бүркіт пен Аиша, Жанболат пен Жазираны шақырады»,- дейді продюсер.

Продюсер қазіргі әншілердің көбісінің қаржысының көпшілігі осы той бизнестен келетіндігін айта кетті.

Қазіргі таңда, Жан Мұқанов «7-арна» кеңесшілер алқасының мүшесі.

«Болашаққа жоспар, жобалар көп. Бірақ, бір түйгенім – адамдарға, әсіресе, әртістерге қатты жақын болмаймын. Бауыр баспауға тырысу екен»- деді Жан Мұқанов.

 

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/19/prodyuser-zhan-muqanov-toereghalidi-tughan-inimdej-zhaqsy-koerdim/feed/ 0
Жәния Джуринская: Тоқал болуға ұсыныстар түсетін… http://juldyz.kz/2018/01/18/zhaniya-dzhurinskaya-toqal-bolugha-usynystar-tusetin/ http://juldyz.kz/2018/01/18/zhaniya-dzhurinskaya-toqal-bolugha-usynystar-tusetin/#respond Thu, 18 Jan 2018 17:12:18 +0000 http://juldyz.kz/?p=13496 Белгілі актриса Жәния Джуринскаяға өнер жолында жүргенде тоқал болуға ұсыныстар түскен екен. Бұл туралы Tengrinews.kz берген сұхбатында айтып кетті.

Баян Мақсатқызының продюссерлігінде ән шырқаған кезде көптеген мас ер кісілер тоқал немесе көңілдесі болуға ұсыныстар тастаған екен.

«Басында өте қатты ызаландым, жыладым. Түсінбей ,өз-өзіме келе алмай жүрдім. Кейін директорымыз бәрін, түсіндіріп, мән бермеуімізді сұрап,  сабырлыққа шақырды. Ең бастысы тәрбиелі қыздар екендеріңді ұмытпаңдар деді »-, дейді актриса.

Сонымен қатар, Жәния өзінің Байқоңырда өткен балалық шағы, студенттік өмірі және кино әлеміне қалай келгендігі жайлы бөлісіп кетті.

«Мен өз көрермендерімді, аудиториямды өте қатты жақсы көремін. Менің еңбегімді көретін, бағалайтын сол кісілер. Сол себепті, барынша жақсы жағымнан көрінуге тырысамын.»-, деді Жәния Джуринская.

 

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/18/zhaniya-dzhurinskaya-toqal-bolugha-usynystar-tusetin/feed/ 0
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақ үйде Дональд Трамппен кездесті http://juldyz.kz/2018/01/17/elbasy-n-a-nazarbaev-aq-ujdede-donald-tramppen-kezdesti/ http://juldyz.kz/2018/01/17/elbasy-n-a-nazarbaev-aq-ujdede-donald-tramppen-kezdesti/#respond Wed, 17 Jan 2018 17:32:48 +0000 http://juldyz.kz/?p=13487 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақ үйге барып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық, саяси-экономикалық қарым-қатынастар жайлы сөз қозғалды.

АҚШ президенті Д.Трамп елбасымызды өз елінде көргеніне қуанышты екенін айтты.

Кездесуде Солтүстік Кореядағы ядролық қару мәселесі жайлы да талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдегі төртінші болып ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттердің бірі болғандықтан, өз таңдаған шешімін ұсынуға моральдық тұрғыдан құқығы бар екенін айта кетті.

Сонымен қатар, кездесу кезінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 7,5 миллиард доллардан асатын қаржыға  екі ел арасында 20 келісімшарт жасалды.

Елбасымыз Америка Құрама Штаттарының азаматтарына Қазақстанға «визасыз режим» жасағанын және АҚШ президентінен де қазақстандықтар үшін осындай шешім күтетіндігін айтты.

]]>
http://juldyz.kz/2018/01/17/elbasy-n-a-nazarbaev-aq-ujdede-donald-tramppen-kezdesti/feed/ 0