Без рубрики — Жұлдыздар отбасы http://juldyz.kz Жұлдыздар отбасы журналының сайты Tue, 06 Jun 2017 09:20:44 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.7.5 Аргентина құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли http://juldyz.kz/2017/06/02/argentina-quramasynynh-bas-bapkeri-horhe-sampaoli/ http://juldyz.kz/2017/06/02/argentina-quramasynynh-bas-bapkeri-horhe-sampaoli/#respond Fri, 02 Jun 2017 06:55:50 +0000 http://juldyz.kz/?p=10898 Испаниялық «Севилья» клубы мен Чили құрамасымен біршама жетістіктерге жеткен Хорхе Сампаоли Аргентина құрамасының бас бапкері болды. Ол Аргентина футбол федерациясымен 5 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы juldyz.kz eurosport  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бастапқыда испаниялық «Севилья» футбол клубының Сампаолиді жібергісі келмеген. Әуелі Аргентина футбол фкдкрациясынан 1,5 млн. евро өтемақы сұраған. Артынша екі жақ бір мәмілеге келген. 57 жастағы аргентиналық маман Чили ұлттық құрамасымен біраз жетістіктерге жеткен. 2015 жылы Америка кубігінің иегері атанып, El Grafico Chile және ANFP тұжырымы бойынша Чилидің үздік бапкері атанған. Сол жылы Оңтүстік Амариканың жыл бапкері деген атақты алған.

]]>
http://juldyz.kz/2017/06/02/argentina-quramasynynh-bas-bapkeri-horhe-sampaoli/feed/ 0
Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор: Байды жамандайтын кеңестік дәуір өтті http://juldyz.kz/2017/05/31/qarlyghash-aubakirova-phd-doktor-bajdy-zhamandajtyn-kenhestik-dauir-oetti/ http://juldyz.kz/2017/05/31/qarlyghash-aubakirova-phd-doktor-bajdy-zhamandajtyn-kenhestik-dauir-oetti/#respond Wed, 31 May 2017 08:35:42 +0000 http://juldyz.kz/?p=10817 Қарлығаш, айтыс өнерінде  эстрадность бар. Танымал болып жұрт алдында  жүруге болады. Неге мехнаты мол ұстаздық жол мен қадірі аздау ғылым саласына бет бұрдыңыз? 

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор: Айтыстай киелі өнерден кіндігімді үзіп, ғылымға, ұстаздыққа бет бұруыма бірнеше себеп бар: біріншіден,  қазір мен отбасылы адаммын! Қазақ танымында келіннің, ананың, жардың негізгі қызметі – ұрпақ тәрбиесі, отбасының берекесі. Ұлт мүддесі үшін қызмет ету де осы ойдан бастау алады деп білемін. Айтысты, сахнаны сағынамын, алайда бұл сағыныштың орнын сәбиімнің тәтті иісін бір рахаттана иіскеп, құшағыма алғаныма жетпейді.

Екінші, айтыскер ақын ретінде де халықтың алдында атқарар міндетің бар. Ол – ұйқасты әдемі сөз айту емес, терең де мағыналы ой айту. Отызға келіп, бұрынғыдай қыз бен жігіт айтысында қалжыңдап, жеңіл сөзге жол бере алмайсың. Ұяласың. Өмірдің шындығын көре тұра баяғы риясыз бала көңілдің жырын айта алмайсың. Енді, жылы жүрек пен нұрлы ақылдан қуат алған салиқалы көркем ой мен парасатты пайым қажет. Ол үшін тағы терең білім керек. Білімді жинау үшін де, бойыңа сіңіру үшін де уақыт керек. Үшіншіден, ғылым – менің жүрек қалауыммен келген жаңа бір әлемім. Мен ұстаздықтан рухани ләззат аламын. Мен үшін студенттермен пікір алмасып, көрген-түйгеніңді бөлісу – жұмыс емес, бақыт. Жүрсін аға көрген сайын:  «Фронтқа қашан қайтасың, доктор болдың ғой?!»  – дейді. Докторлығымды қорғап, оқуымды бітірген соң, айтысқа шығамын деп те ойлаған кездерім болды. Бірақ қазір осы ойымнан қайтып отырмын. Болмайды екен! Ғылымға бет бұрып, сауатты да салмақты ғалым ретінде өз орнымды тапқым келеді. Ендігі мақсатым – осы!

Философ Қанағат Жүкешев ағамыз: «Айтыс аграрлық қоғамдағы өнер. Бүгінгі индустриялық қоғамға икемделе алмайды. Оған бола айтысты кінәлауға да болмайды» деген пікір білдірген болатын. Сіз айтыстың болашағын қалай елестетесіз? 

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор:  Айтыс – Өнер! Заманына қарай трансформацияға (өзгеріске) түсуі мүмкін…Алайда, айтыс өнер ретінде толығымен жойылса, қазақ та  ұлт ретінде  деформацияға ұшырайды деген сөз. Әлемдік ғалымдар ХХІ ғасыр техниканың қатты дамуына әкеледі. Осының салдарынан адамзат интеллектуалды ақылға  және мәдени, рухани ресурстарға зәру болады дейді. Бұл тұрғыда айтыс екі тараптағы қажеттілікті қанағаттандыра алатын өнер деп есептеймін. Айтыс деңгейі түсіп, болмаса насихаты азайып жатса, ол өнердің әлсіздігінен я жамандығынан емес, осы өнерді дұрыс қолдана алмай отырған біздің әлсіздігімізден. Қасапшылар билік құрған заманнан аман есен өткен айтыс болашақта өрісін кеңейтеді деп сенемін. Айтыстың тарихы миуаның тамырындай тереңде, сонау V-VІ ғасырлардан бастау алады. Ол – өзінің өміршеңдігін көрсеткен өнер. Сондықтан, болашақта айтыстың болатынына сенімім кәміл. Форматы өзгеруі мүмкін. Шындығында, айтыс біздің ұлттық идеологиямызды насихаттайтын құрал еді. Әттең, «жібекті түте алмай, жүн қылып» отырғандай халіміз бар…

«Сахнада бөлек, өмірде бөлек актер ақындарды іштей қабылдай алмаймын» депсіз бір сұхбатыңызда. Айтыскерлер арасында актерлер көп пе? Сізге қандай мінездері жақпай қалды? 

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор: Мен үшін ең басты құндылық  – адам, адамның адамгершілік қасиеттері. Ақын, академик, әнші, әлем таныған жұлдыз бола ма, құндыз бола ма, бәрібір, ең бірінші кезекте ол – адам. Құдай адам қылып жаратқан екен, сол адами болмысын сақтағанын қалаймын. Адамдыққа жетпей жатып, ақындыққа жету мүмкін емес. Әлем әдебиетіндегі классикалық шығармалардың кез келгенін алып қарасаңыз,  (классика дегеніңіз адамзат мойындаған мәңгілік ұстын) бәрі де адами болмысты, адалдықты насихаттайды. Ал біз қазір, айтысқа шығып алып, әдептен асып, үлкенге қатты ауыр сөз айтып, келемеждеп, төкпелейтін, менмендігінен аса алмайтын айтыскерге де шуылдап тұрып қол соғамыз. Сезімінің тұрағы жоқ, әр етектіге бір өлең жазған жазба ақынды да «ер екенсің» деп мақтағанын көз көрді. Сонда ар қайда, ұят қайда, тәрбие мен тәлім қайда қалады деген сұрақ туындайды. Менің өмірлік ұстанымым – Шәкәрімнің ар ілімі мен Абайдың толық адам пәлсапасына негізделеді.  Біреуге дұрыс я бұрыс болар. Бірақ бұл – өмірлік қағидам. Осы бағытымнан Құдай жаңылдырмаса екен деп тілеймін. «Өмірде актер ақындарды қабылдай алмаймын» дегенім жекелеген адамдарға бағытталған сөз емес, өрімі күрделі ойдың тарамы болса керек. Ақынның, адамның сөзі мен ісі сай болуы керек.

Қайбір жылы Ж. Аймауытұлының төте жазудан кириллицаға түспеген екі әңгімесін тапқаныңыз жайлы оқығаным бар.  Ол жазушының қандай әңгімелері? Сіз Жүсіпбектің аудармаларын зерттеп жатырсыз. Қаламгердің аударма еңбектері бұқараға қаншалықты жетті деп ойлайсыз?

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор:  Иә, докторлық жұмысым алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының аудармаларына негізделген еді.  Сондықтан, сағаттап айтып, парақтап жазуға бармын. Негізінен, түпнұсқаларын АҚШ пен Қытайдан, аударма мәтіндерін (көшірме) Мәскеу, Химки қалаларындағы мұрағат қорларынан алып келгенмін. Солардың ішінде жарыққа шықпаған «Молда Ирамидың (Руми – Қ.Ә.) кітап жазуға қалай кіріскені», «Тұқым», «Тау еліндегі оқиға» атты аудармаларын тауып, кирилге аударып, жарияладым. Сонымен қатар, С.Қирабаевтан бастап көптеген жазбаларда түпнұсқасын  Дюмаға теліп жүрген «Дәмелі» атты үлкен шығарманың Дюма емес, Ф.Дюшеннің «Тамилла» атты шығармасының аудармасы екендігін дәлелдеп, Ж.Аймауытұлының өз әңгімесі деп жүрген «Күмәжнек» атты шығармасының  Чеховтың тәржімасы екендігін, Гюгодан аударған «Бейшаралар» әңгімесінің авторлығын бекіту дегендей т.б. аудармаларға қатысты азды-көпті  жұмыс жасадым. Алғаш рет Ж.Аймауытұлы аудармаларының хронологиясын жасап, қай жылы, кімнен, қалай аударғанын жүйеледім. Алайда, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды деп айта алмаймын.  Оның да көптеген себептері бар. Қазір алаш арыстарын насихаттамақ түгілі, «алаш» деген сөзді айтуға қорқатын адамдар бар. Құлдық санадан құтылған кезде, алмас қылыш жарқырап шығатын күні болар. Оған дейін, шамамыз жеткенше барымызды жинақтап, зерделеп, жүйелей алсақ, салмағы жеңіл шаруа емес.

Аударма дегеннен шығады. Қазір қазақ оқырмандары бүгінгі әлем әдебиетінің классиктерін:  Мо Янь, Халид Хуссейін, Харуки Мураками т.б орыс тілінде оқуға мәжбүр. Осы аударма мәселесін шешу жолдары қандай деп ойлайсыз?

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор: Орыс әдебиеті М.Горькийдің басшылығымен аударма орталығын ашқанда, Ресейде аудармамен кәсіби түрде айналысатындардың саны некен-саяқ еді. М.Горькийдің айтқаны бар екен: «Біз аударманы дамытпасақ, әлемнен тысқары қалып қоямыз. Біз өзі аударманың не екенін білеміз бе?» – деп. Аударма дегеніміз – кілт. Халықтың санасын оятатын кілт. Таным теориясының негізінде өзге елдердің мәдениетін, әдебиетін, өнерін, өмірін, ой-санасын тану арқылы халық өзін танитын еді. Құнанбайдың сөзі бар: «Қақпасы ашық қорғанның қабырғасын сүзетін қай ақымақ»… деген (авт. Т.Әсемқұл «Құнанбай» к/ф).  Біз осы қақпасы ашық есікке мұрнымызды шүйіре қарап, дамыған 30 елдің қатарында боламыз, әлемге таныламыз деп жүрген аңқау адамның кейпіндеміз. Аударма – әлемдік аренаға шығаратын қақпаның кілті. Мысалы, өзіңіз айтып отырған Халид Хуссейннің «Батпырауық қуған жан» (Бегущий за ветром) атты шығармасы Ауғанстандағы 70-80 жылдардағы діни ахуалдың бас-аяғы 5-10 жылда қалай өзгеріп, ақыр аяғында  қандай трагедияға әкелгенін керемет жеткізген шығарма. Тоқсаныншы жылдары бензин таситын көліктің ішіне тығылып, шекарадан қашып шыққан бас кейіпкер Әмірдің өмірі бізге керек. Неге? Себебі, радикалды дін мәселесі бізде де бар. Ақылды адам өзгелердің қателігі арқылы тәлім алып, ағаттықтардан бойын аулақ ұстайды. Ал қателік жасап барып, үйренетіндер – ақылсыздар. Аударма саласын дамыту үшін арнайы орталық құрылуы қажет. Аудармашыларға стипендия не жалақы беру керек. Нақты принциппен құрып, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіп, бір жүйеге келтірмесе, аударма дамымаса, әдебиетте де, мәдени салада да атымыздан ауып қала беретін боламыз.

Жоғарыда Жүсіпбек Аймауытұлы жайлы айттық. Биыл Алашорда үкіметіне жүз жыл. Яғни мемлекеттілігімізге бір ғасыр толып отыр. Семейдей Алаш қаласында қандай шаралар қолға алынып жатыр? 

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор: Алаш десе түйсігіміздің беймәлім түйіршіктері сыр беретіндей. 8 минуттық сот отырыстарында ату жазасына кесілген арыстарды есіңе алып, әлі күнге дейін лайықты құрмет көрсетпегеніміз үшін іштей ұяласың. Алаштың 100 жылдық мерейтойына  бәрі де атсалысқысы келеді. Бірақ билік тарапынан әлі кереметтей бір дайындықты да, құрметті де әзір көргенім жоқ. Ғалымдарымыз арыстардың рухынан ұялғандарынан конференция мен жиындарда ауық-ауық айтып қалатыны болмаса, әзір жабулы қазанымыздың қақпағы айқара ашыла қойған жоқ. Сол, қазақтығы бойына атаның қаны, ананың сүтімен сіңген аздаған ұлтқа жанашыр үлкендеріміздің арқасында ас беріліп, кішігірім кештер өтіп жатыр. Негізгі мерейтой күзге белгіленген дейді. Сол уақытты асыға күтудеміз.

Университетте сабақ бересіз. Жастармен араласасыз. Бүгінгі студенттер қандай?

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор: Мен Семейде Шәкәрім атындағы университетте Абайтану пәнінен дәріс оқимын. Әуел баста студенттер:  «Бізге физик, химик, информатик т.б. Абай не үшін керек?» – ­дегенде, «Көріңіздер, ұнаса оқисыздар, ұнамаса көре жатарсыздар…»,  – деген едім. Кейіннен сол студенттерім: «Мұғалім, мерекеден мереке боп кетті, дәріс тыңдап, сабақ айтайықшы», – дейтін болды. «Қазіргі жастар кітап оқымайды» деген де бос сөз. «Қалауын тапсаң қар жанады» деген. Біз жастардың руханиятқа қызығушылықтарын оята алмай жүрміз, әйтпесе, солармен бірге  күліп, әңгімелесіп, пікір алмасқанға не жетсін. Менің ұстаз болып қызмет етуімнің ең негізгі себепкерлері  – осы жастар. Оларға деген сенімім кәміл, ықыласым ерекше. Мен олардың арқасында шәкіртке деген пейілдің қандай болатынын сезіндім, сондықтан  жақсы көремін. Қас қабақтарын бағып, құлазыған көңілдеріне медеу болар рухани ілім берсем екен деймін. Қазіргі қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінің классикасын оқытуға тырысамын.  Уақыттарың бар кезде босқа өткізіп алмаңдар, рухани қуатты адам  өмірде байлыққа да, беделге де жетеді деймін. Себебі, байды жамандайтын кеңестік дәуір өтті, енді керісінше, ішкі және сыртқы байлықты тең дәрежеде игеретін жастар ғана қоғамның тірегі бола алады.

Айтыс сахнасында қоғамдық проблемаларды жырға қостыңыз. Елдегі қоғамдық-саяси өмірді қаншалықты қадағалап жүрсіз? Не толғандырады?

Қарлығаш Әубәкірова, PhD доктор: Елден жырақ кеткен Толстой мен Ганди де, кесірім жұртқа тимесін деп ғұмыр бөлшегінің соңғы ширегін Саятқорада өткізген Шәкәрімді де саясат сырт айналып өткен жоқ. Сондықтан, белсенді боп бел ортасында жүрмесек те, қоғамдық мәселелерді назардан тыс қалдырмаймын.  Кез келген жаңалықтарды ой құжырама салып, сараптап отырамын.  Соңғы уақытта аса күрделі әрі өзекті мәселе ретінде  латынға өту және дін мәселесін атар едім.  Барымызды салып латынға жылдамдатып өтіп алсақ және дінді бір ретке келтірсек, адалдық принципін жүзеге асырсақ, біраз түйіннің күрмеуі шешілер еді деп ойлаймын. Бірақ негізгі бас қатыратын мәселем – білім жүйесі. Білім жүйесін ретке келтірмей, осы қалыпта кете берсек, «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, балалардың білімсіз, сауатсыз маман ретінде өмірге қадам басқанын қаламаймын. Әсіресе, биылғы 1-сынып бағдарламасы мен оқулықтарын қызыл сиямен түзейтін болсақ, сауат ашу оқулығының Қызыл кітапқа айналары сөзсіз!  Интернет желісінде пост жазып, белсенді болмасам да, дұрыс ой-пікірлерге лайкымды басып, пікір білдіріп отырамын. Өзгесіне уақыт тапшы…

 

Сұхбаттасқан Қ. Тілеухан

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/31/qarlyghash-aubakirova-phd-doktor-bajdy-zhamandajtyn-kenhestik-dauir-oetti/feed/ 0
Ләйлә Сұлтанқызы «Үшінші» кітабын жарыққа шығармақ http://juldyz.kz/2017/05/23/lajla-sultanqyzy-ushinshi-kitabyn-zharyqqa-shygharmaq/ http://juldyz.kz/2017/05/23/lajla-sultanqyzy-ushinshi-kitabyn-zharyqqa-shygharmaq/#respond Tue, 23 May 2017 04:40:00 +0000 http://juldyz.kz/?p=10549 2016 жылы «Менің екінші кітабым» атты бірінші кітабын жарыққа шығарған белгілі тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы өзінің фейсбук парақшасында тағы бір жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

 

Ләйлә Сұлтанқызы, продюсер, тележүргізуші:

Фб-лықтардың жүйкесі жұқарып жүр. Неге?! Не жазсаңыз да жақпайсыз. Ендеше жүйкесі жұп-жұқа адамдар келесі сөйлемді ОҚЫМАСЫН!
Былтыр 5 мың данамен жарыққа шыққан «Менің екінші кітабым» жоғары сатылымға ие болып, 2 мың данасын қайта шығарғанбыз. Қазақ аудиториясының «сұмдық» сұранысын ескеріп, биыл 10 мың данамен тағы бір кітапты оқырманға жолдаймын. Бұйыртса, ірі компаниялардан түрлі ұсыныстар да келуде…

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/23/lajla-sultanqyzy-ushinshi-kitabyn-zharyqqa-shygharmaq/feed/ 0
Қалдыбек Құрманәлі, композитор: Әннің қазақшасында түпнұсқадағы мәтіннің образдылығы жойылған http://juldyz.kz/2017/05/17/qaldybek-qurmanali-kompozitor-anninh-qazaqshasynda-tupusqadaghy-matinninh-obrazdylyghy-zhojylghan/ http://juldyz.kz/2017/05/17/qaldybek-qurmanali-kompozitor-anninh-qazaqshasynda-tupusqadaghy-matinninh-obrazdylyghy-zhojylghan/#respond Wed, 17 May 2017 09:54:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=10384 «Жұлдыздар отбасы» журналының сәуір айындағы санында «Көшірме ән қазақ өнеріне қаншалықты керек?» деген тақырыпта Қалдыбек Құрманәлі, Рамазан Стамғазиев, Алтынай Жорабаева және Майра Ильясовалардың пікірлері жарияланған болатын. Juldyz.kz сайты назарларыңызға композитор Қалдыбек Құрманәлінің пікірін ұсынады.

Сауалнама мәтіні төмендегідей:

Қазақ эстрадасында өзге ұлттың әндерін орындау белең алып кетті. Бұл қаншалықты дұрыс? Кейде ән мәтінінің мағынасы басқалай жазылып, музыкасы да өзгеріске ұшырайды. Бұл туралы не айтасыз?

Қалдыбек Құрманәлі, композитор:

Қазір қазақтың ән қорын өзге елдің мәнсіз-мағынасыз музыкалары жаулап алды. Соның кесірінен өзіміздің жауһар әндеріміз жарыққа шықпай, тасада қалды. Шынын айтқанда, халық үшін жұмыс істеп жүрген әнші көрмейсіз. Оларда бір ғана мақсат бар: «Тойға барып, билейтін әндер айтып, қалтамды ақшаға толтырсам болды» деп ойлайды. «Қазақ өнері үшін» деп кейбір үлкен жастағы өнер адамдарының өзі аузында айтқанымен, тойдың әнін жаздырып, тойханаларда секектеп билеп жүр. Тіпті, қазір әншілер: «Мен шетелдің әнін айтамын» деп мақтанатын болған. Көбісі шетелдің әнін алып, оған өздеріне ұнайтын мәтін жаздырта салады. Ол ән түпнұсқада ана туралы болса, біздің әншілер махаббат әні деп айта береді. Енді біреулері  ТҮПНҰСҚАның нәзік иірімдері мен шынайылығын сақтамайды. Мысалы, енді шығып келе жатқан жас әншілер Қ.Рахым мен А.Шардарова орындап жүрген «Болайық бірге»  әнінің өзбекшесі керемет. Түпұсқадағы ән мәтінінде «азизім менің» деп әдемі айтылады. Ал қазақшасында «жаным менің, күнім менің» деп аудара салған. Яғни мұнда түпнұсқадағы мәтіннің образдылығы жойылған. Бұған түбегейлі қарсымын. Осындай талғамсыздықты азайту үшін бұрынғы көркемдік кеңесті қайтадан құру керек. Мәдениет министрлігі осыған құлақ асса деймін.

(…толық нұсқасы 

«Жұлдыздар отбасы» журналының

№1 (242) қаңтар 2017 жылғы санында)

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/17/qaldybek-qurmanali-kompozitor-anninh-qazaqshasynda-tupusqadaghy-matinninh-obrazdylyghy-zhojylghan/feed/ 0
Зейнеп Ахметова қазаққа жат «дәстүрлер» жайлы айтты http://juldyz.kz/2017/05/17/zejnep-ahmetova-qazaqqa-zhat-dasturler-zhajly-ajtty/ http://juldyz.kz/2017/05/17/zejnep-ahmetova-qazaqqa-zhat-dasturler-zhajly-ajtty/#respond Wed, 17 May 2017 05:12:24 +0000 http://juldyz.kz/?p=10368 Қазақы дәстүрлердің насихаттаушысы, Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметованы қалың қазақ қайынатасы туралы жазған  мемуар кітаптары мен мақалаларынан жақсы таниды. Оның жақын арада қазақ салт-дәстүрінің шығу тегін толыққанды түсіндіріп беретін жаңа кітабы шығатыны белгілі болды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Зейнеп Ахметованың «Шуақыты күндер», «Бабалар аманаты» кітаптары оқырман арасында үлкен сұранысқа ие. Өмірдің өзі бейнеленген кітаптар жылы естеліктерге толы. «Жас Отан ньюс» инстаграм парақшасында оның бүгінгі күні белең алып кеткен, қазақ халқына бұрын-соңды жаттау болған «әдет-ғұрыптарды» жайлы айтылған сөздері оқырманды елең еткізді.

Соңғы вальс пен гүл лақтыру және басқа да жат дәстүрлер жайлы. Әйгілі Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова қазіргі заман тойларының қазақы салт-санаға жат әдеттерге толып кеткенін сынға алып, той-томалақта ұлттық дәстүрге қайшы бірнеше әдеттерді атап өтті. Олар: Тойда жаңа түскен келінді төрге отырғызу Жартылай жалаңаш қалыңдық көйлегімен келінге беташар жасау Қыз ұзатуда әкесімен вальс билеу Гүл лақтыру Ата-енеге торт жегізу Сондай-ақ, құрсақ шашудың мәнін түсіндіріп берді. «Бұл дәстүр қай уақытта болады? Ол келіні жаңадан жерік болғанда орындалады. Жерік әйел көңілі неге тартып тұр, неге іңкәрі ауып тұрғанын білмей қиналады. Мінекей сол кезде енесі оның жерік асын тауып беру үшін ауылдағы әйелдерді шақырады. Барлығы үйлерінен бір-бір дәм алып келеді. Тамақ алып келеді. Не нәрсеге әуес екенін табуға тырысады. Мүмкін бір тамақ болмаса бір тамаққа көңілі шабар дейді. Тіпті оған ер азаматтар да сырттай аңның, құстың етін, балық, қарақат, мойыл секілді нәрселерді әкеледі. Өйткені жерік асты тауып беру сауабы мол, қасиетті нәрсе. Баланың қалай болуы, алдағы уақытта оның күш қуатының қандай болуы, оның иммунитеті осы жерік асқа байланысты», — дейді бір бойынан қазақ келінінің бар қасиеті табылатын Зейнеп Ахметова. Тұсауды қайшымен кесуге болмайтынын білдіңіз бе?! Қайшы деген екі жүздің бір бірімен қайшылануы. Баланың өмірі қайшыланады. Сондықтан қайшымен кесуге болмайды екен. Сонымен қатар, қазақ тұсауды әжелер мен тұрмысқа шықпаған қызға, үйленбеген жігітке де кескізбеген. Бұның бәрін Зейнеп Ахметованың жақын арада қазақ салт-дәстүрінің шығу тегін толыққанды түсіндіріп беретін жаңа кітабынан біле аласыз! #ЖасОтан #НұрОтан #жастар#ZhasOtanNews #NurOtan #Астана

A post shared by Жас Отан (@zhas_otan) on

Үйлену тойларында дәстүрлі түрде жалғасып келетін гүл лақтыру және «Қы ұзату» тойындағы әкесімен «вальс» билеу және  т.б. «дәстүрлерді»  сынға алып, тойда жаңа түскен келінді төрге отырғызу, жартылай жалаңаш қалыңдық көйлегімен келінге беташар жасау, ата-енеге торт жегізу сынды той-томалақта ұлттық дәстүрге қайшы бірнеше әдеттерді атап өткен. Бұл ойларының барлығын жазушы Қыздар педагогикалық университетінің студент жастарымен болған кездесуде жеткізген.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/17/zejnep-ahmetova-qazaqqa-zhat-dasturler-zhajly-ajtty/feed/ 0
Мемлекет 12,3 трлн теңге қарыз http://juldyz.kz/2017/05/16/memleket-12-3-trln-tenhge-qaryz/ http://juldyz.kz/2017/05/16/memleket-12-3-trln-tenhge-qaryz/#respond Tue, 16 May 2017 06:05:26 +0000 http://juldyz.kz/?p=10351 Мемлекеттің қарызы осы жылдың 1 мамырына дейінгі есеп бойынша 12,3 трлн теңгеге жеткен. Үкімет отырысында осындай ақпаратты ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таратты. Бұл туралы juldyz.kz сайты Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап  хабарлайды.

«Ағымдағы жылдың 4 айындағы статистиканы позитивті деп айтуға болады. Деректер бойынша қаңтар-сәуірде ЖІӨ өсуі біз 1-тоқсанда көрген 3,0% қарағанда 3,7%-ға дейін жеделдеді. ЖІӨ-нің оң серпіні өндіруші 7,8%-ға және өңдеу салаларының 6,8%-ға, құрылыс саласы 6,1%-ға, әрі қызмет көрсету саласы 1,9%-ға өсуімен байланысты», — деді ол. Сонымен қатар министр жақсы нәтиже көрсеткен салаларға тоқталды.

«Тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларының ішінде көмір және лигнит 18,9%-ға, мұнай 7,6%-ға, табиғи газ өндірісі 13,2%-ға өскені байқалады. Мұнай өңдеу (9,1%-ға өсу), фармацевтикалық өнімдер (49,7%-ға), бейметалдық минаралды өнімдер (5,0%-ға) металлургия өнімдері (8,2%-ға) және машина жасау өнімдері (3,3%-ға) сияқты өңдеудің негізгі сегменттерінде де жандану тіркелді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісінің көлемі өзгермей 2,9% деңгейінде оң белгі сақтады. Ал азық-түлік өндірісі 5,7%-ға жоғарылады, сусын өндірісінің өсуі 2,6%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметтерінің көрсетілуі 3,5 пайызға өсті. Бұл ретте жүк айналымы 5,9 пайызға, жолаушы айналымы 3,2 пайызға ұлғайды», — деді басшы.

Алайда кейбір өндіріс салаларында төмен көрсеткіштер байқалған екен.

«Бұл ретте өндірістің азаюы химия өнеркәсібінде байқалады. Химия өнімдерінің өндірісі 0,7%-ға төмендеді. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда құлдырау ауқымдылығының (-1,2%-ға) азаюын атап өткен жөн. Жалпы, 4 айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында қарқынды өсім бар. Дегенмен, әлемдік тауар және қаржы нарығында сақталып отырған құбылмалы экономиканың алдағы кезеңдердегі салыстырмалы өсіміне қатысты бірқалыпты болжам бар», — деді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі мемлекеттің қарызы жөнінде статистикалық деректерді келтірді.

«2017 жылдың 1 мамырына дейінгі ақпаратқа сәйкес мемлекеттің қарызы 12,3 трлн теңге немесе ЖІӨ-дегі үлесі 24,6%-ды құрайды. Көрсеткіш – қауіпсіз әрі басқарылатын деңгейде. Осы жағдайды ескере келе, Елбасы жолдауында көрсетілген макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау міндеті орындалуда», — деп түйіндеді сөзін Тимур Сүлейменов.

Дереккөз: Baq.kz

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/16/memleket-12-3-trln-tenhge-qaryz/feed/ 0
5 мамыр қандай күн? http://juldyz.kz/2017/05/05/5-mamyr-qandaj-kun/ http://juldyz.kz/2017/05/05/5-mamyr-qandaj-kun/#respond Fri, 05 May 2017 05:17:49 +0000 http://juldyz.kz/?p=9932 Мамыр айының бесінші жұлдызында әлемде қандай атаулы мерекелер бар?  Juldyz.kz оқырман назарына осы күннің ерекшеліктерін атап өтеді.

Жапонияда Балалар күні

5 мамыр – Оңтүстік Кореяда Балалар күні  және ресми түрде «Кодомо-но хи» деп аталады.  Бұл мереке 1948 жылдан бастап Ұлттық мерекелер қатарына жатқызылады.

Оңтүстік Кореяда Балалар күні

5 мамыр – Оңтүстік Кореяда Балалар күні, корей тілінде «Орини наль» деп аталады. Бұл мемлекеттік мереке қоғам қайраткері Банг Джонг-Хванудың  ықпалымен 1923 жылдан бері тойланып келе жатыр.

Қырғызстан Республикасында Конституция күні

5 мамыр – Қырғызстан Республикасының Конституция күні. 1993 жылы Қырғызстанның Жоғарғы кеңесінің XII сессиясында Қырғызстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

Белорусияда Баспа күні

5 мамыр – Белорусияда Баспа күні. Беларусия Республикасы президентінің 1996 жылы 2 мамырда қабылданған,  N 156 жарлығымен «Баспа күні» болып есептелінеді.

 

 

 

 

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/05/5-mamyr-qandaj-kun/feed/ 0
Күләш Байсейітова (1912-1957) http://juldyz.kz/2017/05/01/kulash-bajsejitova-1912-1957/ http://juldyz.kz/2017/05/01/kulash-bajsejitova-1912-1957/#respond Mon, 01 May 2017 04:30:27 +0000 http://juldyz.kz/?p=6562 Күләш Байсейітова 1912 жылы 2 мамырда дүниеге келді. Ол қазақтың бұлбұл әншісі, КСРО халық әртісі.

Балалық шағы

Күләштің табиғат берген музыкалық дарыны жастайынан танылған. Әкесі Жасынның айтқан жыр-дастандары мен халық әндерін жаттап өсіп, ән айтуға келгенде алдына жан салмаған.  Ол 1928 жылы Алматы педагогикалық техникумын бітірді. Алайда, өнерге деген құштарлық оны үлкен сахнаға тартты да тұрды. 1929 жылы дарынды бойжеткен Қызылордадан жаңа астана — Алматыға көшіп келген Қазақтың драмалық театрына қабылданады.

Театрда шағын қойылым көрсетіп жүріп, опера саласындағы жетекші мамандардың сүйемелдеуімен әншілік қабілетін шыңдай түсті. Кәсіпқой әнші ретінде Күләштің ашылуына 1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық-драмалық студияда оқуы зор мүмкіндік жасады. Арада бір-жыл өтпей-ақ Күләш Қазақ музыкалық театрының бас әншісі болып бекітілді. Алғаш рет қазақ өнерінің қара шаңырағы «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылғанда Айманның бейнесі арқылы ол қазақ қыздарының парасатты болмысын шабытпен тұлғалады. Өнерсүйер қауым жас әншіге тәнті болып, «қазақтың бұлбұлы» деген атағын берді. Дәлі сол жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі» деген атаққа ие болады.

Күләш қандай жан болған?

Күләш сырнайға қосылып төменгі дауыспен ән салған. Дауысы әлі қалыптаспаған, нәзік, бірақ, сүйкімді болған. Бір естіген әнін табан астында үйренген. Кісіге кішіпейіл, кімді болса да іш тартып тұратын бауырмал қасиеті ерекше. Табиғатында ашы-жарқын, көңілді жүретін адам еді. Титтей нәрсеге бола қуана салатын, оны қуанту оңайды оңайы болған. Ренжи қалса, реніші ұзаққа созылмаған. Кек сақтамайтын.

Қанабек пен Күләш қалай танысты?

Күләшпен танысуыма ағасы Айтбек себеп болды. Бір қыс солардыкінде пәтерде тұрып шықтым. Күләш өте нәзік, кішкентай ғана қыз болатын. Бір үйде шешесі екеуі ғана тұрды. Әкесі Жасын ол кезде ауылда бөлек тұрып жатқан болатын. Мені алғашқы кезде аға ретінде сыйлап жүрді. Өйткен жеті жас кішілігі бар-ды. 1929 жылы Күләштің ағасы Айтбек қызмет бабымен Қарақолға ауысып кетті. Сол жылы Күләш әлдебір себептермен оқып жүрген институтытан шығып қалды. Қолы бос кездерде қазақ драма театрының ойындарын менімен бірге барып көріп жүрді. Сол жылы күзде Күләш театрға орналасты. Кей спектакльдерде бірге ойнадық.

1932 жылдары Күләштің актерлігі де бекіді, музыкалық сауаты да өсті. Тәп-тәуір ән айта бастады. Сол күндерде Күләш екеуміздің арамыз аға мен қарындастан гөрі басқалай жақындыққа ұласа бастады. Оны мен де білдім, Күләш та сезді. Ол кезде өгей шешем де өліп, әкем мен ұлым Алдабек екеуі менің қолымда тұратын. Күләш біздің үйге барып-келіп еркін араласып жүрді. Әкем Күләшті қатты ұнатты. «Шіркін-ай, мінезі қандай жайдары, үлкенді қалай сыйлайды! Басқаны қайтесің, осы Күләшті маған келін қып қолыма әкеп берсеңші»,-деп отыратын. Сөйтіп, 1933 жылдың көктемінде 23 сәуірде үйлендік. Күләш екеуміздің қосылуымызға көп адамдар таңғалып жүрді. «Аға мен қарындастай жүріп бұлары не?» деп үрікті.

Еңбек жолы

1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Қайтыс болғанға дейін депутаттық қызметін үздік жалғастырған. 1939 жылы Мәскеуде өткен эстрада әртістері байқауының сарапшылар алқасының мүшесі. 1940 жылы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1951 жылы Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне енді.

Күләшке қандай жала жабылды?

1957 жылы көктемде «Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрімен бірге Күләш шетелге барады» деген әңгіме шықты. «Бір айдан кейін жүреміз» деп Күләш киімдерін, айтатын әндерін дайындап жатты. Сөйтіп жүргенде Күләш бір күні үйге көңілсіз келді, әншейін жаралы аңдай сүйретіліп есіктен әрең кірді.

-Қана,құрылым, я погибла, — деді.

-Не боп қалды?

-Қытайға бармайтын болдым. Үстімнен арыз түсіпті. Алты адам қол қойған көрінеді. «Арақ ішеді, гуляет» депті. Мұндай масқараны көргенше, өлгенім жақсы ғой, Қана.

Кейін театрдың екінші онкүндігіне дайындық болып, мен Мәскейге ұшып кеттім. Артынан Күләшті де шақыртып алдым. Қонақүйге орналастық. Ертесі Алматыға ұшуым керек болды. Күләш «мен 5-інен кейін қайтамын. Сол кезде рейстен телеграмма беремін. Мені таңертең оятпай кетіп қалшы» деді. Солай жасадым да. 5-і күні телеграмма күттім. Бір кезде қарасам, үйге Қалибек, Сәбит, Ғабит, мәдениет министрі Ә.Қанапин келе жатыр екен. Бәрін жиып алды да,Қанапин Күләштің қайтыс болғанын естіртті…(Қанабектің естелігінен)

Ваннаның қасына жетіп, жақтауына сүйенген күйі отыр дейді. Құламапты, тірі адамдай сүйеніп қана отыр екен. Отырған қалпы мәңгі ұйықтап кетіпті. Жүрек шіркін шыдамапты. Талай бақытты сәтті бастан кешкенде жарылмаған жүрек өстіп ойда жоқта жарылып кетіпті. Берерін беріп, дарыны мен талантын тауысып барып өлген жоқ Күләш. «Ең кереметімді енді көрсетемін» деп жүргенде өлді…

Отбасы

Әкесі Жасын — әжептәуір әнші, сері адам. Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге жүрген. Бір ағасы Манарбек те әнші болған. Өзге ағалары да өнерсіз болмаған, тек кәсіп етпеген. Айтбек те әнді әдемі салатын, сырнайға қосылып айтқанда айызыңды қандыратын. Күләштің анасы Зибажан Айдарханқызы ажарлы, әнші, ұлттық қолөнер шебер болған кісі.

Үлкен қызы Құралай 1938 жылғы болатын. 36 жасында өмірден өтті. Құралайдан кейін 1940 жылы Қарлығаш дүниеге келді. Қаршыға 1942 жылғы болатын. Ол бес жасында балабақшада астан уланып қайтыс болды.

]]>
http://juldyz.kz/2017/05/01/kulash-bajsejitova-1912-1957/feed/ 0
Денис Тен Гран-при сериясынан күміс медаль жеңіп алды http://juldyz.kz/2016/11/14/denis-ten-gran-pri-seriyasynan-kumis-medal-zhenhip-aldy/ http://juldyz.kz/2016/11/14/denis-ten-gran-pri-seriyasynan-kumis-medal-zhenhip-aldy/#respond Mon, 14 Nov 2016 04:05:22 +0000 http://juldyz.kz/?p=3585 Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы  Денис Тен Париждегі Гран-при сериясындағы төртінші кезеңнің күміс медаль жеңіп алды.  Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасына жазды.

«Қолдау көрсетіп, құттықтағандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет. Мен бүгін мұз олимпіне оралуға бірінші қадам жасадым. Бұл менің мықты жігерлі командамның, еңбексүйгіштік және аянбай тер төккендіктің жемісі. Енді бағытым айқындалғаннан кейін, сіздермен жақсы жаңалықтармен кездесуге тырысамын», — деп Денис Тен әлеуметтік парақшасында қуанышымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, Денис Тен қыркүйек айының аяғында Братиславадағы турнирден, ал қазанда  — Skate America Гран-приі кезеңінен алынып тасталды. Қаңтарда ол жарақатына байланысты төрт рет құрлық чемпионатына қатыса алмады.  Ал Бостонда болған әлем чемпионатында 11-орын алған кезінде келеңсіз жайт орын алды. Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю Денисті, жаттығуда жолымды кесті деп кінәлады.  Бірақ кейіннен жапондық кешірім сұрап, болған оқиғаны түсініспеушілікке балады. Маусым аяғында Денис Тен Сеулде  «All That Skate 2016» мұз шоуына қатысты. Содан кейін біршама уақыт фанаттарының көзіне көрінбей кеткен болатын.

]]>
http://juldyz.kz/2016/11/14/denis-ten-gran-pri-seriyasynan-kumis-medal-zhenhip-aldy/feed/ 0
Шахизада 30 жылдық мерейтойын тойлады http://juldyz.kz/2016/10/28/shahizada-30-zhyldyq-merejtojyn-tojlady/ http://juldyz.kz/2016/10/28/shahizada-30-zhyldyq-merejtojyn-tojlady/#respond Fri, 28 Oct 2016 06:15:40 +0000 http://juldyz.kz/?p=2920 26 қазан Республика Сарайында Шахизада ән әлеміндегі 30 жылдық мерей тойын атап өтті. Кеш қонақтарының қатарында Мақпал Жүнісова, Қайрат Нұртас, Алишер Каримов, Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақова, Беркут, Малика Есмұханбетова, Ильяс Байбосынов, Бауыржан Рахымбеков болды.

14733255_191049871342073_4048092176393961472_n-1

14714518_1624481134511821_2467797949543874560_n-1

14677152_238364566579474_4744679019323064320_n-1

]]>
http://juldyz.kz/2016/10/28/shahizada-30-zhyldyq-merejtojyn-tojlady/feed/ 0